Инфоурок Иностранные языки КонспектыДиалогтік оқыту зерттеу жұмысы

Диалогтік оқыту зерттеу жұмысы

Скачать материал

«Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ

 

 

 

 

Баяндама

«Ағылшын тілі сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі»

 

 

 

 

Дайындаған: Макенова Нұргүл Біләлқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

Ағылшын тілі сабақтарында диалогтік оқытудың тиімділігі

«Диалог сабақта оқушылардың

қызығушылығын арттырумен

қатар,олардың білім деңгейінің

өсуіне  үлес қосады.»

                                           Мерсер және Литлтон,2007

Мерсер мен Литлтонның зерттеулерінде  ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілетін жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-бет ).
Диалогтік оқыту кезінде Мерсер «құрдастар тобындағы өзара қарым қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс қимылға қарағанда мейілінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдер ұсынып, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 99-бет ).

Ал Барнстың пікірінше сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-бет). Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме.Диалогтік оқыту  барысында оқушылар,сонымен қатар олардың мұғалімдері де, келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 99-бет). Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден- бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру. Келесі ғалымдардың Рэгг және Браун пайымдауынша оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен. Олардың еңбегінде жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау мәселесі қарастырылған (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 101-бет). Харгривс пен Гэлтон ойларынша күту уақыты үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 102-бет).

«Мұғалім-оқушы» сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдісі «диалогтік оқыту». Сондықтан жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, мен жаңа әдіс ретінде іс әрекеттегі зерттеуге «Диалогтік оқыту»ды негізге  алып отырмын, себебі диалогтік оқыту әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеуі, тілі, пікір алмасу, тіл арқылы қарым қатынас жасай алуы маңызды болып табылады. Сондықтан «Диалогтік оқыту» идеялары ағылшын тілі пәнің оқытуға жақын болғандықтан мен осы тақырыпты таңдадым. Мен іс-әрекетті зерттеу фокусы ретінде 9 «Г» сыныбын алып отырмын, себебі осы сыныпқа өзгеріс  қажет деп таптым, бұл сыныпта оқушылар әр түрлі деңгейлі жалпы оқушы саны 14, оның ішінде үздіктері-6,оқу екпінділері -2, орташa -6. Жұмыс жасау кейде қиынға түсіп кетеді, сондықтан осы зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру үшін не қажет, нені жетілдіру керек екенін түсіну болды.

Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет.Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Александер(2008) (Мұғалімге арналған нұсқаулық 99-бет) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Оның пайымдауынша дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс істеуіне және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.Бұны өзім 9-сыныпта «Schools in England» тақырыбында оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас орнатқан кезде байқап, жауаптарынан көрдім, оқушылар өздеріне мәліметтерді түртіп алғанмен ойларын жеткізуге асықты, сабақта өздерінің теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді және сыныптастарымен бөлісті. Бұған дейінгі дәстүрлі сабақ беру үрдісі бойынша мәтінді  оқып, аударып, тақырып бойынша қажетті ойлар мен ақпараттарды өзім беріп, өзім талдау жасап, тек олар тыңдаушы және көшіріп алушы болды. Мұның соңы оларды немқұрайлыққа әкелді. Жіберілген осы сынды қателіктер мен кедергілерді жоюға курс барысында игерген білімдерім үлкен септігін тигізді. Оқушылардың өз бетінше ізденісі мен жеке пайымдаулар жасап, өз пікірін, өз ойын айтуға бағытталған тапсырмалар ұсынып, оларға топтарда бірлесе жұмыс жасауға, ортақ пікір шығаруға мүмкіндік бердім. Бұл жұмыстар барысында оқушылардың мәтінді оқып, таныс емес сөздерге мән беріп, аударып, бір-біріне кеңес беріп, одан нәтиже шығаруы мені қуантты. Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу (Мерсер, 2000) керек екеніне көз жеткіздім. Аталмыш пікірмен астарлас бағытта нәтиже берген жұптық жұмыс түріне тоқталғым келеді. Оқушыларға мәтін таратып, топтық әңгіме жүргізуге ұсындым. Топтық әңгіме кезінде оқушылар түрлі идеяларды ортаға салды. 1Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, сапалы білім берудің бірден-бір жолы- диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру.

Әсіресе ауызша сабақтарда зерттеушілік әңгіме арқылы жақсы нәтижеге жетелейді (Барнс, 1976 пен Мерсер, 2000). Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар диалогтік кезінде (Барнс, 1971) өте белсенді болды. Өйткені осындай сабақтар кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Күрделі емес пікір сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білуді үйренгенінің өзі мен үшін де, оқушы үшін де жетістік болды.
          Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және сабақтың мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім сабақты ұйымдастырушы, сабақтың мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге оқу барысында олардың жолдасы болуы қажет.
Сұрақ қоюдың түрткі болу, ой салу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникалары сипатталған (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 101- бет). Практикада мұндай сұрақ қою түрлерін қолданып жүргенмен теориялық жағын үйрену мен үшін жаңалық болды. Сұрақты нақты, дәл, белгілі – бір мақсатты көздеп қоюға мүмкіндік береді, сабақта болатын тиімді және тиімсіз сұрақтардың болуы сияқты. Яғни мұғалім әр қадамын нақты ғалымдардың теориясына, зерттеулеріне сүйеніп қадам жасай алады. Алдыңғы тақырыпта бағалау түрлері, әдістері туралы мағлұмат алсақ, енді диалогтық оқытуды да нақты теорияны практикамен бекітіп отырдым. Рэгг және Браунның оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің түрлерін атап кеткен, бұл мұғалім үшін маңызды мәселелердің бірі. Жауап беру кезінде оқушының кідірісіне дұрыс әрекет жасау, одан шығу мәселесі қарастырылған. Мысалы: мәтін бойынша тапсырма берсек, оқушы түсінбедім деген сұрақ қойса, біз оған түсіндіруге уақыт жібереміз, ал бір партадағы екі оқушыға тапсырсақ олар ақылдасып, бір-бірімен кеңесіп жетеді (Харгривс және Гэлтон, 2002). Күнделікті оқытуда көбіне жауап беру жылдамдығына көп көңіл бөлмейміз, жауап беруге кететін уақытты өлшемейміз, тек шамамен жүреді екенбіз,осының әсерінен үнемі уақыт тығыздығы сезіледі.Осындай кезде мұғалім оқушыларды асықтырып ойларын жинақтауға уақыт бермейді. Ал, енді осы бағдарламаға келсек нақты теорияға сүйеніп, әр қадамымызды реттеуге болады, осы арқылы жаңа технологияны кеңірек қолдануға мүмкіндік туғызды.

Кез келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі – оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Осы орайда атқарылатын жұмыстар аз емес. Солардың бірі – жаңа инновациялық технологияларда оқу-тәрбие саласында тиімді қолдану болып табылады.

 

      Іс- әрекеттегі зерттеудегі мақсатым: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сындарлы  ойлау дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатты іске асыру үшін қойған міндеттерім:

-          Іс- әрекетті зерттеуге қатысты теориялық материалдармен танысу;

-          Диалогтік оқыту үшін тиімді және қажетті әдіс- тәсілдерді  іріктеу;

-          Іріктелген әдіс- тәсілдерді оқыту үдерісінде пайдаланып, іс- әрекеттің нәтижесін шығару.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар пәнді өз бетімен меңгереді, сындарлы ойлайды,  сөйлеу дағдысы қалыптасқан, білімін тиімді пайдалана алады.

Іс- әрекетті зерттеудің табыс критерийі:

1.Ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алу.Оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны білу, түсіну сатысы жүзеге асырылады;

2.Тақырыпты өздігінен меңгере отырып, оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу мәдениеті дамиды;

3.Шығармашылық тапсырмаларды түрлендіріп беру барысында оқушылардың белсенділігі артады.

Сын тұрғысынан  ойлауға  бағытталған мынандай жаңа әдіс-тәсілдерді алдым:

-Жаңа тақырыпты өтер алдында «ой шақыру», миға шабуыл тәсілдері;

-Қызығушылығын арттыру мақсатында- бейнежазба,мадақтау, түрлі әдістермен топтарға бөлу арқылы жұмыстар беру;

-Зерттеушілік әңгіме, сұрақ түрлерін қоя білуі;

-Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар, «Ойлау бутерброды», «Өз жартыңды тап» әдісі;

-«Ойлаудың алты қалпағы»,

-«Серпілген сауал»

-АКТ- ны және электронды оқулықты пайдалану;

- Оқу үшін бағалауға байланысты табыс критерийлері бойынша бағалау;

- «Рөлдік» оқыта үйрету ойыны т.б.

    Негізгі түйін: бағдарламаның түйінді идеялары арқылы оқушы санасында серпіліс орнатып,сабаққа белсенділігін арттыру. Ол үшін интерактивті әдістерді қолдандым.

    Не үшін интерактивті әдіс қолданылады? Интерактивті әдісті қолданып жүрген мұғалімдер тиімді оқыту, тек қана өзара әрекеттер үдерісінде болатынына сенімді. Олар оқушылардың талқылау кезінде тез оқып және естерінде сақтайды деп есептейді. Бұл келесі себептерде жүзеге асады:

·         Оқушылар тек қана ақпарат алып қоймайды, сонымен бірге логикалық түсініктеме беру керек, неге оның шешу жолы дұрыс немесе басқаларынан үздік;

·         Оқушылар идеяны тереңдете жұмыс жасайды, қорытынды құрылымы талқыланатын болады;

·         Оқушылар  мәселені шешкенде өзінің және де басқаның идеясын пайдаланады. Мұндай жалпы білім қоры, жеке оқушының білім қорынан көп болады;

·         Оқушының бір нәрсені жаңадан білгені арқылы мұғалім де білім алады. («Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару»,Жартынова Ж.А,Ким В.Н,Корнилова Т.Б,Қойлық Н.О,Орақова А.Ш,6 бет)

Алдыма осындай мақсат, міндеттерді қоя отырып мен ағылшын тілі пәні бойынша бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып, 10 қазан- 30 қазан аралығында 9 «Г» сыныбында тізбектелген төрт  сабақ өткіздім. Зерттеуді бастамас бұрын оқушылардан «Білімді өз бетімен алуға бола ма?» деген сауалнама сұрағын қойдым. Жауаптары төмендегідей:

 

Тек озат оқушы ғана ала алады

15%

Мұғалімнің көмегенсіз ала алмаймыз

25%

Тапсырма жеңіл болса

25%

Тапсырма қызықты болса

20%

Білмеймін

5%

Алаламыз

10%

 

   Мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтің көмегімен сыныптан үш оқушыны таңдап алдым. А оқушы-  ынталы, жауапты, білімді, көпшіл. Жолдастарына әркез көмек беруге даяр, ұл- қыз деп бөлмейді, тапсырманы үнемі орындап келеді.Мінезі сангвиник. В оқушы-  ынталы, көркем әдебиетті сүйеді. Жауапкершілігі мол, өзінің жолдастары бар,барлық баламен бірдей араласа бермейді.Көбіне білсе де қозғалмай отыра береді. Мінезі  флегматик. С оқушы- сабаққа ынтасы тұрақсыз, ата- анасы қадағалай бермейді.Сыныптан тыс жерде көпшіл, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығы бар.Сабақта өз пікірін айта бермейді.  Мінезі меланхолик. Социограмма қорытындысы:

 

MALS сауалнамасы: тапсырмаға ынтасын анықтау.

 

            

     

 Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алдым.Сабақтарымда лексикалық материалды грамматикалық структуралармен байланыстыра отырып, оқушылардың сөйлеу, тыңдау,оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту бағытында жоспарладым.

«Schools in England»-2 сағат,«Schools in Kazakhstan»-1 сағат,«School problems»- 1 сағат тақырыптарына сабақ өттім. Әр сабағыма SMART мақсат қойып, күтілетін нәтижені анықтап алдым.Сыныпқа жылы ахуал қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбер» психологиялық тренинг жүргізіп отырдым. Топқа бөлуге: «сурет пен сөздерді сәйкестендіру», «Сөз құрастыру», «Мақал-мәтел бөліктерін біріктіру», «суреттердің кескіндерін жинау» сияқты әрекеттер арқылы топқа бөліп отырдым. Топ ережесін құрдық.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын кеңейту жәнеқ ызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға «миға шабуыл» стратегиясын қолдандым Brainstorming. (
Look at the picture and answer the questions.)

·         Can you guess what subjects are being taught in each picture?

·         Do you study these subjects at school?

·         What are your favorite subjects?

·         Which do you prefer practical work or theoretical work?

·         What are your plans after leaving school?

Осы сұрақтар арқылы оқушыларға EDUCATION сөзіне ассоциация құрғыздым.

           Оқушылардан « Schools in England » мәтінін оқып, осы тақырыпқа постер дайындауларын сұрадым. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың ойын жинақтап, ойларын тақырыпқа шоғырландыру болды. Менің байқағаным тапсырма оқушыларды қызықтырады екен, мен бұрын был маңызды деп ойламайтынмын. Келесі тапсырмада алдымен постер дайындау үшін Крийтерилер құруды ұсындым, оқушылармен крийтерилерді бірігіп құрған соң оқушылар  постерлерін қызығушылықпен орындады, қорғады. Менің байқағаным бұл өте тиімді екен.  Постер қорғауды оқушылар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір бірін бағалады. Бағалау кезінде топтар екі жетістіктері мен бір ұсыныстарын айтып кетті. Мысалы:Екі жетістіктері постердін жақсы дайындалғаны, негізгі идеяны ашқандығы болса, ұсыныстары сөздерді келешекте дұрыс оқысаңдар деген болды. Қызығушылықты ояту кезеңінде сәтсіз жерлер оқушылар сөздерді оқуда қателесті, ал сәтті жері оқушылар екі жұлдыз, ал сәтті жері оқушылар екі жұлдыз, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалауда қатты қызығушылық танытқаны болды. Сабақты қорытындылау мақсатында “before reading”, “after reading” (оқылымға дейін, оқылымнан кейін) кестесін толықтаттым.
Оқыту жүйесінде диалогтік оқытудың атқаратын маңызы өте зор деп  ойлаймын. Себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа-жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп, ортаға салу, үйренгенін көрсете білудің өзі диалог арқылы жүзеге асырылады. Мұғалімнің сабақ барысында өз мақсатына жетуі, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалғандығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» [МАН, 39 - бет] деп түсіндіреді. Сынып оқушыларын топқа бөлу кезеңінде, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың өзі диалогтік оқыту арқылы іске асырылады. Қай сабақта болмасын, топқа бөлу үшін, тақырыпты ашу барысында түрлі мазмұндағы сұрақтар қойылды, видео материал, тыңдалым (аудирование) арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Ал мұндай әдіс оқушының белсенділігін арттырады. Топтық жұмыс барысында тұлғааралық қарым-қатынас орнатады, мұғалім мен оқушы арасында диалогтың жүруіне мүмкіндік туғызады.Постер қорғау арқылы, сұрақтар арқылы оқушылармен диалог түрінде пікірлесіп, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» және көздеуде де осы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль негізінде «Қалай оқу керектігін үйрету» бағытын ұстандым. Сұраққа өте жақсы жауап берген оқушылар болды. Оқушылардың тілдік қорлары жеткілікті болғаны мені қатты қуантты.
Бақылау нәтижесінде менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде өзім зерттеуге алған білім деңгейі жоғары А оқушым және білім деңгейі орташа В оқушым болды және білім деңгейі төмен С оқушым да болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде тапсырмаларды орындады. Орындай отырып, оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырдым.  Дарынды және талантты оқушылар алдыңғы сабақтардағыдай тапсырмалар барысында көзге түсіп отырды және күрделенген тапсырмаларды орындап отырды.
Мағынаны тану бөлімінде оқушыларға бүгінгі сабаққа ақпар бере отырып, оқушыларға Ақпаратты коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа сөздерді интерактивті тақтадан слайд арқылы көрсете отырып, онда оқушылар жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасымен жұмыс жасады. Сөздікпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сөздік қорлары молая түсті. Оқушылар өздеріне қажет сөздерін сөздік дәптерлеріне «Инсерт» әдісі арқылы түртіп алды. Тапсырмалар орындау барысында «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі арқылы интерактивті тақта арқылы  суреттерін және сол суреттердің айтылу сөздерін слайд арқылы оқушылар сәйкестендірді
Оқушылар бұл тапсырмада қызығушылықпен орындады. Осы тапсырма орындаған оқушыларды ынталандырушы сөздермен ынталандырып отырдым. Мысалы өте жақсы қызығушылықпен орындаған оқушылар болды. С оқушым осы тапсырманы өзі қол көтеру арқылы шықты. Алдыңғы сабақта өзі тақтаға шығуға ұялатын кездері болатын. бұл сабақта өзін топта еркін,топ мүшелерімен белсене араласа қатысып отырды.      Оқушылардың сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында үй тапсырмасына «Schools in England» тақырыбына презентация дайындап әкелуге тапсырма бердім. Әр топ жауапкершілікпен орындап, оны сыныпта қорғады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында оқушыларға «Қазақстанның білім беру жүйесі» кестесін беріп, кестені пайдалана отырып мәтін құрауын сұрадым. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бұл тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен орындады, «Джигсо» әдісі арқылы топ спикері келесі топтарға барып түсіндірді. Бұл өте тиімді әдіс екенін байқадым, алайда бәрі сәтті болды деп айта алмаймын, себебі бұл әдісті сабақта бірінші рет қолданып отырғаннан кейін бе оқушылар шашыранқы, кейбір оқушылар жұмысқа тартылмай қалды. Лексикалық материалды грамматикалық материалмен байланыстыру мақсатында интерактивті тақталарда пайда болған суреттерге оқшылар топ ішінде Past Simple, Past Continuous шақ формаларында сұрақтар құрастырып, сосын сұрақ парақшаларын алмастырып, топ ішінде талқылап, жауап берулері қажет болды. Бұл тапсырмалар жақсы оқитын оқушыларға қиынға түскен жоқ, олар оны қызығушылықпен, белсенді орындаса, ал орташа оқитын оқушылар тапсырмаға селқос болды. «A day at school» тақырыбына жұппен жұмыс жасады, берілген тапсырмаға диалог құрау және оны рөлмен ойнау. Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады, алайда біраз оқушылардың  сөздік қорлары , грамматикалық структураларды әлі де дұрыс қолдана алмайтыны көрінді. Бұл тапсырманы «А» оқушым  өте жақсы орындап «В» оқушым  қиналғаның байқадым, ал «С» оқушым  өзінің жұбы Т.ның көмегінің арқасында орындап шықты. Бұрын мен «С» оқушымның «шамасы осы» деп көп сабаққа тартпайтынмын, мен енді қателескенімді түсіндім. Өзінің жұбының көмегінің арқасында «С» оқушым көңіліме қонатындай жауабын естідім. Бұл мені ойлантты.  Үй тапсырмасын тексеруде мынандай әдістерді қолдандым:  өрмекшінің торын құру, серпілген сауал, шеңберде талдау. Бұл өте тиімді болды деп айта аламын, себебі барлық оқушылар қамтылады, кімнің қандай дайындықпен келгенің көруге болады. «Серпілген сауал» тақырып бойынша материалдың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін тиімді болды. Мен бұл әдістерді өзімнің жұмысымда үнемі қолдабақшымын, себебі бұл әдістерді қолдану арқылы менің байқағаным оқушылар түгел қатысады, уақытты үнемдей алады екенмін.                                                                                                                             

          Алдын ала  топтық жұмыс істеуге ыңғайлы етіп дайындалған парталарға оқушыларды топқа бөліп  отырғыздым. Ақылдың алты қалпағы- Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылатын әдісті сабағымда «School uniforms» («Мектеп формасы») тақырыбына қолдандым. Бұл стратегияны қолдана отырып оқушылардың ой тұжырымдау, дәлелдеу сияқты қабілеттерін дамытуды мақсат қылдым. Слайд бойынша «Ақылдың алты қалпағының»  түстерінің функциялары түсіндірдім. Оқушыларға жереби арқылы түс таңдатып, өз көзқарасын қорғауға дайындалуға уақыт бердім. Сыныпта жиыны он бес оқушы болғандықтан, оқушыларды шағын топтарға бөлдім. Оқушыларға бұл тақырып өте ұнады, өйткені бұл тақырып өздерінің көкейтесті мәселелерінің бірі болатын. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір- бірімен ұйымдаса отырып орындағандарын байқадым және бұл жерде топ мүшелерінің барлығы қалпақты киіп өз ойларын айтты. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлана отырып оқушылар өздерінің ойларын терең айта білді, ал кейбір оқушылар  шамалары келгенше өз ойларын жеткізуге тырысқандарын байқадым. Оқушылар өте қызығушылықпен орындады,топтар өздерінің тапсырмаларын қорғады,болған соң «Қол шапалақтау» арқылы бір-бірін бағалады.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» алдыңғы сабақ үдерісіндегідей «Бағалау критерийі» және «Өзін өзі бағалауы» «Жұппен бағалау» «Топты бағалау» сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіру, бағдаршам, қол шапалақтау, күлегештер арқылы формативті бағалап отырдым. Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «Өте жақсы» «Жақсы» «Керемет» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым.

Бағалау бөлімінде әр топқа топ басшылары оқушылардың қаншалықты деңгейде қатысқандығын түрлі фигуралар арқылы бағалады. Онда жұлдызша -5 деп, төртбұрыш-4, ұшбұрыш-3 деген бағалау арқылы әр топ мүшелерін бағалады. Топ басшыларын бағалау кретериилері бойынша бағалады және өзін өзі бағалаттым. Өзін өздері бағалатуда оқушылар сабаққа қаншалықты дәрежеде болғандарын әділ бағалап шықты.Әр топ басшылары мен оқушылар өздерін бағалап болған соң өзім оқушылардың оқыту барысындағы іс әрекеттеріне қорытынды баға бердім және үйге тапсырма бердім. Бағалап болған соң оқушылар көңіл-күйлерінің қандай болғанын жақсылық ағашына түрлі түсті стикерлермен көрсете білді және сабақ соңында оқушылар «Бүгін сабақтан не алдым?» тақырбында эссе жазды. Бұл сабағымның да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында мәтіндерді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты.
            Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. «Үйренуді үйрету» идеясы менің алдымда жүзеге аса бастады. Енді сабақ үдерісінде оқушылар өз беттерінше жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты өздері ізденушілікпен меңгере бастады, түсініктерін талдауға мүмкіншілік алды. Мен оларға тек бағыт беріп отырушы болдым. Топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бірге шешім қабылдауына жағдай жасады, өз ойларымен толық ақпарат алды. Әр сабағымда диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отырдым, себебі ағылшын тілі пәні ауызша жеткізуді, оқығанын қандай да бір дәлелдемелерді қажет ететін пән. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі ағылшын тілі сабағында жұмыс жасау өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады. Бұл өзгерістерге оқушылар бірден үйренісе қойған жоқ, бұрын өз ойларын толық айтып жеткізіп көрмеген оқушылар үшін қиыншылық туғызды.Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен-күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі. Мұғалім ретінде алдымдағы оқушылардың өзім білмейтін жақсы жақтарынан танып, таң
қалдым. Т, Ұ сияқты оқушылардың сөздік қоры мол екенін көрдім. В оқушымның диалогтық оқыту нәтижесінде сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен ынталанып жұмыс жасай бастағанын байқадым. Бұрын В оқушым сабаққа енжар, «жалқау» деп сабаққа тартпайтынмын. Алайда бұл оқушымның жұптық жұмыста жұбының қолдауының арқасында диалог құруда сөйлегенің көріп таң қалдым. Бұл жерде өзімнің  «бұрын неге сонша дәрменсіз болғанмын» деп ойланып қалдым. В оқушым осы жерде топтастыру арқылы оқушылар бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, білетіндерін, білгендерін топтады. Оқушылар жаңа тақырыпты жан- жақты талқылады, байқағаным топтағы деңгейі орташа оқушыда топтық тапсырма барысында өз үлесін қосты. Өзара оқыту арқылы дарынды балалар өз кластастарына көмектесті. Диалог арқылы ынтымақтастық пен серіктестікті тудырды, оқушылар бір-бірінің ойымен де есептесуге ұмтылды, рөлдік ойыны арқылы тілдері жаттығып, образда ойнауға үйренді. Топтар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданды. Топтардың ішіндегі өзара талқылауда А оқушым, А, Т, Д оқушыларым белсенділігімен ерекшеленді.Топ бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс жасады.Әр топ мүшелерінің сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқандығы байқалды. Оқушылар бір-бірін оқытты, сұрақтар қойып, жауап берді.Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек» аясында бір–біріне ұсыныс–пікірлерін айтып, толықтырды, бағалады.Өзімнің ой түйгенім топтағы деңгейі орташа С оқушыда берілген тапсырма барысында өз үлесін қосты.Топ ішінде пікірлескенде, талқылағанда А  мен Ұ (деңгейі орташа оқушылар) да бос отырмады. Сергіту сәтінде К белсенділік танытты. Топта диалогтік әңгіме жүргізгенде, Ұ тыңдап отырып, өз пікірін қосты.Топтық таныстырылым жасағанда А маркерді пайдаланып топ алдында өз идеясын білдірді. «Екі жұлдыз, бір тілек» аясында А өз пікірін білдірді. Қалай да топ үшін берілген тапсырма аясында орындауға асықты. Өткізілген сабақтар (тізбектелген сабақтар) оқушылар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау, сәйкестендіру сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте- бірте оқушы тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап етті, оны жан- жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады.

Мәліметтерді талдау.

      Сабаққа оқушылардың ыңғайлы қатысуын, зерттеуімнің нәтижелі жағын ойлап бар мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануға тырыстым. Әрі әр сабағымның бір бірін қайталамау үшін жұмыс жасадым. Оқушыларымның сабаққа, пәнге қызығушылығы арта түсті. Сабақтарды бейнежазбаға түсіріп, АВС оқушыларымды бақылауға алдым. Сонымен қатар сыныптын басқа оқушыларын назардан тыс қалдырмай, сабаққа тарттым.

 

 

А В С оқушыларының тізбектелген төрт сабақтағы іс-әрекеті: 

                                                                                                                                   

сабақтар

 

А

 

В

 

С

             1-сабақ  “Schools in England”

  Оқушы үй тапсырмасын жақсы орындаған. Постер қорғауда шығарманың мазмұнын суретке толық түсіре алды.   Барлық тапсырмада өзінің үздіктігін таныта білді.

Постер қорғауда өзінің жұмысын жоғары деңгейде қорғады. Сөйлеу тілі дамытуды қажет етеді.Ойын жүйелі жеткізе алады. Белсенділігі орта деңгейде.

  Сабақ барысында өз деңгейіне сай ғана жұмыс жасай білді. Постермен жұмыста суретті шығарма мазмұнына сай салды.  Тапсырма орындауда топ мүшелерінің көмегіне көп жүгінеді,дегенмен жұмыс жасауға талпынысы байқалады. Постер қорғауда аударма жасауға шықты.

           2-сабақ   “Schools in England”   

  Тапсырманы  өте жақсы  орындады. Ойын дәл қорыта білді.  Барлық тапсырмаға белсене қатысады.  Өз тобын алға жетелейді. Көшбасшылық қабілеті бар.

  Постер қорғауда өз ойын дәл,нақты айта білді.  Өзіндік ой- пікірі қалыптасқан.

  Постерге сурет салып достарына көмектесті. Сабақтың әсерінен ілгерілеу бар.

3-сабақ “Schools in Kazakhstan”

  Белсенді.  Тобын алға жетелейді. Көшбасшы.

Деңгейлік тапсырмаларды «өте жақсы орындады»

   Оқушы өз деңгейінде.. Өзіне сенімді. Деңгейлік тапсырманы жақсы орындады. Жұптық жұмыс барысында

  Постерге сурет салды, «хатшы» рөлінде болды.  2-деңгейлі  тапсырмада өз ойын қосты.

 4-сабақ “School uniforms ”

  Сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді. Тапсырмаларға толық жауап береді. Өз тобында ынтымақтастықты қалыптастыруда  лидер. Бүгінгі сабақта өз тобының көшбасшысы бола білді.

   Сабақтың барлық кезеңдерінде өзін еркін, жауапты сезіне білді.  Ешкімді қайталамайды,өзіндік ойы,пікірі бар. Тиісті сұрақтарға  нақты, дәл жауап бере алады.

Өз деңгейінде болды. Ауызша пікірлерде  топ оқушыларына ой қосты.

 

               А В С оқушыларынан байқалған жалпы өзгерістер:

 

Оқушы

                  дейін

                          кейін

А

  Сабаққа дайындалып келеді. Кейде қозғамасаң отыра береді. Ақылды, зерек.

  Сыныптастарын жетелеп отырады.  Ойын  ашық,еркін айтады.

  Үнемі  дайындалып  келеді. Өзіндік ой- пікірі бар және көркем тілмен жеткізеді. Тобындағы оқушылардың пікірін тыңдайды. Постер салмағанмен идея айтып, ұйымдастыра білді. Тобында үнемі көшбасшы. Өз деңгейін сақтай білді. Диалогтік оқытудың идеяларын жақсы меңгерді.

В

  Берілген мәтінді үнемі оқып келеді. Сабақта көп қозғалмайды. Білгенін ішінде сақтап отыра береді. Сабаққа ынтасы жақсы, бірақ көбіне ішінде кетеді.

   Үнемі дайындалып келді. Тобында жақсы баяндамашы болды, постермен жұмыс жасауды меңгерді. Ойланып ақылмен жауап береді. Қай кезде де жауабы дайын. Аздап шапшаңдыққа дағдыланды. сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен ынталанып жұмыс жасай бастағанын байқадым.

С

 Үлгерімі төмен, өз бетімен сабаққа араласпайды, өзіне сенімсіз, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі төмен, сыныпта өзін бір қалыпта ұстайды

 

  Тобында шығарма  идеясы бойынша постерге сурет салды. Өз ойын айта бастады. Достарының көмегімен тапсырмаларды орындап отырды, дегенмен  өзіне әліде сенімсіз. Сергіту сәттерін жақсы  орындады. Берілген сұраққа жауап бере білді.

   

     Сонымен  бірге сыныпта өзге де көшбасшы оқушылар  анықталды. Жалпы сынып оқушыларының  білім деңгейі анықталды.

 

              

 

 

Шектеулер мен болжамдар :

     Жұмыс болған жерде қиындық қатар жүреді. Іс- әрекеттегі зерттеу барысында  қиындықтар кездесіп отырды. Оқушыларды топқа бөлу кезінде бір топқа түсуге тырысты(пазлдар түсін жаттап алу). Бұған жол бермеу үшін топқа бөлуді түрлендіріп отырдым. Айналасы төрт сабақта оқушыларды зерттеп үлгеру мүмкін емес. Әсіресе сауалнама түрлерін тауып, оны тиімді алу қиын   болды. Оқушылардың белсенділігі жақсы болғанмен, олардың тасасында қалып жатқан оқушылар да  болды.  Бұл да ойландыратын мәселе. Қысқа мерзімді жоспарға жеткенмен талап парағын толтыруға уақыт жетпей жатты. Бағалау кезінде  пікірді дұрыс тыңдамай,үстірт бағалау, көтермелеу кездесті. Бағалау критерийіндегі сауаттылықты нақты бағалауға оқушыларда мүмкіндік болмады. Оқушыларда бір- бірінің ойын қайталау кездесті. Сонымен бірге кейбір балаларда   бейнежазбаға түсіруде ұялшақтық  байқалды. Өз тарапымнан Блум бойынша сабақ өту барысында  жоспарға жету үшін оқушыларды асықтыру болды. Бейнежазбаның бір жақсы жері  сабақтан соң   қайта қарап, кемшіліктерімді  көріп отырдым.

    

Өзімнің практикам кезінде оқушылар өзіндік ізденуге, шығармашылықпен, дербестікке диалогтік окыту негіз дайын деген шешімге келдім. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз. Яғни үйренген әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай оны жетілдіру, дамытуға бағытталған жұмыс жасау қажет деп ойлаймын. Жұмыс бар жерде кемшіліктер де болады, өйткені еш нәрсе жасалмаған жағдайда ғана кемшілік болмайды. Бұл кемшіліктер менің өз  іс тәжірибемнің аздығынан ба деп ойладым. Себебі төрт сабақтың көлемінде мен керемет жетістіктерге жеттім деп айта алмаймын. «Сын түзелмей мін түзелмес»- демекші, мен өз жұмысыма басқа сын көзбен қарап едім, жұмысымда сәтті және сәтсіз тұстары да болыпты. Сабақта болған сәтсіз тұстары: кейбір оқушылардың енжарлығы. Оқушылардың уақытты үнемдей алмауы. Бағалауда. Оқушылардың сөздерді оқуда қателесуі, грамматикалық құрылымдарды дұрыс пайдаланбауы.
Сабақтағы сәтті өтуі: оқушылардың сабаққа жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, нашар оқитын оқушыларыма қасындағы жақсы оқитын оқушыларымның сабақты түсіндірулеріне көп белсенділігі тиді.

Осы тәжірибе барысында өзім көп нәрсені біліп үйрендім: жаңа әдіс тәсілдердің тиімділігін, топтық жұмыс барысында оқушылар ынтымақтастыққа ұмтылып, бірлесіп білім алудын тиімді екенін, оқушыға бір жақты қарау дұрыс емес екенін, жоғары деңгейлі сұрақтардың маңызды екенін, сабақ жоспарлауда тапсырмалардың тиімді болуын қадағалау, критерийалды, формативті бағалаудың маңызын. . 
Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденіп, сөздік жұмыстармен көп жұмыс жасауын, бір бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін ағылшын тілінде айта білуге,сөздік қорларының молаю үшін әр түрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ қоюымды алғы мақсатқа қоямын.
Бағдарламаның түйінді идеяларын  әлі де болса жетесіне жетіп,түсініп іс жүзінде қолдануды шыңдау. Мен осы зерттеу барысында үйренгенім: сабақты жоспарлауда   әдіс тәсілдерді тиімділігіне қарай таңдау керек екен, «шамасы сол» деген сияқты сылтау айтып кей оқушыларды сабаққа тартпай қаламыз, бұл өзіміздің қателігіміз екен, әртүрлі әдіс тәсілдер арқылы бұны болдыртпауға болатының. Өзіме түйгенім «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронгтың айтқаның қандай жағдайда да ешқашан ойдан шығармай, шаршамай-талмай жұмыс жасау, заман талабына сай білімді оқушылар дайындау үшін өзімнің кәсіби біліктілігімді үнемі жетілдіріп отыруым қажет екенің ойыма түйдім.

Мына қарқынды дамып келе жатқан жаһандану заманында біздің ұрпағымыздың  білімді, тәрбиелі , ар- намысын жерге таптатпайтын адам болып өсуін тілер едім.




Пайдаланған әдебиеттер:

·         Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материал;

·         «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал;

·         «Ағылшын тілі мектепте»
Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал;

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диалогтік оқыту зерттеу жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 274 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 7464
    • DOCX 263.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мәкенова Нұргүл Біләлқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мәкенова Нұргүл Біләлқызы
    Мәкенова Нұргүл Біләлқызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79755
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции