Инфоурок / Обществознание / Конспекты / "Дінтану негіздері" туралы ой.

"Дінтану негіздері" туралы ой.



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Құрметті, қауым!

Бүгінгі кездесуде келелі, өзекті, маңызды мәселені талқылау үшін бас қосып отырғанымыздың өзі ерекше болып отыр, ең алдымен осындай басқосуды ұйымдастырған Медеу ауданы әкімшілігіне, осы әкімшіліктің ішкі саясат бөліміне алғысымды білдіргім келеді. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше екенін бәріміз білеміз. Діни санасы жоқ, халық, ұлт болмайды. Мен еліміздің келешегі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келе жатқан ұстазбын. Ұстаз ретінде қазіргі күні мектептерде «Дінтану негіздері» пән ретінде енгізіліп, оның қалай оқытылып жатқаны туралы ойымды бөліскім келеді. Бұл пән факультативтік сабақ ретінде 9 сыныптарда аптасына бір рет өтеді. «Дінтану негіздері» оқулығының құрылымы дін туралы түсінік, діннің құрылымы мен қызметі, діннің түп бастаулары, оның түрлі тарихи сатыдағы формалары, әлемдік діндер туралы оқушыларға анықтама, Қазақстандағы діни жағдай, жаңа діни қозғалыстар, оның ерекшеліктері, Қазақстанның конфессияаралық келісім аумағы екені, еліміздің халықаралық қауымдастықта бейбітшілік, дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы күрделі емес мағұлматтарды береді.

Бұл пәннің бар мақсаты оқушыларға ізгілікті дүниетаным негіздерін: адам, адамның өміріндегі басты құндылықтар, өмір сүру, бостандық, қауіпсіздік, тұрақтылық, тыныштық, төзімділік, адамның адамды қорламауын, сыйлауын, құрметтеуін, басқаға рухани-адамгершілік құндылықтарды, оқушының бойында жеке сенім жүйесін қалыптастыруды көздейді. Оқушыларға тарихи діндердің көне заманнан бері өмір сүріп келе жатқандығын, діни дәстүрлер мен нанымдар арасындағы байланыстар, еліміздегі басты дін-ислам, оның төңірегіндегі әрқилы, шындықтан алыс пікірлердің бар екендігін, теріс, жалған түсініктерге осы оқулықтың өзінен біраз жауап ала алатынын түсіндіру.

Оқушыларды Қазақстан аумағындағы азаматтар қандай діндерді ұстанатынын, олардың негізгі қағидаттары туралы мағұлматтар қызықтырады. Алайда, бұл пәннен сабақ беретін мұғалім баланың ойлау, ождан және дін еркіндігі құқықтарын құрметтей отырып, еліміздің зайырлы мемлекет екенін, діннің мемлекеттен бөлек болатынын, кез келген адамның діни ұстаным еркіндігі бар екенін баса айтуы тиіс. Адамдардың өзара қарым-қатынасы қоғамда күрделі, тіпті осы дінге қатысты қарама-қайшылыққа толы болып келеді. Көп жағдайда ұстанған діндердің әр түрлі болуынан адамдар арасында қайшылықтар, елдер арасында түрлі қақтығыстар, күйзелістер болуда. Алайда біздің елімізде діні әртүрлі ұлт өкілдері тұратынын ескерсек, олардың баршасына бірдей төзіммен қарау көзқарасы өз кезегінде қоғамдық сананың да өзгеруіне әкелді. Демократиялы елде адам наным-сенімін өзі таңдайды. Бұл жолда оған ешкім кедергі жасмауы қажет. Мемлекеттің рөлі діндарлар мен дінге сенбейтіндерге бірдей мүмкіндік беруімен және дін ұстану еркіндігін қорғаумен шектеледі. Нанымға төзіммен қарау адам бойындағы және қоғам өміріндегі демократияның айқын белгісі. Діни ұстаным еркіндігі сол себептен көбіне ождан бостандығы деп аталады. Мемлекет бізге кез келген нанымды еркін тұтыну немесе ешқандай нанымды тұтынбау мүмкіндігіне кепілдік береді.

Мен оқушыларыма адамның өзі қалаған рухани құндылығын, жүйесін таңдап алу құқығы бар екенін айтамын. Ождан бостандығы-адамның абсолютті құқығы болып саналып, ешқандай жағдайда шектелмейтінін ескертемін. Сонымен бірге, осы пәнді тарих пәні мұғалімдерінің оқытатынын қолдаймын. Бұл пәннен сабақ беретін мұғалімнің сауаты жоғары, мемлекеттің саясатын жақсы түсінетін, көзі ашық, көкірегі ояу, оқушыларға оң мағұлматтарды өз деңгейінде жеткізе алатын жауапкершілігі бар ұстаз болғаны дұрыс. Оқушыларды қазіргі біздің қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлар, келеңсіздіктер, теріс ықпалды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға да үйретуде осы пәннің үлесі болуы тиіс. Әсіресе, жалған діни ұйымдардың ықпалына түспеу, түрлі секталар мен ағымдардан қауіпсіз болуда көзбе көз оқушыны бақылайтын мектептен басқа ең бастысы- оның ата-анасы болуы тиіс. Қоғам, мемлекет, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары ең алдымен ересектермен, ата-аналармен нәтижелі жұмыстар атқаруы қажет. Елімізде ұлтаралық және дінаралық келісімнің бар екеніне көздерін жеткізу, балаларды түрлі ықпалдан қауіпсіз болуын қамтамасыз еткенде ғана, әрекетіміз нәтижелі болмақ.


Алматы қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы

159 гимназияның тарих және құқық

пәндерінің мұғалімі Асанбекова Гүлмира Сағатқызы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-084750

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>