Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Дидактические игры" для математику

"Дидактические игры" для математику

Скачать материал

«Қолымда не бар?» ойыны

Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші, оң – сол, кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түйсіну сезімдерін дамыту.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар және т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолыңа үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалы, үлкен және кіші тасты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың колына жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

 

«Не өзгерді?» ойыны.

Мақсаты. Баланың қөру қабілетін, зейінін жетілдіру, оны толық жауап беруге, сөздік қорын молайтуға үйрету.

Керекті материалдар.  Үлкен және кіші жапырақтар: алма (алмұрт, қарбыз, және т.б. ойыншықтар).

Ойынны4 мазмұны. Балалар екі командаға бөлініп. әр команда тәрбиешінің кезекті сұрақтарына жауап береді. Тәрбиеші сұрақ қоймастан бұрын текшеге бірнеше зат қояды. Мысалы: алма, үлкен сары алмұрт және кішкене көк алмұрт, қарбыз. Бұларды балалардын бәрі көреді. Осыдан кейін ойнаушыларға, айталық, бірінші команданың балаларына көздерін жұмұды ұсынады. Бұл кезде тәрбиеші үлкен алманы қояды. Не өзгерді? Тәрбиеші шақырған бірінші команданың баласы: «Үлкен сары алма жоқ»  деп жауап беруі тиіс. Енді, заттарды ауыстырып, келесі командаға сұрақ қояды және т.с.с. Көп сұраққа дұрыс жауап берген команда жеңімпаз атанады.

     Ойын 3-4 минутқа созылады.

 

«Дүкен» ойыны

     Ойынышық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек нәрселер: (таразы, қалақша, күріш шырын, бидай т.б.) Сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болу керек. Ойынның барасында сусымалы зат пен сұйық заттын өлшену айырмасына жаттығады, демек, сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен  өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты – сұйық затпен сусымалы заттын қалай өлшенетінін балаларға үйретіп, жаттықтыру.

 

«Көзімді жұмып, қолыңмен анықта» ойыны

 

Мақсаты: Ұзын – қысқа, жуан – жіңішке, үлкен – кіші ұғымдарын бекіту.

Керекті материалдар: карындаштар, таяқшалар, кітаптар, доптар, қуыршақтар және т.б.

Ойынның мазмұны. Бұл ойында балалар қолымен ұстап қөру арқылы (бұлшық ет сезімі) қарындаштың ұзын-қысқалығын аңықтауы тиіс. Ол үшін ұзындығы әр түрлі қарындаштар алынады. Тәрбиеші балаларға алдымен жұп заттарды, жұп қарындашты көрсетеді. Балалар оларды мұкият қарап, ұзындығын, көз мөлшермен салыстырады. Тәрбиеші бір баланы шақырып, оған: «Көзімді жұм. Менің саған ұзын әлде қысқа қарындаш ұстатқанымды аңықта» дейді. Көзі жұмұлы бала қарындашты сипап, оны жаңа ғана көрген қарындашымен ойша салыстырады да, өзінің қолында қарындаштың қайсысы тұрғанын аңықтайды. Жауап берген соң көзін ашады. Қай жағдайда болсын  - бала дұрыс жауап  берсе де, қате жауап берсе де көрсетілген қарындаштар бір-бірімен тағы да салыстырылады. Тәрбиеші осылайша 4-5 баланы топ алдына шығарып, қарындаштың келесі жұбын көрсетеді де, оларды салыстырған  соң, балаларға: «Көздеріңді жұмындар. Ал енді ашындар да, менің қолымдағы қандай қарындаш екенін айтындар» дейді. Бұл жолғы қарындаштардың түсі мен пішіні бірдей, ұзындықтары әр түрлі болуға тиіс. Кітап, дәптер, қиындыларқалындығы жөнінен доп және басқалары – үлкен-кішілігі бойынша салыстырылады.

         Ойын 4-5 минутқа созылады.

 

«Зейінді бол» ойыны

Мақсаты: Биік – алса ұғымдарын  пысықтау.

Жаттығудың мазмұны. Тәрбиеші биік және аласа заттарды немес осындай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді. Биік заттар көрсетілгенде балалар орындарынан тұрады, аласа заттар көрсетілгенде – бастарын төмен түсіреді. Мысалы: «Телевизия мұнарасы» - орындарынан тұрады. «Өрт бақылайтын мұнара» - орындарынан тұрады. «Иттің күркесі» - бастарын төмен түсіреді және т.с.с.

                 Жаттығу 2-3 минутқа созылады.

 

«Қапшықта не бар?» ойыны

Ойынның мақсаты: балалардың сезім мүшелері арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Ойынның мазмұны: Тарбиеші кішкене қапшыққа бірнеше кішкене ойыншықтар салып, бір баланы тақтаға шығарып, көзім жұмып, тұрған қапшықтың ішінен бір ойыншықты алып, алған затының неден жасалғанын, қандай зат екенін айтып беруі керек. Егер айта алмаса орнына отырғызып, басқа бір баланы шығарады. Келесі сабақта басқа ойынның түрін ойнауғаболады. Геометриялық фигураға байланысты «Екі дөнгелек» деген ойын ойнауға болады. Алаңға бірінің ішіне бір орналасқан екі шеңбер сызылады. Үлкен шеңбердің диаметрі5 метр де, кішісінікі 2-3 метр болғаны жөн.

       Ойынға қатысушылартең екі топ командаға бөленеді. Олар екі шеңберге орналасады. Ішкі шеңбердегілер шабылдаушы жақ болады. Олар қарсыластарын үлкен шеңбердің сыртына қарсыласының бір аяғы шықса да жеткілікті. Ал өздері сыртқы шеңберге шықпауы тиіс. Бірақ қарсыласын өз шеңберіне тартып алуға болады. Тек шеңбер ішіне сырттағы ойыншының екі аяғы бірдей кіруі шарт. Тартысқа 3 минутуақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде қай команда шеңбердең көп ойыншы шығарса, сол жеңіп шығады.

 

Дидактикалық ойын: «Екінші қолымда қанша?»

Материалдар: (түйме, моншақ, 1 тиындық теңгелер)

Бір оқушы тақтаға шығып: Менің қолымда бәрі 4 түйме бар, ал сол қолымда 2 түйме деп қолын ашып көрсетеді. Ал оң қолымда қанша түйме бар?

Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын дамыту, бекету.

Балалар сабақта жалығып кетпеуі үшін, өтілген сандарға байланысты бірнеше сабақта ойынды қайталуға болады.

 

Дидактикалық ойын «Ұқсасын тап»

      Мақсаты: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды топтастыру.

Тақтаға геометриялық пішіндер суреті ілінеді,стол үстінде  заттар бейнеленген суреттер,солардың ішінен геометриялық пішіндерге ұқсас ұқсас заттарды іріктеу,

 

 

Дидактикалық ойын «Дұрыс таба біл».

    Тақтаға сандық белгісі бар карточкалар ілінеді. Карточкада қандай сандық белгі болса, бала өз конвертінен сонша үшбұрыш, төртбұрыш немесе көпбұрыш санап алып алдына қояды. (Қандай фигураны алып қою керектігі ескертіледі).

 

Дидактикалық ойын «Не жоқ?»

    Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту.

    Стол үстінде бірнеше ұсақ ойыншықтар тұрады. Әр ойыншықты көрсетіп атату, сосын ойыншықтардың бетін жауып, біреуін көрсетпей алып тастау. Не жоғын айту.

 

Дидактикалық ойын «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал».

     Мақсаты: Ойлау қабілетін жетілдіру.

     Балалар дөнгелене тұрады. Тәрбиеші допты бір балаға ляқтырып: «Екі мен үш» дейді де «+» таңбасын көрсетеді. Допты қағып алған бала «бес» деп жауап беруі керек. «-.» таңбасымен де осылайша ойналады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дидактические игры" для математику"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1171
    • DOCX 40.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акауова Арайлым Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акауова Арайлым Куанышбаевна
    Акауова Арайлым Куанышбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 59308
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 503 человека

Курс повышения квалификации

Работа по развитию эмоционального интеллекта в практике педагога-психолога ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 398 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека