Инфоурок Другое Другие методич. материалыДербес компьютердің қосымша құрылғылары. Этимология

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары. Этимология

Скачать материал

Сабақ жоспары №____11____

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Тақырыбы:  Дербес компьютердің қосымша құрылғылары. Этимология инфо

1. Білімділік: Этимология ғылымына байланысы  білімдерін жетілдіру.

2. Дамытушылық: Қазақ тілінен алған білімдерін жүйелеу және жетілдіру

3. Тәрбиелік: Ақпараттық білімдерін толықтыра отырып, заман талабына сай маман иесі болуға тәрбиелеу

Сабақтын түрі:  аралас

Сабақтын әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, информатика

Сабақтын әдістемелік қамтамасыздануы: Ш.К.Бектұрова «Қапзақ тілі», К.Мұхамедиева «Кәсіби қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі» зертханалық жұмыстар

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Білімгерлермен амандасу, түгендеу сабаққа назарларын аудару.

Өткен материалды қайталау: Сөздікпен жұмыс. Жаттығу жғмыстарын жалпылай тексеру

Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Этимология ғылымы туралы түсіндіру. Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін.

Мысалдар келтіру.

2. «Дербес компьютердің қосымша құрылғылары» тақырыбында арнайы дайындалған мәтін бойынша жұмыс жасау. Мәтінге байланысты тапсырмалар беріледі

 

 ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.
Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.

Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маустан тұрады. Қосымша құрылғыларына: баспа құрылғысы (принтер), сканер, модем, колонкалар, терте (джойстик) т.б. жатады.

    Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар
мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез-келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.

 Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған
компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақаталады,
яғни компьютерді өшіргенше.

Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады.

Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

Процессор мен ЖЖҚ – ЭЕМ-ның негізгі құрылғылары.

Монитор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі
түсті теледидеодан аумайды,

   Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі
түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.

 Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ
жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш)
батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген  жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады. Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын
арнайы командаларға ауысады.

Мәтін бойынша тапсыма:

А) Мәтінді мәнерлеп оқу, Ә) Мәтінді аудару,  Б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, В) Диалог арқылы өзара сұхбаттасу, Г) Мәтіндегі қиын сөздермен жұмыс жасау. Сөздікпен жұмыс, Ғ) Мәтін мен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып, жаттығулар орындау Білімгерлердің өздеріне сөзжұмбақ құрғызып, оны шешу. Сергіту ойыны

  Сабақты қорытындылау:

Семантикалық карта бойынша оқушылардың сұраққа жауап беру арқылы қорытындылау.

1.              Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.

2.              Компьютер жадының қандай түрлерін білесіңдер?

3.              Монитордың түрлерін атаңдар.

4.              Пернетақтаның қандай блоктары бар?

5.              Маустың түрлерін атаңдар.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Дербес компьютердің құрылысын оқып, меңгеріп келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дербес компьютердің қосымша құрылғылары. Этимология"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Этимология ғылымына байланысы  білімдерін жетілдіру. Қазақ тілінен алған білімдерін жүйелеу және жетілдіру. Ақпараттық білімдерін толықтыра отырып, заман талабына сай маман иесі болуға тәрбиелеу. Этимология ғылымы туралы түсіндіру. Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 897 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2015 2281
    • DOCX 18.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шалкыбаева Роза Мухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шалкыбаева Роза Мухановна
    Шалкыбаева Роза Мухановна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3407
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе