Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

библиотека
материалов

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



«Баланың қиялы, әсіресе,

ойында жарыққа шығады.

Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.

Ойнағанда бала жанындағы

әсерлермен пайдаланады.

Айналасындағы тұрмыста

нені көрсе, соны істейді.»

М.Жұмабаев.



Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері жәйлі философиялық ғылым. Логика пәні негізінен адамның ойлау үрдісін зерттейді. Ал ойлау дегеніміз алуан түрлі астары бар аса күрделі процесс. Логика ойлау үрдісін ең алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады.

Логикалық ойлау ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде.Логикаға тускен құбылыс түсінділерді, себептерді мен салдарлары қатесіз анықталады.Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық жолмен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында « Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.

Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Cебебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл-ой арқылы, ой қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз.Сондықтан мектепалды даярлық топтарында баланың көрнекі - әрекеттік және көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс – әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады.Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің негізгі жолдарының бірі,балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя отырып, ойыншықтармен, конструктолармен жұмыс жүргізу көзделеді. Мысалы:«Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?»ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта алады. Немесе «Бір сөзбен ата» ойыны арқылы балалардың заттарды жинақтай білү қабілеті дамиды.

Көрнекі- бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс- тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (дойбы, шахмат,текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар).

Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығұларды,сан - алуан сөзжұмбақ, анаграмма, метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға болады.

Қорытындылай келе, баланың жан – жақты үйлесімді дамуы- ойлаудың әр түрінің өзіндік маңыздылығын ескере отырып дәріс беруде деп айтуға болады.

Олай болса, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл - ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады. Сонымен, ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыру.

Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз,қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау, ес,қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып ,көздеген мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: «Не артық?» ойыны барысында балалардың үй жануарларымен жабайы аңдарды, не болмаса олардың төлдерін ажырата алуын, не үшін үй жануарлары деп, не үшін жабайы аңдар деп аталатынын салыстырып, дәлелдеп анықтайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ойын әдісінің орны ерекше. Бала дидактикалық ойындардың тапсырмаларын, сұрақтарын дұрыс түсініп, оларды орындауын қадағалаймыз. Балабақшада әсіресе дидактикалық ойыншықтар арқылы жүргізілетін ойындар кеңінен пайдаланылады. Белгілі тапсырма міндеті, ережесі бар дидактикалық ойындар да ұйымдастырылады. Дидактикалық ойындарда әр түрлі ақыл ой әрекеттері іске асады. Мысалы; «Танграм» ойынын балаға ұсына отырып, қандай пішіндер, олардың орналасуы, сан сияқты қарапайым математикалық ұғымдарды кеңінен жеткізе аламыз.

Олардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру үшін де,тілін дамытып, грамматикалық құрылысты білдіру үшін де, айналадағы дүниені таныстыру үшін де, ойын әдістері қолданылады. Әр қашанда ойынның басшы рөлін тәрбиеші атқарып отырады. Ойын барысында балалардың еркін қарым–қатынас жасай алуын, сұрақтардың жауабын тілектеспен тыңдай алуын қарастырып отырады. Ойыншықтарды, керекті құралдарды салыстырмалы түрде, үйлесімді және балалардың үнемі талдау жасай алуына, өз қорытындыларын жасай алуға және дұрыс тиімді таңдай алуға болатындай етіп жағдай жасайды.

Баланың жеке-дара келу үрдістеріне келетін болсақ, олар ақыл- ой дамуының әр түрлі дәрежелерімен ерекшеліктерін біз білеміз.Сұраққа жауапты бірі тез табады,екіншісі ұзақ ойланады, бірі білімді тез меңгереді, екіншісі баяу қабылдайды. Тәрбиеші жұмысын балалардың осындай жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастырады. Балалардың әдет –дағдысының, мінез- құлық қалыптасуы да түрліше болады. Бұл үрдіс тәрбиешіден әр баланың ерекшелігін білуді, қабілеті мен мүмкүндігіне қарай әдіс- тәсілдерді таңдап алуды талап етеді, сүйтіп оқытудың түсінікті болуына жол ашады.Біз тәрбиешілер аталған дидактикалық үрдістерге жеке көңіл бөлсек, оқыту ісінде жақсы нәтижелерге жете аламыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

2. Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарға нұсқау. Алматы кітап.

3. Рухани уыз. К.Ісләмжанұлы.

4. «Балбөбек» бағдарламасы. Алматы – 2006

5. Логика: Оқулық- Алматы: Жеті жарғы. Тұрғынбаев Ә.Есімханов.Т.Раев.Д.

6. Ақыл- ой тәрбиесі және оқыту . Жетінші тарау. Қ.Рахметов.





































































Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Дидактикалық  ойындар  арқылы  балалардың  логикалық     ойлау қабілетін дамыту.

 

«Баланың  қиялы, әсіресе,

ойында  жарыққа шығады.

Ойын  балаға  кәдімгідей  бір  жұмыс.

Ойнағанда  бала  жанындағы 

әсерлермен  пайдаланады.

 Айналасындағы  тұрмыста 

нені  көрсе, соны  істейді.»

 

                                               М.Жұмабаев.

 

Общая информация

Номер материала: 151623

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG