Инфоурок Другое Конспекты"Денсаулық зор байлық" сынып сағаты

"Денсаулық зор байлық" сынып сағаты

Скачать материал

Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер - араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жирендіру. Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету. 
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, нақыл сөздер. 
Барысы: 
Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. 
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? 
Оқушылар: Денсаулық. 
1- оқушы: Денсаулық ол – шыныққан 
Барлық денең мүшесі. 
Денсаулық ол - тыныққан 
Жүйке тамыр жүйесі.

2- оқушы: Денсаулық ол - күлуің 
Көңіл – күйің жадырай, 
Денсаулық ол – жүруің, 
Ешбір жерің ауырмай.

3- оқушы:Қара айнаға, көресің 
Өзіңді – адам денесін. 
Қол - аяғың, басың бар, 
Бұған кеуде қосылар- 
Құрылысың бұл сыртқы. 
Көрінбейді жүрегің, 
Өкпе, миың, бүйрегің- 
Құрылысың бұл ішкі.

4- оқушы:Сымбат - мүсін дегенің 
Бітім – көркі денеңнің. 
Сымбат – жүру әдемі, 
Дене қалпын тік ұстап: 
Көтеріп сәл кеудені, 
Иық жазып дұрыстап. 
Түзу отыр, қисаймай, 
Бүкіреймей, жантаймай. 
Күш сап бас пен арқаға, 
Жатып алма партаға.

Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс. 
Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.

5- оқушы: Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым. 
Дос бол сабын, сумен сен, 
Жиі – жиі жуын сен: 
Таңертең де, кешке де, 
Жуын күндіз – түсте де, 
Жуын тамақ алдында, 
Жуын тамақ соңында, 
Жуын ұйықтар кезіңде, 
Жуын тұрған мезгілде.

6- оқушы:Мен айтайын тақпақ, 
Алғың оны жаттап. 
Тісіңді жу, тазарт 
Маржандай болсын аппақ. 
Атқаратын қомақты 
Ауыз қуыс ісі бар: 
Ұсататын тамақты 
Отыз екі тісі бар. 
Алғашқы тіс – сүт тістер 
Түсіп бірте тынады. 
Алты жастан нық тістер – 
Тұрақты тіс шығады.

7- оқушы: 
Тіс болмаса, 
Асты қалай шайнарсың, Тазалап жүр тісіңді. 
Тісті күнде екі рет Кішкене де ыңғайлы, 
Тазартуды ойларсың. Тіс щеткасын пайдалан. 
әдет қыл бұл ісіңді: Тазалауға болмайды, 
Щеткасымен басқа адам. 

Оқушылардың пікірлерімен қорыту.
Деніміз сау болсын десек – спортпен айналысып, дұрыс тамақтанайық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 007 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 2842
    • DOCX 17.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахбайқызы Гүлзат -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахбайқызы Гүлзат -
    Ахбайқызы Гүлзат -
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30399
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой