Инфоурок Информатика КонспектыДербес компьютер. Компьютермен танысу.Компьютердің құрылымы.

Дербес компьютер. Компьютермен танысу.Компьютердің құрылымы.

Скачать материал

7 сабақ

Сынып

 

 

 

 

 

Күні

 

 

 

 

ДОЖЖО:_______________

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу.Компьютердің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құрылғымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК – мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ – нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ – мен, ТЖҚ – мен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулықтар.

Сабақтың барысы:

1.       Ұйымдастыру

2.       Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.       Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.       Сабақты бекіту

5.       Үйге тапсырма

 

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

§ Бірінші электронды – есептеуіш машина қалай аталған?

§ «Марк - 1» машинасы қандай элементтерде жасалды?

§ Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

§ ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

§ Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады

 

Жаңа түсініктер:

«Компьютер»         сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер – деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында IBM PC типті ДК - лерді  оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (IBM фирмасының ДК – лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК – нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының  Macintosh ДК – сі. Бірақ ДК – лердің барлық типтерінің ақпарат өңдеу және адаммен қарым – қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін,үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары,құлақкалка, микрофон, модем, сканер, манипулятор: «маус», трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі – жүйелік блок.  ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, коректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратпалар орналастырылған.

    ДК (дербес компьютер деп аталынуы – бір – ақ адам қолданады)  қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез – келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.

    Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.

    Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айнадыру.

            Жүйелік блок – мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып, өшіру батырмасы, дискжетек, компакт – дискіні оқитын CD – ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD – ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

            Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін  оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.

            Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкіжадысының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) – бұл компьютердің ішкі жады, Компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ – дан алынады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) – ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, дисплей, графопроектор.

            Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.1, 2, 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау.

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

2. Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?

3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

4. Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын атаңдар.

5. Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

6. Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма: 2.2. тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дербес компьютер. Компьютермен танысу.Компьютердің құрылымы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 227 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 1564
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омирбекова Индира Азимжанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омирбекова Индира Азимжанкызы
    Омирбекова Индира Азимжанкызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18993
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе