Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДипломдық жұмыс «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру»

Дипломдық жұмыс «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру»

Скачать материал

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітіліп, міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады.  Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Онда: «Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады... әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор.  

Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі.  
Әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет.  

Бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге кӛтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.

Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарды пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу - тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көзқарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл зерттеудің көкейкестілі.

Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы – пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру.

Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде жетілдіру/дамыту мәселесі педагогикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқу пәндерін байланыстыру негізінде оқушылардың оқуға деген белсенділігін оятып, білім сапасын арттыруға қатысты ғылыми зерттеулерді және әдебиеттер мен бастауыш сыныпта оқыту үдерісінің нақты тәжірибесін талдау барысында:

- қазіргі қоғам, жетілдірілген білім беру сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының жоғары деңгейін меңгеру қажеттілігі мен оны бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық негізделуінің жеткіліксіздігі;

- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде арттырудың қажеттілігі мен оны бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру әдістемесінің болмауы;

- оқытудың қазіргі жағдайы мен бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пәндерді интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында қарама – қайшылықтардың бар екендігі анықталды.

Зерттеу проблемасының көкейкестілігі мен жоғарыда аталған қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеудің тақырыбын: «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыру»  деп таңдауға себеп болды.

 Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындaйды.                                 

Зерттеудің мақсаты: математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыруда пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.

          Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы мектептегі бастауыш сыныптарының  математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде оқушщылардың белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса,  «Математика» пәнін оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталса, пәнаралық байланыс негізінде құрылған тапсырмалар жүйелі жүргізілсе, онда бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді араласуына, қызығушылығының артуына  жағдай жасайды, танымдық белсенділікті жоғары дәрежеге жеткізеді деп ойлаймыз. 

          Дипломдық зерттеудің мақсаты мен болжамы төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік берді:

-         Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясын-

да және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын талдау; бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді  талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

-         Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі

бағыттарын көрсету;

-         Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық

байланысты пайдалану негізінде оқушылардың белсенділігін дамытуды жүзеге асыру жолдарының аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.

-         Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика

сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптың математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыратын пәнаралық байланысты қалыптастыру.

Зерттеу пәні: бастауышта математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін қолдану үрдісі.

Жетекші идея: математиканы оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс негізінде жасалған әдістемеге сай жүйелі жүргізілсе, ол оқушы белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздемесі. Қазіргі психология, педагогика ғылымдарында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың таным үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізін В.В.Давыдов,  А.Н.Леонтьев, А.М.Лурье, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Эльконин, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, педагогикалық жақтарын Н.А.Данилов, Л.В.Занков, П.И.Пидкасистый, Ж.Б.Қоянбаев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдиярова  және т.б. ғалымдар зерттеді. 

Белсенділіктің теориялық негіздері жетекші философ, психолог, педагогтардың (К.А.Абулханова-Славская, М.И.Лисина, А.М.Матюшкин, Я.А.Пономарев, С.В.Герасимов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина) еңбектерінде берілген. К.А.Абулханова-Славская мен М.И.Лисина таным белсенділігі мен таным іс-әрекеті ұғымдарының арақатынасына талдау жасады.А.М.Матюшкин таным белсенділігі, оның құрылымын анықтады. Я.А.Пономарев адамның шығармашылық белсенділігін дамыту тетігін жасады. С.В.Герасимов іс-әрекетпен белсенділіктің ажырамас байланысын көрсететін таным белсенділігі мен ұғынудың өзара байланыс түрлерін айқындады. Т.И.Шамова мен Г.И.Щукина таным белсенділігі таным әрекетінде пайда болатынына назар аударды.

Танымал педагогтар Я.А.Коменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой,  И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,  М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде пәнаралық байланыс бағдарламасын педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов,  И.Д.Зверев,  Р.Г.Лемберг,  В.Н.Максимова,  В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.  

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері мыналар болып табылады:

Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талқылау және оның толық жетілуінің негізгі бағыттарын анықтау. Тақырыпқа орай жаңашыл педагогтардың тәжірбиелерін жинақтау, сұрыптау, талдау.
Қазақ тілі, ана тілі, бейнелеу өнері, еңбек, айналамен таныстыру және дене шынықтыру сабақтарының элементтерін пайдаланған математика сабақтарындағы байқаулардың нәтижелерін жинақтап қорыту.

Зерттеу көздері. Философтардың, педагог-психологтардың, педагогтардың пәнаралық байланыс, белсенділік, танымдық іс-әрекетті дамыту жөніндегі еңбектері, «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, Білім беруді дамыту тұжырымдамалары, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар,  жеке іс-тәжірибелері.  

Зерттеу негізгі кезеңдері.

          Бірінші кезеңде зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері анықталды. Психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жан-жақты, жүйелі талданды.   Нәтижеде зерттеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, нысаны, болжамы, әдіснамасы, пәні анықталды.

Екінші кезеңде математикадан оқу жоспарлары, бағдарламалары, әдістемелік оқу құралдары мен көмекші материалдар талданып, мектептегі тәжірибелік жұмыстың мазмұны негізделді. Іздестіру тәжірибелері өткізілді.

          Үшінші кезеңде математика сабақтарында пәнаралық байланыстың негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытудағы тиімділігін анықтау мақсатында қалыптастырушы тәжірибелер жүргізілді. Алынған нәтижелер сарапталып, қорытынды ұсыныстар берілді.

 Диплом жұмысының практикалық құндылығы.

     - пәнаралық байланыстарды пайдалану негізінде оқушы белсенділігін

дамыту мүмкіндігінің теориялық негізделуі;

-         ұсынылған әдістемені кез келген типтегі мектептің математика сабағында

пайдалану мүмкіндігінің болуы;

    - жасалған тұжырымдармен, алынған нәтижелерді жаңа әдістемелік көмекші құралдармен нұсқаулар жазған кезде пайдалануға болатындығы.

           Диплом жұмыс: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. «Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырудың теориялық негіздері»

 

         1.1 “Пәнаралық байланыс және оның оқушы белсенділігін дамытудағы рөлі”  

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:

- білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;

- оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;

- оқыту процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.

        Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың  белсенділігін арттырудың теориялық негіздерін айқындау «белсенділік» «танымдық белсенділік», ұғымдарын нақтылаумен тікелей байланысты. Бұл ұғымдардың мәні мен сипатын логикалық тұрғыдан талдауда ғылыми әдебиеттерде, сөздіктерде берілген анықтамаларға  назар аударылды. 

        Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикада қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.

ХVІ ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я.А.Коменский (1592 - 1670), Л.Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж.Ж. Руссо (1712 – 1778), И.Г. Песталоцци (1746 – 1827) педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.

Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керекң деп жазды.

Сондай-ақ, ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 – 1870), Л. Н. Толстой (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 – 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемі”, «Ана тілі», «Педагогикалық антропология», «Адам тәрбиенің жемісі» т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.

Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу немесе ұғыну байланысы.

К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.

Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.

Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан (1835 - 1865), Абай (1845 - 1904), Ыбырай (1841 - 1889) сол дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.

Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясың және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылықң - деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала қоршаған тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.

Педагогикалық сөздікте – «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланыс» - деп аталған.

Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби (870 – 968), Ибн Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т.б. мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.

Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889 - 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М. Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені қарастырған. Мысалы: М. Жұмабаев өзінің «Педагогикаң оқулығында психология, физиология, әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде, адамның тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған.  

         Пәнаралық байланысты тапсырмалар оқушы белсенділігін  дамытудың негізгі тәсілі деп ойлаймыз. Өйткенi, пәнаралық байланыстар шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы талдауға, біріктіруге ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін көп функционалды педагогикалық категория.

          И.Д.Зверев пен В.Н.Максимова пәнаралық байланыс мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, пәнаралық байланыстың әдіснамалық негізін айқындап, «пәнаралық байланыс - әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл-ой қызметінің ерекше түрі»-деп түсіндіреді.

Пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздері М.А.Данилов, Ю.А.Самарин, И.П. Павлов, И.М. Сеченов, Л.С.Выготский, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин, П.Г.Кулагин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Дипломдық жұмыста бұлардың еңбектеріне талдаулар жасалды.

        Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін дамыту өзекті мәселе ретінде қарастырылып отыр. Олай болса, пәнаралық байланыс негізінде дамытуға негіз болған белсенділік ұғымының мәнін ашып көрелік.

        Бала белсенділігі туралы XVI – XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер (Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады (И.В. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А. Леонтьев). Осы зерттеулердің нәтижесінде тұлғаның белсенділігі оның табиғи жаратылысы жағдайы, сонымен бірге, тұлға іс-әрекет барысында қалыптасатындығы, іс-әрекет қандай болса, тұлға да сондай болады деген қорытындылар жасалынады. Демек, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін оқу белсенділігінің мәні ерекше.

        Шынымен-ақ, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы білім алуды қажетсіну қазіргі таңда шешуін күтетін өзекті мәселелердің бірі екені айқын.

        Адамның белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімінің басты міндеті.

        Белсенділік деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

        Педагогикалық тұрғыдан белсенділік ұғымына берілген бірнеше анықтамалар бар. Танымдық белсенділік - білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғалық қасиет (Т.Ш.Шамова), танымдық белсенділік – дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты және адамның сапасы (И.Я. Лернер), танымдық белсенділік -мектеп оқушыларының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысы (Н.А.Половникова)

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «Белсенділік – философиялық, психологиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Белсенділік күнделікті іс-әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді ізденімпаздықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс-әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады» - деген анықтама берілген. Олай болса, белсенділік адамның белгілі бір іске ықыласпен кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы болып табылады. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйтқысы болып саналады. Бұл туа берілетін қажеттіліктер (жоғары жүйке қызметінің өзіндік ерекшеліктері және т.б.) мен қоғамдық өмірдің, оның ішінде, мәдени ортаның ықпалынан болатын қажеттіліктерге байланысты. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады. Оның ойынға, оқуға, еңбекке байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты. Зерттеу мәселеміз тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқыту үдерісінде өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділікті арттыру үшін оқуға байланысты ынтаны қалыптастыру қажет деп санаймыз.

Таным белсенділігі мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл мәселені зерттеуге маңызды үлес қосқан ғалымдар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Дьюидің жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын оқушы мінездемесін анықтайды. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

 Бұған қалай жетуге болады? Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында алдағы ізденістерге қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Оқушыға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болады (S.M. Fishman, L. McCarty, 1998).

С. Фишман айтуынша кластағы мүдде мен жігер механизмін Дьюи келесі тұрғыда көрсетіледі:

1. Не үшін? Балалар «не үшінсіз» мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындаға ұзақтықты құрастыра алмайды.

2. Неменеге? Оқушылар оларды мақсатқа жету үшін не көмектесетінін анықтау керек. Егер сен біреудің сенімін өзгерткің келсе, онда сен көрсетілген ақпараттар нақты неге назарын аударуды ұсынатындығыңды көрсету керек. Пән мен материал мақсатқа жетудің қажеттілігі мен мағынасы болуы керек.

3. Не арқылы? Бұл оқушыларды кластағы таныс емес элементтерді тануы үшін қолданатын бұрынғы тәжірибесі.

Қазіргі кезде республика көлемінде танымдық белсенділік жеке мәселе ретінде әрқырынан қарастырған ғалымдар: Б.Абыканова, Қ.А.Аймағамбетова, Х.Аренова, Қ.Б.Ахатаева, Т.М.Әбдікәрім, А.Е.Әбілқасымова, Ә.С.Әмірова, Ж.Т.Дәулетбекова, Ж.Ы.Сардарова, С.Р.Рахметова және т.б. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыда танымдық белсенділік қалыптасады.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.

Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы білім берудегі негізгі міндет – оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың «гимназиясың - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.

Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.

Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім кеми түсті.

Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында классикалық білім Ресейдегі орыс редакциясының білім берудегі демократияшыл бағыттарымен күресу құралына айналды. Ресейдегі классикалық білімнің мақсаты самодержавияның жастарды реалды шындықтан алшақтату, оларды прогресшіл материалистік көзқарастардың ықпалынан болды.

Білім берудегі классицизм осы кездің өзінде Батыс Европаның кейбір елдерінде Латын Америкасында, Испания, Партугалия т.б. елдердің мектептерінде сақталған. К. Д. Ушинский «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше, жалпы түрде ғана оқыуды дамыту деген ретсіз, болмайтын іс, себебі адамның ойлауы деректерді жиыстырып, соларды өңдеу арқылы ғана дамиды» - деген.

         Жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.

Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.

Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.

Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.

Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);

Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);

Спорттық икемділік пен дағды;

Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.

Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.

А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.

Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:

-         пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;

-         өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;

-         байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;

-         пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.

Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.

Математикалық, оның ішінде  геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары.

«Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасы» деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.

Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні (силуэті) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш, ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.

Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық міндет.

Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып табылады. сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта жүргізу шартты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы  және олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі.

         Ендеше бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды, әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.

 

1.2. Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттары

 

Білім сапасын арттыру мәселесі нормативті құжаттар мен Елбасының Жолдауларында көрініс тауып отырады. Солардың бірі, Президентіміздің мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында [2, 2-3 б.] «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды.  

Білім беру жүйесінде біз зерттеп отырған пәнаралық байланыс және оның негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамыту негізінде білім сапасын арттыру жүзеге асырылады. Интеграцияның пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асырылуы, оқушылардың білім сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталуы алдыңғы тақырыпта қарастырылды және анықталды. Біздің ойымызша, білім сапасын арттыруға сәйкес бастауыш сынып пәндерін интеграциялау екі аспектіде қарастырылады: біріншісі, мазмұндық; екіншісі, процессуальдық аспекті. Мазмұндық аспектіде интеграциялау үдерісінің (пәнаралық байланыстың) оқыту мазмұнын түзетін құжаттарда тіркелуін қарастырады. Ал, процессуальдық аспектіде, интеграциялауды (пәнаралық байланысты) оқыту/оқу үдерісінде жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары сипатталады.

Пәндерді интеграциялау педагогикалық үдерісте, оның ішінде оқыту үдерісінде жүзеге асырылады және аталған үдерістің сапасына тікелей байланысты. Оқыту үдерісінің мәнін түсінуде, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз ететін оқыту үдерісінің моделін іздестіруде біз үшін Н.Д.Хмельдің, Т.И.Щукинаның еңбектерінің өте үлкен маңызы бар. Н.Д.Хмель «педагогикалық үдеріс» деп «педагог-оқушы» жүйесінің жағдайларының алмасуы ретінде қарастырады. Ол: «педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттесуі бар жерде, педагогикалык үдеріс те бар» - деп тұжырымдайды [197, 35-36 б.]. Н.Д.Хмель «Педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын «педагогтың белсенді қатысуымен және басшылығымен өтетін оқушылардың мәдениет байлығын меңгеруге және оларды еңбек пен қоғамдық ӛмірге даярлауға бағытталған бірлескен іс-әрекеті» ретінде анықтайды [197, 35-36 б.]. Ол педагогикалық үдерісті мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде санай отырып, бұл үдерісті іс-әрекеттердің алмасуы есебінен жүретін, қызмет ететін үдеріс екендігін атап кӛрсетеді. Педагогикалық үдеріс сәйкес педагогикалық жүйеде жүзеге асырылады. Педагогикалық жүйеоқушы дамуының алға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін (қабілетті ететін) барлық факторлардың тұтас бірлігі. Педагогикалық үдерісте жүретін, орын алатын ӛзгерістер педагогикалық жүйе элементтері арқылы жүзеге асырылады және оларды жобалау арқылы қамтамасыз етуге болады. И.П.Подласый педагогикалық жүйе құраушыларының төмендегідей элементтерін атап кӛрсетеді: оқыту мақсаты, оқыту мазмұны, әдістері, оқытудың формалары, құралдары, педагогикалық технологиялар, басқару, оқушылар, мұғалім, нәтиже [198]. 64 Аталған педагогикалық жүйе құраушыларын екіге шартты түрде ажыратуға болады: біріншісі, оның құраушылары; екіншісі, оған қатысушылар деп. Жүйе құраушыларының өзі біздің зерттеп отырған мәселенің мазмұндық және процессуальдық аспектілерін қарастырады. Педагогикалық жүйені жетілдіру интенсивті және экстенсивті жолдармен жүзеге асырылады.

 Пәндер интеграциясы арқылы білім сапасын арттырудың жүзеге асырылу интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі. Білім сапасын арттыруда оқушы тұлғасының орны ерекше. Абай Құнанбаев жетінші қара сөзінде баланың ақыл-ой, қабілеттілік туралы: «Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм ӛзі ӛспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не кӛрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін тартып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл не?», деп «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтедідеп, кӛз кӛрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық кӛрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, кӛрсем екен, үйренсем екен», деген пікір айтқан [13, 87-143 б.]. Ал, ағартушы Ы.Алтынсарин: «Ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - дей келе бастауыш мектепте білім негізі қаланатыны мойындай отырып, бала дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады [14, 148 б.]. Ш.Уәлиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рӛлі кӛрсетілген. Ғалым тәрбиеге үлкен мән бере отырып, адамның дамуына оның табиғи бейімінің мәні зор екендігін алға тартады [15, 225 б.]. Кӛрнекті қайраткерлер М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үдерісінде балалардың жеке тұлғасын дамыту мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.

Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сӛз ете келіп, тұлға дамытудың кейбір психологиялық астарына үңіле отырып, баланың туысында қанша зеректік болса да, ғылымсыз, оқусыз кемеліне жетпейді [16, 345 б.] десе, Шәкәрім Құдайбердиев «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым - таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды [17, 86 б.].

А.Байтұрсынов алғашқылардың бірі болып қазақ бастауыш мектептерінде оқытылатын пәндерді саралап, оқытылатын пәндер қатарына: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруакәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс пәндерін жатқызып, олардың барлығын ана тілінде жүргізу керектігін айтып, бастауыш білімнің негізгі талабы, міндеті - баланы ақыл-ойы жағынан дамытумен қатар, 65 оқушылардың қоршаған орта, табиғатқа, өмірге қатысты білім мағлұматтарын, дүниетанымын ана тілінде кеңейту деп есептейді [18, 463 б.].

Жүсіпбек Аймауытов неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады және бала бойындағы қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер ерте ескеру қажет дей келе, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қызметпен айналысқаны тиімді болатынын айтады [19, 308 б.], ал М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін оқумен байланыстырады [20, 106 б.].

Мұғалімнің іс-әрекеті тақырыпты меңгеру барысында оқушының іс- әрекетінен ажырап бөлінбейді және олармен бірлескен әрекет формасында өтеді [199]. Бұл іс-әрекет мотивациялық, операциональдық - танымдық және рефлексивтік - бағалаушылық кезеңдерден тұрады [199, с. 160]. Мұғалімнің оқыту үдерісіндегі іс-әрекетінің мәні оқушылардың ғылым негіздерін меңгеру бойынша белсенді және ӛздігінен атқаратын іс-әрекетіне жетекшілік жасап, басқаруды жүзеге асыруында, ал оқушылардың оқу іс- әрекетінің мәні оқу міндеттерін шешуде болғандықтан мұғалім іс-әрекетінің мотивациялық кезеңінде оқушылардың алда күтіп тұрған оқу-танымдық іс- әрекетінің жұмыстық мақсатын қояды. Оқушылар білімнің қай түрін қандай деңгейде меңгеруі тиіс екендіктерін, оқыту үдерісінің дәл осы кезеңінде іскерліктің қандай түрлерін меңгеруі тиісті екендіктерін, оларды қайда және қандай дәрежеде қолдана білуге тиісті екендіктерін білуі тиіс. Оқушылардың алда күтіп тұрған іс-әрекетке қызығушылығы оянуы тиіс. Іс-әрекет - адамның ақиқат дүниемен ӛзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі кӛрінісі. Іс-әрекет құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне, мүддесіне, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі - қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рӛл атқарады [178, 470 б.]. Оқушы жеке тұлға ретінде ӛмір құбылыстарын түсініп білетін, әсіреленетін және оған деген қатынасы жӛніндегі субъект ретіндегі нақтылы адам [200, с. 162].

Сонымен, оқушы - сананы тасымалдаушы адам. Оқушы санасының белсенділігі оның танымында, әсерленуінде және қарым- қатынасында жүреді. К.К.Платоновтың, А.А.Кыверялгтың зерттеулеріне сәйкес білім сапасы оқушының жеке тұлғалық тӛрт қасиетіне байланысты деп айтуға болады, олар: 1) бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығушылығы); 2) тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, іскерлігі мен әдеті); 3) психикалық үдерістері (қабылдауы, ойлауы, түйсінуі, зейіні, есі, ерік- жігері, сезімі, эмоциясы); темпераменті (адамның жоғарғы жүйке қызметінің 66 типологиялық негіздері, жасы, жеке тұлғаның жыныстық қасиеттері мен потологиялық ӛзгерістері).

 Оқушының білім сапасы оның белсенділігіне де байланысты. Белсенділіктің, танымдық әрекеттің шығармашылықпен ұштасуын Г.Қоқымбаева ӛзінің зерттеуінде дәлелдеген. Ізденуші жұмысында бастауыш сыныптардың оқыту үдерісінде оқушының танымдық әрекеті мен танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктерді ашуды, танымдық әрекет пен танымдық белсенділікті дамытуға байланысты мұғалімдердің дидактикалық дайындығын анықтауды, танымдық әрекеттің құрылымдық белгілеріне қарай бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің бастапқы деңгейін байқауды және талдауды қарастырған. Сондай-ақ зерттеуші танымдық белсенділіктің оқушылардың материалды еркін, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі және олардың шығармашылық әрекетінің жоғары болуы ретіндегі көрінісін анықтаған [125, 122-123 б.].

Оқушы белсенділігінің негізгі көзі – мотивтер. Ал тұлғаның ең жоғарғы мотиві - өзін-өзі таныту. Белсенділік тұлғаның негізгі қасиеті, сондай-ақ, тұлғаның қажеттіліктерді, қабілеттерді, ӛмірге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негізінде тұлғаға ғана тән, өмірді ұйымдастыру, реттеу және өзіндік реттелу тәсілі [201, с. 45].

Іс-әрекет «… саналы мақсатты басқарылатын, қоғамдық мәнді сипаты бар адамның ішкі (психикалық) және сыртқы (физикалық) белсенділігі» [202, с.28]. Іс-әрекет барысында баланың дамуы жүзеге асырылады, сондай-ақ сапалық қасиеттер қалыптастырылады.

Белсенділік – бұл оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқуға қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберлікті қалыптастырудағы қасиеті. Бұл - ой еңбегінің құлдырау және тоқтап қалуынан сақтайтын, жігерлі, мақсатты болуға икемдеуге бағытталған жүйе. Оның негізгі мақсатыоқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын кӛтеру [203, с. 23].

Оқушының білім сапасын арттыру – күрделі үдеріс. Педагогикалық зерттеулер негізінде бастауыш сынып оқушысының білім сапасы, оның белсенділігі арқылы көрініс табады. Сонымен, оқушыныңбілімді сапалы меңгерудегі іс-әрекеті - бұл оқушының оқыту мазмұнын, көлемін толық мәнді игерудегі белгілі мақсатқа ұмтылған белсенділігі» - деп білеміз. Білімді игеру деп - ғылыми ұғымдарды, фактілерді және басқа да мағлұматтарды (өз бетінше және мұғалімнің көмегімен) алу, бекіту және қолдану үдерісі түсіндіріледі. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудағы білім беру әдістері депоқушылардың оқу пәндері бойынша білімдерді игеру мен білім алуға бағытталған, оларды оқу-еңбектік сферада қолдануды түсіну мақсатымен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық тиімді әдістері мен тәсілдері түсініледі. Ендігі кезекте бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық ерекшеліктеріне қысқаша тоқтаамыз, себебі, пәндерді интеграциялау арқылы білім сапасын арттыруда оқушылардың жас және дербес  ерекшеліктерін ескеру қажет.

Кіші мектеп жасы - бұл бала міріндегі көбіне тұлғалық және ағзаның дамуын анықтайтын бірден бір маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері, олардың қоршаған ӛмірге адамдарға, оқиғаларға деген айнымас қызығушылығы болып табылады.

Бастауыш мектептің қазақ жерінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан кемеңгер ғалым-педагог А.Байтұрсынов бастауыш сынып оқушысының оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін олардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ӛзгешеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу - бастауыш мектеп мұғаліміне тән нәрсе екенін ӛз еңбектерінде, педагогикалық ой-пікірлердің дамуына, қазақ бастауыш мектебінің оқу мазмұнын шешуде жол ашып берді. Бастауыш мектепте оқу ісін ұйымдастыруда, қазақ бастауыш мектептерінің типтерін анықтауда, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда, оқудың әдістемелік негіздерін анықтауға үлкен және ауқымды үлес қосты [18, 463 б.].

«Жас ерекшеліктері деп ӛмірдің белгілі-бір кезеңіне тән анатомиялық- физиологиялық және психикалық қасиеттерін айтамыз», - деп И.П.Подласый анықтама беріп, педагогикалық білім беруде мектеп жасындағы адамдардың ӛмірі мен дамуын кезеңдерге бӛлу мәселесінің маңызды екендігін түсіндіреді [204, с. 576]. Ал, В.В.Давыдов бала мен жасӛспірім жас аралығындағы ата-ана ықпалынан арылып, құрбы-достарымен қарым-қатынас жасау, оқу іс- әрекетімен айналысуды оның дамуының белгілі құралы деп тұжырымдайды [23, с. 239]. Оқушылардың жас ерекшеліктерін оқыту барысында ескерудің маңыздылығын Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Б.Т..Лихачев, Ф.Харламов, И.П.Подласый, М.Жұмабаев, С.А.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Балалардың жас ерекшеліктері, олардың бала дамуындағы алатын орны мен мәніне ғалымдардың пікірлеріне тоқталар болсақ.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін Ш.А.Амонашвили [205] балалардың дүниені диалектика заңдылығына сай түсінудің генетикалық алғашқы пайымдаулар жасауға талпынуы деп қарастырады. Ал, Я.А.Коменский оқыту-тәрбиелеу барысында жас ерекшеліктерді міндетті түрде ескеруді талап етіп, тәрбиенің ӛз мерзімінде және жүйелі түрде жүргізілуіне кӛп кӛңіл бӛліп, «Меңгеруге жататындардың барлығын әрбір жаста қабылдауға жеңіл болу үшін жас сатыларына сай сұрыптау керек», - деп тұжырымдайды. Ол балаларды оқытып, тәрбиелеуде дәйектерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге, деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жекеден жалпыға ӛту қағидасын ұсынады [206]. Л.С.Славина бала психологиясын зерттей келе бала ӛмірін, табиғи қажеттіліктерін қалыптастыратындай етіп ұйымдастырып, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін айтады [207].

Бастауыш мектеп кезеңінде оқушылардың психикасы тез дамиды. Олардың танымдық әрекеті кӛбінесе оқыту барысында жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушылары ӛздерінің қабылдауының тұрақсыздығымен және 68 шашыраңқылығымен ерекшеленеді. Бірінші және екінші сынып оқушылары қоршаған ортаны, кӛбінесе, заттар мен құбылыстардың жеңіл-желпі қасиеттерін кӛзге түсетін жеке белгілерді ұғыну, түсіну негізінде қабылдайды. Бұл жастағы балаларда кӛбіне кӛрнекі-бейнелік және кӛрнекі-әрекет ойлау басымдылық танытады. Балалардың кӛру кеңістікті қабылдауының дамуы жеткілікті түрде жоғары дәрежеде болады. Педагог-психолог ғалымдардың қорытындыларының нәтижесінде балаларды оқыту ӛте ерте жастан қабілетті екенін негіздей отырып, логикалық ойлауы пәндік тәжірибелік әрекеттің нәтижесінде байқалады. Онда балалардың физиологиялық және рухани дамуы, ӛзіндік кӛрсетуі белсенді түрде атқарылады. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық негіздерін сипаттауда ғалым-психолог М.Мұқанов кіші жастағы оқушылардың оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне «Оқуды ӛзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сӛз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады, оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Осыған ептілікпен дағдылану да керек» деп жан-жақты талдау жасайды [208]. Таным үдерістері (қабылдау, зейін, есте сақтаумен ойлау, интелектуалдық даму) оқушының қоршаған орта, ӛзі және басқа адамдарды тануға мүмкіншілік береді. Таным үдерістері баланың белсенді оқутанымдық іс-әрекеті барысында дамиды және тереңдей түседі. Бастауыш мектептегі әр баланың психофизиологиялық дамуы біртекті дамымайтындығын ескеру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктерін талдау кезінде ойлау қабілеті белгілі бір жүйеде дамитындығы анықталды. Кӛрнекі-әрекеттік ойлаудан кӛрнекі-бейнелік ойлауға және әрі қарай австрактілі немесе логикалық ойлауға ұштасады, бұл ұғымдық ойлау деп аталады. Ж.Пиаже [209] айтуынша, соңғысы жоғары деңгей болып саналады және ол тек оқушы 8 жасқа келгенде ғана қалыптасады деген. Зейін деппсихикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып шоғырлануын айтады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыздығымен, алаңдаушылығымен ерекшеленеді. Зейіннің тұрақсыздығы бастауыш сынып оқушысының тез қозғыштығымен түсіндіріледі. Әсіресе 1-2 сыныптағы оқушы тек бір іс - әрекетпен жұмыс істей алмайды, ӛйткені ол тез шаршайды және тежеледі. Әр баланың зейіні әр түрлі болатынын айта кету керек. Кіші мектеп жасы кезеңі балалардың ақыл-ойының қарқынды даму мерзімі болып табылады. Сондықтан бастауыш сынып оқушысының дүние тануға керек ақыл-ой қызметі үшін, түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың мәселені шешу үшін ең алдымен материалдық әрекеттерді, яғни затты ұстап кӛру, тұрпатын, кӛлемін ажырату, шамалап ӛлшеу т.б. әрекеттерді пайдаланатындығын, одан кейін барып сол заттың бейнесін елестетінін, осыдан кейін дауыстап және іштен айта алатын болып, оның сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне ауысатындығын кӛрнекті психолог П.Я.Гальперин ӛзінің «Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы» деген теориясында дәлелдеп берді [210]. 69 П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін сатылай қалыптастыру теориясы оқушылардың танымдық тапсырмаларды (проблемалық, проблемалық емес) шешу үдерісінде іс-әрекет тәсілдерін меңгерудің психофизиологиялық механизмдерін ашып кӛрсетеді. Олар ақыл-ой әрекеттерін сатылай қалыптастырудың бірнеше типін қарастырды: бірінші типі дәстүрлі оқыту; екінші типінде сызба алгоритмі арқылы берілетін үлгі мұғалімнің нұсқауымен бірнеше қайталап қолдану негізінде түсінік қалыптасады; үшінші типінде бағдарлау объектісі бойынша оқушыға нақты үлгілер емес заттар немесе құбылыстардың жалпы принциптері мен құрылымдары беріледі [211]. Бастауыш сынып оқушысының дүниетанымын қалыптастыруда іс-әрекет басты құрал ретінде саналады. Іс-әрекетадамның бүкіл ӛмір жолын анықтайды, іс-әрекеттегі қоғамдық қарым-қатынас жасаудың әртүрлі формаларында ӛсіп-келе жатқан жас ұрпақтың мүдделері мен талпынысы, оның қабілеті жетіліп, мінезі белгіленіп, дүниетанымы қалыптасады [51, 58 б.]. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқу іс - әрекеті күрделі, әрі кӛп деңгейлі мотив жүйесімен реттеліп отырады. Бірінші сынып оқушыларында әлеуметтік мотивация басым болып табылады, ӛйткені олар қоршаған ортада белгілі бір орынға ие болып, ӛзіне жүктелген қоғамдық іс-әрекетті атқаруға деген қызығушылығы бастапқы кездері басымдылық танытады. Оқу мотивациясымен бағыттылығын қалыптастыруда ең маңызды шарт орындайтын іс-әрекетке деген қызығушылықтың болуы қажет. Білімге қызығушылық оқу іс-әрекетінің мотивациясы арқылы қалыптасады. Іс- әрекеттің мотиві қандай болса, бала үшінде сондай әр түрлі мағынада болады. Оқушылар үшін бағалау және білімді қабылдауға бағыттылығы маңызды болып келеді. Балалардың мектептегі таным үдерісіне қарағанда баға қызықтыратыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысына баға үшін орындалатын немесе ойлап талқылауға арналған тапсырма түрлері таңдауға берілсе, оқушы баға үшін орындайтын тапсырманы таңдайтыны анық. Біртіндеп оқу іс-әрекетін игеру барысында қызығушылық қабілеті білімді меңгеруге ауысады. Оқу үдерісінен және ішкі мазмұнымен байланысты оқу таным қызығушылық мотиві оқу іс- әрекетін белсенді меңгеру кезінде қалыптасады. Баланың оқу әрекеті - күрделі үдеріс, ол баланың барлық психологиялық қасиеттерін, рухани күшін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиіс. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты т.б. психикалық үдерістерімен байланысты іске асырылып отырылады. Оқушының ӛздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен дамытуға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға кӛңіл аудару керек және ең алдымен, ӛз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету қажет. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қаңдай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналығы артады. Оқу жұмысының міндеттеріне сай баланы ӛз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, 70 бақылауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, ӛзін-ӛзі баскаруға дағдыландырудың маңызы ӛте зор. М.Мұқанов [208, 24 б.], Ш.А.Амонашвили [205, с. 205] және т.б. ғалым психологтар балалардың оқу - танымдық әрекетінің қалыптасуы бастауыш мектептегі оқыту үдерісінің (педагогикалық үдерістің) психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады деп тұжырымдайды. Баланың мектепке келуі - оның ӛмірі мен іс-әрекетінің сипатына ӛзгеріс енгізетін маңызды кұбылыс. Оқушы болумен байланысты, мектепке дейінгі жасқа қарағанда қоғамда жаңадан ӛз орнын алады. Ол жаңа құқыққа және міндеттерге ие болады, әрі осы кезден бастап оқу әрекеті бала үшін жетекші әрекетке айналады. Оқу біріншіден баланың қоғаммен негізгі қарым-қатынасы, міне осыны алу әрекеті арқылы жүзеге асады, екіншіден осы оқу әрекетінде мектеп жасында баланың жеке басының негізгі сапасы қалыптасады, әрі жеке психикалық үдерістер осы оқу әрекетінде қалыптасады. Оқу әрекеті әрекеттің басқа түрлерінен ӛзгеше. Оқу міндетті және жауапты әрекет болғандықтан оқушыдан ұйымдастырылған субъектіні талап етеді. Оқу әрекеті қатаң мақсатты бағытта болады. Ол басқа бірде-бір әрекеттей емес, сыртқы талаптарға сай жүйелі реттеледі, осы әрекеттің басқарушысы рӛлінде кӛрінетін мұғалім арқылы ұйымдастырылады. Оқу әрекетінің барысыңда оқушы басқа адамдар жасаған және ғылымда қорытылған білімдерді игереді. Әрине ойын және еңбек әрекеттерінде де, бала білімді игере алады, дегенмен ол әрекет түрлерінде білімді игеру арқылы мақсат болып табылмайды. Оқушыларды оқу әрекетінде дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу мұғалімнің, мектептің маңызды негізі болып табылады деп есептейді М. Мұқанов. Баланың жалпы дамуына, ақыл-ой іс-әрекетінің артуына қызығушылықтың тигізер әсерін кӛрсете келе, психолог- ғалым Л.С.Выготский қызығушылықты қажеттіліктермен байланыста болады деп дәлелдейді [212]. Ол баланың жалпы дамуы мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытуда қызығушылықтың маңызын ашып кӛрсетеді және баланың ойлау қабілетін белсендендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігімен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге тоқталады. Бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ал оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты болады деп пайымдайды. Оқушының оқу әрекетінде танымдық үдерістер басым болғандықтан, оқу мотивациясында қызығушылықтың ролі ерекше болады. Оқу - қызығушылығыбұл танымдық қажеттіліктің эмоционалдық әсерленушілігі. Оқушылардың қызығушылықтары мазмұндық, ауқымдық, белсенділік сияқты кӛрсеткіштер бойынша айқындалады. С.Т.Шацкий қызығушылықтың психологиялық негізіне белсенді іс- әрекетке деген қажеттілікті жатқызады. Бұл қажеттіліктен кӛзқарастар, ой- пікірлер, дағды, іс-әрекеттер, қызығушылық туындайды. Балаларды баурап алатын құбылыстар ақыл-ойға, эмоцияға, күш-қуатқа нәр береді, ал бұл болса, олардың іс-әрекеттерінде кӛрініс табады. С.Т.Шацкийдің қызығушылықты іс- әрекетке тәуелді етіп кӛрсетуі қызығушылық теориясына қосқан елеулі үлесінің бірі болды, алайды, іс-әрекеттің ролін және баланың оқу барысындағы ӛзіндік 71 тәжірибесін әсерлеп кӛрсету күнделікті меңгерілетін білімнің ролін жете бағаламаушылыққа әкеледі [213]. Ал, Т.И.Щукина Қызығушылық - адамның ішкі жан дүниесіне әсер ететін фактор есебінде ұғынылғанда ғана тиімді болмақ дей келе, ол үшін қызығушылық тӛмендегідей фукцияларды жүзеге асыруы керектігіне тоқталады: - танымдық қызығушылыққа бастапқы қозғау салуды іске асыру; - эмоционалдық қабылдауға негіз болу; - сыныптағы қайшылық жағдайды жою тәсілі қызметін атқару; - материалды меңгеруге қиналатын оқушылардың эмоционалдық күш- қуатының кӛтерілуіне ықпал ету [214]. Оқушының жеке тұлғалық қалыптасуы үдерісінде оның танымдық қызығушылықтары дамып отырады. Қызығушылықтың даму сатылары: әуестік, білім құмарлық, танымдық қызығушылық, теориялық қызығушылық. М.Мұқановтың психологиялық тұжырымдамаларында бастауыш сынып оқушысы қызықты нәрсені қабылдауға икемді келетіндігі, кеңістік пен уақытты қабылдаудағы қиындыққа қарай, бір объектімен екінші объектіні салыстыра жүргізу керектігі туралы айтылған [208, 24 б.]. Белгілі психологтар М.Мұқанов пен Қ.Жарықбаевтың еңбектеріне талдау жасау бастауыш сынып оқушыларының тӛмендегідей даму ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік берді: - бастауыш сынып оқушылары ӛте сезімтал, әсерленгіш, еліктегіш, сенгіш келеді; - жасӛспірімдік шаққа қарағанда бастауыш сынып оқушыларында мінез- құлық дағдарысы айқын байқалмайды; - бастауыш сынып оқушысы сӛзбен айтқан нәрсені есте жақсы сақтағанға қарағанда іс-әрекет арқылы жүзеге асырғанда есінде берік қалдырады [190, 224 б.]. Оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін Т.С.Сабыров үш топқа бӛледі: 1) оқу еңбегін ұйымдастыру; 2) кітаппен және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу; 3) ауызекі және жазба тіл мәдениеттін жетілдіру. Ол үшінші топтың ӛз ішіндегі білік-дағдыларды жүйелеудің негізгі идеясын - кӛру және есту арқылы күрделілік сипаты әр түрлі қабылданатын мәтіндер мен бүкіл оқу жылы ішінде жүргізілетін жұмыстар бойынша оқушының ауызекі және жазба тіл формаларын дамытуға қол жеткізу деп анықтай келе, оқытудың негізгі мақсатының біріне оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды жатқызады. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми кӛзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәндерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін мейлінше кӛбірек пайдалану қажеттігін баяндап, ана тілін оқыту үдерісінде тілдің қамтылған, игерілген әртүрлі аспектілері арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастық қызметтің барлық түрлері басқа пәндерді оқыту барысында, мәселен математика, дүниетану, сол сияқты бейнелу ӛнері пәндерінде де ескерілуі қажеттігін жазып, пәнаралық байланыстардың ең тиімді үйлесімін, яғни бастауыш сыныптарда оқытылатын барлық пәндерде барынша интеграциялау міндетін шешуді ұсынады [215]. Оқушылардың ойлауын белсендендіретін әдістердің ӛзіндік кемшіліктерінің біріолардың жүйелі еместігі. Бірақ оқушылардың топтық 72 жұмысын белсендіру үшін оларды қолданудың нәтижесі жоғары. Тәжірибелік- эксперимент жұмысына бақылау және эксперимент топтары алынды. Белгілеу экспериментінің бастапқы кезінде бастауыштың 3-4-ші сынып оқушыларының пәнаралық интеграциялау негізінде білім сапасы деңгейлері анықталды. Белгілеу эксперименті бақылау және эксперимент топтарында бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәнаралық интеграциялау негізінде қалыптастыруға жеткілікті назар аудармайтындығын көрсетті. Эксперимент нәтижелері оқушыларда бастауыш сыныпта қалыптасуы тиіс пәнаралық іскерліктердің де тӛмен деңгейде екендігінен хабардар етеді. Оның ішінде: - оқушылардың ауызша және жазбаша мәтіндерді өзбетінше өзгертуі, толықтыруы және құрастыруы; - заңдылықтарды, дәлелдемелерді, теріске шығаруды анықтауы; - тапсырманы орындау үшін ереже алгоритмін біргелікте құрастыруы; - шығармашылық тапсырманы орындау кезінде ойлауды белсендіруі және алгоритмдеу әдістерін ӛзбетінше қолдануы; - ӛзбетінше жұмысты орындауы, олардың нәтижелерін талдауы және бағалауы, т.б. Бастауыш сынып оқу пәндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыруда мұғалімнің орны ерекше және оны назарда ұстау қажет. Бағдарламада жоспарланған тақырыптар, оқу материалдары және сарамандық жұмыстар оқу-тәрбие үдерісінің іске асуына негіз болады. Оқу үдерісі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасынан тұратыны педагогика ғылымында дәлелденген. Мұғалім белгілі бір тақырып бойынша жинақтаған білім жүйесін оқушыға меңгерту үшін оны оқып - үйреніп және оны ӛз тәжірибесінде қолдана білуі керек. Сондықтан да болашақ мұғалімдер бағдарламамен етене таныс болып қана қоймай, оны оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда тиімді пайдалану үшін, әрі ондағы тақырыптар бойынша ғылыми-теориялық, практикалық, кәсіби білімдермен жеткілікті дәрежеде қаруланған болуы қажет. В.А.Сластениннің ойы бойынша, бүгінгі күндегі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлығы бірқатар қасиеттермен және сипаттамалармен анықталады. Олар: - психологиялық даярлық - мектептегі жұмысты мақсат еткен педагогикалық іс-әрекетке әртүрлі деңгеймен қалыптасқан бағыттылық; - ғылыми-педагогикалық даярлық - педагогикалық іс-әрекетке қажетті кӛлемдегі қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдер; - практикалық даярлық - талап етілген деңгейдегі қалыптастырылған кәсіби-педагогикалық ептіліктер мен дағдылардың болуы; - психофизиологиялық даярлық - белгілі мұғалімдік мамандықты игеруге және педагогикалық іс-әрекет үшін сәйкес алғышарттың болуы, кәсіби құнды жеке тұлғалық сапаның қалыптасқандығы; - дене бітімі даярлығы - денсаулық жағдайының педагогикалық іс-әрекет талабымен дене бітімінің дамуы және кәсіби жұмыс жасау қабілеттілігі [6].

Ал, Н.В.Кухарев білімге қол жеткізу мен оқудың жеңілдігін қамтамасыз ету үшін оқушыларды қандай іскерліктерге үйрету керектігін ол түрткі болатын, қозғаушы және интеллектуалды іскерлік деп атады. Ол интеллектуалды іскерлікке мына тӛмендегідей компоненттерді жатқызады [21]: 1. Ақпараттарда ең бастысын, мәні барын бӛліп қарау. 2. Материалды жүйелеп, оны схемада кӛрсету. 3. Өзінің жауабына не сӛйлеу керектігін таңдау; жауап беру кезінде салыстырулар мен қорытындылар жасау. 4. Алғашқы дерек кӛздерін пайдалану және оларды жауапта пайдалану. 5. Анықтама әдебиеттерін пайдалану. 6. Оқу мәтінін графикалық бейнелеуге жататын схемаларды таңдау. 7. Логикалық акценттері мен бірінен біріне ӛтуді атап кӛрсете отырып, әңгіме құрастыру. 8. Материалды салыстыра отырып ашу. 9. Мәтіндегі танымдық міндетті түсіну. 10. Зерттеліп отырған фактілер мен оқиғаларға қатысты ӛзінің пікірін айту. 11. Жаңа материалды зерттеуге байланысты сұрақтарды ӛзбетімен құрастыру және оны белгілі фактілер мен ережелермен салыстыру. 12. Бірнеше дерек кӛздерінің негізінде қарапайым зерттеу жүргізу (құжаттар, бақылау, эксперименттер). 13. Гипотезаны құру, оны тексеру жолдарын белгілеу. 14. Салыстыру, қорытынды жасау; мәнді белгілері бойынша ақпараттарды жіктеу. 15. Абстрактылы құбылыстардың мағынасын ашу. 16. Оқу орнында алған білімін тәжірибеде қолдану тәсілдерін табу. С.Әлімбекова болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке дайындық бағыты бойынша даярлығын жетілдіру жолдарын кӛрсетсе [18], К.М.Беркімбаев, Б.Т.Ортаев, Г.Т.Абдуллина интеллектуалдық іскерлікболашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық даярлығын құраушысы екендігін ӛздерінің еңбектерінде ашып кӛрсеткен [19]. Құзыреттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог ӛзінің кәсіби ӛсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, ӛзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін ӛмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана педагог құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік болады.

Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастыруды тӛмендегі деңгейлер бойынша қарастыруға болады: 1. Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 2. Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi. 3. Ұйымдастырушылықоқушылардың ӛзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 4. Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «МұғалiмАта-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi. 5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың ӛзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 6. Ынталылық - психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы ӛзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi. 7. Жобалықмектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi. 8. Ғылыми-iзденiстiкмектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны ӛткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi. Аталған деңгейлер бойынша ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп ӛсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық ӛзін- ӛзі дамыту құзыреттілігі [20].

Жоғарыда аталған бастауыш сынып пәндерінің базалық білім мазмұнының құзыреттіліктерін, бастауыш мектеп оқушысының құзіреттіліктерін және педагог мамандардың құзыреттіліктерін анықтап алу бастауыш сынып пәндерін интеграциялап оқыту үдерісінің білім сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Зерттеулерге сәйкес оқушының оқу іс-әрекетін қалыптастыруда мұғалім тарапынан оқыту үдерісінде оны дамытудың тӛмендегідей бағыттарын білуі керек [21, 28 б.]: - жеке тұлғаның психикалық әрекеттеріне басшылық жасау; - баланың психологиялық жас ерекшеліктерін, темпераментін, мінез- құлқын ескеру; - оқушының жаңа білімнің қажеттілігін түсінуіне жол ашу; - жеке тұлғаға танымдық мәселені шешуде қиындық келтіретіндей тапсырма беріп, оның ойлауы қызметін күшейту; - жеке тұлғаның бұрынғы білімдерін байытуына кӛмектесе отырып, мәселені шешудің ұтымды жолын іздеуге бағыт беру; - тапсырманы жеке тұлғаның ӛзіндік кӛзқарасын туғызатындай деңгейде жүйелі беру; - теориялық материалдарды практикамен байланыстыруда жеке тұлғаның дербестігін ескеру; - жеке тұлғаның оқу, тыңдау, ӛзіндік пікірін білдіру мәдениетін меңгерту; - жеке тұлғаның ӛз жұмысын тексере білуіне, ӛзгенің еңбегін бағалай білуіне ықпал жасап назар аудару; - педагогикалық әдеп және қарым-қатынас мәдениетін ұстану; - отбасыларымен жан-жақты қарым-қатынас жасап, байланыстың балаға әсерін ескеру; - шығармашыл және кәсіптік қабілеттерін ӛз бетінше үздіксіз дамыту; - жаңаша оқыту технологияларын пайдалану.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәнаралық байланыстар бойынша қамтамасыз етуді: ақпаратты амал жасау, себеп-салдарлық байланысты орнату, қолдануды жүзеге асыру тұрғысынан қарастырған Д.Кішібаеваның зерттеуін атап ӛтуге болады. Ізденуші білімнің сапалық қасиеттерін тӛмендегіше кӛрсетеді [21, 28 б.]: Ақпаратты амал жасау (кіріктіру): объектідегі (заттағы) негізгіні бӛліп кӛрсету (түсін, пішінін, кӛлемін, арналуын, т.б.); басқа объектпен (затпен), объектіні (затты) жасау технологиясымен (үдерісті) сәйкес қою негізінде салыстыру (ерекшелікті кӛрсету, айырмашылықты табу, т.б.); объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (материалы, қолданылатын еңбек құралдары, орындайтын үдерісі, сызба жұмыстары, т.б. бойынша) жүйелеу; объектіні (затты) сыртқы (конструкциясы) пішіні, кӛлемі тұрғысынан ӛзгерту; объектіні (затты) жетілдіру тұрғысынан (түсіне сәйкес элементтер (әшекей, т.б.) қосу) толықтыру, конструкциясын жетілдіру, оқу материалдарын толықтыру; объектіні (затты) даярлау бойынша оқу материалдарын (сызбасын сызу, материалтану, еңбек құралдары, еңбек үдерістері, т.б. бойынша) және іс- әрекеттерді (орындалатын үдерістерді: еңбек тәсілдерін, әрекеттерді, қозғалыстарды) ойша және практикада біріктіру; объектіні (затты) даярлау үдерісіне қатысты жіберілген қатені табу, түзету бойынша ой және дене әрекеттерін орындау қажет. Себеп-салдарлық байланыс бойынша: объектіні (затты) дайындаудағы немесе үдерісті жүзеге асыру себебін анықтау; үдерісті орындаудағы жіберілген қателіктерден немесе үдерісті орындаудан, қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығатын салдарды анықтау; объекті (зат) үшін тиімді түстің, пішіннің таңдалуын, арналуын, т.б. дәлелдеу; үдерістің дұрыс орындалмауын немесе түстің, пішіннің зат үшін дұрыс таңдалмауын терістеп сипаттау; объекті үшін түстің, пішіннің немесе орындалуы керек үдерістердегі т.б. байланыстарды анықтау; объектінің (заттың) атқаратын функциясын анықтау; заттың ӛзінің элементтері арасындағы байланыстарын анықтау; бар объектінің құрылымына енген жаңа элементтерді анықтау сияқты оқу- интеллектуалдық іскерліктерінің орындалуы қажет етілді. Практикалық іс- әрекеттерді жоспарлау және орындау бойынша: объектіні (затты) әзірлеу бойынша жоспар құрастыру; практикалық іс-әрекетте өзіне, бұйымды даярлау үдерісі кезінде объектінің (заттың) ӛлшемін бақылауды, ӛлшеуді және тәжірибені жасауды жоспарлау және оларды практикада жүзеге асыру; болашақ әзірленетін объектіні болжау; практикалық іс-әрекетті орындаудың жоспарын талдау әрекеттерін орындау талап етілді.

Оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша оқыту үдерісінің моделін С.Абдукадирова ӛзінің зерттеу жұмысында құрастырған. Ізденушінің әзірлеген модель бойынша тӛмендегідей тұжырым жасауға болады: - оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті орындаушылық, атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау қызметі енжар-репродуктивті сипат алады, осыған сәйкес оқушы мұғалімнің ұсынған информациясын қабылдауға, мағынасына жетіп түсінуге, пайымдауға, түсінуге, есте сақтауға қабілеттілік кӛрсетеді; бұл білім дұрыстық, толықтық, терендік, жүйелілік, саналылық талаптарына жауап береді. - оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау қызметі белсенді-репродуктивтік сипат алады.

Білімді практикада үлгі бойынша қолдануға жаттыға отырып, оқушы білімді осы деңгейде және осы үлгіге ұқсас, оңай танылатын деңгейлерде меңгереді; бұл жағдайда білім толықтық, дұрыстық, тереңдік, жүйелілік, саналылық, нақтылық, беріктік, ықшамдылық қасиеттерге ие болады. - оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-шығармашылық-ӛзіндік әрекет сипатында болуы: оның әрекетшілдік бағыт ұстанғандығын кӛрсетеді, оның ойлау қызметіне ӛнімділік және шығармашылық сипат тән келеді; бұл оқушының білімді таныс емес жағдайларға қолдануын қамтамасыз етеді; осының нәтижесінде оқушының білімі сапалық қасиеттердің бүкіл жүйесіне ие болады. Сонымен, біздер «бастауыш сынып пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру деп, оқу пәндері бойынша оқыту/оқу үдерісінде оқушының өз құзыретін құраушы білімдік саланың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне дайындығын (үдеріс және нәтиже ретінде қарастырылатын) жетілдірудегі белсенділігін түсінеміз». Ұйымдастырылған оқыту үдерісі бойынша оқу пәндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасының артқандығын анықтау оқу нәтижелері арқылы кӛрсетілуі керек. Ал ӛз кезегінде оқу нәтижелері оқушылардың іс-әрекеттерімен орындалады.  

 А.А.Кыверялг оқу үдерісі құрылымының құраушыларын тӛмендегіше ұсынады [20, с. 162]:

 1. Оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтау. 2. Оқу материалдарының кӛлемі мен мазмұнын айқындау. 3. Оқу материалын дидактикалық ретті баяндауды анықтау. 4. Оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерді анықтау. 5. Оқыту формаларын таңдау. 6. Көрнекілік құралдарды таңдау және олардың оқу мәтінімен байланысын анықтау. 7. Оқытудың басқа да құралдарын таңдау. 8. Тақырыптық жоспар және тақырыптардың немесе сабақтың құрылымдық схемаларын құрастыру.

Мұғалімнің оқу пәні бағдарламасы бойынша атқаратын жұмысын төмендегіше атап кӛрсетуге болады: 1. Бар оқу-әдістемелік материалдарды талдау. 2. Тәжірибелік педагогикалық қызметті жүзеге асыру. 3. Әдіскерлер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелерін талдап қорыту. 4. Оқыту үдерісі құрылымына баға беру. Білім сапасын арттыру педагогиканың, оның ішінде дидактиканың айналысатын мәселесі екендігі белгілі. Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау оқушылардың білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттары арқылы жүзеге асырылады деп білеміз және интеграцияның атқаратын функцияларына сәйкес оларды нақтылау қажеттігі туындайды.

Пәндер интеграциясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау үшін алдымен оқытудың дидактикалық шарттарының мазмұндық сипатын анықтау қажеттігі туындайды. Осыған сәйкес, «дидактикалық шарттар», «білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттары» ұғымдарының мәнін ашуды жӛн санадық. Ӛмір сүретін, жүзеге асырылатын кез келген объект басқа объектілермен сансыз кӛп шамада тікелей және жанама қатынаспен байланыста болады. Объектінің ӛмір сүруі үшін база болуы немесе объектіге қатысты, оның болуын, жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жиынтық орындалу қажет. Ондай жиынтық «шарт» деп аталады. Объектінің болуы, жүзеге асырылуы үшін «жеткілікті шарт», «қажетті шарт» болады [22]. Философтар шарттарды қажетті және жеткілікті деп бӛліп қарастырады. Мәселен, оқу үшін оқушының білімі, жасы және жеке дара ерекшеліктері - қажетті шарт, бірақ олар әлі жеткіліксіз, оқушылардың алдыңғы дайындығының деңгейін білу қажет. Тек барлық қажетті шарттардың жиынтығы нәтижеге жетудің жеткілікті шарты болып табылады. «Шарттар» термині кейбір жағдайларда, ұқсастық ойда анықтаушы сӛздерсіз пайдаланылады. Орыс тіліндегі «Условия» терминінің қазақ тіліндегі аудармасы «жағдай», «келісімдік», «ереже», «шарт» немесе «талаптар» т.б. 82 терминдерді береді [28]. Мәселе оқыту/оқу үдерісіне қатысты болғандықтан «дидактикалық шарттар» ұғымын қолдану дұрыс деп білеміз. Сонымен, «дидактикалық шарттар» оқыту үдерісіне қатысты белгілі мақсатқа жету үшін және оқу/оқыту үдерістерінің қорын ашудағы ойда қолданылады. Педагогика ғылымында шарттар объективті және субъективті деп ажыратылады. Объективті шарттар мұғалімге байланысты емес, оған мемлекеттік оқу-әдістемелік құжаттар, оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктері, мектептің жұмысы және оны қоршаған ортаның нақты жағдайы қатысты болып табылады. Субъективті шарттарға мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен шеберлігі, оқыту мен тәрбиелеу жӛніндегі заңдар мен білімдер, оларды практикада қолдану іскерлігі, оқу және тәрбие үдерісіне жағымды жағдайды мұғалімнің жасау және тәрбиеленушілермен дұрыс қатынасты орнатуы жатады. Кейбір кезде белгілі іс-әрекет түріне қабілетті субъективті жағдай шешуші мәнге ие болады [29]. Ю.К.Бабанский себепті немесе құбылысты шартпен теңестіруге болмайтынын жазады. Себеп - оқиға салдарының бастауын тудырушы, яғни ол оқиға салдарының жүретінін анықтаушы еместігін сипаттайды. Ол шартты оқиға салдарының, заттар ӛзгеруінің және әлемнің объективті құбылысының жүруін анықтаушы ретінде қарастырады. Себеп пен шарттың ажыратылуының абсолютті еместігін, тек қатынасты сипатта екендігін, әрбір шарттың белгілі қатынаста себеп болатынын, ал әрбір себептің сәйкес қатынаста шарт болып табылатынын кӛрсетеді. Шарт ӛзі оқиға себебі (құбылысты, затты және т.б. ӛзгертуші) болып табылмайды және себеп әрекетін күшейтеді немесе әлсіретеді деп сипаттайды. Шарттың мәнді ӛзгерісі жүйе ӛзгерісін алып келеді, яғни ӛзгеруші шарт (қандай да бір себептің ықпалынан) оқиғаны ӛзгертуші себепті ӛздері тудыратынын мазмұндайды [30]. Педагогикалық зерттеулерді талдау «дидактикалық шарт» ұғымын пайдалануда, оқытудағы жаңа - оның жекелеген бӛліктеріндегі немесе бүтіндей мектептегі оқыту, білім беруді жетілдірудегі келесі қадам ретіндегі практикаға ендірілген, педагогикалық эксперимент тәртібінде даярланған жаңа оқыту, дайындау (әрекет ету) жүйесін сипаттауды талап ететіндігін кӛрсетеді. «Дидактикалық шарттар» ұғымын ашу үшін бәрінен бұрын оны «дидактикалық негіздер» ұғымынан шектеу қажет. «Дидактикалық негіз» деп кез келген дидактикалық жүйеге қатысты оқытуды жүзеге асырудың жалпы сипаттамаларын мақсатты түсіну қажет. Бұрынғы болған немесе қазіргі уақытта бар кез келген оқыту жүйесі бірқатар міндетті құраушылармен сипатталады және ерекшелінеді. Олардың сапалық, мазмұндық сипаттамасы әр түрлі оқыту жүйесінде әр түрлі болады. Оқыту жүйелері дидактикалық шарттармен ажыратылады. Дидактикалық шарттардағы ӛзгешеліктер оқыту жүйесіндегі ӛзгешеліктерді анықтайды. Сонымен, дидактикалық шарттарды сипаттау, оның даярламасын әзірлеуге, жетілдіруге, жетілдірілген оқыту жүйесін құрастыруға ұмтылғанда ғана мәні болады. Егер де алға ондай міндет қойылмаса, онда дидактикалық шарттар кең кӛлемде түсінікті бола бермейді. 83 Педагогикалық үдеріс үшін оқыту жүйелері құраушыларын анықтау туралы әр түрлі пікірлер бар. А.М.Пышкало оқыту жүйелерінің бес құраушысын атап кӛрсетеді, олар: - оқытудың нақты мақсаттары; - оқыту мазмұны; - оқытуды ұйымдастыру формалары; - оқу/оқыту әдістері; - оқыту құралдары [31]. М.В.Зверева «О понятии «дидактические условия»» деген мақаласында оқыту жүйелерінің мазмұндық сипаты тұрғысынан олардың тӛмендегідей құраушыларын атап кӛрсетеді [32]: - оқыту міндеттері (олар оқыту алдына қалай тұжырымды етіп қойылады); - оқыту мазмұны мен әдістерін іріктеу принциптері (яғни, дидактикалық принциптер, олардың мәні, бағыттылығы); - оқытудың принциптері (олар қаншалықты оқушылардың әртүрлі іс- әрекетін қамтамасыз етеді); - оқыту әдістері (олар мектеп бағдарламасын игерту мен оқушылардың жалпы дамуын қаншалықты қамтамасыз етеді); - оқытуды ұйымдастыру формалары (олар қаншалықты вариантты, қозғалмалы); - мұғалімнің оқытудың нәтижелелерін бӛліп алудағы тәсілдері (қаншалықты бұл толық нәтижелілік есепке алынады); - мұғалім мен оқушылардың арасындағы ӛзара қатынастың сипаты (қаншалықты эмоционалды сәттілігін, оқыту үдерісіне қатысушылардың эмоционалды жабдықталғандығын қамтамасыз етеді); - оқытудың құралдары, оқулықтар. М.Звереваның оқыту жүйелерінің мазмұндық сипатынан: 1 - оқытудың нәтижелерін; 2 - танымдық және шығармашылық іс-әрекетті дамытудың құралдары мен жолдарын (іс-әрекет бағыттарын) дидактикалық шарттар қатарына қосу керек деп білеміз. Дидактиканы педагогиканың құрамды бӛлігі ретінде қарастыратын болсақпедагогикалық» терминін оқыту және тәрбие факторларының орын алған жағдайында қолдануға сәйкес), онда дидактикалық шарттар құрылымына В.П.Беспалько мен И.П.Подласыйдың еңбектеріне сәйкес педагогикалық жүйенің құраушы элементтерінен: басқаруды, технологияны зерттеу бағытына сәйкес қосуға болады. Б.Т.Ортаев ӛзінің зерттеуінде дидактикалық шарттар деп, «... оқыту жүйелерін құраушылардың мазмұндық сипаттамаларын конструкциялауды және нәтижеге жетуді түсінеді» [29, 27 б.]. Біздің ойымызша, «дидактикалық шарттар деп, мақсатқа сәйкес нәтижеге жетудегі оқыту жүйесі құраушыларын жобалаумен жүзеге асыруды конструкциялауды және оны қамтамасыз етудің базасын» түсінеміз. Зерттеу жұмысымызға сәйкес оқыту жүйелерінің құраушыларын немесе оқытудың дидактикалық негіздерін бірдей деп қарастыруға болады. Ал, мақсатымызға, оқыту жүйелерінің оқу/оқыту міндеттеріне байланысты дидактикалық шарттар ажыратылады және нақтыланады. Сонымен, дәстүрлі оқыту жүйелеріне қарағанда жаңа, жетілдірілген оқыту жүйесіне қызмет ететін шарттар жиынтығы дидактикалық шарттар болып табылады. Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруды қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқыту жүйесіндегі мазмұндық сипатын төмендегідей деп білеміз. Олар: 1. Мақсаты, оқытудың міндеттерінің қойылуы (оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру. 2. Оқыту мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқу материалдарының болуы. 3. Оқытуда пәнаралық принциптердің басшылыққа алынуы. 4. Оқыту/оқу әдістерінің пәндер интеграциясын қамтамасыз етумен білім сапасын арттыруда жүзеге асырылуы. 5. Білім сапасын арттыруда оқытуды ұйымдастыру формаларының, интеграциялық сабақтардың орын алуы. 6. Оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытудың құралдары мен іс-әрекет бағыттары бойынша жаңалықты оқу материалдарының болуы, оқушының білім меңгеру бойынша белсенділігі. 7. Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша мұғалім даярлығы. 8. Білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту технологиясы, оның техникалық жарақталуы. 9. Оқыту нәтижелерінде оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының арттырылуы. Оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруды жүзеге асырудағы педагогикалық шарттардың негізгілері тӛмендегідей белгіленеді: - қазіргі оқу материалдарын белсенділікпен, саналылықпен зерделеу; - әртүрлі оқу материалдары негізінде жатқан жалпы принциптерді, байланыстарды, үдерістерді салыстыру, сәйкес қою жолымен табуға үйрету; - оқушылардың оқу пәндері сабақтарында игерген теориялық білімдерін оқу, еңбек, ӛндірістік үдерістерді зерделеу мен игертуде негіздеу.

Оқу пәндері байланысы негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытып, білім сапасын арттырудың психологиялық-педагогикалық шарттарына жататындар төмендегілер:

 - педагогикалық басшылықтың, мұғалімнің сабақты жақсы беруі;

 - оқушының сабаққа, тапсырманы орындауға құлықтылығы;

- оқушының белсенділігі мен ұқыптылығы;

- оқу-дидактикалық, көрнекі құралдардың жеткілікті болуы;

- оқушының қызығушылығының жоғары дәрежесі;

- оқушының құқығын дұрыс түсініп, мүмкіндігін толық пайдалануына мұғалімнің көмек беруі;

 - оқушы ынтасының болуы;

 - оқушының дайындалуына мұғалімнің көмегі, жұмысына ұдайы бақылау жасап отыруы;

 - оқулық тілінің және мұғалімнің ойының түсініктілігі;

- оқушының тұрмыстық жағдайының жақсы болуы;

- оқушының білім сапасының жүйелі болуы, білімді болуы.  

Осы психологиялық-педагогикалық шарттарды ескере отырып, бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын қарастыруға болады.

 

1.3. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.

 

         Қазіргі кезде пәнаралық байланысты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философ Б.М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М.Б.Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым  ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек «өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.

          Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат-қоғам – адам ойың жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.

         Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше рөл атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.

Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде  қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуде мүмкіндік береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.

Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.

Белгілі психолог Ю.А.Самарин өзінің «Ақыл-ой психологиясының очергтерің деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл ойының жоғары деңгейі.

Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық байланыстарымен жанама түрлерін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.

Ю.А.Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалекталық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстарымен өзара байланысын байқауы керек.

Кейбір ғалым-зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың  қай-қайсысы болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.

Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.

Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский,  П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.

В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері – оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары – ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.

П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.

Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.

- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.

         Н. А. Лошкараева «Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.

         Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.

Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.

Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.

Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.

Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.

Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.

И.П.Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіріледі.

Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.

Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.

Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:

1.      Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар

негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.

2.      Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының

барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

3.      Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық

салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.

4.      Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде

тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

5.      Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен

келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.

Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.

Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ, тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып отырады.

Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.

Мектеп тәрбиесінде ана тілі пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздер» мысалы, «Қыс»-деген өлеңінде, «жидем»-деген сөз балаларға түсініксіз болады. мұғалім балаларға бұл сөздің мағынасын ашып түсіндіру барысында еңбек пәнімен байланысы арқылы жүргізеді. Сондай-ақ А.С.Пушкиннің  «Қысқы кеш»-өлеңінде жазушы өзінің тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып көз алдына елестеген суретті қағаз бетіне түсіруі арқылы ана тілінен бейнелеу өнерін байланыстыра жүргізу арқылы оқушылардың зейінін, байқағыштығын, ойлау қабілеттерін арттыруға болады.

Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесімен бағытына ана тілі арқылы үйретеді.

Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз қазақ тілін оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып жүргізіп отырады.

Табиғат құбылыстарымен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылардың ең алдымен сол тәсіл-амалдары және оны практикада қолдана білудің жолдарын меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде, оқушылардың табиған құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.

Табиғат құбылыстарын суреттейтін ана тілінен алынған текстерді алдымен оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып жаздырады.

Сонымен ғалымдардың дәлелдеуінше: тіл қоғамды біліп, дамытудың құралы, ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім қазынасын меңгертудің құралы.

Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы оны

-         мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде

пайдалануы;

-         сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс

бағыттылығын күшейте түсу. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды қажет етеді.

-         мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен

тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.

Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты қарастырылатын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалылық жағынан қайта бұруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді.

Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың негізінде алынуы керек деп есептейміз.

Білім мазмұнын анықтауға ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.

Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.

Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек.

Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.

Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс жұмыстарға тоқталу керек.

Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.

Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.

Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.

Міндеттері мыналар:

-         оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты

түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

-         оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және 

пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.

 Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы мәселесі екені бізге мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр. Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.

Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.

Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі –қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүесіне жүктелетіні белгілі.

Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымына, әсерленуінде жүреді.

Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты.

Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы – оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.

Осыған сәйкес М.Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.

Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық  байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулірдің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева,     И. Зверев, В. Максимова және т.б.).

И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы біім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды, жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда, талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік көзқарас үстанымында, объективтік ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуінде пайда болатын түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. бұл функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.

В.Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.

В.Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі бойынша мұғалім мен оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр:

-         зерделенетін оқу материалдары мазмұны бойынша пәнаралық

байланыстар. Бұл байланыс түрінде оқу материалдарын іріктеуден бастап пәнаралық байланыстарды белгілеу, басқа пәндерді зерделеу барысында өндірістік және өмірлік тәжірибеде алған білімдерді оқушылардың берілген пәнді зерделуі  үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында оқушылардың алған білім мен іскерліктерді кешенді пайдалану жүзеге асырылуы тиіс;

-         оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыру кезіндегі

пәнаралық байланыстар. Бұл байланыс түрінің сипатына оқушылардың кітаппен жұмыс жасау іскерліктері, оқушыларда жоспарлау іскерліктерін қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интелектуалдық іскерлікті қалыптастыру, тәжірибелік және ұйымдастырушылық (жұмыстағы тәртіптілік, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, өзіндік бақылау, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау) іскерліктерді қалыптастыру тән;

-         оқыту әдістері мен құүралдары бойынша пәнаралық

байланыстар. Мұнда әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі фильмдерді, үзінділерді, көрнекі құралдарды қолдану, сандық және танымдық тапсырмаларды, пәнаралық музыкадағы кроссвордтарды шешу, т.б. іс-әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;

-         оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары

бойынша пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын ашу, қоғамдық құрылыстың өмірмен байланысы, еңбекке шығармашылық қатынасты, оқушылардың танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талап, оқушылардың ұжымшылдығын, өзара комектесулерін дамыту, педагогтің өзінің жеке үлгісін өнеге ретінде жүзеге асырылуы қажет.

М.Абдрасилов өз ғылыми зерттеуінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің 41 пайызының ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін, 28 пайыз оқушылардың аралас пәндер бойынша білімдердің әлсіздігінғ яғни төмендігін тілге тиек етеді, мұны мұғалімдердің 21 пайызының аралас пәндер мұғалімдерімен қатынасының жоқ себептерінен деп біледі.

А.Бейсенбаеваның зерттеуі бойынша пәнаралық байланысты үнемі жоспарлап, сабақ өткізетіні – 30%, анда-санда ғана жоспарлайтыны, мүлде жоспарламайтыны - 20%, жауап бермегендері - 15%. Педагог-ғалымның зерттеуі бойынша мұғалімдердің пәнаралық байланыс негізінде өткізетін сабақтарының түрлерінде қарастырылатыны, оның ішінде тақырыптық жастарда пәнаралық байланысты 38%, жеке сабақ жоспарында белгілейтіні - 32%, пәнаралық байланыс қа арналған арнайы жоспар жасайтыны - 20%, пәнаралық байланысты сабақ беруде мүлде ескермейтіні - 10% болғандығы сипатталады.

Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат – нақтылы болмысты көрсететін ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруалндыруға және қоршған ортаға адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әр түрлі сапалық қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануда ғана адам өз бетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі мен дағдысын игереді.

Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жағын бөліп көрсетуге болады. объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.

 Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарларын және бағдарламаларды даярлауда; жеке әдістемелерді және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түріне байланысты әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының  уақыт критерийі (алдын ала, сәйкес және кейінгі); жекелеген пәндердегі оқу материалын фактілік, ұғымдық,  теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс-әрекет түрлері; мазмұндық ақпараттық, операциялық іс-әрекеттік, ұйымдастыру-әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.

Біздер зерттеу жұмысымыздың бұл бөлімінде білім сапасын оқу пәндерінің байланысы негізінде оқушылардың белсенділігін арттырудың теориялық аспектілерін қарастырдық. Келесі бөлімде пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру бойынша     анықталған теориялық аспектілердің практикалық, әдістемелік тұрғыдан жүзеге асырылуы мазмұндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.     «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттырудың тәжірибелік-педагогикалық эксперимент нәтижелері»

 

2.1 Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске асыру әдістемесі

 

Бастауыш сыныптың математика пәнінің әдістемесін барлық басқа пәндердің мазмұнын оңтайлы байланыстыра отырып,  жетілдіруге болады. Математика пәнінің мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін пәнаралық байланыстарды сипаттап көрелік.

Математика және тіл дамыту. Оқушылардың тілін дамыту – математиканы оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты  математикалық қабілеттерінің дамуына әсер ететін жұмысты бірінші сыныптан бастау керек.

Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.

Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:

-         Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу,

қосу, шешу т.б.

-         Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.

Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытатын. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.

Бір оқушы 43-12 мысалын былай оқыды: «қырық үш алу он екі».

Оқушыларға сұрақ қойылды: «дұрыс па?».

Оқушылар мұғалімнің көмегімен қатені тауып, мысалды дұрыс оқыды.

Математикалық терминдердің мәнін түсінікті етіп айтып беруге, дұрыс жазылуын терең меңгеруге және айтылатын ойдың бас-аяғын дұрыс құрай білуге әкеліп түйіндейді. Осы мақсатпен мұғалім төмендегі есептерді ұсынады:

-         Математикалық терминдердің маңызын түсіндіру жаттығулары

(терминдер класының бағдарламасынан алынады).

-         Терминдерді дұрыс жазуға арналған жаттығулар. Мысалы:

«Қосылғыштардың қосындысы өзгермейді».

Барлық жаңа математикалық терминдерді балалар дәптерлеріне немесе «талқылау сөздіктеріне» жазып алатын. Сонымен, оның ана тілі мен қазақ тілі сабақтарының сөздері жазылып, сөздердің түсіндірмелері көрсетілетін.
Үшінші түрдегі жаттығулар ережелерімен анықтамаларды дұрыс және дәл айтуды меңгеруге бағытталған.

Математикалық тіл мәдениетінің қалыптасуы грамматикалық және математикалық қателерді жоюға, тілдің кедейлігі мен нақтылы еместігін артық сөздерді қолданбауға, сөйлеудегі сөздерді дұрыс жүйеде пайдалануға және т.с.с. жоюға әкеледі.

Тіл дамыту жұмысының осы кезеңінде оқушыларға жаттығулардың мынандай түрлері беріледі:

1.     Грамматикалық және математикалық қателерді жоюға арналған

жаттығулар: тесттегі математикалық қатені табыңдар: «Берілген мысалдағы белгісіз санды табу үшін ...+4=7, 7-ге 4-ті қосу керек».

2. Тілдің жетіспеушіліктерін жоюға арналған жаттығулар, негізінде ана тілі сабақтарындағыдай алынады, тек математикалық ұғымдар мен материалдар пайдаланылады. Оларды математика сабағында пайдаланылғандай қазақ тілі сабағында да пайдалануға болады және ол пәнаралық байланысты күшейтеді.

Көбінесе мынандай жаттығулар пайдалы: 345+15=360, мысалын бір оқушы былай оқыды: «үш жүз қырық бес қосу он бес болады үш жүз алпыс», дұрыс оқыды ма?

Егер оқушы жауап бере алмаса, онда мен оқушылардың назарын сан есімдердің жалғауларына аударып, мысалды өзің оқып, оқушылардың біреуіне қайталап оқытқызу керек. Осындай жаттығулар түрлері өте күрделі. Бірақ мұғалім осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істесе, онда оқушылар оны игеріп кетеді. Кіші жастағы оқушылармен жұмыс істеу барысында, біздің ойымызша мынандай сәттерге назар аудару қажет:

Тапсырмаларды шешу барысында оларды әр түрлі тәсілдермен шешуге көбірек назар аудару, есептің шарты мен сұрағын өзгерту.

Есептің шешуі мен жауабын жазуында (оқушыларға) артық формальді талаптар қоя бермеу. Ең бастысы – дұрыс шешу мен сауатты жазу.

Есепті қысқаша жазуды тек қана ол оқушыға есепті шешуге көмектесетін болса ғана, пайдалану қажет.

Мұндай жұмысты грамматикалық қателерді ескерту негізінде мұғалімнің басшылығымен орындау қажет. Математикалық тілді дамыту жұмысы қиын және тиянақты, өйткені бұл жерде әр оқушымен жеке жұмыс істеу қажет.

Математика сабақтарында өлеңдерді пайдалану – сабақты жандандырады, оны қызықты қылады және балалар өлеңдерді тыңдай отырып білінбей, оқу процесіне қосылып жаңа білімдер алады.

Мысалы:

1.     Түйе, бота мен басқан,
Төрт аяғын таң басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
                                  (Он жеті)
2. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң, бол күлкі.
                                  (Жиырма төрт) 

Бастауыш сынып оқушыларымен өтілетін математика сабақтарында өлеңдерді үнемі пайдалана отырып, оларды ауызша есепке жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсінуіне толық мүмкіншіліктер бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Солардың ішінде «Сен тұр, сен шық» - ойынын (бірінші сыныпта жмырма көлемдегі сандарды санап үйрену кезеңінен бастап) бастауыш сынып математика курсын бітіргенге дейін пайдалануға болады.
Бірінші сыныпта математиканы оқып үйренуді бастағанда, (яғни алғашқы ондықты өткенде) оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату орынды. Мұғалім пәнаралық байланыс мақсатында санаумен қатар тіл жаттықтыруға арналған. «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойынын естеріне алып, қайталап отыруы жөн. Бұл ойындардың тиімділігі қарапайымдылығы мен санның заттың ұғымына негізделген ерекшеліктерінде. Сондықтан да ол балалардың санасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады.

Пәнаралық мазмұнды сабақ табысты болу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап сынып оқушыларын зерттейді. Ата-анасымен бірлесе отырып, олардың мінез - құлқына қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Мысалы, біз бірінші сынып оқушыларын үш топқа бөлдік. Бірінші топқа жақсы үлгеретіндер, екінші топқа орташа үлгеретіндер, үшінші топқа нашар үлгеретін оқушылар енді. Мақсат осы оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды жойып, олардың қалыпты үлгерулерін бағдарламалық материалдарды саналықпен игерулерін қамтамассыз ету. Біздің байқауымызша, ойын, өлең сабақта орташа оқитын оқушылар мен нашар үлгеретін оқушылар белсенді қатынасып, жақсы нәтижеге ие болды. Олай болса, бастауыш сыныптарда математика сабағын заттық негізде деректі ұғымдар арқылы оқытудың пайдасы жоғары.

«Санамақ» өлеңі (ойыны) алғашқы ондықты оқып үйрену кезінде математиканың бастапқы негіздерін меңгеруге толық мүмкіншілік береді де, келесі ондыққа өтуді оңайлатады, оны әсіресе, ойына сақтау қабілеті төмен балалар үшін (санның рет қатарынан жазылғанда) қолданған жөн.

Мысалы:
Бір дегенім білеу,                   жеті дегенім желке,
Екі дегенім егеу,                    сегіз дегенім серке,
үш дегенім үкі,                       тоғыз дегенім торқа,
төрт дегенім төсек                 он дегенім оймақ
бес дегенім бесік                    он бір қара жұмбақ
алты дегенім асық,

Бұл өлеңнің әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды ырғақты, айтылуы үшіншіден, білеу, үкі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған. Сөз тіркестеріміз санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтанда балалардың ұғымына жақын, түсінікті.

Бастауыш сыныптың математика сабағында алғашқы ондықты өткенде М.Әлімбаевтың «Бал дәурен, шіркін балалық» кітабынан «Он саусақ», «Санамақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы (ана тілі, математика сабақтарында) оқушылардың тілін ұстартып, логикалық ой-жүйелерін қалыптастыруға болады. Математика сабағында (бірінші сыныптан бастап) өлең элементтерін сабаққа ретті қолдана отырса, балалар математикалық оңай игереді.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әр бір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Сол тәсілдердің бірі – «Жеті алма» жұмбақ өлеңі арқылы есеп шығарту.

Табақта бес алма,
Қолында екі алма,
Қосқанда барлығын,
Болады жеті алма.
Бір алма апама,
Бір алма атама,
Екі алманы бөлемін,
Тәтеме – сыбағы.
Нешеуін алады
?
Нешеуі қалады
?

Мысалы:
Бір үйде, біз нешеуміз
?
Кел санайық екеуміз:
Бес бамағым – папам,
Балаң үйрек – атам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз
?
Бір үйде біз бесеуміз.
  

Математика сабақтарында табиғаттану және өлкетану материалдарын пайдалану. Пәнаралық байланыстарды іске асырудың бірден-бір жолы есептерді оқушылардың өмірімен практикалық қызметтерімен байланыстыру. Мұнда пәнаралық мазмұнды есептерді шығару жатады. Бұл табиғаттану мен өлкетанудағы кейбір мағлұматтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Балалар Жер өзінің осьін және Күнді айналатыны жөнінде, тәулік және жыл ұғымдары мен танысқанда біледі. Жер осьін бір айналғанда бір жыл өтетіні жөнінде айтылады. Оған байланысты оқушылар мынандай есептерді шығарады:

Жер күнді айналғанда секундына 30 километр өтеді, тәулігіне Жер қанша қашықтық өтеді? Айына ше? Жылына ше?

Найзағайдан он секундтан кейін күн күркірегені естіледі. Егер дыбыстың ауадағы жылдамдығы 30 км/с тең болса, онда бақылаушыдан қандай қашықтықта найзағай болады?

         IV сыныпта “Көп таңбалы сандар” тақырыбын өркенде оқушылар миллиондармен танысады. Миллион көлемін былай елестетуге болады: 

Кәдімгі шыбынның ұзындығы 7 мм - дей болады. Оны миллион есе көбейтсе ұзындығы қанша болады? 7 мм-ді 1000 000-ға көбейтіңдер. Қанша шықты? Ол қанша метр болады? ал ол қанша километр? 7 км. қаланың ені болады. Сонда 1 миллион есе көбейтілген шыбынның денесі оны жаба алады.

2. 1 миллион бетті кітаптың қалыңдығы 50 метр болады.

3. Адамның шашының қаншалықты жіңішке екені белгілі. Қатарынан орналасқан 1 миллион шаштың ені 100 метрдей болады екен.

«Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбына арналған математика сабақтарының бірінде «Сендер де, мен де әлемдік саяхатшылар» екенбіз. Неге? Өйткені сендердің әрқайсыларың, өздерің соны білмей жер шеңберінің ұзындығына тең болатындай жол жүріп қойдың. Сенбейсіңдер ме? Онда бірге есептейік. Бір күнде алты сағаттан кем емес уақытты тұрып өткіздіңдер. Егер сендердің қалталарыңда қадам өлшегіштерің болғанда, онда сендер күніне 30 мың қадам жасайтындарыңды көрсетер еді. Орташа жүргеннің өзінде адам күніне 1 сағаттың ішінде 4-5 км. жасайды. Сонда бір күнде адам қанша километр жол жүреді екен. Санағанда:
5х5
=25 км.

Ал енді бір жылда қанша жол жүретінін санайық:
25х360
=9000км.

Сонда, тұратын жерінен ешқандай шықпаған, аз қимылдайтын адамның өзі, әр жылы 8000-9000 км. жол жүреді екен. Жер шеңберінің ұзындығы 40000 км. Ал енді жер шеңберінің ұзындығына тең болатын жолды, біз қанша жылдың ішінде өтеді екенбіз.

40000:8000 = 5 (жыл)

Егер ер адам екі жастан жүре бастайтын болса, онда сендер неше жаста жерді айналып өте аласыңдар? Ал екі рет неше жастарыңда өтеді екенсіңдер? Жастарың 35-ке, 60-қа келгенде неше рет айналып өтеді екенсіңдер?

60 жасқа дейін өмір сүріп, біз жерді он рет айналып өте алады екенбіз, ал Жер мен Айдың арасындағы (380000) қашықтығында ұзын жол.

Мұғалімдердің ойынша бастауыш сынып оқушылары уаќыт ұғымдарын өте қиын елестетіп түсінеді. Мысалы: секунд, минут, жыл, ғасыр сияқтыларды. «Уақыт өлшем бірліктері» тақырыбын өту барысында материалды қол жетерліктей етіп түсіндіру керек, әр оқушыға секунд, минут, сағат, тәулік т.с.с. уақыт аралықтары қай жерде болу мүмкін екенін сезе білуге мүмкіншілік беру. Осындай мақсатпен бастауыш сынып мұғалімдері өту барысында біздің көзқарасымыз бойынша, сабақта да және сыныптан тыс уақытта жұмыстардың қызықты түрлерін өткізеді.

Үй тапсырмасы ретінде мынандай жұмыс берілді: оқушыға күн тәртібінің көмегі қалай тиетіндігі жөнінде қысқаша хабарлама жасау және оқушы 1 сағаттың, 1 тәуліктің ішінде жасап үлгеретіні жөнінде айтып беру.

Оқушылар өздерінің туған-туысқандарының жастары туралы мәліметті пайдаланып, олардың жастарын республикадағы ұзақ өмір сүрушілердің жастарымен салыстырып, өз бетінше әр түрлі есеп құрастырды.

Оқушылар жыл есебінің пайда болу тарихымен, уақыт туралы миф және аңыздармен танысты.

Практикалық түрдегі есептерді шығару оқушылардың табиғатты диалектикалық - материалистік түсініктерінің қалыптасуына әсер етеді, көзқарастарын кеңейтеді, математиканы айналадағы құбылыстармен байланыстырады. Қоршаған шын дүниенің, практикалық мәліметтері бар мазмұнды есептер, оқушыларға кез-келген өмірдегі ситуацияларда көмек беру керек. Тек сонда ғана оқушылар математиканың өмірдегі ролін түсіне бастайды және осы пәннен білімдердің қажетті екенін біледі.

Үшінші сыныпта математикадан «3-тің көбейту кестесі» тақырыбына өткен сабағына тоқталайын. Сабақта көбейту кестесін меңгерту, ауызша есептеуге машықтандыру, еңбек ете білу дағдысы мен танымдық қызығуын қалыптастыру, мақсаты қойылды. Көрнекілік карточкалар, суреттер, жұмбақтар ойын есептер пайдаланылады. Сабақ ана тілі, табиғаттану пәндерімен байланыстырылады. Сабақты үй жұмысын тексеруден бастадым. Тапсырманы екі оқушыға оқытып, қосымша сұрақтар қою арқылы бағаладым. Оқушыларға карточкалар таратылды. Карточка алған оқушылар тапсырмалары орындалғанша, қалған оқушылармен ойын есеп ұйымдастырылды. Алдымен оқушыларға: - «Қазір жылдың қай мезгілі» - деген сұраќ қойдым. Олар ойланбастан «Күз мезгілі» - деп жауап берді.

Өткен сабақты пысықтап отырып, жаңа сабақты (3-тің көбейту кестесін) түсіндірдім. 2 – 3 – 4 есептерді орындап болған соң, оқушыларға трактор, комбайн туралы жұмбаќтардың жауабын тапқыздым. Суреттерін көрсете 5 – 6 есептерді шығарттым. Ана тілі сабағынан оқыған Кәмшат Дөненбаева туралы «Дән даласы» деген тақырыпты еске түсірттім.

Мәтінді есептерге қойылатын негізгі тақырыптардың бірі – ол мазмұнында танымдық материалының бар болуы.

Есеп мәтінінде танымдық материалдың жоқтығы қоршаған дүниені тануда, математиканың рөлін түсінуге, алынған білімдерін практикада қолданып, өмірімен байланыстыруға, есеп мәтінінің тәрбиелік мәніне теріс әсерін тигізеді. Бірақ өлкетану принципін сол немесе басқа да мөлтек аудандардың ұлттық, географиялық және өндірістік спецификалардың әр түрлілігі үшін математика оқулығында іске асыруға болады. Сондықтан оқушылардың материалды игеруге мұғалімдерге, оның оқулықта берілген материалды қоршаған ортамен байланыстыра отырып түсінуіне байланысты. Мысалдар көп: жануарлар мен өсімдіктер әлемі жөнінде мәліметтер, өндіріс озаттарының жетістіктері және т.б. осы текстілі есептер құрастыру үшін, өлкетану материалдарының толық емес тізімі: Жергілікті түрдегі өзендердің созымдылығы, таулар биіктігі, территорияның ауданы, қаланың территориялық шекаралардың ұзындығы, шығару нормалары, ара – қашықтық және т.б. сияқты танымдық өлкетану материалдары оқулықтағы есептерді бекіту кезеңіндегідей жаңа материалды меңгеруге мүмкіндік береді.

Мысал келтірейік: «Көп таңбалы сандарды әр түрлі тәсілдермен қосу» тақырыбына математика оқулығында мынандай есеп берілген:

Москва - Свердловск – Новосибирск қалаларынан өтетін темір жол бойымен Брест жєне Иркутск қалаларының арасындағы қашықтықты табу керек.  Есеп жақсы құрастырылған, суреттемелеу көрсетілген. Бірақ егер оқыту рөлі жағынан қарастыратын болсақ, онда бұл есептің текстінің мазмұны кейбір территорияларға сай болса, ол басқаларға сай емес. Осыдан шығып осы тақырыпты түсіндіруде бұл есептің орнына басқа есеп ұсынылды. Ол жергілікті цифр материалдарынан тұрады, ал 145-есепті бекіту кезеңінде шығартты. Ол оқушыларға Шымкент - Тараз – Шу – Алматы бағытын алып, темір жол бойымен осы қалалар арасындағы қашықтықты көрсетіп ұсынды.
Осындай негізгі есептің деформациясы оқушылардың ойлау активтілігін жоғарылатады. (Реальді мәліметтер оларға, өмірде керек болады) және негізгі есептің функциясына әсерін тигізбейді. Мұндай мәліметтер танымдық болады, оқушылар оларды өмірдегі кез-келген ситуацияларда пайдалануы мүмкін.
Осындай цифрлы мәліметтерді салыстыру есептерін шығаруда сандар бірнеше бірлікке тура жєне жанама түрде арттыруға немесе азайтуға, пропорциялық бөлуде және т.б. жағдайларда пайдалануға болады.

Математика сабақтарының еңбек және бейнелеу өнері сабақтарымен байланысы
Бастауыш сыныптардағы негізгі мақсат – оқушыларға бағдарламалық оқу материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып, оларды негіздерімен қаруландыру. Сондай-ақ, оқушылардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын, пәнаралық байланыс жүйесін саќтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалдарының тақырыбына сәйкес мұғалімінің көмегімен оқушылар өздері дайындаған көрнекі құралдарды, сабақ үстінде пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін арттыратынына әлденеше рет көз жеткіздік. Бұл бағытта әсіресе, еңбек сабағы үлкен роль атқарады.
Еңбек сабағында математика пәні үшін қажетті қарапайым көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар дайындау пәнаралыќ байланысты тереңдетіп, берілетін білімнің жүйелі, тиянақты болуына септігін тигізді.     пайдалы.  
         Бастауыш сынып оқушыларына математиканы үйретуде музыка және дене шынықтыру сабақтары элементтерін қосу

Жалпы білім беру және кәсіптік мектептерінің негізгі реформасының негізгі бағыттарында оқушылардың күн тәртібінде дене шынықтыру және денсаулықты жақсарту шараларын ұйымдастырып өткізу қалыптастырылған.
          Бұл жұмыстың түрі математика сабақтарында өте қажет, өйткені оқу уақытында статистикалық қалыпта ұзақ ұстау, келбеттің бұзылуына, қажуға және зейінін басқа жаққа аударуына әсерін тигізеді. Сондықтан оқу қызметіне бейімделуді жақсарту үшін, жұмыс істеу қызметін сақтау үшін бастауыш сыныптарда математика сабақтарында активті демалыс сәттерін өткізу қажет.

Кіші мектеп жасындағы балалармен жалпы дамытатын жаттығуларды, би элементтерін, музыкалық элементтерді қосатын сергіту жаттығуларын немесе әуенді паузаларын кең қолдану қажет деп ойлаймыз. Сергіту жаттығулары әуенді безендірулермен жүргізіп, кейде өздері музыка сабақтарында үйренген өлеңдерді айтқызуға болады. Балаларға өлең айтып, би жаттығуларын орындау өте ұнайды. Бірақ музыкамен сүйемелдеген жаттығулары – математика сабаќтарының музыка және дене шынықтырумен жүргізілетін жолдарының бірі ғана.
         Өңдеген саяхат - ойындарын өткізетін және осы пәнаралық байланыс тәсілдерін қолдау жолдарының бірі болып табылады. Осындай ойындарды математика сабақтарының үстінде өткізу өте күшті әсерін тигізеді. Балалар ойнайды, ойнай отырып математикадан алған білімдерін еріксіз бекітіп, автоматтандырылған дағды деңгейіне жеткізеді.

Математикалық сабақтарда музыкалық басталуды пайдаланады, ол өткен сабақтардан және үзіліске дейін бөліп алуға және көңіл-күйді өзгерпеуге көмектеседі.

Музыкада, - толық және жан-жақты эстетикалық бастаулар іске асырылады және математика сабақтарында музыка элементтерін пайдалану балалардың жеке бабын табуға кең мүмкіншіліктер береді. Сондықтан өте жиі мұѓалім балаларға әртүрлі математикалық есептерді шығаруда әйгілі композиторлардың (Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов) музыкалық шығармаларын тыңдауды ұсынады.

Сонымен, музыка және дене шынықтыру элементтерін математика сабақтарына қосу - жұмысқа жарамдылығын сақтай отырып, балалардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін, байқағыштыќтарын және қиялдарын дамытады.

Бастауышта математикадан сыныптан тыс сабақтардағы пәнаралық байланыс. Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
         Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері мыналар: Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты сабақтарға, жұмыстарға тарту, соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды қолдану жұмыстары сыныптан тыс жұмыстарында ары қарай жалғастырып кеңейтілуі мүмкін.  

Мектептер тәжірибесінің негізінде математикадан пәнаралық түріндегі мына сияқты сыныптан тыс жұмыстарын ұсынады:

Пәнаралық мазмұнды викториналар мен эстафеталар.

Пәнаралық түріндегі мектеп олимпиадалары.

Оқушылардың математикадан жарыстары.

Математикадан экскурсиялар.

Сыныптан тыс оқу-барысында оқушылармен пәнаралық мазмұнды кітаптарды оқу.

         Пәнаралық байланыстарды математиканы бастауыш сыныптарда оқытудың нақты процесінде кешенді түрде араластыру қажет.

 

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының нәтижелері

 

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін математика пәнінде дамытудың маңызы зор. Өйткені математика пәні  оқушыларға өне бойы қоршаған ортамен үздiксiз байланыста болғандықтан біріншіден оқу-танымдық әрекет барысында бақылауды меңгеруіне, екіншіден, ұғымдарды, осы пәндерден тақырып бойынша қарастырылатын білім мазмұнын, оқу материалын игеруiне, танымдық белсенділігін дамытуға мүмкiндiк бередi.

 

Кесте-2   Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде белсенділігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

 

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткiштері

Мақсаттылық,

мотивациялық

танымдық белсендігі, іс-әрекетке ұмтылуы, қызығушылығы

·        танымдық iс-әрекетке тұрақты қызығушылық;

·        танымдық iс-әрекеттің жеке тұлғалық-мәндi мағынасын бiлу;

·        танымдық iс-әрекетті қажетсiну.

Мазмұндық

танымдық іс-әрекетті әлеу–меттік құндылық ретінде түсінуі, ғылыми білімнің болуы

·      Қоршаған орта туралы бiлiмi;

·      танымдық белсенділіктің дамуына негіз болатын оқу-танымдық бiлiк, икемділіктерi;

·           танымдық белсенділікке тән белгiлер, білімге құмарлығы, бiлiмiнiң деңгейi.

Интеллектуалдық

танымдық интеллектуалдық белсенділігі, нәтижеге жету, оны жаңа жағдайда қолдануы

·              Танымдық кедергiлердi жеңуге ұмтылу;

·              белсендiлігі, нақты әрекет, операцияларды орындай білуі, ұстанымы, өзін-өзі бағалауы,әлеуметтік бағдары;

 

Процессуалдық

Танымдық белсенді әрекетті меңгеруі, оқушының жеке бақылау жүргізуі

·       Танымдық ой-өрiсiнiң бел-сендiлiгi;

·       Танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейi.

   

Модельдің бірінші бөлігі зерттеудің мақсатын айқындайды. Мұндағы пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының   белсенділігін  дамытуға арналған құрылымдық компоненттер мен негізгі педагогикалық шарттар жүзеге асады.

Екінші бөлігінде пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып  оқушыларының  белсенділігін дамытуға ықпал ететін, принциптер мен оқу үдерісінің мазмұны көрсетілді.

Ұсынылған модельдің үшінші бөлігінде пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамытуға негіз болатын әдіс, тәсіл мен ұйымдастыру формалары т.б. қолданылады.

Бұдан әрі нәтижелік бөлікте алға қойған мақсатымыздың шешімін көреміз. Мұнда  пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып  оқушыларының  белсенділігін дамытуға қажетті дамыту деңгейлері мен көрсеткіштері беріледі.Сонымен, пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып  оқушыларының  белсенділігін дамыту моделі құрастырылды қалыптастыру  жолы анықталды.

Сонымен, зерттеу жұмысымыздың теориялық тұжырымдарын тәжірибелік түрде тексеру мақсатымен Атырау қаласының №11 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 3-«А»сыныбында оқитын 25 оқушы эксперименттік топ, ал 3 «Ә» сыныбының 25 оқушысы бақылау тобы ретінде  қатысып, алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелі-эксперимент жұмысы жүргізілді.

Эксперимент пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының  танымдық белсенділігін қалыптастыруға байланысты біз жасаған модельді тәжірибеден өткізуге және оны математика пәнін оқытуда тиімді қолданудың педагогикалық шарттарын айқындап қолдануға бағытталды.

 

Сурет 4. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру моделі

 

Зерттеу жұмыстары кезеңдерінде мынадай мақсаттар қойылды:

Анықтау экспериметінің мақсаты: пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің даму дәрежесін анықтау; Ойын, оқулықпен жұмыс, сұраққа жауап, тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау

Қалыптастыру экспериметінің мақсаты пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділік деңгейін көтеру;

Қорытынды экспериметінің мақсаты: Пәнаралық байланыс негізінде математика пәнін оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділік деңгейін анықтау;

Қорытынды жүргізу арқылы ғылыми болжамның растығын дәлелдеу. Эксперимент Атырау қаласының     № 11 қазақ орта мектебінің 3- сынып оқушыларының таным белсенділігінің қалыптасу деңгейін зерттеуге арналған әдістеме жүргізілді. Ол үшін біз төмендегідей әдістер мен әдістемелерді пайдаландық: Р.С. Немовтың  «Суреттерде не жетіспейді», «Кілемді немен жамаймыз?», Г.Н.Казанцевтің «Оқуға және оқу пәндеріне қатынасын анықтау», тест.

Математика пәнін оқыту барысында оқулыққа, оқу бағдарламасына талдау жасалды. Берілген білім мазмұнына, тақырыптарға сай дидактикалық ойын түрлері іріктелді. Пәнаралық байланыс негізінде математика пәнінен өтілетін тақырыптарда танымдық белсенділікті арттыру жолдарын анықтау, ізденіс жүргізу, ойын түрлерін құрастыру тапсырылды. Оқушылардың пәнаралық байланыс негізінде қалыптасқан көзқарасын, қатынастарын анықтауға арналған сұрақтар құрастырылды. Тәжірибе жұмысында оқыту барысында дидактикалық ойын ұйымдастыру жүйесі бақылау, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізу, ойын, тапсырма, оқулықпен жұмыс, сұраққа жауап нәтижесі қарастырылды. Кемшіліктер мен олқылықтар анықталып, танымдық белсенділіктің даму деңгейі белгілі болған соң қалыптастыру экспериментінің жоспары, бағдарламасы құрылып, пайдаланылатын дидактикалық ойындар, тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, сұрақтар, әдістемелер іріктелді. 

Пәнаралық байланыс негізінде математика пәнін оқыту оқушының интеллектуалдық дамуына,  біліктерінің  қалыптасуына  септігін тигізеді. Мұғалім  танымдық іс-әрекетті  ұйымдастыруда оның  міндеті мен  мазмұнын оқушылардың білімі мен  біліктерінің  дамуын  дидактикалық бірлікте жүзеге асатындай  ұйымдастыруын; танымдық  ойындарға оқушылардың  қызығушылығын, ынтасын, зейінін аударатындай  етіп құруын; оқушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың білім деңгейін ескере отырып жұмыс шараларын  жүргізуін; қарым-қатынаста  гуманды, демократиялық  негізде;  теориялық білімін пайдалана алуын; білімін  жетілдіру  әдіс-тәсілдерін  меңгеруін талап етеді.Осы айтылғандар бойынша берілген мәтін мазмұнын терең түсінуге  көмектеседі.

Қорытынды, айқындаушы, қалыптастырушы экспериментінен кейінгі кезеңдегі бақылау нәтижесінде бақылау және эксперименттік топтардағы оқушылардың танымдық белсенділігінінің дамуына пәнаралық байланысты тиімді жоспарлап отыру үлкен ықпал ететінін байқатты.

 

Кесте-2  Математика пәнін оқытуда пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін дамыту деңгейлерінің эксперимент басындағы мен соңындағы көрсеткіштері

 

Деңгей

Алғашқы көрсеткіш

Соңғы нәтиже

Экспериментальды топ

Бақылау тобы

Экспериментальды топ

Бақылау тобы

Жоғары

24,0%

12,0%

52,0%

17,0%

Орташа

29,0%

26,0%

22,0%

38,0%

Төмен

47,0%

62,0%

26,0%

45,0%

 

Әсіресе оқушылардың танымдық процестерін дамытуға, бағытталған пәнаралық байланыс негізінде құрылған ойындар мен жаттығулардың ықпалы жоғары екендігі ерекше көзге түсті. Мұндай пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйі, қарым-қатынасы жақсарып, танымдық белсенділігі артып, іс-әрекетке жағымды қатынасы қалыптасып, танымдық процестерін дамып, мотивтерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Оқушылармен әңгімелесу, эксперттік бағалау барысында олардың көпшілігінің танымдық белсенділігінінің қалыптасуында пәнаралық байланыстың ықпалының зор екендігі байқалды.

Өткізілген аралық бақылау жұмыстарының нәтижелері мен қорытындылары математика пәнінен пәнаралық байланыс  негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділін дамыту тиімділігін  дәлелдеді.

 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытынды кезеңінде зерттеудің мақсатына сәйкес, нәтижелерін салыстыру қорғауға ұсынылған қағидалар мен болжамның дұрыстығын дәлелдейді. Осыған сәйкес:

v     Математика пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділін дамыту  әдістемесі оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға зор мүмкіндіктер жасайтындығы негізделді;

v     Математика пәнін оқытуда оқу-танымдық тапсырмалар  жүйесіндегі саналуан әдіс-тәсілдердің қолданылуы оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттеріне өзіндік өзгерістер әкеледі және оқу үдерісін жобалауға оқушылардың  оқу іс-әрекет нәтижелерін сараптауға, жүйелеуге, бағалауға мүмкіндік берді;

v     тәжірибелі - эксперимент жұмысын ұйымдастыру және жүргізу нәтижесінде эксперименттің ұтымдылығы негізделді, ғылыми-практикалық қорытындылар жасалды. Тәжірибелі- эксперимент жұмыс процесінде біз ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдаландық. Олардың қолданылуы әдіснамалық, теориялық және дидактикалық сипаттағы қорытындыларды алуға көмектесті.

Экспериментке дейін және эксперименттен кейін алынған барлық  жұмыстардың нәтижесін,  бақылау топтары мен эксперименттік топтардағы нәтижелері мен оқу сапасының өсу деңгейлерінің жалпы көрінісін мына сызбадан көруге болады.

 Солнце: Жүргізілген
жұмыстар

Надпись: №5

Танымдық белсенділігін дамытатын іс-әрекет

 

 

 

Математикалық сауаттылық, білім, дағды мен білік

 

Тақырып бойынша бақылау жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет -5. Нәтижелердің салыстырмалы көрсеткіші

 

Стрелка: влево-вправо: Экспериментке
     дейін	   Эксперименттен
          кейін	   Өсу деңгейі
	Өсудегі айырма

Б.т.	
Э.т.	
Б.т.	
Э.т.	
Б.т.	
Э.т.	
Э.т. – Б.т.


                   

 

 

 

 

 

 

 

                                  Сурет- 6.   Оқу белсенілігінің арту деңгейлері  

                            

 

 

                            Кесте - 8    Тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі

           

 

38,9%

 

42,4%

 

57,3%

 

75,2%

 

18,4 %

 

32,8 %

 

14,4 %

 

22 %

 

 

25,7%

 

32,1%

 

54,5%

 

10,1 %

 

28,8 %

 

18,7 %

 

18,7%

 

 

21,7%

 

35,6%

 

59,4%

 

16,9 %

 

37,7 %

 

20,8 %

 

37 %

 

 

36,5%

 

43,7 %

 

69 %

 

6,7 %

 

32,5 %

 

25,8 %

 

37,3%

 

 

43 %

 

55,8%

 

67%

 

18,5 %

 

24 %

 

15,5 %

Зарезервировано:      
     №1

 

 

 

 

 

 

 


 Тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі жоғарыдағы кестеде және диаграммада көрініс тапқандай эксперименттік топтарда белсенділіктің қалыптасу деңгейі төмен оқушылардың саны 39,3%-дан 15%-ға кемісе, орташа деңгейдегі оқушылар 29,7%-дан 41%-ға өссе, жоғары деңгейге көтерілген оқушылардың саны 21%-дан 52%-ға артқанын көрсетті.

 

 

 

Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының

танымдық белсенділігін дамыту көрсеткіштері:

 

 

Сурет-7. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің деңгейі

 

          Қорыта айтқанда, жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер шешілді және тиісті қорытынды нәтижелер пәнаралық байланыс негізінде математика пәнін оқу үдерісінде танымдық белсенділікті дамыту қағидаларына, тақырып мазмұнына сәйкес оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Эксперименттік оқытудың нәтижелері мен қорытындылары зерттеу жұмысының басында анықталған ғылыми болжамның дұрыстығын толық дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Дипломдық жұмыста математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру мәселесі зерттелді.

Белсенділік - білім сапасын арттыру негізі. Білім сапасын арттыру мұғалімнің дайындығына, оқушының оқу/оқыту үдерісіне деген қатынасына, белсенділігіне байланысты болып табылатыны қарастырылды. 

         Бастауыш сатыда математиканы оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін дамыту проблемасы теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижесінде қорытынды жасауға мүмкіндік туды.

Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру оқушының оқу - танымдық әрекеттерінің барлық компоненттеріне құнды қасиет береді:

 жалпы және нақты пәндердің оқу мақсаттарының бірлігі айқын көрінеді;

-         басқа пәндерге деген қызығушылық себепші болып, білсем деген ынтасын арттырады;

-         білімге құмарлығы, үйрену тәсілдері пәнаралық жұмыстардың негізінде кеңейту, білген сайын біле түссем екен деген ынта туады;

-         оқудың ағартушылық, зеректік және тәлімдік мәндерінің бірлігі орынды іске асып, білімнің жүйелілігі олардың дүниетанымдық мәнін меңгеруге, танымның тартымды әдістерін игеруге, зор ынтасын өсіруге әсерін тигізеді.

Пәнаралық байланыстарды математика сабақтарында іс жүзіне асыру оқушыларды ойлаудың жүйелі әдістеріне жақындатады. Олар арнайы объект боларлықта әртүрлі оқу пәнінен білімнің элементтері арасындағы байланысты даралай отырып, таным аймағын кеңейтеді. Оқушаларға ойлаудың жаңа тәсілін қалыптастырады, әрбір дербес жағдайдан жалпыға қажеттілігін терең біліп түсіну білуге бейімдейді.

Пәнаралыќ байланыстар оқушылардың әр пәннен алған білімін толықтыруға, бекітуге немесе орнын толтыруға өте қажет, сондай - ақ оқушылардың түрлі пәндерден алған жеке бақылаулары мен қорытындыларын растайтын немесе тереңдететін жаңа факторларды табу көзі болып саналады. Ол түрлі іс - әрекеттермен алмасып отыратындықтан оқушылардың шаршағанын білдірмейді.

Дипломдық жұмыста пәнаралық байланыстарды математика сабақтарында іске асыру бойынша оқушылардың белсенділігін дамыту мәселесін зерттеу басында біз, бүгін әсіресе ертеңгі күні бастауыш сынып мұғалімдерінің математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске асыру жолындағы білімін, қабілетін және дағдыларын қалыптастыру ең құнды құбылыс деген тұжырым жасадық.

Біздің пайымдарымыз бойынша бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске асыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын мынандай жолдармен арттыру ең тиімді деп санаймыз:
- пәнаралық зеректілік есептерін оқушының өмірімен, мүмкіндіктерімен байланыстыру;
- пәнаралық мазмұны бар есептер шығару;
- пәнаралық негізінде өз бетімен тәжірибелік жұмыстарды орындау.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне, өмірде кездесетін жағдаяттарға сүйене отырып, пәнаралық тапсырмаларды өз бетінше құрастырғаны дұрыс.
         Зерттеу жұмысы негізінде мынандай ұсыныс айтуға болады:

Жоғарыда айтылғандарды және баспасөз беттерінде жарияланған материалдардан ала отырып, бүгін әсіресе ертеңгі күні пәнаралық байланыстар негізінде мектептерде оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру қажет.

          Зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан оның барлық жағын жан-жақты қарастыру мүмкін емес. Болашақта пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін дамыту проблемасын шешу жалғасын табады деп есептейміз.

Білім, білімдік сала оқушы құзыретінің, оқыту нәтижесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, келешекте төмендегідей бағыттарда зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп білеміз:

- бастауыш сынып оқушыларының іскерліктерін (психомоторлы дағдыларды) пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының құндылық құраушыларын пәнаралық байланыс негізінде жетілдіру;

 - бастауыш сынып оқушыларының құзыреттерін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру мәселелері алға тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2009. - 23 б.

2.     Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - 2004. - №2

3.     Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 2012.

4.     Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, №11 (28235) 18 қаңтар сенбі 2014. - 34 б.

5.     Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты // http://www.akorda.kz -27- 012012zh

6.     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011, маусым – 10. - 52 б.

7.     Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы – 1995 ж.

8.     Баянбаев Ж. Б. «Педагогика» Астана 1998 ж.

9.     Аймауытов Ж.Шығармалары, Алматы «Жазушы» 1989 ж.

10. Айманбетова Б. Р., Бейсенбаева А. А. «Әдіснамалық негізгі тұрғысынан» «Қазақстан мектебің 1993 ж. №9 20-24 бет.

11. Бейсенбаева А. А. «Педагогика курсының лекциялары» Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс» Алматы Абай атындағы КазПУ 1991 ж.

12. Балтаев А. Д. «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізің Алматы 1994 ж. 30 бет.

13. Сманов  Б. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары»   Алматы, Мектеп 1989 ж.

14. Сабыров Д. «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.

15. Мұсабеков О. «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру» Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.

16. Мұсабеков О. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың шарттары // Бастауыш мектеп – 2000. - №1. -34 б.

17. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. − М.:АПН СССР, 1986.

18. Кедров Б.М. Предмет и взаимосвязь естественных наук. – М.: Наука, 1967.

19. Чепиков М.Г. Интеграция науки (философский аспект). – М.: Наука, 1981

20. Зверев И.Д. Межпредметные связи как педагогическая проблема Советская педагогика. – 1974. − №12(3).  

21. Максимова В.Н. Межпредметные связи в процессе обучения. – М.: Просвещение, 1988. - 192 с.

22. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. − Алматы: РБК, 1995. - 117 б.

23.  Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В, Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы: Атамұра, 2005. - 256 б.

24.  Мұханбетжанова Ә. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері: пед. ғыл.док. ... дис. –Алматы, 2000. - 297 б.

25.  Шолпанқұлова Г.К. Қазақстанның педагогика ғылымында пәнаралық байланыстың дамуының тарихи-ғылыми негіздері: пед. ғыл. док. ... дис: 13.00.01. – Алматы, 1997. - 289 б.  

26. Байназарова Т.Б. Бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық кіріктіру арқылы эстетикалық тәрбие беру («Бейнелеу ӛнері» мен «Дүниетану» материалдары негізінде): пед. ғыл. канд. ... дис.: 13.00.01. – Алматы, 2009.

27.  Барсай Б.Т. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби - дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми – педагогикалық негіздері: пед. ғыл. док. ... дис. - Шымкент, 2010. - 349 б.

28. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігі: Педагогика және психология / жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайнов. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002. - 256 б.

29. Рахымбек Д. Болашақ математика мұғалімін оқушылардың логикалық- методологиялық білімдерін жетілдіру жұмысына дайындаудың ғылыми- әдістемелік негіздері: пед. ғыл. док. ... дис. – Шымкент, 1998. - 336 б.  

30. Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу- институты / ред. кол. Ж.А.Караев т.б. – Алматы, 1991. - 172 б.

31. Епишева О.Б., Крупич В.И. Учить школьников учиться математике: Формирование приемов учеб. деятельности: Кн. для учителя. – М.: Просвещение, 1990. - 128 с.

32.  Лернер И.Я. Развивающее обучение с дидактических позиций. – М., 1996.

33. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологией. - М., 1989. - 360 с.

34. Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. - Алматы: Білім, 2001. - 224 б.

35.  Билялова Ж. Т. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесі: пед. ғыл. канд. … автореф.: 13.00.01. - Алматы, 1993.

36.  Кошмина И.В. Межпредметные связи в начальной школе. - М.: Владос, 2003. - 144 с.

37. Башаров Р.Б., Түркменбаев Ә.Б. Пәнаралық байланыстар мен интеграциялаудың толғақты мәселелері // Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері атты Хал.ғыл- прак.конф.мат. - Алматы, 2001. – Б. 37-40.  

38. Абдрасилов М. Межпредметные связи в преподавании изобразительного искусства и художественного труда в 5-7 классах: автореф. ... канд. пед. наук. - 1993. - 17 с.

39. Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс – ірекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру: пед.ғыл.канд. ... автореф. – Шымкент, 2006. - 28 б.

40. Куралбаева А.А. Интегрированные уроки в начальных классах // Materials of the II international scientifi c conference. Development of the creative potential of a person and society. - Prague, 2014, january 17–18. – Р. 118-122.

41. Дүйсебек Ә. «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті. Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы болмаған жерде білім сапасы артпайды. – 2009, қараша - 4. - №363-364 (25761).  

42. Бастауыш білім беру деңгейінің «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). – Астана, 2013. - 62 б.

43. Бастауыш білім беру деңгейінің «Математика» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). – Астана, 2013. - 18 б.

44. Бастауыш білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). – Астана, 2013. - 14 б.

45. Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). – Астана, 2013. – 32 б.

46. Бастауыш білім беру деңгейінің «Жаратылыстану» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). – Астана, 2013. - 10 б.

47. Бастауыш білім беру деңгейінің «Дене шынықтыру» білім саласы бойынша оқу бағдарламалары (1– 4-сыныптар). - Астана, 2013. - 22 б.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дипломдық жұмыс «Математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 15417
    • DOCX 678 кбайт
    • 164 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Орынгуль Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Орынгуль Асылбековна
    Абилова Орынгуль Асылбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 217596
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек