Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыДиагностика "Подготовка к школе"

Диагностика "Подготовка к школе"

Скачать материал

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ                                                                     

Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан  оқушы са-тысына  ұштастыратын  өтпелі кезеңдігімен  сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ  көптеген  әлі көзі ашылмаған  даму мүмкіндіктеріне бай. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана  балалардың жекелік  психикалық қасиеттері  жан-жақты дамып,  қажетті    әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп   психолыгі    баланың   мектеп талаптарын  орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының  қалыптасуы мен  әлеуметтік  даяр лығы  ерік сапаларының қалыптасуы және  көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі  ұстауы   жағынан  мағлұматтар алып отырады. Нормотивтермен салыстырып зерттеуі қажет.                                                                                                           Мектеп табалдырығын  паттаған күннен бастап  бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады,дегенмен бастауыш сыныпоқу-шысының өмірінде оның танымдық  әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті  мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалдық қабілетін  адамгершілік қасиеттерін  дамытуға бағыттауды  мқажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі  оның көптеген  жағдайға икемделуін тлап етеді.

Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы писхологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. өйткені мектепті бала болашақ үлкендік өмірге  даярлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым – қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөссіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.

Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы қажет. Баланың бұл міәндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмаларын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологтың екінші міндеті – 1-сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.

 1-сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиыншылықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым – қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психологтың келесі міндеті болып анықталады.

Баланың мектепке бармауымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата – аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындау тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолг жұмысының келесі міндеті.

Қазіргі кезде көптеген мектептер гимназия, лицей, мектептер статусын алумен байланысты балалардың интелектуалдық қабілетін анықтау психолгқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолг міндеттерінің бір саласы болып табылады.

Бірінші сыныпқа қабылданған  балалардың таным процестерін зерттеу.  Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеудің көптеген ерекшеліктері бар. Бірінші және екінші сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу тесттері олардың оқу және есеп шығару шеберлігі енді қалыптасып келе жатқанын ескере отырып жасалған. Ал үшінші және төртінші сынып оқушылары сауаты ашылған, олар көптеген жазба түрде берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындап шығуға мүмкіндіктері бар. Осы ерекшеліктерін ескере отырып бастапқы оқыту кезеңіндегі балаларды зерттеу барысында арнайы жасалған тестер қолданылады. Мектепке қабылданған баланың оқу мазмұнын  толық меңгеруге даярлығын анықтаудың маңызы өте үлкен. Психолог баланың даму деңгейін жан-жақты диогнотикалау барысында осы қасиеттерді бағалаумен қатар олардың таным процестері дамып оқытуға қажетті деңгейге жетуі мүмкін. Барлық диогностикалық тестердің түзету – дамыту әсері мол болғандықтан оларды орындатудың өзі дамытулық әсерін тигізеді.

 Мектепке енді қабылданған баланың әлеуметтік статусы өзгергені мен ол әлі ақыл-ой, интеллектуалдық даму жағынан мектепке даярлық тобындағы  кезіндегідей. Сондықтан олардың таным процестерін зерттеуге мектепке қабылдау кезінде қолданылган әдістемелер модификациясы немесе С.Д.Забрамная, Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер әдістемелері өте ыңғайлы болады.Сонымен қатар мектепке қабылданғандарды зерттеуге және олармен танысу үшін әңгімесуге арнайы жасалған әдістемелері бар. Олар: «Қисынсыздықтар»,  «Мен қай жерде тұрамын?», « Менің көшем», «Менің достарым»,    «10 сөз», «10 сан»,т.б.Бұл жерде осы әдістемелер көмегімен балалардың оқытуға даярлық деңгейін анықтау жолдары көрсетілген.     

Баланың таным процестерін зерттеу әдістері. «Қисынсыздықтар» әдістемесі

 Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу,логикалық ойлануының көрініс беруін,өзінің ойын грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу.

Бұл әдістемені Ш.Е.Рысмаханбетованың «Қисынсыз-дықтар»суреті бойынша жүргізуге болады. Балаға сурет көрсетілген соң оған келесі нұсқау беріледі: «Мен келесі жұмысқа дайындалып болғанша сен мына суретті көріп отыр».Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көрсетілген(мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр,кит иттің үйінде,аққайыңда алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр,терезе алдындағы гүл үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен.)

Бала суретті алып,оны қарап отырған кезде психолог өз жұмысымен айналысып,балаға 30 секунд уақыт береді.Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды.

Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып,сонан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсету керек.

Бала үндемей отырса,психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп,оны әңгімеге тартуы керек;

-Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар қойылады:

Бұл суретте саған не ұнады?Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі:

-Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына байланысты қосымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

-Тағы не бар еді?

-Сурет қызық па?

-Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?

-Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?

-Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?

Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп,орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса,онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.

Орындау уақыты 3 минут.

Бағалау шкаласы :

9-10 балл-бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәре ақиқатқа  сай келмейтіндігін  қанағаттанарлықтай  түсіндіргенде қойылады  және зерттеліп жатқан қасиеттер өте жақсы дамыған  деп бағаланады.

7-8 балл – бала суреттегі қисынсыздықтардың  барлығын атап беріп, олардың ақиқатқа сай келмейтіндігін  түсіндірсе,бірақ оларды айтып беруге  қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау  қабілеті жақсы дамығандығын, логикасы барлығын дегенмен, оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы  онша қалыптаспағанын  көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп  бағаланады .

5-6 балл- бала қисынсыздықтарды түгел байқаған ,бірақ айтып беруі барысында  4-5 қисысыздықты толық көрсетіп, қалғандарын  еске түсіруге және ақиқатқа  қандай болатынын түсіндіруге қиналса қойылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.

3-4 балл – бала  қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толық түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайдағы баланың даму деңгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып  кету қиын деп бағаланады.

1-2 балл – бала тек сұрақтар қойып жетелеу барысында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.



 

«10 сөзді жаттау» әдістемесі.

Мақсаты:  баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше нұсқада болғаны дұрыс. Әр нұсқаны орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: « Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тыңдап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: « Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді  тағы да қайталап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақталған сөздерді қосып айтыңдар».

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі. « Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар».

Бесінші рет қайталағанда: « Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар» - деп ескерту қажет.         

     Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаңан сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

    Сөздер тізімін қайталап оқу барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді қте жай қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сқздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

    Орындау уақыты 7-8 минут.

 

    Бағалау шкаласы:

    Бір рет оқығанда – 5-6 бес рет қайталағанда 8-10 сөзді қайталау – сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады;

    Бірінші оқығанда – 3-4, бесіншіден кейін – 5-7 – орта;

    Бірінші оқығанда – 1-2, бесіншіден кейін – 3-4 – төмен;

    Бірінші оқығанда – 0, бесіншіден кейін – 1-2 - өте төмен.

   

    Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе, киім, дала.

   

    Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

«10 сан» әдістемесі

   Мақсаты: баланың қарапайым математикалық білімін тексеру.

   Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға  болады.

   Тапсырмалар:

1.     Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады (2, 7, 6)

2.     5, 7 сандарына көрші сандарды ата. Олар неге көрші сандар деп аталады?

3.     9-дан бір санға кішіні ата, енді бір санға үлкенін ата.

4.     3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?

5.     Бірден онға дейін санап берші.

6.     Оннан бірге дейін қалай саналады?

7.     Қатар орналасқан үш санды ата.

8.     7 санынан кейін орналасқан санда ата.

9.     Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға болады?

10. Санамақ қандай саннан басталады?

Бағалау шкаласы:

    Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген «10 сөз» әдістемесін орындау ережесі бойынша жүргізіліп, нәтижесі сол шкала бойынша бағаланады.

 

 

 «10 фигура» әдістемесі

Мақсаты: Баланың геометриялық фигураларды білуін анықтау.

Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып баламен әңгімелесу барысында, оның білімі туралы мағлұмат жиналады. Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге де әбден болады. Мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың

барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен. Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс  жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет).

Әңгімелесуге келесі сұрақтарды қолдануға болады:

1.     Қандай фигуралардың  атын білесің?

2.     Үстөлдің беті қандай фигураға ұқсайды?

3.     Терезе айналары фигураларын атап берші.

4.     Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?

5.     Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?

6.     Осы бөлмеде пирамидаға ұқсас не бар?

7.     Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын нәрселер бар ма?

8.     Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы? Олар қандай фигураларға ұқсайды?

9.     Қиыққа ұқсас нәрсені тапшы?

10. Фигураларға қарап оларды ата: үшбұрыш, қиық, шаршы, төртбұрыш, ромб, куб, дөңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.

Бағалау шкаласы:

7-10 фигураны атаса - өте жақсы;

5-6 – жақсы

3-4 – орта

1-2 – төмен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 «Ертегі айтып берші» әдістемесі

Мақсаты: баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау.

     Балаға өзі білетін ертегіні айтқызып, ондағы кейіпкерлер қандай ерекшеліктермен сипатталатынын қосымша сұрақтар қойыпанықтау арқылы жүргізіледі. Бұл тәсілдің көмегімен балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, тіл байлығын тереңдетуге болады. Тапсырманы орындату барысында келесі көрсеткіштер бағаланады.

1.     Дыбыстардың дұрыс айтылуы.

2.     Дикциясының анықтығы.

3.     Дауысының мәнерлігі.

4.     Сөздік қоры.

5.     Сөзді орнымен нақты қолдана білуі.

6.     Ұғымдарды түсіндіретін лексикондағы сөздің бары.

7.     Сөйлеуде грамматикалық қатенің болмауы.

8.     Әртүрлі грамматикалық грамматикалық формаларды қолдануы.

9.     Әр түрлі сөйлемдерді дұрыс құра білуі.

10. Сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс анықтай білуі.

11. Сөйлемде аяқталған ойды айта білуі.

12. Әр түрлі сипаттағы сұрақтарға жауап беруі.

13. Қысқа әңгіме құра білуі.

14. Құбылыстарды, әрекеттерді, фактілерді бір-бірімен байланыстыруы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диагностика "Подготовка к школе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2015 5182
    • DOCX 82 кбайт
    • 33 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Динара Асхаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Динара Асхаровна
    Омарова Динара Асхаровна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11258
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Творческие ментальные состояния

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Курс повышения квалификации

Психологическое развитие эмоционального интеллекта у детей

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 232 человека

Курс повышения квалификации

Способы повышения мотивации и формирования ответственности у детей и подростков

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 372 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 24 регионов

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов