Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін
мектебінің логопеді Денизбаева Алма Едресовна
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Сарыөмір ауылы
Тақырыбы: Р-Л
дыбыстарын ажырату
Мақсаты:
1.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру,фонематикалық есту қабілетін
жетілдіру. 2.Дыбыстарды
буында,сөзде,сөйлемде ажырата білуге үйрету,талдау,жинақтау дағдыларын
дамыту,сөздегі р-л дыбыстарының орнын табу. 3.
Сабаққа деген қызығушылығын тудыру,ынтасын қалыптастыру. Көрнекілік:
Р-Л фонемаларының артикуляциялық кескіні,доп,кеспе әріптер,гүлдің,қораздың,құлынның,үй
жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері,карточка,айна,көктем мезгілі жайлы
сурет.
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық шеңбері. – Қанеки
орнымыздан тұрып,жылулық шеңберін
жасайық: -
Армысың,Алтын
Күн!
- Армысың,Көк аспан! –Армысың,Жер-Ана!
– Армысың,менің
достарым! -
Қуана қарсы
алайық!
- Қолымызды
ұстасып!
- Жылылықты
алайық!
- Рақмет,балалар! Қане енді орнымызға
отырайық. 2. Үй
тапсырмасын
тексеру.
«Сөйлемді толықтырып аяқта» карточкамен
жұмыс. 1. Мен
қызықты... (ертегі
оқыдым)
2. Нұрсұлтан мен Райхан... (сабаққа келді)
3.Маған әжем дүкеннен... (алма сатып
әкелді)
Үй тапсырмасын қорытындылау бойынша суретті пайдалану. Қар
еріп,күн жылынып,құстар келе бастады.Бұл қай мезгіл? (Көктем мезгілі)
- Көктем айлары қандай?
(Наурыз,сәуір,мамыр)
Мен сөйлемді бастаймын,сен
аяқта:
1. Біздің жыл басымыз... (наурыз
айы) 2.
Көктемнің шуақты айларының бірі... (сәуір
айы) 3. Мамыр
айында қандай мерекелер болады? (1-мамыр- Ынтымақ күні, 7 мамыр- Жас ұландар
күні, 9 мамыр-Жеңіс күні, 25 мамыр-соңғы қоңырау) 3.
Тыныс шығаруға арналған жаттығулар (мұрын және ауыз арқылы тыныс алуды
ажырату) -
Терең тыныс алып,ұзақ «ббббб»дыбысын сыбырлап айтқандай дем
шығару. Терең тыныс
алып,ұзақ «ллллл»дыбысын сыбырлап айтқандай дем шығару Терең тыныс
алып,ұзақ «ррррр»дыбысын сыбырлап айтқандай дем
шығару. 4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
таныстыру. Бүгінгі
сабақты мынадай өлең шумақтарынан
бастаймыз: Р
тұрып,ор,-деді,
Л оған тайыз ол,-деді. Р
оған қалың
қар,-деді
Л тұрып,үйде қал,-деді. –Осы
өлең шумағы қай дыбыстарға
арналған?
- Р және Л
дыбыстары.
– Сонымен бүгінгі сабақта Р,Л дыбыстарын
ажыратамыз. 5. Р-Л
дыбыстарының артикуляциясына
тоқталу Л
дыбысына тоқталайық: еріннің қалпы Л дыбысынан кейінгі дауысты дыбысқа
байланысты өзгеріп тұрады.Тілдің ұшы жоғарғы күрек тіске қарай көтеріңкі.Тілдің
екі жақ шетімен азу тістері арасында ауа жолы шығатындай саңылау бар.Тілдің
түбір жағы көтеріңкі,Л дыбысын айтқанда төмен қарай түсіңкі.Дауыс желбезегі
біріккен және дірілдеп тұрады.Жұмсақ таңдай көтеріліп,мұрынға баратын ауа жолын
жабады.Жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді.Енді Р дыбысына тоқталайық: тілдің
ұшы қызыл иекке қарай жоғары көтеріледі,тілдің өзі қатыңқы,арқа тұсы
көтеріңкі.Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.Тілдің шет жақтары
азу тістерге жабысып тұрады.Жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы
қабырғасына жабысып,ауаның мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады. Дауыс
шымылдықтары қатайып,бір-біріне жақындап,діріл арқылы дыбыс шығарады.Ауа ағысы
дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып,тұрған тіл ұшын қозғалтып
дірілдетеді.
6. Р-Л дыбыстарына ортақ, тілге арналған артикуляциялық жаттығулар.
1.
«Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып,төменгі ерінге салып,10-15 секунд
ұстап тұру керек.
2. «Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып,тілді таңдайға жабыстырып,баяу,жылдам
қағу керек.Тіл асты желбезегін созу үшін 10-15 рет қайталау керек.
3. «Тәтті шырын» - жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап,ауыз қуысына тереңірек
кіргізіп,ұстап,10-15 рет қайталау керек.
4. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп,ұстап,кезекпен мұрынға,иекке қарай созу,бірақ
ауызды ашып тұру керек 10-15 рет қайталау қажет. 5.
«Сағат» - тілді ауыз қуысынан шығарып,оңға,солға қимылдату
керек. 7. Фонематикалық есту қабілетін
жетілдіру.
– Сенің құлағын тыңдай біле
ме?
- Р дыбысын естісең,оң қолыңды көтер,Л дыбысын естісең сол қолыңды көтер:
К,л,с,р,т,м,р,л,в,л,р,д,л,б,р,ж,р,л,е. 8.
Р-Л дыбыстарын буында
ажырату.
«Керісінше» ойыны. –
Мен қазір допты лақтырып, р немесе л дыбысынан буындар айтамын,сен допты қағып
алып,маған қайтарғанда керісінше л мен р дыбысы бар буынды лақтыруың
керек.Мысалы:мен «ро» десем,сен «ло»
дейсің.
«Ра» десем,сен «ла»
дейсің.
Ре-ле,
ле-ре;
Ри-ли, ли-ри; Ру-лу,
лу-ру
Ро-ло,ло-ро; 9.Сергіту
сәті:
Қыздар мен
балалар,
Шаттанады қол
бұлғап,
Ұшынан басып
аяқтың,
Тік тұрайық
жығылмай.
Өкшесін басып
аяқтың,
Отырайық қисаймай.
Қолды жайып
қанатша,
Жұдырықты
түйейік,
Саусақтары
талғанша,
Ашып жұмып
көрейік
Белімізді
жазайық.
Демімізді
алайық!
10. Р-Л дыбыстарын сөзде
ажырату.
«Керемет дала» ойыны. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың атын атап,р-л
дыбыстарының орнын анықтау.Лақ-1, қораз-3, құлын-3, жылқылар-3,6. Сиыр-4, арыстан-2,
орман-2, кірпі-3, түлкі-3, қасқыр-6. 11.
Суреттер бойынша жұмыс. Дәптермен жұмыстану. Көп нүктенің орнына р-л
әріптерін қойып, көшіріп жазу.
12. Дәптермен жұмыс. Жұмбақтар
шешу.
1. Ауламызда жайнап тұрды, Иісі
әдемі бір
түрлі,
Мен күнде суардым. Ол
күн сайын
құлпырды,
Бұл не? (Гүл) 2.
Бұрап қойған
сағаттай,
Ойбайлайды таң атпай. (Қораз)
3. Туа салып, жүріп
кеткен, Енесін
қуып жеткен. (Құлын)
Дыбыстық талдау жасау.Гүл-3 дыбыс,3 әріп,1 буын,1 дауысты дыбыс,2 дауыссыз
дыбыс.
Қораз-5 дыбыс,5 әріп,2 буын,2 дауысты дыбыс,3 дауыссыз
дыбыс. Құлын- 5 дыбыс,5 әріп,2 буын,2
дауысты дыбыс,3 дауыссыз дыбыс. 13. Р-Л
дыбыстарын сөйлемде ажырату
«Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны. –
Мына сөз тіркесін есіңе сақтай отырып,дұрыс
қайтала: Қызыл көйлек,қоңыр
шалбар,қышқыл лимон,қара сиыр. -Мен
сөйлемді бастаймын,сен болсаң
аяқтайсың:
1. Алма Алтынайға қышқыл...( лимон берді).
2.Рауан мектепке қоңыр...(шалбар киіп
келді)
3. Райхан қара...(сиырды сауды). 4.
Айгүл апасына қызыл....(көйлек
әперді).
14. Сабақты қорытындылау және бағалау.
-Біз бүгін қандай дыбыстармен жұмыс
жасадық?
-Р-Л дыбыстарын ажыратып үйрендік. –
Мына суретке қарап,сабақты
қорытындылайық.
– Ағаш бұтасында қарға аузына ірімшік тістеп отыр. -
Түлкі төменде қызығып қарап
отыр.
– Бұл суретте қандай сөздерде Р-Л дыбыстары кездесіп тұр?
- Қарға,ірімшік,түлкі сөздерінде р-л дыбыстары
кездесіп отыр. Сабаққа жақсы қатысқан
балаларды
марапаттау.
15. Үйге тапсырма: Р-Л дыбыстары бар сөздер ойлап, 3 сөйлем құрастырып келу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.