Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдептілік – тәрбие бастауы. Тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Әдептілік – тәрбие бастауы. Тәрбие сағаты

библиотека
материалов

hello_html_7316392b.gifӘдептілік – тәрбие бастауы

«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі»
Халық мақалы

Мақсаты:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әдептілікке байланысты түрлі суреттер

Тәрбие сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі

-Студенттермен амандасу

-Тәрбие сағатымен таныстыру

II. Әдептілік жайлы түсінік

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

IV. Ойын «Күн шуағы»

V. Ойланайық пікірлесейік.

VІ. Шығармашылық тапсырма

VII. Қорытынды

II. Әдептілік жайлы түсінік

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.

Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский,

Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтадыИмандылық қасиеттер:
Қарапайымдылық,Сыпайылық, Мейірімділік, Кішіпейілділік, Ізеттілік, Адалдық
ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Адам әдебімен көрікті.
Әдеп басы – тіл.
Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Әйел — әдептің әліппесі.
Тәрбие басы — тал бесік.
IV. Ойын «Күн шуағы»

Балалар әдептілікке байланысты сөздерді күн сәулесіне жазады.

V. Ойланайық пікірлесейік.
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? (ең біріншіден мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? (Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі хош иісті болып өседі. Қыз балада, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса, өскенде солай қалыптасады).
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт.(Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш. Қызға қырық үйден тыю. Анаға қарап қыз өсер)
5. Өзіңе қыздардың қандай қасиеті ұнайды?(қылықты, әдепті болса, сыпайы, биязы болса)
Қыздарға сұрақ
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтындығы)
2. Ұлдарға арнап мақал айт.
(Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстіне от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
Жақсы бала әкесін басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді, жақсы бала - сүйік, жаман бала - күйік)
3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол)
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің? (Отан үшін отқа түс күймейсің дегендей, ұл бала еліне Отанына қызмет етуі тиіс. Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілігі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені атар едің? ( Ата - анасын сыйлау, өз елін қорғау)

VІ. Шығармашылық тапсырма

Тақтаға әдептілікке байланысты суреттер ілінеді, сол суреттерге қарап оқушылар шағын эссе жазады

VII. Қорытынды.Рефлексия

Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерінізді және әдептілік сөздерін «Әдептілік ағашына» апарып жабыстырамыз

Әдібай Табылдиев аталарың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынадай тапсырма берді, қалай орындау қолымыздан келе ме?
Әдібай атаның тапсырмасы.
1. Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.
2. Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.
3. Күнде таңертең салқын сумен жуын.
4. Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.
5. Көшеде, көпшілік орындарында әдеп сақта.
6. Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.
7. Үлкендердің, ата-ананың тілін ал

























20150915_132935.jpg20150915_133039.jpg20150915_133034.jpg

20150915_132925.jpgIMG-20150909-WA0028.jpg




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-573324

Похожие материалы