Инфоурок Другое КонспектыДиалогтік оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру

Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру

Скачать материал

Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру

Мақсаты:
А) Оқушылардың сабақта диалогтік қарым-қатынасты орната отырып білім сапасының артуы мен ойлау қабілеттерінің даму жолдарын анықтау; 
В) Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың диалогтік қарым-қатынасын орнатып,
сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландырып, ізденімпаздық қабілеттерін, тіл байлығын, ой-өрісін, ынтасын дамыту; 
                                                                                                        

"Мұғалім  әдісті көп білуге тырысу керек.

Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе ретінде қолдануы керек"

А.Байтұрсынұлы.

 

       Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында   оқушыларға тиімді сабақ барысын  ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу – менің  басты мақсатым. Сондықтан  да педагогтік  біліктілігімді Кембридж  бағдарламасын меңгеру  арқылы арттырдым.  Бұл  бағдарламаның басты мақсаты –  мұғалімдерді  оқушылардың өз бетімен ізденіп, білім алып, өзін-өзі реттеп, диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеп, елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзентін қалыптастыру. Бағдарламаның басты ұстанымы жеті  модульдер оқушының білім сапасының артуына  аса тиімді екенін түсіндім. Қазіргі ақпарат пен техниканың көз ілеспес жылдамдықпен дамыған заманында оқушыларымыздың өзіндік ойының шектеліп, пікірін еркін айта алмай, "мылқаудың"  күйін кешкені бәрімізге де аян.  

          Осы орайда бағдарламаның "Диалогтік оқыту" модулі  тіл сабақтарында мұғалімге  көмекші құралға айналатыны сөзсіз.      Шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижесінде  күнделікті сабақта қолданылатын  "диалогтік оқыту" модулінің  маңызы зор табыстарға  жеткізетінін дәлелдеген.  Мысалы, Мерсер мен Литлтон (2007)  өз еңбектерінде диалог  сабақта  оқушылардың қызығушылығын арттырумен  қатар, олардың  білім деңгейінің өсуіне де  үлес қосатындығын  атап көрсетеді. Олардың сипаттауынша  сабақтағы диалог 3 түрге бөлінеді.

*    Әңгіме- дебат (Ой- пікірлерде үлкен алшақтық боладыжәне әрқайсысы өз шешімдерінде болады. Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталады)

*    Топтық әңгіме (Айтылған пікірлермен бәрі бірдей келіседі, идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді)

*    Зерттеушілік  әңгіме (Әркім ақылға  қонымды мәлімет ұсынып, мұқият бағаланады. Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді.)

     Выготскийдің  оқыту моделі  оқушы диалог құру нәтижесінде  білім алады деп жорамалдайды. Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастырылады. Диалогтік оқыту ұжымдық, өзара білім алмасуға жағдай туғызатын және қолдаушы болып табылады.

             Өйткені  мектептегі іс-тәжірибемде жеті модульдерді пайдалана отырып, оқушының бойындағы метатанымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті мен  диалогтік қарым-қатынасының қалыптасқандығын  зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы байқадым. Оқушыларды топқа бөліп, сыни тұрғысынан ойлану тапсырмаларын  бергенімде,  бір-бірлеріне өз пікірлерін білдіріп, ынтымақтастықпен бір-бірін  тыңдап, дұрыс шешім  қабылдап, өздерінің алға қойған мақсатына қалай жету керектігін  түсінді.

       Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, өз тобының мүшелерімен  талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының ойы ашылады, тіл байлығы артады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтік қатынасқа түсумен қоса оның білімін тексереміз. Диалогтік оқытуда ең қажетті шарттың бірі- сұрақ қоя білу. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғарғы дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылу қажет. Сұрақ қоюда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Енді сұрақтың сол техникаларына тоқталатын болсақ:

*     түрткі болу сұрағы: жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, ол үшін сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

*    сынақтан өткізу . Мұнда оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. 

*    Қайта бағыттау сұрағында сұрақты басқа оқушыларға қайта қою, толықтырулар жүреді. Мысалы:  6 сыныпта Мұқағалидың  "Қара өлең" тақырыбын  өткенде түрткі болу сұрағы ретінде "Өлең дегеніміз не?"  Олар қазақтың  қара өлеңі құдіретті екенін айтады. Сынақтан өткізуде «Өлеңнің ерекшеліктері қандай?»; Қайта бағыттауда кімнің өлең  туралы қосары бар деген сұрақтар қойып оқушылардың толық жауап беруіне мүмкіншілік жасадым. Сұраққа берген жауаптарына сенің жауабың «Дұрыс» емес деп кесіп айтуға болмайды, тағы кішкене ойлан, кім жалғастырады, кім толықтырады деген жетекші сұрақтармен көмектесу керек.

