Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Диалогтік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас жасау үдерісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Диалогтік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас жасау үдерісі

библиотека
материалов

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі »ММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Игілікова Г.К.


Диалогтік оқыту


Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады. . . . . . . . . .

Диалогтік оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас жасау үдерісі.Диалогқа түсуінің құралы – тіл.

Тіл – құрылымдық жүйе, ал сөйлеу – оның сыртқы көрінісі. Белгілі бір тілді меңгеру -сол тіл, тілдің құрылымдық жүйесін меңгеру болып табылады. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде Бағдарламаның жеті модулін және жеті модульге қарастырылған идеяларды, стратегияларды, жаңа тәсілдерді меңгеріп, алған теориялық білімді мектептегі тәжірибемен ұштастырдым.

Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді. Диалог сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын Барнс көрсетті. ( Нұсқаулық, 39 бет). . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағындағы оқушылардың сөздік қорын дамыту жұмыстары сұрақ – жауап, сөйлесу, әңгімелесу,әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма,ойын әдістері және жаңа тәсілдер арқылы жүзеге асады.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қазіргі кезде диалогтік оқыту өте маңызды. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

  • Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

  • Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • Мұғалімдерге оқушылардың оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі (Нұсқаулық, 39-бет).

Диалогтік оқыту арқылы сабақ барысында оқушылар бір-бірлерімен қарым-қатынас жасап, берілген тапсырмаларды бірігіп жүргізеді. Сөйлесу, талқылау, ой алмасу кезінде диалогтік оқытудың қаншалықты маңызды екені аңғарылады.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Мерсер мен Литлтон диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырады деп көрсеткен. Выготский диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Александер (2004) пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асатынын анықтады (Нұсқаулық, 40-бет).

Мерсер әңгімелесудің үш түрін көрсеткен: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.

Әңгіме-дебат барысында оқушылардың ой-пікірлері бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталады. Топтық әңгіме кезінде айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келіседі, қандай да идеяны төзімділікпен тыңдайды. Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді.

(Нұсқаулық, 40-бет)

Сабақтар барысында әңгімелесудің үш түрі байқалды. Мысылы: «Қошқар мен теке» мультфильмін көріп, жалғасын рөлдік ойынмен көрсету тапсырмасында балалар шығармашылық тұрғыда қатысып, кейін жұмыстың нәтижесін көріп, өз – өздеріне риза болды. Осы жерде топтың көшбасшысы Маргарита бірден рөлді бөліп тастап, топпен сценарийді құрастыра бастады. Рөлдік ойын шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қазақ тілінде сөйлесуі мен тілдесуі ортасының кеңейтуге қамтамасыз етті. Бұл рөлдік ойында бірнеше оқушыларды қатыстырумен топтық әңгіме түрі көрінді. Топ ішіндегі әңгімелесуде олар тез, өз бетімен әңгімеге араласу дағдыларын, өздерінің қызығушылығын, белсенділігін таныта алатындарын көрсете білді. «Ата – анасына не істесең, алдына сол келер» тақырыбында «Ана жүрегі» бейнеролігі көрсетілді. Осыдан әңгіме – дебат туындады. Оқушылар ой- пікірлерін білдіріп, әрқайсысы өз шешімдерін қалады. Топта бір шешімге келіп, «Ананың жүрегі не ойлайды?» сұрағы бойынша постер дайындады.Жұмысқа берілген қысқа уақыт ішінде топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіліп жатқанын, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырғаны байқалды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

C:\Users\User\Desktop\фота мама\IMG_0023.JPG

Бағдарламаның жеті модулі түгелдей диалог арқылы жүзеге асады. Өйткен сабақтың негізгі кілті тілдік қарым – қатынастық. Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен жүзеге асады.





  1. Жұптық

  2. Топтық

  3. Ұжымдық

Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынса екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі оқушының өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу, тақырыпты меңгеру дәрежесіне сүйене отырып іске асырылады. Топтық оқыту арқылы оқушылардың арасында қарым – қатынас жақсарады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды,әртүрлі мінез құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында оқушы өзінің жеке – дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады. Мәселен, Полина топпен жұмыс жасауға дағдыланбаған оқушы. Алғашқы сабақтарда топта жұмыс жасауға қарсы болып, тіпті мен топпен жұмыс істей алмаймын деген пікір білдірген. Кейін топтық әңгіме барысында тақырыпқа постер жасауда ол өзінің сурет салуға қабілетті болғаннан өзінің қызығушылығын танытты.Салған постері бойынша топпен ортаға шығып, өз пікірін қосты.Өзіне деген сенімсіздігін жоя білді.Талдау барысында сөйлеу дағдысы, тіл байлығы артты.

C:\Users\User\Desktop\фота мама\IMG_0016.JPGC:\Users\User\Desktop\фота мама\IMG_0028.JPG

Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топтық қалыптарда өзара біріктіреді.Өйткені оқыту, сөйлесу үрдісі бүкіл топтағы оқушылармен де, жеке екі оқушының арасында да жүреді.

Выготский диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. (Нұсқаулық,39 бет). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..

«Әдептілік – адамның бет - бейнесі» тақырыбы бойынша, әр топқа білімдерін анықтау үшін төмен деңгейдегі сұрақтары қойылды. Әдептілік дегеніміз не? Әдептілік ережелірін анықта. «Әдепті, әдепсіз бала» көрінісін көрсету. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, шығармашылық тұрғыдан орындағанын көрінді. Осыдан жоғары деңгейдегі сұрақтарға жетелеп отырдым. Жағдайят хат берілгенде, шешу жолдарын өздерінін тәжіребилерінен алып, сұрақтарға қиналмай жауап берді.

Зерттеуге алған нашар оқушым Екатеринадиалогқа бірден түсу қиындыққа түсетін, тек үйге берілген тапсырманы жаттанды түрде айтатын. Ал қазір сабақ барысында еркін сезініп, қызығушылығы байқалды. Топтағы көшбасшы Маргарита барлығына сабаққа қатысуына мүмкіндік беріп отырды. Рөлдік ойын ойнағанда Катяны тыс қалдырмай Ангелина екеуін бір бүтін қылып қатыстырды. Топтық әңгімеге қысылмай кірісті.Өзімнің тарапымнан да, Катяны қолпаштап отырдым. Бойында сенімділік, қызығушылық пайда болғаны және көңіл –күй өзгергенін, реттелгенін байқадым.

C:\Users\User\Desktop\фота мама\IMG_0022.JPG


Қорыта келе, диалогтік оқыту арқылы оқушылардың бойында түйінді құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді, танымдық қабілеттерін, алған білімдерін шығармашылық жұмыстарға қолдануға мүмкіндік береді. Сөйлеу тілі жетіледі. Диалог түрінде оқыту оқытуды оқушылардың сөйлеу әрекеттерін жетілдіруге үлкен әсерін тигізеді. Сабақтарымда топтық әңгіме, әңгіме – дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерін қолдану тиімді болды. Сабақта диалогтік оқытуды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың белсенділігі мен сабақтың нәтижелі болуына септігін тигізді. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс – әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады.«Мұғалім мен оқушы» және«Оқушы мен оқушы» жағдайындағы қарым – қатынастар түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

Кездескен қиындықтар:

  • ойларын еркін жеткізе алмауы,

  • жоғары деңгейдегі сұрақтарға бірден жауап бере алмауы;


Шешу жолдары:

  • сөздік қорларын диалогтік оқыту арқылы дамыту;

  • жоғары дәрежелі сұрақтар қою;

  • сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу;


Нәтиже:

  • оқушыларды тақырып бойынша өз ойларын білдіре алды;

  • оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады;. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .


Келесі қадам:


  • сыныпта психологиялық ахуал, уәж тудыру;

  • оқушылар күнделікті өмірде білімдерін қолдана алуға биемдеу;

  • ауызекі сөйлеу дағдыларын жаңа тәсілдер арқылы қалыптастыру;






Автор
Дата добавления 19.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров622
Номер материала ДВ-272952
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх