Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Диалогтік оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыру» коучинг-сабағы

«Диалогтік оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыру» коучинг-сабағы

Скачать материал

 

«Диалогтік оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыру»

коучинг- сабағы

Мақсаты

Мұғалімдердің диалогтік әдісін тиімді қолдану, оқушының топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы белсендіру, қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже

Коучингке қатысқан мұғалімдер диалогтік оқытуды іс жүзінде тиімді қолдануға дағдыланады, оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым  дағдыларын қалыптастыруға жетелейді.

Түйін

Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.

Сабақта қолданылатын материалдар

Бейнежазба, үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер

Әдіс-тәсілдері

Топтық, жұптық, ұжымдық, сәйкестендіру тесті. «қатені табу» әдісі, салыстыру,  зерттеу

Сабақ барысы

Уақыты, тапсырма

Коуч іс-әрекеті

Мұғалімдер іс-әрекеті

Таңдау. Топқа бөлу.

Сары, жасыл, қызыл түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөледі.

-          Бұл түстердің сыры неде?

-          Бұл түстермен қандай ассоциация пайда болады?

-          Неге сіздің таңдауыңыз осы түске түсті?

Мұғалімдер өздеріне ұнаған үш түсті стикерлердің  біреуін таңдап, топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал тудыру.

Жыл мезгілдеріне қарай амандасу:

Қыста туған қайратты жандарға сәлем.

Көктемде туған көрікті жандарға сәлем.

Жазда туған жайдарлы жандарға сәлем.

Күзде туған берекелі жандарға сәлем.

Жыл мезгілдеріне қарай  бір-біріне қол бұлғап амандасады.

Интерактивті тақтамен жұмыс

Суреттерді көрсету арқылы коучинг тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді.

 

-          Суреттерден не көреміз?

-          Қандай тақырыпта өтпек?

-          Бұған дейін диалогті екі адам  арасындағы әңгіме деп біліп келдік.

-          Екі суретті салыстырайық.

Мұғалімдер диалогке түседі.

 

Суреттер арқылы коучинг тақырыбын ашады.

Өзін-өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау парағын беру.

Қатысушының аты-жөні

«Қатені табу» әдісі

Сәйкестендіру тесті

Бейнефильм - мен жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Постер жасау

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдер өз белсенділіктеріне қарай бағалау парағына «+» белгісін қойып отырады.

Табыс критерийі

Мұғалімдерден мақсат қоюларын сұрайды.

Табыс критерийін стикерге жазуларын өтінеді.

1. Диалогтік оқыту жайлы, оның маңыздылығы жайлы түсінемін.

2.   Өз сабағымда әңгіменің қай түрі сипат алатындығы жайлы білемін.

Мұғалімдер коучинг мақсатын өздері айтады. Айтқан мақсаттарын стикерге жазады.

Айтылым.

«Қатені табу» әдісі.

Интербелсенді тақтада пікірлер беріледі.

Жұптық жұмыс.

1.  Диалогтік оқытуды тек екі адам арасында ғана жүргізуге болады.

2.  Диалог жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген      қызығушылығын арттыруға болады.

3. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына   айналады.

4. Мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және      жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады.

5. Диалогтік оқытудың топтық жұмыста  тиімділігі болмайды.

Мұғалімдер берілген пікірлерден қатені табады. Өз ойларын дәлелдейді.

Сәйкестендіру тест тапсырмасы .

Топтық жұмыс

Топтарға 5 сұрақ пен сұрақ жауапттары  беріледі. 

1.      Диалог дегеніміз не?

2.      Диалогтік оқыту

3.      Әңгіме дегеніміз не?

4.      Сұрақты қалай қою керек?

5.      Сұрақтың қандай түрлері бар?

Жауаптар:
1. Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды- коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.
2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.  Оның үш түрі болады: дебат, кумулятивті, зерттеушілік. 
4. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.
5. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін, мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады. Оқушының білім алуын қолдау үшін, сұрақтың ашық және жабық түрлері қолданылады. Жоғары дәрежелі және ашық сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сұрақтар болып табылады. Ал төмен деңгейдегі және жабық сұрақтар оқушылардан тек дайын жауапты алу үшін қолданылады.
 

Мұғалімдер сұрақтардың тиісті жауаптарын сәйкестендіреді. Өз жауаптарына комментарий жасайды.

 

Тыңдалым. Бейнефильмді көру.

Топтық жұмыс.

 

 

Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар:

- Әңгіме - дебат

- Кумулятивті

- зерттеушілік

Бағыттаушы сұрақтар:

- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?

- Үш бейнежазбаның айырмашылығы бар ма? Қандай?

-  Алдарыңыздағы әңгіменің 3 түріне берілген  сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар.

Топ мүшелері бейнефильмді көреді.

Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.

 

Бейнефильмдердің түрлерін ажыратады.

Осы әңгіменің үш түрінің қайсысы ең маңыздысы екенін анықтайды.

 

Таныстырылым.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.

Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі

Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау

Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау.

Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды.

Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.

Таныстырылым арқылы сұрақтың түрлерімен танысады, сұрақ түрлеріне мысал келтіреді.

Жазылым.

Мәтінмен жұмыс.

Топтық жұмыс

Мұғалімдерге мәтін беріледі.  Мәтін  бойынша 4 сұрақ құрастыру тапсырмасы беріледі. 2 сұрақ жоғары деңгейдегі, 2  сұрақ төменгі деңгейдегі.

Топта мұғалімдер 2 жоғары деңгейдегі, 2 төмен деңгейдегі сұрақтар құрастырады.

Топтық жұмыс

 

Топтарға ашық сұрақтар беріледі.

1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?

2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?

3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.

Мұғалімдер ашық сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргізіп, постер қорғайды.

Рефлексия

Табыс критерийіне тоқталу. 

-          Қаншалықты табыс критерийіңіз орындалды?

-          Орындалуы мен орындалмауына не себеп болды?

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Диалогтік оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыру» коучинг-сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 2220
    • DOCX 627.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Гульжазира Гинятовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17398
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 543 человека

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов