Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Құдіретті Жер - Ана"

"Құдіретті Жер - Ана"

Скачать материал

 «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Верх – Березовка орта мектебі» КММ           Мерзiм ____________

Мұғалiм: Мырзаханова С. Т.

Сынып:  7      Оқушылар саны: 9       Тақырып: Құдіретті Жер  - Ана

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттері: Қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), татулық, еңбек ету, азаматтық жауапкершілік.

Мақсаты: Оқушылардың Жер – Анаға, табиғатқа, қоршаған ортаны қорғау  туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері және оқушыларды қоршаған ортаны  қорғауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың толеранттылық қасиеттерін дамыту,  жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, жүректерімен сезіне білулерін дамыту.

3. Тәрбиелік: жерді сүюге, қадірлеп– қастерлеуге және оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

 Ресурстар : аудио жазбалар, кестелер фотосуреттер

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.             Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1.                                     Тәртіп.

2.                                     Талап.

3.                                     Тыныштық.

4.                                     Тазалық.

5.                                     5. Татулық.

Оқушыларды 3 түрлі түсті таңдау арқылы 3 топқа топтастыру.

«Қиянат жасамау», «Сүйіспеншілік», «Дұрыс әрекет».

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.                                  

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

 

1.   Үй тапсырмасын тексеру.

Туған ел, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазып келу немесе ребус құрап келу.

Ыбырай Алтинсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар арқылы әңгіменің мәнін түсіну.

1.     Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болған кезде нені көрді?

2.     Бұлақ басындағы таста қандай жазу болып еді?

3.     Табиғат – адам арасында қандай байланыс бар? 

4.     Қандай құндылықты байқадыңдар?

5.     Табиғатты, Жер – Ананы қорғау үшін қандай үлес қосуға болады?

6.     Ана мен Жердің қандай ұқсастығы бар?

7.     «Жер» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді? Бұл сөздің түрлі мағаналарын атаңдар? (Жер– ғаламшарлар, жер- шөп, өсімдік, ағаш өсетін топырақ, зәулім үйлер салатын орын және т.б.)

8.     Жазық жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?

Әңгімелесу барысында балалардың назарын Жердің де Ана сияқты адамдарды қамқорлап, бойындағы нәрін беріп, мәпелеп өсіргендігіне назар аудару керек.

(Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізгенен кейін оқушылардың ойларын тиянақтап, қортындылаймын).

 

Ескерту

2.   Дәйексөз.

«Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ деп, ер қайратыңа мін дағы, өрге бас». М. Әуезов.

 

- Отанды, туған жерді  неліктен «Алтын ана», «Жер ана» деп айтады деп ойлайсыңдар?

 

3.   Оқиғаларды әңгiмелеу.

Сіз қалай пайдаланып жүрсіз? Күллі әлемді жаратқан АЛЛА-Тағала еркіндікті де жаратыпты. Оны кімге берсем деп ойлана отырып «Тіршілік содан нәр алады, бәрін көтерсе де қыңқ демес қара нарым ғой, осы еркіндікті Жерге беріп көрейінші» десе, қара Жер: «Жоқ, АЛЛАМ, маған оны бере көрмеші? Сол еркіндікті иеленем деп, паңданып, пендешілікке салынып, бір сәт орбитамнан шығып кетсем қандай масқара болмақ! Мен оның жазасын тартқым келмейді!» – депті. Сосын АЛЛА ол еркіндікті екеніші алып – тауға сывйламақшы болады. Сонда көк аспанмен таласатын тау да «Жоқ АЛЛАМ, маған бере көрмеші? Мына алып денеммен сен жаратқан жаратылыстың бір пұшпағын құртып кетуім мүмкін ғой. Тозақ отына өртенгім келмейді пендешілікке салынып!» – депті. Ағаштар да: «Біз бір ӨЗІҢДІ мәңгілік зікір етіп тұра берейік! Еркіндікке ие болып қатты діңгегімізбен әлдекімді ұрып, әлдекімге зәбір көрсетсек, оның айыбын өтеу қиын біз үшін!» – деп жалбарыныпты. Еркіндік мәселесі Адамға келгенде ол еш ойланбастан: «Жақсы, АЛЛА-Тағала! мен ол еркіндікті алғым келеді» – деп алған екен дейді. Сол күннен бастап басқа күллі жанды-жансыз тірлік өздері қалаған еркіндіксіз ғұмырға ие болса, адам баласы еркін өмір сүріп келеді екен. Ол не істеймін дейді – өз еркі. Осы еркіндікті сіз қалай пайдаланып жүрсіз?

Сұрақтар қою.

1.   Еркіндікті жер алған кезде жер не істер еді деп ойлайсыңдар?

2.   Адам баласының «еркіндікті» қалай пайдалануда? (сұрақ әр  топтың  өздерінің құндылықтары бойынша жауап беруге негізделді).

 

4.   Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

«Қиянат жасамау» тобы Құдіретті Жер – Анаға қиянат жасамау жолдары.

«Сүйіспеншілік»  Құдіретті Жер – Анаға деген адамдардың сүйіспеншілігін бейнелеу.

«Дұрыс әрекет» Құдіретті Жер – Ананы қорғау жолында адамзаттың дұрыс әрекеті.

(оқушылардың өз еріктерінде  постер, өлең жолдары, ойтолғау т. б.)

 

5.   Топпен ән айту.

 Қ. Мырза Әлінің сөзіне жазылған

 Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындау.


Атамекен
Сөзі:Қ. Мырза Әлі

Әні: Е. Хасанғалив


Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем.

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаныдеп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.

 

6.   Үй тапсырмасы.

«Жер Ана» туралы ойтолғау

 

7.   Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

8.   Көзімізді жұмып, өз жан дүниеміз не айтады, соны тыңдайық? «Қасиетті Жер – Ана» сөзінің мәнін тұжырымдайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құдіретті Жер - Ана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 840
    • DOCX 25.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзаханова Сая Торехановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мырзаханова Сая Торехановна
    Мырзаханова Сая Торехановна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 73980
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе