Инфоурок Физика КонспектыДыбыс. Дыбыс сипаттамалары (9 сынып)

Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары (9 сынып)

Скачать материал

hello_html_m30959057.jpg

Жамбыл облысы

Талас ауданы

Ә. Сағынтаев атындағы орта мектептің

Физика және информатика пәнінің мұғалімі

Жұманқұлова Нұрбала Қасымбекқызы

Ашық сабақтың тақырыбы : Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақтың эпиграфы: «Сөйлемеген бала ойлай да алмайды»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Тербелістер мен толқындар тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталай отырып, жаңа сабақты меңгеру.Дыбыстың қасиеттері мен әртүрлі ортада таралуын ұғыну. Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.

б) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз бетімен және ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін, есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту, оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін қалыптастыру.

в) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға баулу. Эстетикалық, патриоттық және кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың түрі: Жаңа технологияға негізделген ізденіс - зерттеу(физика, биология, анатомия, медицина, музыка) сабағы.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Баяндау, дәріс беру, кітаппен жұмыс, есептеулер, ақпараттық - рецептивтік, шығармашылық, пікір алмасу, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия тақта, электрондық оқулық, оқулықтар, сызба нұсқалар, домбыра

Пән аралық байланыс: математика, анатомия, медицина, музыка, биология.

Бұл сабақта: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген ұстаным алға қойылады.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесіп, олардың сабаққа дайындығын қадағалау.

2. Сыныптың тазалығына назар аудару.

3. Оқушыларды топқа бөлу 1 - топ. «Зерттеушілер» 2 - топ. «Биологтар» 3 - топ. «Дәрігерлер»

Оқушылар білімін бағалау әр топқа таратылған жұлдызшалар арқылы жүргізіледі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру. Ой қозғау

«Сәйкесін тап» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді.. Жауап берген топ оқушыларына жұлдызшалар беріліп отырады.

III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтардың жауаптарының кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқтала кетіп, өтілген сабақты қорытындылау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру. Әрбір топтың ізденіс - шығармашылық жұмыстарын тыңдау.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

1. Тест алу

2. Есептер шығару

V. Мұғалім жауаптарды толықтыра отырып, оқушыларды бағалауы және қорытындылауы. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде, жаңа сабақтың тақырыбын пысықтауда топ оқушыларының жинаған жұлдызшалары ескеріледі. Әртүрлі жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбысын ажырата отырып, оқушылар өз еркімен суреттер салып түсіндіреді.

VI. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың өткізілу барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгелдеу

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Толқындық құбылыстар»тақырыбы бойынша

«Сәйкесін тап» ойыны.

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (Домбыра)

2. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікте тарайтын тербелістер ( Толқын)

3. Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме – дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы (Тербеліс)

4. Қандай да бір кедергіден шағылып, бастапқы таралған орнына қайта

оралған толқын (Жаңғырық)

5. Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді байқайтын құрал

(Сейсмограф)

Жаңа сабақтың тақырыбы « Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары»

Тақырыптың жоспары:

1. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

2. Музыкалық дыбыстар мен шула

3. Дыбыстың маңызы

1. Зерттеушілер тобы.

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары туралы жалпы мәліметтер береді

Адамда дыбыс әсерін тудыратын механикалық толқындардың тербеліс жиілігі 16 Гц - тен 20000Гц аралығында болады. Мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп аталады,.

Жиілігі 20000Гц - тен жоғары толқындар - ультрадыбыстар, ал жиілігі 16Гц - тен төменгі - инфрадыбыстар деп аталады.

Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар Дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр

1. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады

2. Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. Адам дауысын тон биіктігі бойынша бірнеше диапазонға бөледі: бас (80 — 150 Гц), баритон (110 — 149Гц), тенор (130 — 520Гц), дискант (260 — 1050 Гц), колоратуралық сопрано (1400 Гц - ке дейін).

3. Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембрі болып табылады. Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады. (Слайдтар)

Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол — оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді. Шу — әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі

2 топ. Биологтар тобы (Слайдтар)

Бізді қоршаған орта әртүрлі дыбыстарға бай. Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады. Адамның сөзсөйлеп, өзара қатынас жасауында есту мүшесінің маңызы зор. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің жұмысына әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады.

Есту мүшесі – құлақ, 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

1. Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді.

Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді.

2. Ортаңғы құлақ дабылдабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысында қысым атмосфералық қысыммен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ уақытша естімей қалады. Мұндай жағдайда жиі жұтыну керек.

3. Ішкі құлақ самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол қуыстар мен өзекшелерден тұратын күрделі жүйе болғандықтан оны шытырман немесе лабиринт деп атайды. Сүйекті лабиринт

1. кіреберіс(сағадан)

2. Ұлудан (иірімді түтіктен)

3. қуыстардан (жартылай дөңгелек түтіктерден) тұрады.

Ішкі құлақта есту және тепе - теңдік мүшелері орналасқан. ( Видеофильм - Құлақтың құрылысы)

Мұғалімнің анықтамасы. «ШУ»

Шу дегеніміз - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады,

адамның жүйке - психологиялық әрекетіне зиян шу ауруын туғызады.


3 топ. Дәрігерлер тобы.

Ерте замандағы қолжазбаларда музыканың адам ағзасына әсері туралы көптеп айтылған. Б. з. д. III - ғасырда Пергам патшалығы тұсында 3, 5 мың көрермен сыятын музыкалық медициналық театр салынған. Онда сазды әуендер ойналып, адамдарды қайғы қасіреттерден айықтырған болатын.

Гигиена дәрігерлері мен экологтар адам жанын бірте - бірте қажытатын – дыбыстар деп есептейді. Олар:

Естілетін дыбыстар

Музыкалық дыбыстар

Әдемі ырғақтар, табиғат аясындағы тіршіліктің таңғажайып үні

Айқай - шу

Автокөліктердің гүрілі

Музыканың қатты дауысы

Үй техникасының ызыңы

Адам организміне жағымсыз дыбыстар ауруға шалдықтырады. Адамның басынан шу кетпесе, есту қабілеті төмендеп, саңырау болып қалады. Кез – келген кісінің ұйқысының қашуы, басының айналып, жүйкесінің тозуы, ашушаң болуы да жағымсыз айқай шудан.

(Видеорофильм - Дыбыс колонкасының дауысы)


Жаңа тақырыпты бекіту. Тест жұмысы


VI. Сабақты бекіту

Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, оқушыларды бағалауы және қорытындылауы.

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруде, жаңа сабақтың

тақырыбын пысықтауда топ оқушыларының жинаған жұлдызшалары ескеріледі. Әртүрлі жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбысын ажырата отырып, оқушылар өз еркімен суреттер салып түсіндіреді.


VI. Үйге тапсырма беру. Оқушының жеке ізденісі

1. Ғаламтордан қосымша мәліметтер

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары (9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 788 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 1277
    • DOCX 93.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джуманкулова Нурбала Касымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15762
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов