Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Д.Исабеков «Дермене» повесінен үзінді. Ата мен немере.

Д.Исабеков «Дермене» повесінен үзінді. Ата мен немере.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m3194dc16.gifhello_html_64c0b560.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m74668e34.gifhello_html_ma22cf78.gifhello_html_m74668e34.gifhello_html_mb047e3c.gifhello_html_4d5c88ac.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_73c490f.gifСабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Дермене» повесінен үзінді. Ата мен немере

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жазушы идеясын ашу,Тоқсанбай қарттың бейнесін Омаш қылықтары арқылы көрсету, алдыңғы сабақтарда алған білімдерін тексеру

2.Дамытушылық: Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру, шығарманың идеялық мәнін түсіне білуге, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға үйрету

3.Тәрбиелік: Адалдылыққа,имандылыққа шақыру, табиғатты, өсімдік, құстарды қорғауға үйрету, экологиялық тәрбие беру

Сабақ түрі: Қорытынды сабақ

Сабақ әдісі: Пирамида,блум жүйесі,салыстырмалы диаграмма,үш шапалақ,мен және кейіпкер

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұрау (Кейіпкер тілі,сюжеттік талдау,дебат).

3.Жаңа тақырып. Қазақтың ұлттық болмысында, сан ғасырлық өмірінде ата мен немере бір-біріне өте жақын адамдар. Немереге атаның әрбір сөзі, айтқан әңгімесі-үлкен тағылым. Осындай ұрпақ тәрбиесі көшінің үзілмеуін Д.Исабековтің «Дермене» повесінен де көруге болады. Баласынан қалған жалғыз тұяқты қартайған шағында қайтсем жетілдірем деп жар жағалап жүрген Тоқсанбай қарттың адамдық пен адалдық жолындағы күресіне арналған.

Омаш Омаш жолы- опасыздық

Жағымсыз бейне Қара ниетті қаскүнем

Басты кейіпкерлері Опасыздықтың ойрандалуы

Жағымды бейнелер Жақсылық ниетте Жақсылықпен жүргендердің жеңуі

Тоқсанбай қарт Ата жолы- адалдық

Ергешбай бала Періште жолы-пәктік

Тақтаға схема ілінеді.Үш топқа осы схеманы талдап,түсіндіріп беру тапсырылады. 2.Салыстырмалы диаграмма Омаш Тоқсанбай қарт

Әлсіз жағы

Нәтижесі

Мықты жағы

Нәтижесі

Әлсіз жағы

Нәтижесі

Мықты жағы

Нәтижесі

Әміршіл

өктем

Үш жігіттің қасында қалмай,әлсіздерге өктемдігін жүргізді

Кісімен тез тіл табысады

Басқаға жетпей жатқан комбайн мен машинаны жылдам табады

Көнбіс

Омаштың дегенімен жүрді

Рухани жағынан бай

Омашты тізе бүктірді

Тоқсанбай қарт пен немересі Ергешбай Омашты көргенде қандай сезімде болды? Не себепті ұнатпады?

Иә, амал жоқ, немересі үшін үлкен кісінің «Кәрі емендей тұлғасын шыбықтай иіп,енгезердей жігіттің айтқанына құлдық ұрып, құрдай жорғалауға өзі де көнді,немересін де көндірді»

3. «Пирамида» әдісі

Оқушылардың үзіндіні қаншалықты игергенін тексеру мақсатында жүргізіледі.Өз білімдері арқылы пирамида тастарын қалайды.

5000 жылдық тарихы бар Каир жеріндегі 50 шақырымға созылған 80-нен астам пирамидасы бар қорымды «Пирамидалар елі» д.а.Осы жер асты қабірлерін салудың өзі 10 жылға, ал пирамиданың өзін салу 20 жылға созылған.Енді сендер пирамиданы өз білімдерің арқылы қалап көріңдер.

1.Тақырып:Дермене (1 сөзден тұруы шарт)

2.Кейіпкердің мінезі,көңіл-күйі:Адал,көнбіс (2 сөз)

3.Оқиға орны: Шайла,дала,дермене арасы(3 сөз)

4.Оқиға барысында туындаған қиыншылық:дағдарыс,ұрлық,әлімжеттік,қиянат(4 сөз)

5.Тақырыпты ашатын 1-оқиға:қос басы,тігілген шайла,шелек сартылы,опасыз Омаш,шот(5 сөз)

6.2-оқиға:үрей,таныстық,келісім,түнгі оқиға,қорыл,жарылған жұмыртқа(6 сөз)

7.3-оқиға:күдік,өктемдік,ұрлық,комбайн,машина,оралу,ауызашар(7 сөз)

8.Тақырыптың шешімі:қала,пункт,сергелдең,қуаныш,мейманхана,ақсақал күйзелісі,үміт сәулесі,алдау(8 сөзден)

Оқушылар білімдерімен пирамида құрайды.Енді осы сөздерді қолдана отырып, мәтін құраңдар.

4.Блумның сұрақ қою өлшемі.

1.Білім

Жазушының шығармада көтерген негізгі мәселесі не?

2.Түсіну

-Ақша қалай жоғалды деп қазбаламаймын,саған әу баста сеніп ем,сол сенген күйімде кете берейін.Тоқсанбай қарттың ішкі ойына көз жібер

3.Қолдану

Повестің саған ісері.Үзіндідегідей кейіпкерлер өмірде бар ма?

4.Анализ

Ол кейіпкерлерді повестегі кейіпкерлермен салыстыр.Ойыңды дәлелде.

5.Синтез

«Адамгершілік-ар-ұждан» тақырыбында эссе жаз немесе сурет сал.

6.Бағалау

Жазушы Омаш бейнесі арқылы нені көрсеткісі келді?Бүгінгі таңда кемшілікті көрсете алатын ақпараттарды ата.





5. «Тауып оқы»

Тоқсанбай қарттың адамдық қасиетін білдіретін тұстарын тауып оқып,сол арқылы қартқа мінездеме бер.

6. «Мен және кейіпкер» әдісі.

Қолдаймын

Қарсымын

Қорытынды пікір

Тоқсанбай қарттың имандылық дүниесінен танбай,арамтамақтықпен тойынған Омаштай тексізді «мақтамен мауыздағандай»күйрете жеңіп шыққанын қолдаймын.

Омаштың дегеніне еріп,айдауына жүргеніне, селт етіп серпіліп қарсы шыға алмай,дәрменсіздік көрсеткеніне қарсымын.

Тоқсанбай қарт ешкімнің ала жібін аттамайтын адал,адамгершілігі мол, рухани бай адам.

7.Бағалау.Оқушылар бір-біріне баға береді,соңында мұғалім бағалайды.

8. «Сиқырлы таяқша» Сиқырлы таяқша арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады.

9. Үйге тапсырма.Кейіпкерге хат, эссе жазу

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров421
Номер материала ДA-030191
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх