Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Дидактикалық ойындар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Дидактикалық ойындар

библиотека
материалов

Дидактикалық ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.


ЕҢБЕК


Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру;

- еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету;

- айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

- материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру;

- балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға көмектесу (өзінің және жолдастарының). Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру;

- өзінің, үлкендердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу;

- ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру.

- еңбекке қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту.


Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің сыртқы кейпін қадағалау қажеттілігін дамыту (өз бетінше киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді уақытында кептіру).

Өзінің сырт кейпіндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы кейпіндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, үлкендерге дастархан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды сыпыру, құмға су құю, қыста жолды қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға үйрету.

Өз бетімен және жауапкершілікпен дастархан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.

Сабаққа қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).


Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлеріне қатыстыру:

- күзде үлкендерге балабақша ауласын (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;

- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға.

Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.

Жұмыс үдерісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.


Қол еңбегі

Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек үдерісінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.


МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚТАР


Мақсаты: шығармашыл белсенді тұлғаны, эстетикалық эмоцияларды, сезімдерді, қарым-қатынастар мен қызығушылықтарды қалыптастыру.

Міндеттер:

- қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру;

- мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтық сезімдерді дамыту.


Мазмұны:

Балалармен мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні. Осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру. 

Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде түсініктерін кеңейту.

Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).

Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.

Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл-күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды үн қосуға үйрету.

Мектепке дейінгі ересек жас балаларымен спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.

Балалардың ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.

Достық сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.

Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.

Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда
     


  2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.


  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.


  4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.


  5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
     


  6. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.


  7. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.


  8. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.


  9. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.


  10. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.


  11. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.


  12. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.


  13. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.


  14. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.


  15. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.


ҚОСЫМША


ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ


Жүгіруга арналған ойындар: «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы», «Аққу-қаздар», «Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын», «Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың апаны».

Секіруге арналған ойындар: «Қасқыр мен қояндар», «Кім жақсы секіреді?», «Қоян мен қасқыр», «Түлкі тауық қорада», «Мысық пен тышқан», «Еденде қалма», «Төмпешіктен төмпешікке», «Сыныптар», «Маймылдар», «Торғай мен мысық», «Күміс алу», «Ақ қоян».

Еңбектеп және өрмелеуге арналған ойындар: «Мысықтар мен күшіктер», «Қойшы мен табын», «Құстардың келуі», «Мысық пен қаздар», «Жалауға дейін тез жүгір», «Өрт сөндірушілер», «Күрес».

Лақтыру, домалату, қағып алуға арналған ойындар: «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырам, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Жалаушаға лақтыр», «Түйреуішті құлат», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Асықтар», «Алысқа лақтыр», «Таяқ-тастау».

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар: «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орныңды тап», «Тығылмақ», «Тас кімде?».

Эстафета-ойындар: «Жұптасқан эстафета», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар».

Судағы ойындар: «Фонтан», «Қорапша», «Теңіз толқиды», «Туннелдегі поезд», «Суды ұста», «Теңіздегі толқын», «Өкшеңді көрсет», «Шеңбер ішіне кір», «Ау».


ҰСЫНЫЛАТЫН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ


Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар

Халық ауыз шығармашылығы: мақал-мәтелдер, жұмбақтар. 

Қазақ халық ертегілері: «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен жаман», «Жігіт пен мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Ақсақ құлан» (аңыз), «Болашақ батыр» (өсиет).

Орыс халық ертегілері: «Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ», «Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Аленушка мен Иванушка», «Түлкі мен қоян», «Шаруа пен аю», «Шортанның бұйрығымен».

Әлем халық ертегілері: «Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Айога» (нанай халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Пых» (белорусь халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі), «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі), «Екі сараң аю» (венгр халық ертегісі), «Асығам деп, күлкіге қаласың» (поляк халық ертегісі), «Ескі әмиян» (латыш халық ертегісі), Ш. Перро «Перінің сыйлығы».


Қазақстан, Ресей және ТМД елдері 

жазушыларының әңгімелері

Ыбырай Алтынсарин «Аурудан - аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта», Жәнібек Карбозин «Алша», Мәдіхат Төрежанов «Өмірдің қайнар көзі», «Бұзау», «Көмек», «Ақ лақ», «Бұлбұл»; Дүкенбай Досжанов «Жылқышының ұлы - Ардақ», Өтебай Тұрманжанов «Ақ бота», Лев Толстой «Құс», Эдуард Шим «Тас, Бұлақ, Сүңгі және Күн», «Күн шуағы»; Евгений Чарушин «Бөлтірік». 

Өлеңдер: Мұзафар Әлімбаев «Менің ойыншықтарым», «Мысықтың әдеттері», «Әдептілік әліппесі»; Оразақын Асқаров «Біздің ит»; Қабдыкәрім Ыдрысов «Жайлауда»; Қадыр Мырзалиев «Өзім»; Әнуарбек Дүйсембиев «Жоғалған зат»; Жаркен Бодешев «Алма»; Қосжан Мүсірепов «Қырсық мысық»; Сергей Есенин «Ақ қайың»; Сергей Баруздин «Бөрене»; Расул Гамзатов «Менің атам»; Георгий Ладонщиков «Аю тұрды ұйқыдан»; Корней Чуковский «Айболит пен торғай».


Әңгімелеуге арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті

Қазақ халық ертегілері: «Түлкі мен әтеш», «Қаңбақ шал», «Шықбермес Шығайбай» және т.б.

Орыс халық ертегілері: «Шалқан», «Кірпі», «Алтын жұмыртқа», «Зәулім үй», «Бауырсақ», «Түлкі мен шаян».

Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдері жазушыларының әңгімелері: Мәдіхат Төрежанов «Еңбегіне қарай», «Мен оны кешірдім», «Кішкентай бағбан»; Сафуан Шаймерденов «Ине»; Евгений Чарушин «Біздің аулада»; Лев Толстой «Екі жолдас», «Арыстан мен тышқан», «Әкесі мен балалары», «Өтірікші», «Оқымысты ұл»; Константин Ушинский «Дәрі-дәрмек», «Күшіңе сенбе», «Васька», «Көкек»; Валентина Осеева «Жаман», «Жақсырақ»; Евгений Чарушин «Торғай»; Наталья Калинина «Қар домалағы»; Евгений Пермяк «Қол не үшін керек?»; Виталий Бианки «Түлкі мен тышқан».


Жаттауға арналған шығармалар

Халық ауыз әдебиеті: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жаңылтпаштар.

Тақпақтар: Мұзафар Әлімбаев «Күздің белгілері», «Күшік мұны білмеген бе?», «Биші есек», «Асфальттағы суреттер»; Қастек Баянбаев «Киіз үй», «Қараторғайдың үйшігі», «Бүлдірген»; Әнуарбек Дүйсембиев «Жер ананың балалары», «Күн батарда», «Қыстың қамы», «Жаз»; Қәбдікәрім Ыдрысов «Менің елім»; Әбубәкір Қайранов «Әже»; Қадыр Мырзалиев «Ақ тас»; Алексей Плещеев «Күз», «Ауыл әні»; Ирина Токмакова «Емен»; Самуил Маршак «Шырша жыры»; Иван Суриков «Алғашқы қар»; Евгения Трутнева «Жаңа жылмен!»; Иван Никитин «Қош келдің, Қыс»; Ольга Высотская «Көктеммен тілдесу»; Евгения Трутнева «Аналар күні»; Платон Воронько «Шырша түбіндегі үй», «Тәтті нан»; Сергей Есенин «Мойыл».


СУРЕТ САЛУ САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫП ҮЛГІСІ


Заттық сурет салу

«Автобус пен жеңіл машина»

«Мен және менің анам»

«Күзетші жауынгер»

«Шекарашы мен ит»

«Аяз ата»

«Қарша қыз» оның ғажайып үйі, сүйікті жанауралары — бұғы, қоян, ит, аю және т.б.

Ертегі кейіпкерлерінің көлік құралдары — шана, машина, ұшақ және т.б.

«Қардағы жапырақсыз ағаш»

«Қазақ биі»

«Аю жаттығу жасайды»

«Биші Петрушка»

«Балалар дене шынықтырумен айналысады»

«Аяз ата шырша жанында»

Затқа қарап сурет салу

«Құмған»

«Үлкен-кіші табақтар»

«Торсық»

«Терек бұталары»

«Гүлдейтін ағаш»

«Бүршік жарған бұталар мен ағаштар»

«Гүл жамылған дала»

Сәндік бейнелеу

«Қоржынды сәндейміз»

«Қымыз құятын тостаған»

«Тостаған»

«Саздан жасалған табақ»

«Қар кесегі»

«Атама арналған тымақ»

«Сәукеле»

«Дастарқан»

«Жаулық» (қазақ өрнектері мен сәнді маталар қолданып)

«8 Наурыз ашық хаты»

«Анама арналған мата»

«Қолғап»

«Ертегідегі құстар» 

«Мерекелік дастарқан»

«Сырмақты әшекейлейміз»

«Алашаны әшекейлеу»

«Қазақ ұлттық киімін киген қуыршақ»

«Кебежені өрнектеу»

«Ыдысқа әдемі сурет саламыз»

Сюжеттік сурет салу

«Бақшада алмалар пісіп тұр»

«Күздегі орман мен бақ»

«Жаңбырлы күн»

«Астық жинау»

«Үй құрылысы»

«Біздің әкеміз — шахтер»

«Гүлдене бер, Қазақстан»

«Каспиидің балықшылары»

«Байқоңырдан зымыранды ғарышқа ұшырамыз»

«Республика күніндегі от шашу»

«Көшедегі мереке»

«Менің сүйікті ертегім»

«Қызғаншақ екі қонжық»

«Қоян мен түлкі»

«Түлкі, қоян және әтеш»

«Қызыл Телпек»

«Аққу-қаздар»

«Қыстағы шуақты күн»

«Қыстағы бұлыңғыр күн»

«Жаңа жылдық мереке»

«Біздің әсем шыршамыз»

«Қыста балалар аулада ойнап жүр»

«Біздің көшедегі көліктер»

«Қысқы қала»

«Кешкі қала»

«Балалар жаттығу жасайды»

«Құрылысшылар жаңа үй салады»

«Анам (әкем) мені балабақшаға апарады»

«Балалар мерекеде билейді»

«Сең жүру»

«Құстардың қайтуы»

«Көрікті көктем»

«Гүлденген бақ, шалғын»

«Туған табиғатымды не үшін жақсы көремін?»

3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

4 -5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді дыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйқтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
«Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

«Сөзді айқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан

«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап – жақсы аспап

З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
Ойын барысы:

1 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.

2 – нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.

3 – нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді

«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі – с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.

«Сөздегі бірінші дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)

«Сөздегі соңғы дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.

«Асықпай ойлан»
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бір-неше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға…)
Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бі дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, ток, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж – Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді.
Бөлмеде екінші дыбысы а болғандай сөздерді ойлап табыңдар (тарақ, қалта, тарелка, тақта…)

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.

1) Дыбыстың артикуляциясы.
– тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
2) Дыбысты сөзде танып білу
Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.
3) Буынұйқастар :
. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
4) Жаңылтпаштар:
Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.
л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізү
1) л – р дыбыстарын белгілеу.
– Балалар естеріңе түсіріңдерші Тіл үндіктің жуан әнін қалай айтады. (“Л-л-л”.) Ал енді мотордың әнін еске түсірейік (“Р-р-р”.)
– Мен сендерге суреттерді көрсетемін, ал сендер л-р дыбыстарын нақты айтасындар.
2) Буынұйқастар:
Ло-ол-ор- торғайға жасадым тор; ло-ло-ро – Мальвинаның досы Пьеро; ал-ар-ал – көл жиегінде тал;
Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау.
3) Сөйлеммен жұмыс.
Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім …
4) Жаңылтпаштар:
Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.
5) Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу.
Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.

Аққала
Қыс келді. Дала аяз. Олжас пен Ләйлә жылы тон, колға колғап, мойынға ала бөкібай салып далаға шықты. Олжас пен Ләйлә аулада аққала жасады. Олжас пен Ләйлә көңілді.

Орманда
Жазда Рамазан ауылға барды. Онда Рамазанның Раушан әжесі Арлан атасы тұрады. Арлан атаның қорасы бар қорасында арбасы бар. Арбаға атты жегіп Рамазан мен Арлан-ата орманға барды. Орманда араның ұясын көрді. Раушан әжеге араның балын әкеп берді.

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?

Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?

Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйық.

Осы арада ойынға қатынасушылар өздері білгенінше жануарлардың дыбыстарын айтады. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да қалғандарына ем айтады. Ем дегеніміз ұпайдың түрлері. Мысалы, Ермек — өлең, Боқан — жаңылтпаш, Сәрсен — көбейту кестесін айтып берсін. Таубай жұмбақ шешсін, тағы-тағылар.

Жануарлардың дыбысталу жайын ең көп білетін және дұрыс атай білетін бала, мысалы, былай деп түсіндіреді:

Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.

Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.

Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады, т. т.

Үй жануарлары 
Білім саласының мазмұны: «Қатынас», «Шығармашылық» 
Білім бөлімдері: Тіл дамыту 
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 
Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. 
Көрнекіліктері: Үн таспа, үлгі суреттер. 
1.Сәлемдесу: Арайлап таң атты 
Алтын сәуле таратты 
Жарқырайды қаламыз 
Жайнай түсті даламыз 
Қайырлы таң балалар 
Қайырлы таң апайла 

2.Жыл мезгілі: 1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
2.Көктемде ауа-райы қандай болады? 
3.Көктем туралы кім тақпақ біледі? 
4.Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады? 

Тәрбиеші: Балалар көктемде ауа-райы жылы болады, ағаштарымыз жасыл көйлек кигендей жайнай түседі. 

Тәрбиеші балаларға үй жануарлары туралы жұмбақ жасырады. Үй жануарларының суретін көрсете отырып, үй жануарлары және олардың төлдерімен танытырады. 



1.Суретпен жұмыс. 
1. Сұрақ жануарлардың атын ата! 
2. Төлдерін ата. 

Ойын: Енесін тап! 
Сергіту: Шөре,шөре. 
Көрініс: Мақта қыз бен мысық . 

Ал балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап қайтайық . 

Сюрпризный момент: Есік тоқылдайды. 

Ауылдан әжесі келеді. 
1. Әжесінің сөзі: Саламатсыңдарма балалар? 
Тәрбиеші: Балалар әжеміз ауылдан қонаққа келіпті. Амандасу. Демалыңыз. 

Балалар сізге тақпақ айтып береді. 

1. Абылай Құлыншағым- құндызым 
Құлдырайды, шабады 
Жылтылдаған жұлдызым 
Құстай қанат қағады 

2. Шұғыла Қара көзің мөлдіреп, 
Қызықтырмай қоймайды 
Жібек жүнің үлбіреп 
Қарасам, көз тоймайды. 

3. Нұрсұлтан Шөре-шөре, лағым 
Тентек болма,шырағым 
Секектеме, деміңді ал, 
Селтеңдемей құлағың 

4. Мейірім Момақаным менің, 
Маңырама, төлім. 
Тойғызады кешке 
Енең келіп сенің. 

Әже: Рахмет балалар үй жануарлары туралы тақпақ біледі екенсіңдер, ал осы жануарлардың қалай дыбыстайтынын танып білесіңдер ма? 

Тәрбиеші: Балалар бәрін біледі. Мадақтау. 

Әже: Ой жарайсыңдар , ауылдан сыйлық әкелдім. Сабақ біткен соң таратып береді. Қоштасу. 

Тәрбиеші: Санамақ . Кел санайық санамақ 
Саусақтарды даралап 
Басбармағым алғашқы 
Бал үйрек жалғасы 
Ортан терек кезекші 
Шылдыр щүмек көмекші 
Шынышағым балапан 
Бәріне ортақ алақан. 

Әнүй сабағы. Сәлемдесу. Қошақан әні. 
Қорытынды: 1) Балалар қандай жануарлармен таныстық? 
2) Төлдерін білеміз ба? 
3)Балалар сиырдың төлін қалай атаймыз?Бұзау. 
Бұзау қалай дыбыстайды? Мөө. Оларды қалай шақырамыз? Ауқал. Сиырдан біз не аламыз? Қатық,ірімшік,сүт аламыз. 

Сұрақ – жауап әдісі арқылы іс - әрекетті қорытындылаймыз. 

Үй жануарлары

Жарияланды 20-03-2013, 22:57 Категориясы: Бала-бақша 

Білім аймағы: Қатынас
Саласы: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру. Жұмбақтарды шешу арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету. Сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үй жануарлардың төлдері туралы айту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдістері: Әңгімелесу, түсіндіру, суретпен және тақтамен жұмыс, жұмбақ шешу, ойыншықтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: жануарлардың суреттері, интерактивті тақта, аудиожазба, ойыншықтар, тағамдар, магнитті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі:
Жылулық шеңбер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Қандай?
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Көктемнің айларын атаңдаршы.
Көктемнің алғашқы белгілерін білесіңдер ме?
• Күн жылынып, жерді қыздырады.
• Күн ұзарып, түн қысқарады.
• Қар астынан қылтиып, алдымен бәйшешек гүлі шығады
• Ағаштар бүршік атады.
• Көктемнің бұлақтары, шалшық - сулары құрғай бастайды.
• Туған жерге құстар орала бастайды.
• Жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыдан ояна бастады.
• Құстар ұя сала бастады.
• Жануарлар балалай бастады.

Тәрбиеші: Ал енді бәріміз бірігіп көктем туралы бір тақпақ айтайық.

Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар, орындарына отырыңдар.
Жаңа сабақ: Ал енді сабақтың тақырыбын ашу үшін бізге жұмбақ шешу керек. Мұқият тыңдап, жауап беріңдер.

1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны сағыз,
(сиыр)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
3 Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.
(қой)
4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса – дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
(ешкі)
5. Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
(түйе)
6. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.
(есек)
7. Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(ит)
8. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
(мысық)
Балалар жауап берген сайын, жануарлардың суреті тақтаға ілінеді.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, бәрін таптыңдар. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары» екен. Қазір мен сендерге осы үй жануарлары туралы әңгіме оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Үй хайуандары
М. Дулатов
«Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады. Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қысты күні соғымға сояды, терісін сатып, ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды».

Тәрбиеші: Сонымен үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді, адам оған қамқорлық жасайды, күтеді, тамағын, суын береді, ал сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді екен.

Тәрбиеші: Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Қой – қозы
Ешкі – лақ
Түйе – бота
Есек – қодық
Ит – күшік
Мысық – мысықай - марғау

Тәрбиеші: Керемет бәрін таптыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар. Ал қазір біз жануарлардың адамға қандай пайдасы барын айтамыз. Кәне бастайық.
Балалар жауап береді, тағамдарды көрсетеді.

Сиыр – сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт, ет, терісінен киім тігеді.
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет.
Түйе – жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.
Есек – жүк тасиды.
Ит – үйімізді, малымызды күзетеді.
Мысық – тышқан аулайды.

Тәрбиеші: Балалар ал енді кішкене сергіп алайық, шаршаған шығарсыңдар, шеңберге тұрамыз. «Төлдер» әнін айтамыз.

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Секең-- секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп - ақ.
Тыным тапсаң болмай ма,
Секірмей - ақ кей уақ.

Томпаң – томпаң торай,
Дауысының зоры - ай.
Дөкей бола қаласың,
Толысымен он ай.

Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.

Тәрбиеші: Не қалай дауыстайды? дидактикалық ойын ойналады.
Сендердің алдарында сыйқырлы үй тұр. Ал сол үйдің ішінде кім тұрады белгілерің келеді ме? Ендеше мұқият болыңдар, тыңдаңдар да айтыңдар бұл не?
Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады, интерактивті тақтада сол жануардың суреті шығады слайд бойынша.

Балалар кім жануарлар туралы мақал біледі? Қане айтып беріңдерші.
Дильназ:
Мал өсірсең қой өсір,
өнімі оның қол - көсір.

Мөлдір:
Ат – адамның қанаты,
Ас – адамның қуаты.

Амина:
Малды баға біл,
Бабын таба біл.

Еркеназ:
Өрісіне қарап мал өсір,
Өзеніне қарап тау өсір.

Қорытынды: «Не артық?» ойыны ойналады.
Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдар аралас қойылады, балалар жабайы аңдарды алы тастау керек. Қалған жануарларды бір бірден сипаттайды, олардың адамға пайдасы туралы айтады.

Тәрбиеші: Бүгінгі сабақта біз не білдік? Неге үй жануары деп айтады? Ал үй жануарларың күту қажет па? Қалай? Балалар, сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Қай жерлері түсініксіз болды? Керемет, балалар, не деген ақылдысыңдар! Бәрің сабаққа белсенді қатыстыңдар, жарайсыңдар.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Дидактикалық ойындар


Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.


ЕҢБЕК


Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру;

- еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету;

- айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

- материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру;

- балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға көмектесу (өзінің және жолдастарының). Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру;

- өзінің, үлкендердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу;

- ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру.

- еңбекке қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту.



Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров6128
Номер материала 264207
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх