Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс бағдарламасы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс бағдарламасы.

библиотека
материалов

hello_html_m75be5b8e.gifЛисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» ММ















Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс бағдарламасы



Құрастырған:

Ергалиева З.Б.- әлеуметтік педагог

Бирмуканова А.М.- психолог















Лисаков -2014

Мақсаты :

Девиантты мінез-құлықты оқушылардың танымдық процестерін, мінез - құлықтарын зерттеу және олардың эмоцияналдық қарым – қатынастарын қалыптастыру. Логикалық ойлауды және шығармашылық қиял қабілетін байқауды дамыту.


Міндеттері:

  • Баланың оқуға деген қабілетін, мотивациясын жоғарлату.

  • Баланың қабілеттерін, сезімдерін, қызығушылықтарын дамыту.

  • Мінез ерекшеліктерін зерттеу, түрлі әдістер арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

  • Рухани байлығын, шығармашылық қиялын дамыту

  • Қабылдаудың ерекшеліктерін, қасиеттерін анықтау

  • Эмоциялық қарым – қатынасты қалыптастыру

Жұмыс жасау түрлері:

  • жеке және топтық коррекциялық жұмыс жүргізу.


Жүзеге асыру әдістері:

  • Әңгіме

  • Сауалнама

  • Тренинг

  • Коррекциялық жұмыстар

  • Релаксациялық ойындар

  • Сабақтарға қатысу

  • Диагностика және мониторинг



Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Ата-анасымен байланыс жасау;

  • Тәртібі «қиын» оқушылар мен жағдайы «қиын» отбасыларды бақылауға алу;

  • Қамқоршы мұғалімдер бекіту;

  • «Қиын» оқушыларға жеке портфолио арнау;

  • Жеке картотека жүргізу (әңгімелерді тіркеу);

  • Психологиялық зерттеулер жасау;

  • Еңбекпен қамтылуына ықпал жасау;

  • Мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға тарту.



Мектептің әлеуметтік-психологиялық жұмысы балаға нақты және жан-жақты көмектесу, ата-аналарына максималды жақындау, қиын ортадағы балалар мен ата-аналарына басты жиі назар аудару және өзара қарым-қатынас жасау болып табылады.

Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі» ай сайын бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады. Кеңестің төрайымы, мүшелері сайланып, бекітілген жұмыс жоспары мектептің қиындықтарымен ескеріліп жасалады. Кеңестің негізгі мақсаты: оқушының есепке алыну себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру. Кеңес айына бір рет немесе қажетіне қарай екі рет отырыс өткізеді. Кеңесте оқушының құжаттары қаралып, шешім қабылдағаннан кейін бала мектепішілік есепке алынады. Есепке алынған оқушыға көмек көрсету, алға тарту, қиындықты жеңу жолдарын көрсету мақсатында сынып жетекшісі осы оқушы үшін тәлімгер болып тағайындалады.

Әр сынып құжаты ішінде

  • Қоғамдық тәрбиеші туралы жалпы мәлімет.

  • Мінездеме

  • Пән мұғалімдермен байланыс, пікірлер.

  • Хаттамалар.

  • Түсінік хаттар

  • Табель көшірмесі

  • Бақылау, зерттеу күнделігі

«Қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.

Атап айтсақ, олар:

  • отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды, сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

  • баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;

  • баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;

  • баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;

  • «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;

Қоғамда қалыптасқан “ мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан.

Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқының ішкі жан дүниесінің өзгерісіне әкеліп соқтырары белгілі. Алдын алу мақсатында девиантты мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагог пен психологтың мектепішілік жылдық жұмыс жоспары құрылды.


Жүргізілетін жұмыстар

уақыты

жауапты

1.

«Қиын» балалардың психологиялық деңгейін анықтауға арналған Стоттың «Бақылау картасы» арқылы толтыру

қыркүйек-қазан

Психолог әлеуметтік педагог

2.

Тұлғаның тәрбиелік деңгейін анықтау немесе бақылау (сабаққа кіру)

жыл бойына

Психолог әлеуметтік педагог

3.

Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясын анықтау (тест)

қыркүйек

Психолог

Сынып жетекші

4.

«Ерік, шыдамдылық, табандылық» психологиялық сабақ

қыркүйек

Психолог әлеуметтік педагог

5.

Баланың темпераменттерін анықтау (сауалнама )

қазан

Психолог

Сынып жетекші

6.

Өзі- өзі бағалау, Қызығу және оның дамуын анықтау

қазан

Психолог

Сынып жетекші

7.

«Дау –жанжалды жеңіп шық» (әлеуметтік-психологиялық тренинг)

қазан

Психолог әлеуметтік педагог

8.

Сен өзіңе қалай қарайсың (тест)

қараша

Психолог

Сынып жет

9

Өмірдегі басты мақсатым (тренинг )

қараша

Психолог әлеуметтік педагог

10

«Сенімді дос» тренинг

желтоқсан

Психолог әлеуметтік педагог

11

Адамның ішкі жан дүниесіне үңілейік (тренинг)

желтоқсан

Психолог әлеуметтік педагог

12

«Қарым-қатынас жасай білу үлкен өнер» тренинг

үнемі

Психолог

13.

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» ойын

қаңтар

Психолог әлеуметтік педагог

14

«Қиын бала қайдан шығады» ата-аналарға дәріс беру.

қаңтар

Психолог

Сынып жетекші

15

««Менің өмірдегі орным»тренинг

қаңтар

Психолог

Сынып жетекші

16

«Менің мықты тұстарым» түзету сабақ

ақпан

Психолог әлеуметтік педагог

17

«Қасыңда жүр жақсы адам» психологиялық сабақ

ақпан

Психолог әлеуметтік педагог

18

Суретті тест «Өмір ағашың»

наурыз

Психолог әлеуметтік педагог

19

«Менің өмірдегі орным»тренинг

сәуір

Психолог

Сынып жетекші

20

«Жазғы демалысты қалай өткізесің ? » жеке әңгіме

мамыр

Психолог әлеуметтік педагог

Қиын оқушылардың есте сақтау қабілеттерін топқа бөлу

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, естің түрлерін анықтау. Қыркүйек 2013-2014 оқу жылы

Естің түрлері

Оқушының аты-жөні

1.

Есту арқылы есте сақтау

Басыров Әділ, Куланбаев Айдос

2.

Көру арқылы есте сақтау

Куланбаев Айдос, Басыров Әділ,

3.

Естіп бейнелеу арқылы есте сақтау

Табажанов Диас, Амангалиев Нұрсұлтан, Каспаев Темир

4

Көріп, қайталау арқылы есте сақтау

Асылбекова Эльмира, Жумабаев Диас, Амангалиев Әлібек

Есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында әртүрлі психологиялық жаттығулар өткізу және мұғалімдердің жұмыс жасауларына қолайлы жағдай туғызу.

Оқушылардың сурет арқылы ойлау қабілеттерін анықтау туралы мәлімет

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерінің қаншалықты деңгейде екендігін анықтау.

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Ойлау қабілетінің деңгейі

1

Басыров Әділ,

6 «б»

жоғары

2

Жумабаев Диас

6 «б»

орташа

3

Асылбекова Эльмира,

7«а»

ортадан жоғары

4.

Амангалиев Әлібек

9 «б»

жоғары

5

Куланбаев Айдос

8«б»

жоғары

6.

Амангалиев Нұрсұлтан

6 «а»

орташа

7

Табажанов Диас

5 «а»

орташа

8

Каспаев Темир

9 «б»

жоғарыдан төмен


Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясы.

Мақсаты: Оқушылардың оқу әрекетінің жиі кездесетін мотивтерін және оқу жұмысындағы ролін анықтау. қазан 2013ж

Оқу мотивтерінің түрлері

Оқушының аты-жөні

1.

Сабақ қызық болғасын оқимын

2

Көп білу үшін оқимын

Басыров Әділ, Куланбаев Айдос, Жумабаев Диас, Асылбекова Эльмира, Амангалиев Әлібек

3

Ата-анам талап етеді

Амангалиев Нұрсұлтан

4

Жұмысқа орналасу оңай болады

Амангалиев Әлібек, Каспаев Темир

5

Барлығы да оқиды

Куланбаев Айдос,Табажанов Диас Амангалиев Нұрсұлтан

6

Мұғалім ұнайды

Басыров Әділ, Жумабаев Диас,

Осы жұмыстармен қатар мектеп бойынша әлеуметтік мониторинг өткізіліп отырылады. Ең алдымен әлеуметтік педагог «қиын» баланың отбасының құрамын, тұрмыс – жағдайын, ата-ананың білімі мен бала тәрбиесіне қанша уақыт бөлінетінін анықтайды. Бұл мектеп әкімшілігі үшін мектепте қанша отбасы бойынша «қиын» балалардың отырғанын білуге және сол балалармен жүргізілетін жұмыс түрін белгілеуі керек.

Мониторингтің мақсаты:

Мектеп бойынша «қиын» балалар отбасының әлеуметтік статусын анықтау, балаларының ойлау қабілетіне, психологиясына және физиологиялық дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау.


«Қиын» баланың аты –жөні

Отбасы құрамы

Отбасының тұрмыс жағдайы

Ата – ананың білім деңгейі





Мектебімізде жылына екі рет «қиын» оқушылар арасында әдістемелік апта өткізіліп тұрады. Онда алдымен зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Мәселен, осы оқу жылының 2 тоқсанында зерттеу жұмысы 7,8 сыныптарда жүргізілді. Оған тәрбиесі қиын оқушылар қатысты. Сауалнама 3 сұрақтан тұрады, мысалы төмендегідей:

Сізге қандай пәндер ұнайды? Неліктен?

Сізге қандай пәндер ұнамайды? Неліктен?

Үй тапсырмасын ұдайы орындайсың ба?

Сауалнамаға 56 оқушы қатысты. Нәтижесі төмендегідей:


hello_html_62a874e6.gif

Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
Мектепте немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр оқушыға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында окушыларды еңбектің алуан
түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі керек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Оқушыларды өнерге тарту.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары берік енген. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, оқушылар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр оқушының қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады. Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Лагерь жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.

Сабақтың тақырыбы:«Өзіңе сенімді болу »

Мақсаты: сенімді іс-әрекеттің дағдысын қалыптастыру, әр түрлі қысымдарға қарсылық білдіре алуға бағыттау, агрессияға бейім және өзіне сенімсіз адамның мінез ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

Шаттық шеңбері «Менің есімім...»

«Мен өзімді жақсы көремін, себебі...»

Мақсаты. Жасөспірімдердің арасында жұмыс атмосферасын тудыру.

Жаттығуды шеңбер құрып өткіземіз.

Жүргізуші: Қайырлы күн. Біз сіздермен жаңа сабақ өтеміз. Қанеки, бойымызды жазып, мына жаттығуды орындайық. Әрқайсымыз екі сөйлемді қайталаймыз.

«Менің есімім және өзімді мынандай қасиеттерім үшін жақсы көрем...»

Мысалы: «Менің атым Жалғас. Мен өзімді шыдамды, ұстамдымын деп санаймын. Сол үшін өзімді жақсы көремін»

«Менің атым Сәуле. Мен өзімді сұлулығым үшін жақсы көремін».

  1. Рольдік ойын. «Мен әр түрлі бола аламын».

Мақсаты: ойын арқылы жасөспірімнің әртүрлі ситуацияларда өзін көрсетуін анықтау, сенімді рольде болуы, сенімсіз рольде болуы, агрессивті рольде болуы.

Материалдар: сенімді, сенімсіз, агрессивті деген жазулары бар карточкалар.

  1. ситуация: Сен сабаққа дайындалмадың, сені тақтаға шақырып жатыр.

  2. ситуация: Бүгін сен достарыңмен дискотекаға барғың келеді, бірақ ата-анаң рұқсат етпейді.

  3. -ситуация: Сенің інің компьютерде ойын ойнап отыр делік, сен өзіңнің компьютермен жұмыс жасағың келетіндігін қалай жеткізесің?

  4. - ситуация: Саған достарың шарап ішуді ұсынды, бірақ сен оны қаламайсың. Сенің іс әрекетің ?

Балалар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз. Әр ұсынған ситуациядағы рольдерді ойнауға тиістісіңдер. (Жүргізуші балаларға рольдер жазылған карточкаларды ұсынады. Сосын 1-ситуацияны оқиды. Үш оқушы оны 3 әдіспен ойнап шығады, осылайша әр оқушының ойынға қатысуға мүмкіншілігі бар)

Соңында талқылау жүргізіліп, қорытынды жасалады:

  • агрессивті адам өзін дөрекі ұстайды, бас салып айқайлауға жақын, қауіп-қатер туғызады, менмен, ұрысқа бейім, өзімшіл т.б

  • сенімсіз адам өзңн өте тыныш ұстайды, жалынышты, мүсәпір көзқараспен қарайды, дауысы баяу, ұяң.

  • Сенімді адам ішінара келісімділік көрсетеді, ұсынады, дәлелдейді, шыншыл.

  1. Жаттығу «Досыңа көмектес».

Мақсаты: сенімді дағдыны қалыптастыру.

Жүргізуші. Енді, балалар, көздеріңізге елестетіңіздерші. Мысалы, сіз қаламыздағы « Рауан » радиосында жұмыс істейміз. Сізге жас жігіт телефон шалып, өзінің сенімсіздігін айтып, көмек сұрады дейік, сіз оған не тілер едіңіз?

Сіздер бір бет параққа бір сөз тіркесінен тұратын тілек жазасыздар.

Жүргізушіге ұсыныс: Егерде адам басқаларға көп жақсылық жасаса, көмек көрсетсе, соншалықты ол өзіне сенімді бола алады деген акцентті көп тіркеу керек.

Ойын: Биіктен секіру

Ойын шарты: Оқушы бір орында тұрып , сол тұрған жерінен биікке секіру керек. Секірген ұзындығын өлшеу керек. Мұнда оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артады.

Жүректен-жүрекке

Оқушылар шеңберге тұрып, өздеріне деген сенімділіктерін бәрі хормен айтады.

  • Мен өзіме сенімдімін

  • Менің қолымнан бәрі келеді

  • Менде бәрі жақсы болады.

  • Мен ешқашанда ештеңеден қорықпаймын, менің қолымнан бәрі де келеді.

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

«Жаман болғым келмейді»
Мақсаты: Бұл тақырып бойынша, өткізілетін сабақтар оқушыларға жағымды әдеттерді қалыптастырып жағымсыз әдеттерден арылтады. Не істеуіміз керек?
Міндеттері:

  • Балаларды дұрыс шешім қабылдай білуге;
    Өзін басқалармен қарым-қатынас кезінде қалай ұстау керек. екендігін үйрету

  • қорқыныш сезімін жеңе білуге дағдыландыру.
    «Мен қандаймын және келешекте қандай болғым келеді» суреті. Балаға өзін екі суретте бейнелеп салуға тапсырма беріледі. Бірінші суретте өзінің қазіргі кезін, ал екінші суретке өзін келешекте қандай болғысы келетіндігін суреттеуі тиіс.
    Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген және оны ұрына білген. Мысалы, "Баланды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға -ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла" деген ғибраты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан – сезімін түсіну, ұғыну, оған көмектесу. Абу Насыр Әл- Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигізеді. Сондықтан да , балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2495
Номер материала ДВ-197742
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх