Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдептілік -Әдемілік !

Әдептілік -Әдемілік !

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік!

Мақсаты: Кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдет әліппесін бойларына дарыту.

Дамытушылық: Тіл байлықтарын , таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:Адамгершілікке, кішіпейлділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.+-

Жүрісі: Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

1 – жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік!». Қош кедіңіздер!

2 – жүргізуші: Олай болса, әдептілік деген не?

Әдепті бала қандай болу керек?

Оқушы: Әдепті бала мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын, қамқоршы.

Оқушы: Үлкенді – құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүру керек. Кішге,ізет, қамқоршы болу керек.

1 – жүргізуші: Әдептілік туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергенін.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

2 –жүргізуші: Әдептілік неден басталады? Сәлемдесуден.

1 – жүргізуші:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

2 – жүргізуші:

Сәлеметсіз бе, ағай! – деп

Сәлеметсіз бе, апай! – деп

Есенсіз бе, әжей – деп

Амансыз ба атай! – деп

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Оқушы:

Ата – ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тілегі,

Адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре салсаң әлегің.

Оқушы:

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыңшақ бала жаңында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқасын.

1 – жүргізуші:

Тәртіпсіз бала ұрыншақ, маңайындағы балаларға күн бермейді.

Көрініс: «Сотқар балдар»

Заң: Бас иетін бар адам,

Әрбір сөзі салмақты.

Қорғап бәле жаладан,

Ата заң бұл ардақты.

2 – жүргізуші:

Құқық дегеніміз не?

Оқушы: Құқық – үкімет шығарған тәртіп ережесінің жиынтығы.

1 – жүргізуші:

Жаңағы көріністен қандай қорытынды шығаруға болады?

Оқушы: Олар өктемдік, сотқарлық көрсетті, дөрекі мінездерін, бір – біріне қолдарын жұмсады.

2 –жүргізуші:

Біз осындай жаман әдеттен жиреніп, өнегелі, тәртіпті боламыз. Ендеше әдептілік туралы өлең – жырларымызды жалғастырайық.

Оқушы:Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады.

Оқушы: Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді.

Бос шимайлап,шақпақтап.

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді құртпаймын.

Оқушы: Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрыңғыдай егесіп,

Ерегесіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп.

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

Оқушы:Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып,

Отырайық бөлмеде,

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып,

Оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ тамақты

Пышақты ұста оң қолмен

Шанышқыны сол қолмен

Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын

Садыр салақ болмағын.

Оқушы: Су құйдым да құманнан,

Қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.

Оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзіде.

1-жүргізуші:

Сыйлап үлкен ағаны,

Таудай биік талабы,

Сәлем берген баланы,

Жақсы оқитын баланы,

Кім дейміз?

Бәрі: Әдепті екен бұл дейміз.

2- жүргізуші:

«Әдептілік»- деп , қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?

Оқушы: Әдептілік деп , үлкенді сыйлауды , достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз.

1- жүргізуші:

Жас – кәріге сіз деген,

Жақсы үлгі іздеген

2- жүргізуші:

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен.

Хор: Мен әдепті баламын!

Қорытындылау: Құрметті оқушылар!Бүгінгі тәрбие сағатының үлкен тәрбиелік мәні мен мазмұны бар.Барлықтарың «әдепті бала» қандай болу керек екенін жақсы ұқтыңдар. Алдағы уақытта тәртіпті де , тәрбиелі ұл-қыз болып , адамгершілік қасиеттерді биік ұстап , мектеп ішінде, үйде, қоғамдық жерлерде өздеріңді де, өзгені де сыйлайды деп сенеміз!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров290
Номер материала 279021
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх