Инфоурок Дошкольное образование КонспектыДидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Скачать материал

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



«Баланың қиялы, әсіресе,

ойында жарыққа шығады.

Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.

Ойнағанда бала жанындағы

әсерлермен пайдаланады.

Айналасындағы тұрмыста

нені көрсе, соны істейді.»

М.Жұмабаев.

Логика  дегеніміз  ойлауды  дұрыс  құрудың  заңдары мен формалары, ережелері жәйлі философиялық ғылым. Логика пәні негізінен адамның ойлау үрдісін зерттейді. Ал ойлау дегеніміз алуан түрлі астары бар аса күрделі процесс. Логика ойлау үрдісін ең алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады.

Логикалық ойлау ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде.Логикаға тускен құбылыс түсінділерді, себептерді мен  салдарлары  қатесіз  анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық  жолмен  ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.                                                                                                           Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында « Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.

Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен  шындық  дүниенің адам  миында  бейнеленуі болып  табылады. Cебебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл-ой арқылы, ой қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз.Сондықтан мектепалды даярлық топтарында,ересектер топтарында  баланың көрнекі - әрекеттік және көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс – әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады.Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің негізгі жолдарының бірі,балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя отырып, ойыншықтармен, құрылыс заттарымен  жұмыс жүргізу көзделеді. Мысалы: «Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?», «Қайсысы артық?» ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта алады.    Немесе  «Бір сөзбен ата»  ойыны  арқылы  балалардың  заттарды жинай білү қабілеті дамиды.                                                              Көрнекі- бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс- тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (шахмат,текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар).                     Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығұларды,сан - алуан сөзжұмбақ, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға болады.

Қорытындылай келе, баланың жан – жақты үйлесімді дамуы- ойлаудың әр түрінің өзіндік маңыздылығын ескере отырып дәріс беруде деп айтуға болады.                                                                                                                              Олай болса, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл - ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады. Сонымен, ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыру.                                                                                      Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз,қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау, ес,қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып ,көздеген мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында балалардың үй жануарларымен жабайы аңдарды, не болмаса олардың төлдерін ажырата алуын, не үшін үй жануарлары деп, не үшін жабайы аңдар деп аталатынын салыстырып, дәлелдеп анықтайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ойын әдісінің орны ерекше. Бала дидактикалық ойындардың тапсырмаларын, сұрақтарын дұрыс түсініп, оларды орындауын қадағалаймыз. Балабақшада әсіресе дидактикалық ойыншықтар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Белгілі тапсырма міндеті, ережесі бар дидактикалық ойындар да ұйымдастырылады. Дидактикалық ойындарда әр түрлі ақыл ой әрекеттері іске асады. Мысалы; «Танграм» ойынын балаға ұсына отырып, қандай пішіндер, олардың орналасуы, сан сияқты қарапайым математикалық ұғымдарды кеңінен жеткізе аламыз.                                       Олардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру үшін де,тілін дамытып, грамматикалық құрылысты білдіру үшін де, айналадағы дүниені таныстыру үшін де, ойын әдістері қолданылады. Әр қашанда ойынның басшы рөлін тәрбиеші атқарып отырады. Ойын барысында балалардың еркін қарым–қатынас жасай алуын, сұрақтардың жауабын тілектеспен тыңдай алуын қарастырып отырады. Ойыншықтарды, керекті құралдарды салыстырмалы түрде, үйлесімді және балалардың үнемі талдау жасай алуына, өз қорытындыларын жасай алуға және дұрыс тиімді таңдай алуға болатындай етіп жағдай жасайды.                                                                   Баланың жеке-дара келу үрдістеріне келетін болсақ, олар ақыл- ой дамуының әр түрлі дәрежелерімен ерекшеліктерін біз білеміз.Сұраққа жауапты бірі тез табады,екіншісі ұзақ ойланады, бірі білімді тез меңгереді, екіншісі баяу қабылдайды. Тәрбиеші жұмысын балалардың осындай жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастырады. Балалардың әдет –дағдысының, мінез- құлық қалыптасуы да түрліше болады. Бұл үрдіс тәрбиешіден әр баланың ерекшелігін білуді, қабілеті мен мүмкүндігіне қарай әдіс- тәсілдерді таңдап алуды талап етеді, сүйтіп оқытудың түсінікті болуына жол ашады.Біз тәрбиешілер аталған дидактикалық үрдістерге жеке көңіл бөлсек, оқыту ісінде жақсы нәтижелерге жете аламыз.

5. Логика: Оқулық- Алматы: Жеті жарғы. Тұрғынбаев Ә.Есімханов.Т.Раев.Д.

6. Ақыл- ой тәрбиесі және оқыту . Жетінші тарау. Қ.Рахметов.

 

Дидактикалық ойындар – балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың басты құралы.


 Ойын – мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын  барысында  баланың  жеке  басының қасиеттері  қалыптасады. Ойын  барысында  балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп  білдіруге  мүмкіндік  алады,  адамдармен  араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман  талабына  сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың  танымын алғашқы  күннен  бастап  дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы – ойын  әрекеті, яғни, ойын – баланың  жетекші  әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт  өткізудің  құралы  болмай,  балаға  берілетін  білім  мен тәрбиенің  құнды  негізі  болуы  керек.  Яғни,  оқыту - тәрбиелеу  жұмысын бағдарлама  талаптарына  сәйкес  ойын  түрінде  ұйымдастыра  отырып, баланың  логикалық  ойлау  қабілетін  арттыруға  жағдай  жасау  мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы  балалардың  толық  интеллектуалды  даму  мәселесі  әлі  де  өзекті болып  отыр.  Интеллектуалды  толық  дамыған  мектеп  жасына  дейінгі  бала сабақты  жақсы  оқиды, берілген  материалды  тез  қабылдайды, өзінің  күшіне сенімді, айналасындағылармен  тез  тіл  табысады.                                                                                                         Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру стандартында « Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.                                                                                                                                     Сол  себепті  мектепке  дейінгі  білім  беру мекемесінде  ұйымдастырылған оқу тәрбие  үрдісінде   зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын  дамытатын  және жаттықтыратын  жұмыстарға  көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар  арқылы  балалардың  ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа  деген  қызығушылықтары  артады.  Ойын  барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап, жағымды қарым – қатынас  жасауы  балалардың  эмоционалды  көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар, атрибуттар  айшықты,  мазмұнды  безендірілуі де өте маңызды. Балалардың  интеллектуалдық  дамуына  әсер  ететін  жаңа ойын технологиялары  да  біздің  балаларға  танымал.  Мектеп  жасына  дейінгі  бала  күн  сайын жаңа  құбылыстармен  заттармен  кезігеді,  айнала  өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз,  өздігінен  игерген  білімі  мен  түсініктері  жүйесіз,  кейде таяз,  қате  болады. Сол  себептен  тәрбиешінің  міндеті  баланың  білім қорының  бірізді  молаюына,  бірте- бірте,  ретпен, жүйелі  жинақталуына көмектесу  болып  табылады.  Баланың  түйсік,  қабылдау, ес,қиял, ой және тіл  сияқты  танымдық  психикалық  үрдістерін  дамыту  ақыл - ой  тәрбиесінің  басты  міндеттерінің  бірі.  Баланың  логикалық  ойлау  қабілетін, дағдысын,  білуге  құштарлығын,  ойлаудың  қарапайым  тәсілдерін дидиактикалық  ойындар  арқылы  дамытып , көздеген  мақсатымызға  жете аламыз. Мысалы: «Не артық?» ойыны  барысында  балалардың  үй жануарларымен  жабайы  аңдарды, не болмаса  олардың  төлдерін  ажырата алуын, не үшін  үй жануарлары  деп, не үшін жабайы аңдар деп аталатынын салыстырып,  дәлелдеп  анықтайды  Мысалы:  Логикалық тізбек  ойындары.  Логикалық  ойлау  арқылы  бала  саралау,  салыстыру,  жинақтау сияқты  өз бетімен  іс – қимылдар  жасауды  үйренеді.  Баланың  логикалық  ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның  дамуына  мақсатты  түрде  білім беру мамандарының,  ата - аналардың,  балалардың  бірлескен  жүйелі  жұмысы қажет.   Балалар  ойыны  заттық – қол  қимылының (пирамида жинау, текшелерден үй құрау)  даму  жолынан бастап   интеллектуалды    даму ойынына  дейін   жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады. Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды  дамуы  тек  белгілі  бір  білім  көлемін  ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік  іс-әрекеттерді  игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің  дамуын  қамтиды .  Мысалы,  «Суреттерді есте сақта», «Керекті пішіндерді тап», «Қайсы пішін артық?»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі  баланың  сөйлеу  тілін  де  қалыптастырады.  Қорытып айтқанда, балаларды  интеллектуалды   дамыту  тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге,оның тәжірибелік  мәнін түсінуге  септігін тигізеді.

Фотолар қойылады

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

2. Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау. Алматы кітап.

3.  «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы – 2006

4.































































 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2015 5915
    • DOCX 33.8 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гулнара Садуакасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гулнара Садуакасовна
    Алиева Гулнара Садуакасовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18330
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в организациях дошкольного образования

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 343 человека

Курс повышения квалификации

Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 105 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе