249900
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДиректору, завучуДругие методич. материалы«Диалогтік әңгіме – оқыту әдістерінің бірі ретінде» тақырыбында коучинг-сессия жоспары

«Диалогтік әңгіме – оқыту әдістерінің бірі ретінде» тақырыбында коучинг-сессия жоспары

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Аубакиров Ерболат Русланович

ШҚО Бородулиха ауданы Жезкент кенті

«Жезкент орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Диалогтік әңгіме – оқыту әдістерінің бірі ретінде»

«Сізбен сөйлесуші адам сіз бен сіздің ісіңізден қарағанда,

өзінің қалауы мен проблемаларына

жүз есе қызығушылық танытып отырады».

Д. Карнеги

1 – бөлім: Тақырып негіздемесі.

Біздің кенттегі екі мектеп-лицей де оқу орыс тілінде жүргізілетін болғандықтан, мемлекеттік тілді оқыту мен алдыңғы буыны биыл ғана жетінші сыныпқа шыққан қазақ сыныптарындағы оқушылардың білім алу проблемасы күн тәртібінен түскен емес. Бұл сұрақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен қоса, осы сыныптарда жұмыс істейтін басқа да пән оқытушыларын толғандырып жүргені рас.

Ресей мемлекетімен шекаралас аймақта орналасқан кентіміз үшін қазақ тіліндегі орта қалыптастырудағы бірден – бір оңтайлы әдіс – әңгімелесу, яғни күнделікті тілімізде қолданатын ауызекі тілге жаттығу. Әдеттегі сабақта мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың үзіліс кезінде, мектептен тыс жерлерде бір – бірімен, қала берді ата – аналарымен өз тілінде сөйлеспеуі шындығында да жан қынжынтарлық дүние. Сол себепті де оқу мен оқыту үдерісінде осы мәселені шешудің сан түрлі жолдарының бірі ретінде екінші коучинг – сессиямның тақырыбы диалогтық оқыту әдісіне арналды. Әрине, тіл – әдебиеті мұғалімдерімен қоса, бастауыш сынып ұстаздарының да бұл жиынға қызығушылық танытулары заңды еді. Өйткені, тіл әліппесінен сөйлеу мәдениетіне дейінгі аралықты үнемі бақылауда ұстайтындар осы кезең мұғалімдері.

2 – бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

Коучинг сабағын өткізуді жоспарлау кезінде бірнеше айқын мақсаттарды көздедім. Олар: диалогтық оқытудың аса маңызды бөлігі саналатын сұрақ-жауап әдісін оқу және оқыту үдерістерінде тиімді іске асыру, сондай-ақ мұғалімнің жоғары дәрежелі сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру. 8 мұғалім қатысқан бұл сабағымызда:

- Күнделікті өмірде кімдермен қарым – қатынасқа түсеміз деген қарапайым сұрақ көмегімен коучинг тақырыбын анықтап, нақты тапсырмаларды орындауға кірістік. Нұсқаулықтағы (101 бет) жоғары және төмен дәрежелі сұрақтардың анықтамасы белсенді тақтада көрсетіліп, таныстырылғаннан кейін, қатысушылардың әрқайсысына өз пәні бойынша осындай сұрақтарды құрастыру тапсырылды. Нәтижесінде: Физика ғылымы не үшін керек?Қазіргі жарнамаларға не жетіспейді? Тіл үйрену үшін не істеу қажет? Біз дамыған ел қатарындамыз ба? Н. Назарбаевтан кейін ҚР Президенті кім болады? тәрізді жоғары дәрежелі сұрақтар алынды.

C:\Users\Владелец\Desktop\ПОРТФОЛИО ПО КУРСУ\КОУЧИНГ №2\коучинг 2\IMG_1057.JPG


Қатысушылар жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар құрастыру үстінде

Мерсер бойынша әңгіменің үш түріне рөлдік ойын ұйымдастыруда да мұғалімдер әртістік қырларымен танылып, тақырыпты аша түсті. Кумулятивтік әңгімені сипаттаған топ педкеңестегі көп жағдайларда белең алатын сәтті көрсетсе, келесі топ ҰБТ төңірегіндегі зерттеушілік әңгімелерін өрбітті.

C:\Users\Владелец\Desktop\ПОРТФОЛИО ПО КУРСУ\КОУЧИНГ №2\коучинг 2\IMG_1069.JPG

Белсенді және белсенді емес сынып арасындағы айырмашылықтармен танысып, қайсысының қаншалықты білім беруде үздік екендігін салыстырған мұғалімдер «қай мұғалім сабақты жақсы түсіндірсе, сол мұғалім мықты» деген пікірдің қазіргі заман білім беру жүйесіне мүлдем кереғар екендігі жайлы ортақ ойға тоқтады. Олар белсенді сыныпқа тән «оқушы - оқушы» сұхбатының, топтық жұмыстың көптеген тиімді жақтарын байқайтындықтарын, пәнге қызығушылықтарының артуымен қатар, шығармашылық қабілеттерінің де дамитындығын баса айтты.

Сондай-ақ сабақта сұрақ қоюдың маңызы неде деген сауалға жауап беріп, коуч ол жауаптарын постерге жазып тұрды.

C:\Users\Владелец\Desktop\ПОРТФОЛИО ПО КУРСУ\КОУЧИНГ №2\коучинг 2\IMG_1098.JPG

Жауап соңында Нұсқаулықтағы сұрақ қою арқылы мұғалімнің нені анықтайдығы көрсетілген нұсқамен салыстырғанда, қатысушылар мен Бағдарламаның ойлары түйіскен тұстары: оқушыларды белгілі бір тақырып аясында ынталандыру, сын тұрғысынан ойлауын дамыту, оқушылардың бір – біріне дұрыс баға бере алуы. Ал мұғалімнің оқушы жауаптарына әрекеті қалай болмақ сұрағына қатысушылар мақтап, қошеметтеу қажеттігін, керек жерінде түзету, бұдан әрі оқу тақырыбына назар аударарлықтай болу жолдарын іздестіру тиістігін атап, Нұсқаулықтағы аталған әрекеттердің көпшілігінің үстінен түсе білді.

C:\Users\Владелец\Desktop\ПОРТФОЛИО ПО КУРСУ\КОУЧИНГ №2\коучинг 2\IMG_1106.JPG

Әлде де болса, ұстаздар алдында өзімді ұстау, түсіндіре жөнелудің орнына бағдар беру тапсырмаларын тиісті жолға қоюда кейіндеп жатқанымды да түсіндім. Сондай-ақ кез келген тапсырмалардың ортасында тұру қажет ойдың логикалық көпіршесін де талапқа сай дәрежеде тұрғыза алмайтынымды байқадым.

Өткен бірінші коучинг – сессиядан жиған азды – көпті тәжірибемнен түйгенім: қатысушылар назарын бір жерге аудару үшін қойылатын жетекші сұрақтарды дұрыс қоя білу болатын. Сол себепті мен әріптестермен екінші кездесуде Нұсқаулық мәтінін терең зерделеп, өз ойларын ашық айтқызатын, неғұрлым толық жауап алу мақсатында қойылатын жетекші сұрақтарды қоюға талаптандым. Соның нәтижесінде сұрақтардың маңызы, мұғалімнің жауапқа әрекеті, белсенді сыныптың артықшылықтары тәрізді коучинг сабақтың негізгі бөлімдеріне жан – жақты, ойлы да орамды жауаптар ала алдым. Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтарды құруда оларға қиындық тудырмаған себебі, менің осы сұрақтардың анықтамасын ғана емес, соларға өз мысалдарымды да жазып қойғандығым болды.

3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Коучинг – сессия барысында мұғалімдер:

  1. Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар ұғымымен танысып, әркім өз пәндеріне қатысты осы сұрақ түрлерін құрай алды.

  2. Белсенді сынып бойынша қатысушылар: сабақта белгілі бір тақырып аясында сөйлемей қалған оқушы болмау керек; сыныпта шу болуы мүмкін, бірақ ол талқылаудан туындаған шу болса, оң бағасын беретін әрекет деп түсіндірді.

Осындай пікірлердің туындауына қарағанда, коучинг тақырыбы шын мәнінде өз мақсаты мен қойылған міндеттерге біршама дәрежеде жетті. Оған дәлел, қатысушы әріптестерге жаттығу соңында рефлексия ретінде ұсынылған «Ойлаудың алты қалпағында» айтылған: «Берілген тапсырмалардың барлығы бізге түсінікті болды, біз топпен жұмыста әрқайсымыз өз ойымызды кеңінен айта алдық, диалогтік оқытудың маңыздылығының өзі – оның әлеуметтік мақсатқа құрылғандығынан, әрі ол кез келген пәндер мен әр сабақта пайдалануға болатын әдіс түрі» деген пікірлер.

Болашақта мен мектеп мұғалімдерін көптеп тарту мақсатында түрлі тренингтік ойындар, ой қозғаушы сапалы бейнероликтер, астарлы әңгімелерді көптеп – көлемдеп пайдаланатын боламын және Бағдарлама модулдерінің негізінде тақырыптар алып, мектебімде коуч қызметін жалғастыра беремін.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»

2. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»



Общая информация

Номер материала: ДВ-501327

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Менеджмент в образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организационное и документационное обеспечение управления организацией»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Конкурентоспособность образовательных организаций»
Курс повышения квалификации «Маркетинг образовательных услуг: инструменты продвижения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и осуществление закупок для государственных, муниципальных и корпоративных нужд»
Курс повышения квалификации «Особенности управления образовательными организациями общего образования»
Курс повышения квалификации «Анализ финансово-хозяйственной деятельности в образовании»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Стратегическое планирование в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Эффективные технологии разработки управленческих решений в образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Управление процессом финансового планирования и консультирования в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Антикризисное управление в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Формирование системы управления качеством учреждений профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Использование PR технологий в практике образовательных организаций»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.