Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Денсаулық-басты байлық"балабақшада спорттық ойын-сауық Сыздықбекова Сандуғаш Сағатқызы

"Денсаулық-басты байлық"балабақшада спорттық ойын-сауық Сыздықбекова Сандуғаш Сағатқызы


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Денсаулық-басты байлық

Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту. Шапшандылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жүр:Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.Балабақшамыздың негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы дені сау сымбатты шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы «Денсаулық- басты байлық» атты отбасылық сауықтыру жарысына қош келдіңіздер!

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
спортшы отбасылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

1.Едіге Алихан

2.Халел Махамбет пен Исатай

3.Еламан Абілмансур

Спорттық жарысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.

2.

3.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Спорттық жарысымыз 8 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру.

  2. Кедергілерден өту.

  3. Құрсаумен команданы жинау.

  4. Батутпен секіру.

  5. Тунелден өту

  6. Кенгуру

  7. «Асық ату».

  8. Арқан тарту


1 кезең : «Таныстыру» Әр отбасы өз команда мүшелерімен таныстыру және өз отбасылық ұрандарын айтады.

2 кезең: Қаппен секіріп кедергілерден өтіп өзеннен балық аулап әкелі тиіс. Балалары бір аяқпен секіріп барып балық аулап әкеледі.

3 кезең: Құрсаумен екі-екіден командасын жинау.

Ойын шарты: Жанұя басшысы екі-екіден командасын жинайды. Қай жанұя уақытында келсе сол жеңгені болады.

Ал, кәнеки босқа біздер тұрмайық

Күш жеткенше намысты бермей қорғайық

Балалармен бір сәтке біздер бірігіп,

Бүгін бізде бала болып ойнайық

 

4 кезең: «Батутпен секіру»

Отбасы мүшелері батутпен секіріп барып қайтады.

5 кезең: Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, қайтарда қасықпен тенис добын алып келеді.

6 кезең: «Кенгуру» Ата-анасы қолдарын айқастырып балаларын көтеріп мәреге дейін барады да балалары

тақтадағы есептерді шығарып кері орнына келеді.

7 кезең: «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп шығады.

Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайық.

8 кезең: «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады.
Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Спорттық би компазициясы Балабақшаның болашақ толағайларын қарсы алайық .
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, әр қашан спортпен шұғылданайық.



         













Денсаулық-басты байлық

(ата-аналармен спорттық жарыс)








д/т нұсқаушысы:С.С Сыздықбекова








23 «Балауса»

Мектепке дейінгі гимназия


Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров1093
Номер материала ДВ-466770
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх