ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»

    DOCX

Краткое описание материала

Қостанай 2014

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

 

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

 

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

     кафедра меңгерушісі

     Лиходедова Л.Н.____________

 

 

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»

 

 

5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                     Таймаганбетова  Т.У.

 

Ғылыми жетекші:                                            Айдналиева Н.А.

Педагогикалық

ғылымдарының

кандидаты, доцент.

                                                                        

                                                 

 

Қостанай 2014

Жоспар

 

Кіріспе..............................................................................................4-7

 

1 тарау.  Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негізі.

 

1.1.    Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру.............................................................8-18

1.2.    Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы..................................................................................................19-33

1.3.    Бастауыш  сынып  оқушыларының  отансүйгіштік  сезімдерін  педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру.....................................................34-43

 

2 тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік тәрбие берудің әдіс-тәсілдері мен жолдары.

 

2.1.   Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие берудің зерттеу деңгейі........................................................................44-52

2.2. Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері..............................53-62

2.3.  Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында  отансүйгіштікке тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент нәтижесі.........................................63-71

 

Қорытынды..................................................................................72-73

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................74-76

 

Қосымша А

 

Қосымша Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  өзектілігі. Бастауыш  буын – қайталанбайтын  кезең,  ақиқаты  сол,  білім  негізі  бастауыштан  басталады.  Бастауыш  білім  беру  сатысы  оның  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа  буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең  алдымен  оқушы  тұлғасы  ұйытқысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  жүретін  аса  маңызды,  құнды,  қайталанбайтын  буын  екендігімен  ерекшеленеді.  Бастауыш  сатыдағы  білім  берудің  бағдарлы  мақсаты – оқу  әрекетін  қалыптастыру;  айналадағы  дүниемен  белсенді  әрекеттестік  тәрбие  түрлеріне  сай  сезім  қатынас  қарым – қатынасқа  дайындау;  өзін  қоршаған  және  өмір  сүрген  жаңа  табиғи  және  әлеуметтік  ортаны  тануға,  сүюге,  қорғауға,  өзін  ұстай  білуге  үйрету  болып  табылады.   Оны  оқу,  ойын,  еңбек,  қарым – қатынас  сияқты  түрлерін  меңгерумен  қамтамасыз  етуге  болады [1; 12-13].

«Қазақстан – 2050»  бағдарламасына  қатысты  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Оқушыларды  Қазақстандық  патриотизмге,  шығармашылық  жағынан  дамыған  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  қажет.  Бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез – құлық,  биік  талғампаздық,  тәкаппарлық,  тектілік,  білімділік,  биік  талғам,  ұлттық  намыс  қасиеттерін  сіңіріп  қалыптастыруымыз  керек», - делінген [2; 26-27].

Басты  назар  аударатын  мәселелердің  бірі – отансүйгіштік. Отаншылдық отансүйгіштік тәрбие  құндылықтары  арқылы  жүзеге  асатыны  белгілі.    

Бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  сабағы,  тәрбие  сағаттары,  сыныптан,  мектептен  тыс  жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік  әрекеттерін  қалыптастырады. 

Оқу  адамның  жеке  басы  танынымының  ерекше  түрі.  Оқи  жүріп  оқушылар  өздерін  қоршаған  дүниені,  елін,  жерін,  ұлтын,  мәдениетін,  тілін  таниды. Өмір  ағымы  талап  етіп  отырған  жаңа  қоғамға  лайықты  саналы,  білімді,  жетілген  жеке  тұлғаны  дайындау  бүгінгі  мектеп  алдында  тұрған  негізгі  міндет.  Сондықтан  мектептің  бастауыш  оқыту  сатысындағы  оқу – тәрбие  жұмыстарын  жан – жақты  толықтырып,  халықтық  тәлім- тәрбиенің  озық  үлгілерімен  сабақтастырып,  бойында  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімі  дамыған  азамат  тәрбиелеу  бүгінгі  күн  талабының  өзекті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр [3; 8-9].

Отаншылдыққа,  туған  жерін  қорғауға  баулу  мектептің  тәрбиелік  жұмыстарының  аса  маңызды  бөлігін  құрайтындықтан,  өмірде  болып  жатқан  бетбұрыстар,  қоғамдағы  саяси  көзқарастар,  әлеуметтік – экономикалық  өзгерістер – еліміздің  тарихына,  ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасқан  салт – дәстүріне  құрметпен  қараумен  қатар,  оны  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  пайдалануға  жол  ашып  отыр.   

Отанды  сүю,  патриотизм, отаншылдық  деген  ұғымдар  мектепке,  үйге,  жақынына,  туған  қаласына  (ауылына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна

Тарих пәні мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 100096
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 100096
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: