696495
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыДидактический материал на тему "Қазақ тіліне тән дыбыстардың әліпбиі"

Дидактический материал на тему "Қазақ тіліне тән дыбыстардың әліпбиі"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. 

Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы.

  Шыңғыс Айтматов







Макинск қаласының

«№5 орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі:

Искакова Гульжан Сералиевна


Кіріспе

Қазақ тіліне тән дыбыстарының әліпбиі” Қазақ тілінің әліпбиі негізінде құрастырылды.

Қазақ тілінің тән дыбыстарының әліпбиі” бастауыш сыныптарына арналған көмекші кітап.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеруге көмектеседі.






«Қазақ тіліне тән дыбыстардың әліпбиі»


( Дидактикалық материал)



Мазмұны:

1.Қазақ тіліне тән дыбыстардың қазақ тілінде, орыс тілінде айтылуы...............................................................


2.Қазақ тіліне тән дыбыстардың сөз құрамында жазылуы...................................................................................


3.Әріптердің сөз құрамында кездесуі.....................................................................................................................................


4.Тақпақтар ...............................................................................................................................................................


5.Диктанттар жинағы ..............................................................................................................................................


6.Көрнекілік................................................................................................................................................................






Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады. Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.

Әліпби үш рет өзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) орыс әліпбиі. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.








І бөлім.


Қазақ тіліне тән дыбыстардың

қазақ тілінде, орыс тілінде айтылуы.










hello_html_m5f036a71.png

Ә — қазіргі қазақ алфавитіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялвқ ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды.
















Мягкий, при произнесении этого звука кончик языка прижимается к нижним зубам, язык продвигается вперёд, спинка языка приподнимается. Звук схож с английским звуком [æ] (map, plan).











hello_html_m1758c124.png


Ғ, ғ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Тіл артынан жұмсақ таңдайға жанасып кері қайтуы және өкпеден шыққан ауаның шолақ тілді дірілдетуі әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын ұяң дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.

Қазақ тілінде Ғ дыбысы тек қана жуан (а, ы, о, ұ) дауыстылармен тіркесіп айтылады (мысалы, ғасыр, тоғыс). Ғ дыбысы сөз басында сирек қолданылады (мысалы, ғибрат, ғүрып), сөздің соңында кездеспейді[

















Звонкий, заднеязычный, при произнесении этого звука задняя часть языка смыкается с задней частью нёба, образуя щель, через которую выходит поток воздуха с участием голоса.










hello_html_m659aba3b.png


Ққ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырасуынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қ-ны айтқанда фонациялық ауа ауызқуысы арқылы үзіліп, шұғыл шығады. Қ - дауыс қатысы жағынан қатаң, айтылу жолы жағынан шұғыл, жасалу жағынан тіл асты дыбыс. Оның ұяң сыңары - "ғ".

Қ қазақ тілінде өте жиі қолданылып, сөздің барлық буынында кездеседі және тек жуан дауыстылармен тіркеседі. Мысалы, қайық, ақын, аққу. ботақан, құлыншақ, бардық

















Глухой, заднеязычный, при произнесении этого звука задняя часть языка смыкается с задней частью нёба, после чего воздух мгновенно вырывается. Главное различие между звуками «к» и «қ» в том, что звук «к» является среднеязычным (при произнесении поднимается средняя часть языка), а звук «қ» является заднеязычным,то есть при его произнесении поднимается

задняя часть языка.









hello_html_m35789682.png



Ңң — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл артының жұмсақ таңдайға нық тиюінен жасалатын мұрын жолды дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ол дауыс қатысына қарай үнді, жасалу орнына қарай тіл арты, жасалу тәсіліне қарай шұғыл дауыссыздар тобына жатады. Сөз басында кездеспейді, ал сөздің ортасы (жаңа, кеңес) мен сөздің соңында (таң, желең) кездесе береді 
















Сонорный, в отличии от переднеязычного зубного звука «н», при его произнесении участвует только задняя часть языка, которая тесно прижимается к заднему нёбу и

воздух проходит через нос. Похожий звук есть в английском языке [ŋ] (long, sing).










hello_html_3f198f86.png

Өө — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Жіңішке, еріндік, ашық дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. Сөз басында және оңаша айтылғанда алдынан жіңішке "у" тәріздес қосалқы дыбыс пайда болады, сондықтан ол дифтонгоид дауыстылардың тобына жатады. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Ал, "көген", "әнер" тәрізді сөздердің айтылуында "көгөн", "өнөр" болып дыбысталғанымен, екінші буында "е" әрпі жазылады 


















Мягкий, губной, при произнесении этого звука губы сильно вытягиваются вперёд, язык продвигается вперёд.











hello_html_m1d0bef35.png


Ұ, ұ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Қазақ әліпбиінің 29-шы әрпі. Фонетикалық белгісі - [ʊ]. Бастапқы кезде Ӯ деп белгіленген, кейіннен Ұ-ға ауыстырылды.

Жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің барлық буынында кездеседі. Бірінші буында "ұ" дыбысы келсе, екінші буындағы қысаң дауысты "ы" дыбысы "ұ" болып айтылады. Мысалы, айтылуы - құлұқ, жұлұн, жазылуы - құлық, жұлын. Сондай-ақ, сөз басындағы "Р" дыбысының алдынан да "ұ" дыбысталады (айтылуы - ұрұқсат, ұру; жазылуы - рұқсат, ру)

















Твёрдый, губной, произносится кратко и приобретает звучание между «о» и «у».При произнесении этого звука губы вытягиваются вперёд и слегка округляются, язык отодвигается назад.










hello_html_3a4e4e97.png


Ү, ү — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Қазақ әліпбиінің 28-ші әрпі. Жіңішке, қысаң, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің барлық буынында кездеседі. Сөздің бірінше буынында еріндік дауысты келгенде, екінші буындағы қысаң дауысты дыбыс (і) "ү" болып айтылғанымен, жазуда "і" жазылады. Мысалы, түлүк, өрүк - айтулуы; түлік, өрік - жазылуы














Мягкий, губной, при произнесении этого звука губы вытягиваются вперёд и слегка округляются, язык слегка продвигается вперёд.











hello_html_m250233e2.png

Һһ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Қазақ тілінде бірден бір көмей дыбысын таңбалайтын әріп. «Һ» дыбысы тікелей экспреция арқылы жасалады. Мұны айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды, фонациялық ауа сүзіліп шығады. Сондаықтан, «Һ» - фонемасы ызың дыбыстардың қатарына жатады.

Дауыс қатысы жағынан қатаң дыбысқа жуық. Өзге дауыссыздардан айырмасы мұны айтқанда ауа бөгетсіз, қарқынды шығады. «Һ» фонемасы келетін сөздер қазақ тілінде өте аз. Ол тіліміздің байырға лексикасында бірлі-жарым одағайларда (аһ, уһ, еһе, аһа) және кейбір шығыс тілдерінен енген сөздарде (гауһар, жауһар, каһарман) кездеседі.
















При произнесении этого звука голосовые связки сближаются, но не вибрируют, поток воздуха проходит стремительно, не встречая преград.








hello_html_17a01687.png

Іі — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Жіңішке, қысан, езулік дауысты дыбысты белгілейді. Сөздің барлық буынында жазылады. Бірінші буында еріндік дауысты кездессе, екінші буында «і» жазылғанымен, айтылуда «ү» дыбысталады. Мысалы, жазылуы - түлік, үкі; айтылуы - түлүк, үкү.

Сондай-ақ, сөз басындағы «р», «л» сонаттардың алдында жазылмағанмен, айтылуда олардың алдында «і» ілесіп айтылады. Мысалы, жазылуы - рет, лен; айтылуы - ірет, ілен. Дауысты «і»-ге біткен сөзге «у» қосымшасы жалғанса, соңғы езулік «і» еріндік «ү» боп естіледі (кілкі+у - кілкүу; жазылуы - кілку) 














Мягкий, сверхкраткий, язык более продвинут вперёд, чем при произнесении «ы». Произносится сверхкратко.













ІІ бөлім


Әріптердің сөз құрамында кездесуі





hello_html_m5f036a71.png


В начали слова В середине слова В конце слова

Әр – каждый Дәм – вкус -

Әже – бабушка Сәт – удача -

Әзіл – шутка Дәрігер – врач -

Әдемі – красивый Жәрдем – помощь -




hello_html_mf0310d.png



В начали слова В середине слова В конце слова


Ғимарат – здание Баға – цена -

Ғашық – влюбленный Сағат – часы -

Ғылым – наука Ағаш – дерево -

Ғасыр – век Тоғыз – девять -





hello_html_m659aba3b.png




В начали слова В средине слова В конце слова

Қол – рука Тақта - доска Ақ – белый

Қасық – ложка Ботқа - каша Сұрақ – вопрос

Қысым – давление Салқын – прохладный Ыстық – горячий

Қалам – ручка Мақсат – цель Жаңалық – новости







hello_html_m35789682.png



В начали слова В середине слова В конце слова


- Жаңа - новый Кең – широкий

- Жеңіс – победа Заң – закон

- Жаңғақ - орех Терең – глубокий

- Соңғы – поледний Таң – утро









hello_html_m1d0bef35.png



В начали слова В середине слова В конце слова


Ұя – гнездо Сұлу - красивая -

Ұл – мальчик Мұнда - здесь -

Ұзын – длинный Тұрмыс - быт -

Ұшақ – самолет Сұхбат – беседа -





hello_html_3a4e4e97.png



В начали слова В середине слова В конце слова


Үн - голос Күн - солнце -

Үлкен - большой Гүл - цветок -

Үстел - стол Сүт - молоко -

Үміт - надежда Сүзбе – творог -








hello_html_m250233e2.png



В начали слова В середине слова В конце слова

- Айдаһар - дракон -

- Жиһаз - мебель -

- Қаһарман - герой -

- Гауһар – бриллиант -







hello_html_2a925165.png



В начали слова В середине слова В конце слова


Іс – дело Тіс - зуб Кісі – человек

Ішу- пить Жігіт - парень Сүлгі – полотенцо

Із – след Мінез – характер Негізгі – основной

Ірімшік – сыр Күміс – серебро Кезекші - дежурный











Ү бөлім


Тақпақтар











Ң әрпі


Мен жүремін таңда да,

Іңірде мен бармын.

Мен жүремін шаңда да,

Сіңірде де мен бармын.


Бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң.


Шұңғыл шұңғыл,

Шұңқыр шұңғыл.


Атты таң,

Болма таң.



Ә әрпі


Бар кітапқа бас болған,

Әліппе - ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Әжім әжемнің әрі,

Әжемнің батасы дәрі.

Таныстырар әріппен

Мынау кітап –Әліппең.


«Әліппең» беген аты оның

Басталған қай әріптен? (ә әрпі)


Әліппені игеріп,

Әріптерін жазамын.

Әжемнен кеп,үйреніп,

Әсем үйлер саламын.


Қ әрпі


Қыс қыспаса, қыс па?
Құс ұшпаса, құс па?


Қарға , қарға,қарғалар,

қар үстінде жорғалар.


Қала қара қалақ қалта ақ
қола қора қонақ тақта ла


Қар жауды...
Қатты сағындым мен қысты.
Аққаланы жасаймыз,
Коньки теуіп ойнаймы
з.



Ұ әрпі


Ұзын - ұзын, ұзақ жолда
Ұшақ ұшып барады,
Ұшып келіп, ұшақ жерге қонады.


«Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны, 
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді, 
Ұлу қашты жөнелді»


Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.



Ғ әрпі


Ағабай ағасын,
Ағатай ағасын!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.


Ғарышкерлер ғарышқа,
Байқоңырдан ұшады.
Қарсы алады тағы да,
Біздің елдің құшағы.


Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын..



Ө әрпі


«Ө»- дегенім, Өрік
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп,


« Өнер білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы»


Мөп-мөлдір айна көл 
Тап мұндай қайда көл 
Құстары шулайды, 
Сазаны тулайды.





Ү әрпі


Үстел берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен,
Үлкен екен - демей ме?
Үйренген ғой бесіктен.


Үйрек десе бірінші 
Үкі десе бірінші 
Үміт десе бірінші 
Үсен десе бірінші 
Үтік десе бірінші 
Үй десе де бірінші 
Бұл әріпті қәнекей 
Біреу айтып берсінші.



І әрпі


Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.


Іргебай інген іздеген,

Ілгері кетті ізбенен.


Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Әліппе






Һ әрпі


Ізетті қыз Гүлімжан:

  • Отырған – деп,нұсқайды.

Орындығын ұсынған,

Һ” әрпіне ұқсайды.



Қазақтың көне жерінде,

Айдаһар өмір сүріпті,

Патша боп көп жыл тұрыпты,

Күшсізді талай жалмапты.

Тіссізді талай қандапты...

Талай- талай қаһарман.

Жеңіспенен табысқан

Шыққан осы шаһардан.



ҮІ бөлім


Диктанттар жинағы









Ә әрпі.


Сөздік диктант

Әріп, дәптер, әтеш, әпке, әткеншек, әліппе, әже, дәрі,әке.


Көру диктант

Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,

Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

Әпіндіше әкемнің,

Әкелді де әлгінде.

Әпкесінің әтірін

Әлек шашып әркімге.


Терме диктан.

Ешқашан, ешбір, ешкім, әрқайсысы, әрқилы, ешқайда, әркім,

ештеңе, ешқандай, әркез, ешқайда, әрбір, әртүрлі.



Ү әрпі


Сөздік диктант

Үйрек, үй, Үміт, гүл, үш, түлкі, сүлгі, сүт, түн, үн. (10 сөз)


Сөздік диктант

Үлкен,сүлгі,бұрыш, бүгін,ұқыпты,түн,бұлбұл, үрей,

үкі, ұйықтады. (10 сөз)


Терме диктант

(ү әрпі бар сөздерді теріп жаз)

Ұршық, үркек, ұн, үн, ұнтақ, үскір, мүсін,құс.


Шығармашылық диктан

( “Ү” әрпін қосып жаз)

Г...л, м...сін, ...йрек, ...скір, б...гін, ...міт, к...з.





І әрпі


Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, іл-ді.


Сөздік диктант

Берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (5 сөз)



Терме диктант

(“І” әрпі бар сөздерді көшіріп жаз)

Тәтті тағамдар. Үлгілі оқушы.Үлкен піл. Үміт тәртіпті оқушы.








Ұ әрпі


Сөздік диктант

Құс, жұмыс, ұзақ, шұжық, жұмыртқа, тұз (6 сөз)


Терме диктант

( “Ұ” әрпі бар сөздердің астын сыз)

Жаз.
Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу.


Буындық диктант

Жұ-мырт-қа, ал-мұрт, құ-мырс-қа, ұ-зақ, ұр-шық (5 сөз)





Ө әрпі


Сөздік диктант

Өшіргіш, төрт, көмір, өрік, көз, сөз, өзен, көбелек, нөсер, өнер. (10 сөз)


Буындық диктант

Ө-шір-гіш, кө-бе-лек, сөз-дік, кө-кек, кө-ше, ө-зен. (6 сөз)


Терме диктан

«Ө»- дегенім, Өрік
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп,






Қ әрпі


Сөдік диктант

Қасық, қасқыр, қауын, қаңтар, қарбыз, аққайын, қарағай, құс,

қаурсын, қайық. (10 сөз)


Сөздік диктант

Қармақ, қораз, құйын, қымыз, моншақ, тақпақ тұқым, құлыншақ,

құлақшын, тымақ, қуыршақ.


Терме диктант

Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.





Ң әрпі


Сөздік диктант

Таң, шаңсорғыш, жаңғақ, аңшы, жаңбыр (5 сөз)


Буындық диктант

Шаң-сор-ғыш, жаң-ғақ, аң-шы, қаң-тар, са-ңы-рау-құ-лақ,

шаң-ғы, жаң-быр (7 сөз)


Терме диктант

Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -
Ң - нан сөз жоқ басталған -
Ң - үлестен бос қалған.





Ғ әрпі


Сөздік диктант

Ағаш, ғарышкер, шағала, қарға, сағат, таға, жаңғақ,

аға, балға, шалғы. (10 сөз)


Буындық диктант

А-ға-бай а-ға-сын,
А-ға-тай а-ға-сын!
А-ға деп ба-ға-лар,
А-ға-ның ба-ға-сын.


Терме диктант

Ғарышкерлер ғарышқа,
Байқоңырдан ұшады.
Қарсы алады тағы да,
Біздің елдің құшағы.



Һ әрпі


Сөздік диктант

Гауһар, шаһар, қаһарман, айдаһар, жиһаз ( 5 сөз)


Буындық диктант

ГАУ-ҺАР .ҚА-ҺАР.ША-ҺАР.

ЖИ-ҺАЗ. ҚА-ҺАР-МАН. ЖИ-ҺАЗ-ГЕР. (6 сөз)



Терме диктант

Талай- талай қаһарман.
Жеңіспенен табысқан
Шыққан осы шаһардан.




hello_html_956c4a4.jpghello_html_m1a15b07d.gifhello_html_3d506d9b.jpghello_html_m6f7a8b1d.png


hello_html_7b34772a.png hello_html_33d83a31.png

hello_html_3585cf63.jpghello_html_m24ed335.pnghello_html_m5ae10161.pnghello_html_m6bc09f43.jpg















ҮІІ бөлім


Көрнекілік
















hello_html_69757a0d.pnghello_html_25a5b558.gifhello_html_m6c6739ce.png

әтеш - петух әже - бабушка



hello_html_m35393d81.jpg

hello_html_m4c8c3496.png


дәптер – тетрадь әріп – буква

hello_html_5e4486dd.gifhello_html_m4956891c.jpghello_html_m32c53554.jpg



күн - солнце сүт - молоко





hello_html_5934efc4.png


гүл – цветок



hello_html_4814c25f.jpghello_html_m7d2ed9a3.gifhello_html_m63df354f.jpg

ұя – гнездо бұлт - тучи



hello_html_2b1bc5df.jpghello_html_m505f21ab.jpg

ұшақ - самолёт жұмыртқа – яйцо



hello_html_m44e2cabc.gifhello_html_m5f204928.jpghello_html_m28198911.png

ғарыш – космос ағаш - дерево



hello_html_m15f09a5b.jpghello_html_1cf31b0f.jpg

сағат - часы ғарышкер – космонавт



hello_html_a5f26f5.png

hello_html_6dfb19fd.gifhello_html_m5cb72268.jpg



қоян - заяц қар - снег

hello_html_m1cc6ed41.pnghello_html_m4af3ac1d.png

қарбыз – арбуз қарындаш – карандаш



hello_html_7a730f80.pnghello_html_m7330b550.gifhello_html_m334420c3.jpg

айдаһар – дракоша жиһаз - мебель





hello_html_4cc033d7.jpghello_html_m20f81ab3.jpg

гауһар – бриллиант қаһарман - герой



hello_html_m5540120d.jpghello_html_m4bfc0cec.gifhello_html_m78b8015f.jpg



ірімшік - сыр із - след



hello_html_253dfaa8.pnghello_html_3bc40db3.jpg

кірпі – ежик сүлгі – полотенцо



hello_html_40aba232.jpghello_html_17c08cb3.gifhello_html_e5776e8.png

өрік – абрикос көз - глаза



hello_html_22d6656b.jpghello_html_1e60745f.png

төрт – четыре көл – озеро



hello_html_m381d847.pnghello_html_m2662c34e.gifhello_html_5b13e759.jpg

шаңсорғыш – пылесос жаңғақ - орех





hello_html_m29325873.jpghello_html_m58038449.jpg

Аңшы – охотник тоңазытқыш - холодильник





Общая информация

Номер материала: ДБ-087026

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Логистика»
Курс «Администратор гостиницы»
Курс «Бухгалтерский учет»
Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Основы организации рекреационной деятельности и лечебного туризма»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.