Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫНА ҚАРСЫ ТҰРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ (баяндама)

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫНА ҚАРСЫ ТҰРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ (баяндама)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Діни экстремизмнің алдын алу мәселелері және террористік ұйымдардың идеологиясына қарсы тұрудың әдістері

«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы:

діни алауыздық ұлттық алауыздыққа

апарып соқтырады»    Н.Ә.Назарбаев

     Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма жыл толды. Осы жылдар аралығында қоғамда барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық деңгейде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Алайда, қоғамда белең алып жатқан келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы екендігі тарихтан мәлім.

Қазақстан Республикасы алғаш Тәуелсіздіктің тұғырына қол жеткізген жылдары жұртшылықтың ой-санасында әлеуметтік-экономикалық мәселелер бірінші кезекке шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалған-ды. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни экстремистік идеялар толтыруға тырысып бақты. Сондай-ақ, еліміздегі діни-сенім бостандығы туралы заңның әлсіздігін пайдаланған шетелдік миссионерлер тамырларын жайып үлгерді. Экстремистік топтардың жансақ идеологиялары - ұлтаралық араздық пен алауыздыққа негізделген. Діни экстремизм өте ауыр әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселе бола отырып, көпаспектілі де болып табылады. Демек, діни алауыздық, жеккөрушілік және дінді саясаттандыру секілді қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып табылады.



Соңғы жылдары бірлігі мен бейбітшілігі жарасқан елдің берекесі қашты. Себебі осы уақытқа дейін шет ел жаңалықтарынан ғана көріп, жанымыз түршігіп, жағамызды ұстап, сыртқы қауіп-қатер ретінде ғана қабылдап жүргенімізде терроризм бізге де келіп жетті. Жарылыс, атыс, қақтығыстардан қаншама адамдар зардап шегіп, ел дүрлікті.



Оның да себебі бар. Әсіресе, Қазақстанның батыс аймағын-дағы діни экстремизм мәселесі өз алдына бөлек күрделі тақырып. Себебі батыс аймақ – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақ-стан, Маңғыстау облыстарының жергілікті басқарушы би-лік органдары бұл тақырыппен бетпе-бет кездесті. Яғни, мәселе қоғам бетіне шығып, жұрт-шылықтың мазасын қашырды.

Бірнеше террорлық әрекет байқалған Қазақстанда діни экстремизм тақырыбын күн тәртібіне қойып талқылап қарастыру, шегерілмейтін шаруаға айналды.
Елдегі діни ахуалды 90-шы, тіпті 2000-шы жылдардағы жағдаймен салыстыруға кел-мейді. Өйткені 15 жылдан астам уақыт ішінде шет елдерден жеткен діни ағымдар қазақ қоғамына еніп, айтарлықтай тәжірибе жинап, тамырын жайып үлгерді. Бұрын-соңды көрмеген сақалдылар, балақтылар, киім-киістері өзгеше ер жігіттер мен қыздар қаптай бастады. Әрине, көпке топырақ шашайын деген ой жоқ, олардың да арасында мөлдір мұсылман жолымен жүргендері бар болар.
Бүгінгі таңда жекелей аймақтардағы діни ахуалды бөлек-бөлек зерттеу қажеттілігі туып отыр.

Діни экстремизм деген не?
Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай олардың іс-әрекеттері қылмысты істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм – діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда – терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқығын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әр-түрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды.
Кінәлілер айыптаушыларды – надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу – діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңды-лықтар да жатады.

Барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса қауіпсіздік сабақтары өткізіліп, экстремистік топтармен, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын және олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отыру қажет.

 

Елімізде жастар арасында діни сана қалыптастыру мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында бұл мәселе көтерілуде. Біз Қазақстандықтар ел болашағының тұтқасын нық ұстау үшін «Қазақстан - 2050» Стратегиясын қабылдадық. Сондықтан елімізге іріткі салатын, теріс және жалған діни ағымдарға еш уақытта жол бермеуіміз қажет.

 

Елімізде оқып, білім алып жүрген кейбір жастарымыздың жалған діни ағымдарына ілесіп кететіндігі бізді қатты қынжылтады. Олардың бұл ағымдарға деген иммунитеті әлсіз. Сондықтан жастар арасында қоғамдық ұйым болып, жастардың діни сауаттылығын ашу барша білімді азаматтардың парызы екенін түсінуіміз керек.


Жалпы экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.

 

Мәселенің күрделігіне байланысты, қоғамдағы діни экстремизммен күрес саласындағы мемлекеттік саясат ақпараттықүсіндіру және ағарту шараларымен қатар, әлеуметтік-сауықтру жұмыстарын да кешенді түрде қатар алып жүру керек.

 

Нақтырақ айтар болсақ, біз діни экстремизмнің алдын алу үшін конфессияаралық келісім мен төзімділікті, Қазақстан халқының рухани мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, қоғам санасына зайырлы мемлекет пен қоғамның қағидаларын енгізіп, халықтың, оның ішінде әсіресе жастардың діни және құқықтық сауатын көтеріп, радикалды діни ағымдардың түпкі ойын әшкерелеу жұмыстарын әлде де жетілдіруге тиіспіз.

 Сөзімізді қорыта келгенде ҚР аймағында лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының басты мақсаты терроризмнің алдын алу. Сондай-ақ, қазақтың салт санасымен санасқан дәстүрлі Ислам дінін насихаттап, құлшылық пен ғибадат мәселесінде Ханафи мәзһабын, сенімде – әл-Матуруди сүннет жұрты және жамағаты мектебін ұстанатын халықпыз. Орта Азияда туған сүннет салтының Имамы Әбу Мансур әл-Матуруди негізін қалаған сенім мектебі еліміз ерте заманнан кең тарап етене араласып кеткен сүннет салтының ақида мектебін бекем ұстануымыз қажет.


 








Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров731
Номер материала ДВ-361776
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх