Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Дөңгелек үстел "Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту"

Дөңгелек үстел "Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Ақтөбе қалалық білім бөліміhello_html_m122c64e4.png

30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы



hello_html_15cd572.png

Дөңгелек үстел


Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту





Тәрбиеші: Тлеуова Роза Жолбаевна





Ақтөбе қаласы – 2015 жыл

Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту

hello_html_57a43bd4.png

Тлеуова Роза Жолбайқызы

hello_html_m122c64e4.png hello_html_m122c64e4.png30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы

hello_html_m122c64e4.png hello_html_m122c64e4.png hello_html_m122c64e4.png Ақтөбе қаласы






Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата –анамен баланың арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата –анаға деген бала махаббатын ояту. Балабақша, тәрбиеші, ата- ана үштігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық қарым –қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд, Ой қозғау парақтары.

Қатысушылар: Ата аналар, балалар.

Семинар барысы:

1 . Мұхамбетов Бекнұрдың анасы өз отбасының мүшелерінің өсуін сурет арқылы әңгімелейді.

Мұхамбетов Бекнұр «Өз жұртым» өлең жолын жатқа оқиды.

Өз жұртым

Баламын есті мен,

Атамнан естіген.

«Үш жұртты» білемін,

Таратып беремін.


Бабамнан басталар,

«Өз жұртым» мыналар:

Ең жақын адамдар –

Әкем мен анам бар.


Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.


Ұлдардың үлкені –

Бір туған Ағам бар.

Қыздардың үлкені –

Бір туған Әпкем бар.


Ұлдардың кішісі –

Бір туған Інім бар.

Қыздардың кішісі –

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңлі бар.


Әкеге мен – Бала,

Атаға – Немере.

Немере баласы

Болады шөбере.

Шөбере баласы

Шөпшек деп аталар.

Шөпшектің баласы

Немене саналар.

Осы ұрпақ жалғасы

«Жеті ата » саналар.

2 . Бердалы Сабина әжесімен «Әжесі мен немересі» өлеңін мәнерлеп, сахналап береді.

«Әжесі мен немересі»

  • Күнім кім менің?

  • Мен.

  • Жаным кім менің?

  • Мен.

  • Сәнім кім менің?

  • Мен.

  • Ботақаным бағлан қозым,

  • Не деген тәтті баласың өзің?

  • Әй, қарғам менің!

  • Жоқ, жоқ, жоқ.

  • Қарғаң мен емес.

  • Мен қарғаң болмаймын,

  • Керегі жоқ ондайдың.

  • Қарға қарқ-қарқ етеді.

  • Алысқа ұшып кетеді.

  • Мен ешқайда бармаймын.

  • Мен әжемнен қалмаймын.

Бердалы Сабина «Менің отбасым» өлеңін жатқа оқиды.

Менің отбасым

Анам – күнім, жүрегім,

Әкем – өмір тірегім,

Әжем – асыл ардағым,

Атам – дана, қорғаным,

Ағам – қамқор, асқарым,

Інім – мөлдір аспаным.

3. Ата аналар арасында ұйымдастырылған балабақша ішілік мерекелік іс - шара «Екі жұлдыз» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Мырзабаевтар отбасының өнерін тамашалауды жөн көру.

Мырзабаева Нұрдана анасы Тогузбаева Гүлмирамен «Үнді биін» билеп, өнер көрсетеді.

hello_html_m2af98955.gifhello_html_m2b90ad18.gif



hello_html_4ac28bbc.gifhello_html_m40fc924d.gif


Ата-аналарға тапсырма: Ой қозғау

  1. Бала деген кім?

  2. Ата - ана деген кім?

  3. Тәрбиеші деген кім?

hello_html_715c2ae7.png

1. Бала деген кім?

hello_html_bdcac2e.png


2. Ата ана деген кім?

hello_html_10367b42.png

3. Тәрбиеші деген кім?

hello_html_m33803c7.png


Тәрбиеші-шығармашыл, тәрбиелі, мәдениетті, төзімді, еңбексүйгіш, мейірімді де қайырымды зор тұлға. Тәрбиешінің міндеті - баланың ерік жігерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, табиғатты сүюге, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу. “Бала - балқытылатын алтын” оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де тәрбиешінің қолында,- деп халық даналығында айтқандай баланы ата –аналармен бірлесе отырып тәрбиелеу қажет.

Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол. білімді өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.

Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.

М. Шаханов.

Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең ойлы болуы тиіс.

Бала тәрбиесінің жолында талмай қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышымыз деп санап, ата –аналармен өзара тығыз қарым-қатынастарымызды нығайта түсейік.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.07.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров105
Номер материала ДБ-146914
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх