Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / “Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

“Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа

төнген қауіп.


Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.


Сабақ барысы:

Жоспар:
1. Ұйымдастыру. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен көрсету. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Келген қонақтарды таныстыру.
2. Оқушылардың дайындаған баяндамасын талқылау.

3. Тақырыпқа қатысты бейнефильм көрсету, соған сәйкес сұрақ - жауап
4. “Не істер едің?" оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін табу.


Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп». Сабағымыздың мақсаты – қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар және олармен күресу, сақтану жолдары турасында мағлұмат беріп, дүниетанымдарын кеңейту.

Ендеше сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі шараға қатысып отырған қонақтарымызды таныстырып өтейін. Олар:

Ал, енді сөз кезегін жүргізушілірге берейін.


Жүргізуші: 1) Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.


Жүргізуші:
2) Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Осы орайда оқушыларымыз дайындаған баяндамаларын тыңдайық.


Оқушылар баяндамасын оқиды.


Жүргізуші: 1) Біздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;

Жүргізуші: 2) Дұрыс айтасың. Дін Ислам шарттарымен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек. Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.


Бейнефильм көрсетіледі.


Жүргізуші: 1) Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.


Жүргізуші: 2) Енді оқушыларымыздың бейнефильмге байланысты өз пікірлерін тыңдайық.

Оқушыларға сөз беріледі.


Жүргізуші: 1) Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
Жүргізуші: 2) «Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.


1) ҰБТ - ДАН ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАП, ҚАЛАДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫҢ. САБАҚТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА АЛДЫҢНАН ӨЗІҢ ҚАТАРЛЫ ЖІГІТТЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗДАР ШЫҒЫП СЕНІҢ ДІНГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢДЫ БІЛМЕК БОЛЫП СҰРАҚТАР ЖАУДЫРДЫ.

ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ОЛАРМЕН ПІКІР БӨЛІСЕСІҢ БЕ НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕЙ КЕТЕ БЕРЕСІҢ БЕ? ШЕШІМІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ?

2) ТОПҚА ЖАҢАДАН ОҚУШЫ КЕЛДІ. ОНЫМЕН ЖАҚЫН ӘҢГІМЕЛЕСЕ БАСТАҒАННАН САҒАН БЕЙТАНЫС ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР АЙТЫП, СОЛ ОРТАМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ҮГІТТЕДІ. ТІПТІ СЕНІ МОЛ ҚАРЖЫ ТАБУДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ СОНДА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ.

ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ҰСЫНЫСҚА КӨЗҚАРАСЫҢ ТУРАЛЫ ОЙЫҢДЫ БӨЛІС.


3) Сенің ең жақын құрбың соңғы кездері тұйық, ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады. Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен байланысып жүргенін байқадың.

Сенің әрекетің қандай?


4) саябақта келесің. Аяқ астында жерде жатқан арабша жазуы бар екі бет қағазды көрдің. Бірақ арабша танымайсың. Қарамай өтіп кетейін десең, мұсылман болған соң, құран кітаптың беті ме деп ойладың, бірақ басқа нәрсеме деп тағы ойладың. Сенің әрекетің?


Қорытынды.
Жүргізуші: Пікірлеріңізге рахмет! Ендігі кезекті келесі видеороликке берейік.

Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.

Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.

Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа.


Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта Келген қонақтардың пікірлерін тыңдайық.



























































Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: “Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп”. Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.
Автор
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров766
Номер материала 252622
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх