Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыДінтану сыныптан тыс шара

Дінтану сыныптан тыс шара

Скачать материал

Жалғансай орта мектебі









АШЫҚ САБАҚ




Тақырыбы: «Экстремистік және

лаңкестік ұйымдар»







Өткізген: Тарих пәні мұғалімі А.Досқалиева
















2016 жыл




















Сабақтың тақырыбы: Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Сабақтың білімдік мақсаты:Оқушыларға діни экстремизм,терроризмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімдерін тереңдету,ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға діннің адам өміріне тигізер ролімен таныстыра отырып, имандылыққа, адамгершілікке баулу. Жас өрендерді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:Баспасөз, интернет материалдарын пайдалана отырып, қазіргі діни ағымдар мен секталардың, террорлық әрекеттердің зардаптары туралы мәліметтерді жинақтап келіп, өз пікірлерін ашық айта білуге, білімдерін жинақтау арқылы дамыта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар(слайд,сызба,кестелер),бейнефильм

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,сұрақ-жауап,ой толғау

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сабақтың жоспары:

  1. Ой қозғау стратегиясы.

  2. «Қатерлі жихадизм» бейнефильмі

  3. Шығармашылық тапсырма.

  4. Термин сөздермен жұмыс.

  5. «Жұмбақ кейіпкер» Ой толғау

  6. Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдар.

  7. Деректер мен дәйектер

  8. Лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттері.”Сен қалай бағалайсың?”

  9. Сабақты бекіту.

  10. Инсерт әдісі

  11. Қорытындылау

  12. Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма.

 1.Ой қозғау стратегиясы

Оқушыларға“Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім,енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшіншісі, дәмін,дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр.Мен солардан қорқам” ,-деген даналық сөз кімнің сөзі? Бауыржан атамыз кімнен,неден қорықты?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Қазіргідей халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын,дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру,жастарымызға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр.Себебі,еліміздегі кейбір іс-әрекеттер ойланбасқа қоймайтын тығырыққа тіреп отырғаны шындық.

«Ол ағымдар не үшін келді?»десек,олардың ешқайсысы даелімізге жаны ашып, «қазағым аман болсыншы»,-деп келген жоқ.Керісінше егемендігі бекіген,байрағы асқақтағанелімізді сол көтерілген биіктен құлату үшін келгені айдан анық.Қазір дін менэкстремизмді шатастыру басталды.Шындығында діннің экстремизмге қатысы жоқ.Дін-тек мораль,адамгершілік тұрғысындағы ұғым,ал экстремистер діннің терісін жамылып жүрген теріс пиғылды адамдар.Сондықтан,қазіргі жастарға дінге деген дұрыс пікір қалыптастырып,олардың ақ-қарасын ажыратып беруіміз қажет.

2.“Қатерлі жихадизм” бейнефильмі

1.Көрсетілген бейнефильмнен не түсіндіңіздер?

2.Сектаға кіру қаупі неде?

3.Не себепті сектаға жасөспірімдер жиі кіреді?

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп түрлі тапсырмалар беру

3.Шығармашылық тапсырма: Оқушылар өздері тауып,зерттеген материалдары бойынша діни экстремистік ұйымдарға слайд,сызбалар арқылы түсінік береді.

1-оқушы:Дүние жүзіндегі нағыз эктремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде.Соңғы жылдары АҚШ-та,Батыс Еуропа елдерінде саңырауқұлақша қаптап кеткен христан фундаменталист ұйымдары мен түрлі-түрлі секталар мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты.Сіздерге түсінікті болу үшін жалпы секталар жөнінде төмендегі кестеге назар аударайық:

Мемлекеті

Мекен-жайы

Сектаның аты

Адам саны


Жылы,айы

Қандай оқиға болды?

АҚШ

Калифорния штаты

Сан-Диего қаласы

«Ұлық бұлақ»

39 адам

1997 жыл

26 наурыз

өз-өздерін

улап өлтірген


Оңтүстік Америка

Гуяна мемлекеті Джеймстаун қаласы

«Халықтың храмы»

912 адам

1978 жыл

18 қараша

Циан газымен уланып өлген

Франция

Сан Пиер қаласы

«Күн храмы»

16 адам

1995 жыл

23 желтоқсан

өз-өздерін өртеп өлген

Швейцария

Екі қалада

«Күн храмы

15 адам

1994 жыл

5 қазан

өртеніп өлді

Канада

Морин төбесі мекені

«Күн храмы

5 адам

1994 жыл

4 қазан

өртеніп өлді


Сен-Касмир

мекені

«Күн храмы

5 адам

1997 жыл

23 наурыз

өртеніп өлді

АҚШ

Техас штаты

Вако қалашығы

«Давидиан»

80 адам

1993 жыл

19 сәуір

өртеніп өлген

Филиппин


«ату Мангайан»

60 адам

1985 жыл

19 қыркүйек

Улы газбен өлген

Орталық Африкада


Католик шіркеуі

Мың адам


Бірдей жан қию рәсімін жасаған


 Міне кестеде көріп отырғанымыздай мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бәйкүнә адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық .Жалпы ел болып, осындай қауіпті секталардан сақ болуымыз керек.

2-оқушы: 2011 жылы елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу мақсатында Дін істері жөніндегі агенттік құрылды.2011ж.11қазанда «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң,2005ж.18.02. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды.Осы заңның 3-бабында «Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары мен іс-әрекеттері экстремизмді жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды,шетелдік және халықаралық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құруға және олардың қызметіне тыйым салынады» делінген.

3-оқушы:Қазіргі еліміздегі етек жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп.Солардың төмендегі басты-басты дегендерімен таныстыра кетейін:

Діни ағымдар атаулары 

Пайда болуы 

Негізгі іс-әрекеттері,

түсініктері

Ахмади (қадияни) ағымы

Үндістанның Пенджаб өлкесі Қадян қаласында пайда болған.

Ғұлам Мұртазаұлы Ғұлам Ахмад Қадяни(1835-1908)

Ахмадилықты қабылдамаған әр мұсылман кәпір.Жаназаларға кірмейді,бөлек жерленеді.Арақ ішу,апиын,героин қолдануға рұқсат береді

Исматуллашылар тобы

Пәкістаннан келген

Исматулла Мақсұм негізін салған

Зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі.Намаз оқымайды

Уаххабилік-діни-саяси ағым

УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған.

Мухаммед ибн Әбдел Уаһһаб

Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді

Салаф

ІУ ғасырда Арабияда п.б.

Ахмад ибн Таймийя .

уаһһабилік ілімнің жалғасы

Бүгінгі заманның озық тәсілдерін мойындамайды.Пайғамбар заманына кері оралуды мақсат етеді

Әт-Тәкфир уәл Хижра

 

«Кәпірлерге» қарсы жиһад ұранын алға тартады

Бабизм-Бехаизм

Иранда пайда болған

Құранды да Мұхаммед пайғамбарды да жоққа шығарады

Хизбут-Тахрир

1953 жылы Мысырда құрылған «Мұсылман бауырластар» қоғамының Палестинадағы бөлімшесі

Саяси және діни сипаттағы экстремистік террорлық ағым

«Иегово куәлары»

АҚШ-та құрылған

Милтон Эриксон

Сиқырлау әдісін қолданады.

Ақырзаманнан кейін адамдар қайта тіріледі деп сендіреді

Халықаралық Кришна санасы қоғамы

Нью-Йорк 1966 жыл

Индустерге тән вегетариандық тамақтану,отбасынан ажырасып бөлек тұру,транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады

Мормондар

Иисус Христос жайлы уағыздар айтқанымен діннен айырмашылығы бар.

Міндетті түрде отбасын тастап,жұптарға бөлініп басқа қалаларда жұмыс жүргізеді.Өлгендермен байланыс орнату рәсімдерімен айналысады

Оккультизм

Латынша-

Құпия-жасырын

Тылсым күштердің,сыйқырдың (магияның) құдіретіне сендіруге,жоққа табынушылыққа тырысады.


4. Термин сөздермен жұмыс

Атеизм

құдайды жоққа шығару

Жихад

нәтижеге, мақсатқа жету үшін қайрат жұмсау, күресу

Конфессия

діни сенім

Мазхаб

исламдағы діни құқықтық мектеп

Мессия

Құдай жер бетіне жіберген құтқарушы, Қиямет күнінің хабаршысы

Секта

орнықты діни ілімге оппозициялық ағым

Шаhид

діні үшін құрбан болған адам

Діни экстремизм

дінді саяси мүддеге қызмет еткізіп қоюға көзделген идеологиялықтәсіл


5. «Жұмбақ кейіпкер» Ой толғау

«Мен теріс пиғылды сектаның ұйымына кірдім. Ол кезде мен ештеңенің байыбына бармаған едім. Бет- аузымды тұмшалап, томаға –тұйық өзіммен- өзім болдым. Тіпті ата- анамды да көргім келген жоқ. Мектепке баруды доғардым. Жалғыз өзім бір бөлмеге кіріп алып, күбірлейім де отырамын. Осы секта маған қиналған кезімде көмектесті.»

Осы зиянды ағымға ілескен, өз дінін өгей қылған «жұмбақ кейіпкердің» мұңына не дейсіздер?

Оқушы:Біз өз дінімізді өгей қылмауымыз үшін Құран мен Пайғамбарымыздың хадистерін өзімізге басшы етіп алуымыз, сондай-ақ ата-бабамыздан бізге дейін жеткен ислам дінін азғантай ақшаға сатып, басқа діндерге, секталарға кіріп кетпеуіміз керек. Құран Кәрімде: «Сендерден кімде-кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды»,-деп барынша қатаң ескертеді. Сондықтан да біз басқа діндер мен секталарға еліктемей, өз дінімізді толық ұстануымыз керек.

6.Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдар:

«Аль-Каеда»

«Алла аят»

«Асбат аль-ансар»

«АУМ Синрике»

«Бозгурд»

«Мұсылман ағайындар »

«Шығыс Түркістанның ислам партиясы»

«Өзбекстанның ислам қозғалысы»

«Хизбут Тахрир-әл-ислам»

«Талибандар қозғалысы»

7.Деректер мен дәйектер

Бүгінгі күні елімізде 3000 діни ұйым,40 конфессия,100 этникалық топтар,

1652 мұсылмандық ұйым,1523 мешіт бар.Орыстардың православаиясында

3 епархия,280 приход,8 монастырлері жұмыс істейді

Қазақстандағы діниқоғамдастықтар саны

4173

1990 жылыолардың саны небәрі

670

Ислам бірлестіктерінің саны

46-дан 2441-ге дейінөсті

Православие Шіркеуінің саны бес есеартты

62-ден 293-ке дейін

Католик Шіркеуініңбірлестіктер саны

42-ден 86-ға дейін

Евангелиелік христиан - баптистерқоғамдастықтары

168-ден 362-ге дейін

Жетіншікүнадвентистері

36-дан 66-ға дейін

Иегова Куәларыбірлестіктерінің саны

27-ден 78-ге дейін


8. Лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттері.”Сен қалай бағалайсың?”

Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін”қанды террорлық ”әрекетті құрал ретінде қолданып,әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.Қазақ елін де соңғы жылдардан бері үсті-үстіне болған жарылыстардан мазасы кете бастады.Олардың көріністері Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылындағы террорлық әрекеттер,Ақтау,Атырау,Тараз,Алматы қалаларындағыэкстремистік ағымдардың көрініс беруі.Террорлық актілерді ұйымдастырушылардың мұсылман елдерінен көп шығып жүргені бүкіл исламның атына кір келтіруде.Осы арқылы ислам дініне күйе жағуда.Шындығында ислам діні-адам баласын тура жолға бастайтын дін.Адамды мейірімділікке,бауырмалдылыққа,қайырымдылыққа үйретеді.

Ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайларға сіздер қандай баға берер едіңіздер?

9.Жаңа сабақты бекіту:

1. Экстремизм деген не?

2.«Жиһад» дегеніміз не?

3. «Секта» дегеніміз не?

4. Қазіргі Қазақстанда және әлемде қауіп төндіріп отырған қандай ұйымдар?

5.Әлемдік діндер мен діни ағымдардың айырмашылығы неде?

10.Инсерт әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Не білемін?

Не білдім?

Не үйренгім келеді?





Мұғалімнің қорытынды сөзі:Иә,біз толеранттықты, конфессияаралық татулықты жалау етіп ұстанған елміз. Алайда, теріс пиғыл, арам оймен келгендерге мақсаттарын айқындап, біз жол бермеуіміз керек.Аталарымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен аманат етіп қалдырған байтақ жерімізге ешкім көз алартуға тиіс емес.Сондықтан да «жау жоқ деме, жардың астында»,-деген дана қазақтың айтып кеткен сөздерін жадымызда сақтап, асыл дінімізді, аталарымыздан аманат болып кеткен кең байтақ жерімізді келер ұрпаққа таза бойында табыс етейік!Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ онда ертен бірлігімізге сыза түседі.Егер елімізде нағыз таза мұсылман, құранның жолымен жүретін халық көп болса, елде береке, бірлік, тыныштық болады ”,-деген сөздері арқылы қорытындылағым келеді.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дінтану сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 606 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 2083
    • DOCX 34.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доскалиева Акмарал Мендибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22274
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе