761777
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалы"Әдептілік тәрбиесі" тақырыбындағы мақала

"Әдептілік тәрбиесі" тақырыбындағы мақала

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Маймышева Айнагүл Турмысовна

Әдептілік – тәрбие бастауы

Сыныптан тыс жұмыс жоспары



2015-2016 оқу жылы


Кенжекөл отбасылық үлгідегі балалар ауылы ММ



Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру;

  • Жаман әдептен аулақ болуға, ата - анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу;

  • Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабаққа қажетті құралдар: Презентация, итербелсенді тақта, суреттер.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, талдау, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, қымбатты оқушылар!

Бүгінгі күндерің сәтті болсын!

І. Психологиялық ахуал тудыру:

Оқушыларды ортаға шақырып, әр ұлттың амандасу салтын көрсету. (Қазақтар, қытайлар, жапондықтар, орыстар)

ІІ.Ой шақыру.

Сенің жақсы азамат болып өсуің – ата - анаңның, ұстазыңның тілегі. Қоғам алдында адал, достарыңа жанашыр, ата - анаңа қамқоршы, кішілерге үлгілі болып, өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңдауың керек.

  • Бойында осындай қасиеттері бар баланы кім дейміз?

(Әдепті, сыпайы, ұқыпты, тәртіпті, адал, шыншыл, кішіпейіл)

ІІІ. Тақырыпқа шығу.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады.
ІУ.Мақсатқа шығу. (Презентациядан суреттер көрсету арқылы)

  • Адами қасиеттің негізгі арқауы не деп білесің?

  • Жаман әдеттен аулақ болу үшін, қандай болуың керек?

  • Өзара қарым-қатынасты қалай орнатар едіңдер?

Мақсатты анықтау:

  • Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру;

  • Жаман әдептен аулақ болуға, ата - анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу;

  • Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.

У. Оқушылар әрекеті. (Топпен жұмыс)

1 бөлім. «Ой ашар» (сұрақ – жауап)

Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

(әр топтың жауабын тыңдау, кері байланыс алу)

1 - топ: Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, жүріс - тұрысынан, өзінен байқалады.
2 - топ: Әдептілік дегеніміз – өзін - өзі кез - келген ортада ұстай білуі. Әдепті адам – әдемі адам.

3 - топ: Ата - ананы сыйлауды, өзіңе, достарыңа жауапкершілікпен қарауды, адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Қай халық болмасын бір - біріне жылы мейір мен кеңпейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екенін білдіруі – сәлемдесуінде.Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт бір - бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік ғана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған.
Презентация арқылы «Сәлем» сөзінің мағынасын ұғыну.

Сәлем - сөздің анасы,

Сәлем – сөздің сарасы,

Сәлемдесер үлкенге

Қазақтың әр баласы.

Сәлем – сөздің анасы,

Білгені жөн әр қазақтың баласы.

Үлкен мен де кішімен,

Сәлемің түзу болсын деп

Үйретер ата - анасы.

ІІ бөлім: «Сәлем бере білейік»(әр топқа тапсырма беру, рөлдер арқылы көрініс ретінде көрсету)

1 - топ: Кішінің үлкенге сәлем беруі (ата мен бала)

2 - топ: Екі дос немесе екі құрбының бір - бірімен сәлемдесуі

3 - топ: Наурыз тойында сәлемдесу немесе көрісу

ІІІ бөлім: «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен» (әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту)

1. Бұрылатын қызға да, Ұрынатын ұлға да. Төбелеспей жүрмейтін,
Қандай бала бұл тұрған? (тентек, сотқар)

2. Кітап түбі қырқылған, Күнделігі жыртылған. Сабаққа да самарқау,
Қандай бала бұл тұрған? (бұзық)

3. Сабақ айта білмеген, Шақырмасаң жүрмеген. Сабақ бетін ашпайтын,
Баланы сен кім дер ең? (жалқау)

1. Сыйлап үлкен ағаны, Сәлем берген баланы Кім дейміз? - Әдепті екен бұл дейміз.
2. Таудай биік талабы, Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? - Үлгілі екен бұл дейміз.
3. Кітап, дәптер, қаламы. Кір шалмаған баланы Кім дейміз? - Ұқыпты екен бұл дейміз.

ІУ бөлім. «Мақал-мәтелдер»

Әр топ ізгілік, адамгершілік, әдептілік туралы мақал - мәтелдер айтады.
1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2.Мейірімділікті анадан үйрен,Әдептілікті данадан үйрен.
3. Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын.

У бөлім: «Ой толғаныс» (әр топқа жеке тапсырма беру, қорғау, пікірлерін айту)

1 - топ: «Әдепсіз балаға хат»

2 - топ: «5 жол өлең» құрастыру (өз тобына)

3 - топ: Жағдаяттан шығу (оқу, танысу, өз пікірлерін айту)

Жағдаят:
Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді.- Жата беріңіз, - деді компьютер ойынының қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр - күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн -түнсіз оның өтінішін орындады.

  • Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма?

  • Сен оның орнында болсаң не істер едің?

(Топтағы оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, қорытынды ойды мұғалім айтады).

Талқылау: Мұғалім топта қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне әсер ететіндей жағдайлар туғызуы тиіс. Сол себепті бұл жағдаятты оқушылардың өздеріне талқылату, жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекуіне жағдай жасалу керек.

УІ. Рефлексия. «Жылы лебіз»(әр топ орнынан тұрып шеңбер құрып, бірге айтады.

1 - топ: Басымыз аман болсын!

2 - топ: Аспанымыз ашық болсын!

3 - топ: Күніміз жарық болсын!

Міне, оқушылар бізде жақсы істерді үйреніп, жаман әдеттен, қылықтан бойымызды аулақ ұстауға әдеттенуіміз керек.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: ДБ-147952

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Мерчендайзинг»
Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и Охраны исторических памятников»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.