Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Дөңгелек үстел "Кітап туралы әңгіме"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Дөңгелек үстел "Кітап туралы әңгіме"

библиотека
материалов

«Кітап қалай пайда болады»

(әңгіме)

Құрметті қонақтар кітапханамызға қош келдіңіздер.Өздеріңіз білесіздер біздің мектепте балалар апталығы жүріп жатыр соған байланысты сіздерге біздің кітапханада «Кітап қалай пайда болды» тақырыбына әңгіме тыңдауға келіп отырсыздар.

Кітап дегеніміз не?

Кітап дегеніміз – білімнің бас құралы. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп,рухани жан дүниелеріңді оятып,ақылшы серіктерің болып табылатын құрал.

Кітап – дегеніміз тілсіз тәрбиешіміз, адамға бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін жан азығы,сырласушы досы бола алады. Кітап - ең керемет ғажайып зат. Сендер қолдарыңа кітап алсаңдар,әппақ қағазға жазылған түрлі белгілерді көресіңдер,сендер ол құпияны ашуға асығасыңдар.

Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар, көз алдарыңа әртүрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өзі туралы айтып,кітап тілімен сөйлеседі.

Балалар ал сендер білесіңдер ма кітап қалай пайда болғаның?

Кітапты жасау үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет малады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа кел ми тұрып қандай ұзақ жол жасайды.

Кітап – арабша «жазба» ,ал түрікше «дәптер мерзімді баспасөз басылымы» дегенді білдіреді.Алғашқы кітап жазу тек дінбасылар мен монахтар білген.Ал кітаптың алғашқы түрлері Шығыс елдерінде,Грекияда,Римде қыш текшелерінде,тақта тастарға сына жазумен жазылды.Мысырда қыш текшелерінің орнына қамыс (папирус)қолданылды.Біздің заманымыздан бұрын кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды,ал қытайлар алғашқы жазуларын қабыршықтарға,жануарлардың сүйектеріне,жібекке,бамбук тақтайшаларға жазған.

Кітап ең керемет ғажайып зат.Әлемдегі қызықтың бәрін,қоршаған ортаны,жаратылыс сырларын,табиғат ғажаптарын кітаптан табуға болады.

Әлемдегі қызықтың бәрін,қоршаған ортаны,жаратылыс сырларын табиғат ғажайып тарын,адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады.Кішкене ғана кітап – сыр сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданасыңдар.Өзінің биік ,таза,рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауға теңдесі жоқ қару болып табылады.

Кітап – адамзат баласына ағарту хәм білім сыйлай береді,және беттерінде адамзат тіршілігінің сан құпия сырлары сақталған.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.Ең сабырлы ұстаз-кітап.Тек кітап қана қайрымдылық пен қатыгездіктің,ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.

Кітап біздің алға жылжуымызға ,катаклизм дардаң арылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.Біздің ата – бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі », «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» - деп бекер айтпаған,барлық білімді біз кітаптан аламыз,кітап бізді қайрымдылыққа ,адалдыққа,әділдікке,зұлымдықпен күресе білуге үйретеді.

Кітап – жан серігің,ақылдасар,сырласар досың.Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды,тарихымызды оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

«Оқу – білім бұлағы,білім – өмір шырағы», «Кітаппен дос бол,кітаптың жомарт беттері» «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» «Күш – білімде,білім кітапта». Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына».Кітап біздің досымыз ғана емес,мәңгілік тұрақты серігіміз.Ақыл – ойдың негізі кітап болып қала береді.А.Байтұрсынов «Білімнің бас құралы - кітап» Кітап оқығанда одан әсер алу, тағылым түю,өздеріңе жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін сезіну.Көркем әдебиетті оқи отырып,олар адамдарды ажырата білуге,жақсы мен жаманды айыра білуге үйренеді.Ең бастысы – баланың ойлау қабілеті,тілі,сөздік қоры дамиды.Кітап оқитын бала өздігінен ой тұжырымдап,кез келген тақырыпқа шығарма жаза алады.

«Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей»,- деп Цицероң айтқандай, кітапсыз - адам өмірі бос,барлық білім – кітапта.Кітаптан асқан қазына жоқ.Ешқандай байлық та,жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Техника қанша дамығанымен компьютер уақытымызды үнемдейтін құрал.Көп жасаған білмеді,көп оқыған біледі.

Мейрімді адам – жаңа таза,қайрымды,шыдамды,жылы жүректі.Балалар қорыта келгенде сендер кітап оқыңдар.Кітаптан сендер неше түрлі кейіпкерлерді білесін дер.Осы кейіпкерлерге қарап адамгершілікті,достықты,мейрімді адам болуды үйренеміз.

Балалар достық - дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар жауабы:

Мейрімді адам дегенді қалай түсінесіңдер,мейрімді адам қандай болу керек?

Балалар жауабы:

Балалар сендерге мынадай сұрақ қойғым кеп тұр:Араларында кітапты ұқыпты,таза ұстайтын және ұқыпсыз қарайтын балалар бар ма?

Балалардың жауабы.

Міне сол үшін мен сендерге мынадай ережелер білулерің керек:

Кітапты күтіп ұстау ережелері бар.




Кітапты күтіп ұстау ережесі:

  1. Кітап мұқабасын бүлінбес үшін қаптап ал.

  2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

  3. Кітап бетін,бұрыштарын бүктеме.

4. Кітапқа сүрет салма.

Осы ережені мұқият оқып жаттап алыңдар.

Кітаппен достассаң,бәрін білесін,бірде ұялтса,бірде мақтайды,бүкіл дүние сырын алдына жайып салады.Кітап сіз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ – деген осы.Сендер кітапты қалай оқысын дар?

Балалардың жауабы:

Кітапты оқу ережесімен таныстырайын.

Кітап оқу ережесі:

  1. Кітапты күнделікті үзбей оқуға дағдылан.

  2. Кітапты қалай болса солай оқымай,оларды белгілі бір мақсатпен,жоспар бойынша оқы.

  3. Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

  4. Кітапты оқығанда ойға сақтау ,керек сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға болады.

  5. Кітапты көп оқысаң,сөз байлығың молайып,ойлау қабілетің терең болады.

Қортынды:

«Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей»,- деп Цицероң айтқандай, кітапсыз - адам өмірі бос,барлық білім – кітапта.Кітаптан асқан қазына жоқ.Ешқандай байлық та,жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Техника қанша дамығанымен компьютер уақытымызды үнемдейтін құрал.Көп жасаған білмеді,көп оқыған біледі.

Кітапханашы жұмбақ жасырды:

Қабат – қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

(Кітап)

Бір ғажап бар тілі жоқ,

Сөйлесем десең міні жоқ.

(Кітап)

Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)




Ұзын-ұзын ұқсауын,

Ұзынына кім жетер?

Шұбар ала күйкентай,

Шұбарына кім жетер?

(Кітап)

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,

Әсемдеп, талай адам қамалаған.

Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,

Ашылса табылар еді не қалаған. 
(Кітап)




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров987
Номер материала ДВ-477161
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх