Инфоурок Обществознание Другие методич. материалы"Құдіретті Жер ана" Өзін өзі тану

"Құдіретті Жер ана" Өзін өзі тану

Скачать материал

Күні:15.02.2013.

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы:Құдіретті Жер-Ана.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың жер құндылығы туралы түсінігін кеңейту

Білімділігі:жердің адам өміріндегі мәні ,оның адамға тигізетін әсері жайлы түсінік беру.

Дамытушылығы:жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп,сезіне білулерін дамыту.

Тәрбиелілігі:жерді сүюге,қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта,фотосуреттер,шар,түрлі-түсті қағаздар,клей,қайшы.

1.Шаттық шеңбері:оқушылармен сәлемдесіп,шеңберге тұрғызып,Тілек әнін бірге орындау.

2.Әңгімелесу: әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар беріледі.

-ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар ?

-неліктен адамдар жерді анаға теңейді?

-жазық жерде жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?

3.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қытай философы Конфуцийдің атамекен туралы аңызымен таныстыру.

-өз елін жерін қорғап қалған хаық батырларын ата?

-патша ұлтарақтай жерін мың шақырым сәйгүлігі мен сұлу әйелінен не үшін артық көрді?

-адамға өз атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер керек?

4.Дәйексөзбен таныстыру.

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны өзі туралы ойлағаны» Ш.Айтматов.

Дәйексөзді талдау барысында оқушыларға Жер –Ана адам өмірінің мәні екендігін түсіндіру.

5.Тапсырма:оқулықта ұсынылған А.Өтегеновтің «Сан түрлі әлем» атты толғанысын оқып талдау.

-жер бетіндегі негізгі құндылықтарды атаңдар?

6.Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырма бойынша оқушылардың жасампаздық бейімділігін тереңдету үшін әр өнер туындысына талдау жасалады. 7.Жаңа ақпарат:Адамның тағдыры жермен тығыз байланысты.Қазіргі кезде адам жердің жердің қамқорлығына зәру болып отыр.Адам үшін тыныс алуға ауа,ішуге мөлдір су,тіпті өмір сүру үшін бүкіл табиғат қажет.Табиғат әрқашан да адамнан күшті және солай бола бермек те,өйткені адам табиғаттың бір бөлігі.Табиғат мәңгілік және шексіз.Жер қорек пен баспана береді.Ғылым алға жетеледі,бірақ табиғатпен ойнауға болмайды.Жер-Анаға ,табиғатқа өз анасындай қараған адам өз өмірінің мәнін түсіне алады.

8.Шығармашылық жұмыс.

Тақтаға дөңгелек пішінді парақ ілінеді.

Балалар,бұл біздің жеріміз.Ал,сендер сол жердің көркейіп,сұлуланып,тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасауларың керек.Алдарыңдағы түрлі-түсті қағаздарды қолданып жерде тіршілік ететін ,жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін қиып шағын коллаж дайындайық.

Осылай шағын коллаж дайындатамын.

Қорытындылау .Иә балалар жер біздің асыраушымыз.Біздің тағамымыз да,киетін киіміміз де,тіпті оқып білім алып отырған оқу құралдарымыздың жасалуына да осы Жер Ананың көмегі зор.Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да ,жан-жануарларға да,өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпауымыз керек.Олай болса Жер Анамызды күтіп баптай білейік.

Жүректен-жүрекке:жайнаған жер-ана қойнауында құстар мен жан-жануарлардың адамдардың тыныш та жайлы өмір сүруі бақыт емес пе ?

Қазір мен сендерге «Күннің сәулелерін» таратып беремін.Сендер сол сәулелерге өздеріңнің Жер-Анаға деген тілектеріңді жазып тақтаға күннің айналасына ілулерің керек-деп күннің айналасына сәулелерін ілгіземін.

Одан соң С.Бәйтереков пен Б.Тәжібаевтың «Күнге табыну « әнімен қорытындылау.

Шыққанда шұғылаңнан жадырап ,

Тәжім етер саған шексіз атырап .

Ару күлім қаққандай , осынау бір шақтарда,

жас жүрегім қалар ма күй ақтармай.

Қайырмасы:

Төңірекке шырай көрік таратып,

Дүниені бір өзіңе қаратып.

Шалқып тасып келе берші,

Нұр сәулеңді төге берші ,

Маған бақыт бере берші ару күн

2.Жағасына мөлдір көлдің барғанда

Сәулетіңе назар ауып қалғандай

Осынау бір шақтарда арман күлім қаққандай

Алтын айна көл түбінде жатқандай

3. құдірет күш бір өзіңнен табылған

Саған мәңгі Жер- Ана да табынған

Өзің келген шақтарда ,

Ешкім қалмас шаттанбай

Теңдесі жоқ ,ерке сұлу ақ маңдай.

Үй тапсырмасы:Әсем табиғат жайлы шағын эссе жазу.

















Тақырыбы:Жылы жүрек –жақсы тілек.

Мақсаты:балалардың мейірімділік,қайырымдылық,құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктері:ақ парақ,түрлі-түсті қағаз,маркер,шар.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? !. Сіздерді өзін тану елінде көргеніме қуаныштымын!

Қуан шаттан алақай ,

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң ,қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

-Балалар отбасымызда ең қуанышты күн қай күн?

Балалар жауабы тыңдалады.

-дұрыс айтасыңдар балалар.Бүгін сендермен « туған күн « мерекесі жайлы әңгімелесеміз.Туған күн әр адамның өміріндегі еңжақсы,ең маңызды мерекелерінің бірі.Адам дүниеге келгенде айналадағының бәрі қуанады.Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады.

Үй іші түгел көңілді ,

Шат күлкілер төгілді.

Қуаныштың себебін

айта алады қане кім?

Оқушылар:

Дастархан толы дәмді астар

Тегін емес думанды үн.

Жиналды барлық шын достар

Өйткені бізде туған күн !

-ия,балалар,бізде бүгін қуанышты мереке-туған күн екен.Сонда бұл кімнің туған күні?

Оқушылар: -Сара апайдың!

-Сара апайға қандай тілек айтасыңдар?

Дана:Сара апай, туған күніңізбен! Сіздің мейірімді жүзіңіз бізге шуақ шашып тұрғандай !,жүзіңізден күлкі кетпесін,жасыңыз ұзақ болсын,аспаныңыз ашық,

Бізді әрдайым осылай шуағыңызға бөлей беріңіз!.Дәл осылай ақ тілектерін Аружан,

Сағыныш,Нұрхандар білдірді.

-Балалар біз туған күн иесіне тілек айтумен қатар сыйлықтар ұсынамыз солай

емес пе?.Олай болса,Сара апайымызға сыйлықтар дайындайық.

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан сыйлықтар дайындады.

-Балалар ,қараңдаршы Сара апайымыз сондай әдемі,сондай көңілді,мұның сыры неде деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Жердегі бар сәбиді ,

Жақсы көріп таниды

Үлестіріп шуағын

Аралайды әр уйді

Нұры көкке жетеді

Мейірімін төгеді,

Бөбек көрсе басынан

Бір-бір сипап өтеді

Әр бүлдіршін көргенде

Жасарады бір демде

Сондықтан-да Сара апай

Әдемі ғой білгенге!

-Бір-бірімізге жақсы,жылы сөздер айтсақ өміріміз қайырым мен мейірімге толы

болып ,қуаныш пен шаттыққа кенеледі.Сондықтан тек туған күнде ғана емес



















































Дәйексөзбен таныстыру:

«Адамның су мен жер туралы ойлағаны өзі туралы ойлағаны»

Ш.Айтматов.













































«Құдіретті Жер-Ана»

















10 балдық жүйе бойынша



Оқушының аты- жөні

жаттауы

мәнері

киімі

Сахна мәдениеті

Жалпы балл













































































Тәжібаев Абдулла

Әбдуәли Бейбарыс

Әбуов Мейірбек

Молдахметова Ақсүйсін

Жүнісбекова Нұрай

Райымбектегі Әсел

Елеусізов Сәтбай

Уали Наргиз

Серікбаева Әлия

Молдабаева Жансая

Әбуова Ақерке

Мұхамедярова Жансая

Жанұзақов Серікбол

Дайырбеков Қыдырәлі

Әмзеқұлов Сұңқар

Бегляр Ақбота

Балтабаев Болат

Кеңес Діндар

Махмұт Досымжан

Серікбаева Зағипа

Қалдыбекова Дариға

Айдарбек Жансая

Омаршаева Құралай

Әбілдә Гүлназым

Махмұт Ғалымжан

Серікбаева Мәншүк

Әуезхан Нұрболат

Жүнісбек Жанболат

Кәрім Жансерік

Кенжебек Мұхаммед

Нұрмаханова Динара

Рахметов Қанжар

Серікбай Берік

Тампыш Дәулет





























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құдіретті Жер ана" Өзін өзі тану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 494 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 5904
    • DOCX 61 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сутенова Индира Нысангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сутенова Индира Нысангалиевна
    Сутенова Индира Нысангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43807
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 290 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе