Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатының материалдары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

«Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатының материалдары




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов














«Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатының материалдары






Дайындаған: Әнуарова І.Б.


























Тақырыбы: Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы

Мақсаты: «Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» атты тәрбие сағатымызда оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, әдемілікке, әдемі киіну мен сөйлеуге, әдемі сөйлесуге тәрбиелеу, балалар бойына ізеттілік, үлкенге құрмет көрсетіп, мәдениеттіліктің қарапайым қағидаларын үнемі сақтап жүруге үйрету, студенттердің арасында тәртіп бұзушылықты алдын – алу.

Жалпы тәртіпсіздік жасау тәрбиесіздіктің белгісі. Тәртіпсіздіктің арты қылмысқа әкеліп соғатындығы мәлім, ал қай болмасын қылмыс үшін адамдарды жазалау тосып тұрғандығын білеміз, осыны ұмытпауымыз қажет.


Тәрбие сағатының өту уақыты: 26.02.16. 13-05


Өткізілу орны: Мәдениет залы


Көрнекіліктері: слайд, бейнебаян
«Аға әдепті болса - іні әдепті,
Апа әдепті болса - сіңлі әдепті».
«Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала».


Техникалық құралдары: мультимедиялық кұрал, фотоаппарат, экран.


Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, слайд.
Түрі: Ашық тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының жүргізушілері:


1- жүргізуші:Молдабеков Бекжан

2- жүргізуші:Маданиятова Айгерім



Барысы:
I. Кіріспе сөз.

«Әдептілік туралы» әдебимонтаж
II. «Сәлем сөздің атасы» сәлемдесу әдебі

«101 кеңес» бейнебаян
III. Сұрақ – жауап

IV. Ситуациялық жағдаяттар.
V. Мақалдың мағынасын ашу. ( Әдемілік, әдептілік туралы мақал - мәтел)

«Ұрлық түбі –қорлық» бейнебаян
VI. Қорытынды.

I. Кіріспе сөз: топ жетекшісінің ашық тәрбие сағатынының тақырыбын, мақсатын, барсысын айтып кетеді.

Сахна сыртына екі жүргізуші шығады.

1 – жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Халқымыздың әдепті де сыйластық қарым - қатынастарға көңіл бөліп келгендігі белгілі. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал - мәтелдерінен, нақыл сөздерінен мол кездестіреміз. «Ұлық болсаң - кішік бол», «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы», «Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік» деп ой тарқататын сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім - тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән қонақжайлық, үлкенді құрметтеу, ағайын - туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазірге кезде де жалғасын табуы тиіс.
1 – жүргізуші: Әдеп дегеніміз - адамдармен қарым - қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан аспау, біздің сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлап, сыпайлық шегінен шықпау.

«Әдептілік туралы» әдебимонтаж

1 - оқушы: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: - Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.
3 – Оқушы: - Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспастан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?

4 – оқушы: - Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
5 – Оқушы: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 – Оқушы: - Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 – оқушы: - Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсың. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 - оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
9 – оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.


II. «Сәлем - сөздің атасы»


1 – жүргізуші: Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің, мәдениеттіліктің белгісі.
Сәлемдесу - сөз бастаудың, танысудың алғашқы қадамы. Сәлемдесу тұңғыш рет немесе белгілі бір уақыт салып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір - біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады.

2 – жүргізуші: Адам баласының рухани тарихында қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу, оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір - бірімен тату - тәтті сыйласып өмір сүруді аңсайды. Соның негізін сәлемдесу әдебі салған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылдық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.


«101 кеңес» бейнебаян


1 – жүргізуші: Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

2– жүргізуші: Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады. Ал, адамды жақсы ететін  әдеп.



IV. Сұрақ - жауап.
1. Бүгінгі ұрпақ дұрыс сәлемдесе біле ме?
2. Қалай сәлемдескен дұрыс деп ойлайсың?
3. Заман талабына сай киіну дегенді қалай түсінесің?
4. Қазіргі жастардың киім киісіне көңіліңіз тола ма?

5.Қазіргі қыз балалардың киім киісіне не айтар едіңіз?

6.Кез келген студент колледждің есігін ашпастан бұрын не істеу керек?



VI. Ситуациялық жағдаяттар.

1. Сіз абайсызда колледж мүлкін сындырып алдыңыз. Не істер едіңіз?

2. Сіз колледжте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?

3.Асханада бір студент асын ішіп болғаннан кейін артынан ыдыстарын жинамай кетіп барады екен, не істер едіңіз

4. Сіз асханада немесе гардеробта кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда 7 қыз бала тұр. Сабақтың басталуына 5 минут қалды

5. Көшеде, колледжде, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?

6.Колледжде баспалдақта, дәлізде сағыз, қағаз жатыр?

7.Бір топта оқитын екі құрбың мәдениет залында отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,  басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің?


«Жалғастыр» ойыны: «Не істеуге болмайды?» деген сөзді жүргізушілер айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Шашты-

3. Сөмкені-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-

6. Қоғамдық жерде-

7.Колледж мүлкін-

8. Оқу –құралдарын-


ІҮ. Мақалдың мағынасын ашу.

1. Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені

2. Үлкенге құрмет-кішіге ізет

3. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

4.Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

5.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

6.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.



1 – жүргізуші: Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сұрағанынан көрінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады.

2– жүргізуші: Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің әдепсіз түлға болуын каласын?


«Ұрлық түбі –қорлық» бейнебаян

1– жүргізуші: Міне, студенттер, бұл жерден біздің білгеніміз біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.

2– жүргізуші: Әдеп төрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті сіңіруші - тәрбие. 1– жүргізуші: Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді.

2– жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз арқылы адамгершілік,әдептілік туралы біршама мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймыз. Сіздер қай жерде болсаңсыздар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір осыны талап етеді. «Әдептілік – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!


Топ жетекшінің қорытынды сөзі: Барлық жаман қылықтар, қасиеттер өзімізден екендігін біреуі түсінер, біреуі түсінбес. Егер біз өз өзімізді ұстай білсек тәртіпсіздікке, ең ауыр қылмысқа жол бермейміз.

Жақсылықта өзіңнен, жамандықта өзіңнен. Біздің колледжіміз бүкіл Республикаға біріншіден өз білімімен, екінші кезекте қатал тәртібімен және тәрбиелі шәкірттерімен атағы шыққан. Осыындай колледжде білім алып жүрген студенттер бұзақылық жасамауы керек.


Үйге тапсырма: Ш.Құдайбердіұлы «Епті тышқан»




Топ жетекшісі І.Б.Әнуарова

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-207002
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>