 

          Өзім дәріс беретін сыныптарымда диалогтік оқытуды  жүзеге асыруда мынадай әдіс- тәсілдерді пайдаландым. "Етістен өткенді қайталау" 11- сыныптарға өткізген сабағымда  топтық әңгіме  мынадай әдіс- тәсілдер арқылы көрініс тапты. "Жұптас.Ойлан.Талқыла", "Бірге ойлаймыз. Бірге талқылаймыз", "Ыстық орындық". Бұл тапсырмалар барысында оқушылар бір- бірімен диалогтік қарым- қатынасқа түсіп, өз ойларын, пікірлерін айтты.          Әңгіме- дебат үлгісін "Абайдың қара сөздері" тақырыбында өткен  сабағымда пайдаландым. Мысалы, "Үш қадамдық сұхбат", "Блиц-кездесу" және дискуссиялық карта әдістерін пайдаланып, оқушылардың ой- пікірлері арасында бәсекелестік орната білдім. Ал шығармашылық    тапсырмалар, рөлдік ойындар арқылы  зерттеушілік бағытқа икемдеп, өз ойларын тұжырымдап, өз беттерінше қорытынды жасауға бағыттадым.  Мұғалім  мен оқушы  бірі-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, еркін сөйлесіп, сыныптастарымен  пікірлерін бөлісіп, тыңдауға, құрметтеуге, проблемалық шешімдердің жолдары мен  сыни тұрғысынан ойлана отырып ізденуге қалыптастыратын бағдарлама екенін түсіндім. Бұрынғы өткізіліп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа әдістердің негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым.

Дәстүрлі сабақ барысында:
Мұғалімнің әдістері. 
1. Жаңа тақырып бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып түсіндіреді, шығармадағы кейіпкерлерді талдайды.
2. Оқушылармен бірге шығарманың идеясын анықтайды. 
3. Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіреді. 
4. Мұғалім көп сөйлеп, оқушы аз сөйлейді.
5. Оқушы өзінің ойын еркін жеткізе алмайды.

Диалог арқылы оқыту әдісі бойынша өткізілген сабақтардағы
өзгерістер мен нәтижесі.
1. Оқушылар өзара сұхбаттасады, ойын дамытып келесі оқушымен ой бөліседі. Мұғалім мен оқушы арасында көпірше орнатылады.
2. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырымдай алады, білімі жоғарылайды. Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді талдап, сөздік қорлары молаяды.
3. Оқушының сөйлеу шеберлігі мен мәдениеті, ізденімпаздылығы, топта өзін ұстау қабілеті жақсарады.
4. Білімге деген көзқарасы қалыптасып, қызығушылығы мен талпынысы артады. Топта сыныптастарын бар назарымен тыңдап, өзінің жауабымен салыстыра отырып түйінді ой немесе пікір айтуға дағдыланады.
5. Диалог арқылы оқушылар бір-бірлерінен үйренуіне жағдай жасалады. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын еркін жеткізеді.
            Қазақ әдебиеті сабақтарында топта диалогты орната отырып венн диаграммалар мен сөзжұмбақтарды шешу, кез-келген проблемалық сұрақтарды шешу, талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализдеп, синтездеп келесі топтардың жауаптарын бағалай алуы балаларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, жүйелі білім алуға жетелейді. Өзім дәріс беретін беретін сыныптарға тақырып бойынша  зерттеушілік бағытта қосымша тапсырмалар беру арқылы олардың ізденушілік қасиеттерін анықтағандай болдым. Оқушының  тапсырманы оқулық көлемінде емес, өмірмен салыстыра отырып  орындауы оның ғылыми жұмысқа  араласуының бірден- бір кепілі деп білемін. 

            Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы:

*    оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

*    оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

*    білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

*    оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді және көмектеседі;

*    оқушылардың бір – біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

*    әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс- әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

*    оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. 

*    Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

    Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Ал өз кезегінде диалог

 

*    оқушылардың тақырып бойынша  өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

*    оқушылардың  басқа адамдарда түрлі идеялардың  болатындығын түсінуіне көмектеседі;

*    оқушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

*    мұғалімдерге  оқушыларды оқыту барысында  олардың оқушылары   қандай деңгейде екендігін түсінуге  көмектеседі.

   Қорыта келгенде, мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында диалогтік қарым-қатынас орнатылса, сабақта сыни тұрғысынан ойландырылатын тапсырмалар берілсе, жаңа әдіс-тәсілдер көбірек қолданылса сабақ өз дәрежесінде өтіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. «Қазақ әдебиеті» әдістемелік журналы, №2, 2013ж.

3. «Қазақ әдебиеті» әдістемелік журналы, №8, 2014ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға дағдыландыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 1990
    • DOCX 45.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махметова Меруерт Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махметова Меруерт Аскаровна
    Махметова Меруерт Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60010
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе