Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдептілік - адам көркі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдептілік - адам көркі

библиотека
материалов

Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы

Мақсаты: Мақал-мәтел, өлең үйрету, олардың мағынасын талдап, пайдасы туралы әңгімелеу.

Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы, уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.

1-оқушы: Етек кетер салақтап,

Бос жүріспен далақтап.

Ұқыптап сабақ ұқпайды,

Өз бетімен алақтап.

2-оқушы: Ілгек, түйме жұлынып,

Кешке дейін алысар.

Әркімге бір ұрынып,

Құспен, малмен жарысар.

3-оқушы: Шашы түсіп көзіне,

Түсінбей ақыл сөзіне.

Мұғаліммен таласар,

Дәлел тауып өзіне.

Дәптер,сумка бәрі де,

Дал-дұл болып жыртылған.

Сия төгіп бәріне

Шимай салған сыртынан.

4-оқушы: Тазаланып тұру керек,

Ерте мен кеш жас бала.

Кір-кір болу елден ерек

Мүлдем ұят, мүлдем ұят, масқара!

5-оқушы: Кеше ғана қадалған,

Өміртайдың түймесі.

Орнында жоқ, япыр-ай,

Қайда кеткен,бұл несі?!


Мақал-мәтелдер айтылады.


6-оқушы: Қастек Баянбаев «Жақсы мен жаман»

Қайыр күтпе баладан,

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың.

Екі болса алғаны,

Бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

Орынды емес бұл аса.

Добын қимас ойнауға

Ұят сараңболған да.

Жасайды мінез жөні жоқ

Ерінсе қолын жуғанға.

Нассың дегеніміз мұндайда.

7-оқушы: Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқитын сабағын.

Азаматтық оны де

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдайын мұнысын.

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша.

Барын берсе қолдағы,

Бала жомарт болғаны.

Өлең оқылып болған соң әр жолын қайта талдап шығамыз. Өлеңдегі бала мен балалардың өздерін салыстырып отырып кемшілігін айту. Оқушыларға өлеңдегі баланың бойынан жақсы қасиетін алып, жаман нәрсесінен аулақ жүру керектігін айту.


Мұғалім: «Әдеп» деп, «әдептілік» деп қандай мінез бен іс -әрекеттерді айтамыз?

8-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен.

Жас-кәріге сіз деген,

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен!


Әңгіме: «Әдепті сөз»

Асан атам «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағана ұқсап, әділетті сөздерді үйреніп ал, балам» деп, маған өсиет айтады. Ағатайым институттта оқып жүр. Ол жақында демалысқа келеді. Мен оның әрбір ізетті, инабатты іс-қимылына назар аударып, әдепті сөздерін ұғып, жадымда сақтап, өзім де әдепті сөздерді қолдана бастадым.

Әділет ағатайым келем деген уақытынан кешігіп келді. Ол танадай көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалайқұшып амандасты:

  • Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім...

  • Айыбы жоқ, балам, «Жолаушының жолы біледі» деген.

  • Ғафу етіңіз, сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.

  • Оқасы жоқ, балам! «Ізетке найза болмайды» деген. Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.

  • Қош келдіңіз! Қуаныштымын, - дедім мен.

Ағатайым бетімнен сүйіп:

  • Атамның тілін алып жүрсің бе? – деді.

  • Маған сеніңіз, - дедім.

  • Атасының жанашыр, қамқоршысы, күні ғой бұл, жарығым! – деп атам мені мақтай бастағанда, асыра мақтауды жөнсіз көріп, іштей қысылдым. Кейбір «еркелігім» есіме түсті.

Ағайым шешеммен, әкеммен, аталарыммен кездескенде қандай әепті сөздер айтар екен деп оның әрбір қимылына, әсерлі сөзіне ықылас қойып, қасынан қалмай жүрмін.

  • Балам, сөредегі кітаптарды сәндеп, реттеп қой, - деді көкем.

  • Құп болады, - деді Әділет.

  • Әділжан, мына жуылған киімдерді үтіктеші, - деді анам.

  • Сізге қызмет етуге әзірмін, апа, - деді ол.

  • Мына ініңді әдептілік, инабаттылық, имандылық дегендердің не екенін үйрет, балам, - деді атам.

  • Сөзіңізге құлдық, ата, «кішіден ізет, үлкеннен парасат» деуші едіңіз ғой.

Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздерді жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым. Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.

Сұрақ-жауап:

  1. Әділет ағасынан қандай әдепті сөздер естіді?

  2. Әдепті сөздерді Әділет қалай үйренді?

  3. Имандылық, инабаттылық деген не?

  4. Қандай әдепті сөздерді білесің?

9-оқушы: Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тілалғыштық, әділеттілік, адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік. Қазақта «Кішіпейілділікпен кішіреймейсің», «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. Инабатты, биязы мінезді қатарындағы қарапайым, қамқоршы адамдарды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сыпайы болу дегеніміз - әдеп сақтау, әдептілік үлгісін, мәдениеттілігін көрсету.

10-оқушы: Әдеп сақтау - әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуын, эстетикалық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халық дәстүрі де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді.

«Әдептілік - әдемілік» дейді халық. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, әсерленіп, сол жақсылыққа ұмтыла білу қажет.

Мұғалім: Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады. Ағасы інісіне, не қарындасына «жаным, күнім» деген құрмет сөзбен айтады.

Басқа адамдардан көрген қызмет пен жақсылық үшін «Рақмет» айту әдептілікке жатады. Бұл сөзге «Көңіліңіз қош болсын» т.б. жауап айтылады. Жақсылыққа жақсы сөз айтып ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады.

Әдепті сөздерге неше алуан жанашыр сөздер мен аяныш сөздер де жатады. Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетпен адал жүрегінен айтып, басқаға әсерлендіре жеткізу қажет. Әдепті сөздер – ақылдан шыққан сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам – мәдениетті де әдепті адам.

11-оқушы: «Ізетті бала»

Ерлан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек:

- Ағай, ғапу етіңіз!

Алға қарай өтіңіз!

- Оқасы жоқ, ұланым,

Ізетіңмен ұнадың! –

Деп ағай да Ерланды

Жақсы көріп нұрланды.
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы, уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров685
Номер материала 283807
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх