Инфоурок Биология КонспектыӘдептілік адам көркі

Әдептілік адам көркі

Скачать материал

                                                         Әдептілік адам көркі
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға әдептілік, мәдениеттілік, әдемілікті көріністер арқылы түсіндіру;
ә) есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық-ізденімпаздық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын дамыту;
б) сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауға, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сахналық көріністер, шығармашылық сабақ
Көрнекілігі: қабырға газеттері, шарлар, гүлдер.
Барысы: Ұйымдастыру
Оқушы шығарма жазуға дйындалады 
Көріністер
Әдептілік жайлы даналық сөздер
Әндер
Қорытынды 

«
Әдепті бала-арлы бала» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған екен ғой. Қоғамдық ортада өзімізді ұстауды білу де, үлкендерді сыйлап, оларға құрмет көрсету де, тіпті жайшылықта мән бере қоймайтынымыз, сәлемдесудің өзі де бізден әдептілікті, сыпайылық пен ақылдылықты талап етеді екен ғой.
Қазір 7 сыныбының оқушылары «Әдептілік-адам көркі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтіп жатыр дейді.

Жүргізуші:Құрметті,ұстаздар,оқушылар! Назарларыңызға сыныбымыздың «Әдептілік-адам көркі»тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.
Әдептілік-дегеніміз ар-ұяттың белгісі,адамдық қасиеттердің көрінісі,адам мінез-құлқының көрінісі десек, адамның кісілік қасиеттері, мінез құлықтары жайлы ұлы адамдардың сөздерін тыңдап көрейік.
1.Абай атамыз мінез жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»деген екен.
2.Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсір әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады»деген екен.
3.Ұлы ойшыл Демокрит «Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес,пікір-пиғылынан да көрінеді»депті.Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесін іс-әрекетінде көрініс тауып жатады дегені болса керек.
4. «Адамдағы ынсап, әділет, мейрім-үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады»деген Шәкәрім сөзі ар-ұжданның ұялу ғана емес, мейрімділік пен адамдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететінін танытса керек.
5. Адамгершілік- адамның ішкі рухани байлығы.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа»
Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі.Қазақ халқының өмірінде үлкенді сыйлау ұлтық дәстүрге айналған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу әрбір жастың парызы болып табылады. Ата- бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.
6.«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар:барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнненн бастап тәрбиелейді»дейді Шәкәрім.
7.Өтебай Тұрманжанов «Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарын сан саласына;
-Ей,балам,шамаң келсе жақсылық ек,
Ақ пейіл адамзаттың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына бүреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмас-ты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
8) Болашақ !О, болашақ!Сен қандайсың?
Жұлдыз болып алыста жанғандайсың.
Көп ойлар жатыр көкейімде,
Жайқалған жапырағы ормандайсың.
Болашақ!О, болашақ!Сен қандайсың?
Жетсем деп асықтырған армандайсың,
Болашаққа жеткізер ұлы жолдың
Өз үйіңнен басталарын ұғынғайсың! 
Жүргізуші:Балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп»мысалы (көрініс).
Жүргізуші: Халқыңның әдет салтына 
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән күй,би! Назарларыңызға жігіттердің «Көроғлы» биін ұсынамыз.
Жүргізуші: Қазақстан көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы көгімізде мәңгі желбіресін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
                                     

 

 

 

 

 

 

 

                                    Әдептілікәдемілік (тәрбие сағаты)

«Әдептілікәдемілік» тақырыбындағы тәрбие сағаты.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу;
2.
Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
3.
Кішіпейіл де қарапайым, сымбатты да әдемі болуға тәрбиелеу;
4.
Дүниетанымдарын кеңейту;
Сабақты өткізу әдісі: Аралас; түсіндіре әңгімелеу;
Сабақтың жабдығы: Интеративті тақта, әртүрлі орындағы адамдар слайдпен.
Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.
Мұғалімнің кіріспесі.
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
ә). Сымбаттылық пен әдеміліктің әдептілікпен байланыстылығы туралы.
2.
Негізгі орталарда өзінөзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). ҮЙДЕ: Ата - анамен, ініқарындаспен, ағаапамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
ә). КӨШЕДЕ: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкенкішімен сәлемдесу, қарт адам
кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, т. б., төбелеске жол бермеу;
б). МЕКТЕПТЕ: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). ҚОНАҚТА: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеуекеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн
түнсіз, өзіменөзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). ДАСТАРХАНДА: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). ҚАЛАДА: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.

ІІІ. Қорытынды бөлім
1.
Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну
ӘДЕПТІЛІК - арұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
2.
Өздерінің жөндіжөнсіз қылықтарын айту
3.
Әдептілік туралы мақалмәтелдер.
Әдепті балаарлы бала, әдепсіз баласорлы бала.
Сәлемсөз анасы.

                          Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны

 Әдептілік қағидаларымінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.  Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір күқықтарының шектелгендіктерін алға тартады.

Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады.Ал, адамды жақсы ететінәдеп.

Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады.

Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің әдепсіз түлға болуын каласын?

Әдеп төрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.

Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдептілік адам көркі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әдептілік адам көркі

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға әдептілік, мәдениеттілік, әдемілікті көріністер арқылы түсіндіру;
ә) есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық-ізденімпаздық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын дамыту;
б) сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауға, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сахналық көріністер, шығармашылық сабақ
Көрнекілігі: қабырға газеттері, шарлар, гүлдер.
Барысы: Ұйымдастыру
Оқушы шығарма жазуға дйындалады
Көріністер
Әдептілік жайлы даналық сөздер
Әндер
Қорытынды

«Әдепті бала-арлы бала» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған екен ғой. Қоғамдық ортада өзімізді ұстауды білу де, үлкендерді сыйлап, оларға құрмет көрсету де, тіпті жайшылықта мән бере қоймайтынымыз, сәлемдесудің өзі де бізден әдептілікті, сыпайылық пен ақылдылықты талап етеді екен ғой.
Қазір 7 сыныбының оқушылары «Әдептілік-адам көркі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтіп жатыр дейді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 16999
    • DOCX 27.7 кбайт
    • 82 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зияшов Мирас Чингизович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зияшов Мирас Чингизович
    Зияшов Мирас Чингизович
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67893
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов