Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыӘдептілік-адамгершілік бастауы. (тәрбие сағаты)

Әдептілік-адамгершілік бастауы. (тәрбие сағаты)

Скачать материал

hello_html_4edda62a.gifhello_html_3d1d077a.gifhello_html_m25a1a839.gifСабақтың тақырыбы: Әдептілік-адамгершілік бастауы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б ) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Әдептілік-адамгершілік бастауы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің тәрбие сағатымызға ұстаздарымыз және де қонақтар қатысып отыр. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» деп бабаларымыз айтып кеткен екен, олай болса барша қонақтарымызбен амандасып алайық! Сәлемдесе отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны:

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

Өнерлі бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Ұстаздар, білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегендеріңіз үшін рахмет!

Мұғалім:

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралатындығына сенім білдіремін!

-Енді, бүгін біздің жиналу себебіміз-мектебімізге еліміздің шалғай Шығысындағы Әдептілік қаласында тұратын Адамгершілік атамыздан хат келді. Хатты оқып берейін:

-Қымбатты, Қосарал орта мектебі! Менің қаламда әдепті балалар арасында сайыс өткелі жатыр! Сол сайысқа қатысуға бәрінен де әдепті, тәрбиелі, тәртіпті оқушыларыңызды шақырамын! –депті.

-Мектеп ұжымы ақылдаса келе, біздің 5 сыныпты жібергелі отыр екен. Олай болса, мектебіміздің ең әдепті ұландары екендігімізді дәлелдейік! Жолға шықпастан бұрын, ұстаздарымыздың рұқсатын алайық. Ол үшін барлығымыз бірге «Ұстазым» әнін шырқап, сәт сапар тілейік.

(Барлығы хормен орындайды.)

-Мінекей балалар, ұстаздарымыздың ақ тілегімен жолға шықтық! Еліміздің ең шетінде орналасқан Әдептілік қаласына жету үшін бірнеше күн жүреміз. Қолымыздағы картадан көріп отырғандарыңыздай, осы аралықта біз көптеген қалалар мен елді-мекендерге тоқтап, аялдайтын боламыз. Адамгершілік атамызға жеткенше, әрбір қаланың тілек-талабын орындай отырып, бойымыздағы асыл қасиеттерімізді одан әрі тереңдетейік.

-Алғашқы елді-мекен «Имандылық» қаласына жеткенше мына суреттерге назар аударайық. Суреттерден қандай жақсы қасиеттер жаман әдеттерді көріп тұрсыңдар? Өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады? Әдепсіз бала қандай болады? (Сурет бойынша 3-4 оқушы сөйлейді).

C:\Users\Alser\Desktop\рлавлор.png


C:\Users\Alser\Desktop\апрен.png

-Әдептілік туралы пікір жарыстырып болғанша, «Имандылық» қаласына да келіп жеттік. Қаланың кіреберіс маңдайшасында «Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды» деген жазу бар екен. Олай болса, «Имандылық дегеніміз не? Иманды адам деп қандай адамды айтамыз? Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды дегенді қалай түсінесіңдер?»

- Әдептіліктің тағы бір бастауы – ол Имандылық. Имандылық адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

- Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

- Иманы берік адам-Отанын ешқашан сатпайды. Отанға адалдық-Имандылықтың белгісі.

Мұғалім:

  • Құдайы қонақ болып, шеттегі үйге тоқтайық. Үй иесі бізден қонақкәде сұрап отыр. Олай болса, ортаға «Саржайлау» биімен қыздарымызды шақырайық.

-Билеп, бір демалып алдық. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Келесі қалаға жеткенше ойын ойнайық. Ойын «Жалғасын тап». Балалар, мен мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.

(экраннан көрсету)

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)


-Жарайсыңдар, балалар! Міне екінші қаламыз «Абай ата» қаласына келіп жеттік. Қаланың ұраны – «Адам болам десеңіз». Ендеше, Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңін кім біледі. (Бір оқушы айтып береді).

-Жарайсыңдар балалар, Абай атамыз айтып кеткендей, бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болуымыз керек екен.

Адам болам десеңіз.



Бес асыл іс бес дұшпан іс

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Мал шашпақ

-Жарайсың, Өркен! Енді келесі қалаға жеткенше ән айтып барайық. Әлиханның орындауында «Жаса, жаса, қазақ елі» әні, қосылып шырқап отырайық.

-Мінекей, ән біткенше үшінші қаламызға да келіп жеттік. Ол-«Ұлыдан ұлағат» қаласы. Бұл қаланың ұраны – «Атаның сөзі-батаның көзі». Ұлы ойшылдарымыз бен ғұламаларымыз ұрпақтарына өсиет етіп, ұлағатты сөздер айтып кеткен екен. Бұл қаланың тілегі, қонақкәдесі үшін - адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман әдеттер туралы қанатты сөздерді айтып шығайық.

Оқушылар әдептілік пен әдепсіздік туралы қанатты сөздер айтады.

Камила:

  1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

Диас:

  1. Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Гүлзат:

  1. Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды.

Милат:

  1. Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп

Мирас:

  1. Адалдық-өмірден қымбат.

Өркен:

  1. Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан!

Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағанннан.

Мейірман:

  1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

Айнұр:

  1. Қарапайымдылық - жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

Әлихан:

  1. Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.

Муса:

  1. Жақсы кісі көрінер жыл құсындай

Жаман адам балтаның ұңғысындай

Иса:

  1. Жаман адам өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.

Иманғали:

  1. Ақылсыз достан-ақылдыдұшпан артық.

Қонысбай:

  1. Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды.

Гүлназ:

  1. Жамандар – өтірікші, өсегі көп,

Ел-жұрттың ірітікі салар арасына-ай.

Жалған сөзбен бықсытар ел-арасын

Жанбай қалған ағаштың шаласындай.

Раһинна:

  1. Күншіл күнде күңіренеді.

Дильназ:

  1. Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

Жарқынбек:

  1. Еріншекке есік те асу көрінер,

Жалқауға бұлт та жүк көрінер.

Камила:

  1. Қызғаншақтық - сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық.

Гүлферизат:

  1. Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер!

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер,

Адамдық, аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік, өсекті біршама қойыңдар.

Досымжан:

  1. Жарлы болсаң да, арлы бол.

-Жарайсыңдар, балалар, бұл қаланың да қонақкәдесін орындадық. Енді жолға шығайық. Мінекей, Әдептілік қаласына да жетіп қалыппыз. Адамгершілік атамызға жеткенше, ән айтып барайық. Камила мен Мейірманның орындауында «Ата-әже» әні. Қосылып отырайық.

-Мінекей, «Әдептілік» қаласына да келіп жеттік. Адамгершілік атамыздың бізге берер тапсырмасын тыңдайық.

- Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер! Бұл сөздер адамға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Осы тыйым сөздерді білесіңдер ме?

-Оқушылар тыйым сөздерді рет-ретімен айтып шығады.

  1. Дастарқанды, тамақты баспа.

  2. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

  3. Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.

  4. Үй айнала жүгірме.

  5. Малды, ыдысты, тамақты теппе.

  6. Көкті жұлма, шашыңды жұлма.

  7. Босағаны керме, құшақтама.

  8. Табалдырықты баспа, отырма.

  9. Үйді сабама, малды басқа сабама.

  10. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

  11. Адамға пышақ, мылтық кезенбе.

  12. Адамға қарап түкірме, есінеме.

  13. Ата-анаңа қарсы келме.

  14. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.

  15. Аманатқа қиянат жасама.

  16. Дастарқанды, тамақты, ыдысты аттама.

  17. Пышақты, қаруды, балтаны, қамшыны аттама.

  18. Бүйіріңді, жерді, иегіңді таянба.

  19. Шашыңды жайма, бетіңді баспа.

-Атамыздың тапсырмасын орындадық. Енді атамызға жеткенше қалалардан көрген үлгі-өнегемізді, үйренген тәлім-тәрбиемізді атамызға айтып берейік.

-Иә, балалар, бүгін қаламызда ауа райы күрт өзгеріп, таңертеңнен бері «Әдепсіз бала» атты бұлт қабағын түйіп, жаңбырын төгіп тұр. Бұлтты сейілтіп, «Әдепті бала» атты күнімнің шуағын шашуға көмектесіңдерші.

-Олай болса, балалар, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, бұлтты сейілтіп, күннің шуағын көрсетейік.

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдептілік-адамгершілік бастауы. (тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 596 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 17775
    • DOCX 425.8 кбайт
    • 243 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әнесқызы Гауһар Әнесқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27303
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе