Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»
Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға діни экстремизм, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттік саясат туралы түсінік беру. Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап, жастарға ой салу. Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық деген ұғымдардың мән - мағынасын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың ой - өрісін дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, өзіндік пікірін қалыптастыру. Зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұлтаралық достық қарым - қатынасты сақтауға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға, тәрбиелеу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: әлемдегі діни экстремистердің әрекеттерінің суреттері, слайд, кесте, бүктеме, ақпарат құралдары.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Дін – миллиондаған адамдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай - ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда өзге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, өз ой пікірлерімен бөліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жүр.
Қоғамда жеке тұлғаның сенім артатын белгілі бір ұстанымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имандылыққа үндейтін діннің орны ерекше.
Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады. Олай болса ең алдымен ұғымдарына түсініктеме берейік.
Бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»деп аталып отыр. Дөңгелек үстел қатысушылары діни экстремизм мен терроризм (лаңкестік) және одан төнген қауіп, оның алдын алу, еліміздегі дін мәселесі, бейбітшілікке, тұрақтылыққа ұмтылу жолдары туралы ой қозғап, өз білімдерін ортаға салады.
Қатысушылар мына тақырыпта баяндама оқиды:
1. Діні экстремизм мен терроризм ұғымы
2. Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі дінаралық диалог дінаралық қатынастағы толеранттық
3. «Діни экстремизмнің зиянды тұстары мен әлемдік діндердің пайдасы мен зияны»
4. «Қазақстанда тиым салынған діни экстремистік ұйымдар»
5. Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет
6. Бейбітшілік қаупі
Баяндама тақырыбына байланысты талдау жұмыстары жүргізіледі.
Слайд. «Қазақстанда тиым салынған діни экстремистік ұйымдар»

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мемлекет алдында көптеген кезек күттірмейтін мәселелерді шешу міндеті тұр. Қазақстанда терроршылдыққа негіз жоқ дейтін пікірлер жай қарапайым халықтың терроризм мен діни экстремизмге қырағылығын төмендетеді. Экстремистердің қатарына сауаты төмен, нанғыш жастардың да тартылатынын еске алатын болсақ, ата - аналарды, бүкіл халықты экстремизм қаупінен сақтандырған жөн. Осыған орай, біріншіден, түрлі діни секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс - әрекеттеріне заң жүзінде тыйым салу керек, екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерелейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру, үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеуді күшейту, төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру, бесіншіден, жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік тәрбие беру. Сонымен қатар, миссионерлердің уағыздарын насихаттайтын мемлекеттік қауіпсіздікке зиян келтіретін рухани, мәдени, діни, идеологиялық, ақпараттық каналдарға тосқауыл қою маңызды.
Елімізде, жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үстем болсын. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек. Әр білім алушы сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосады екен. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.09.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров333
Номер материала ДБ-178378
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх