Инфоурок Другое Другие методич. материалы« Әдептілік – тәрбие бастауы » (3-сынып)

« Әдептілік – тәрбие бастауы » (3-сынып)

Скачать материал
библиотека
материалов

Күні: 6.11.2017жыл

Мектеп:ЖББ №8 орта мектеп КММ

Сынып: 3 « А»

Мұғалім: Орунбай Б.А.

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;

  2. Дамытушылық: Баланың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, адами қасиеттерді дамыту;

  3. Тәрбиелік:Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттері, бейнетаспа, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмыз. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймыз. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? Көңіл күйлеріңіз қалай? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)


Шаттық шеңбері
- Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі, содан соң мына өлең жолдарын қайталайды)
Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Апама айтып өкпесін.


Жаңа сабақ

- Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесетін боламыз. Сонымен қатар, әдепті болу үшін не істеу керек, қандай әрекеттер дұрыс, қайсысы бұрыс екенін аңғаратын боламыз. Балалар, айта қойыңдаршы мына сұрақтарға қалай жауап бересіңдер?


• Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
• Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме?
• Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады?
• Әдептілікті бізге кім үйретеді?


Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілін үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Солай емес пе?


Мәтінмен жұмыс
-Балалар, енді мен сендерге Ы. Алтынсариннің мына бір керемет әңгімесін айтып бергім келіп тұр. Мұқият тыңдаңдар, жарай ма? Осы мәтін бойынша сұрақтар қоятын боламын.

Әдептілік

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Құдай-ау, осыншабіліміңіз бар ғалымсыз. Сөйтетұрып, жарлыадамғасоншалықиіліпсәлемдесуіңіздіңмәніқалай? – депсұрайды.
Сонда ғалымтұрып:
Ешбірғылым – білімүйренбегенолкісіәдептіліккөрсеткенде, мен оданәдепсізболыпкөрінсем, лайық па? – дегенекен.

-Жақсы, балалар мәтінді түсіндік пе?

  • Ол не жайында екен?

  • Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

  • Ғалымның жасаған іс-әрекеті дұрыс па?

  • Сен байдың орнында болсаң дәл осылай айтар ма едің?

Бейнебаян: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Суретпен жұмыс
-Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық.

  • Кім қалай түсініп тұр?

  • Мына суреттер жайлы не айта аласыңдар?

  • Өздеріңді сол кейіпкерлердің орнына қойып көріңдерші.

  • Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді көріп тұрмыз ба?


Ойын «Жалғастыр»
-Балалар,қанекей ойын ойнайықшы. Бұл ойын «Жалғастыр» деп аталады. Мен сендерге «Не істеуге болмайды?»,«Не істеу керек?» деген сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап бересіңдер. Ал, бастайық.
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіпұстаукерек.)

-Жарайсыңдар, сендер өте жақсы жауап бердіңдер.


Өлен: «Бал балалық»


( Мұғалімге белгісіз адамдардан хаттар келеді. Мұғалім сол хаттарды балаларға таратып беруі қажет )
«Құпия хаттар»:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысынұнатпаймын. Бірақойындыжақсыойнайды. Мен осы баламендосболайын ба, айтыңдаршы?
3 хат.Құрметтідостар!Партадаменімен біргебір бала отырады.Ойнап – ойнаптапсырмасынорындамай, жазбайкеледі. Мұғалімсұрағандақысылады.Сабақтыменіңдәптерімненкөшіріпалады.Менбермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуімкерек?


Сергіту сәті: (іс-қимылдарды қайталау)


Мақал-мәтелдер

(тақтада ілініп тұрған мақал-мәтелдерді табу)

  1. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені, 
    Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені

  2. Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

  3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
    Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  4. Әдепті бала – арлы бала,
    Әдепсіз бала – сорлы бала.

  5. Аға әдепті болса,- іні әдепті
    Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

  6. Сіз деген- әдеп. Біз деген- көмек.



Қорытындылау
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.

Бағалау: әр балаға смайликтер тарату.



Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:

  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.