Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыДидактический материал о Павлодаре

Дидактический материал о Павлодаре

Скачать материал

 

Павлодар қаласының № 39 инновациалық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

Павлодар

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar1.jpghttp://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar4.jpg

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar5.jpghttp://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar3.jpg

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

   

 

  «Ертіс өңірінің компоненті» оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспары мен дидактикалық материалдары.

     Павлодар қаласының № 39 инновациалық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты ұстаздары  Темірбаева Бақыт Жүнісбекқызы, Есембаева Бақтылы Иланбекқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

      Бағдарлама Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру  академиясы даярлаған «Орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының» негізінде жасалған оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

     Ұсынылып отырған дидактикалық материалдар Ертіс өңірінің әдебиетін, мәдениетін оқу- тәрбие үдерісінде қолдану мақсатын көздейді.

     Бағдарлама тақырыптық жүйелеу, оқушының ана тілін негізге алу және функционалдық принциптерге негізделіп жасалды. Басты принципі- барлық сөйлеу түрінде меңгерту. Оқушының ана тілін негізге алу принципі-  коммуникативтік қарым- қатынас жасауда оқушының ана тіліндегі білімі, сөйлеу дәрежесі ескерілді. Бағдарламаның бүкіл жүйесі мен мазмұны оқушылардың сөйлеу және таным әрекеттерін қалыптастыруға және оларды дамытуға бағытталған.

     Жинақ білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мәндегі тапсырмалар мен жаттығулардан тұрады. Бағдарламада көрсетілген білімді меңгерту, оқушылардың ойлау қызметін дамыту, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, адамгершілікке, отаншылдыққа, қазақстандық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеу, адамгершілік, гуманистік қасиеттерін қалыптастыру ескерілді.

      Мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушылардың білік, дағдыларын қалыптастыру мақсатына орай жұмыс түрлері де түрлендіріліп отырады. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне, тіл дамыту, жазба жұмыстарын  жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа енгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды мұғалім Ертіс өңірінің материалын қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың тілді білу дәрежесіне, білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, жұмыс түрлерін оқушылармен жеке-жеке  жүргізуіне, өтілген материалды жүйелі қайталауына болады. Сондай-ақ  сабақтан тыс факультатив, үйірме жұмыстарын жүргізуге дайын материал  ретінде қолдануға болады.

 

Барлығы - 34 сағат, аптасына-1сағат

 

        Тілдік  бөлім: Тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпал. Этолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер.

 Қалау рай. Неологизмдер. Қос сөздер. Өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Мақсатты келер шақ.

          Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.     

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім

Тыңдалым

  Мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Сөйлемдерді түсіну және қолдану.

Оқылым

Мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу. Көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну.

Айтылым 

 Ертіс өңірінің әдебиеті, мәдениеті туралы айта алу, өз ойын, пікірін немесе мәтін мазмұнын әңгіме, мазмұндама, диалог, монолог түрінде жеткізе сөйлей білу. Ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша констукцияларды пайдаланып сөйлеу.

Жазылым

Өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу. Мәтін мазмұны бойынша күрделі жоспар құра  алу, реферат, шағын шығарма, мазмұндама  жаза білу.

            Тілдесім

           Оқыған, көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы   сұқбаттарға қатысу, өз көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог- сұрақ. Диалог- мәлімет. Диалогқа қатысу.

 

Ертіс өңірінің әдебиеті мен мәдениетін қолдана оқытудың

бағдарламасы

Әлеуметтік - мәдени ая

 

Тақырыптары

 Сағат

Мерзімі

1. Павлодар Ертіс өңірі тарихының

беттері

1

Тарихи бастауы

1

 

 

2

Табиғи-ресурстық әлеуеті

1

 

 

3

Ауыл шаруашылы

1

 

2. Бүгінгі Павлодар қаласы

4

Бүгінгі Павлодар

1

 

 

5

Білім беру жүйесі

1

 

 

6

Денсаулық сақтау жүйесі

1

 

 

7

Павлодар - спорт орталығы

1

 

 

8

Қаламыздағы атақты спортшылар.

1

 

 

9

Мәдени-демалыс мекемелері

1

 

 

10

Біздің қаламыздың театрлары

1

 

 

11

Мәдени орталықтары

1

 

 

12

Қаланың қазіргі заманғы келбеті

1

 

 

13

Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

1

 

 

14

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі

1

 

 

15

Павлодар облыстық көркемсурет музейі

1

 

 

16

Багаев атындағы мұражай- үйі

1

 

 

17

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай- үйі

1

 

 

18

Шафер мұражай- үйі

1

 

 

19

Павел Васильевтің мұражай- үйі

1

 

 

20

Мәшһүр Жүсіп атындағы  мешіт ғимараты

1

 

 

21

Благовещенск кафедралы соборы

1

 

 

22

«Астана»- мұз сарайы

1

 

 

23

Облыстық кітапхана

1

 

 

24

Қаладағы № 4 балалар кітапханасы

1

 

 

25

Балалар баспа орталығы

1

 

 

26

Жазушылардың есімдері берілген қала көшелері

1

 

 

27

Есімдері берілген...

1

 

 

28

Ескерткіштер. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш

1

 

 

29

Павел Васильевке арналған ескерткіш

1

 

3. Павлодар облысының көрнекі жерлері

30

Жасыбай көлі

1

 

 

31

Шалдай қарағайлы тоғайы

1

 

4. Павлодар облысының геологиялық объектілері

32

Мемлекеттік табиғи қорық - Қызылтау

1

 

 

33

Қоңыр Әулие үңгірі

1

 

 

34

Шыңдар мен ескерткіш орындар

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар Ертіс өңірі тарихының беттері

Тарихи бастауы

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады. Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы - Павлодар қаласы деп аталды. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолы құрылды, кеме қатынасы дамыды. 1938 жылы Павлодар облыс орталығы болды. 1956 жылдан бастап Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының бірі болды. Көмірді өндіру және тың игеру Павлодар облысындағы өндірістік күштерінің дамуына мықты серпін берді.

Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары, көлік жолдары мен Ертіс-Қарағанды арнасының бар болуы 1957 жылы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) қалалары енген Павлодар- Екібастұз аумақтық- өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті.

     Арзан Екібастұз көмірі негізінде қара және түрлі түсті металлургия, машина жасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салалары дамыды. Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

-  Павлодар қаласының тарихы қай жылдан бастау алады?

-  Коряков пошталық форпост қашан пайда болды?

-  Құлынды-Павлодар темір жолы қай жылы құрылды?

-  Павлодар облысындағы өндірістік күштерінің дамуына не мықты серпін берді?

-  Екібастұз көмірі негізінде қандай салалар дамыды?

-  Павлодар- Екібастұз аумақтық- өнеркәсіптік кешеннің құрылуына не әсер етті?

-  Облыс орталығы болып қай жылы бекітілді?

2.  Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

3. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

пайда болды, қаласының, жартысында,  орталықтарының, құрылуына

4. Павлодар Ертіс өңірінің тарихын зерттеу жұмыстарын жүргізіңдер. Алған мәліметтерді ортаға салыңдар.

 

 

Табиғи-ресурстық әлеуеті

Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%- ы, республикалық көмір өндірісінің 70%- ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%- ы тиесілі.    Облыстың әлеуеті химия, машина жасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, жылу станциялары болып табылады.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар, сұрақ- жауап құрастырыңдар.

2. Мәтіннен етістіктерді тауып, шақтарын ажыратыңдар.

3. Төмендегі сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем құраңдар: кешен, энергия, кәсіпорын, станция, көмір, Қазақстан.

4. Мәтін бойынша түсінік айтыңдар.

 

Ауыл шаруашылы

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Негізгі өндірілетін дақыл - бидай болып табылады. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі Шымкент қаласына өтетін ірі мұнай құбыры басталады, Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді.

 

Тапсырмалары:

1.  Сұраулық шылауларды қолданып мәтін бойынша 5-6 сұраулы сөйлем құрастырыңдар.

2.  Зат есім мен сын есімдерді тұлғасына қарай топтастырыңдар.

3.  Бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

4.  Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

 

 

 

Павлодар қаласы

 http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar2.jpg  http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/6_pavlodar6.jpg

Бекхожин Қалижан

Васильев Павел

Горбунов Сергей

Григорьева Ольга

Жақсыбаев Ахат

Исаев Борис

Қани Арман Бақтанұлы

Музалевский Сергей

Нұркенов Жанаталап

Окольничья Татьяна

Поминов Юрий

Семерьянов Виктор

Сорокин Антон

Тоқтаров Рамазан

Тыныбайтегі Ақын

Шевченко Сергей

 

Бүгінгі Павлодар

Бүгін Павлодар қаласы - облыстағы ең үлкен қала болып саналады. Қаланың құрамына Ленин кенті, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі сияқты елді мекендері кіреді. Қаланың аумағы 637,8 мың шаршы км.

Қалалық әкімдік пен қалалық мәслихат жергілікті басқару органдары болып табылады. Қаланың қалалық және ауылдық мекендерінде 331 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 36,7%, орыстар - 47,2%, өзге ұлттар - 16,1%.

Павлодар- өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық.  Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді.

Шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 35 843 адам. Бюджетке түсімдердің көлемі 5335 млн. теңгені құрады.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтін мазмұнын түсініп оқыңдар.

2.  Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

3. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

-         Павлодар қандай қала?

-         Құрамына қандай елді мекендер кіреді?

-         Қала қандай орталық?

-         Павлодарда қандай кәсіпорындар жұмыс істейді?

4.  Тақырып бойынша шығарма жазыңдар.

 

 Білім беру жүйесі

Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Оның ішіне 49 жалпы білім беру мектептері, 48 балабақша, 27 колледж, 14 кәсіби мектеп пен лицейлер, 11 мектептен тыс ұйымдар кіреді. Мұнда оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 44 994, оның ішінде 12 136 - бала бақшадағы балалар.

Қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін 9 бала бақша бар, аралас тілде - 34, олардың ішінде 4 847-ден астам бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді. Қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп пен 20 аралас мектептерде мемлекеттік тілде 8 100 оқушы білім алады.

Қалада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педогогикалық институты, Еуразия инновациялық университеті, арнаулы оқу мекемелері қызмет етеді.

 

    Тапсырмалар:

 1. Мәтінді оқып, өзара сүхбаттасыңдар.

 2. Бір сөйлемді сөз құрамына талдаңдар.

 3. Сендер мектеп бітірген соң қандай оқу орнын таңдайсыңдар? Диалог құрыңдар.

 4. «Менің мектебім» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

 

 Денсаулық сақтау жүйесі

Қалалық денсаулық сақтау жүйесіне емдеу-сауықтыру ұйымдары кіреді - 4 поликлиника, шағын аудандарындағы 5 дербес дәрігерлік амбулатория, ауылдардағы 3 дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем ауруханасы, №1,2 қалалық ауруханалар, облыстық диагностикалық орталық, балалар стоматология поликлиникасы, қалалық балаларды сауықтыру орталығы, жедел жәрдем станциясы, сондай-ақ, жеке меншік медициналық мекемелер.

 

Тапсырмалар:

 1. Сұрақтарға жауап беріңдер:

- Денсаулық деген не?

- Денсаулықты қалай сақтау керек?

- Салауатты өмір салтын қалай сақтауымыз керек?

2.  Денсаулық, дүние сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

3.  Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашыңдар, жаттап алыңдар.

***

Әуелгі байлық – денсаулық,

      Екінші байлық – он саулық,

        Үшінші байлық – ақ жаулық.

***

                                              Тазалық – саулық негізі,

                                                    Саулық – байлық негізі.

***

                                                   Ұйқы – тынықтырады,

 Жұмыс – шынықтырады.

***

         Шынықсаң – шымыр боласың.

4.  «Денсаулық – зор байлық» тақырыбы бойынша шығарма жазыңдар.

 

 

 Павлодар - спорт орталығы

Павлодар - спорт орталығы. Қалада 5 стадион, «Астана» мұз сарайы, 8 спорт кешені, 9 жүзу бассейні, 133 спортзал, «Юность» жеңіл атлетикалық манежі, 3 шаңғы базасы және т. б. бар.

Павлодар қаласы өзінің атақты спортшы жерлестерін мақтан етеді. Олардың ішінде Нагана қаласында өткен XVIII қысқы Олимпиадасының қола жүлдесінің иегері - Людмила Прокашева; келешегі алда, жас шаңғышылар, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпиондары, Турин қаласында (Италия) өткен XX қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары, Республика құрамасының мүшелері - Головко Андрей және Кривушкин Денис; Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан құрама командасының мүшесі, Қазақстан Республикасының және Азиат (Тайланд) ойындарының чемпионы - Валиев Роман; дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, «А» тобындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері - Әлмұқашев Саят және т.б. Павлодар қаласының спорттағы мақтанышы, Қазақстанның бес мәрте чемпионы, республиканың премьер-лигасында ойнайтын - «Ертіс» футбол командасы.

 

Тапсырмалар:

III деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар  құрастырыңдар.

2. Мәтіннен зат есімдерді тауып, жалғауларын анықтаңдар.

II деңгей

1. Мәтіннен  спорт түрлерін табыңдар.

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

I деңгей

1. Павлодар қаласының спорт шеберлері туралы қосымша материал табыңдар, ортаға салыңдар.

Қаламыздағы атақты спортшылар

 

Сөздік

Халықаралық дәреже - международный уровень

Спорт шебері - мастер спорта

Өкіл - представитель

Павлодар спортшыларының спорттық шеберлігі өсуде. 1991 жылы 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 30 спорт шебері даярланды.  2001 жылы 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27 Қазақстан Республикасының  спорт шебері, 165 спорт шеберіне  кандидаттар. 

Облыста спорттың 36 олимпиадалық түрінен 21-і дамытылады, олардың ішінен 7-уі басым спорт түрлері болып табылды. 18 спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының әр түрлі құрама командаларының құрамына Павлодар облысының өкілдері 149 спортшысы енді. Қаламыздағы атақты спортшылар: Р.Валиев (жеңілатлетика), Н.Яковлева (гандбол), В.Подлесный (оқпен ату), А.Иванов (жүзу), К.Сафронов (жеңіл атлетика), т.б. Олар біздің мақтанышымыз.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтіндегі сан есімдерді теріп, түрін анықтаңдар.

2. Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жазыңдар.

3. Тақырып бойынша мәлімет жинап әкеліп, баяндама жасаңдар.

4. Жоғарыда берілген сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар.

5. «Қала спортшылары» немесе «Спорт түрлері» тақырыбында диалог құрастырыңдар.

6. «Спорт-денсаулық кепілі» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.

 

Мәдени-демалыс мекемелері

Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Қалада Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық - драма театры және А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрлары, 5 мұражай - Г. Н. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайы, облыстық көркем - сурет мұражайы, Бұқар Жырау атындағы әдебиет пен өнер облыстық мұражайы, П. Васильев атындағы мұражай үйі, Шафер үйі бар. Достық үйі ашылды, Қала мәдениетін дамытуға Қалалық мәдениет Естай атындағы сарайы, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы, «Космос» Жастар үйі және басқа мәдениет ошақтары үлкен үлес қосуда. Павлодарда 24 кітапхана және 3 кинотеатр жұмыс істейді.

 

Тапсырмалары:

1. Мұражайлар, әдебиет сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.

2. Берліген сөйлемдегі сөздерді  сөз құрамына талдаңдар: Театрлар, мұражайлар, кітапханалар, мәдени-демалыс мекемелері павлодарлықтар үшін мәдени қызмет көрсету орталықтары болып табылады.

3. Мәтінің мазмұнын айтып беріңдер.

4.  «Шынықсаң – шымыр боласың» деген тақырыпқа байланысты шағын шығарма жазыңдар.

 

Біздің қаламыздың театрлары

 

 

Сөздік


Кәсіпқой – профессионал

Топырағы – земля

Маусымның – сезон

Шымылдығы – кулисы

Сомдағы бейнелер – созданные образы


 

Павлодар – бірінші кәсіпқой режиссер Жұмат Шанин, тұңғыш  кинорежисер – актер Шәкен Айманов тағы да басқа өз елі үшін өнерге айтарлықтай үлес қосқан адамдарың топырағы.

1990 жылдың 7 желтоқсанында біздің облыста еліміз егемендік алғаннан кейін бірінші театр ашылды.

1990 жылы Павлодар әкімшілігінің ықыласымен Қарағанды драма театрының бас режисері болып Ерсайын Тәпенов тағайындалды. Бірінші директор болып Б.Т.Тапалшинов тағайындалды. Бірінші мауысымның алғашқы шымылдығы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен  ашылды. Театр ашылғаннан кейін Ғабит Мүсреповтың драматургиясына назар аударылды. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Ақан Сері- Ақтоқты» туындылары сахналанды.

Театрда үлкен залмен қатар кіші зал жұмыс істейді. Осында экспериментальдіқ моноспектакілдер, шығармашылық кездесулер, симфониялық оркестрдің концерті, Абайдың әндері, романс кештері өтеді.

 

Тапсырмалары:

1.  Сұрақтарға жауап беріңдер:

-  Павлодар жеріндегі тұңғыш қазақ театры қашан ашылды?

-  Бірінші бас режисері болып кім тағайындалды?

-  Бірінші директор кім болды?

-  Театр ашылғаннан кейін кімнің драматургиясына назар аударылды?

-  Қазір театрдың бас режисері кім?

-  Театрда неше зал бар?

 - Театрда қандай кештер өтеді?

2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтарын анықтаңдар.

3. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

Театр жыл сайын ... фестивальдерге қатысады. Үздік режиссураға және үздік жеке сомдаған бейнелер номинациялары бойынша ... .

Театрда ... залмен қатар ... зал жұмыс істейді. Осында экспериментальдік ..., шығармашылық ... симфониялық оркестрдің ... концерті, Абайдың әндері, романс кештері өтеді.

4. «Біздің қаламыздың театрлары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

 

 

 Мәдени орталықтары

Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының 18 ұлттық мәдени орталықтары өз қызметін атқаруда. 350-ден аса ҮЕҰ белсенді жұмыс істеуде. Қызмет етіп отырған ҮЕҰ санының өсуі әлеуметтік серіктестікті қолдауға бағытталған мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қалыптасқан өзара қызмет ету жүйесі арқылы іске асуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік мекеме ведомстволық қатарына жататын «Павлодар қаласы білім беру бөлімі», екі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынға кіретін «Бала-жасөспірім клубы «Жігер», 17 бала-жастар және аула клубтарының қосылумен, «Жұмыспен қамту орталығы мен балалар шығармашылығы» 5 балалар аула клубтары құрылымы қамтылған.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді оқып, түсінік айтыңдар.

2. Мәтіннен қазақ тіліне тән әріптері бар алты сөзді теріп жазыңдар.

3. Мәтіннен 3 сөз алып, оларға фонетикалық талдау жасаңдар.

4. Тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

 

 

 Қаланың қазіргі заманғы келбеті

Қаланың қазіргі заманғы келбеті үйлесімді толығуда. Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт пен Благовещенск кафедралық соборы қала тұрғындары үшін сымбатты сәулет құрылыстары ретінде де қабылданады.

    Қаланың, әсіресе қала тұрғындарының демалыс орындарын көгалдандыру мәселесіне үлкен назар аударылады. Қала аумағында 33 тынымбақ, 5 бульвар және Ертіс өзенінің көріктендірілген Орталық жағажайы бар. Жыл сайын қаланың жасыл аймағы кеңеюде, өткен жылы 936 қала шетінде 937 ағаш жер кесегімен қоса отырғызылды, 12 687 м 2 ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды, Студенттер мен оқушылардан құралған «Жасыл ел» еңбек отрядтары қаланы көгалдандыру іс-шараларына белсенді араласады

 

 Тапсырмалары:

1.Мәтінді әңгімелеп айтыңдар.

2. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді тіркесіп тұрған сөзімен көшіріп жазыңдар.

  3. Төмендегі сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңдер: жағажай, отряд

   4. «Ауызбірлік» дегенді қалай ұғасыңдар? Өз ойларыңды айтыңдар.

5.  Тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

 

 

Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/12_potanina.jpg

 

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зертеу қоғамы» базасы негізінде құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді. Мұражайдың негізін фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев қалады. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана және екі филиал бар, олар Д.П. Багаев музей- үйі және Майра Шамсутдинова атындағы өлең шығармашылық музей- үйі.

Музей ашық аспан астында жұмыс істейді. Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.

Экспонаттар саны - 72435

Қызметкерлер саны – 68

Музей орналасқан алаңның жалпы аумағы – 1883,2 м 2

Залдардың экспозиция алаңының пайдалы аумағы – 1300,0 м2

Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың ғылыми өңдеуі дамуда. Музейдің негізгі қорында жетпіс мың экспонаттар саналады.

 

Тапсырмалар:

1.     Мәтінді оқып, таныс емес сөздер бойынша сөздік құрастырыңдар.

2.     Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

3.     Мәтіннен 4 етістікті теріп, морфологиялық талдау жасаңдар.

4.     Мезгіл үстеулерді теріп жазыңдар.

 

 Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/13_jirau.jpg

 

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылдың 1 ақпанында қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.

Қазіргі кезде музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде  13 071 жуығы түпнүсқа болып есептеледі.

Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғулан, Рамазан Тоқтаров,  Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбарак  Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын -жазушылардың,  Жаяу Муса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер адамдарының жеке заттары, жәдігерлері, қолжазбалары, өздері жасаған заттар музейдің баға жетпес құнды қазыналары. Қуғын -сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен соңғы деректер, бағалы құжаттар сақталған.

Экспонаты мол, әрі әсерлі бұрыштарының бірі Всеволод Ивановтың кабинеті. Мұнда жазушының жеке заттары, кітап шкафы, жазу үстелі, орындығы, бес үзбелі қоршау-шымылдық т.б. бар.

Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы, Қамар Қасымовтың Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай Жұмағұловтың балалайкасы құнды жәдігерлер.

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген мейлінше көрікті ағаш үй. Оның іші шамамен бес жүз шаршы метрдей. Осыдан 267 шаршы метірі экспозицияға пайдаланылуда.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар

2.  Сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып,  талдау жасаңдар.

3. Мына сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдаңдар:

Шәкен Аймановтың апатқа ұшырағанда үстінде болған тоны, Иса Байзақовтың ауруханада жатқанда ұстаған шәйнегі, Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған қағаз кесетін ағаш пышағы, Қамар Қасымовтың  Нұтфолла Шәкеновке жасап берген домбырасы, белгілі аспапкер Тоқбай  Жұмағұловтың балалайкасы құнды жәдігерлер.

 

 

Павлодар облыстық көркемсурет музейі

 

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/24_hudoj.jpg

 

     Павлодар облыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемсурет музейі еді.

40 жылғы жұмысында музейде кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қайталанбас жинағы қалыптасты. Музей қорларында 5500-ден астам экспонаттар бар. Жинақтаманың ең маңызды бөлігі - ХХ ғасырдың басында салынған Н. Г. Хлудовтың пейзаждары, оның шәкірттері А. Бортниковтың, Н. Соловьевтың,  Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы. Сонымен қатар А. Черкасский, В. Эйферт, Л. Леонтьев, П. Зальцман, С. Калмыков және т.б. көрнекті шеберлердің шығармалары өз орнын тапқан.  А. Ғалымбаеваның, Қ. Телжановтың, А. Степановтың, С. Айтбаевтың, Г. Исмаилованың, Е. Сидоркиннің,  Ж. Шарденовтың және т.б. авторлардың картиналары жазылды.

Музей коллекциясында Павлодардың алдыңғы қатарлы  кәсіби суретшілердің жұмыстары жинақталған. Павлодарда 1919 жылдан 1929 жылға дейін тұрған белгілі орыс суретшісі В. П. Батуриннің (1863-1938) картиналары жинақтаманың мақтанышы болып табылады.

Жыл сайын музей 15-тен астам экспозиция ұсынады. Музейде өткізілетін суретшілермен кездесулер, мастер-класстар, экскурсиялар, көркем-әдеби және музыкалық кештер, презентациялар, бейнелеу өнері тарихы бойынша видеофильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырады. Музей кеңес беру-сараптау қызметтерін көрсетеді, қала және облыстың оқу мекемелері үшін білім беру бағдарламаларына белсенді ат салысады.

 

Тапсырмалар:

1. Сан есімге морфологиялық талдау жасаңдар.

2. Құрамына қарай зат есімнің түрлерін анықтаңдар.

3. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді жазып алыңдар.

4. 1930-шы - 40-шы жылдары Қазақстанда жұмыс істеген көрнекті шеберлердің шығармалары туралы   тағы қандай  мәліметтерді білесіңдер? Ортаға салыңдар.

 

 

Багаев атындағы мұражай- үйі

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/23_bagaeva.jpg

Д.П.Багаев атындағы мұражай-үй 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Бұл үйде 1910 - 1958 ж.ж. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің іргетасын қалаған, фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүріп, қызмет етті.

Музей ғимараты ХІХ ғ. аяғындағы мещандық тұрмыстың тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылды. Бұл Павлодарда бір ғана мемориалды музей және Қазақстан Республикасындағы фотограф - өлкетанушының рухына арналған жалғыз музей болып табылады.

Музей экспозициясы үш бөлме - залдарында орналасқан,  үйге ХХ ғ. басында шебер фотопавильонды орнықтырды.  Қорық усадьба бар.  Шебердін заттары, фотоаппаратурасы және 50 жылға созылған фото шығармашылығы экспозицияда көрсетілген.

Сонымен бірге заманауи фотосуретшілердің шығармашылықтарына қатысты көрмелер жүйелі ұйымдастырылады.  Басқа музейлермен мәдени байланыстар жақсы жолға қойылды.

Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінге жоспар құрастырыңдар.

2. Сұрақтарға жауап беріңдер

-  Д.Багаев атындағы мұражай-үй қашан ашылды?

-  Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің іргетасын қай кезде қалаған?

- Музей экспозициясы неше бөлме - залдарында орналасқан?

-  Үйге ХХ ғ. басында шебер бірегей нені орнықтырды?

-  Нелер экспозицияда көрсетілген?

-  Неге қатысты көрмелер жүйелі ұйымдастырылады?

-  Басқа музейлермен қандай байланыстар жақсы жолға қойылды?

3. Жалқы , жалпы зат есімдерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

4.  «Багаев атындағы мұражай-үйі»  туралы   әңгімелеп беріңдер.

 

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай- үйі

 

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/22_mairi.jpg

 

Майра Уәлиқызы атындағы ән шығармашылық мұражай үйi 2001 жылдың 30 қаңтар айында ашылды. Бұл 1900 жылы салынған белгiлi көпес Абдул-Фаттах Рамазовтың үйі.

Қазiр архитектуралық ескерткiш ретiнде айтылады.  Ертiстiң ерке сұлу әншiсi Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы дүниеге келген. Табиғи сирек кездесетiн қоңыр дауысты, диапазон жағынан «контральто» болған. Белгiлi этнограф А.В. Затаевич «1000 және 500» өлеңдер жинағының авторы Майраның 14 өлеңiн жазып алған. 1931 жылы ән жинағы жарыққа шығады.

Мұражай екi көрме залынан тұрады, бiрiншi залдағы экспозиция Майраның өмiрi мен шығармашылығын толық таныстырады. Мұражайдағы құнды мұражаттардың бiрi Мемориалдық тақта жазуымен көрермендерді көп қызықтырады.

Көпес Қыстаубаевтың үйiнiң бұрышында iлулi тұрған,  Ленин көшесi, 167 - Майра тұрған үй.

Фото суреттерімен, құжаттары, өзi қолданған ерекше көңіл аударады. Майра киген қызыл-жiбек камзол - шапан көрсетiлген. Майраның өнер шығармашылығын жалғастырушы Қазына Субек қызының, 1916 жылы шыққан гармоны көрсетiлген.

Домбыра, жетiген ілулі тұр. Келесi экспозицияда, мұражайда өтетiн әр-түрлi мәдени шаралар мен кездесу өнер кештерiнiң көрiнiсi көрсетілген. Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев, белгілі фольклер-этнограф Юрий Аравин және эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева сияқты тағы да басқа өнерпаздармен кездесудегi суреттерi iлулi

\.

4-тапсырма.  Кестені мәліметтермен толтырыңдар.

Бұқар жырау мұражайы

Майра Шамсудинова мұражайы

Павел Васильев мұражайы

 

 

 

 

 

 

 Шафер мұражай- үйі

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/21_shafera.jpg

«Шафер үйі» - Қазақстан Республикасындағы жалғыз грампластинкалар мұражайы. 2001 жылғы 21 ақпанында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, музыкатанушы, композитор И.О.Дунаевскийдің шығармашылығын зерттеуші Наум Григорьевич Шафердің бірегей колекциясының базасы негізінде ашылды.

Топтамада магнитофондық жазулардың 25000 грампластинкасы, 1500 магнитофондық жазулардың бобинасы, 1500 аудиокассеталар. Картотекада, композиторлармен мен орындаушыларының музыкалық туындыларының 500 мың карточкалары бар.

Жұма күні (апта сайын) «Шафер үйі»-нің концерт залында Павлодар қаласының жазушылары, музыканттары, әртістері қатысуымен дыбысжазу кештері және әдеби - музыкалық кештер өткізіледі.

 

 

 

 Павел Васильевтің мұражай- үйі

 

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/20_vasileva.jpg

 

Бұл жерде қазіргі күні П. Васильевтің мұражай үйі салынды. Үй ауласында мүсінші Е. Мергенов және архитектор Қ. Монтахаев жасаған П. Васильевтің бюсті қарсы алады.

Екі бөлмелі ағаш үйде көпестің жиһаздары, венскінің үстелдері, вольтер креслосы сақтаулы. Әйнекте ақын жырлаған герань гүлі тұр. Қабырғада  ақынның, туыстары мен жақындарының фотосуреттері, суретшілер Н. Быховецкийдің, П. Лысенконың, С. Музалевскийдің картиналары ілінген.

Мұражай-Үйінің құрылу тарихы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1987 жылы әдебиет бөлімінің ашылуынан бастау алды, бөлім кейін әдебиет және өнер музейіне айналды.

1990 жылдың желтоқсан айында әдебиет бөлімі ақынның үйінде орналастырылды. 1994 жылдың 23 желтоқсанында, ақын П.Васильевтің туған күнінде мұражай-Үйі салтанатты ашылды. Мұражай-үйінде поэзия сүйетін павлодарлықтар үшін әдеби-музыкалық кештер, белгілі әдебиетшілермен кездесулер өткізіледі, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің отырыстары өтеді.

П. Васильевтің шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Васильевтің поэзиясы - бұл біздің мәдениетіміздің қазынасына қосқан бағасыз үлес.

 

Тапсырмалары:

1.Мәтінді оқыңдар және мазмұнын айтып беріңдер.

2. Мәтін бойынша сегіз-тоғыз сұрақ дайындаңдар.

3. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, барлық райларда жазыңдар.

4.Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын сол жоспар арқылы айтып беріңдер.

 

 

 

 

 

Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің архитектуралық ғимараты көркемдігі және айбындылығымен таң қалдырады. Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді. Мешіт ғимараты мөлшері 48 х 48 метрді құрайтын сегіз қырлы жұлдызды бейнелейді, мұнаралар биіктігі – 63 метр, жарты айлы күмбездердің биіктігі – 54 метр. Мешіттің әшекейі Ташкент қаласында дайындалған 434 шамы бар – хрусталь "Зумрад" люстрасы. Мешіт Павлодар қаласының орталығында орналасқан және архитектуралық егер оған баспалдақ негіздерінен қарасақ, әлемге және жақсылыққа ашылған жүрекке ұқсайтынын аңғаруға болады.

 

Тапсырмалары:

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.

2. Берілген сөздерді  құрамына қарай талдаңдар.

Жазылған, бейнелейтін, кесенесінің, орналасқан.

3. Төмендегі нақыл сөздерді оқып, қалай түсінетіндеріңді айтыңдар, есте сақтаңдар.

Ата–анаға ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа. Жорға міндім деп жолдасыңнан ажырама. Жақсы адам ағайынның қамын жейді, Жаман адам ағайынның малын жейді.

4. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Еденге арнайы намаз оқуға арналған кілемдер төселіп, қабырғаға дұғалар жазылған қабырға тақталары ілінген.

 

 Благовещенск кафедралы соборы

 

1999 жылдың 23 қазаны күні  Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы - 1024 кг, ең кішкентайының салмағы - 4 кг.

 Объектіні салуға қала мен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары демеушілік көмек жасады: «Евроазиаттық корпорация», «Богатырь Аксесс Комир» ЖШС, картон-рубероид зауыты, өзен порты, «Судостроитель» АҚ, «Вторчермет» АҚ, «Асыл Ағаш» фабрикасы, «Иртышбизнесбанк» ААҚ, облыс дамуына жәрдемдесу қоғамдық қоры, «Интерфинанс» қоғамдық қоры.

 

Тпасырмалары:

1. Мәтінге сөздік құрастырыңдар.

2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, олардан болымсыз етістік жасаңдар.

3.Мәтіндегі сөз тіркестерін сәйкестендіріңдер.

Кафедралы                   патриархияның

шіркеулік                       қоры

өзен                               көмек

соборының                    корпорация

қоңыраудың                  соборы

қоғамдық                      бұйымдар

Евроазиаттық             қоңыраулары

мәскеулік                       салмағы

демеушілік                     порты

4. Екі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

5. Мәтіннің мазмұны бойынша алты-жеті сұрақтар құрастырып, әңгімелеңдер.

 

 

 

 Астана- мұз сарайы

 

 

     «Астана» мұз сарайы -1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат. Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді. Оның ерекшелігі сонда—жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады.

     Залдың сыйымдылығы 2800 адам,бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады.Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады.

      Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар.

Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен

жабдықтылған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады.

    Әйелдер фитнес клубы, хауызы бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және шынықтырумен  айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған.

Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді.

      Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді.

Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Облыстық кітапхана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік


Өңір – окрестность

Қор  – фонд, запас, резерв                         

Әлеумет – народ, публика

Аймақ – регион, зона, край

Өлкетану – краеведение

Оқырман – читатель


 

       Павлодар Ертіс өңірі – бұл жоғары  мәдениетті әлеуметті аймақ, бұнда жүздеген кітапханалар бар. Бұл қатарда маңызды орынды Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық  кітапхана алады. Ол Павлодар облысының басты кітапханасы болып келеді.

     1896  жылды кітапхананың құрылған  уақыты деп санауға  болды. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық  кітапхана – Қазақстандағы ең үздік кітапханалардың бірі. Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Жыл ішінде кітапханаға 32 мың оқырман келеді және 900 мыңға жуық кітап, журнал беріледі. Бүгін де  әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін  14 бөлім бар.

 

Тапсырма:

ІІІ  деңгей

1. Мәтін бойынша  4-5 сұрақ құрастырыңдар.

2. Берілген сөйлемдерден  бірыңғай  мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемді тауып, мағыналық түрін анықтаңдар.

І деңгей

                             

 

 

 

 Қаладағы № 4 балалар кітапханасы

 

Сөздік


көрме – выставка

безендірілген – украшан

мерейтой – юбилей

іс-шаралар – мероприятия


     

  1969 жылы № 4 балалар кітапханасы негізін салды. Қазіргі кезде кітапхана қорында  25,168 кітаптар сақтаулы. Кітапхана балалар аудиториясына және жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.

        Кітапхана «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Кітапхана әртүрлі көрмелермен безендірілген. Әр жазушының мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

       Кітап қорынан басқа газет-журналдар «Айгөлек», «Бала Би», «Балдырған», «Пайдалы кеңестер», «Денсаулық»  т.б. баспа басылымдары бар. Балаларға   халық  ауыз  әдебиеті, балалар әдебиеті, шетел әдебиеті, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, сөздіктер, түрлі энциклопедиялар, анықтамалар т.б. маңызды кітаптар көп.

       Жылда кітапхана жаңа кітап қорларымен толықтырылады. 

 

Тапсырмалары:

I Сұрақтарға жауап бер:

1. Сен қандай кітапханаларға барасың?

2. Біздің қалада қандай кітапханалар бар?

3. Сенің ойыңша, үлгі ететін  кітапханашының қандай қасиеттері болу керек?

II Мәтіннен зат есімдерді теріп, жалқы және жалпы зат есімдерді екі бағанаға бөліп жаз.

III Күрделі сөздерді (біріккен сөз, қос сөз, сөз тіркесін) теріп жаз.

 

 

IV  Сурет бойынша диолог құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

Балалар баспа орталығы

 

Сөздік:

құрдастарының арасында – среди сверстников

тырысамыз – стремимся

сөз қозғады – затронули (проблему)

 

 

 

      Павлодар облыстық  Оқушылар сарайының баспа орталығы өзінің 20 жылдығын атап өтті.

      Өткен он жылдық ішінде мұнда қаланың жүздеген оқушылары журналистиканың бірінші сабақтарын алды. Балалар он жылдан астам уақыт бойы облыстық радиода республикалық және облыстық жас тілшілер конкурстарында белгіленген өздерінің «Пинг-Понг» бағдарламасын шығарады.

     Оқушы-журналистердің шығарған «Дубль-2» телебағдарламасы құрдастарының арасында  әйгілі. Баспа орталығының басшысы Елена Гран-при жеңіп алған өзінің жеке авторлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Баспа орталықтың дарынды түлектері болашақ мамандықтарын осында таңдады және журналистика факультетіне оқуға түсті.

   Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңдер.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

3-тапсырма. Мәтінде берілген етістіктерді барлық рай түрлеріне қойып жазыңдар.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синоним жазыңдар: әйгілі, жұмыс істейді, болашақ.

 

 Жазушылардың есімдері берілген Павлодар қаласының көшелері

Абай

1945 жылға дейін 10 Март көшесі болған. Белгілі қазақ ақын-ағартушысы Абай Құнанбаевтың (1845-1904) туғанына 100 жыл толуына орай аталған.

Аймауытов

90 - жылдарға дейін қаланың солтүстік бөлігіндегі Лесозавод кентіндегі 36-кең өтпе жер. Баянауыл ауданының тумасы, саяси қуғын-сүргін құрбаны, қазақ жазушы-драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1931) құрметіне аталған.

Арғынбаев

1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 1-сызық көшесі. Қазақтың халық ақыны Темірболат Арғынбаевтың (1889-1940) құрметіне аталған.

Әлсейітов

1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі 1-сызық көшесі. Қазақтың халық ақыны әрі сазгері Құдайберген Әлсейітовтың (1884-1933) құрметіне аталған.

Әуезов

XX ғасырдың 90-жылдарына дейін Лесозавод кентіндегі 32-кең өтпе жер. Белгілі қазақ ғалымы, академик және жазушы Мұхтар Әуезовтың (1897-1961) құрметіне аталған.

Байжанов

1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 25-кең өтпе жер. Қазақтың белгілі халық ақыны, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Баянауыл ауданының тумасы Қали Байжановтың (1877-1966) құрметіне аталған.

Баймұратов

1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 23-меридиандық өтпе жер. Қазақтың халық ақыны, Қазақ КСР-і өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Май ауданының тумасы Нұрлыбек Баймұратовтың (1887-1969) құрметіне аталған.

Бекхожин

Усолка ықшам ауданы. 1991 жылы қазақтың халық ақыны, Павлодар қаласының тумасы әрі Құрметті азаматы Қалижан Бекхожиннің (1913-1990) құрметіне аталды.

Всеволод Иванов

1975 жылға дейін Балқаш көшесі. Жазушы, Павлодар облысының тумасы Всеволод Вячеславович Ивановтың (1895-1963) туғанына 80 жыл толуына орай аталды.

Гоголь (тұйық көше)

Орыстың классик жазушысы Николай Васильевич Гогольдің (1809-1852) есімі берілген.

Достоевский (тұйық көше)

1919 жылға дейін 2-казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. XIX ғасырдың аяғында казактар тұйық атауымен пайда болған. 1919 жылы орыстың демократ жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің (1821-1881) құрметіне аталды.

Дөнентаев

1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі 8-сызық. Қазақтың демократ ақыны, Ақсу ауданының тумасы Сәбит Дөнентаевтың (1894-1933) құрметіне аталған.

Естай

1919 жылға дейін 3-Мещанский тұйық көшесі. 1994 жылға дейін Бебель көшесі. Қазақтың белгілі ақыны, әншісі Естай Беркімбаевтың (1873-1946) құрметіне қайта аталған.

Жаяу Мұса

Қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қазақтың халық ақыны, әнші Жаяу Мұса Байжановтың (1835-1929) құрметіне, 1985 жылы туғанына 150 жыл толуына орай аталған.

Жылқыбаев

1991 жылға дейін 4-өтпе жол. Қаланың солтүстік бөлігінде Лесозавод кентінде орналасқан. Қазақ ақыны, әншісі Май ауданының тумасы Байғабыл Жылқыбаевтың (1896-1977) құрметіне аталған.

Иса Байзақов

1950 жылға дейін Степная көшесі. Қазақ ақыны, әншісі әрі сазгері, Ертіс ауданының тумасы Иса Байзақовтың (1900-1946) туғанына 50 жыл толу құрметіне аталған.

Короленко

1950 жылға дейін Лассаль көшесі. Орыс жазушысы Владимир Галлактионович Короленконың (1853-1921) туғанына 100 жыл толуына орай қайта аталды.

Крылов

Екінші Павлодарда орналасқан. 1956 жылдан орыс мысалшысы Иван Андреевич Крыловтың (1769-1844) есімі берілген.

Лермонтов

1919 жылға дейін 8-Мещан тұйық көшесі, халық аузында Тюремный тұйық көшесі. XIX ғасырдың 80-жылдары онда түрме үйінің салынуымен пайда болған. Орыстың классик-жазушысы Михаил Юрьевич Лермонтовтың (1814-1841) құрметіне аталған.

Майра

Жаңа көшелердің бірі. XX ғ. 80-жылдары пайда болған. Қазақстанның халық әншісі, әрі сазгері, Павлодардың тумасы Майра Шамсутдинованың (1890-1927) құрметіне аталған.

Максим Горький

1919 жылға дейін 3-казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Орыстың классик жазушысы Максим Горькийдің (1868-1936) құрметіне аталған.

Маяковский

1943 жылға дейін 27-Февраля көшесі. Орыс ақыны әрі драматургі Владимир Владимирович Маяковскийдің (1893-1930) туғанына 50 жыл толуына орай қайта аталған.

Некрасов

Ертістің жағалауында қаланың ескі казак бөлігінде орналасқан. XIX ғасырда пайда болып, орыс ақыны Николай Алексеевич Некрасовтың (1821-1878) аты берілген.

Новоселов

1991 жылға дейін 34-кең өтпе жер. Орыс жазушысы, этнограф және Сібірдің қоғамдық қайраткері, Павлодар облысы Железинка ауданының тумасы Александр Ефремович Новоселовтың (1884-1918) құрметіне аталған.

Нұржанов

1991 жылға дейін - 10-сызық. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Қазақтың ақыны әрі аудармашысы Самат Нұржановтың (1902-1945) есімі берілген.

Павел Васильев

1965 жылға дейін - Клубная көшесі. 1965 жылы орыстың ақыны Павел Николаевич Васильевтің (1909-1937) туғанына 60 жыл толуына байланысты қайта аталған.

Сейфуллин

1964 жылға дейін - Ақмола көшесі. 30-жылдары саяси қуғын-сүргінде атылған қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің (1894-1939) туғанына 70 жыл толуына байланысты қайта аталды.

Сорокин

1991 жылға дейін - 28- кең өтпе жер. Орыстың сібірлік жазушысы әрі суретшісі Павлодардың тумасы Антон Семенович Сорокиннің (1884-1928) құрметіне аталған.

Суров

1991 жылға дейін - 33- кең өтпе жер. Орыстың жазушы-драматургі КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Павлодар қаласының тумасы Анатолий Алексеевич Суровтың (1910-1989) құрметіне аталған.

Толстой

1919 жылға дейін 1-Казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Көшенің бір бөлігі XIX ғ. екінші жартысында пайда болған. Орыстың классик жазушысы Лев Николаевич Толстойдың (1828-1910) құрметіне аталған.

Торайғыров

1993 жылға дейін Куйбышев көшесі. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. XX ғ. 30-жылдары пайда болған. Қазақтың ақын демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) туғанына 100 жыл толуына орай аталған. Торайғыров пен академик Сәтбаев көшелері түйісетін тұста ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа 2000 жылы ескерткіш қойылған.

Фурманов (тұйық көшесі)

ХХ ғ. 50-жылдары пайда болып, революционер - жазушы Дмитрий Андреевич Фурманов (1891-1926) құрметіне аталған.

Чернышевский

1919 жылға дейін - Церковная көшесі, 1920 жылдан 1928 жылға дейін - Потанин көшесі. XIX ғасырдың ортасында Коряков станицасындағы шағын казак тұйық көшелері ретінде пайда болған. 1928 жылы орыс жазушысы, әдебиет сыншысы демократ Николай Гаврилович Чернышевскийдің (1828-1889) туғанына 100 жыл толуына орай аталған. Көшедегі Павел Васильевтің музей үйі ауласында оған ескерткіш қойылған.

Чехов

Қаланың оңтүстік бөлігінде, орыстың классик жазушысы Антон Павлович Чеховтың (1860-1904) құрметіне аталған.

Шашкин

1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі - 2-сызық. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Қазақтың жазушы-драматургі, Баянауыл ауданының тумасы Зейін Шашкиннің (1912-1966) құрметіне аталған.

Шәріпов

1991 жылға дейін - 8-өтпе жер. Лесозавод орналасқан. Татар революционері, қазақстандық қоғам қайраткері жазушы Сабыр Шәріповтың (1882-1942) құрметіне аталған.

Шевченко

Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды және Украинаның ұлы ақыны, демократы, суретші Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) туғанына 150 жыл толуына орай аталған.

Щедрин

Екінші Павлодарда орналасқан. XX ғасырдың 50-жылдары пайда болған. Қаланың ескі бөлігіндегі Пушкин көшесінің жалғасы болып табылады. Көшеге орыстың белгілі жазушы-сатиригі Михаил Евграфович Салтыков-Щедриннің (1826-1889) аты-жөні емес, оның лақап аты Щедрин атауы берілген.

Ыдырысов

1991 жылға дейін 2-Широтная көшесі. Қазақ ақыны әрі аудармашысы, Ақтоғай ауданының (бұрынғы Краснокутск) тумасы Қабдыкәрім Ыдырысовтың (1928-1978) құрметіне аталған.

 

1.     Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастыр.

2.     Берілген сөздерді сөз құрамына талда:

өңірімізде, ауылдық, жерлерде, балаларға, спорттың, субьектілері, ауданында.

3.     Салауатты өмір салты туралы өз ойыңды білдір.

       Тілдесім: "Денсаулық" тақырыбына сухбат құрастыр.

 

 

 

 

Есімдері берілген...

С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы. 1896 жылы уездік, 1938 жылдан облыстық кітапхана болып, 1959 жылы жазушы Н. А. Островскийдің аты берілді. 1996 жылы қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) есімі берілді. Директоры - «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» М. Ә. Жиенбаева.

Павел Васильев атындағы қалалық орталық кітапхана. 1949 жылы құрылған. 1979 жылдан бері орыс ақыны Павел Николаевич Васильевтің (1909-1937) есімі берілген.

Бұқар Жырау атындағы әдебиет жөне өнер музейі. 1990 жылы өлкетану музейінің әдебиет бөлімі базасында негізі қаланған. 1992 жылы ашылып, қазақ ақын жырауы Бұқар Қалқаманұлының (1693-1787) есімі берілген. XIX ғ. аяғындағы ағаштан салынған сәулет және тарихи ескерткіш болып саналатын ғимаратта орналасқан.

Вс. В. Иванов атындағы Павлодар облыстық баспаханасы. 1910 жылдан жұмыс істейді. 1917 жылдан қалалық, 1938 жылдан облыстық баспахана. 1965 жылы орыс жазушысы, Лебяжьенің тумасы (қазір Аққу) Всеволод Вячеславович Ивановтың (1895-1963) есімі берілген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. 1960 жылдан бастап индустриалды институт болса, 1992 жылдан техникалық университет, 1996 жылдан қазіргі атауына ие. 1993 жылы қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) есімі берілген. Бірнеше факультеті бар. Мұнда көптеген докторлар мен ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Біздің жерлестеріміздің арасында бірінші ғылым докторы және бірінші профессор атанған Ф. К. Бойко. Университеттің қасбеті алдында Павлодар облысынан шыққан ғалымдар мен ағартушылардың бюстері орнатылған.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы. 1944 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ филармониясының филиалы ретінде құрылып, 1990 жылы қазақ ақыны әрі сазгері Иса Байзақовтың (1900-1946) есімі берілген. Филармония қабырғасынан Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері В. Н. Линчевский мен Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген әртісі В. Н. Кехтер шыққан.

Қ. Бекқожин атындағы №12 мектеп. Екінші Павлодарда орналасқан, 1959 жылдан сегіз жылдық, 1961 жылдан жаңа ғимаратта орта мектеп болып жұмыс істейді және 1995 жылы қазақ ақыны және Павлодар қаласының құрметті азаматы Қалижан Бекқожиннің (1913-1990) есімі берілген.

Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт. 2001 жылдың қазанында ашылған. Қазақтың ойшыл ақыны, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1858-1931) есімі берілген.

    Майра атындағы ән шығармашылығы мұражай-үйі.Мұражай-үй - Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы. 2001 жылы ашылған. Қазақстанның белгілі әншісі әрі композиторы Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың (1927) есімі берілген

Жазылым: Төменде берілген есім сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сын есім жаса.

Күш, көңіл, тәртіп, ақыл, білім, бақыт, мәңгі, бала, мемлекет, азамат, сырт, жаз, пайда, сенім.

Тілдесім: «Қазақстан – менің мақтанышым» тақырыбына монолог құрастырыңдар.

 

 Ескерткіштер

Сұлтанмахмұт Торайғыров ескерткіші

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_toraigirov.jpg

2000 ж. Павлодар қаласында  ақын С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылды. 2009 жылы ескерткіш фонтан жанына  Академик Сәтбаев көшесіне көшірілді.. Мүсінші Е. Сергебаев. Ақынға ескерткіш қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен дайындалған. Ескерткіш қарағайдың жанында тұрған ақынның қола бейнесін береді. С. Торайғыров жастарға тән ақын-лирик және сапалы – қиялшы бейнесінде берілген. Трагизм элементтері тұғырдың шешімдерін толықтырады – қызыл және сұр граниттердің тоғысуы, пирамида түріндегі екі үлкен емес архитектуралық формалар.     

Мүсіннің авторы өнерге еңбегі сіңген қызметкер Есхан Сергебаев.

С. Торайғыров мемориалы қала көркіне айналып, республикалық маңызы бар ескерткішке айналды. Тарих және архитектура ескерткіштері халықтың мәдени жетістігі болып табылады, сондықтан олар мемлекет қорғауында болып табылады.

 

 1-тапсырма. Мәтінді оқып түсініңдер, мәтіннен біріккен сөздерді дәптерге көшіріп жазыңдар.

 2-тапсырма. Мәтін бойынша диолог құрастырыңдар.

 1 тапсырма. Мәтін соңында берілген сөздіктегі сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрап, дәптеріңе жаз.

2 тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Алақанына, ақ сүтіңді, жұмысыммен, үйімнің, жанында, баласын.

Ү л г і: алақанына-алақан  (түбір сөз)+ы (т.ж.ІІІ ж.)+на (Б.с.)

3 тапсырма. Мына сөздерге мағыналас сөздерді тауып, жанына жаз:

Мейірімді -                                                 Алғашқы -

Ұстаз -                                                         Қуатты -

Мереке -                                                      Ана -

Тілдесім: Төменде берілген ана туралы мақал-мәтелдерді

 

 

Павел Васильевке арналған ескерткіш

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_vasilev_p.jpg

2011 жылы 23 қыркүйекте Павлодар қаласында танымал евразиялық ақын Павел Васильевтің (1910-1937) мүсіні мен оның атындағы сквердің ашылу рәсімі өтті.

Сөз шеберінің қола мүсіні қызыл-қара граниттен соғылып, қаланың жаңа бағының ортасына қойылған.

Ескерткіштің конструкциясы ерекше – онда параллель сызықтар жоқ, қуғын-сүргін жылдары қаза болған ақынның трагедиялық тағдырын білдіру мақсатында мүсіннің шеттері сындырылған.

Ескерткіш авторы – Қазақстан суретшілер Одағының облыс орталығындағы бөлімнің төрағасы Қажыбек Баймолдин.

Павлодарлықтар Павел Васильев есімін құрмет тұтады. Оның атында көше, орталық кітапхана бар, ал ақынның мұражай-үйі оның асыл мұрасын зерттеп, сақтау бойынша белсенді жұмыс жасауда.

 

Тапсырмалар:

1.     Мәтінді түсініп оқып, сұраулық шылауларды қолданып сөйлем құрастырыңдар.

2. Төменде берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

          мұражай-үйі, рәсімі, төрағасы, мұрасын.

     3. Мәтіннен үндестік заңына бағынатын сөздерді теріп жаз.

     4. «Қала ескерткіштері» тақырыбына сұқбат құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұқар жырау ескерткіші

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_buharjirau.jpg

1993 ж. ақын, ойшыл және мемлекет қайраткері Бұқар жыраудың туғанына 325 жыл толуына орай Баянаул ауылының орталығында ескерткіш орнатылды.

 

Иса Байзақов ескерткіші

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_baizakov.jpg

1979 ж. халық ақыны, әнші, композитор, актер Иса Байзақовқа Ертіс ауылының мәдениет үйіне ескерткіш орнатылды. Мүсінші Е. Ершов, сәулеткер Б. Мұстафин.

Жаяу Мұса Байжанов ескерткіші

 

 

 

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_baijanov.jpg

2008 ж. ақын және композитор Жаяу Мұса Байжановқа ескерткіш орнатылды. Баянаул ауылының солтүстік жағасындағы Жасыбай көлдерінің 12 км. жерінде орналасқан. Мүсінші Е. Сергебаев.

 

 

 

 

 

 

Жаяу Мұса Байжанов мүсіні

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_baijanov_b.jpg

1972 ж. Жаңатілек ауылының орталық саябағында ақын және композитор Жаяу Мұса Байжановқа арналған мүсін орнатты.

Павел Васильев мүсіні

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_vasilev.jpg

Павел Васильев мұражай үйінің ауласында орнатылған. Мүсінші Е. Мергенов, сәулеткер К. Монтахаев.

 

 

 

 

 

 

Құдайберген Әлсейітұлының мүсіні

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/17_kudaibergen.jpg

 

   Железинка мәдениет үйінің алдында ақын, композитор Құдайберген Әлсейітұлының мүсіні орнатылған

 

Павлодар облысының көрнекі жерлері

 Жасыбай көлі

       Баянауыл тауларындағы көлемі жағынан екінші болып саналатын Жасыбай көлі. Бірақ өзінің танымалдығымен ол бірінші орында. Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге қазақ-жонғар соғыстарының батыры Жасыбайдың есімі берілген. Мұнда тек соның есімімен аталған өткелмен жетуге болады: аңыз бойынша дәл осында Жасыбай қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған екен. Ал өткел тұрған моласы жөнінде мынадай сенім бар. Оған бара жатып тас ала бару керек. Кейін жеткен соң оған тас лақтырып тілек айту керек. Ол міндетті түрде орындалады деген сенім қалған. Көлдің өзінде Махаббат аралы орналасқан. Бұл орын Баян-сұлу мен оның сүйіктісі Қозы-Көрпеш туралы аңызға толы жер. Қазірде бұл романтикалық даңк ғашықтардың аралда оңаша қалуына әсерін тигізеді.

   Тапсырмалар:

1.     Мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беріңдер.           

-         Баянауыл тауларындағы көлемі жағынан Жасыбай көлі нешінші болып саналатын?

-          Бірақ өзінің танымалдығымен ол нешінші орында?

-         Жан-жақтан таулармен қыспақталған көлге кімнің есімі берілген?

-         Аңыз бойынша кім қарсыластарының басым күштерін ұстап қалған ?

-          Ал өткел тұрған моласы жөнінде қандай сенім бар?

-         Көлдің өзінде  не орналасқан?

2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

 тауларындағы, есімімен, тілек айту, сенім қалған.

3. Туған өлкеңнің көрнекті жерлері туралы мәлімет жинап реферат жазыңдар.

    

 Шалдай қарағайлы тоғайы

Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші – ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталады – Павлодар облысында.

Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі – телеуіт. Олар мұнда көп, терісі әдемі көкшіл түсті, кеңестік дәуірде оларды кәсіптік мақсатта аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді сол жақтың тігіншілері әйелдер әшекейлеріне белсенді енгізетін.

 

 

 

 Тапсырмалары:

 

1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

2. «Адам» деген сөзді жіктеңдер, «денсаулық» деген сөзді тәуелдеңдер.

3. Мәтінді негізге алып «Ауруханада» немесе қалалық денсаулық сақтау жүйесінің қызметі жөнінде өз  әңгімелеріңді құрастырыңдар

 

 Павлодар облысының геологиялық объектілері

Мемлекеттік табиғи қорық – Қызылтау

 

 

http://map.pavlodarlibrary.kz/images/stories/thumbnail/3_kziltau.jpg

 

     Облыс аумағында республикалық және халықаралық мәндегі мемлекеттік табиғи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құнды болып табылады  және ерекше табиғи қорғалатын табиғи территория санатына енген. Республикалық мәндегі объектілерге: Драверта үңгірі, Құмыра үңгірі, Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулибұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері шатқалдары, Рахай және үш сала шатқалдары жатады.

Мемлекеттік табиғи қорық - Қызылтау – Баянауыл ауданының Оңтүстік-батысында Сарыарқаның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 60000 га. Сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекен ету жерлерін жүзеге асыру және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аудандастыру жүйесіндегі жағдай – шөлейтті ландшафты аймақ.

Рельефті гранитті тау шоқылары, күмбез тәрізді төбе - шоқылар құрайды. Алаңның тең бөлігін жабық қазаншұңқырлар алып жатыр. Бұл жерлерге тік тастар тән. Тау шыңдарында арша өседі.

Сүтқоректілер: борсық, қасқыр, саршұнақ, қыр күзені, қоян, түлкі және басқалары. Негізгі қорғауға алынған жануар – арқар, сұр құр, құр, бүркіт және басқалары.

 

 

Тапсырмалары:

 Мәтіннің мазмұнын айтып бер

Тілдесім: «Спорт туралы мақал-мәтелдер» тақырыбына диалог құрас

 

 Қоңыр әулие үңгірі.

 «Қоңыр Әулие» атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысы Нұх Пайғамбар заманынан бар. Бүкіл әлемдік су тасқыны кезінде үш көріпкел Нұх Пайғамбардың кемесіне қалып қойыпты, бірақ кемеде орын болмапты, сонда үш бақанды жалғап байлап, бақанға отрып, пайғамбардың кемесіне байланыпты.    Ағыспен олар солтүстіктен оңтүстікке беттеді. Алғашқы болып үлкен әулие Құланның бөренесі тасқа соғылып жұлынып кетті. Бұл Қызыл Тау маңында болған.   Екінші болып тасқа ортаншы бала әулие Қыранның бөренесі ең биік тау Ақбетке соғылды. Кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды. Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған. Осындай табынудың себебі болған үңгір түкпіріндегі қазан. Осы қазан түбіне үнемі су жиналады. Осы суда барлық ауруларды жазу қасиеті бар.

Қазір үңір мыңдаған туристердің келетін жері. Үңгірден Баянауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерінің көрінісі ашылғандай. Қоңыр Әулие үңгіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы 110 метр, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң жасақталды. Үңгірдің жалпы ұзындығы 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады.

 

Тапсырмалар:

   1. Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастыр.

   2. Сұрақтарға жауап бер:

     - «Қоңыр Әулие» атауы жердің жануарлар мен құстар әлемін қорғаушысы қай         

         заманынан бар?

     -  Алғашқы болып үлкен әулие Құланның несі тасқа соғылып жұлынып кетті?      

    -   Кімнің бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды?

    -  Қазір үңір кімдердің келетін жері?

    -  Қоңыр Әулие үңгіріне көтерілетін баспалдақтардың ұзындығы неше метр?

    -  Үңгірдің жалпы ұзындығы неше метр, үңгір неше камерадан тұрады?

 

     3. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жалқы және жалпы зат есімдерді екі бағанаға     

           бөліп жаз.

      4.  Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

     Кенже әулие Қоңырдың бөренесі үңгірке келді де, ол осы жерде қоныстанды.      Сол себепті үңгір қажылықтың киелі жері саналған.

 

Шыңдар мен ескерткіш орындар

Найзатас шыңы. Соғыс пен шабуыл кезінде күндіз-түні Найзатас шыңынан тұрғындар тауларға беталыстарды бақылап отырған. Мыңдаған адамдар мен ауылдар шабуыл мен соғыстардан қорғану үшін таулы аймақтарда мекендеген. Шың басына тек бір жолмен көтерілуге болады. 700 метр биіктікте Қазан орналасқан, қазан ішінде суы бар. Шың найза пішінді, сол себептен шыңды Найзатас деп атайды.

Кемпіртас шыңы туристердің ең көп баратын объектісі болып табылады. Кемпіртас шыңының бірегейлігі оны табиғаттың өзі жел, күн және су күштерімен, ертегідегі Жалмауыз Кемпір (Кемпіртас) образын ұштап жаратқаны. Кемпіртас шыңы Торайғыр көлінен Жасыбай көліне қараған жолдағы биіктеген нүктелерден көрінеді.

Саймантас шыңдары. «Саймантас» шыңдары осындағы демалушылардың ең сүйікті орындарының бірі. «Тас ғажайыптарының алқабы» деп «Ат басы», «Ожаутас», «Тақиятас» шыңдары аталып кеткен. Тас колонналар адам ағзасының сәби шағынан бастап кәрі шағына дейінгі эволюциясын көрсетеді. Бұл ғажайып - табиғат жаратылысы.

Жасыбай батыр қабірі (XVIII ғ.) - қазақ халқы үшін ескерткіш орындарының бірі. Ол тарихта таңбаланған дәуір «Ақтабан - шұбырындыны» - «Ұлы жұт жылдарын» еске салады.

«Жазуы бар тастар» - түсініксіз таңбалар, суреттер, тотемдер. Олардың пайда болуы мен мәнін түсінбеген соң, адамдардың қиялы тастарды магиялық күшке бөлеген, оларға мистикалық мән берген. Адам бұл жерлерден аулақ болуға тырысқан. Жазулардан 15 фигураны көруге болады, олардың ішіндегі 10-ы әртүрлі тұрыстағы адамдардың бейнесі, үшеуі күмәнсіз ер адамдарға тиесілі. Күмбездер мен қабырғалар тазалығымен ерекшеленеді. Бұл табынуға арналған заттарды сақтау орны ретінде болған. Дөңестегі суреттер діни немесе магиялық мәнде болған. Көршілес үңгірлер кең әрі сыйымды, мекендеуге әлдеқайда жақсы тұрақ.

 

  

    Тапсырмалар:

  1. Қазақ тіліне аударыңдар. Сөйлем кұрастырыңдар.

   На востоке города, на западе города, на севере, возле дома, в центре города.

-         Павлодар облысының ең биік шыңдарын ата?

-         Павлодар облысы қай жерлерімен көрікті?

-         Жасыбай батыр қабірі нені еске салады?

  2. Павлодар облысының ең биік шыңдары туралы айтыңдар.

   3.Шындар мен ескерткіш орындары туралы қосымша мәліметтер жинап ортаға салып сұхбаттасыңдар.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

«Ертіс өңірінің компоненті» .............................................................................2

Түсінік хат............................................................................................................3

Ертіс өңірінің әдебиеті мен мәдениетін қолдана оқытудың бағдарламасы...4

Павлодар Ертіс өңірі тарихының беттері беттері ............................................7

Тарихи бастауы......................................................................................................

 Табиғи-ресурстық әлеуеті....................................................................................

Ауыл шаруашылы.................................................................................................

Бүгінгі Павлодар қаласы .....................................................................................

 Бүгінгі Павлодар..................................................................................................

Білім беру жүйесі....................................................................................

Денсаулық сақтау жүйесі................................................................................... Павлодар - спорт орталығы.................................................................................

Қаламыздағы атақты спортшылар.……………………

Мәдени-демалыс мекемелері......................................................................18

Біздің қаламыздың театрлары.................................................................

Мәдени орталықтары …..............................................................................

Қаланың қазіргі заманғы келбеті......................................................................

Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы..............................................

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейі...........................

Павлодар облыстық көркемсурет музейі........................................

Багаев атындағы мұражай- үйі ……………………………………….

Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай- үйі.......30

Шафер мұражай- үйі.............................................................

Павел Васильевтің мұражай- үйі..................................................... ............

Мәшһүр Жүсіп атындағы  мешіт ғимараты............................................................

Благовещенск кафедралы соборы....................

«Астана»- мұз сарайы...................................................

Облыстық кітапхана............................................................

Қаладағы № 4 балалар кітапханасы …………………………...………….

 Балалар баспа орталығы.....................................................................41

Жазушылардың есімдері берілген қала көшелері........................................

Есімдері берілген...................................................

Ескерткіштер. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ескерткіш............

Павел Васильевке арналған ескерткіш............................... ......

Павлодар облысының көрнекі жерлері...............................................

Жасыбай көлі.................................................................

Шалдай қарағайлы тоғайы...............................................52

 Павлодар облысының геологиялық объектілері..............................

Мемлекеттік табиғи қорық - Қызылтау.................................................................

Қоңыр Әулие үңгірі..............................................................

Шыңдар мен ескерткіш орындар.........................................................

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дидактический материал о Павлодаре"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ұсынылып отырған дидактикалық материалдар Ертіс өңірінің әдебиетін, мәдениетін оқу- тәрбие үдерісінде қолдану мақсатын көздейді. Бағдарлама тақырыптық жүйелеу, оқушының ана тілін негізге алу және функционалдық принциптерге негізделіп жасалды. Басты принципі- барлық сөйлеу түрінде меңгерту. Оқушының ана тілін негізге алу принципі-  коммуникативтік қарым- қатынас жасауда оқушының ана тіліндегі білімі, сөйлеу дәрежесі ескерілді. Бағдарламаның бүкіл жүйесі мен мазмұны оқушылардың сөйлеу және таным әрекеттерін қалыптастыруға және оларды дамытуға бағытталған. Баршаңызға қызық мәлімет болар деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 168 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2015 2525
    • DOCX 2.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темирбаева Бакыт Жунусбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темирбаева Бакыт Жунусбековна
    Темирбаева Бакыт Жунусбековна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7711
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 838 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе