Инфоурок Начальные классы Конспекты"Діни экстремизм+ бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" ашық тәрбие сағаты

"Діни экстремизм+ бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

 

№5 мектеп-лицей

 

 

«Діни экстремизм–

бейбітшілік пен тұрақтылыққа

 төнген қауіп»

(«Терроризм-адамгершіліктің қас жауы» онкүндігінде өткізілген ашық тәрбие  сағаты)

Өткізген: Дәрменқұлова Л.Ж.

3 А сынып

 

 

 

2019-2020 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы:    “Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа

төнген қауіп.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
2. Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3
. Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.
Сабақ
барысы:

Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты –  қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар және олармен күресу, сақтану жолдары турасында мағлұмат беріп, дүниетанымдарын кеңейту.

Мәди: Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Ильяс:  Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.

Адия:  Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Айзере: Біздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;Дін Ислам шарттарымен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек. Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі.

Жасұлан: Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.

Кәусар: Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады.

Аманбек:  Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

«Қазақстандағы  діни ағымдар» бейнефильмі көрсетіледі.
Мұғалім: Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.

 Енді оқушыларымыздың бейнефильмге байланысты өз пікірлерін тыңдайық.

Оқушыларға сөз беріледі.

Әлішер: Дін – миллиондаған адамдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай — ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.

Нұрхан: Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Сағадат:  Соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.Терроризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту»

Дильназ: Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Мұғалім:  Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әлі  де болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
Мұғалім:  2) «Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.

1)Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан бір  аға-апалар  шығып, сенің дінге  деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Олармен пікір  бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде.

2) Сыныпқа жаңадаен оқушы келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан-ақ саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Ұсыныс, көзқарасың туралы ойыңмен бөліс.

3)  Сенің ең жақын құрбың соңғы кездері тұйық, ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады. Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен байланысып жүргенін байқадың.  Сенің әрекетің қандай?

4) Саябақта  келесің. Аяқ  астында жерде жатқан арабша жазуы бар екі бет қағазды көрдің, бірақ арабша танымайсың, қарамай өтіп кетейін десең, мұсылман болған соң, құран кітаптың беті деп ойладың, бірақ басқа нәрсе  ме деп тағы да ойладың. Сенің әрекетің?

5) Мектеп асханасына кетіп бара жатқан тұста оралып жатқан пакет көрдің. Сенің сондағы іс-әрекетің

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» бейнефильмі көрсетіледі.

Мұны білу өте маңызды! Есіңде болсын! Есте сақта!

Фариза: 1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

Малика:  2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

Гүлденай: 3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.

Нұрәли: 4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

Еркеназ:  5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

Нұргелді:  6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

Айару:  7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

Айша: 8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

Абдуллаһ:  9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

Мұғалім:  біз бұд видеодан  экстремизм мен  терроризмге  жол жоқ деп жатырмыз. Ал біз қандай  өмірді  қалаймыз?

Топтық шығармашылық жұмыс. «Біз нені қалаймыз?»

Қорытынды.
Мұғалім:  Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!  

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Діни экстремизм+ бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2019 1927
    • DOCX 193.6 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46851
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек