Инфоурок / История / Статьи / Дінтану негіздері "Діни сауаттылық"(9класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Дінтану негіздері "Діни сауаттылық"(9класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы:Діни сауаттылық

Күні: 11 қыркүйек

Мақсаты:оқушыларға діни сауаттылық жайлы ақпарат беріп, рухани тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:оқушылардың мемлекет үшін маңызын білуі.

Соңғы уақытта елімізде халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып материалдық көмек көрсету арқылы өз қатарына азаматтарды, әсіресе жастарды тартып жатқан дін атын жамылған жалған ағымдардың белсенді қызметі алаңдатып отыр. Экстремистік идеологияның тууына және оған азаматтардың тартылуына жастардың өзін-өзі тануға деген құштарлығы, дүниетанымының әлі толық қалыптаспағандығы, материалдық жағдайының әлсіздігі, бос уақытының көптігі, тәжірибесіздігі, нақты өмірлік позициясының болмауы себеп болады. Сондықтан, дін атын жамылған радикализмге қарсы күрестің бірден-бір құралы - діни ағартушылық жұмыстарын күшейту мен үгіт-насихатты пәрменді жүргізу болып отыр.

Діни сауаты қалыптасқан адам ешқашанда экстремистердің қол шоқпары болмайтындығы анық. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының бастамасымен шығарылып отырған бұл ақпараттық-анықтамалық құралдың, Сіздерге жалғандық пен ақиқатты саралауға, діни сауатыңызды арттыруға көмегі тиеді деген үміттеміз.

Бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінде, оның ішінде соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында қалыптасып отырған жағдай экстремизм мәселесіне жалпы көзқарас тұрғысынан ғана емес, оның әрбір түрлері мен ағымдарын және міндетті түрде діни экстремизмге де жете көңіл бөлуді талап етеді. Осы тұста Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» деген пікірі маңызды және оның маңыздылығы экстремизмнің, оның ішінде діни экстремизмнің лаңкестікке (террористік актіге) «серпіліс» беруімен немесе оған ұласуымен анықталады.

2012 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялаған болатын. Аталмыш Жолдаудың «Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-тарауының 6-бөлімі «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық дін» деп аталады. Ол жерде «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» деп жазылған. Бұл тұжырымның өзі мемлекеттің қоғаммен, оның ішінде азаматтармен бірге аталмыш құбылыстарға қарсы күресу үшін шеп құрылатындығын айқындап берді.

2005 жылдың ақпан айының 18 күні қабылданған № № 31-III Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заңының 1-бабының 3-тармағында «Экстремизмнiң алдын алу - экстремизмнен сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi» делінген құқықтық анықтама берілген. Сонымен қатар, аталмыш заңның 5-бабында экстремизмге қарсы iс-қимылдың негізгi бағыттарының бірі ретінде «экстремизмнен сақтандыруға, соның iшiнде оны жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және кейiннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау» деп белгіленген. Ал енді осы заңның 6-бабында 7 мемлекеттiк органдардың экстремизмнiң алдын алу саласындағы құзыреттері анықталып жазылған. Аталған баптың 1-тармағында дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi мемлекеттiк органның, яғни Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігінің құзыреті бекітілген. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі және оған қарасты «Діндер мен мәдениеттер халықаралық орталығы» мен «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау» орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелері экстремизмнің алдын алу бойынша тиісті қызметтерін атқарып жатқандығы белгілі.

Қазіргі кезде халықаралық қауымдастық шеңберінде, көптеген елдерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экстремизмнің, оның ішінде, діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар жасалып келеді. Мемлекеттік органдардың, түрлі қоғамдық институттардан бөлек, ғылыми саласындағы сарапшылар да аталмыш мәселе бойынша зерттеу жүмыстарын жүргізуде. Дегенмен, олардың бұл бағыттарда зерделеу жұмыстары әлі әлсіз күйінде қалып келеді.

Осы тұста айта кетер жайт, экстремизм идеологиясы, оның ішінде, діни экстремизмнің идеологиясы басым көпшілігінде жастар арасында таралып жататындығы да жалпыға белгілі. Осы орайда, зерттеуші В. А. Смирновтың көзқарасы бойынша жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу бойынша негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

жастар арасындағы экстремизмнің алдын алужүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;

жастар арасындағы экстремизмнің алдын алуды ғылыми-әдістемелік және талдау материалдарымен қамтамасыз ету;

жастардың әлеуетін жүзеге асыру үшін баламалы алаңдар жүйесін құру және оған әлеуметтік тұрғыдан қолдау тапқан қызмет түрлерін қосу;

жастар экстремизмнің алдын алу жүйесінің қызметін кадрлық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету

Жоғарыда айтылып өтілгендей, Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің алдын алу мәселелері де жетерлік. Олардың ішінде, жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бар.

Осы орайда, айта кетер жайт, біздіңше, діни экстремизмнің алдын алу – діни экстремизмге «серіппелік» саты болып табылатын діни радикализммен әлеуметтік нормалар арқылы күресуге арналған іс-шаралар жүйесі.Ал енді діни экстремистік іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыс болып табылады. Демек, діни радикализммен күресуде саяси, діни нормалар, сондай-ақ мораль, этика және т.б. әлеуметтік нормалар қолданылады.Кейбір діни радикалды теріс қылықтар үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің, «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңның және өзге заңдардың тиісті нормалары қолданылуы мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша, жалпы діни экстремизмнің алдын алу, оның ішінде жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудың бір қыры ретінде мынадай бағытқа назар аударылғаны дұрыс. Қазақстан Республикасы аумағында діни радикалды идеологиялық көзқарастар мен сенімді тарататын, сондай-ақ діни радикалды теріс қылықтар жасайтын неосалафилік топтардың көптеген әрекеттерін ислам дінінің негіздері мен сенім жүйесінен ауытқып кеткендігін дәлелдеп, жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жандандыру керек. Осындай түсіндіру іс-шараларын жүргізу барысында неосалафилік діни көзқарастар мен сенімдерінің Қазақстан Республикасы тарихында, нақты айтқанда, Қазақстандағы мұсылман халықтарының жалпы тарихында қалыптасқан мұсылмандық, ұлттық және құқықтық мәдениеттерге қайшы келетіндігін ерекше атап өту қажет. Олар тарапынан мұсылмандық, ұлттық және құқықтық нигилизмнің бар екендігін көрсету керек. Неосалафи топтардың мұсылмандық нигилизмі Әһли Сунна мен жамағат, оның ішінде, Ханафи мазхабының көптеген ережелерін мойындамай, қарсы болуынан байқалады. Сонымен қатар, ұлттық нигилизмнің көрінісі шариғат негіздеріне қайшы келмейтін ұлттық құндылықтарды (беташар және т.б.) бидғат, ширк делінген айыптаудан білінеді. Ал құқықтық нигилизм көрінісі мемлекеттің заңнамасын мойындамаудан байқалады. Осылардың нәтижесінде оларда оқшаулану және өзіндік әлеуметтендіру үрдістері көрініс беруде. Демек, осы топтардағы жастарды ажыратып, оларға түсіндіру іс-шараларын жандандыру керек. Сонымен бірге, қазақстандық жастарға діни, ұлттық және құқықтық білім беру мен тәрбиелеуді жандандыру күн тәртібінде тұрған мәселе.


Батыс Қазақстан облысындағы діни ахуал туралы

Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша діни бірлестіктермен өзара байланыс орнату жəне қоғамдағы дін саласындағы процестерді бақылап, талдау жасау қызметтерін атқарып келеді. Осы ретте өңірдегі діни бірлестіктердің, миссионерлердің жəне заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың іс-əрекеттерін зерттеу, ақпараттық насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру жəне діни ұйымдармен өзара байланысты нығайту арқылы қоғамдық - саяси жағдайды болжау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Діни бірлестіктерді қайта тіркеудің нәтижесінде 2012 жылы облысымызда конфессиялардың нақты саны белгіленді. Сонымен, қайта тіркеу қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы аумағында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 9 конфессияны құрайтын 71 діни бірлестік қызмет етеді.

Атап айтсақ, ислам дінінің суннит бағытындағы - 43 мешіт (43-і ҚМДБ-ның филиалдары), православиелік бағыттағы - 17 діни бірлестік (1- республикалық дәрежедегі діни бірлестік, 14–жергілікті православие шіркеуі, 1- ежелгі православие шіркеуі, 1-көне әдет ғұрып шіркеуі), протестанттық – 9, буддизм – 1 (Тибеттік-буддистік орталығы), католицизм – 1 (Атырау Рим–Католик Апостолдық әкімшілігінің филиалы) діни бірлестік бар.





Бүгінгі күні облыс бойынша тіркелген 64 діни ғимарат және 4 намазхана бар. Соның ішінде 43 мешіт, 14 шіркеу, 6 протестанттық үй және 1 католиктер приходы.

Жалпы, облыс бойынша діни ахуал тұрақты деп айтуға болады. Халықтың діншілдік деңгейі орташа. Нақты, діни сенім бойынша: ислам - 56%, православие – 22%, протестанттар – 17%, католиктер - 1%, басқалар - 3%.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-044556

Похожие материалы