Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДиссертация "19 ғ аяғы 20 басындағы Қазақстандағы баспасөз"

Диссертация "19 ғ аяғы 20 басындағы Қазақстандағы баспасөз"

Скачать материал

 

                                            Мазмұны:

 

         Кіріспе..............................................................................................3-8

 

І.Ұлттық – бейресми  басылымдар  және  олардың  деректік  орны  мен  ерекшеліктері

1.1 Алғашқы Ұлттық бейресми қазақ баспасөзі

1.2 “Қазақ  газеті”  және  “Серке” -  қазақтың  тұңғыш  бейресми  газеттері

1.3 “Қазақ”  газетінің қалыптасуы және  көтерілген басты мәселелер

 

ІІ."Қазақстан" және "Жас азамат" газетінің   Қазақстан  тарихындағы басты дерек көзі

 

2.1“Айқап”журналы және  “Қазақстан”  газеті ...........................

 

2.2  "Жас азамат" газетінің   Қазақстан  тарихындағы дерек  көзі

 

2.3 “Қазақстан”  газеті 1911-1913 жылдарында

 

 

Қорытынды...................................................................................................

 

Пайдаланылған деректер  мен  сілтемелер  тізімі.....................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

           Мәселенің өзектілігі: Өткен ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарап, әрбір қазақтың бойына мемлекетшіл рух қалыптастыруға атсалысып, ұлттық мәселелерді көтеруде табандылық танытқан газет  пен  журнал,  қоғамдық-саяси  өмірдің  кең  суреттемесін  қалпына  келтіріп, зерттеудегі  кезеңнің  басты  актуалды  проблемаларын  анықтауға  мүмкіндік  беріп отырды. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді- енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды. Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды. Сондықтан  тарихи  сынның  да  ерекшеліктері  болатындығы  туралы  В.О.Ключевский: “Барлық  жерде  тарихи  сын  қосымша  ғылым  ретінде  бірдей  болу  керек  пе, жоқ  әр  жерде  өз  ерекшелігіне  қарай  жергілікті  тарихи  сынның  да  өз  ерекшелігі  болу  керек  пе”[1.6-с] - деген  сауал  қойып, оған  өзі:  “Тарихи  сынның  өз  ерекшелігі  болу  керек. Ол  тарихи  сынның  міндеттері  мен  тәсілдерінің  тарихи  деректің  өзіндік  қасиеттерімен  тығыз  байланыстығынан  туындайды. Ал, деректердің  өзіндік  қасиеттері  барлық  жерде  бірдей  емес” [2. 560-б.] - деп  жауап  береді.Сонымен  қатар, қазақ  тарихының  деректеріне  қатысты  деректанушылық  зерттеулер  отан  тарихымен  айналысқан  және  қазір  де  айналысып  жүрген  кәсіпқой  тарихшыларымыздың   да  еңбектерінде  кездеседі. Халқымыздың  ғұлама  ғалымдары  Әлкей  Марғұлан  мен  Ермұхан  Бекмахановтан    бастап, бүгінгі  күні  тарихымызда  жемісті  еңбек  етіп  жүрген  ғалымдарымыз  К.Нұрпейісов, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Т.Омарбеков[3.320б],Қ.Атабаев[4.358-б],С.Сыздықов [5.78-б], Б. Ермұханов [6.370-с] т.б.  өздерінің  зерттеу  жұмыстарына  сай  пайдаланған  деректерді  “өңдеу”  барысында, сол  деректерге  қатысты  ой-пікірлерін  білдіріп, ұлттық  деректеріміздің  ерекшеліктерін, маңызын, олармен  жұмыс  істеу  тәсілдерін  көрсеткен.                                                                                                             Мәселенің зерттеу  деңгейі: қазақ  тілінде  шыққан  алғашқы  газеттер  мен  ұлттық  бейресми  басылымдар.  Яғни, Қазақстандық  мерзімді  басылымдар, әсіресе  қазақ  тіліндегі  газет-журналдар  Қазақстан  тарихының  дерек  көзі  ретінде  арнайы  зерттелуі  тиіс.                                                                                                            :  Ұлттық  деректеріміз  туралы  деректанушылық  ойлар, олардың  ерекшеліктері  мен  құндылықтары  туралы  ғылыми  көзқарастар  Ш.Уалиханов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,  О.Сүлейменов  сияқты  қазақ  ғалымдары  мен  ойшылдарының  еңбектерінде  де  айтылған. Мысалы, Шоқан  Уалиханов  өзінің  жазбалары  мен  зерттеу  жұмыстарында ұлтымыздың төл деректері – жыр-дастандардың, шежірелердің  пайда  болуының  объективтілігі, олардың  сақталу  формалары, деректік  маңызы  туралы  айтса,[7. (15-21).] Әлихан  Бөкейханов  “Қазақ”  газетінде  жарияланған  ғылыми  рецензияларында  өзінің  деректанушылық ойларын  білдірген. Ахмет  Байтұрсынов  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақ”  газеттерінің  беттеріндегі  мақалаларында  және “Әдебиет  танытқышында”  жалпы  тарих  ғылымы, оның  ішінде  тарихтың  жемі  деректер  туралы, әсіресе, шежіре  мен  заманхат  туралы  құнды  пікір  айтқан.Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  тілінде  жарық  көрген  газеттер  мен  журналдардың  тарихына  қатысты  алғашқы  мақалалар  сол  басылымдардың  өз  беттерінде  жарияланған. Ұлттық-бейресми  басылымдар  арасында  ең  ұзақ  уақыт  шығып  тұрған  “Қазақ”  газетінде  “Қазақстан”, “Айқап”, “Алаш” , “Сарыарқа”,  “Бірлік  туы”, “Ұран”  және  “Тіршілік”  туралы  көптеген  мақалалар  басылған . Олардан  аталған  басылымдар  туралы  деректік  мәліметтермен  қатар, сол  басылымдар  туралы  алғашқы  тарихнамалық  мағлұматтар  да  алуға  болады.Ұлттық  бейресми  басылымдарға  берілген  алғашқы  тарихи  баға  да  сол  басылымдардан  кездеседі.  Мысалы,  “Бірлік  туы”  газеті  1918  жылы  қаңтардағы  большевиктердің  “Қазақ”  газетін  жабуына  байланысты:  “Қазақ”  газеті  жабылды  деген  хабарды  естігенде  әрбір  алаш  баласының  жүрегі  су  етіп, қабырғасы  қайысар. Біз  бұған  сенеміз.  “Қазақ”  газеті  алаштың  қараңғы  заманында  жол  көрсетіп  тұрған  шам  шырағы, сасқанда  ақыл  айтып  тұрған  көсемі”- деп  жазды. Мұндай  ұлттық  бейресми  басылымдардың  көш  бастаушысы  “Қазақ”  газетінің  ұлт  мүддесі  үшін  еткен  еңбегін  шынайы  бағалау  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  да  өз  жалғасын  тапты. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды.                                                                                                       “30-шы  жылдардың  ортасына  қарай  Алаш  ардагерлерінің  “халық  жаулары”  ретінде  толығымен  дерлік  жойылуына  байланысты, “Алаш”  қозғалысының  тарихын  зерттеуге  де  тыйым  салынды. Ал, “Алаш”  қозғалысының  түп  нұсқалық  деректері  жарияланып  тұрған  “Қазақ”,  “Бірлік  туы”  сияқты  газеттер  буржуазияшыл  ұлтшылдардың  органдары  деп  айыпталды  және  оларды  ғылыми  зерттеу  ісіне  пайдалануға  рұқсат  етілмеді” - деп  жазды  К. Нұрпейісов  [8.22-б].      Егер ресми газеттер  “Түркістан  уалаятының  газеті”  мен  “Дала  уалаятының  газеті”  туралы  азды-көпті  бұрын  айтылып  келсе, ұлттық-бейресми  басылымдардың  тарихын  объективті  зерттеу, олардың  материалдарын  халқымыз  тарихының  дерегі  ретінде  пайдалану, тек  90 жылдардың  басынан, бұрынғы  КСРО-дағы  қайта  құру  мен  демократияландыру  шараларынан, әсіресе, еліміздің  тәуелсіздік  алуынан  кейін  ғана  мүмкін  болды. Бұл  салада  аз  жылдар  ішінде  көп  іс  атқарылды  деп  айта  аламыз. Саяси  жағдай  мен  Қазақстан  тарих  ғылымында   болған  түбегейлі  өзгерістер  “Қазақ”  газеті  мен  басқа  да  жазықсыз  ұмыт  болуға  айналған   ұлттық  басылымдар  туралы бетінде  ондаған  мақалалардың  жариялануына  әсер  етті.  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  мерзімді  басылымы   тарихының  зерттелуі, олардың  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстан  тарихының  дерегі  ретінде  пайдалануы  туралы  айтқанда, зерттеуші-ғалым, библиограф  Үшкөлтай  Субханбердинаның  осы  саладағы  атқарған  еңбегіне  ерекше  тоқталу  қажет. “Халықтар  татулығы  және  ұлттық  тарих  жылы” - деп  жарияланған – 1998  жылы  ұлттық  басылымдарды  зерттеу  ісінде  біршама  жұмыстар  тындырылды. Ең  бастысы  Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сақовтардың  құрастыруымен  “Қазақ”  газетінің  материалдары  кітап  түрінде  жинақ  болып  басылып  шықты. “Ақиқат”  журналы  өзінің  сол  жылғы  4-ші  санынан  бастап  “Мұра”  айдарымен, жылдық  және  сандық  ретін  сақтап, “Қазақ”  газетінен  үзінділер  жариялап  тұрды. Жинақ  шықпастан  бұрын  дайындалып  басталған  бұл  жұмыс, жинақ  жарық  көрген  соң  да  жалғастырылды. Осылай, “Қазақ”  сөзі, большевиктер  зорлығымен  жабылғалы  80  жыл  өткен  соң, өзінің  бүгінгі  оқырмандарына  жинақ  түрінде  де, журналдағы  жарияланымдар  түрінде  де  жетті.         Қазақстан тарихнамасында  бірінші  рет  жас  зерттеуші  Қ.Сақов  “Қазақ”  газеті  туралы  кандидаттық  диссертация  қорғады  [9.26-б].  Сонымен  қатар, “Айқап”  журналы  мен  “Қазақ”  газеті  туралы  өз  ойын  Президент  Н. Назарбаевта  өзінің  1999  жылы  жарық  көрген  “Тарих  толқынында”  атты  кітабында  білдірді  [10.296б]. Дегенмен, біздің  ойымызша,  мұндай  ұлттық  басылымдарға  деген  соңғы  жылдары  кең  өріс  алған  заңды  қызығушылық, келешек  үлкен  істің – сол  басылымдардың  тарихын  терең  зерттеу  және  оларды  тарих  дерегі  ретінде  талдау  ісінің  бастамасы  ғана.Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін, яғни  соңғы  жылдары  жарияланған  “Алаш”  көсемдері:  Ә. Бөкейхановтың,А.Байтұрсынов,М.Дулатовтың аталмыш  басылымдарда  жарияланған  мақалалары  енген  жинақтары  да  жұмыстың  деректік  негізін  құрайды. Егер, Ә.Бөкейхановтың  “Қазақ”  газетінде  жарияланған  мақалалары, аудармалары  және  рецензиялары  М.Қойгелдиевтің  құрастыруымен  1994  жылы  жеке  кітап  түрінде  шықса, А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатовтың  “Айқап”, “Қазақ”  т.б.  басылымдарында  жарияланған  еңбектері, олардың  шығармалар  жинағына  енген.                                                                              Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың  деректік  негізінің  бір  бөлігін  куәгерлердің, яғни  ұлттық  басылымдар  авторларының  замандастары  қалдырған  мәліметтер  құрайды. Мысалы, С.Сейфуллиннің  мемуарында  ұлттық  басылымдардың  қазақ  тарихындағы  ең  бір  күрделі  кезеңі  1916-1917  жылдарғы  орны  мен  тарихына  қатысты  аса  маңызды  мағлұматтар  келтірілсе, М. Әуезовтың  еңбектерінде  “Қазақ”  газетінің  ұлт  өміріндегі  алған  орнын  анықтауға  көмектесетін  деректер  бар. Ал, Т.Шонанұлының  еңбегінде  мерзімді  басылымдардың  өзекті  тақырыптарының  бірі  жер  мәселесі  туралы  көптеген  құнды  мағлұматтар  кездеседі  [11.224б].                             Соңғы  онжылдықта  жариялана  бастаған  ұлттық  басылымдар  және  Алаш  қозғалысының  тарихына  арналған  мақалалар  мен  монографиялық  еңбектер  де  жұмыстың  деректік  негізінің  үлкен  бір  бөлігін  құрайды. Мысалы, М.Мырзахметовтың  [12.128-б], Ғ. Ахмедовтың[13.224-б],М.Құл-Мұхамедтің[14.224-б],С.Өзбекұлының[15.192-б],Ж.Қалиұлының[16.272-б]еңбектерінде  мерзімді  басылымдар  мәліметтерінің  деректік  маңызын  ашуға  көмектесетін  көптеген  фактілі  мәліметтер  жинақталған. Сонымен  қатар, баспасөз  тарихына  арналған  кеңестік  тарихнаманың  да  деректік  маңызын  жоққа  шығаруға  болмайды. Методологиялық  қателіктерге  қарaмастан, олардан  алғаш  қазақ  баспасөзінің  тарихын  зерттеуге  көмектесетін  нақты  мағлұматтар  алуға  болады.               Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: - ХХ ғасырдың басындағы  Ұлттық  баспасөзімізді  қазақ  тарихының  дерек  көзі  ретінде  талдай  отырып, пайдалану.                                                      - “Қазақ газеті” және “Серке” - қазақтың тұңғыш  бейресми  газеттерін  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану                                    - “Айқап”  журналы  және  “Қазақстан”  газеттерін   талдау          -  “Қазақ” газетінің  шығуын, қалыптасуын және  деректік  ерекшелігін  түсіндіру.

Диссертацияның теориялық негізі.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі

       Диссертацияның құрылымы:Кіріспеден, қорытынды  бөлімдерімен  қатар  2 тараудан ( әр тарау 3 бөлімнен) және пайдаланылған  деректер  мен сілтемелер  тізімінен  тұрады.                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық-бейресми  басылымдар  және  олардың  деректік  орны  мен  ерекшеліктері 

 

 

І.Алғашқы Ұлттық бейресми қазақ баспасөзі

 

     Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Оған тарих куә.            

          Газет  ХХ - ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси – әлеуметтік мәселелеріне, қазақ шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу - ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен шежіреге арналған мақалалар жарияланды.Қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен «Қазақ» газеті ақпараттарының тақырыптары сан түрлі болды. Барлық тақырыптардың, газетте көтерілген күрделі мәселелерден келіп тоғысар тұсы – қазақ жағдайы еді. Өйткені, газет шығарушылардың ұстанған жолы, діттеген мақсаттарының өзі қазақ жағдайын жақсарту, көзін ашу, ұлт ретінде қалыптастыру, ол үшін қазақ зиялылары қандай ұлт жұмысын атқару керектігін саралап алу сынды әлеуметтік маңызы зор мәселелерден тұрады. Ал газетте «Ішкі жағдай», «Сыртқа хабарлар», «Европа соғысы», «Г.Дума», «Думадағы қазақ мәселесі» т.б. сынды тақырыптар сөзіміздің айқын дәлелі бола алады.  Газеттің ақпарат жеткізуші, үгіт –насихат  саласындағы қызметі жөніндегі А. Байтұрсыновтың: «Газет –халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды» (Қазақ, 1898, 10) –деуі, газеттің әлеуметтік – қоғамдық өмір саласындағы алатын орнын, қызметін нақты бағалаудан туындаған.1913-1918 жылдары «Қазақ» газеті шығып тұрған уақытын Мұхтар Әуезов «Қазақ» газетінің дәуірі» деп атады. Бір дәуірдің бар салмағын арқалаған «Қазақ» газетінің М.Әуезов тарапынан бұлайша бағалануы бүгінгі таңдағы ондаған газеттер атқарар қыруар шаруаны, басылым, атаулының қоғам алдындағы атқаруға тиісті қызметін жалғыз әрі қал – қадірінше мүлткісіз атқаруымен тығыз байланысты деп есептейміз. Осылайша, «Қазақ» газеті ұлт үгітшісі, халық жыршысы дәрежесіне көтеріле алды.Қазақ газеттерінің ішінде ерекше ілтипатпен көңіл аударуға тұратын газеттің бірі – «Алаш». Газеттің шығарушысы әрі редакторы – Мәриам Төгісова. Осының өзі қазақ әйелдерінің арасындағы зор серпілісті көрсеткендей. Газетке Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова сынды қыз – келіншектер де үн қосып отырды. Мәриямның газет шығаруына оның ері Көлбай Төгісовтің де сіңірген еңбегі ұлан – ғайыр екені күмәнсіз. Сондықтан бұл газетті қазақ тарихындағы ерлі – зайыптылардың өз күшімен шығарған тұңғыш газеті деп бағалауымыз орынды. Көлбай Төгісовтің «Бабамыз Алаш» атты журнал шығару ниетімен әрекеттенгенін де осы газеттен білеміз. Бірақ аласапыран заманда бұл ойын жүзеге асырудың сәті түспесе керек. Газет тақырып аясы кеңдігімен көзге түседі. Онда мемлекеттік Дума, ішкі, сыртқы хабарлар, қазақ шаруасына қатысты кеңестер, өлең, пьеса, әңгімелерге орын берілген. 1917 жылдың ақпан төңкерісінен соң Ресейде қос үкімет орнап, өмір мен өлім үшін шайқас жүргізіп жатқан кезде большевиктер Ресей мен Шығыстың Мұсылман еңбекшілеріне: «Уақытты өткізіп алмаңдар, ғасырлар бойы жерлеріңізді жаулап алып келгендерді серпіп тастамаңыздар. Ендігі жерде күлге айналған жерлеріңізді олардың тонауына жол бермеңіздер. Өз елдеріңіздің қожайыны өздеріңіз болуға тиіссіздер». Міне, осындай «Большевиктер ұранымен» көңіл демдеген мұсылман орталығы енді шыға бастаған газеттері «Ұлы Түркістан» мен «Бірлік туында» автономия құруға әзірлік жасай бастайды. Орталықтың Мұстафа Шоқайұлы бастаған мүшелерінің қанатының астында шығып тұрса, «Бірлік туы» болса, «Алашорда» қазақ ұлттық партиясының органына айналып, оған осы партия басшыларының бірі Міржақып Дулатов басшылық етті», - деп жазды кезінде өзінің «Мұстафа Шоқай…Ол кім?» атты саяси сипаттамасында белгілі жазушы Әнуар Әлімжанов. «Бірлік туы» – мәдениеті, танымдық, тез ақпар жеткізушілік деңгейі – жалпы сапасы өте жоғары болған. «Бірлік туы» газеттің беттерінде жарияланған материалдардан сол кезеңнің тарихи шындығы бет – ажары толық айнадай болып көрініп тұрған сияқты.  «Сарыарқа газеті» 1917 жылдың маусым айынан бастап, Семей қаласында қазақ тілінде аптасында бір рет шыға бастаған. Редакторлары Райымжан Мәрсеков пен Халел Ғаббасов, бастырушысы  - «Теңдік»серіктігі.Газетте патша үкіметінің отаршыл саясатының қазақ еліне тигізген зияны, Алаш партиясының бағдарламасы, қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруалары мен қарым – қатынасы, оқу – ағарту ісі туралы Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Р.Мәрсеков, Халел Ғаббасов, Ә. Ермековтың т.б. мақалалары жарияланған. Әрбір жаңалықтың ескіден туатынын еске ұстасақ, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген нұсқалардың да қазіргі әдебиетіміздің, мәдениетімізді зерттеуде құнды дерек екені даусыз.  20 – ғасырдың 50 – жылдарында газеттердің ақпараттық, үгіт – насихаттық бағытында жүргізілген қызметтері жандана түсті. Нақ осы жылдары совет қоғамы, соның ішінде газеттерге деген көзқарас аса саясаттандырылды. Мұның өзі газеттің қоғамдық – саяси лексикасы қатарының өсуіне қатты әсер етті. Ал,1960-1970 жылдары тілімізде қалыптасқан қоғамдық – саяси лексика элементтері туралы Р. Барлыбаев еңбегінде толық танысуға болады. Бұл тұста шығып тұрған басылымдардың баршасы жалғыз идеологиялық мақсатқа, коммунистік үгіт – насихатқа, саясатқа бағындырылды. Социализм бесігі атанған КСРО жетістіктері мен жеңісінен халықты хабардар ету, социализмге жету үшін аянбай еңбек етуге құлшындыру, үгіттеу, насихаттау – совет басылымдарының негізгі қызметі болды.Жалпы газет атаулыға тән төл ерекшелік осы үгіт – насихат қызметін атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті.Мерзімді  басылым  тарихын, әсіресе  ұлттық  баспасөз  тарихын, бүгінгі  күн  талабына  сай, ұлттық  мүдде  тұрғысынан  қайта  қарау, төл  тарихымызды  толықтыра  түсері, оларды  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану  бұралаңы  мол  ХХ  ғасырдағы  қазақ  тарихын  тереңірек  зерттеуге  мүмкіндік  берері  анық.  Өйткені  ел  тарихының  жазба  деректер  тобына  жататын  мерзімді  басылымдардың, оның  ішінде, ғасыр  басында  дүниеге  келіп, бірі  қысқа, бірі  ұзақ  өмір  кешкен  биресми, ұлттық  бағыттағы  демократиялық  басылымдардың  ұлт  тарихына  байланысты берер  мәліметтері, жеткізер  деректері  мол.                             Ұзақ жылдар бойы  қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлттық  басылымдардың тарихын зерттеуші, олардың  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішін  жасап, мәтіндерін  қайта  бастыру  арқылы  бүгінгі  оқырманға  жеткізуші  ғалым Ү. Субханбердина:  Революциядан  бұрын  қазақ  тілінде    газет, бір  журнал  шыққан. Олар: “ Түркістан  уалаятының  газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала  уалаятының  газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік  туы ” (1917) , “ Қазақ  газеті ” (1907), “Дала” (жылы  белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім  даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш  жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. [17.6-б].            Жалпы  ел  тарихында, оның  ішінде  қазақ  баспасөзі  тарихында  өзіндік  орын  алған, аталған  газет – журналдардың  алдыңғы  екеуі  белгілі  мақсатпен  шығарылған, ресми  газеттерге  жатса, қалғандары  ғасыр  басында  сап  түзеп, ұлт  мүддесі  үшін  күреске  шыққан, халқымыздың  аяулы  азаматтарының , озық  ойлы  ұлт  зиялыларының  саналы  іс әрекеттерінің  салдарында  дүниеге  келген  ұлттық  бағыттағы  саяси  басылымдарға  жатады. Алға  қойған  мақсаты  мен  бағыт-бағдарлары, тарихы  мен  тағдырлары  бөлек, сол  бір  топ  басылымдардың  алғаш  жарыққа  шықандары  да, ғасыр  басындағы  өмір  шындығымен  бетпе-бет  кездесіп  опат  болғандары  да “ Серке ” мен “Қазақ  газеті” болды.  Өркениетті  халықтар  тарихында, олардың  ұлттық  мүддесіне  сай   басылымның  дүниеге  келуі  аса  маңызды  оқиғалар  қатарына  жатады.  Демек, біздің  тарихымыз  үшін  қазақ  тілінде  шыққан  биресми, ұлттық  бағыттағы  басылымның  қай  жылы, қай  күні  жарыққа  шыққандығы  туралы  мәселе, ұлттық  маңызы  бар  принципті  мәселе. Сондықтан, осы  екі  басылымның  дүниеге  келуі  жалпы  ұлттық  көлемдегі  оқиға  ретінде, олардың  тарихына  қатысты  деректерді  жан-жақты  талдауды  қажет  етеді. Екі  бірдей  ұлттық  басылымның  ғасыр  басында  бірінен  соң  бірінің  жарыққа  шығуының  басты  себептері  біріншіден , француз  зерттеушілері  А.Беннигсен  мен Ш.Лемерсье-Келькежейдің  сөзімен  айтсақ: “ 20 ғасырдың  басында  патшалық  Россияға  деген  жеккөрушілік  бойын  түгелдей  билеп  алған  қазақ  зиялыларының ” [18.72-77б]  отаршылдық  езгіге  қарсы  күресте, жалпы  ұлт  мүддесі  үшін  күресте, баспасөздің  қажеттігін  терең  сезінуі  болса, екіншіден, бүкіл  империяны  дүрліктірген  бірінші  орыс  революциясының  әсері  еді. Ол  туралы    Серкені   шығарушылардың  бірі, оның  негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлы: “ 1905 жылдан  бері  біздің  қазақ  жұрты  да  басқалардың  дүбіріне  елеңдеп, олардың  ісіне  еліктеп  ұлт  пайдасын  қолға  ала  бастады ”, -  деді.Сол  қазақ  жұртының  қолға  алған  ұлт  пайдасының  бірі  газет  шығару  болды. Дегенмен, қазақ  зиялыларының  өз  тілдерінде  бейресми  газет  шығармақ  болған  алғашқы  нақты  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды. Алғашқы  бейресми  газет  шығару  мәселесі, тек 1907 жылы  ғана  мүмкін  болды. Осы  жылдың  көктемінде  “ Қазақ  газеті ” мен “ Серке ” жарық  көрді.Бұл екі газеттің  де  өмірлерінің тым  қысқа  болуына  байланысты  тарихқа  берер  дерегі  мол  болмағанымен, алғашқы  бейресми  ұлттық  басылым  ретінде  жарық  дүниеге  келгендігін  білдіріп, өздерінің  зорлықпен  тұншықтырылуы  арқылы  болса  да, соңынан  келер  ұлттық  басылымдарға  сабақ  болған “Қазақ” газеті  мен “ Серке ” халық  жадында  қалуға тиіc.                                                                    Алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  газет 1870  жылдың 10    мамырынан  бастап  Ташкентте  шыға  бастаған   “ Түркістан  уалаятының  газеті ”  екендігі  белгілі  болса, қазақтың  бейресми, ұлттық  бағыттағы, бірінші  демократиялық  газеті  қай  газет  екендігі, оның  қай  күні  шыққандығы  әлі  күнге  дейін  толық  анықталған  жоқ. Ол  туралы  Х.Бекхожин:  1906  жылы  ақпанда   “Қазақ  газеті” шықты  - десе  [19.13-с], зерттеушілер: Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразайлар “Қазақ  газеті”, ол 1907  жылдың  наурыз  айында  жарық  көрді- деп, дәл  қай  күні  екендігін  айтпайды. Зерттеуші  Ә. Әбдіманов:  “Серке” - қазақтың  биресми, саяси  бағыттағы  демократиялық  баспасөзінің  тұңғыш  бастау  көзі  ретінде  тарихтан  өз  орнын  алуы  керек - десе, француз  тарихшылары  А.Беннигсен, Ш. Лемерсье-Келькежей: “Саяси  және  санаткерлік  қақтығыстардың  дәл  осындай  буырқанған  сәтінде  [20.10.74-б] - деп, алғашқы  қазақ  газеттерінің  дүниеге  келген  уақытын  суреттей  келе :  1907  жылы  қазақ  баспасөзі   дүниеге келді.  Егер  Әбдірашит  Ибрагимовтың  Санкт-Петербургте  шыққан “Серкесін” есептемесек, онда  1907  жылдың  наурызында  Троицкіде  Андреев  пен  Ишмұхамед  Иманбаев  шығарған “Қазақ  газеті”  жалпы  қазақ  баспасөзінің  қарлығашы  болды  деуге  негіз  бар,  -  дейді. Ал,журналист   Т.  Боранғалиұлы:  “Серке”  мен   “Қазақ  газетінің”   не   бары  бір-бірден  нөмірі  шыққаның  ескерсек,  1911  жылдың   қарлығаштары  “Қазақстан”  газеті  мен “Айқап”  журналын  ұлттық   баспасөздің   тұңғышы   деуге   хақылымыз ”  [21.1997.19 қараша]- деп, ол   екеуін   де   газет   қатарынан   мүлдем   шығарып   тастайды.                    Бұған   айтарымыз,  біріншіден,  белгілі   бір   мерзімде   шығып   тұрмағанымен,  ол   екеуінің  де   көп   тиражбен   тасқа   басылып шығып,көпшілікке   таралғаны   тарихи   факт.  Сондықтан,  оларды   газет   емес   деп   ешкім   айта   алмайды.  Демек,  қазақтың   тұңғыш  ұлттық   газеті осы екеуінің біреуі.  Екіншіден,  баспасөздің   маңызы   оның   шыққан  санымен   өлшенбейді,  ұлтқа   сіңірген   еңбегімен,  ал   уақыт контексінде   қарасақ,  бодандыққа   қарсы,  ұлтт тәуелсіздігі жолындағы күресте көрсеткен ерлігімен   өлшенеді.Сондықтан,қазағым   деп, елім   деп   айға   шапқан   арыстандай   мерт  болған  осы  екі  газеттің  тарихы  мен  тағдырын  тереңірек  зерттеу, оларға  басқаша  көзқарас  қалыптастырары  даусыз.       Қазақстан  баспасөзінің  тарихын  зерттеушілердің  бірі  Зарқын  Тайшыбай  қазақ  тілінде  жарық  көрген  алғашқы  газеттер  “Түркістан уалаятының  газеті” мен “Дала  уалаятының  газеті” туралы  айта  келе: Кейінгі “Серке” (1907) , “Қазақ  газеті” (1911) ,  “Қазақстан” (1911-1913)  газеттері, “Айқап” журналы  (1911-1915) – бәрі  осы “Дала уалаятының” үлгісімен  шыққан, соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтамыз. Оның  осы  уақытқа  дейін  өзіне  лайық  бағасын  ала алмай  келе  жатуының  себебі  неде? ”  [22.1992.9 *+мамыр] , - дейді.Мұндағы  автордың “Дала  уалаяты  газетінің”  өзіне  лайық  бағасын  ала  алмай  келе  жатыр  деген  соңғы  пікіріне  қосыла  отырып, “Қазақ  газеті” 1911 жылы,  демек “Серкеден” төрт  жылдан  соң  шыққан  деп  көрсетуімен  және  аталған  басылымдардың “Дала  уалаятының” үлгісімен  шыққан, соның  ізін  басқан  баспасөз  органдары  деп  сеніммен  айтқан  ойымен  келісе  алмаймыз.              Біріншіден, “Серкенің” де, “Қазақ  газетінің” де 1907 жылдың  көктемінде  шыққаны  анық. Әңгіме  тек  екеуінің  қайсысының  бір  күн  болса  да  бұрын  шыққандығында. Тіптен  қазақ  егіз  туған  екі  нәрестенің де  арасындағы  минуттарын  санап  бірін  үлкені  бірін  кішісі  деп  жатпай ма?  Ол  табиғи  заңдылық. Олай  болса, қазақтың  қазақ  болғалы, өзі  дүниеге  әкелген, тұңғыш  бейресми-ұлттық  газеті  қайсысы  екендігін  неліктен  анықтамасқа? Екіншіден, “Дала  уалаятының  газетінің”  тарихи  орнын  да,  деректік  маңызын  да  жоғары  бағалай  отырып,  оның  материалдарын  қазақ  тарихының  дерегі  ретінде  арнайы  зерттеп,  тиісті  бағасын  беру  қажеттігін  толық  қолдаймыз.  Бірақ,  жоғарыда  аталған  басылымдардың  пайда  болу  жағынан  да “Дала  уалаятының  газетінен ” бөлек  басылымдар  болды  деп,  біз  де  сеніммен  айта  аламыз. Егер, олар “Дала  уалаятының” үлгісімен  шығып, соның  ізін  басқан  болса,  “Қазақ газеті” мен “Серке ” бірінші  нөмірінен  кейін-ақ  тұтқындалып  жабылып  қалмаған  болар  еді.  М.Дулатұлы “Қазақ” туралы:  “Кешегі  өзгеріске  шейінгі   тергеу, тексеру,  тінту, абақты,  штрафтан... көзі  ашылған  жоқ”  – деп  жазбаған  болар.   Сонымен, қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  ұлттық - демократиялық, бейресми  газет  туралы  үш  түрлі  пікір  қалыптасқандығын  көреміз.  Зерттеушілердің  көпшілігі “Серкені”  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  газеті  ретінде  атаса, екінші  бір  тобы, дәл  қай  күні  шыққандығын  атап  көрсетпесе  де, “Қазақ  газетін” атайды.  Ал, үшіншілері “Қазақстанды” ұлттық  баспасөзіміздің  төл  басы  ретінде  тануды  ұсынады.  “Серкені” алғаш  ұлттық  газет  ретінде  атаған  М.Дулатов  болатын.  Ол  1923 жылы “Еңбекші  Қазақ” газетінде: “Мерзімді  баспасөз  бізде  қашан  туғаны  белгілі. Әр  жұрттың, әр  мемлекеттің  мәдениет  майданында     ілгері-кейінгінің  қатесіз  бір  өлшеуіші – баспасөз  болады.  Қай  жұрттың  баспасөзі  күшті  болса, өзі  де  өнерлі  екендігі  көрінеді, яки  қай  жұрт  өнерлі  болса, оның  шексіз  баспасөзі  күшті  болатындығы  айдай  анық ”- деп  жазған.                                                                          М. Дулатұлының  бұл  пікірін  ағамыз  Д. Исақанұлы  бүгін  қайталап  отыр. Ол 1999 жылы  шыққан “Ақиқат” журналының  екінші  санында: “Қазақ  тіліндегі  ұлттық  бағыттағы  газеттер 1907  жылдан  бастап  шыққан “Серке” мен  “Қазақ  газеті” болып  табылады  [23.2.37-б]  - деп, нық  сеніммен  жазып  отыр.              Міне  осылай  алғашқы  ұлттық  төл  газетіміз  туралы  пікірлер  әр  түрлі  басылымдарда  80  жылға  жуық  уақыт  бойы  айтылып  келеді. Дегенмен, оның  нақты  қай  газет  екендігі  және  дәл  қай  күні  шыққандығы  туралы  нақты  дәлелдермен  әлі  анық  айтылмай  отыр. Бұл, бір  жағынан, ұлттық  басылымдар  тарихының  ел  өмірінен  алар  орнының  маңыздылығын  көрсетсе, екінші  жағынан, бұл  мәселені  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетеді.                                         

        Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқы өзінің тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіп отырмаған. Сондықтан да өзінің тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі төңкерістен бұрынғы газет-журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олар рухани мұрамыздың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны халық тарихымен біртұтас зерттеуімізге мүмкіндік береді. Баспасөздің, оның ішінде газеттің әлеуметтік қоғамдық өмір саласындағы орнын, қызметтерін саралап берген ғалым-зерттеуші А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінің алғашқы санында: «Газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдарды газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып отырады»,-деген болатын [1.10].

      Баспасөздің маңызын мына жайлардан байқауға болады: жаңалықтарды, тың ақпараттарды халыққа тез жеткізуді басты нысана етеді; болып жатқан оқиғаларға түсініктеме береді; әрбір пікірдің шындығына көзін жеткізе дәлелдейді және оқырманның оған деген сезімін оятып, қалыптастырады; оқырманды сол оқиғаға байланысты қимыл-әрекетке шақырады, көпшіліктің көзқарасын қалыптастырады; оқырманның тіл мәдениетін, сауаттылығын қалаптастыруға басты рөл атқарады. Баспасөз құралдарының жалпы адамзат тарихында алатын орны маңызды, ол халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегі болып табылады. А.Байтұрсынов ойымен айтсақ «...Газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші» [1.10].

      Қазіргі таңда жалпы баспасөзге байланысты зерттеу нысаналары молайды. Мерзімді баспасөздің тарихы туралы, оның әдеби тілі, жанрлық-стилистикалық ерекшелігі, тақырыптық аясы жөнінде зерттеулер, ғылыми ізденістер көптеген жаңа талдаулардың нәтижесі. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы баспасөз туралы ғалымдар Н.Қарашева, Б.Әбілқасымов, С.Исаев, Б.Момынова, Б.Кенжебаев, Қ.Бейсембаев, Х.Бекхожин, Т.Кәкішов, т.б. ғылыми еңбектерінің маңызы зор.Қазақ әдебиеті зерттеушісі, сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Б.Кенжебаев 1961 ж «Айқап бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» атты библиографиялық еңбек жазды. Ғалымдар Ү.Субханбердина, С.Дәуітов, Қ.Саховтар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті бетіндегі материалдарды жүйелеп, зерттеп, талдап энциклопедиялар құрастырды. Сол зерттеулердің бірі «Қазақ» энциклопедиясына тоқтала кетсек, «Қазақ» - газет бетінде басылған материалдар жинағы. Бұл кітапқа 1913-1918 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған әр алуан тарихи, саяси-әлеуметтік, қоғамдық, мәдени, әдеби материалдар енген. Жинақ өзінің мазмұнының құндылығымен қатар, танымдық, тәрбиелік мәнімен де қымбат. «Қазақ» кітабын кішігірім алғы сөзден кейін: «1913 жылы, 1914 жыл, 1915 жыл, 1916 жыл, 1917 жыл, 1918 жыл, құрастырушыдан «Қазақ» газетіне қастысты архив құжаттары, есімдер көрсеткіші, Бүркеншік есімдер көрсеткіші, «Ашылмаған бүркеншік есімдер» деген тараулардан тұрады. Кітапта «Қазақ» газетінің авторларының редакторы, бастырушылардың фото суреттері қоса басылған. Жинақтың жарық көруіне ұзақ жылдар библиограф-ғалым Ү.Х.Субханбердина көп еңбек сіңірді. [2.337]. Сол сияқты ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлы «Алтынсариннің айналасындағы адамдар» атты зерттеу еңбегінде Ыбырай Алтынсариннің ұлттық газет шығаруды ойлап 1879 жылы жергілікті патша әкімшілік орындары алдына ұсыныс хат жазғанынан дерек береді. Ол болашақ газеттің макетін жасап, төрт бетін қазақ тілінде, төрт бетін орыс тілінде шығаруды және де газетті «Қазақ газеті» деп атауды ұсынады. Бірақ, патша әкімшілігі бұл басылымды шығаруға рұқсат бермейді. Ұлты үшін ана тілінде газет шығаруды ойлаған Ыбырай арманын кейін А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары іс жүзіне асырғанын дәлелдейді[3.36].

      Бұл баспасөз бетінде басылған мәліметтердің жүйеленуінің ғылыми маңыздылығы шексіз. Бұл библиографиялық көрсеткіштер, зерттеу еңбектері шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін көптеген ғалымдарға бай мұра еді. Себебі, сол кездегі баспасөз төңкеріске дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан деректер бергені даусыз. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қазақ тілінде 14-15 шақты газет-журналдар шыққан. Олардың бірнешеуінің ұстанған бағытын, атқарған істері мен, қоғамдағы маңызы турлы айта кетсем.

      «Түркістан уалаятының» газеті. Халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени және эстетикалық ой пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген «Түркістан уалаятының газеті» қазақ баспасөзінің көш бастаушы басылымы болып саналады. Оның 12 жыл бойы шығып тұруы қазақтың мәдени-әлеуметтік өміріндегі зор оқиға болды [4.52].

«Түркістан уалаятының газеті» ең алғаш «Туркестанские ведомости» газеті қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкентте шыға бастаған. Бұл жалпы Орта Азия халықтарының тұңғыш газеті. Алғашында ол айына төрт рет оның екі нөмірі өзбекше және екі нөмірі қазақша шығатын болды. «Туркестанские ведомости» газетінен бөлініп қазақша, өзбекше шыққан «Түркістан уалаятының газетінің» бетіне қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлұматтар көп басылған, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі кеңірек қамтылған. Ш.Уәлихановтың көп танысының бірі газеттің редакторы – Ш.М.Ибрагимов бұрын Омбы кадет корпусында оқып, Көкшетау дуанының хатшысы болған кісі. 1865 жылы Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия Россияға қосылғаннан кейін Ш.Ибрагимов пен И.Ибрагимовты Ташкентке генерал-губернаторының қарамағына жіберді. Ш.Ибрагимов бір жағынан оның тілмашы, екінші жағынан өзбекше-қазақша шығатын «Түркістан уалаяты газетінің» редакторы болып жұмыс істеді. Кейінірек Х.Чанышев газетке редактор болып бекітілді. Газеттің бас редакторы Н.П.Остроумов, кейін Н.Г.Малицкий болды. Газеттің шығуына ішкі істер министрлігі рұқсат беріп, оның программасын тек қана патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, салтанатты жиналыстарын жариялауға ғана лайықтап, көбінесе ресми хабарларды басуды ұйғарған еді. Ресми хабарлардың ішінде Түркістан генерал-губернаторы мен әскери губернаторлардың жергілікті халықтарға қатысты бұйрықтары, сот орындарының үкімдері, Түркістан өлкесінде жарияланатын жалпы үкімет бұйрықтары болды. Ғылым-білімнен қосқаны – орыс патшаларының өмірінен қысқаша әңгімелер. Орыс және басқа мемлекеттердің өмірінде кездесетін жергілікті халықты қызықтыратын оқиғалар. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына байланысты жергілікті хабарлар, әртүрлі мәліметтер.

      «Түркістан уалаятының газеті» қазақ оқырмандарын сол кездегі ғылым жаңалықтарымен, орыстың бай әдебиетімен, өнердегі ізденісімен таныстырған алғашқы басылым, орыс газетінде басылған «Біздің орыс жұртының өнерімен адамдары» деген мақалада орыс кемесінің жер шарын айналып шығуы туралы мақала жарияланған. Осы газет бетінде Жер шары, ай мен күн, жұлдыздар, күн мен түн, жылдың төрт мезгілі жөнінде ғылыми түсініктемелер беріліпті. «Түркістан уалаятының газеті» Түркістан генерал-губернаторының ресми органы болғанына қарамастан қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымының молаюына әсер етті. Оның бетінде саяси-экономикалық мәселелермен бірге оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиеті туралы алғашқы сын, зерттеу мақалалар, қазақтың зиялы адамдары олардың өмірбаяндары, ғылыми еңбектері жайынан алғашқы мақала-хабарлар жарияланды.

      Қазақ халқының атақты ғалымы – Ш.Уәлиханов туралы ана тіліміздегі тұңғыш мақала газеттің 1870 жылғы 3-санында және 1872 жылғы 1-санында басылды. 1870 жылы Түрістан генерал-губернаторы Жетісу өлкесіне келгенде Шоқаннның қабырына барып, басына құлыптас орнатуға бұйрық бергенін айта кетіп, «Шоқан Шыңғыс сұлтан баласы Уәлихановтың моласына барады.. Моласы күйдірген кірпіштен салдырыпты. Сөйтсе де, жаман екен, бес-алты жылда бұзылып құлатұғын. Дүниеден көшкен Уәлихановтың сүйегін қадірлеп, сыйламақ үшін және орыс-қазақтың есінен шықпастығы үшін генерал губернатор генерал-адьютант фон Кауфман құлытпас даярламаққа бұйрық қылды. Ол таста молаға кім қойылғаны, неге мұнша қадірлі, сыйлы болғандығы жазылады. Ол тасты Алматыдағы асқан ұстаға тез уақытта даяр қылып жеткізіп бермекке бұйрық қылды» деп жазды газетте.
        «Дала уалаятының» газеті. 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұратын «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Дала уалаятының газеті» халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден-бір басылым болды. Орыс тілінде «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен шыққан осы газет 1894 жылдан бастап орыс тілінде «Киргизская степная газета», ал қазақ тіліндегі «Дала уалаятының газеті» деген атпен жарық көре бастады. Қазақ тілінде шыққан сандарына Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамет (Дінше) Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсенбаев редактор болды [2.191].

        Жалпы бұл газет 1888 жылдан 1902 жылға дейін аптасына бір рет шығып тұрды. Газеттің соңғы саны 1902 жылы наурыз айында басылып, содан кейін «Сельскохозяйственный листокке» айналды. Өзінің программасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заң-закондарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кездегі басқа газеттер сияқты «Дала уалаятының газеті» де ресми және ресми емес бөлімдерден тұрды. Соңғы бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылымға, білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, теңдікті көксегені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аударылып келген адамдардың ықпалымен халық газетіне ұқсайтын еді. «Дала уалаятының газеті» басқа жергілікті газеттерге қарағанда қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер-білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет халық жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Оның бетінде А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермонтов, Г.И.Успенский шығармаларының, И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліндегі алғашқы аудармалары басылып тұрды. Содай-ақ газетте қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала-хабарларын жиі бастырды.

        Газет негізінде жергілікті отаршылдық-әкімшілік орындардың ресми органы болғанымен, халықты отаршылыққа, өнер-білімге, мәдениетке шақырып тәрбиелеуде едәуір роль атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болмаған қоғамдық-публицистикалық, ресми іс қағаздарын жүргізу жөніндегі мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілері қолданылды.

       Ұлттық баспасөзіміздің қарлығаштарының бірі - «Дала уалаятының газетінің» дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уалаятының газетінде» басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңдеріндегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылғанмен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш рет осы газет бетінде жарияланып, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің негізін қалауға көмектесті. «Дала уалаятының газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз төл туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлігілер еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.

      «Айқап» журналы 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың тамызына дейін Троицкі қаласында шығып тұрды. Алғашқы жылы айына 1 рет, басқа жылдары 2 рет шықты. Осы уақыт ішінде барлығы 89 саны шықты. Көлемі бір, бір жарым екі, екі жарым баспа табақ болды. «Айқап» қазақ даласының барлық жеріне тарады. Әйгілі, беделді журнал болды [5.27].

     «Айқап» журналының шығарушысы да, редакторы да белгілі ақын, жазушы Мұхамбетжан Сералин болды. Ол әркімнен пайда серік ретімен пай жинап, қарызға ақша алып, журналдың әуелгі сандарын сонымен шығарды. Кейін журнал өз қаржысымен тұрды. Оған жәрдем көрсетушілер де болды. Алайда, журналдың қаржысы мол, жеткілікті болды деуге болмайды. Ол қаржының тапшылығынан кейде шағын көлемді болып шығып жүрді. Тоқтағанда да қаржысының жоқтығынан тоқтады. «Айқап» журналында әр кезде хатшы қызметкер, хабаршы болып Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жиһәнша Сейдалин, Әкірам Ғалимов істеді. «Айқап» журналына қазақтың сол кездегі оқырмандары, түрлі оқу орындарындағы оқытушылары мен оқушы жастары, хат білген адамдар тегіс қатынасты. Журнал өзінің аты, мақсаты туралы 1911жылғы бірінші санында былай деп түсінік берді: «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі. Ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкінген бейнесі ретінде алынды. «Ай-қап!» деп санымызды соқтық. Енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді»,-дейді [2.24].

        «Айқап» қазақ халқы саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінің көптеген түйінді, көкейтесті мәселелерін сөз етті. Соның бәрін де қазақ халқының саяси-әлеуметтік ілгері дамуы, бостандығы, шаруашылығы мен мәдениетінің өркендеуі тұрғысынан қарап сөз етті. Ол үнемі «Бізге не істеу керек?», «Қайтсек біз тез ілгері басып, ел қатарына қосыла аламыз?» деген сұрақтар қойып, солардың жауабын табуға тырысты. Бұл сұрауларға тапқан жауабын, өзінің негізгі программасы «Айқап» 1911 жылғы 6-санындағы «Бізге не істеу керек?» деген бас мақаласында ашық айтты:

1.     Отырықшы болып, қала салу, жерден қол үзіп қалмау керек;

2.     Мектеп, медресе салып, оқу мәдениетке жетілу керек;

3.     Дін жұмысын өз қолымызға алу-мүфті сайлау керек;

4.     Мемлекет думасына мүддемізді айтып, сөзімізді өкіметке жеткізіп отыратын депутаттарымыз болу керек;

5.     Петербургта өкіліміз болу керек, ол сонда біздің ісімізді жүргізіп, өткізіп отыру керек деді.

Осы ретпен «Айқап» журналы қазақ арасындағы бектік-феодалдық қоғам қалдықтарына: ескі ғұрып-әдеттерге, жалқаулыққа, надандыққа, партиягершілікке қарсы күресті. «Айқап» журналы қазақ халқын отырықшы болуға, қала, поселк салуға, қаладан, орыс поселкаларынан үлгі алып, егін шаруашылығымен, ұсақ өнеркәсіппен айналысуға үндеді; мектеп, медресе салып, жаппай оқуға, өнер-білім үйренуге, ілім-техниканы меңгеруге үгіттеді. «Айқап» қазақ әйелдерінің хал-жайын, бостандық, теңдік мәселесін көп сөз етті. «Қазақ қыздарының аталарына», «Қалың мал құрысын!», «Бауырлас қазақ әйелдеріне», «Аналарымызға», «Аталарымызға» деген үндеулер және басқа көптеген өлең, мақалалар басты. Қазақ әйелдері туралы қазақ тілінде алғаш роман жазған «Қалың мал» (С.Көбеев), «Қамар сұлу» (С.Торайғыров), «Бақытсыз Жамал» (М.Дулатов), «Бақытсыз сұлу» (Ә.Ғалымов) романдарында жазған авторлардың да бірқатары осы «Айқап» журналында қызмет істеді, шығармаларын жариялады. Осылардың қай-қайсысында болсын журнал қалың мал, қатын үсті, әменгерлік, қызды қаламаған, сүймеген адамға, шалға еріксіз берушілік сияқты ескі заң, зиянды салтқа қарсы күресті. Әйелдердің еркекті, ерлермен тең болуын, өз тағдырын өзі шешуін, теңіне, қалағанына қосылуын, әйелдердің еркек қатары қоғам жұмысына қатынастырылуын талап етті. «Айқап» журналы қазақтың ана тілі мәселесін, оның әліппе грамматика мәселелерін кең талқылап, өз тұсында дұрыс шешті. Қазақтың Абай негізін салған жаңа әдеби тілінің өркендей түсуіне теориялық жақтан да, практикалық жақтан да зор себепші болды. Қазақ арасындағы оқу, оқыту, мәдени ағарту мәселелерін, жаңа оқуды өрістету, жаңаша оқу құралдарын жасау мәселелерін кең сөз қылды. Бұған Мұхамбетжанның өзінің оқу, оқыту құралы, шәкірттер, оқытушылар туралы жазған көптеген мақалалары, Сұлтанмахмұттың «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» деген мақаласы, Спандиярдың «Үлгілі бала» деген оқу кітабы дәлел бола алады [6.18].

       «Айқап» қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының жаңа, таңдаулы шығармаларын үнемі басып отырды. Көптеген ақын, жазушыларды тәрбиелеп өсірді. «Айқап» төңкеріске дейінгі халқымыздың бүкіл тіршілік-болмысын, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайын, әдебиеті мен мәдениетін, өнері мен білімін жетілдіруді жан-жақты жазумен бірге, осы бағытта үлкен насихат жұмыстарын жүргізді, қоғамымызды ілгері байытуға зор үлес қосты.

 

 

 

1.2.  Қазақ баспасөзінің шығу тарихы “Қазақ  газеті” және  “Серке” – қазақтың  тұңғыш  ұлттық -бейресми  басылымдары

                                                 “Қазақ  газеті” (1907) мен  “Қазақ” (1913-1918)  газеті  екеуі  де  демократиялық  бағыттағы, ұлттық-бейресми  басылымдар  болғанымен, аттары  ұқсас, екі  басқа  басылымдар.“Cеркенің”  жарыққа  шыққан  күні  туралы  барлық  еңбектерде  1907 жылдың 28 марты  деп  нақты  айтылса, “Қазақ”  газетінің  шыққан  күні  туралы  әр түрлі  пікірлер  айтылады. Қазақ  баспасөзі  тарихын  зерттеуші  белгілі  ғалым  Х.Бекхожин: “Қазақ  газетінің” пайда  болуының, оның  патша  үкіметінің  отарлау  саясатына  қарсы  күрес  жариялауының, әсіресе, патша  үкіметінің  ұлт  араздығын  қоздыру  әрекетіне  жауап  ретінде  еврей  Хаим  Сосновский  мен  қазақ  Ешмұхамет  Иманбаев, Жетпісбай  Андреевтердің  бірлесіп  орыс  және  қазақ  газетін  шығаруының  үлкен  саяси  мәні  бар  факт ”  -  деп,  бағалаған, “Қазақ  газетінің” мақсаты  өз  халқының  мүддесі  үшін  күрес  екендігін  бүкпесіз  айтқандығын, отаршылдық  езгіге  қарсы  ашық  күрес  жариялағандығын  көреміз. Газеттің  шықпай  жатып  жабылуының  басты  себебі  осы  екендігі  даусыз “Қазақ  газеті”  туралы  Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабай, Ф. Оразай  “Қазақ  журналистикасының  тарихында (1870-1995 жылдар)”:  “Қазақ”  газетінің материалдарынан  байқалғанындай, ол “солшыл  бағыттағы органдардың тактикасын”, яғни революцияшыл    бағытты  қолдады. Ондағы  мақсаты - самодержавиені  құлату,  буржуазиялық -демократиялық өзгерістер мен  бостандық  үшін  үгіт-насихат  жүргізу  болды ” [24.32-б]  -  деп  тұжырым  жасаған.  Әрине, мұндай  шындыққа  сай  келмейтін, ғылыми  негізі  жоқ  тұжырыммен  келісу  қиын. Өйткені, бір  ғана  нөмірі  шығып  жабылып  қалған “Қазақ  газеті”  түгіл  6  жыл  бойы  дерлік  шығып  тұрған, 265  нөмірі  жарық  көрген  “Қазақ”  та  өзінің  алдына  “самодержавиені  құлату, буржуазиялық-демократиялық  өзгерістер  мен  бостандық  үшін  үгіт  насихат  жүргізу”  мақсатын  қойған жоқ. Патша  үкіметінің  және  оның  жергілікті  жерлердегі әкімшіліктерінің  өз  үстемдіктеріне  қарсы  ашықтан-ашық  күрес  жариялаған  басылымның  өмір-сүруімен  келісе  алмайтығындығы, оны  тезірек  жабуға  ұмтылатындығы  келешек  газет  шығарушыларға  сабақ  болуға  тиіс  еді, бірақ  бірден  олай  болмады. “Қазақ  газетінің”  көзсіз  ерлігін де, объективті  жағдайды  ескеріп  өз  мақсаттарын  бүркемелей алмаған  қателіктерінде, тура  бір  айдан соң, 1907  жылы  28  наурызында  “Серке”  қайталады.  Ол  туралы  қазақтың  тұңғыш  журналы “Айқаптың” редакторы  М.Сералин, журналдың 1911 жылғы  шыққан 1-санының  бас  мақаласында: “Соңғы замандарда  біздің  қазақ  жұртында  аз-мәз  тіршілік  көрсетіп  газет  шығара  беруді  қолға  алып  қараса  да  не  себепті  іске  ұқсатып  шығара  алмайды.  1907  жылы  ІI Мемлекеттік   думаның   жиынымен    Шәһмәрден  Қошығұлов “Серке” есімді  журнал  шығара  бастап  еді. Ұзаққа  бармай, үкімет  тарапынан  тоқтатылды.                                                  Сол  жылы  Троицкіде  Есмағамбет  Айманбаев  “Киргизская  газета” есімді  орысша-қазақша  бір  газет шығармақ  болып, алғашқы  нөмірді  шығарды  да  тоқтатты...” , - дейді. 1907 жылы  шыққан  “Нәжет” (Азаттық)  деген  жинақта “Серке”  атты  екі  жетілік  газеттің... 28 мартта  бірінші  саны  шықты. Ол “Улфат” газетінің  67 санына  қосымша  болып  шықты”  [25.20-б] - деп  айтылған. Кейбір  деректерде  “Серкенің” 3-4 саны шықты  деп  айтылғанымен , әр түрлі  деректерді  салыстыру    оның  1907  жылы  28 мартта (ескі стиль бойынша) бір  саны  шығып  таратылып, екінші  санының  дайындалып, бірақ  таратылып  үлгермей  тұтқындалғанын  көрсетеді. “Серкенің”  не  жазғаны, не  айтпақ  болғаны, жалпы  бағыт-бағдары  мен  мақсаты, неліктен  “Серке”  атанғандығы  туралы  газет  шығарушылардың  бірі, оның  22 жасар  албырт  авторы  Міржақып  Дулатовтың,  газеттің  бірінші  санында  жарияланған  “Жастарға”  деген  өлеңі  мен  екінші  санында  даярлаған “Біздің  мақсатымыз”  атты  бас  мақаладан  көруге  болады.  Өлеңнің  бірінші  шумағында:

                                              Найзаменен  түртсе  де,

                                             Жатырсың,  қазақ,  оянбай.

                                              Мұнша  қалың  ұйқыны

                                             Бердің  бізге,  ой,  аллай-ай!

десе, соңғы  шумағында:

                                            Халыққа,  жастар,  басшы  бол!

                                            Қараңғыда  жетектеп.

                                            Терең  судан  өтер  ме,

                                             Мың  қойды  серке  бастамай?

 дейді  [26.37-б].                                       

         Бірінші  шумақтан  М. Дулатовтың  бүкіл  саналы  өмірінің  басты  мақсатына  айналған, қалың  ұйқыдағы  қазағын  оятудың  әрекеті  байқалса, соңғы  шумақта  жастарға, қараңғыда  халқына  жол  көрсетер, қой  бастаған  серкедей, халқын  соңына  ертер  деген  үміті  байқалады. Және  де, осы  шумақтан  газеттің  неліктен  “Серке”  атанғандығын  байқау  да  қиын  емес.   Патшалық  Россияның  астанасы  Петербургта  басылып  шыққан,  алғашқы  ұлттық  басылымдардың  бірі  “Серкенің” 2-ші санында , “Арғын” деп  қол  қойған  М. Дулатов   “Біздің  мақсатымыз”  деген  мақаласында: 

              “Қазағым  менің,  елім  менің!

      Ең  алдымен  қазақ  халқы – Россияға  тәуелді  халық...  Оның  ешқандай  правасының  жоқтығы  ыза  мен  кек  тудырады. Халықтан  жиналатын  салық  қаражатының  көп  бөлігі  халыққа  тіптен де керек  емес  нәрселерге  жұмсалады.

    Өздеріңіз  көз  жазбай  байқап  отырғандай... Чиновниктер, урядниктер  кедей  қазақтарды  ұрып-соғып ,  мал-мүлкін  тартып,  ойына  не  келсе  соны  істеді.Енді  бұл  чиновниктер  қазақ  даласына  мыңдаған  мұжықтарды  жер  аударып, қазақтардың  даласына  суы мен  шұрайлы  жерлерін  тартып, әперуде.Чиновниктерді  арқаланған  олар  өздеріне  жайлы  қазақ  жерлерін  еркін  иемденуде. Тұтас  ауыл  болып  келсе  бұлар  сорлы  қазақтарды  ұрып-соғып  бар  мал-мүлкін  тартып  алып  кетуде.Қазақ  жеріне  бұл  мұжықтарды  не  үшін  жер  аударды. Әлде  Россияда  жер  аз  ба? Шұрайлы  жер  аз  емес, бірақ  бәрі  байлардың, дворяндардың, помещиктердің  қолында, олар  өз  жерлерін  ешқашан  тегін  бермек  емес, ал  аштан  өлуге  шақ  жүрген  мұжықтардың  оны сатып  алуға  шамасы  жоқ. Түрлі  деңгейдегі  министрлер,  жоғары  чиновниктер  мен  генералдар  Россияда  көбейіп  келе  жатқан  мұжықтардан  құтылу  үшін  оларды  біздің  қазақтардың  арасына  жер  аударуда...”,  - дейді.Кезінде  Петербург  баспасөз  істері  комитеті, “Полицияға  түскен  мәліметтер  бойынша, бұл  қазақ  халқын  өкімет  орындары  мен  оның  өкілдеріне  қарсы  күреске  шақыратын  “барлық  қазақ  халқына  арналған  үндеу  сияқты” - деп  “өте  жоғары бағалаған”, сондықтан, “газеттің  осы  нөміріне  қатысты  барлық  адамдар  жауапқа  тартылсын” - деп  шешім  қабылдаған, өзінің  батылдығымен  бүкіл  Петербург  полициясын  дүрліктірген  мақаланың  одан  арғы  тағдыры  туралы  міржақыптанушы  ғалым  Марат  Әбсемет  былай  дейді: “Полиция  қанша  іздегенімен  мақаланың  лақап  атпен  жүрген  авторын  таба  алмады. Полицияның  заңсыз  әрекеттері  ақын  жанына  қатты  батты ”.                                    1912 жылы  Петербургтегі  баспасөз  комитетінің кеңесшісі  В.Д. Смирнов  Міржақыптың  тәркіленген  кітаптарын  қарап  отырып, одан  кезінде үлкен шу  болған  “Біздің  мақсатымыз” деген  мақалаға  тән  тәсіл  мен  ұқсастықты  аңғарып  қалады. Тез  арада  архивтен  “Улфат”  газеті  мен  оның  қосымшасы  “Серке”  алынып, сот  палатасының  шешімі  бойынша  1913 жылғы мамырдың 15- күні  ол  жойылды”.         Санкт-Петербург  мемлекеттік  тарих  мұрағатының  қорында  сақталған  құжаттарға  негізделіп  жазылған  бұл  ақпарат “Біздің  мақсатымыздың” патша  сақшыларының  есінде  жақсы  сақталғандығын  білдіреді.Сонымен, ғасыр басындағы  қазақ  баспасөзін  талдау, барлық  бейресми, ұлттық  басылымдардың  өзегі  болған  негізгі  мәселелер – жер  мәселесінің, қалың  ел  қазақты  ұйқыдан  ояту  мәселесінің, баспасөз  бетінде, алғаш  осы  екі  газетте  көтерілгенін, бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бірі – газетті  ұлт  мүддесі  үшін, азаттық  үшін  күрес  жолында  пайдалану  әрекеті  солардан  басталғанын  көрсетеді. “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің”  көзсіз  ерлікке  тең  бұл  істері  қазақ  даласында  ізсіз, бекер  кеткен  жоқ. Көптеген  қазақ  зиялыларына  қозғау  салумен  қатар, олар, баспасөз  арқылы  отаршылдық  езгіге  қарсы  күрес  жүргізудің  алғашқы  қадамдары  ретінде, келешек  бейресми, ұлттық бағыттағы  газет  шығарушыларға  сабақ  та  болды  деп  айта  аламыз. Өйткені, алғашқы  газеттер  тағдыры  түпкі  мақсатқа  жету  үшін  көп  қиындықтар  мен  шығарылған  басылымды  сақтай  білудің  керектігін, кейде, айла-тәсілдерге  барып, өз  ойларын  бүркемелей  білудің  қажеттігін  көрсетті. Сөйтіп, кейіннен  шыққан “Қазақстан”, “Айқап”, “Қазақ”  сияқты  басылымдардың  едәуір  өміршең  болуына  әсер  етті.                                                                                 Ондай  тұжырым  жасауға,  біздің  ойымызша,  бірнеше  негіз  бар. Біріншісі, аталған  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті” мен “Серкенің” тарихын  да, тағдырын да  жақсы  білгендігі. Жоғарыда айтқанымыздай, “Айқап” журналы  редакторының бірінші  санындағы  бас  мақалада  солар  туралы  айтуы  соның  бір  дәлелі. Екінші  дәлел, “Серкенің” негізгі  авторы  Міржақып  Дулатұлының  “Қазақ” газетінің  шығарушыларының  бірі  болуы. Демек, ол  өзінің “Серкеден”  алған  сабағын  ескерері  түсінікті.                                                                                           Екіншісі, “Қазақ  газетінің”  бірінші  санының, бірінші  жолдарында  “Заманына  қарай  амалы” - деген  сөз  бар. Мұның  мағынасы – заманның  түріне  қарап  іс  істеу”, - деп  басталып, сол  өздерінің  заманын:  “Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді.  Түбі  қандай  белгісіз.   Не  боларын  білмейміз” , - деп  суреттеуі.  Бұл  жерде, Ахмет  Байтұрсыновтың  өзін  қоршаған  ортаның, саяси  құбылыстың  көрінісін, осылай, жұмбақтап  жеткізуге, “заманына  қарай  амал”  қылуға, мәжбүр  болып  отырғандығы  талас  туғызбас  деп  ойлаймыз.                                                            Үшіншісі,  қазақтардың  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  азаттығы  жолындағы  күрестің  танымал  көсемі, “Қазақ”  газетінің  негізгі  авторларының  бірі  Әлихан  Бөкейхановтың 1913 жылы  “Қазақ”  газетінің  24-санында  “Ашылып  ақыл  жазатын  қалім  бар  ма?  Көкіректе  сайрап  тұр, қолымды  заман  байлап  тұр”   -  деуі.                                                    Бұл  мысалдар  кейінгі  мерзімді  басылымдарды  шығарушылардың  “Қазақ  газеті”  мен “Серкенің” сабақтарын, тарихы  мен  тағдырларын  ескеріп , өздері  өмір  сүрген  уақытпен, қалыптасқан  объективті  жағдаймен  санасуға  мәжбүр  болғандығын  көрсетеді.                                              Сонымен , тарихы  мен  тағдыры  судың  екі  тамшысындай  ұқсас, “Қазақ  газеті”  мен “Серке”  қазақ  халқының  алғашқы  биресми, ұлттық  газеттері  ретінде  баспасөз  тарихынан  өз  орнын  алуға  толық  құқылы. Егер, бүгінгі  ұрпақ  алдында  тұрған  ең  басты, ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігін  сақтау  болса, ғасыр  басындағы  аталарымыз  алдында  тұрған  ең  басты, ең  қасиетті  міндет  еліміздің  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу  болғандығы  белгілі. Демек, сол кезеңдегі  құндылықтың  бәрі  де  сол  міндет,  сол  мақсат  жолында  еткен  еңбекпен, төккен  термен  есептелінуі  әділеттілік. Олай  болса, қазақ  зиялыларының  тәуелсіздік  үшін  күрес  жолында  тұңғыш  рет  қолданған  ұлттық, бұқаралық  ақпарат  құралы  ретінде   де  екеуінің  орны  ерекше.                                                                             Ақырында,  бір-ақ  қана  нөмірлерінің  шығып  үлгергеніне  қарамастан, екеуінің  де  тарихы  мен  тағдыры, қазақ  халқының  азаттық  жолындағы  күресі  тарихының  бір  көрінісі  ретінде, екеуі  де  сол  күрестің құрбандары  ретінде  халық  жадында  мәңгі  қалуға  тиіс.  Ал, екі  газеттің  қайсысы  бірінші  болып  жарық  көрді? – деген  принципті  сұраққа  келсек, онда  бірінші  шыққан  “Қазақ  газеті”. Ол “Серкеден”  тура  бір  ай  бұрын  шыққан. Сондықтан  “Қазақ  газетінің”  шыққан  күні  ескіше  28 ақпан, жаңаша 13     наурыз  (1907  жылы  ақпан  айы  28-мен  аяқталған)  қазақтың  тұңғыш  ұлттық  бейресми  газеті  шыққан  күн  ретінде  тарихқа  еніп, ұлттық  күнтізбектерден , дайындалып  жатқан  Қазақ  энциклопедиясынан  өз  орнын  алуы  тиіс.                                                                                          Қазақ  халқының  жоғын  жоқтап, мүддесін  қолдаған, елдің  елдігін, ұлттың  бірлігін, жерінің  тұтастығын  қорғаған   ұлттық -бейресми  басылымдардың  пайда  болуы, ел  өміріндегі  елеулі  оқиғалардың  бірі  болды. Бүгінгі  күні  халқымыз  тарихының  баға  жетпес  дерек  көзіне  айналған, кезінде  белгілі  бір  мерзімде  қазақ  тілінде  шығып  тұрған  басылымдардың  пайда  болып  ел  арасына  таратылуы  ғасыр  басындағы  қазақ  өмірінде  ерекше  қоғамдық  құбылыс  болған  еді. Тарихы  да, тағдыры  да  бөлек,  қазақ  тарихында  өзіндік  із  қалдырған, ұлттық  басылымдар  туралы  біраз  еңбектерде  айтылды. Тағы  да  айтылары  даусыз. Ал  біздің  мақсатымыз, сол  басылымдардың  деректік  ерекшеліктерін  ашуға, олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтауға  қатысты  кейбір  тарихи  мәселелерге  көңіл  аудару.                                                                   Егер  большевиктер  диктатурасына  дейінгі  дүниеге  келген  қазақ  тіліндегі  газет-журналдардың  тарихына  көз  салсақ, онда  олардың  үш  түрлі  тарихи  жағдайда  жарыққа  шыққандығын  байқауға  болады. Мысалы, алғашқы  қазақ  тілінде  шыққан  газеттер  “Түркістан  уалаятының  газеті”  мен  “Дала  уалаятының  газеті”   арнаулы  мақсатпен, патша  өкіметінің  қолдауымен  шықса, 1907 жыл  мен 1917  жылдың  ақпаны  аралығындағы  шыққан  газеттер  мен “Айқап”  журналы  қазақ  зиялыларының  ұзақ  жылдарға  созылған, ерлікке  тең, саналы  іс -әрекеттерінің  арқасында,  патша  өкіметінің  жергілікті  жерлердегі  әкімшілік  органдарының  ресми  рұқсатынан  соң  ғана  дүниеге  келіп, солардың  қатаң  бақылауымен  шығып  тұрған. Ал, ақпан  төңкерісінен  кейін  шыққан  “Сарыарқа”, “Бірлік  туы”, “Тіршілік”, “Үш  жүз”  және  “Ұран”  газеттері  тіптен  басқа  тарихи  кезеңде, біршама  демократиялық  жағдайда  дүниеге  келген.     Басылымдардың  дүниеге  келуінің  тарихи  жағдайлары  олардың  жалпы  бағыт-бағдарына, мазмұнына  әсер  ететін  фактордың бірі. Сондықтан, ақпан төңкерісі  қарсаңындағы Қазақстан  тарихының  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  ретінде, алғашқы  қазақ  газеттерінің  негізгі  тобын  құрайтын  ұлттық  басылымдардың  пайда  болу,  өмір  сүру, жабылу  тарихының  кейбір  мәселелеріне  тоқталайық.Патшалық  самодержавие  жағдайында болады. Ұлт  мүддесін  көздейтін  басылым  шығарудың  ең  басты  кедергісі  үстемдік  етіп  отырған  саяси  жүйе  тарапынан  қойылған  тосқауыл  еді. Өз  қарауындағы  бұратана  халықтардың  қандай  формада  болмасын  ұлттық  мүдде  үшін  әрекет  етуіне  мейлінше  қарсыласқан  патша  өкіметі, әр түрлі тәсілдермен  ұлттық  газеттер  шығаруға  жол  бермеуге, ал  шыға  қалған  жағдайда     оларды  үнемі  бақылап  отыруға  тырысты.Отаршылдық  саясаттың  салдарынан  бейресми  ұлттық  басылымдар  шығару  тек  1905-1907  жылдардағы толқулардан кейін  мүмкін  болды . 1907 жылдың  көктемінде  шыққан  алғашқы  ұлттық  газеттер, олардың  тарихы  мен  тағдыры, деректік  маңызы  туралы  жоғарыда  айтылды. Ал, қазақ  тілінде  белгілі  бір  мерзімде  шығып  тұрған, сондықтан  мерзімді  басылым  деген  атқа  толық сай  келетін , ұлттық  бейресми  басылымдар 1907 жылдан  бастап  шыға  бастады .  Олар, патша  өкіметінің  тұсында  шыққан  “Қазақстан”, “Қазақ”, “Алаш”  газеттері  мен  “Айқап”  журналы.       Кез-келген  деректің  пайда  болуының  объективті  екендігін, деректің  кездейсоқ,  өзінен-өзі  пайда  болмайтындығын  ескерсек, онда, Қазақстан  тарихының  жазба  деректерінің  үлкен  бір  тобын  құрайтын  ұлттық  мерзімді  басылымдардың  пайда  болуының  объективті  алғышарттарының  бірі, ол – ғасыр  басындағы  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттілік, қоғамдық  сұраныс  деп  айтуға  болады. Қажеттіліктен  басқа,  баспасөз  тасқа  басылып  шығып,  оқырманға  жетіп, келешекте  тарихи  дерекке  айналғанға  дейін  оның  мазмұнына, демек, деректік  құндылығына  әсер  ететін  бірнеше  белестен  өтетіндігі  белгілі. Аталған  басылымдар  үшін  оның  бірінші  белесі, белгілі  бір  топтың, не  жеке  адамдардың  газет  шығармақ  болып  шешім  қабылдап, сол  мақсатта  нақты  істерге  кірісулері, газет  шығарудың  қажеттігін  негіздеп, тиісті  орындардан  рұқсат  сұрап  арыз  беруі  болды. Келешек  басылымның  қандай  болып  шығары  да  сол  топтың  не  жеке  адамдардың  саяси  көзқарастарына, қоғамдық  позициясына  байланысты  еді.“Қазақстан”  газетінің  шығуы  туралы  журналист  Тілекқабыл  Боранғалиұлы:  “1911 жылы  Жәңгір  Ордасында  ақындар  Шәңгерей  Бөкеев  пен  Ғұмар  Қарашев, қайраткер  Бақытжан  Қаратаев, дәрігер  Мәжит  Шомбалов, мұғалімдер  Сейтқали  Меңдешев  пен  Елеусін  Бұйрин  өз  қаражаттарын  ортаға  салып, қазақ  тілінде  газет  шығаруға  бел  байлады”,

- дейді  [27.1997-19].

      “Айқап”  журналы  оның  әрі  шығарушысы, әрі  редакторы  Мұхамеджан  Сералиннің  белсенді  еңбегінің  арқасында  шықты. “Алаш” газеті  ерлі-зайыпты  Мәриям және  Көлбай  Тоғысовтардың  әрекеттерінің  арқасында  дүниеге  келді. Осылай, бүгінгі  күні  деректік  маңызын  ешқандай  теңеумен  айтып  жеткізуге  болмайтын  ұлттық  басылымдар, сол  кездегі  өз  заманының  озық  ойлы  адамдарының, ғасыр  басындағы  қазақ  зиялыларының  көп  жылдық  ой  армандарының, мақсатты   да  тынымсыз  еңбектерінің  арқасында  пайда  болды.

 

 

 

 

 

1.3 “Қазақ” газетінде көтерілген басты мәселелер

 

ХХ ғасырдың басында қазақ оқығандарының мінберіне айналған «Қазақ» газеті ұлт тарихында үлкен істер атқарып кетті. 1913-1918 жылдар аралығында шығып тұрған аталмыш басылым, біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті.

Міржақып Дулатұлының қызы Гүлнар ханым «Шындық шырағы» атты естелік-эссесінде «Қазақ» газетінің шығуына жасалған алғашқы көмек жайында былай баяндайды:  1913 жылы аңсап күткізген Міржақыптың Орынбордан жазған хаты келді. Жүрегіміз орнына түсіп, бірсыпыра тынышталып қалдық. Міржақып хатында амандығын білдіріп, Семей түрмесінде бір жарым жыл отырып, енді құтылғанын жазыпты. «Семеймен қош айтысып, ізімді білдірмеуге тырысып Түркістан қаласына жеттім, жасырын күнкөрісте болғандықтан сіздерге хабар жеткізе алмадым. Түркістан және оған таяу жердегі қазақ, өзбек, қырғыз ағайындардың арасында паналап, 1913 жылдың басына дейін сонда болдым. Түркістанда Садық Өтегенұлының үйінде тұрдым. Садықпен сіздерді сыртынан таныстырайын: бұл кісі Ташкентте оқытушылар семинариясын бітірген мұғалім, нағыз молда, өте мәдениетті қазақ зиялысы, қаламы төселген, газеттерге басылып жүретін белсенділерден. Садық шаруасы дәулетті дерлік кісі, елде тұратын ағайындары малдарын бағып береді. Қаладағы жекеменшігіндегі үлкен қызыл кірпіштен салынған көп бөлмелі үйінің есігі келушілерге ашық. Өздері үй ішімен меймандос, қонақжай, көпшілікті маңайына үйіріп отырады.

Садықтың жұбайы - Қадиша – оқыған әйел, мінезі жібектей жұмсақ, өте инабатты, сыпайы жүретін кісі. Үй ішін таза ұстайтын, өзінің жәрдемшілеріне неше түрлі тағамдар пісіртікізетін. Үйлерінен қымыз үзілмейтін. Садық Түркістандағы өзінің қаржысына салдырған мектебінде балалар оқытатын. Қолы босында мені ертіп, Қарнақтағы таныс өзбектерді қыдыртатын. Сонда екі-уш кун жатып келетінбіз. Сол Қарнақта тұратын ақмешіттік Қоңырқожа Қожықов, оның жұбайы Латифа Лапина деген оқыған, мәдениетті кісілермен таныстым, біз оларда жиі қонақ болып, араласып жүрдік.

Бір-бірімізге үйреніп, бауыр басып, ағайындай жақындасып кеткен Өтегеновтар Түркістаннан жүрерімде менің құрметіме дастарқан жайып, өңкей белгілі қазақ, өзбек байларын, қырғыздардың манаптарын қонаққа шақырды. Елдің салты бойынша, олар жолға шығарымда: «Жақа, сізді үйімізден аттандыра алмадық, сапарыңыз оң, ақжол болуын тілейміз. Мынаны біздің мінгізген атымыздай көріңіз»,- деп, әрқайсысы алдыма бұрқыратып буда-буда ақша тастады. Менің: «Ниеттеріңізге рақмет, бұларыңыз артық шығар», - деп бой тартқаныма Садық: «Қой, Міржақып, бұлардың еш нәрсесі кетпейді, ертең-ақ екі есе қып толтырып алады», - деп күлді.

1913 жылдың бас кезінде мен Орынборға келдім, сондағы ғалым-жазушы, өзімнің ұстазым әрі ағам Ахмет Байтұрсыновқа барып сәлем бердім. Ұзақ кеңесіп, қазақ халқына арнап газет шығармақ болдық. Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейханов ағамыз толық қолдады. «Іске сәт!» деп жұмысқа кірісіп кеттік. Өкімет орындарының есігін тоздырып жүріп, әзер дегенде рұқсат алынды. Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфадағы «Ғалия» медресесі шәкірттерінің қосқандарын осы игі іске бағыштадық. Редакцияға қолайлы үй қарастырып, оны да таптық. Баспахана ашып, жұмыс істейтін кісілердің басын қостық. Редакция құрамын, оның мүшелерін белгіледік. Шығарушы бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы мен болып, газетімізді «Қазақ» деп шығара бастадық» деп хабарлапты хатында...» [Дулатова Г.М. Шындық шырағы: Естелік-эссе: - Алматы:  Мектеп, 2012. – 408 б. 19-20 бб.].

 Бұл тұрғыда 1913-1918 жылдар аралығында 265 нөмірі жарық көрген «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына және ел ішіне таралуына ықпал еткен ауқатты қазақтардың болғаны шындық. Мәселен, «Қазақ» газетінің 1915 жылғы санында «Ауқатты алаш азаматтарына» атты мақалада газет ісіне қаржылай жәрдемдесу жөнінде үндеу жарияланады. Көмек берушілер қатарында Есенғұл қажы бастаған Маман байдың балалары белсенділік танытқаны аңғарылады [5, 230-232 бб.].

Зерттеуші Ө. Әбдіманов «Қазақ» газеті атты еңбегінде: «Қаржы мәселесінде «ел-жұрт» көмегін аянып қалған жоқ. Ахмет ишан Оразайұлы сияқты ел азаматтары, оқыған жастар әл-қадірінше жәрдемін көрсетіп тұрды. Мұң-мұқтажының жоқшысы, «ақылына ақыл қосшы» «Қазақ» үшін «көп түкірсе көл» дегендей, ел-жұрт көптеп көмектесті. 1915 жылғы бірнеше санында көмек көрсеткен тілеулестерін атап көрсетті де. Газеттің қаржы жағынан қиындықтан шығуының жолында «Азамат» серіктігін ашуы өте ұтымды болды» - деп тоқталып өтеді [Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 бет. 38 б.].

«Азамат» серіктігі - қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынұлы пен М. Дулатұлының ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған. Негізгі мақсаты – мүшелік жарна (әр адамнан – 100 сом) есебінен «Қазақ» газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру оқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-медреселердегі мұқтаж шәкірттерге қаржылай көмек беру т.б. қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты. Оған Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы, Н. Құлжанұлы және т.с.с. қазақ зиялылары мүше болған [Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 544 бет. 15-16 бб.]. Аталмыш серіктік жайында Қазақ газетінің 1913 жылғы санында ( 42) Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы жариялаған «Алаш азаматтарына» атты мақалада: «Азамат серіктігінің бас мақсұты – ақша өсіріп, серіктікті байыту емес, істеген істің жұртқа пайдалы болуы... Бұл серіктік көпес серіктігі емес, кәсіпші серіктігі емес, «Азамат» серіктігі. Бұған кіретін адамдар жұрт жұмысы турасында жалғыз ақшасымен серіктес болмай, көңілімен, ниетімен де серіктес болу қажет» деп серіктіктің мақсатына тоқталып өтеді.

«Азамат» серіктігіне мүше болғандардың қатарында қазаққа есімі әйгілі тұғаларды кездестіреміз. Олар: М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған алаш қайраткерлерінен басқа Қаражан Үкібайұлы, Медеу Оразбайұлы, Тұрағұл Абайұлы (Құнанбай) сынды қазақтың ауқатты, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары еді.

«Қазақ» газетінің 1916 жылғы 169 санында жарияланған  «Газетамызға көмек» атты мақалада: «Ойламаған жерден «Қазақ» төтенше шығындарға ұшырап, халі ауырлағанын байқаған азаматтар азды-көпті көмек берісті. Бұлар көмектерін әрқайсысы айрықша әр уақытта жіберген еді. Біз бәрін жиып, бірақ жариялап отырмыз. Халыққа көз-құлақ болғандай  ортасындағы бір газетасын бұлайша көтермелеген заттарға шын көңілден тәңірі жарылқасын, айтамыз. Бейбітшілік кешікпей қайта айналар, мезгілді ауырлықтар ұмытылар, сол кезде инша алла, ісіміз де ілгері басар. Бізге қымбат халықтың ықыласы еді, мұны міне көріп отырмыз.

Көмек берушілер:

Есенғұл қажы Маманұлы 100 сом, Ғайнижамал Есенғұл қажы жамағаты 100 сом, Тәңірберген қажы Тұрысбекұлы 429 сом, Айтмұхамбет Тұрысбекұлы 100 сом, Хожа Ахмет Маманұлы 50 сом, Баймұхамбет Тұрысбекұлы 50 сом, Құдайберген Тұрысбекұлы 20 сом, Егеубек Жинебайұлы 10 сом, Ғ. Әлібекұлы 150 сом, Хұсайын Үкенұлы 25 сом 50 тиын, Жолымбет Тұрымбетұлы 25 сом, Ерназар Жауқашарұлы 20 сом, мұғалім Нығметолла Күзембайұлы 15 сом, Нұғыман Қанатбайұлы 50 сом, Өмірәлі Пәнтешұлы 5 сом, Тілеген Бадырақұлы 5 сом...

Барлығы 1274 сом 40 тиын».

Жетісудың Қапал оязын жайлаған Маман байдың балалары Есенғұл, Тұрысбектердің байлығын ұлт мәдениетіне, мектеп ашу ісіне бағыттай білгенін қазақ меценаттығының айқын көрінісі деп те айта аламыз. Атап айтар болсақ, 1913 жылы “Қазақ” газетінде басылған Есенғұл қажы Маманұлының қазақ романына бәйге жариялағаны туралы хабары қазақ оқығандарының арасында сілкініс тудырды [Мамания: Тарихи деректер, естеліктер, өлеңдер, құжаттар, пікірлер. – Алматы: Атамұра, 1999. – 272 бет., 81 б.].

1918 жылы «Қазақ» газетінің 12 қаңтардағы 259 санында қазақ халқының басын қорғауға милиция (ұлттық армия) құру қажеттілігі, милицияны үйрететін офицерлер керектігі айрықша өзекті мәселе ретінде көтеріліп, осы шараны жүзеге асыру мақсатында ел ауқаттыларына төмендегідей сауын айтылады: «Юнкер школына жастар кіруге әзіріне ең аз боса 30 мың сомдай қаржы керек. Ол ақшаны Алашордасы жасар, школға кіруден бұрын даярлау керек. Қазірінде Алашорданың қолында сиез тарқарда берген Отарбай қажы Қондыбайұлының 12 мың 500 сомнан басқа ақша жоқ. Елден ақша тез жиылмайтыны мағлұм. Солай болған соң байлар Отарбай қажының істегенін істеп, Алаш автономиясын әуелгі кезде көтермелеп жіберулері тиіс еді. Ноғайлар автономия болса, ұлт қазынасына деп, байларынан ақша ағыл-тегіл құйылып қалады. Біздің байлар да әуелі өздері үшін, екінші, ұлт игілігі үшін шабандық қылмай, Алашордасына, ең болмағанда, қарызға қаржы беретін жөні жоқ па?» [Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 544 бет. 508 б.].

Міне, газет бетінде ел азаматтарының меценаттық игі істерінің жариялануы да басылымның оқырмандарын, таралуын, ауқымын арттырары сөзсіз.

 «Қазақ» газетінің1917 жылғы санында жарияланған Қытай қазақтарының қазақ баспасөзіне көмек қолын созып, ниеттерін білдіріп жолдаған «Баспахана туралы» хаттарының мәтіні мынадай:

«Қазақ» басқармасының баспахана туралы жазған сөзіне ішіміз еріп, Қытай қол астындағы Күнес елінің қазақтары «Азамат» серіктестігіне 600 сом жібердік. Алаш ұранды қазақ баласы «аһ» десіп қолға алған ісінен бізде құр қалмалық дедік. Алаш туының астына біз де қосылдық! Қараңғы бір шет жерден біздер қосылғанда басқа көзі ашық, көңілі сергек қай қазақ қарап қалар дейміз. Бүтін Алты Алаш болып бір баспаханаға ие бола алмаса, қанша ноғайға күлкі болмаймыз ба? Баяғыдан бергі телміргеніміз аз ба? Шөміштен қағылып жүргеніміз бе?

Егер қазақтың бір баспаханасы болса, әр түрлі газета, журнал басылып, қазақша мектеп кітаптары көбейіп, көзіміз ашылар еді.

Мақсұт тәжі Сасанұлы, Молда Нұрбекұлы, Қосболат Байболатұлы, Шайырбек Сасанұлы, Рақым Асылбекұлы, Жиенәлі Мейірманұлы» [«Қазақ» газеті. / Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 560 бет.]. Хаттың соңында есімдері жазылған адамдар Қытай қазақтары арасында танымал, абыройлы һәм ауқатты тұлғалар болған.

Өмір  айнасы  деген  атаққа  ие  болған  мерзімді     басылым-дардың  басқа  жазба  деректерден  ерекшелігі  сонда, олардың  беттерінде  мерзімділігіне  байланысты  қоғамда  болып  жатқан  әр  алуан  оқиғалар  мен  құбылыстар  болған  уақыттарына  қарай  әр  түрлі  дәрежеде  бейнеленеді. Ол  бейнелер, яғни  құбылыстың  сөздік  суреттемелері  тасқа  басылу  тәсілі  арқылы  газет-журнал  беттерінде  бекітіледі. Сөйтіп, болған  уақиға  не  құбылыс  туралы  мәлімет  баспасөз  бетінде  ұзақ  уақыттар  бойы  сақталу  мүмкіндігіне  ие  болады.  Екіншіден, кез  келген  уақиға  мен  құбылыс  белгілі  бір  кеңістік  пен  уақытта  болатындықтан, сол  құбылыстар  негізінде  пайда  болған  объективті  дерек  ретінде, баспасөз  материалдары  өз  бойларында  өзі  дүниеге  келген  жері  мен  уақытының , яғни  белгілі  бір  тарихи  кезеңінің  ерекшеліктерін  де  сақтайды. Осылай, мерзімді  басылымдар жазба  тарихи  деректің  бір  түрі  ретінде  келешек  ұрпаққа  оқиға  мен  қатар  сол  оқиға  мен  болған  елі  мен  жері  және  уақыты  туралы  да  мәліметтер  жеткізеді.                                                                 Сонымен  қатар, газеттер  мен  журналдар  нақты  субъектердің  саналы  іс  әрекеттерінің  жемісі  ретінде  дүниеге  келгендіктен, яғни  оларда  салынған  ақпарат  сол  нақты  субъектердің  дүниеге  көзқарастары  арқылы  енгендіктен, сол  субъектің  не  субъектердің  қоғамдағы  орнына, әлеуметтік  және  таптық  позициясына  байланысты  белгілі  бір  топтың, таптың  не  саяси  ұйымдар  мен  партиялардың, кейде  тұтас  бір  ұлттардың  да  тарихы  туралы  мағлұматтар  береді.                                                                                           1998  жылдың  басында  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  “Жадымызда  жатталсын, татулық  дәйім  сақталсын”  деген  еңбегінде  “Тегінде  тарихи  сабақтастық  пен  заңдылықтардың әркім  өзінше  түсініп-түйсінеді, яғни  өз  елі, өз  халқы  өткен  жолдың  байыбына  әр  адам  өзінше  барады. Мұнда  бәріне  ортақ, әрі  бәріне  де  жарамды  әмбебап  әдістеме  жоқ  және  болуға  да  тиіс  емес. Тарихтың  соншама  бай, сан  қырлы  болып  келетіні  сияқты, танымның  жолы  да  сан  тарау”  [31.1998.15қаңтар] -  деп жазды.Осындай  біздер  үшін  өз  еліміздің, өз  халқымыздың  өткен  жолының  байыбына  апаратын  танымның  тек  бізге  ғана  тән  жолдарының бірі, ол – ғасыр  басында  шығып  тұрған  ұлттық  басылымдарды  тарихи  дерек  көзі  ретінде  пайдалану. Оларды  зерттеп  зерделеу, тарихи  дерек  көзі  ретінде  талдау, олардағы  мәліметтерді  синтездеу.                                                  Тарих  сияқты  тарихи  деректердің  де, олармен  айналысатын  тарихи  сынның  да  әр  алуандылығы  туралы  белгілі  орыс  тарихшысы, “Тарихи  деректану”  курсы  бойынша  Москва  университетінде  тұңғыш  дәріс  оқыған  профессор  В. О. Ключевский, өзінің  1888 жылы  оқыған  дәрісінде, тарихи  сын  қосымша  ғылым  ретінде  барлық  жерде  бірдей  болу  керек  пе, әр  түрлі  материалдарға  бірдей  тәсіл  қолданылып, бірдей  мақсат  қойылуы  қажет  пе, немесе  әр  халықтың  өзінің  ерекше  тарихы  болатындығы  сияқты  ерекше  жергілікті  тарихи  сын  болуы  мүмкін  бе  деген  сұраққа, жергілікті, өзіндік  ерекшелігі  бар  тарихи  сын  қажеттігін  дәлелдей  келе:  “Эта  необходимость  вытекает  из  тесной  связи  задач  и  приемов  исторической  критики  со  свойством  исторических  источников, а  эти  источники  не  везде  однородны”   - деп  жауап  берді.                                     Міне  осындай, қазақ  халқына  ғана  тән, өзіндік  жергілікті  ерекшелігі  мол, төл  деректеріміздің  бір  тобын, жоғарыда  айтылғандай, қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлттық  мерзімді  басылымдар  құрайды. Олардың  ішінде  “Қазақ”  газеті  де  бар.                                                               Қазақстанның  ХХ  ғасырдың  басындағы  тарихын  зерттеуде  “Қазақ”  газетінің  тарихи  дерек  көзі  ретінде  алар  орны  ерекше  екендігіне, оның  ғылымға    берер  мағлұматтарының    құндылығының  жоғары  екендігіне  бүгінгі  күні  бәріміздің  де  көзіміз  жеткен  сияқты. Кеңестік  тарихнаманың  “Қазақ”  сияқты  қазақ  тарихының  деректік  мөлдір  көзінің  бірін, 70  жылдан  астам  уақыт  бойы, ғылым  үшін  жауып  тастағандығы  ұлттық  тарих  ғылымына  өлшеусіз  зиян  келтіргендігін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  болмас  деп  ойлаймыз.                                                                                          Қазақ  аспанын  қара  бұлттай  торлаған  қара  түнек  патшалық  дәуірде  дүниеге  келіп, ақын  айтқандай: “қараңғы  қазақ  көгіне, өрмелеп  шығып  күн  болам”  деген  газет  туралы, “Ақиқат”  журналы: “Қазақ”  өзі  өмір  сүрген  бес  жыл  ішінде  талай  күрделі  құбылыстардың, қоғамдық  сілкіністердің  куәсі  болды. Бір  ғана  қолдың  саусағымен  санауға  болатын  жылдар  ішінде  бір  емес  бірнеше  ұрпақтың  ғұмырына  жетерліктей  оқиғаларды  басынан  өткерді. Тарих  үшін  қас-қағым  деп  те  айтуға  келмейтін  уақыт  аралығында  бірнеше  ғасырға  татырлық  өзгерістерді  басынан  кешірді.                                                                                            Атап  айтсақ,  “Қазақ”  екі  жойқын  соғыстың  (І  дүниежүзілік  және  азамат  соғыстары), 1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің, екі  қоғамдық-саяси  төңкерістің  (ақпан  және  қазан), төрт  саяси  биліктің  (патша  өкіметі, Уақытша  үкімет, Алаш  Орда  үкіметі, кеңес  өкіметі)  куәсі  болды”  [32.4.78-б] - деп  жазды.                                                                                        Біздің  бұған  қосарымыз  “Қазақ”  тек  аласұрған  заманның, аласапыран  оқиғалардың  сырттан  қараған  бақылаушысы  ғана  болып  қойған  жоқ. Ол  сол  буырқанған  оқиғалардың  бел  ортасында  жүрді. Қайнаған  құбылыстар  барысын  суретке  түсіргендей  өз  беттерінде  бейнеледі. Олар  туралы  мәліметтерді  тасқа  басып  өз  беттерінде  қаттады. Сөйтіп  “Қазақ”  қазақ  өмірінің  аса  бір  күрделі  кезеңінің  шежіресіне, баға  жетпес  дерек  көзіне  айналды.Большевиктік-коммунистік  саяси  басқару  жүйесінің, уақыт  сынына  шыдамай, тарих  аренасынан  кетуі  және  КСРО  сияқты  алып  империяның  көз  алдымызда  күйреуі  нәтижесінде  еліміздің  тәуелсіздік  жолына  түсуіне  байланысты  туындаған  қазақ  халқының  ғылыми  тарихын  қайта  жазудың  объективті  қажеттігі, жалпы  тума  төл  деректерімізге, оның  ішінде  ұлттық  бейресми  басылымдарға, әсіресе  “Қазақ”  газетіне  деген  қызығушылықты  тудырды. Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  бірнеше  жылдың  ішінде  ғана  “Қазақ”  газеті  материалдарын  кеңінен  пайдалану  негізінде  бір  докторлық  және  бірнеше  кандидаттық  диссертациялар  қорғалды, ғылыми-зерттеу  еңбектері  жарияланды. Осындай еңбектердің бірінде,зерттеушілердің“Қазаққа”  деген  қызығушылығының  себебін  ҚР ҒА  мүше-корреспонденті, профессор Кеңес Нұрпейісов:  “Әңгіме  болып  отырған  ұлттық  баспасөз  органдары  қатарында  “Қазақ”  газетінің  алатын  орны  ерекше. Өйткені  ол  басқа  басылымдармен  салыстырғанда  ұзақ  мерзім  (1913-1918  жылдар)  шығып, 265  саны  жарық  көрді.  “Қазақты  дүниеге  келтірген  және  оның  тұрақты  авторларының  қатарында Алаш қозғалысының  халық  таныған  жетекшілері  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет Байтұрсынов, Міржақып  Дулатов  сияқты  қайраткерлер  болды. Осы  азаматтар  мен  олардың  сенімді  серіктері  “Қазақ”  газетін  жалпыұлттық  басылым  дәрежесіне  көтерді”, - деп  түсіндірді.                                     Жұртшылыққа  танымал  қазақ  ғалымының  бұл  пікірінің  дұрыстығын  соңғы  жылдары  “Қазақ”  газеті  материалдарының  әр  түрлі  жолдармен, қазіргі  оқырмандарға  түсінікті  етіліп, қайта  басылып  шығарыла  бастауы  да  дәлелдейді. Бұл  сол  газетке  деген  жаппай  қызығушылықты  қанағаттандыру  мақсатында  жасалынып  отырған  шара  екендігі  белгілі. Мысалы,  1993  жылы  Үшкөлтай  Субханбердинаның  “Қазақ”, “Алаш”, “Сарыарқа”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткіші  шықса, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың  “Қазақ”  газетінде  кезінде  жарияланған  мақалалары  олардың  жеке  жинақтарына  енді. 1998  жылы  “Қазақ  энциклопедиясы”  Бас  редакциясы  газет  материалдарының  жинағын  кітап  түрінде  жарыққа  шығарды. Сонымен  қатар, “Ақиқат”  журналы  өзінің  1998  жылғы  үшінші  санынан  бастап  “Мұра”  айдарымен  газет  мақалаларынан, сандық  және  жылдық  ретін  сақтап, үзінділер  жариялай  бастады. Осындай  жан-жақты  жүргізілген  шаралардың  арқасында  “Қазақ”  газетімен  танысуға  тек  зерттеушілер  ғана  емес, өз  халқының  өткені  қызықтыратын  жалпы  оқырмандар  да  мүмкіндік  алды. Әрине, “Қазақстан”  әркім  алдымен  өзіне  керегін  іздері  даусыз. Дегенмен  оның  газет  ретіндегі  ең  басты  құндылығы  қазақ  тарихының  аса  бір  күрделі  кезеңінің  маңызды  жазба  деректерінің  бірі  екендігінде  ешкімнің  таласы  жоқ  деп  ойлаймыз. “Қазақ”  газетінің  тарихшы  ғалымдар  үшін  басты  құндылығы  туралы  М.  Қойгелдиев:  “...  газет  материалдары  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жиырма  жылдығындағы  қазақ  қоғамында  болып  өткен  түрлі  қоғамдық  процестерді  зерттеп  тану  үшін  аса  бағалы  деректер  болып  табылады”  -  деп  жазды.                                                                                                   Дегенмен, тарихи  дерек  көзі  ретінде  “Қазақ”  газеті  де  тарихи  сыннан  өткізуді  қажет  етеді. Себебі  басқа  да  тарихи  деректер  сияқты, “Қазақ”  та  әлеуметтік  сұраныстарға  сай, нақты  тарихи  жағдайда, өзін  қоршаған  қоғамдық-саяси  ортада,  белгілі  бір  субъектердің  саналы  іс-әрекеттерінің  жемісі  ретінде  пайда  болған  объективті  дүние. Сондықтан, газеттің  жарыққа  шығуының  объективті  тарихи  алғышарттарын  және  оның  шығарушыларының  қоғамдық  позициялары  мен  әлеуметтік  жағдайларын  терең  білудің  ондағы  мағлұматтардың  ғылыми  ақпараттық  және  танымдық  маңызын  ашуға  көмектесері  даусыз.                                  Бұл  жерде  зерттеушілердің  “Қазақ”  газетінің  мазмұнына  түбегейлі  әсер  еткен  үш  түрлі  тарихи  кезеңде  шығып  тұрғандығын  ұмытпағаны  дұрыс. Қалыпты  объективті  жағдайдың  өзгеруі  газеттің  бағыт-бағдарына  да, оның  алдына  қойған  мақсатына  да, мақалалардың  мазмұнына  да  әсер  етуі  заңдылық. Аз-ғана  уақыт  аралығында  елімізде  болып  өткен  түбірлі  қоғамдық  өзгерістер  “Қазақты”  да  осындай  өзгерістерге  ұшыратты. Мысалы, 1913 жылдың  ақпанында  дүниеге  келіп  патшалық  самодержавие  тұсында  4 жыл  бойы  шығып  тұрған  “Қазақ”  пен  1917 жылдың  ақпанынан  кейінгі  “Қазақтың”  арасында  үлкен  айырмашылық  бар  болса , қазан  төңкерісінен  кейінгі  “Қазақтың”  мазмұны  да, тарихы  мен  тағдыры  да  тіптен  бөлек. Демек, “Қазақты”  тарихи  дерек  көзі  ретінде  қарастырғанымызда  осы  айырмашылықтарды  ескеруге  тиіс  боламыз.                     ХХ  ғасырдың  басындағы  ұлттық  бейресми  басылымдарға  деген  қоғамдық  қажеттілік  пен  олардың  пайда  болуының  тарихи  алғышарттары  туралы  жоғарыда  айтылды. “Қазақта”  солардың  бірі  ретінде  пайда  болған  еді. Дегенмен, оның  өз  тарихы, пайда  болып  өмір  сүруінің  өз  ерекшеліктері  де  жоқ  емес.                                                                            “Қазақ”  сияқты, қазақ  баспасөзі  тарихында  әлі  бірде  бір  басылым  көтеріліп  көрмеген  биікке көтерілген, сөздің  шын  мағынасында, жалпыұлттық  сипатқа  ие  болған  газет  шығару  үшін  үлкен  дайындық, көптеген  адамдардың  бірігіп  еңбек  етуі  қажет  болды. Ол  туралы  тарихшы  М.  Қойгелдиев:  “Ә. Бөкейханов  және  А. Байтұрсынов  бастаған  белсенді  топтың  жалпыұлттық  газет  шығару  ісін  1905  жылдан  бастап  қолға  ала  бастады”, - деп, олардың  нақты  атқарған  істеріне  тоқтай  келе:  “Егер  қорыта  айтсақ, “Қазақ”  газеті, белгілі  бір  дәрежеде, сол  кезеңдегі  ұлт-азаттық  қозғалысының  ең  белсенді  қайраткері  А. Байтұрсынов  және  М.  Дулатовтың  үлкен  еңбегінің  ортақ  жемісі  еді”   - деген  әділетті  пікір  айтады.                                                                                                                          Қазақтардың  күнделікті  мұқтажын  айқындап  отыру  үшін  қазақ  тілінде  газет  шығару  қажеттілігі  туралы  айтып, өкімет  алдына  талап  қойған  1905  жылғы  Қарқаралы  петициясы  мен,  тікелей  қазақ  газетін  шығару  ісіне  кіріскенге  дейін  едәуір  уақыт  қажет  болды. Себебі, 1905-1907  жылдардағы  қазақтарды  да  қамтыған  саяси  толқуларға  басшылық  жасап, белсенділік  көрсеткен  келешек  газет  шығарушылар  патша  жандармериясы  тарапынан  саяси  қуғын-сүргінге  ұшырады. Жоғарыда  аталған  “Алаш” көсемдерінің  үшеуі  де  әр  түрлі  уақыттарда  тұтқындалып,  бірінен  кейін  бірі, Семей  түрмесіне  жабылды. Аса  қауіпті  саяси  қылмыскерлер  ретінде  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  жер  аударылды. Тек, осындай  тар  жол  тайғақ  кешулерден  кейін  ғана, 1910  жылдан  бастап, олар  газет  шығару  ісімен  тікелей  айналысуға  мүмкіндік  алды. Зерттеуші  Ө.Әбдиманов  “Қазақ”  газетін  шығарудағы  А. Байтұрсыновтың  ұйымдастырушылық  істерін  айта  келе:  “Егер  оның  Орынборға  1910  жылы  наурызда  келгенің  ескерсек, газет  шығару  дайындығына  аттай  үш  жыл  кеткенің  аңғарамыз”, - дейді. Сонымен,  “Қазақ”  жалпыұлттық  сұранысқа  сай, оның  шығарушыларының  бірнеше  жылдарға  созылған  дайындық  жұмыстарының  нәтижесінде  дүниеге  келген  газет. Оның  барлық  алғышарттары  пісіп  жетілген  табиғи  іс  ретінде  пайда  болғандығы  туралы  Міржақып  Дулатов: “Қазақтың”  шығуы  толғағы  жеткен баланың тууындай еді” - деп, дәл  айтты.“Қазақ”  газетінің  пайда  болуы  және  оның  қайта  шығуы  туралы  Тіней  Оразайдың  Мұртазаның  Файзолласы:  “Газеттің  80  жылдығына  арнап  баяғы  265-санынан  кейінгі  266-санын  шығаруға  ниет  етіп  отырмыз .    Жалпы  бұлай  етуге  бүгінгі  Оразай  әулетінің  моралдық  құқы  бар  деп  білеміз. Өйткені, “Қазақ”  газетін  шығару  идеясы  Ахмет  Оразаевтікі  болғанын, сол  Ахмет  Оразаев  ауылына  Міржақып  Дулатов барғанда  осы  кісі  тарапынан  идеяның  мақұл  тапқанын  және  Оразаев  Ахметтің  газетті  шығаруға  қаржы  беріп, құрылтайшылық  еткенін  газет  тігіндісі  де, Орынбор  генерал-губернаторлығының  құжаттары  да  дәлелдеп  отыр” - дейді.                       “Қазақтың”  қайта  шығуына  келсек  -  1993  жылдың  11  ақпанда  “Егемен  елдің  ерікті  газеті” деген  айдармен  “Қазақтың”  кезекті  266 саны  шыққан. Бірақ, көп  ұзамай  “Қазақ”  “Қазақ  үніне”  айналған. Ал, ең  бастысы, бұл  “Қазақтың”  ол  “Қазақ”  емес  екендігі  сезіле  бастаған.        Газеттің  болашақ  редакторы  Ахмет  Байтұрсыновтың  “Қазақты”  нелiктен, басқа  емес, Орынбор  қаласында  шығармақ  болғандығын  зерттеушілер  мынадай  факторлармен  түсіндіреді: біріншіден, Орынбор  шығыс  пен  батысты  жалғастырып  тұрған  ірі  мәдениет  сауда  орталығы, екіншіден, онда  араб  графикалы, қазақ  тілінде  газет  шығаруға  қолайлы  бірнеше  татар  баспаханалары  бар.  Өмір  А.Байтұрсыновтың  бұл  шешімнің  дұрыстығын  толығымен  дәлелдеді. Орынбор  көп  ұзамай  бүкіл  қазақтың  ақыл-ойының  орталығына  айналды.                                                       Сонымен, ұзақ  жылдарға  созылған  алдын  ала  жүргізілген  жан-жақты  дайындықтардан  кейін  “Қазақ”  1913  жылдың  2  ақпанынан  бастап  Орынбор  қаласында  шыға  бастады.                                                     “Қазақ”  газеті   өзінің  алғашқы  адымын, саналы  да  мақсатты  күрес  жолын, өзі  дүниеге  келген  уақыты  мен  қоршаған  қоғамдық  ортаның  ерекшелігін  және  ұлтының  жағдайын  анықтаудан  бастады. Газеттің  бірінші  нөмірінің  бірінші  жолдары  “Заманына  қарай  амалы”  деген  сөз  бар. Мұның  мағынасы – заманның  түріне  қарап  іс  істеу”   деген  сөздермен  бастап, өздерінің  қалыптасқан  объективті  жағдайға  қарай  әрекет  етуге  мәжбүр  екендігін  ескертсе, одан  әрі: “Төңірекке  қарасақ  түнерген-түнерген  бұлттар  көрінеді. Түбі  қандай  белгісіз. Не  боларын  білмейміз. Нұр  болып  жауып, жерімізді  көгертіп, несібемізді  молайтар  ма, болмаса  дауыл  болып  соғып, үйімізді  жығып, үй-ішімізді  шашып  тастар  ма ?!  Көзіміз  бұған  жетпейді. Жалаң  аяқ, жалаң  бас, жеңдеріміз  киюсіз, етектеріміз  жиюсыз  ашылып  шашылып  қамсыз  жатқан  халықпыз”  - деп, қазақ  қоғамындағы  ғасыр  басында  қалыптасқан, сол  объективті  жағдайды  жұмбақтап, қазаққа  тән  теңеулермен  суреттейді. Әрине  бұл  жерде  басқарманың  атынан  жазылған  Бас  мақаланың  авторы  Ахмет  Байтұрсыновтың  меңзеп  отырғаны  қазақ  жеріне  қарай  қаптап  келе  жатқан  қара  шекпендер  екендігі, солардың  тарапынан  бейқам  жатқан  жұртына  төнген  қатер  екендігін  түсіну  қиын  емес.  Oл  туралы  газеттің  келесі  нөмірінде  “Іргеміз  тұтас  ыдырамай, бірыңғай  жатқан  халық  едік, енді  арамызға  бөтендер  келіп  кірісейін  деп  тұр...  Арамызға  түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар  атымыз  жоғалмай, қазақ  ұлты  болып  тұра  аламыз  ба? Осы  төсекте  төңбекшітіп  ұйқымызды  бөлетін  нәрсе...” - деп, өз  ойын  ашығырақ  айтқан. Ал  өздерінің  түпкі  мақсаттары  “Бостандық, теңдік, туысқандық...” - екендігін, тек  1917  жылдың  жазында  ғана  ашып  айта  алды.                                                                                                                         Газет  шығарушылардың  “Қазақ  газеті”  мен  “Серкенің”  қайғылы  сабақтарын  ескеріп  ішкі  ойын  жасыру  да, шын  мақсаттарын  бүркемелеу  де, айтар  сөзін  жұмбақтап  жеткізу  де, “Қазақты”  саяси  қуғын-сүргіннен  құтқара  алмады. Газет    соңына  шам  алып  түскен  патша  үкіметінің  жергілікті  сақшылары  “Қазақ”  беттерінде  жарияланған  мақалалардан  үнемі  заңға  қайшы  келетін, өмір  сүріп  тұрған  саяси  құрылысқа  қауіп  төндіретін  материалдар  тауып, газет  редакторы  Ахмет  Байтұрсыновты  айыптап, штраф  салумен, абақтыға  жабумен, газетті  жауып  тастау  қаупімен  қорқытумен  болды. Ол  туралы  ақпан  революциясынан  кейін,  1917  жылдың  жазында, “Қазақ”  басына  орнаған  азғана  шуақты  күндердің  бірінде  Міржақып  Дулатов:  “Жер  аудару”  деген  мақала  басылған  9  нөмірден  бастап  кешегі  өзгеріске  шейін  тергеу, тінту, абақты , штрафтан  “Қазақтың”  көзі  ашылған  жоқ. Дәл  Николай  түсіп   өзгеріс       болардан   бес-алты  күн  ғана  бұрын  жауыз  хакімдер  “Қазақты”  тағы  да  тексеріп, біржола  жабуға  айналып  тұрғанда, өздері  су  түбіне  кетті”  -  деп, қуана  жазды. Иә, осылай  патша  зорлығынан  құдайдың  өзі  құтқарған  “Қазақты”  келер  жылы  большевиктер  зорлығынан  ешкім  де  құтқара  алмады.Тек, 1917  жылғы  ақпан  төңкерісінен  кейін  ғана  “Қазақ”  қуғыннан  құтылып, оның  авторларының  қолы  бұғаудан  босанды. Сол  жылдың  9 наурызындағы  221-нөмірінен  бастап  “Қазақ”  өз   халқы -  қазағына  ашықтан-ашық,  еш  бүркемесіз  қызмет  етуге  мүмкіндік  алды. Сөйтіп  “Қазақ”  газеті  тарихының  жаңа  кезеңі  басталды. Ресейдегі  саяси  жағдайдың  өзгеруіне  байланысты  туындаған:  комитеттер  құру, қазақ  съездерін  өткізу, өз  жеріне  өзі  ие  болу  мақсатында  Құрылтайға  депутаттар  сайлау, Алаш  партиясы  мен  Алаш  Орда  үкіметін  құру, түптеп  келгенде  ұлттық  автономияға  қол  жеткізу  сияқты  ұлт  алдында  тұрған  ірі, ауқымды  істерге  “Қазақ”  ашық  араласып, ұйтқы  бола  білді. Сол  істердің  қажеттігі  мен  маңызы,  барысы  мен  туындаған  қиыншылықтардан  шығудың  жолдары  туралы  жазды. Сол  арқылы  “Қазақ”, бұрын  қазақ  даласында  болып  көрмеген, саяси  құбылыстар  тарихының  құнды  жазба  деректер  көзіне  айналды.  Жаңа  демократиялық  жағдайда  пайда  болған  “Қазақ”  газетінің  деректік  ерекшелігі  де, сол  газет  бетінде  жарияланған  ұлт  мүддесіне  қатысты  мәселелердің  ашық  айтылуы, еркін  жазылуынан  туындайды.                                                                   1917  жыл  туралы  “Қазақ”, “Өткен  жыл  қазаққа  қалай  болды?” - мақалада: “Өткен  жыл  қазаққа  жаман  болған  жоқ. Көпке  бірдей  болған  бостандықтың  айрықша  қазаққа  жақсылығы  тиген орны  болды. Алдыңғы  1916  жылдың  ауырлығын  өткен  1917  жыл  жоғалтқан  жыл  болды...  Қысқасын  айтқанда, өткен  1917  жыл  қазаққа  өшкені  жанып, өлгені  тірілгендей  қуанышты  жыл  болды” - деп  шаттана  жазды.  Бірақ, 1917  жылдың  күзінде  Ресейдің  астанасында  басталған  большевиктік  бүлікшілік  көп  ұзамай  қазақ  даласын  да  қамтыды.  Алданған  солдаттар  мен  жұмысшыларға  арқа  сүйеген  большевиктер  алдымен  Түркістан  өлкесінде, кейін  дала  уалаятында  өкімет  билігін  өз  қолдарына  күшпен  тартып  алып, барлық  жерлерде, жергілікті  халықтарға  жат, саяси  мәні  түсініксіз, кеңес  өкіметін  зорлықпен  орната  бастады. Осылай  “Қазақ”  тарихының  жаңа  кезеңі  басталды.Қазан  төңкерісінен  кейінгі, әсіресе  соңғы, 1918  жылғы  “Қазақ”  газетін  большевиктерге  қарсы  ымырасыз, принципті  күресімен  ерекшелінеді  деуге  болады. Газет  большевиктер  партиясы  тарихи  аренаға  шыққан  күннен  бастап  олардың  авантюристік  әрекеттерін, адамзатқа  қарсы  істерін  әшекереледі. Сондықтан  “Қазақ”  газеті  Қазақстанда  кеңестік  тоталитарлық  жүйенің  орнау  тарихының  ең  алғашқы  жүйелі  жазба  деректерінің  бірі  ретінде  ғылым  үшін, тарих  үшін  қымбат. Өз  кезегіндегі  кеңес  үкіметі  де  “Қазаққа”, оның  шығарушыларына қарсы  аяусыз  күрес  жүргізгені  белгілі. Бұл  күрестің  ең  алғашқы  құрбандарының  бірі  “Қазақ”  газеті  болды. Орынборда  кеңес  өкіметінің  орнауына  байланысты  өзінің  бес  жылға  жуық  тарихында  “Қазақ”  бірінші  рет, 1918  жылдың  17  қаңтарындағы,  260  нөмірінен  кейін  шығуын  ұзақ  уақытқа  тоқтатты. Оны  біржола  жабу  туралы  Омбы  атқару  комитетінің  1918  жылы  4  наурызда  Орынбор  совдепіне  берген  телеграммасында:  “Ввиду  того, что  киргизский  орган  партии  Алаш  “Казах”  является  контрреволюционным, открыто  выступает  против  Советской  власти, организуя  Алаш-Орду, просим  немедленно  закрыть  газету” - делінген.Үш  күнге  созылған  соғыстың  нәтижесінде, Орынбор  қаласының, 1918  жылдың 20  маусымында, большевиктерден  азат  етілгеннен  кейін  ғана , шілденің 23,30-да  “Қазақтың”  261,262 , қыркүйектің 5-16-да  263-265-нөмірлері  жарыққа  шықты. “Қазақтың”  өз  жұмысына  қайта  кірісуіне  байланысты, оны  шығарушыларының  және  негізгі  авторларының  бірі  Мадияр  (М. Дулатов)  “Жандарм  үкіметтің  штрафынан, абақты-айдауынан  аман  өткен  “Қазақты”  жауыз  большевиктeр  қанды  қолымен  тоқтатып еді, құдайға  шүкір , бүгін  жарық  дүниеге  қайта  шығып, ардақты  Алашын  тағы  аралап  отыр . Сағынып көрген жұртына “Қазақ” жеті айдан  бері көкірегінде  байланған  шерін  тарқатып, көрген-білгенін  айтқысы  келеді” –дeп жазды.                                                                                      Газеттің соңғы нөмірлерімен  тереңірек танысу  оны  шығарушылардың  келешекке  үлкен  сеніммен  қарағандығын  байқатады. Мысалы, “Қазақтың”  1918  жылғы  16  қаңтардағы  265-нөмірінде  басқарма:  “Январдың  17-нен  бері  большевиктің  кесірінен  “Қазақ”  тоқталып  тұрды.  Енді  газет  жұмысы  реттеліп  келеді. Мезгілінде  шығып  тұрады” - деп, өз  тілшілері  мен  оқырмандарын  газетпен  үзбей  байланыс  жасап  тұруға  шақырды. Бірақ  өмір  басқаша  шешті. Бұл  нөмір  қазақтың  соңғы  нөмірі  болды.                Мерзімді  басылымның  сипатын, оның  қоғамдық-саяси  бағытын  анықтау  және  оны  есепке  алу – оған  деректанулық талдау  жасаудың, одан  алынған  мәліметтерді  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  пайдаланудың  ең  басты  және  міндетті  алғышарты. Ол  үшін, алдымен  нақты  газеттің  не  журналдың  кімнің  қаржысына  немесе  қандай  қаражат  көздерінің  арқасында  шығып  тұрғандығын  анықтау  қажет. Себебі  басылымның  сипаты, бағыт  бағдары  түптеп  келгенде, оның  деректік  маңызы  мен  шынтуайттық  дәрежесі  осы  фактормен  тікелей  байланысты. Сондықтан, бұл  кез  келген  басылымды  тарихи  дерек  ретінде  пайдалану  барысында  ерекше  көңіл  аударатын  принціпті  мәселелердің  бірі.                                      Ал, енді  өзіміздің  негізгі  зерттеу  обьектісі  ретінде  қарастырып  отырған  “Қазақ”  газетіне  келсек, онда  оның  қаражат  көздері  туралы  бүгінге  дейін  үш  түрлі  пікір  айтылып  келгендігін  көреміз. Біріншісі -газетті  қазақтың  қалталы  байлары  бірігіп  ақша  жинап  шығартқан. Сондықтан, ол  өзінің  сипаты  жағынан  “байшыл”  газет  болған. Екіншісі – газет  негізінен  бір  адамның  ақшасына  шыққан.  Сондықтан, ол бір  ғана  әулетке  тән  газет. Үшіншісі – газет  байы  бар  басқасы  бар  жалпы  халықтың  қолдауымен, газетті  жаздырып  алушылардың    алдын  ала  төлеген  ақшасына  және  жарнамадан  түскен  қаражатқа  шығып  тұрған, негізінен  өзін-өзі  қаржыландырып  тұрған  газет. Сондықтан  ол  жалпыұлттық  сипатта  болған  газет. Oсы  пікірлерге  жеке-жеке  тоқталып , қай  пікірдің  шындыққа  жақын  екендігін  қарастырып  көрейік.                                      Газеттің  қаражат  көздерін  арнайы  зерттеген  Қайрат  Сақов  “Қазақ” -өзін -өзі  қаржыландырған  газет”  [33.32.37-б] - деген  мақаласында,  бірінші  пікірді  айтқан  белгілі  жазушы  Сәбит  Мұқанов  екендігін  айтады. Ол  мақалада  жазушының  1932  жылы  шыққан  “ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті”  деген  кітабындағы:  “Қазақ”  газетін  шығару  үшін  қазақ  байлары  7  жыл  дайындық  жасап, 5000  сом  ақша  жинаған. Оны  газет  шығарту  үшін  Смайыл  қажы  Жаманшаловқа  тапсырған. “Қазақ”  сол  ақшаға  шыққан”   - деген  пікірдің  негізсіз  екендігін, ондай  болжамның  сол  кездегі  уақыт  талабына  сай  пайда  болған, тарихи  шындықтан  алыс, саяси  болжам  екендігін  дәлелдейді.                                                          Газет  өмірге  келіп, өз  жұмысын  бастаған  соң  да  үнемі  халықтың  қолдауын  көріп  отырды. Ә. Бөкейханов  екі  жылдан  кейін, газеттің  екіге  толып  үшке  аяқ  басуына  байланысты:  “Тәңірден  соңғы  күшті  халық  қой. Халық  қолдаған  іс  анау-мынаудың  қастығымен  өшпейтінің  көзбен  көріп , қолмен  ұстағандай  болдық...  әуелі  құдайға  сеніп, екінші, құдайдан  соңғы  күшті  халыққа  сүйеніп, “Қазақ”  алдағы  жасына  аяқ  басты. Қайырлы  болсын!” - деп  жазды. Мұнда, “Қазақ”  газетінің  негізгі  сүйенері  халық  екендігі  ашық  айтылған. Олай  болса, газеттің  жалпыхалықтық-ұлттық  сипатта  болуы  заңдылық.  Дегенмен, бір  қолдың  саусақтарымен  санап  шығуға  болатын  жылдар  аралығында  болып  өткен  қоғамдық  құбылыстар  тасқыны  “Қазақ”  газетінің  сипатын  өзгерте  алмағанымен, оның  бағыт  бағдарына , алдына  қойған  міндеттеріне  түбегейлі  өзгерістер  енгізбей  қоймады. Уақыт  газет  шығарушылардан  бұрын-соңды  еш  қазақ  кездесіп  көрмеген  мәселелерді  шешуді  талап  етті. Жер  мәселесінің  қазақ  үшін  өмірлік  маңызы  бар  мәселе  екендігін, 1916  жылы  қазақтан  солдат  алу  мәселесі  газеттің  өзекті  мәселесіне  айналды. Ал, 1917  жылдың  наурызынан  бастап  газеттің  бағыт-бағдары  түбірімен  өзгерді. Енді  ол  Алаш  ұлына:  “Азаттық  таңы  атты. Тілекке  құдай  жеткізді.Күні  кеше  құл  едік, енді  бүгін  теңелдік !” - деп, ұрандап  комитет  құру, съез  шақыру  істеріне  кірісіп  кетті. Басқа  да  Ресей  халықтары  сияқты  құрылтай  жиналысына  көп  үміт  артып, оған  қатысатын  қазақ  депутаттарын  сайлау  жұмысымен  айналысты.  Баспахана  сатып  алып,  келешекке  үлкен  үмітпен  қарады. Бірақ, “Қазақтың”  мұндай  шуақты  күндері  ұзаққа  бармады.  Сол  жылдың  күзінде  Ресейдің  орталығында  орын  алған  қазан  төңкерісі  “Қазақ”  газетінің  бағыт-бағдарына  кезекті  өзгерістер  енгізді. Енді  ол  өзінің  бар  күш  жігерін  большевизмге  қарсы    күреске  арнады.  Олардың  демагогиялық  желауыз  сөздерін  әшкерелеп, ұлтының  көзін  большевиктердің  тарапынан  төнген  қауіпке  жеткізуге  тырысты. “Аттан  Алаш  азаматы !” - деп  ұран  тастап,   қазағына:  “Жауың -    большевик...  Ортақ  жау – большевикке  қарсы  жорыққа  аттану  кеудесінде  жаны, денесінде  бабалары  түріктің  қаны  болған  алаш  азаматына  парыз” - деп,  халықты  қазақ  жеріне  күштеп  орнатыла  бастаған  кеңес  өкіметіне  қарсы  күреске  ұйымдастыру  ісімен  айналысты.                                                                     Міне  осылай, айналасы  бірнеше  жылдың  ішінде  ғана  қоғамда  болған  күрделі  саяси  өзгерістер  “Қазақ”  газетіне  өзінің  бағыт-бағдарына, алдына  қойған  мақсаттарына, Ұлт  мүддесінен  шығып, бірнеше  рет  түбегейлі  өзгерістер  енгізуге  мәжбүр  етті.                                                                  Сонымен, “Қазақ”  газетінің  өзінің  объективті  негізі – қаражат  жағынан  да, атқарған  іс-әрекеттері  жағынан  да  жалпыұлттық  газет  болғандығы, оның  қалыптасқан  әрбір  объективті  тарихи  жағдайдағы, нақты  бағыт-бағдары, алдына  қойған  мақсаттары  ұлт  мүддесінен  туындағаны  анық.                                                                         Қайталанбайтын  деректердің  деректік  маңызы, олардан  алынатын  ақпараттың  ғылыми  құндылығы, сол  деректерді  жасаушы  субъектерге  тікелей  байланысты. Мерзімді  басылымдарда  субъектерге  редакторлар , авторлар, тілшілер  жатады. “Қазақ”  газетінің  бетінде, бес  жылдан  астам  уақытта, жүздеген  авторлардың  мақалалары  жарияланғанымен, оның  бастан  аяқ  негізгі  шығарушылары  және  тұрақты  авторлары  Ахмет  Байтұрсынұлы, Міржақып  Дулатұлы  және  Әлихан  Бөкейхановтар  болды  және  жинаққа  енген  материалдардың  53  процентке  жуығын  жазғандар  да  осылар.                                                                                                                Бүгінгі  күні  - тәуелсіз  Қазақстанның  төл  тарихының  қалыптасу  кезеңінде, өз  бастауымызға  көз  салсақ, А. Байтұрсынұлының  тарих  туралы, әсіресе  тарих  ғылымының  аса  бір  күрделі  саласы, тарихи  деректану  ғылымы  туралы  айтқан  ойлары, пікірлері  өзінің  дәлдігімен, ғылыми  құндылығымен  ерекшеленетіндігін  байқауға  болады.                       Тарих   ғылымының  негізін  тарихи  деректер  құрайтындығын, деректерде  салынған  ақпараттарды  алып, ғылыми  еңбектерде  пайдалану  үшін  тарихи  деректану  ғылымның  қажеттілігін, “Шежіре, заман  хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі  де  тарихтың  жемі  есебіндегі  нәрселер. Тарих  олардың  айтқанының  бәрін  ала  бермейді. Аударып, ақтарып  түрлі  жағынан  қарап, түрлі  мағлұматтармен  салыстырып, сипатталған  мағлұматтарды  ғана  алады” - деп,  қарапайым  ғана  сөздермен, аса  маңызды  ғылыми  проблеманың  шешімін  түсіндіре  білді.            “Қазақ”  газетінің  авторларының  жалпы  саны  200-ден  асады. Тек  жинақта  келтірілген  “Ашылмаған  бүркеншік  есімдер” - деген  тізімде  109  “Қазақ” авторларының  әлі  ғылымға  белгісіз бүркеншік  аттары көрсетілген. Солардың  бірі  мазмұндылығымен , ұлттық  мерзімді  басылым  беттерінде  көтерген  мәселелерінің  маңыздылығымен, өзіне  еріксіз  көңіл  аудартқан  мақала  жазған, “Қазақ”  газетінің  2-ші  нөмірінен  бастап  бірнеше  нөмірлерінде (№№ 3,5,7,9) Қазақтың  тарихы” - деген  көлемді  де  қызықты, танымдық  маңызы  жоғары  мақала  жариялаған  “Түрік  баласы”.                         “Қазақ”  газеті  халықтың  рухани  және  ақшалай  қолдануымен  шыққан, ұлттық  сипаттағы  бейресми  басылым. Оның  негізін  қалаушылар  және  негізгі  авторлар  А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, М. Дулатов  және  басқалар  болды.                                              

 

ҚАЗАҚ. 1913.1.2 ФЕВРАЛЬ

 

Мінекей, қалың қазақ қара тура!

Бұл кім? деп жатырқама  түрін көре.

Жас Қазақжаңа талап, жарық ойлы,

Келіп тұр, қол қусырып сәлем беріп.

 

Алыстан іздеп келген бауырлардың!

Халіннің сырттан көріп ауырларын,

Жеңілту жайын соның кеңесуге,

Қазақтың бас қостырмақ қауымдарын.

 

Жылына бір-ақ тоқты сыбағасы,

Ол жейтін бір-біріңнен қонағасы,

Атақ та, данықта да бөтендік жоқ,

Білгенге бұл да Алаштың шын баласы.

 

 

Құрметті оқушылар!

 

Заманына қарай амалыдеген сөз бар. Мұның мағынасы: заманының түріне қарап іс істер. Төңірекке қарасақ түнерген - түнерген  бұлттар көрінеді. Түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көтеріп, несібемізді молайтар ма? Болмаса дауыл боп соғып, үйімізді жығып, үй ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып қамсыз жатқан халықпыз. Күннің не боларына көзіміз жетіп тұр? Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де, үйлеріміз құламай, үй ішіміз шашылмай қалуына амал ету керек емес пе? Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі - газета. Халыққа газетаның керегі қандай екендігін айтып өткеніміз ұнамсыз болмас.

     Әуелі, газета - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа газетасы бар жұрттардың қасында, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын  есту жоқ, өз пікірін айту жоқ. Бүтін дүние жүзіндегі халықтар телеграмм, телефон, пошталардың ортасында, бір-бірімен хабарласып, газета арқылы жұртқа қарап, бір уйдегі адамдай сөйлесіп отыр; дүниеде болып  жатқан істер, айтылып жатқан сөздер- кімге пайдалыдығын, зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, зарарлысынан сақтанып тұрады.

  Екінші, газета жұрттың әулет басына қызмет ететіе нәрсе. Олай болатын мәнісі: жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдры газета арқылы халықтың алдына түсіп жол көрсетіп, жөн сілтеп басшылық етіп тұрады.

   Үшінші газета - халыққа білім таратушы, олай дейтініміз газетадан жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірті-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, істе жеттікпекші.

    Төртінші, газета халықтың даушысы. Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газета арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады.

   Халыққа газетаның осындай пайдалы қызметтері бар екендігін білген жұрттар газетаны киетін киімі, ішетін тамағы, үстіндегі үйінен соңғы керек нәрсеге санайды. Газетаның пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газета, журналдары көп.Оны мынадан байқауға болады.

   1909 жылғы санаққа қарағанда, Америкада шығатын газета һәм журналдың есімі - 12345, Францияда - 8940, Германияда -8000, Италияда - 3120, Русияда - 2058 екен. Ең білімді өнерлі халық Америка,сол Америкада газета мен журнал бәрінен де көп. Америкада "Сон" деген газетаның үйі 23 қабат, биіктігі 61 сажен. Ондай үцдің бағасы әлденеше миллион боларға керек. Неге десең ол үй тұрған қалада үй орнының жері ғана 2-3  миллион сом тұрады.

     Газетаны жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газета керек нәрсе екенін көрсетеді.

      1907жылғы сынаққа қарасақ, Русияда сол жылы 2173 есімді газета һәм журналдар шыққан екен. Оның  1396-сы орыс тілінде, 867-сі басқа тілдес. Сол 867-нің ішінде біздің татар қандастарымыздың 30 шамалы газета, журналдары болды. Бізде біреуде болмады. Онан бері бес жыл өтті. Сол бес жылдың ішінде газета,журналдардың саны саны бұрынғыдан да өсті. Бізде құр қалғанымыз жоқ: “Айқап” журналы шықты. Ол бұрынғыдан гөрі жақсырақ болса, ілгері басқанымыздың белгісі.Бірақ бір адым басып, соныменен тұрып қалсақ, онымен алысқа ұзай алмаймыз. Ілгері басқанның үстіне ілгері басарқа керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар төрден орын алып жатыр.Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық. Басқалар төрге қалай бара жатқанын қарап, бізде солардың істегенінің істейік.

   Басқалардың заманға қарай етіп жатқан амалын көруімізге газета- журналдар керек."Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар" деген нақыл бар. Бұзуға құдыреті келетін сөздің, түзуҚАЗАҚ. 1913.1.2 ФЕВРАЛЬ

ге құдыреті келеді. Сөз - қару, бұны бұзуға жұмсасақ, бұзады, түзуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзуге жұмсай бастаған жұрттың өзі түзуге бет алғанын көріп тұрамыз. Алыстан іздемей, жақыннан- ақ алайық. Күні кеше өзімізбен шамалас, қатар халық татар қандастарымыз, сөзін жұртты түзеуге жұмсай бастаған еді, түзеліп ілгері зарығып бара жатыр. Орысша оқығаннан басқа, жастарыңды оқытып, көздеріңді ашып отырған татар.

    Бұл- татардың бізден ілгері кеткендігі. Олар бізден емес, біз олардан үйреніп жатқанымыз білім дәрежесінде біздің төмендігімізді көрсетті.

    Ал, Алаштың азаматтары! Ақсақ қойдай басқадан кейін қалғанымыз ба? Жоқ, қалмас амалын іздеп қамданамыз ба? Қалмаймыз десең, қарап жатпалық. Көп істе көп болып жабылайық! Саңлаулы, саналы халық азаматтары көмек етіп, күш қосып демер деген үміт зор. Қолымнан не келеді деп қоыңбандар! Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылғандай, Көп жұмыстың ішінде ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Һәркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын! Аз нарсе көпке себеп болмақшы. Сол демеу, зорға суйеу болады.Ұлығ іс ұсақтаг ұлғаяды. Кірпіш зор емес, қаласаң қандай зор үй шығады. Шөпшектеп жиып, шөмеледей илеу істейтін құмырсқаны көрмейміз бе? Ұлығ іс ұзақ істен құралып, зор болатындығын осылардан аңғаруға болады.

    Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін "Қазақ" қойдық. Ұлт үшін деген ұранымыздың ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемің десендер, азаматтар тура жолдың бірі осы. Жол ұзақ, өмір қысқа, қолдан келгенін өмір жеткеніненше істеп кетелік. Малша оттап асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанғына мәз болып, мал өліміне күлмейік.

     Миллет халін ойымызға алып, қызмет етуді мойнымызға алып, талаптанған бір ісіміз. Құдай сәтін салғай, "әмин" деп қол жайып, "әуп" деп күш қосып, "Алла" деп іске кіріселік.

 

   Бас шығарушы : Ахмет Байтұрсынов

   Бастырушы: Мұстафа Оразаев

 

 

ҚАЗАҚ. 1913.1.2 ФЕВРАЛЬ

 

Оренбург, 10 феурал

"Қазақ"- тың бастапқы нөмірінде төңіректе түнерген бұлттар көрінеді дедік. Ол айтқанымыз түнеріп шыққан бұлт секілді "Мынау қалай болар" деп кісіге ой түсіретін нәрселер еді. Отбасының уайымын қойып, жұрт басының қайғысын ойласақ, ой түсіретін нәрселер һәм тараптан көрінеді.Қалыпты шаруамыз өзгеріліп, қалпымыз да өзгерілмей тұр. Қалпымыз өзгеленсе қалай болатынымыз белгісіз, іргеміз тұтас ыдырамай, бірыңғай жатқан халық едік. Енді арамызға бөтендер келіп кірісейн деп тұр.

    Бөтендер кіріскенде халіміз қандай болар? Тарих жолына қарағанда келімсек жұрт күшті болса, тұрғын жұрт аяқ асты болып, азып- тозып жоғалмақшы. Тұрғын жұрт күшті болса, келіисек жұрт сіңіп тұрғың жұрттың торына түсіп, бөтендігі жоғалмақшы. Екеуі де тең болса, бір- бірінен кем болмай қатар тұрып күнелтіп, һәр қайсысы өз алдында ұлт болып тұрмақ.

    Қазақ енді бірыңғай, іргесі тұтас қалпында, бұд күйінде тұра алмайды. Егін шығатын жерге егіншілер келіп орнап жатыр, мал бағатын жерге мал өсірушілерді алып келіп орналастырмақшы, балығы бар жерге балықшылардың қондырмақшы. Қысқасы, ол жолмен болсын қазақ арасына бөтен жұрттар кірейн деп тұр.

  Істің бәрі жалғыз- ақ тамақ асырап  күн көруге қалса, өз бетінен күн көре алмаса, өзге жұрттың есігінде жүріп, малайлықпен тамақ асырап, қазақ тіршілік етер еді ғой. Біз қазақ тіршілігін ойланып, қалай болар деп қам қылатын тіршілігіміз ол тіршілік емес. Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға шейін тұтас тұрған халық едік. Арамызға һәр түрлі жұрт кіріскенде, солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра алармыз ба? Осы- бізді төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бұзатын нәрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі бар жұрттар ғана тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұртың ұлттығы һеш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы -тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміз, дін де сақтау қамын қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда һәм мұнан былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып, жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы халінде болса, тіліміздің азып, жоғалуы да анық. Қазақтың балалары қалай оқып жүр? Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. Шаһарда оқыса иә сарт, иә ноғай медреселерінде оқиды. Орыс оқуында оқитын орысша кітап үйрену, орысша жазу. Қазақша көбі оқып та, жаза да білмейді. Мұсылман медіреселерінде оқығандардың естігені әдеби тілмен жазған кітап, жазғанда да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. Ол әдеби тіл деген қандай тіл. Неғұрлым араби, парси сөздері көп қосылса, неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, хатта тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым әдебилірек болады деп тұтынған жолдан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз әдеби тілмен сөйлейміз, әдеби тілмен жазамыз, қазақша жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілмен жазуға ұялады, қорынады. Орысша оқығандарымыз қазақ тілімен пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, орысша жазғанымыз оңай дейді. Қысқасы, орысша мұсылманша оқығандарымыз қазақ тілімен жазуға қорынып, біреуі орысша жазады, біреуі әдеби тілмен жазады. 

     Бұлардың өз тілінен қорынып, жерінентін себебі не? Менің ойлауымша, бұл әдеттенуден, біреуі орысша оқып, бірі әдеби тілмен оқып, қазақша жазу әдетінде болмағандық. Әдетте жоқ нәрсе қалыптан тысқары болып, басында ерсі көрінеді. Қазақ тілімен жазу әдетінде болмаған соң орысша һәм мұсылманша оқығандарымыз қорынады. Бір-бірінен жазған хаттарында қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды емес. Бірақ қазақ балаларын аталары осы күнге оқытуына қарағанда "Бұл неге солай ?!" деп ғажаптанар да іс емес. Сегіз - тоғыз жасынан оқуға түссе,оқыған тілі басқа болса, жазғанда сол кітаптардан үлгі алып жазса, олар қайдан қазақша жазуға әдеттенер? Мұнан бұлай да осы бетімізбен жүре берсек, ықтисадта қазақ тілі азып - тозып, бірте- бірте тұтынудан шығып, әуелі қазақша жазу ұят көрінер, сонан соғ қазақша сөйлеу ұят көрінер, онан әрі не болары белгілі. Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы бастан істің бетін тура жіберу үшін анықтап ашатын нәрсе мынау: Қазақ тілін сақтау керек пе? Болмаса орысша болсын, басқаша болсын сөйлесуге жараған соң бәрі тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала берсің дейміз бе? Біздің газетамыздың таңбасы "Қазақ" иәғни қазақтығымызды сақтау. Қазақтық, әрине, аты мен тілі жоғалмаса сақталады. Бұл айтқанымыз орысша иә басқаша оқымасын деген емес, орысша тілді де білу керек, бірақ өз тілінен жиренбесеке керек деген сөз. Тұтынбаған нәрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып орыс яки әдеби тілді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп һешкім айта алмас. Орысша білудің де, әдеби тілді білудің де орындары бар: біздің қарауымызша оларды өз орындарына жұмсау тиіс. Ақырында айтатынымыз: әдеби тілді сүйетін бауырларымызға газетті қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен, жерден алыс кете алмаспыз, артылдық дегенмен, елден алыс кете алмаспыз.

 

Медреседен оқып шыққан шәкірттерде не болашақ?

 

Осы күнде шаһар медреселерінде бір сыпыра оқып жүрген қазақ баласы бар. Қазақ баласына медреседе не оқуға керек,  не білуге керек екендігі  һешкім тарапынан белгіленген жоқ. Бірақ шәкірттеріміз медресеге барады, "оқы" деп берген сабақты оқып, қайтып келеді.

    Медреседе не оқуға керек екендігін қайдан біледі, оны кім белгілейді? Менің ойымша, медреседегі дәрістер, оқып шыққан шәкірттердің істейтін іс те қарап белгілетуге тиіс. Енді байқап жүрсек, біздің медреселерден шыққан шәкірттеріміз доктор бола алмайды. Енді не болады? Жалғыз- ақ мұғалім бола алады, молда болып, бала оқыта алады. Бір шәкірт медреседегі дәрістерді "қатым қылып" еліне қайтқан соң, ол аймағының баласын жинап алып, сабақ оқытып, сол әдетпенен ғана тамағын тойдырмаса, онан өзгеге шамасы келмейді. Ол шәкіртке сонан басқа орында жоқ,сонан өзге қызмет қылу оның қолынан да келмейді.Бұлай болған сщң енді медреседе не біліп шыгу керек? Біздің шәкірттер үшін медреседе біліп шығуға керек   болған нәрселер:педагогика (усул тағлим  және тәрбие ),өз еліміздің (түрік елінің) тарихы һәм қазақша бек әйбәт оқи, жаза білу, орысшаны да таза білу.

   Бұл жазған сөздер менің тәтті қиялымнан шыққан емес. Мен бұл сөздерді ел арасында алған тәжірибемнен жазамын. Қазір қай елде болса да  оқып қайтқан шәкірттен жұрттың сұрайтыны мынау: "Төте оқуменен оқыта білесің бе?"  Үш айда балаларымызға хат танытасыңба? "Орысша білесің бе?" деп сұрайды.

   Шәкірттеріміздің дертпен оқып жүрген хисаб,химиа,фәлсәфа секілді пәндердің де керегі бар шығар.Бірақ елде оны аз сұрайды.Әсіресе үш айда қазақша таныту менен орысша білгенді көбірек сұрайды. Уфада "Ғалие", Орынборда "Хұсейние" Троицкіде "Расулие" медресесіндегі шәкірттерге не айтамыз?

   Дүниенің қалпын аңдағандай парасат өздерің де жоқ деп білмейміз. Елдің оңды тәрбиешіге,көсем басшыға мұқтаж екенін өздері білсе керек . "Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды " деген, Әмма Семей, Қарғалы, Орск, Қостанай, Қызылжар медреселеріндегі он мыңнан артық шәкірттерге айтатынымыз мынау: "Сіздің медреседе оқылған ғақаид, шарх мулда, психология, шамсие, жамиғ аррумуз секілді сапсатының елге де, өздеріңе де, дүние  һәм ақыретке керегі жоқ. Сол айтылған кітаптарды оқып әзиз өміріңде далаға жібермей,өзіңізге һәм ел-жұртыңызға пайдасы тиетін оқу оқыңыз.

 

 

                                                         Ахмет Жанталин (Керейбалта)

 

 

 

 

                                          Соғыс жайынан

Газетамыздың 2 феуралда шыққан 1-нші нөмірінде Түркия менен Балқан хүкіметтері арасында болып жатқан соғыстың жайынан мағлұмат беріп едік. Соғыстың басталғанынан бері қандай қандай уақиғалар болғаның сөйлеп едік. Түркияда жас түрік          партиясы қарт түрік партиясын іс басынан қуып, хүкімет ісін өз қолдарына алғандығын айтып едік. Жас түрік партиясы істі өз қолына алуменен соғыстың түрі екінші қалыпқа түскендігін көрсетіп едік. Түркияда жас түрік партиясы істі өз қолына алуменен соғыстың түрі екінші қалыпқа түскендігін көрсетіп едік. Түркияда жас түрік партиясын іс басынан қуып, хүкімет ісін өз қолдарына алғандығы айтып едік. Жас түрік партиясы істі қол өз қолына алуменен соғыстың түрі екінші қалыпқа түскендігін көрсетіп едік. Енді сонан бері бір жеті ішінде қандай өзгеріс болғандығын айталық. Қазір соғыс төрт орында боа тұр: 1) Едірне шаһары (АДРИАНОПОЛ) жаңында бітім болмай соғыстың жаңадан басталуы Едірне шаһарын алу үшін еді. Сондықтан соғыстың қатты жері Едірнеде болуға тиіс. Едірнені қамаған дұшпан ( болғар) әскері 60 мың шамасында. Қамауда жатқан түрік әскері 30 мыңнан артық емес дейді. Болғарлар соңғы соғысты бастағанда Түркияның халін нашарға санап, Едірне ішіндегі әскерді жүдегенге шамалап, Едірнені тез ғана ала қоюға ойы бар еді. Болғарлар бар күштерін салып ұмтылса да, Едірне болмай тұр. Едірнені қамаған болғар әскерінің қырылуы шамадан тыс дейді. Бұл күнге дейін тию дұшпан жағынан болып, түріктер жалғыз- ақ қарсы тұрушы еді. Енді түріктер өздері шаһардан шығып болғарға тие бастады. Мәселен, 29-ншы ғинуарда түрік әскері шаһардан шығып, болғарлардың көп әскерін қырыпты. Едірне шаһары 4 жақтан дұшпан әскеріменен  қамаулы болып, Түркия хүкіметі әсер үшін азық, соғыс құралы, қару жарақ кіргізе алмай тұр. Сөйтсе де Түркиядағы азық һәм құрал және екә айға жетерлік жетеді.

     Соғыстың екінші орны Стамбұлдан түстік жерде Шаталжа һәм Гелиблу маңайында. Түрік әскері Шаталжада 160 мың, Гелибелуде 50 мың бар. Дұшпан әскері де сол шамада дейді.

      Бұл соғыс басталғаннан бері Шаталжада түріктер жеңілген жоқ және бәр адым кейінге шегінген жоқ. Һәр күн болғарларды қамалдарынан қуып шығып, аз да болса ілгері аттап бара жатыр. Шаталжада зор соғыс болған жоқ. Бірін- бірі аңдысып тұр. Түріктер Гелибелу жағынан ілгері жүре беріп, болғар әскерінің артын орап алуға ойы бар дейді. Бұл пландары әске асса, Едірнені де құтқаруға мүмкіндік болады.

 

     РАМАЗАН АЙЫ ЖАҚЫНДАҒАН ТАҚЫРЫПТЫ

 

Жыл он екі айдың ішіндегі ең қадірлі, ең артық һәм еңқұрметті айы болған рамазан айы жақындау себепті әркімніңаузына «Ораза болып қалды» деген сөздер кіре бастады. Бұлайдағы қылған құлшылық, істелген істердің «О дүниедегі сауабы сондай болатынын» қоя тұрып, біз мұның артықшылығын

өзімізше һәм замана, адамшылық, ұлтшылық істері жағынанқарап, біраз тексеріп өтейік.

Ораза деген атынан-ақ басқа жақтары халықтың өздеріне де белгілі болар.

Біз бұл орында ол ретін жазбай-ақ өтуді лайық көрдік. Жалғыз-ақ рамазан айы әр жердегі халықтардың бастарын қосып, бір-бірінің халдерімен танысуға, пақырлардың халдерін ескеріп, оларға жәрдем беруге жұртқа теңдік-құрдастық, ынтымақ-бірлік, саулық-тазалық һәм құлшылық-құдайшылық сияқты істерді үйретуде басқа айлардан гөрі көп артық. Сондықтан халық қасында басқа айларға қарағанда мұның қадір, құрметі де зор. Тек біз бұл орында, біздің халық осындай қадірлі, қымбат айды немен өткізбек? Құдайшылық, құрдастық істерінде нендей іс көрсетпек болғанда ондай көңілдің жіңішке жерінен шыққан қадірлі қызметтерін кімге көрсетпек һәм кімге бермек деген сауалды шешумен ғана тоқтаймыз. Мұны бізге баяндаудағы мақсат: рамазан айы кіргенде бүгін ислам дініндегі халық, оның ішінде әсіресе біздің қазақ, бұл айды артықша шат көңілмен өткізуге тырысады.

Маңдайының терін төгіп тапқан малдары зекетке толса, зекетке шығарған малын, пітір-уәжіп садақаларын молдаға беріп, жарықтықтардың батасын алу, оларды басқа айлардағы істерінен гөрі артықша құрмет ету һәм өздерінше пақырлардың халдерін қайғырып, олардың тұрмыстарына өздерінің садақаларымен жеңілдік беру бар. Оның үстіне опат болған жақынын, туғандарын осы айда ескеру бар. Бұлары қарындастық ретімен қарағанда өте қолайлы істерден. Бірақ түптеп тесе қарап тексеріп келсек, зекет, пітір һәм басқа уәжіпсадақалардың берілетін кісілері жалғыз молдалар ғана болмаса, тақыр, қойшы-қолаң көрші, яки бірер шәкірт, мұғалімдер ғана

болып шығады. Пақыр, мұқтаж жалғыз бұлар ғана емес, өзіне-өзі жетпей, қысқа жіп күрмеуіне келмей мұң-мұқтажы көп,ұлттығын сақтау үшін тіршілік ретіндегі ғылымға сусаған халықпақыр, мұқтаж. Пақырлық, мұқтаждық деген нәрселер шаруамінез, күн көру турасында адам баласының ділгірлікке түсіпдағдарып тұруынан ғибрат. Бұл дағдарыс бір кісінің, бұрып

айтқанда бірер молданың басында ғана емес, бүтін халықтың– ұлттың басында. Әсіресе біздің қазақ сияқты білім-өнерденқұралақан, оны берерлік білім жұрттарынан да бос тұрған,оқушылары аз, болғандарының қалтасы жоқ болған халық болады. Мұндай пақыр халықтың оқу-білім жұрттарын көбейтугетырысып, оқушыларын арттырып мұқтаждығын шығаруғақызмет еткен кісілер, байлар құдайшылық, адамшылық істерінекі дүниеде де өтеген зор сауапты болады.

Құран кәрімдегі баян етілген садақа орындары да осынегіздерге құрылып айтылған:

1) Құрандағы айтылған «пақыр» деген сөздің мағынасы біркісінің, болмаса көптің мұқтаждығын шығару деген сөз. Бұғанұлт мұқтаждығы да кіреді. Мұны шығарамын деген ұлтқа не керек? Сол керегін жетілдіру үшін Алла тағала «садақаларыңдымұқтаж болған адамдарға беріңдер» деп көптің қамын ойға салып айтқан.

2) «Ибн Ассубилге» беріңдер деген бізше жол баласы. Бұған мұқтаждық халдегі жолаушылар мен нақықсыз туған балалар(бұл бізде жоқ), шаһарлы жерлерде көп болады, анасы, асыраушысы болмағандықтан тапқан баласын көшеге тастап кетуреті кіреді. Бұлай туған балаларды да тәрбие етуді жұрт үстінеміндеті қылып артқан. Бұл ұлттың мұқтаждығын көздеудеақылды негізбен құрылған бір жол. Сондықтан бұл реттенқарағанда да садақалардың ұлт мұқтаждығын шығару үшінқойылынған жұрттарға ұсталынатындығын көрсетеді.

3) «Фи субил-аллаға» беріңдер деген. Бұған оқу жолындағыбарша шәкірттер мен ұлт мұқтаждығын өтейтін орындаркіреді.

Бұл үшінші орында жоғарғы айтылған екі орыннан гөрісадақаларды халық мұқтаждығына жұмсау да ашығырақ баянетілген.

4) «Уа алғараминге» беріңдер деген. Бұл бұрыш басып сасыптұрған адам. Бұған садақа беріп көтеріп жіберуде де зор мағынабар. Қысқасы, қалай ойласақ та садақаларды Алла тағала адамбаласын ділгірліктен шығару үшін беруге бұйырған. Халық тасол ділгірліктегінің бірі.

Бесінше реттен көрсетіп, мұны да айтып өтейік. Алла тағалаҚұран кәрімде пайдалы орынға өздерінің сүйген нәрселеріңмен малыңды шығармай тұрып ізгілік, жақсылық деген нәрсегежетісе алмайсыңдар деп бүтін адам баласын шын көңілмен ұлтісіне қызмет етуге қызықтырады. Егер ұлт ісінің керегі болмаса, ол ұлт ісіне мұндай уәжіп һәм зекет сияқты садақаларды еңсүйген малыңнан беріңдер деп қызықтырмас еді.

Мұнан көрініп тұр: сүйген малыңнан садақа шығару біркісіге ғана емес, бүтін ұлт ісі екендігі. Әр нешік мұндай парыз,уәжіп-садақалар бір кісінің пайдасына ғана емес, бүтін ұлтпайдасына беріледі. Ол ұлт пайдасы мектеп, медресе сияқтыжұрттар салып, бала оқыту секілді істерде табылады.

Енді біздің халықтағы құдайы садақалардың көбі осықұрметті рамазан айында өтелінуге ыждиһат етілінетінболғандықтан, біз рамазан айы жақындау тақырыпты мұндайреттерді баяндап, халқымызға ұсынуды өзімізге лайық көрдік. Міне, халық, садақа берілінетін орындар осы айтылған негізді жолмен болады. Ендігі іс өздеріңде. Әшірдікі де осы айтылғанорындар. Менің бұл жазған сөздерім 176 нөмір «Қазақтағы»жазылған Жиенғали мырзаның өтінішіне жауап болса керек.

Әлихан Бөкейхан

«Қазақ» газеті, 1916 жыл.Мәскеу қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Айқап”  журналы  және  “Қазақстан”  газеті                                                       

         Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді. Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап”, шықса, наурызынан  бастап  “Қазақстан” газеті  шыға  бастады.  Бұл  басылымдар  туралы  кеңестік  тарихнамада  біршама  айтылды. Дегенмен  олардың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін, олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтау  үшін, жалпы  газет-журналдардың  пайда  болуының  алғышаттары, тарихи  жағдайларымен  қатар, нақты  басылымның  дүниеге  келу  тарихын  зерттеудің  де  маңызы  үлкен. Мысалы, “Айқап”  туралы  айтсақ, оның  әрі  шығарушысы, әрі  редакторы, әрі  негізгі  авторларының  бірі  Мұхаметжан  Сералиннің  ұзақ  жылдарға  созылған  ізденістері  туралы  да  айтуға  тиіспіз.                                       М. Сералиннің  1906  жылдан  бастап  газет  шығармақ  болған  бірнеше  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды.  Тек,  1911  жылдың  басына  қарай  ғана  журнал  шығару  мүмкін  болды. М. Сералинің  өз  ұлтының  тарихындағы  ана  тілінде  бірінші  рет  журнал  шығару  сияқты  үлкен  іске жалғыз  кіріскендігін  оның  замандастары  да  растайды.                                  “Алты  миллиондай  халықтың  ортасында  бір  журналдың  яки  бір  газеттің  жоқтығы”  М. Сералинді  тәуекелге  бел  байлап, журнал  шығаруды  жалғыз  бастауға  итермелеген.  Әрине, ол  М.Сералинге  журнал  шығаруына  және  оны  үзбей  шығарып  тұруына  мүлдем  ешкім  көмектескен  жоқ  деген  сөз  емес. Жақсы  істің  басталуына, оның  іске  асуына  әрдайым  тілектестер  мен  мүмкіндігінше  көмек  көрсететіндер  табылатындығы  сияқты, М. Сералинге  де  тілектес  болып, оған  қол  ұшын  бергендер  болды. Журнaл  шығысымен  халық  оны  жылы  қабылдады. Жан-жақты  көмек  көрсетті. Көптеген  адамдар  журналдың  үзбей  шығып  тұруына  өз  үлестерін  қосты.Журналдың  шығуына  бір  жыл  толуына  арналған  мақаласында  М.Сералин: “Сөз  соңында  жыл  бойынша  журналдың  тоқтамай  шығуына  себеп  болған  мырзаларға  “Алла  риза  болсын”  айтпай  қала  алмадық.Әуелі, мәтбуға  қожасы  Сосновскийге  арзан  бағамен  журналымызды  басып  һәм  білген  мәслихаттарын  айтып  жәрдемдескеніне.  Екіншіден, Тәңірберген  Тұрысбеков, Сәдуақас  Шорманов, Ғабділрахман  Жүсіпов ...  жәрдем  еткен  үміт  иелеріне. Үшінші, бір  жылдан  бері  тынбай  сөз  жазып  келе  жатқан  шәкірттерге”  - деп  жазды. Бұл  жолдардан  М. Сералиннің  “Айқап”  журналын  шығарып  тұруға  көмектескендердің  ішінен  бірінші етіп  Сосновскийді  атағандығын  көреміз. 1907  жылы  шыққан  “Қазақ  газетін”  шығарушы  да  Х. Сосновский  болғандығы  белгілі. Олай  болса  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  бейресми  газет  пен  журналдың  шығуына  көмектескен  Х. Сосновский  кім ? – деген  сұрақтың  туары  заңды. Хаим  Шулевич  Сосновский,  ұлты  еврей. Троицкі  қаласының  мещаны. Алты  жылдан  астам  Троицкіде  шығып  тұрған  “Степь”  газетінің  редакторы  болған. Сол  қаладағы  “Энергия”  баспаханасының  иесі.                                                                                  Кеңестік  тарихнамада  айтылғандай, журналдың  өзімен  қатар  шығып  тұрған  “Қазақ”  газетінен  басты  айырмашылығы  таптық  идеялық  позицияларында  емес, олардың  қаржылық  негіздерінің  екі  түрлі  құрылуында, қаржы  көздерін  екі  түрлі  іздестірілуінде  болды. Басқаша  айтсақ, басылымдарды  қаржыландырудың  уақыт  талабына  сай  нарықтық  негізде  жүргізілуінде, немесе, керісінше  уақыт  талабына  сай  жүргізе  алмауында  болды.                                                                                                        ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  алдында  тұрған  мәселелерді  ұлттық  деңгейде  көтеріп, ұлттық  көлемде  қоя  білген, сондықтан  ұлттық  басылым  деген  ұғымға  толық  сай  келетін  екі  басылымның  бірінің  әлемдік  соғыстың  басталуына  байланысты  туындаған  қиыншылық  қыспағына  шыдай  алмай  өз  шығуын  тоқтатуы, екіншісінің, сол  қиыншылыққа  қарамастан  шығуын  жалғастыруы  қайсысының  дұрыс  жол  таңдай  білгендігін  көрсетіп  берді.                                                                         “Айқап”  журналы  М.Сералиннің  бастамасымен  соның  ерлікке  тең  еңбегінің  арқасында  және  соның  қаражатына  1911  жылдың  10  қаңтарынан  бастап  Троицкі  қаласында  Х. Сосновскийдің  “Энергия”  баспаханасында  шыға  бастаған. Көлемі  4-5  баспа  табақ, таралымы  900-1000  дана. 1915  жылдың  қыркүйегіне  дейін  барлығы 88  саны  жарық  көрген.  Кей  жылдары  12-14, кей  жылдары  24  нөмірге  дейін  шыққан. Тұңғыш  журналдың  неліктен  “Айқап”  атануы  туралы  М. Сералин: “Біздің  қазақтың  неше  жерде  “қап”  деп  қапы  қалған  істері  көп. “Қап”  дегізген  қапияда  өткен  істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  да  өкінішімізге ылайықтап  “Айқап”  болды” - дейді. Журналға  келіп  түскен  хаттарға  қарағанда  ол  қазіргі  Қазақстан, Қырғызстан  территориясына  түгел  дерлік  және  Ресейдің  біраз  бөлігіне  тараған.                                                      “Айқап”  журналын  дерек  көзі  ретінде  талдауда, ондағы  мәліметтерді  тарих  дерегі  ретінде  қарастыруда  Ү. Субханбердина  дайындаған  “Айқап”  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  алар  орны  ерекше    екендігін  айтуымыз  керек. Ә. Марғұланның  сөзімен  айтсақ, көрсеткіш: “Революцияға  дейінгі  мерзімді  басылымның  мазмұнымен  танысып, бай  да  ерекше  деректер  әлеміне  енуге  көмектеседі”.                                                        Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол                                  Ү. Субханбердинаның  осы  салада  жарияланған  алғашқы  еңбегі  еді. Бір  қызығы, егер  журнал  патша  өкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  қатал  бақылауымен  шыққан  болса, оның  тура  жарты  ғасырдан  соң  жарияланған  библиографиялық  көрсеткіші  кеңес  өкіметінің  одан  да  қатал  бақылауымен  шыққан.  Осылай  журнал  мен  оның  көрсеткішінің  арасында  өзіндік  тарихи  сабақтастық  пайда  болды. Егер, журнал  авторларды  кезінде  өз  ойларын  мақалаларында  ашып  айта  алмай  қиналса, көрсеткіште  сол  авторлардың  біразының  атын  да  атауға  тыйым  салынды.                                                                                                                             1999  жылы  шыққан  “Қазақ  халқының  атамұраларында”, “Айқап” бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлардың” библиографиялық  көрсеткіштерінің  толықтырылып  екінші  рет  басылуына  байланысты  Ү.Субханбердина: “1961, 1963   жылдары  “Айқап”  журналы  мен  “Түркістан  уалаятының  газеті”, “Дала  уалаятының  газеті”,  “Қазақстан”  газетінің  бетінде  басылған  материалдарының  мазмұндалған  библиографиясы  басылып  шыққан  болатын.  Бірақ  өкінішке  орай, ол  көрсеткіштерде  Байтұрсынов  Ахмет, Бөкейханов  Әлихан,  Дулатов  Міржақып, Аймауытов  Жүсіпбек, Жұмабаев  Мағжан, Құдайбердиев  Шәкәрім, Қарашев  Ғұмар,  Ақпаев  Жақып, Баржақсин  Ахмет, Жанайдаров  Мейрам, Жұбанов  Құдайберген , Досмұхаметов  Халел , Ермеков  Әлмұхан , Қоңыратбаев  Қалжан, Мәрсеков  Райымжан, Сейтов  Асылбек, Тынышбаев  Мұхаметжан, Шоқаев  Мұстафа  т.б.  жазған  ең  құнды  материалдары  қысқартылып  берілген  едi”, - дейді [28.834-б].                                                  Ұлттық  бейресми  басылымдар  арасынан  Қазақстан  тарихнамасында  жиі  айтылған  басылымдардың  бірі – “Қазақстан”   газеті. М.Ысмағұловтың,  Х.Бекхожиннің,Е.Нығметовтың,Қ.Аллаберген,Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразайдың   т.б.  еңбектерінде  “Қазақстан”  газетінің  шығу  тарихы, авторлары, көтерген  мәселелері  т.б.  туралы  біршама  айтылған. Дегенмен  газет  туралы  жазған  әр  түрлі  әдебиеттерді  бір-бірімен  салыстыру  газет  тарихына  қатысты  кейбір  мәліметтерді  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр. Осындай  әр  жылдары  шыққан  еңбектерде  әр  түрлі  айтылып  жүрген  мәліметтердің  бірі  “Қазақстан”  газетінің  шыққан  жалпы  саны  туралы  мәлімет.                          Мысалы, зерттеушілер  М. С. Бурабаев  пен  О. А. Сегізбаев  ұлттық  бейресми  басылымдар  арасындағы  өзіндік  орны  бар  “Қазақстан”  газетінің  15  саны  шыққан  десе, З. Тұрарбеков  газеттің  қазақ  және  орыс  тілдерінде  шыққан  сандарын  қосып  36  рет  жарық  көрген  дейді.  Бұл, әрине, шындыққа  ешқандай  сай  келмейді. Себебі, газеттің  орыс  тіліндегі  беттері  жеке  нөмір  ретінде  емес, қазақшасына  қосымша  ретінде  беріліп  отырған. Сондықтан  оларды  жеке  нөмірге  санау  дұрыс  емес.“Қазақстан”  газетінің  қай  жылы  қанша  нөмірі  шыққандығы  туралы  Е.Нығметов:  “Қазақстан”  газетінің  1,2  нөмірлері  1911  жылы  март, май  айларында  Орда  қаласында  жарыққа  шықты. Сонан  кейін  осы  жылы  редакциясы  Орал  қаласына  көшті  де, Оралда  газет  нөмірін  қайтадан  1-ші  нөмірден  бастап  ноябрь, декабрь  айларында  1,2  сандары  жарыққа  шықты, сонымен  1911  жылы  “Қазақстанның”  барлығы  4 нөмірі  шықты. 1912  жылы  январь  айында  3  нөмірі  шықты  да, осы  жылдың  июнь       айына  дейін  барлығы  9  нөмірі  жарық  көрді. 1913  жылы  январь-февраль  айында 1,2 нөмірлері  шықты”  - дейді   [29.1964.5]. Егер, Е. Нығметов  көрсеткен  сандарды  қарапайым  түрде  бір-біріне  қоссақ (4+9+2=15), онда  “Қазақстан” газетінің  15  нөмірі  шыққан.                                                                                    Дегенмен, зерттеушілердің  көпшілігі  “Қазақстан” газетінің  18  нөмірі  шыққан  деген  пікір  айтады. Мысалы, Қ. Бекхожин  “Қазақстан”  газеті  туралы  айта  келе: “Не  бары  18  нөмірі  шығып  тоқтатылды”  десе,  Қ.Аллаберген, Ж.  Нұсқабайұлы,  Ф. Оразай:  “Басылымның  үш  жыл  ішінде  18  нөмірі  жарық  көрді”- дейді. Соңғы жылдары  жарық  көрген  С.Өзбекұлының  еңбегінде  де:  “Көп  жылдар  бойы  “Қазақстан”  газетінің  саяси-құқықтық  бағытын  зерттеу  барысында, біз  Санкт-Петербург, Москва  қалаларының  кітапханаларында  сақталған  осы  газеттің  18  санын  ғана  анықтадық” - делінген [30.192-б].  Бірақ , бұлардың  ешқайсысы  да  газеттің  қай  санының  қай  жылдары  шыққандығы  туралы  ешнәрсе  айтпайды.       Ал, шындығында  “Қазақстан”  газетінің  бастапқы  екі  санының  Ордада  шыққаны, Оралда  қайтадан  бірінші  нөмірінен  бастап  шыға  бастағаны  рас. Бірақ, 1911  жылдың  қараша-желтоқсан  айларында  Е. Нығметов  айтқандай, Оралда  екі  емес, үш  саны  шыққан  (15  қараша, 1 және  15  желтоқсан).  Ал,  1912  жылдың  2  қаңтарынан  бастап  шыққаны  газеттің  үшінші  емес, төртінші  нөмірі. Сол  жылдың  31  мамырына  дейін  барлығы  9  нөмірі  шыққан.  Газет  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  біраз  уақыт  шығуын  тоқтатып,  тек  1913  жылдың  27  қаңтарында  ғана  қайта  шыға  алды. Ол  туралы  жаңа  шыға  бастаған  “Қазақ”  газеті: “Оралский  қаласында  он  шақты  нөмірі  шығып  тоқтаған  “Қазақстан” жаңадан  шыға  бастады...“Қазақстанның”  27 қаңтарда  шыққан  бірінші  нөмірі  басқармамызға  келді” - деп  жазды. Бірақ, газеттің  қайта  шыға  бастауы  да  ұзаққа  бармады. Сол  жылдың  16  ақпанында  шыққан  екінші  нөмірінен  кейін  газет  өзінің  шығуын  біржола тоқтатты.                                                  Сонымен, “Қазақстан”  газетінің  1911  жылы  5,  1912  жылы  9,  1913  жылы  2  нөмірі  шыққан. Газеттің  әр  нөмірінің  шыққан  жылы  мен  күнін  көрсетіп, ондағы  мақалалардың  мазмұндалған  библиографиясын  жасаған  Ү. Субханбердинаның  еңбегі  де  соны  дәлелдейді. Демек, “Қазақстан”  газетінің  барлық  шыққан  саны  - 16. Газет  бетіне  жарияланған  мақалаларға  жасалынған  барлық  шолулар  да  сол  нөмірлердің  негізінде  жасалынған. Бұл  “Қазақстан”  газетінің  басқа  нөмірлерінің  болмағандығын  толығымен  дәлелдейді. Ал, газет  таралымы  туралы  ешқандай  мәлімет  әзірге  жоқ.                                                                                                                          Жалпы, алғашқы  қазақ  басылымдарына  қатысты  әр  түрлі  көрсетіліп  жүрген  мәліметтер  басқа  да  газет-журналдарға  тән. Бір  уақытта  дерлік  шыға  бастаған  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетіне  дерек  көздері  ретінде  талдау  жасау  екеуіне  де  тән  көптеген  ортақ  нәрселердің  болғандығын  көрсетеді. Ең  бастысы  олардың  тек  қазақтың  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  ғана  емес, сонымен  қатар,  бағыт-бағдарлары  да  ұқсас, бір-бірімен  үндес, және  тағдырлас  басылымдар  болғандығын, көтерген  мәселелерінің  де, ұлт  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудегі  ұсынған  жолдарының  да  бір  болғандығын  байқау  қиын  емес. Мысалы, “Айқап”  журналы  өзінің  1912  жылы  алдында  тұрған  міндеттері  туралы: “Биылғы  жылы  “Айқап”  журналының  алдымен  қолға  алатұғын  мәселесі  былтырғыдай  жер  мәселесі  болар...  Жерден  соңғы  журналымыздың  көп  ой  жүргізетұғын  мәселесі  таласу  һәм  партия  болуды  жоғалту  хақында  болар...  Үшінші  мәселеміз, оқу  һәм  оқыту  хақында  қалайынша  тәрбиелер  жасау  керек, соларды  қарастыру.                         Төртіншіден,  қатын-қыздарымыздың   кемшілікте  тұрғандықтарын  халыққа  ескерту” - деп  жазса,  “Қазақстан”: “Газеттің  мақсат-міндеті:  кәсіп  айту, ғылым, өнер  тұрғысында” - деп  жазды.                                           Журнал  мен  газеттің  мақсат-міндеттерінің  бірлігі  олардың  мазмұн  жағынан  да  жақын  болуына  әсер  етті.  Екі  басылымға да  тән  ортақ  тақырыптар:  оқу-ағарту, білім  беру,  ғылым,  өнер  үйрену, жер, отырықшылдық, әйел  теңдігі, шаруашылық  жүргізу,  әдет-ғұрып, салт-дәстүр  мәселелері, надандыққа  және  партиялық  бүліншілікке  қарсы  күрес  т.т.  болды. Екеуінің де  ғасыр  басында  ұлт  алдында  тұрған  отырықшылдыққа  көшу, қала  болып  тұру, бас  қосу  сияқты  қазақ  зиялыларының  арасында талас  тудырған  мәселелерде  бір  позицияда  болғандығы  белгілі. Және  екеуі  де  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  өз  шығаруларын  тоқтатты.                                                                              Келтірілген  мысалдар  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетінің  бір  бағытта  болған, мақсат-міндеттері  мен  тарихы  ортақ  басылымдар  болғандығын  толығымен  дәлелдейді  ғой  деп  ойлаймыз. Оның  тағы  бір  дәлелі  кеңестік  тарихнамада  бұлжымас  шындықтай  берік  орнаған  және  журнал  мен  газет  туралы  жазуға, олардың  беттерінде  жарияланған  материалдарға (таптық  тұрғыдан  болса  да)  біршама  талдау  жасауға  мүмкіндік  берген:  “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болды.  Бірі – қазақ  ағартушылары  бастаған  прогресшіл-демократиялық  бағыт. Екіншісі -  буржуазиялық-ұлтшылдық  реакцияшыл  кертартпа  бағыт. Демократ  ақын-жазушылар  “Қазақстан”  газеті  мен  “Айқап”  журналының  төңірегіне  топталды, буржуазияшыл - ұлтшылдар  “Қазақ”, “Алаш”  газеттерін  және  басқаларын  өздерінің   кертартпалық   идеяларының  қаруы  етті”, - деген  тұжырымның  қалыптасуы.  Әрине,  ақпан  төңкерісіне  дейін  қазақ  тілінде  шыққан  не  бары  төрт  басылымның  екеуін  “прогресшіл-демократ”, екеуін  “ұлтшыл-кертартпа” деп  бұлай  бөле  жарып  қараудың  уақыт  талабынан  туындаған, шындықтан  тым  алыс  жатқан  тұжырым  екендігі  түсінікті. Дегенмен, мына  бір  фактіні  ескермеуге  болмайды.             Ұлт  дамуын  жол  айрығына  әкеп  тіреген  1917  жылдың  соңы  мен  1918  жылдың  басында, тұтас  бір  империя  азаматтары  бір-бірімен  қарама-қарсы  екі  лагерге  бөліне  бастаған  тұста, Ресей  орталығында  басталған  ол  бүліншіліктің  қазақ  даласын  да  қамти  бастаған  кезінде, “Айқап”  журналы  мен “Қазақстан” газетінің   бұрынғы  шығарушылары  мен  редакторларының   және  негізгі  авторларының  басым  бөлігінің  большевиктер  партиясының  жел  сөзіне  еріп, елде  кеңес  өкіметін  орнату  ісіне  белсене  араласқандары  да,  керісінше  “Қазақ”  газетінің  маңына  топтасқан  ұлт  зиялыларының  большевиктер  тарих  аренасына  шыққан  күннен  бастап, олардың  сандырақ  идеяларын  әшкерелеп, кеңес  өкіметіне  қарсы  соңына  дейін  күрескендері  де  рас. Демек, “Қазақ  баспасөзінің  тарихында  негізінде  екі  бағыт  болғаны”  тарихи  шындық. Бірақ, кеңестік  тарихнамада  айтылғандай  бағыттар  емес, тіптен  басқа, одан  әлдеқайда  тереңде  жатқан,  қазақ  зиялыларының  ішкі  дүниетанымдарынан  туындаған  бағыттар  болған  сияқты. Біздің  ойымызша, бұл  өзін  әрі  терең  зерттеуді  қажет  ететін  күрделі  қоғамдық  құбылыс.                                        “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газеті  қазақтың  шын  мәніндегі  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  бола  білді. Екеуі  де  баспасөзге  деген  ұлттық  қажеттіліктің, қоғамдық  сұраныстың  нәтижесінде  пайда  болды. Және  екеуі  де  бүгінгі  ғасыр  басындағы  қазақ  тарихының  өзіндік  ерекшеліктері  бар  қайнар  көздерін  құрап  отыр.   

 

 

 

 2.2"Жас азамат" газетінің   Қазақстан  тарихындағы дерек  көзі

 

 

"ЖАС АЗАМАТ" ГАЗЕТІНІҢ 5-ШІ САНЫ (1918 ЖЫЛ)

АҒЫЛАН [ҚҰЛАҚТАНДЫРУ]

Мұғалім учительдер съезі

Ақмоланың обласной земский управасының қазақ бөлімі 20 -ншы августа болады деген мұғалім учительдер съезін ескіше бірінші сентябрьге қалдырды.Ақмола облысына қараған барлық қазақ школдарында екі кластық ауыл мектептерінде бала оқытушылардың һәм тәртібі құрамында мұғалім болғандардың обласнтой жиылысы болады.Мұғалім учительдердің жол расходы пәтер тамағы земстводан беріледі.

Съезде қаралатын мәселелер:

1) Үлгілі ел мектебі.

2) Мектепке лайықты үйлер.

3) Мұғалім учительдер ұйымы һәм құқық дәрежесі туралы.

4) Мұғалімдер әзірлеу һәм олардың білімін толықтыру

5) Елге жалпы өнер-білім тарату жолында мұғалім учительдердің қылатын қызметтері.

Бұл программада жазылған басқа және оқу құралдарының көрмесі болмақ.Орыс тілінде оқылған доклад қазақ тілінде де оқылады.

Акм. Обл. Зем. Управа. Кир. отдел.

АЛАШ ОРДА(Омбыдан)

Учредителный собрание члендерінен құрылған үкіметпен сөйлесуге барған «Алаш Орда» члены Ахмет Байтұрсынов, Халел һам Жиһанша Досмұхамедовтер 19 августа (жаңаша) Омбыда, Сібір үкіметімен сөйлесіп жатқан «Алаш Орда» бастығы Әлиханды сымсыз телеграфқа шақырып мынадай сөздерді сөйлесті: «Алаш Орданың» Сібір үкіметімен сөйлескен жұмысының не болғанын [білуге Сізді] жіпсіз телеграфқа шақырып тұрмыз. Самардағы учредителньное собрание үкімін былай қойып, алдымен Сібір үкіметімен сөйлескендеріңізге өте ғажап қалып отырмыз.                                                                                 Біз үшінші күні жоғарғы айтылған Самар үкіметінің шет мемлекетпен хабарласып тұратын министрі Видинапинмен сөйлесіп, екінші жалпы қазақ съезінің қаулысын көрсеттік. Видинапин екінші жалпы қазақ съезінің қаулысын үкіметтің қалған мүшелеріне таныс қылып, хабарын бізге жеткізбекші болды.Комитеттің басқа члендерімен де сөйлестік.Вольский деген бастығы ішінде бұлардың барлығы да осы күнгі біз білетін жұрттардың сайланып шыққан үкіметтерін біз үкімет деп танымақшымыз. Жалпы Учредителный собрание жиылып, законмен бекіткенше «Алаш Орданы» да басқа жұрттардың үкіметі: Башқұрт, Орынбор, Оралдікі сықылды қазақ жұртының үкіметі деп танимыз деді.                                               Қазақтың милиция әскеріне қару-жарақ беру жағынан бұлар тоқтау қылатын емес. Жоғарыда Досмұхамедовтер Орал қазағының әскері үшін Самар үкіметінен 600 мылтық, бірнеше пулемет алып, Орынбор арқылы елдеріне жіберді. Досмұхамедовтер осыдан Челябі қаласында болатын государственное совещаниенің алдыңғы жиылысына бармақшы.

Ол жиналысқа Самара үкіметінің члендері тегіс бармақшы.

Бастығы Вольский мен Видинапин болып, Башқұрт үкіметінің бастығы Зәки Уәлиди де бармақшы.

«Алаш Орда» атынан Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Түркістан автономиясының бастығы Мұстафа Шоқаев бармақшы. Алдыңғы жиылыс 25 августе болмақшы.

Бұл жиылыста қаралатын үлкен жұмыс - әр автономиялы үкіметтерден бас біріктіретін ортадан барлығына бірдей үкімет тұрғызу.

Егерде бұл жиылғандар ынтымақтасып, сөзі бір жерден шыға алса, бұлардың қаулысы бұзылмайтын болып бекімекші.

Бұл совещаниеден үміт зор. «Алаш Орданың» ұнатуы бойынша совещаниеге бұрынғы Учредительное собраниеге сайланып шыққан бар члендер кірмекші. Һәм Автономиялы жұрттардың сайланып белгіленген үкімет члендері кірмекші.

Осы ретпен қарағанда, сіздің келуіңізді өте керек қыламыз.

Досмұхамедовтер Алаш Орданың бар члендерінің Самар үкіметімен сөйлесуге түгел келулерін ұнатады; Өздері екі мыңдай (2000) қазақ милициясын сайлап шықты.

Бұлар Орынбор казак-орыстарымен қосылып, Ақтөбе уезіндегі большевик әскеріне қарсы жүргелі жатыр.

Бұл туралы әуелі атаман Дутовпен сөйлесіпті. Досмұхамедовтер түнеукүнгі «Орал облысының үкіметі» деп сайлаған үкіметтерін «Алаш Орданың» бір бөлімі деп таниды.

Тағы айтарымыз: Жоғарыдағы айтылған Челябинскідегі болатын кеңеске Әлихан келе көрсін, егер ол совещание бір себептермен болмай қалған күнде де, Әлиханның келуі өте керек.

Орал-Еділ бойы һәм Сібір земстволары мен Городской думаларының тығыздығы мен шақырылған съездер бітті. Бұл съезд жоғарғы, орта үкімет тұрғызуды, Самардағы учредительное собрание члендері мен әрбір автономиялы жұрттардың үкіметінің өкілдеріне қалдырған. Съезде осы жұмыс туралы (жоғарғы совещаниеге) орталарынан 5 кісіні сайлаған. Біреуі Ибраһим Ахметов (адвокат).

Бұл сөйлесуден соң, Әлихан сымсыз телеграфпен Семейдегі «Алаш Орданың» қалған мүшелерімен сөйлесіп, 22 августа Челябинскіге жүрмекші болған.

ІШКІ ХАБАРЛАР

(Областная дума)

Жақын арада Томскіде Сібірдің областная думасы ашылып еді.

Бұл дума өткен күз бір құрылып, Сібір үкіметін сайлап, іске кірісіп отырғанда, большевиктер келіп, қуып [таратып] еді. Бұл соңғы ашылуында 100 шамалы депутат келген. Бұлар тап-тапқа (фракцияға) бөлінгенде, ең күшті фракция социалист- революционер партиясы мен осыдан басқа халықтардың қосылған фракциясы болған. Бұл екеуі де автономия болып, өз жұмысын өзі атқарамын деген жұртқа жергілікті, яки жергіліксіз болсын, дауыс беріп, думада олардың сөзін қуаттамақшы.

Бұлар «Алаш автономиясы» думадан бұрынғы лайықталған күшіне өтуіне бар күштерін салмақшы болған.

Екінші: осыдан басқа халықтардың фракциясы 18-інші августе Ақмола областной комитетіне төмендегі телеграмды берген: «проектілеріңізді комиссия үш күнде қарап бітіреді, одан кейін думаның жиылысына салынады. «Адаш Ордадан» біреу тез келсін», деп.

Телеграм хабарынан кейін «Алаш Ордадан» материал алып, Айдархан Тұрлыбаев кеткен. Сібір үкіметінің басқа халық жұмысын қарайтын министрі Шатилов деген кісі думаға жүрерде «Алаш Орда» кісілеріне: «Мен министр болып тұратын болсам, баяғыдан бергі арманым «Алаш Орданың» автономиясын думаға аңғартып қабылдату. Егер де менің дегенім болмаса, министрліктен түсемін», деген.

Соңғы телеграмма сөзіне қарағанда, областная дума Сібір үкіметі тарапынан жабылыпты. Себебі әзірше мәлім емес.

Не қылған күнде де, Алаш автономиясы болсын, басқа жұрттардың жергілікті автономиясы болсын, өздері қалыпты болып құрылған Сібір автономиясына қарап отыратын көрінбейді. Жоғарыдағы Челябинскідегі совещаниеде барлығы құрдас болып отырып, сыбағаларын бірдей қылып алып шығатын-ақ түрлері көрініп тұр.

Бұл ретте қарағанда Орал бойы Орынбор, Башқұрт, Алаш һәм Сібір бірінің алдына бірі шығып кете алмас.

Біреуіне керек автномия басқаларына керек шығар.

БОЛЬШЕВИК ЕМЕС ЕКЕН

Қазақ-қырғыздың басына қиын күндер туғанда, жауына қосылып, өзі көмген қоймасын өзі ашып берген Алаштың арамза ұлдары әр жерден шығып еді. Бірақ, кейбіреулері олардың кінә-сұмдығына көзі жетпей, нақақтан жала жабылып жүргендей көретін секілді.

  Мұндайлар нақақтан күйіп жүр ме екен? Жоқ, Алаш жолына ор қазғаны рас па екен? оқушылардың көзін жеткізгіміз келеді.

  Осы күні Омбы абақтысында Көлбай Төлеңгіт баласы отыр.

  Оның кім екені жұртқа мәлім. Бірақ, бұған жолдас, тілектес болып жүрген бірлі-жарымды адамдар бар. Олардың анық Алаш дұшпаны екендігі, жұртты қан жылатқан большевикке қосылып жүргені көпке белгісіз еді. Көлбай ұсталып, пәтерінде тінту болғанда, талай қағаз, телеграмдар шықты. Бұл қағаздар талайдың абыройын ашты. Мұның бәрін газетке жазуға симайды.

  Жалалы адамның бірі - Семей абақтысында жатқан Нұрғали Құлжан баласы. Мұның кім екендігі «Сарыарқада» жазылған. Осы Нұрғалидің Көлбайға соққан телеграмдары, хаттары табылып отыр.

26 февральда Семейден Омбыдағы Көлбайға мынадай телеграм берген:

«Дулатов Семейге келді. Сәрсенов һәм Әлімбеков совдеппен жұмыс қылып отыр. Мұндай сатылған адамдарды іске кірістіру совдептерге ұят, соларды шығарудың қамына кірісе көріңіз», деді.

Міржақып Семейге февральдің 22-інде жеткен екен. Төрт күннен кейін Нұрғали шағым телеграмма жіберіп отыр.

Ол кезде «Алаш Орда» өкілдері болсын, басқа азаматтар болсын, Семейге қарай бет алған уақыт еді. Шеткі Семейге алдымен келген Міржақып еді.

Мұның Семейге келгенін білдіріп, телеграммен сұрап отырған Нұрғали, кейінгі «Алаш Орда» мүшелері келгенде де білдіріп тұрғандығына бұл дәлел. Биахмет пен Имамның совдептен шығарылуын тілеген. Мұның себебі мынау: Семейдің қазақ һәм казак-орысы большевикке тізгінді беріп жібермеске, комитетті, сотты, земствоны қорғауға һәм елге большевикті шығармау үшін арбасып отыруға өкіл кіргізген. Қазақ комитетіне кіргендер: Биахмет Сәрсенов һәм Имам Әлімбеков еді.

7 мартта Нұрғали Көлбайға мынадай телеграмма берген.

«Семейге тез келіңіз. Бек керексіз. Шыққандығыңызды білдіріп, телеграм соғыңыз!»

Бұл телеграмды Нұрғали қашан беріп отыр деңіз?

6 март күні большевиктер Қази марқұмды атып өлтірген. Ертеңінде, 7 март күні, Нұрғали қуанғандай, енді бір сойқан салатын ыңғайы келді деп, Көлбайды шақырып отыр.

Мұнан артық құдайдан безгендік, жұрттан шыққандық болар ма!?

26 мартта Көлбайға тағы мынадай телеграм берілген: «Семей облысына қараған бес уездің кедейлері сізге сәлем айтады. Семей областной совдепіне берген ризаларын қуаттауыңызды өтінеді. Бұлардың тілегі: болыстық, уездік, облыстық қазақ комитеттерін һәм қазақ соттарын жоғалтып, олардың орнына большевик законы бойынша мекемелер сайланса екен,» деп.

Бұл телеграмды беріп отырған себебі, март ішінде Семей большевиктеріне бес уездің кедейлері атынан сырттан бес кісінің қолын қойып, риза берілген һәм большевик газетіне жазылған. Семей облысы большевикпен араласып, қайткенде қазақ сотын, қазақ ұйымдарын жоғалтудың қамына кірісіп отырған антұрғандардың істері осы.

Көлбайға намаздігер, намазшамда кездескен жүзіқараның бірі - Хасейін Нұрекенов. Ол екінші Г. (государственная) Думаға Семей облысынан депутат болып сайланған Темірғали қажының баласы. 22 февралда Хасейіннің Көлбайға жазған хаты шығып отыр.

Хасейін «Үш жүз» газетін құттықтап, қуанғандығын білдіреді. Ғалихан, Тұрағұл, Көлбай, Ахметжан, Биахмед туралы жиренішті шағым сөздер жазған. Хасейін доностың жазасын тартқандай болып еді. «Иттің боқ жемесе басы ауырады» деген осы да. Хасейін болыс күнінде елінен жиналған алым ақшаны жеп қойғаны үшін сотқа берілген еді. Өзінің жалмауыздығынан көрмей, жақын ағайындарының үстінен губернаторға донос қылған. «Пәленше-түгеншелер Түрікке ақша жинап жүр», деп. Осы донос бойынша, Хасейіннің ағайындары нақақтан Кереку абақтысына түсіп, Семейге айдалып барып, әрең құтылған еді. Хасейіннің доносы һәм ақша жегені мойнына түсіп, арестанский отделениеде үш жылдан артық жатып, адамшылық құқықтарынан жұрдай болып, абройдан айырылып, абақтыдан «аллалап» былтыр әрең шығып еді.

(Ақыры келешек нөмірде).

АШ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗҒА ЖӘРДЕМ БЕРУ

ТУРАЛЫ ПІКІРІМ

Төрт жылдан бергі аштықпен болсын, Николайдың тізесінен болсын, большевиктің содырынан болсын, әйтеуір, көрмеген қырғынға ұшырап, ақырында таусылуға бет алып, аяныш халге душар болған Жетісу һәм Сырдария облысындағы қырғыз-қазақтарды Арқадағы тоқ облыстарға бөліп көшіріп алудан басқа амал жоқ. Өйткені, елден тиындап-тебендеп жиған жылумен оларды тойындыра алмайтынымызға көз жеткендей болды. Арқадан астық апарып, тойындырамыз деуге жері алыс, жолы құмдақ-шөлдің сахарасы болған соң, тартқан астықтың құты кетеді, арзанға да түспейді.

Оның үстіне, оларды тегіс тойындыратын азық-түлік ол жерге төте жете алмайды. Және мынаны өлшейік: бір үйлі жанды арқаға көшіріп әкелуге бір көлік жетеді. Азық-түлік жеткізуге екі-үш көлік жүксіз болмайды, осындайларды өлшегенде, аш-жалаңаштарды Арқаға көшіру он есе арзан һәм оңай болады. Оның үстіне, олардың іске жарайтыны мұнда келген соң, өз қотырын өздері қасып кетер һәм мұндағы тоқ ағайындар аш-жалаңаш туысқандарын көздері көріп отырған соң, қолдан келген жәрдемдерін етпей шыдап отыра алмас еді.

Шимайдай темір жолы бар, банкілері толған ақшасы бар һәм таудай-таудай үйіліп жатқан азық-түлігі бар орыстар, өзінің Ресейдегі аш бауырларына азық жеткізе алмай, тоқ Сібірге көшіруге қам қылып жатқанда һәм олар да мұнда ағылып көшіп жатқанда, біз неге олардан үлгі алмаймыз?

Екінші: «Атаңа жау шапса, бірге шап» деп тап осы заманда олардың Арқаға көшіп орнығуы өте қажет. Өйткені, мына заманның түріне түсіне алмай, жанашыр қорғанышы атқа мінгізбей, шабысып отырған біздің жұрт, анау аштан келе жатқан аш-жалаңаштар Арқаны аман сақтай алмайды ғой. Енді олай болған соң, күнелтуі үшін болсын, саясат үшін болсын, оларды Арқаға көшіре беру шарасына нық кірісу керек шығар деймін.

ЖАС АЗАМАТ

Шығарушы:Қошмұхамет Кемеңгерұлы, 4 -сан.1918 жылғы 25 август.Петропавл қ.

АЛАШ ҚҰРБАНЫ

 Алаштың бағланы Отыншы Әлжанұлы қанішер большевиктің оғына ұшты. Мәлік Аманжолұлы жараланды. Жетісу қазағы қырғынға ұшырап жатыр...

  Мінеки телеграм хабары. Мұнан қайғылы хабар болар ма! Отыншы марқұм Семей облысы Зайсан уезі, Нарын болысына қараған найман. Учительский семинарияны бітіріп, Омбы окружной сотында бірнеше жыл переводчик болғаннан кейін, өз елінің орталығында, Көкпекті қаласындағы школға бастық учитель болып сайланды.

  Сол кезде 2-Госдума қуылып, 3-інші июнь законы бойынша қазақ халқы депутаттықтан махұрым қалап, қаһарлы үкіметтің қайта күшейіп тұрған шағы еді.

  Отыншы Зайсан қазақтарының атынан 2-Гос. Думадағы саяси партия бастықтарына телеграмма беріп, қазақ халқының өгейлігін шағып, үкіметтің әділетсіздігіне наразылықпен айтқандығын Петербург газеттерінен оқып едік.

  Сол күннен бастап, Отыншы бір жағынан елдің балаларын оқытып, бір жағынан қараңғы халқына саясат жолында басшылық ете бастады.

  Қырағы үкімет еркіне жібермеді, үстінен шағымдар жүріп, Отыншы 1909 жылы Семей абықтысына түсті. Бірнеше ай абақтыда сарғайып, ақырында 5 жылға жер аударылды. Отыншы 5 жылын Жетісу облысындағы Қытайман шектес Лепсі қаласында өткізді. Кесімді күнін бітірген кезде, Еуропа соғысы, онан кейін [1916 жылғы] 25 июнь әлегі басталды.

  Жетісу елі бүліншілікке ұшырағанын көріп, оқыған басшы азаматтың аздығын сезіп, Отыншы ол елді тастап кете алмады, жанын ортаға салып қызмет етті. Отыншы Жетісу еліне һәм бүкіл Алашқа қандай екендігі мынадай көрінеді: Жетісу елі оны учредительное собраниеге депутат сайлады.

  Өткен январь[айының] ортасында Орынбор съезінің қаулысын қалай орындау жайын кеңесу үшін, Алматыда Жетісу облысының съезі болды. Отыншы мархұм сол съезге келген еді. Съез тарқағаннан кейін, Отыншының уәжімен Түркістан комитетінің бастығы Шкапский арқылы Жетісуда Алаш милициясын құруға қазынадан 500 мың сом ақша алынып, болшевиктен аулақ тұрған Лепсі казначействосына жіберілді.

  Алаш милициясын құру қамын қылып, басшы сайлап, енді «Алаш Ордаға» жүремін деп тұрғанда Отыншыны Ыбраһим [Жайнақов], Сатылған [Сабатаев], Шкапскийлер абақтыда тосып алды. Шкапский сабазды большевиктер абақтыда баласымен екеуін атып өлтірді. Отыншылар төрт ай сарғайып, көрмеген бейнетті көріп, өлімнен қалып әрең құтылғандығы «Сары-Арқада» жазылған.

Бұлар абақтыдан шыққанша, большевиктер күшейіп, Лепсідегі қазаққа тиген 500 мыңды [ақшаны] алып қойды, жұртқа ойран сала бастады.

  Отыншы абақтыдан шыққан соң, жолдастарымен бірігіп, елді қырғыннан қалай алып қалу шарасына кірісті. Ұрыжар, Лепсі жағына келіп, ер азамат жинап, большевикпен соғысуға бел байлады.

  Өткен июль айында мен Отыншының елінде болдым. Сол кезде Отыншы марқұмнан еліне хат келді. Хатта жазған екен: «мұндағы жұрттың басына қиямет-қайым туды, қатын-баламды алып кетіңдер, бұл ел қан жылап, қырғынға ұшырып жатқанда, мен жан сақтап, бұларды тастап кете алмаймын. Өлсем-тірілсем де бірге көремін,» деп. Бірге көрді: ұлты үшін өлімнен қорыққан жоқ, оқтан тайынған жоқ. Есіл ер Алаш жолында ғазез жанын құрбан қылды. Топырағың торқа, жаның жаннатта болсын, аяулы Отыншы!

  Ұлтың үшін қан жыладың, қамын жедің, қызықты ғұмырың абақтыда, айдауда өтті. Сонда да тауың шағылмады. Қамалға шаптың, қанға боялдың, қаза таптың, бірақ, «арманда кеттім, Алаш көргенін көре алмадым», деме. Сендей ұл туған ел еш кімнен кем болмас. Хош, бауырым!

                                                                         Міржақып  Дулатұлы

 

Жан сүйікті жездем Отыншы!

Ел жұртыңды туысқаныңды тастап мәңгі сапарға жөнелдің. Жаңа гүлденіп келе жатқан Алаштың көшбасшы азаматтарға өте мұқтаж уақытында қанішер, жендет большевиктердің қолынан мезгілсіз қаза таптың. Ертеден ел қамын ойлап, Алаш тілегін қолыңа шырақ қылып ұстап едің, сол шырақтан өміріңнің ақтық сағатына шейін айырылмадың.

  Білім дариясынан сусындауыма, саяси көзімнің ашылуына себепкер болып, ұлтшылдықтың өріне сүйреп едің. Алыста жатсаң да, ақыл-сабағыңды хатпен беріп асқар болып едің.

  Жұмсақ сөзді, мүләйім жүзді, көркем мінезді қымбат жездем, дидарыңды көре алмадым-ау!

  Опасыз тағдыр, баянсыз дүние! Мейірімсіз өлім! Амал жоқ... иманың жолдас болсын!!!

                                                                  Қошмұхамет Кемеңгерұлы

 

ОБАДАН САҚТАНЫҢДАР!

  Жұқпалы ауырулардың ең қорқыныштысы - оба. Бұл жүрген жерінде елді апатқа ұшыратады. Соның үшін, обадан аулақ болуға ел өзін-өзі таза ұстау керек. Әйтпесе, бір кіріп алған соң, қашса да құтылмайды. Аз уақытта жайылып жүре береді.

  Оба ауыруында өз алдына құрты бар. Сол құрт басқа жанды мақұлық секілді тіршілік қылуына жақсы тамақ, жайлы орын керек. Ондай орынды түрлі жұқпалы ауырудың құрты боқтық, өлімтік, сасық, саз һам басқа нәжістерден табады. Осыларға обаның құрты да иелейді.

  Оба ауыруы ауырған адамнан, оның кимінен, су һәм тамақ арқылы жұғады. Обаның жүретін ең қолайлы уақыты шілде мен күз. Тазалығы артық жұрттарда оба ауыруы сирек. Ауыру білінген күнде де, жайылып кетпейді. Қарсы дауа жасалып, тез сөндіріледі. Оба, әсіресе, тамағы ашты, арақ-сыра ішкен, қарбыз-қауын жеген адамды сағалайды.

  Үйі, қорасы, қотаны, су алатын жері, мал суаратын жері таза болмаған елдер обаның ұясы болады. Жоғарыда айтылған нәжістерден обаның құртын бір жерден бір жерге апарып, өрбітетін жаудың бірі - қара шыбын. Қара шыбынның араламайтын жері жоқ. Ауыру адамның қақырығына қонып, ыдысқа яки тамаққа қонса, аяғына жабысқан обаның құртын қалдырады.

  Обаның белгісі. Оба ауруы біреуде ауыр, біреуде жеңіл болады. Жеңіл ауырған адамның іші өтеді. Бірақ іші аса ауырмайды, ауырмаса да, қарсы дауа қылу керек. Жеңіл оба болып ауырған адам, іші өтсе де, жұмысынан, жүрісінен қалмайтыны болады. Бірақ, ондай ауырғанымен қоймай, басқаларға да жаяды. Қатты ауырған адамның іші өтеді, безгек секілді денесі дірілдейді. Бұл қалыппен бірнеше сағат, көп болса бір сөткеге барып, сонан білай тәуір бола бастайды, не науқас меңдей бастайды. Бұл - анық оба. Кей адам бастапқыда қатты жығылады. Ол уақтында, алғашқы күні түнде, яки таңертең ішкен қою ас батпайды. Дамылсыз іш жүреді һәм құсқысы келе береді. Адамның қиы, құсығы сұйықтанып аға бастайды. Иісі болмайды. Ішінде түйір нәрселер болады. Аяқтың тамыры тартып, қақсатып, дірілдетеді. Тез уақытта адам көзі үңірейіп, мұрны сорайып, жүдейді, денесі суып, терісі көгеріңкі тартады. Несебі тоқтайды. Ауру жаман шөлдейді. Бірақ, не ішсе де сусыны қанбайды, ішкенін құсып тастайды. Бұлайша ауырғанның үштен бірі-ақ өлмейді. Сауығатын жанның іші де, құсығы да тиылып, денесі жылынып, терісінің көгергені қайта бастайды. Егер, ауырған адамның денесі қызып, басы ауырып, беті қызарып, сандырақ пайда болса, сауығады деп сенуге болмайды.

  Обадан сақтану шаралары. Үйдің ішін, қораны, басқа нәрселерді таза ұстау, ас қылатын судың жақсы-жаманын айырып алу - өте қажет. Ауыз су алатын жерлерді айнала шарбақтап қою керек. Ауыз су алатын жерде киім, жүн, жабағы һәм басқаларды жұмасқа тиіс және мал суару керек емес. Үй ішін аса таза ұстап, әлсін-әлсін сыпырып, қандала, бүрге, бит, тарақан, қара шыбынның болмасына амал істеу керек. Обаның құртын жаятын осылар, нәжістердің көзін жоғалту тиіс. Қалай болса, солай түкіру, қақыру, сіңбіру керек емес. Адам өзінің денесін, кимін таза ұстап, монша болмаса, мөлдір суға түсіп жуынып тұруы керек. Осы жоғардағы шарттарды орнына келтірсе, бар жұқпалы ауырулар аулақ жүреді.

Бір ауылда, не бір адамда оба ауыруы білінсе, ол маңайға сау халық қатынас жүріс-тұрысты тоқтатуы тиіс. Жұмысты көп қылып қуатты азайтпай, ұйқыны уақытымен ұйықтауы тиіс. Арақ, сырадай мас қылатын нәрселерден, қайнамаған суды ішуден тыйылу керек, суды қайнатып ішу тиіс. Және сақтанатын нәрселер: квас, шикі сүт, қарбыз, қауын, жидек, бүлдірген һәм басқа жемістер. Әсіресе, толық пісіңкіремегендері қатерлі болады.

Егер бір адамның іші ауырса, дәрігерге тез көрсету тиіс. Обаның жабысқаны білінсе, тезден ауруханаға, болмаса дәрігерге апару тиіс. Әйтпесе, жалғыз ауырған адаммен тұрмай, басқаларға да тез жайылып кетуі анық. Ауру ұлғайса, бой бермейді, өртше жайыла бермекші. Ауырған адамды бөлек бір жерге төсек салып, маңайына күтушіден басқа жан бармасын. Ауырған адамның құсығын, қақырық-түкірігін беталды төкпесін. Ауыру жатқан үй ішіне әлсін-әлсін от жағылып тұрсын. Сонда үйдің ауасы тазарады.

Аурудың жанында дәрігер келгенше мынадай қылу керек: Дорбаға сүлы, болмаса күл салып, ысытып, аурудың ішіне басу керек. Суыған шай беру керек, бірақ көп ішуден пайда жоқ. Лоқсыған уақытта түйір-түйір мұз жұтқызу керек. Денесі салқындап, құрыстыра бастаса, бір таза шүберекті спиртке малып, сонымен денесін, аяғын ысу керек. Жылындыру үшін ыстық суды бөтелкелерге құйып, жан-жағына қою керек. Не болмаса, бір қапшыққа сұлы салып, қыздырып денесіне күйдірместей басса да, жарайды. Ауырған адамның тамаққа көңілі шапса, күшті тамақ беру жарамайды. Піскен сүт пен шала пісірген жұмыртқа беруге болады. Бірақ, аз беру керек.

Обаның қашатын нәрселері: Темекі, ащы сарымсақ, қарамай, карболка, известь һәм алмас. Сондықтан үйдің маңайына қарамай, карболка сеуіп, известь жағып қою керек. Ащы сарымсақ жеп, шылым тартып жүру керек. Біздің қазақтың жұрт жаңалап көше бергені артық. Отырған орынға қақырып-түкірмей, тазалықты баққан жақсы, қашанда болса сақтық керек, сақтансаң -сақтармын деген.

Оба ауыруына деп, елдің әр жеріне доктор һәм фельдшерлер шығарылмақшы. Бұлардың қай орында тұратындары жақын арада жарияланады.

Науқас белгісін бере бастағаннан-ақ, жоғарғы ел ішінде тұратын дәрігерлерге шапқын жіберіп, аурудың жанына алдыру керек.

ТРОИЦКІДЕН ХАТ

Зейнолла Ишанның үлкен баласы Ғабдырахман қарттың «Алаш Орданы» құттықтап А. Жантәлинге жазған хатын «Жас Азаматқа» басып, көпке ұсынып отырмыз. (Хат мынау).

«Ғазиз Ахмет әпенді Жантәлі! Ассалаумағалейкум, уа рахметуллаһи, уа баракату!

Марқұм ардақты атамнан қалған ізгі жол бойынша, қашаннан қазақ қандастарымның өз алдына жерлі, автономиялы бір халық болып жасауын тілейтін едім һәм сол жолға қызмет ету ниетімен орны келгенде сөйлейтін де едім. Қазір бір жағдайға шүкір халықты құр сөзбен жұбатудан, уатып, жұрт үшін көріне білек сыбанып, жұмысқа кірісе бастайтын заманға келіп жеттік.

Енді әр жұрттың өз қамын өзіне ойлата бастаған, үстімізге мынадай жынды бір заман келіп қалғанда, «заманына қарай амал қылып» аянбай тырысып қалыңыз, қандас қазақ қарындасым!

Бұлайша жанданып, өз алдына ел-жұрт болу қамына кіріскен халық, ол жолдан мал-жанын аяп қалмайды. Ал, аяншақ халық, жұрт қатарына кіре алмай, ақырында барып, жер жүзінен құруы анық. Мұны өткен қауымдардың тарихы растайды. Солай болса, мына үстімізде тұрған пұрсатты (мүмкіндік деген мағынада ред.) өткізіп жібермей, әскер мен мал қуатын бірге қосып алып, тезден іске кірісуге ыждаһат етулеріңіз жөн.

Әр істе өз қуатыңызбен, өз ыждағаттарыңызға ғана таяну керек. Бөтен халықтан жақсылық күтіп, қарап жата беру қате. Бөтеннің бөтенсіткен жайларын көздерің көрген сияқты еді ғой. Ең болмаса, атасы бөлек Николаймен, мына ниеті жаман большевиктердің қылығына бір айналып қарасаңдар, не көргендерің естеріңе сап ете түсер.

Ал енді көргендерің анау, заманның түрі мынау болған соң, қазақ қандасымның өз алдына ел-жұрт болып қалуы жөнінде бір ынтымақта болуларын тілеп, өздеріне шын көңілемнен салам оқимын.

Жасасын Қырғыз қазақтың бірлескен жерлі мүхтарияты! Жасасын «Алаш Ордасы!»

Ғабдрахман Ибн Әл-шеих Зейнолла расулы.

Троицк. 1918 жылғы 4 июль.

Басқармадан: Мынау «Алаш Орданы» құттықтап хат жазып отырған белгілі Ишан қарттың баласы. Халыққа қараған Ишан қарттың қазаққа қылған қызметі һам Ғабдрахман қарттың өз қызметінің асыл тегі, біздің халықтың өз алдына ел-жұрт болу қамы үшін екендігі аңғарылып тұр. Біздің халық бұрын Ишан қарттың айтып, ұнатты деген сөзінен шығып көрген жоқ-ты. Мал-жанды «Алаш Ордадан» аямай, өз күшімізге таянып, тезден іске кірісуді өтініп отырған Ғабдрахман қарттың сөзін есі бар қазақ баласы ескерер.

Алаштың өз тізгіні өзінде, ордалы халық болуына тілектес болып, хат жазып отырған Ғабдрахман махдұмға ұзын ғұмыр тілейміз.

ІШКІ ХАБАРЛАР (ГАЗЕТТЕРДЕН)

Осы күнде Торғай облысының Ташкент темір жолы бойындағы Ақбұлақ, Жайсаң станцияларының бойына Түркістан өлкесіндегі қазақ бауырларымыз шұбырып келіп жатыр. Киерге киім, ішерге тамақ, паналарға орын жоқ. Ашық далада жардамсыз қырылып жатқан көрінеді. «Жығылғанның үстіне жұдырық» дегендей, аш-жалаңаштық үстіне, әр түрлі жұқпалы аурулар тарап, әсіресе осыдан қырылып жатса керек.

Басқармадан: былтырдан Түркістан өлкесіндегі туысқандарымыздың қой орнына қырылып жатқанын көре тұрсақ та, басы аман, малы түгел Алаш баласы әлі күнге нықтап жәрдемге кіріскеніміз жоқ. Екінің бірі, егіздің сыңары бауырымызға тиісті жардамымызды айтып, адамшылық, жұртшылық борышымызды өтегеніміз де жоқ.

  Тиындап жиған жардам мен аштықтан құтылудан кеткен, егер қазақтық қанымыз қайнап, намысқа ұмтылып, туысқандарымызды өлімнен құтқарамыз десек, басқаша жардам айтудың шарасына кірісу керек. Алдымызда қылышын сүйретіп қыс келеді. Суық түсіп кетпей, алдын алып, қалай жардам айту туралы газеттерге жазылса екен.

  Сол кеңесіп құрған жоба бойынша жәрдемге кірісілсе екен.

БАСҚАРМАДАН

Әр жерлерден «Жас Азаматты» құттықтаған хаттар келіп жатыр. Бәрін түгел басуға газет бетіне симайды һәм уақыт жететін емес. Іріктеп басайық десек, газет қуанышына ортақтасқандарды бір дәрежеге қоймағандық болар деп, құттықтауларды басуды бірінші нөмірмен доғардық. Газетке ықылас-көңілдерін білдіргендерге жалпы тәңір алғысын айтамыз.

Қазақ жерінде ашылған жастар ұйымдары өздерінің қысқаша тәжрибе-халдарын баяндап, әдірістерін жіберулерін өтінеміз!

«Жас Азамат» газеті мұсылман харіптері аз типографияда басылады. Оның үстіне жаңа қазақ емілесіне қажет харіптер жоқ. Сол себепті кейбір сөздер қате кетеді. Осындай кемшіліктері үшін оқушылардан кешірім сұраймыз.

3 - сан.1918 жылғы 18 август.Петропавл қ.

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қазақтардың қандай еңбек сіңіріп иеленген жерлері үшінші өзгерістің дәуіріне кірді.

Бірінші, монархия (патша) дәуірі. Ол дәуірде қазақтың жері, суы, ағашы мемлекеттікі деген қалың түпті закон кітабында зорлық соқпағымен жүретін шолақ статья болды. Сол статьяға арқа таянған переселен төрелері, Николай нөкерлері қазақ жерін қақпайға салып, ойына келгенін істеді. Ең аяғы, бұрғышылар мен жер өлшегендер де, ақ үй тікпеген, бағылан тоқты соймаған, тақсырлап тұрмаған ауылдың күлін көкке ұшырып, жерінен кең алып жүрді.

Талай ауылдардың шілденің қызу күндерінде жайлаудан «төрелердің» бұйрығымен еріксіз көшіп, төрт түлік малды азынатып, шөлде сандалып жүргендері көбімізге мәлім. Жайлы қоныстан айырылса, қазақ шаруасына кемшілік келеді деген адамшылық сөздер переселен төрелерінде болмағандығы тағы мәлім.

Монархия дәуірінде үкіметтің қазақ жеріне ерте тісі тиді. Алдымен, үкімет табақты казак-орыстарға тартты. Бұларға егінге қолайлы маңдай жерден 9 жарым миллион десятина қиып берді. Ондағы үкіметтің табақ тартудағы мақсаты - саяси құқы бар орындарға казак-орыстарды орнықтырып, қазаққа күзетші қою еді.

  Казак-орыстан қалған қазақтың шимайлы жерлері переселендердің алдына тартылды. Переселенді қазақ жеріне төгудегі үкіметтің мақсаты - помещиктердің жерлеріне қол созған мұжықтардан құтылу һәм қазақ ұлтына орыстық рухын сіңдіру еді.

  Екінші, большевик дәуірі: бұл дәуірде қазақ жері іс жүзінде тілгіленіп, талауға түскен жоқ, бірақ, большевиктердің қазақ жері туралы жасаған пландары болды. Қазақ жерін коллективтендіру керек. Сонда бізге жолдас болады, араларына Россиядан келген қашақтарды кіргізіп, шама келгенше қазақты бірыңғай шөлге қуу керек. Бір қазақта жиырма мың жылқы бар, соны қашақтарға бөліп, жерін алып беру керек, деген.

  Әр жерлерде ортақшылдар шығып, қазақтан жер иелігін алғандар болды. Құдай сақтады, енді біраз тұрса, большевиктер қазақ жеріне кілең кесірлерін тигізетін еді.

  Үшінші дәуірдің өзгерісіне қазақ жері жаңа кірді. Қайырлы Алаш автономиясы болса, жер мәселесі оңай шешілмек, онда қазақ ешкімге ұпай жібермейді. Шапқыншылықпен, яки басқа бір себептермен Алаш автономиясы болмай қалса, қазақ жеріне еншілестердің көбейетіндігіне шек жоқ.

  Кадеттердің, социалист сымақтардың беттерін жыртып, Алаш автономиясына қарсы болып жатқандықтары - Алашты қимағандықтан емес, әркімге жоқ Алаш жерін қимағандықтан.

  Сібір жеріне ішкі Россиядан келген қашақтар қалай орнамақшы? Бұл әлі шешілмеген мәселе. Мұндағы жергілікті крестьяндар қашақтарға тулақтай жер бермейміз, деп кесіп отыр. Крестьяндар қарсыласса, бермеске шамасы келеді. «Әуеден шоқпар түссе, сорлыға тиеді», - дегендей, айнала сорлайтын қамсыз біздің қазақ болады-дағы.

  Германия әскерінің бастығы Гиденбург жарлық шығарған, он бес миллион немісті Россиядан алған шет облыстарға орнықтыру керек деп. Ол облыстардың бұрынғы иелері қашақ болып, Сібір аймағында жүр. Осы жақтан жер алу үмітінде.

  Адам баласының тіршілігі жерге байлаулы, жерсіз - ел болу жоқ. Жерсіз ел - көлеңкемен бір есеп.

  «Жыламаған балаға емшек бермейді.» Қайткен күнде, сыбағалы жерден құр қалынбайды, соның тезірек қамына кірісу керек. «Алма піс, аузыма түстің» заманы өтті.

ІШКІ ХАБАРЛАР: ӨЛГЕН ТІРІЛМЕКШІ

Қазақ жерінің бір кезде әзәзілі болған Переслен мекемесі қайтадан тіріледі деген қауесет бар. Ондағы тірілудің мақсаты - Оралдың ар жағында жерсіз қара құрттай қайнап, миллиондап әлі келіп жатқан мұжықтарды Сібір жеріне орнықтыру. Өткен жылы Уақытша үкіметтің Сібірге переслен жіберілмейді деп бекіткен қаулысын қолданбаймыз деседі. Мұндағы жергілікті жұрттар мен қашақтар сиыса алмай жатқанда, тағы қанша переселендерді төге салу үшін, переселен мекемесін тірілту қамына кірісу - саясат жағынан көзқарастың өзгергендігін көрсетеді. Бұған мұндағы мұжықтар қарсы.

  Қашан үлкенді-кішілі құрылтайлар құрылғанша, қазақ жерінің үлеске түспесіне іс басындағы Алаш азаматтары қам қылуы керек.

  Әр жерде жергілікті мұжықтармен қосылып, переселен мекемесін тірілтпеске тырысу керек.

  Осы күнде бұл переселен мәселесі министрлер мәжілісінде қаралып жатыр.Асбест заводы бұйымдары мен қыстыкүні қанышерлердің заманында «халықтікі» деп жарияланып, бұрынғы комитет орнына «совдеп» ашылып еді. Жұмысшылар ақыларын молайтып, бейнеттерін азайтып, төрелік құрып жүруші еді. Большевик туы құлаған соң, баяғы басшылары қайтып келіп қолына алды. Тізе қақпайлап, белсенділік көрсеткен жұмысшыларды шығарып жатыр. Соңғылардың үштен бірісі ғана қалатын түрі бар.

  Өкініші сол: қой аузынан шөп алмайтын жұмыскер жаламен шығарылып жатыр. Ішінде елге жетерлік қаражаты жоқтар да бар. Қалған жұмысшылардың ақысы тар қалыпқа түсті.

  «Азат басың болсын құл - қолдан келмес іске ұмтыл», деп Абай мархұмның айтқаны болды. Қолдан келмес іске бой ұрған басшы мырзалардың, жұмыскерлердің кесапаты - жан асырап, табан ақы, маңдай терімен күн көріп отырған момындарға тиіп кетті.

 ЖАС ӘЛТАЙ

Қарқаралымен шегаралас Ақмолаға қараған елде де ұры қатты. Жалаңаштық одан жаман. Тақа бай үйлерде болмаса, орта үйлерде көйлек қана бар. Нашарларда ол да жоқ. Бір үйлі жанның ортасында бір-екі шүберек киім бар, оның өзінде далба-дұлба.

Мұхамедсалық.

ҰЙЫМДАР

8 июльде (жаңаша) Алаш қаласында «Жанар» ұйымының жалпы жиылысы бекіткен қаулылары:

1) ұйымның қаражатын күшейту үшін әрекет жасау;

2) Семей облысындағы ұйымдардың съезін шақыру;

3) Омбыда болған жалпы Қырғыз қазақ жастар съезінің қаулыларын мүшелер тегіс қабыл алған. Мұндағы «Жанар» ұйымының атын өзгертіп, «Жас Азаматтың» облыстық бөлімі делінген.

4) «Жас азамат» газетіне екі жүз сом жарна жіберу.

Телеграмма: Ұйымның секретары Нұралы Асылбаевтан. «Керекуде «Жас Азамат» бөлімін аштық. Бар күшімізбен қолтықтаймыз!»

Сүлейменов, Нұрымов.

Орал, Ырғыз облыстық қазақ съезінің бекіткен қаулылары:

  1) Қазақ өлкесі жалпы бұқараның ынтымақтасу негізінде құрылған Россия республикасының толық құқылы бір мүшесі болып, өз істерінде ерікті штат болсын;

 2) Қазіргі саясат күйі мен Оралдан бастап, бес облыс, бір губернияның бөлімі мен құрылған Қазақ өлкесі явочный порядокпен автономия жарияласын;

 3) Совет тұрғанда, автономияны іске асыру мүмкін емес себебі: совет үкіметі ұлтшылдаққа қарсы, ұлттар үшін зиянды саяси ұйым, сондықтан:

 а) Қазақ халқы совет үкіметін танымасқа һәм бойұснбасқа тиісті.

 б) Оралдың казак-орыстары мен бірігіп, Орал қазақтары большевиктермен күресуге тиісті.

 Бірақ күрес Қазақ пайдасын сақтау болмай, басқа мақсатқа ауса, ондай күреске қазақ қосылмасын.

4) Орал облысы Орал ұлысы аталсын! Жеті кісіден әзірге штат болсын. Орал ұлысы «Алаш Орданың» уақытша бір бөлімі болып, Алаш автономиясы жарияланып, билік түрін белгілеп аяқ басқан соң, бар әкімшілікті «Алаш Ордаға» тапсырсын.

 Басқармадан: Орал облысындағы бауырларымыздың саяси барлыққа жетіп, ат төбеліндей жерде үкіметті ел болғандарына қуаныштымыз. «Алаш Орданың» үстіндегі ауыр жүкті бөлісіп алғаны жақсы ғой. Бірақ, жалпы Россия құрылтайын сылтау қылған ауыруға шалдығып (Орал үкіметі балығы болмаса, бақасынан деп) ала қойды бөле қырқып жүрмесе, жарар еді.

ОМБЫ ХАБАРЛАРЫ

«Алаш Орда» бастығы Әлихан Бөкейхан, мүшесі Әлімхан Ермеков Сібір үкіметімен сөйлесіп жатыр. «Алаш Орданың» ұсынған шараларын Сібір үкіметінің арасынан шығарған комиссиясы қабылдап өткізген. Енді тез арада Министрлер советінде қаралмақшы. Ақмоланың облыстық земское собраниесі 4-інші августе (жаңаша) тарқаған. Қазақ гласныйларының бір-екеуінен басқасы, бір ауыздан сөз шығарып, Алаш берекесінде болды. Орыс гласныйларынан Алаш берекесін күндеп, іштері күйгендері болыпты. Орыс гласныйлары ерегеспен өздеріне тиісті облыстық земский управаға сайлайтын төрт кісінің екеуін ғана сайлаған. Оның өзіне де кадет табы риза емес. Біздің қазақ гласныйлары өздерінің үш кісісін бір ауыздан сайлаған; председатель жолдасына (орынбасар) өткен кезде Түркістан үкіметінің ішкі істер министрі болған Әбдірахманбек Оразай баласын, мүшелеріне Ақмоладағы «Алаш Орданың» облыстық советінің бастығы Ережеп Итбай баласын һәм Омбыдағы политехнический институтта оқып жүрген студент Мұқтар Самат баласын.

 Жиылыстың қаулылары тез арада қазақ тілінде басылып шықпақшы. Бұл жиылыста Ақмола облысының қазақтары мүшелі сыбағаларын алған. Оқу шаруасына бірнеше жүз мыңдар берілмекші болған. Бұл қазақтың екі жүз жылдан бері көрген бірінші теңдігі. Бұрын қазақтан түрлі алым-салықтар алынушы еді. Бірақ, қазақ пайдасына жұмсалмаушы еді. Енді соның үшін алдымен, земство салықтарын беріп отыру керек.

  Оқу-оқыту шаруасы, жер-су, азық-түлік - барлығы земствоның қолында. Осындай күші зор, пайдасы мол земстводан қашу шайтанның «биссмилладан қашқанындай» болады.

  Бірақ, земское собраниеге де, управаға да сенімді, бұқара пайдасын ойлайтын кісілерден сайлау керек. Алаштың берекесіне әрекет келтіретін кісілерден сақтану керек. Өткен земское собраниеде Ақмола уезінің қазақтарының атынан келген саудагер, татар жігіті Шәріп Ялымов деген шет жайылып, түрлі-түске боялып, қысқа күнде қырық құбылып, қара бұқараның пайдасына қастардың қамшысын соққан. Еуропа халқы заңда қай таптан сайланса, сол таптың мақсаттарын қолына қаршыға қып ұстайды. Көріне шет жайылмайды. Шәріп Ялымов бұқараның терісін жамылып, орыс байларының пайдасын қуаттаған.

  Қаратаудың қожасына сиыну аңқау қазақтың табиғаты болушы еді. Бірақ, земство ондай сиынуды көтермейді. Аңқау елге арамза молда болудың заманы өткен. Шәріп Ялымов сияқтыларды земствоға сайлау - қазақ шаруасына қасқырдан қойшы салғанмен бірдей.

БОЛЬШЕВИК СОҒЫСЫ

Сібір аймағында большевиктер құруға жуықтады. Түркістан да большевиктерге қарсы қозғалып жатыр. Жетісуда елеулі жерлердің көбі үкімет әскерлерінің қолына кірген. Семейден барған қазақ отрядтары да большевиктерді шапты, тұрғын халықтар да тегіс қаруланып жатқан көрінеді. Дон, Кавказ, Қырым, Орынбор, Орал бойы большевиктерден тазарып, кеміген. Енді орта Россия ғана большевик тырнағында қалды. Қазан қаласы да алынды.

ТҮРЛІ ХАБАРЛАР

Екатеринбургте өз алдына аудандық Орал үкіметі жасалмақшы. Жасау тәртібі төрт партияның екі-екіден шығарған кісілеріне тапсырылған.

Оңтүстік-Сібір темір жолының жүретін бетін тексеріп болған. Енді жол жабдықтарын істеуге кіріскен. Жол сызығы Орск Атбасар Ақмола Шідертіден бір бұтақ бұрылып, Кереку Барнауыл кетеді. Екінші бір бұтақ Семей кетеді. Үзын бойы 2400 шықырым. Бұл жолдың бойында кей жерлерде темір, мыс, қорғасын, тас көмір барлығы білінген. Темір жол жүрген соң, осы жерлердің бәрі пайдаға аспақшы.

Шаруа ғалымдары айтады: темір жол екі жүз шақырымның ауданындағы елдердің тұрмыс-салтын, шаруа қалпын өзгертеді, ата кәсібін қалдыртады, деп. Соған қарағанда, бұл оңтүстік темір жолының бойында отырған қазақ елдері біраз жылдың ішінде осы күнгі шаруа түрлерінен айырылады һәм шаруаның қай тарауына болса да, қымбатшылық кіреді деп есептеу керек.

Атбасарда. Сібір темір жолындағы Есілкөл станциясында оба ауыруы білінген. Обадан сақтану туралы келесі нөмірлердің бірінде жазамыз.

Сібір теміржолындағы станцияларда 800 000-дай қашақтар бар. Көбінесе осылар - аурудың ұясы. Себебі: аш, жалаңаш, кір, ауру-сырқау, бәрі де қашақтардың жолдасы болады.

Түрік сұлтаны Мухаммед Ришад өлген. Түрік заңында сұлтанның [отырған ] тағы, хан тұқымының үлкеніне көшеді. Қазіргі үлкені - өлген сұлтанның інісі Уахдалдин.

«Дело Сибири» "ЖАС АЗАМАТ" ГАЗЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ САНЫ (1918 ЖЫЛ)

1918 жылғы 30 шілде, Петропавл қ.

ЖАС ТІЛЕК

Жастар съезінің тілегі орындалды: өмір тәжірибесінің, білім аздығының кемдігіне қарамай, төрт түлігі сайланбай, «Жас Азамат» тәуекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шықты.

Келешектің қараңғылығы, саяси ауаның күн сайын құбылуы, қалың өрттей, кеселді дерттей апаты күшті күндердің тууы, дүние болу-болмау сол әлінің майданға қойылуы, ұлттың өмірлік құқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың үкім сүруі, «Жас Азаматтың» үстіне ауыр жүк салып отыр, қоғамдасып-қолтықтасып күш беріп, ауыр жүкті тиісті орнына жеткізу - жастардың басты міндеті, үлкен борышы.

«Жас азаматтың» алтын идеялы, әулие мақсаты, негізгі жолы ұлт бостандығы, ұлт теңдігі.

Бұл тілекке жету үшін «Жас Азамат» Алаштың алтын туын жайқалдыра алатын, дұшпанға күйініш, досқа қуаныш салатын, іргелі ер қылатын бірлікті қолданады. Әлсізді күшейтетін, ауырды жеңілдететін табиғаттың қожасы болған шаруа міндетін қолданады. Ар-иманның, таза адамшылықтың түпкі тамыры әділдікті қолданады.

Осы айтылған жолдарда қарсы күш - қалың жау тұрса да, таудан үлкен тұрмыстық кедергілер тұрса да, «Жас Азаматтың» бет алған сапарынан қайтпайтынына иманымыз берік.

«Жас азамат» қажыса, талса, қатерден қорықса, от екпінді ұлтшыл жастардың рухының сөнгені, ұлт үшін «ыстық қан, жас жан құрбан!» деген пікірден қайтқандығы жоқ...

Бұл мүмкін емес, өйткені, жүректеріне нық байланып, ыстық қандарына сіңген зат - бір буыннан бір буынға көшіп отыратын қасиетті мұра.

Алты миллион Алаштың, жарық ойлы жастары арасындағы жалғыз «Жас Азаматты» алып шығып, асырай алмаса, тұғырға қондырып баули алмаса, пұлға мұқтаж қылса, жас атаулының сүйегіне тарихи ұят таңбасы басылады.

Жастар! Келешектегі буындардан алғыс, я қарғыс алатын дәуірге кездестіңдер! Ұлттың гүлденуі көркеюі, «Алаш Орданың» абыройы, айбынды болуы сендерден. Кәрі буыннан қайыр аз. Кәрі буын (біразын шығарғанда) қажыған, қайраты қайтқан буын, ерлігі сөніп, жауынгер бабаларын ұмытқан буын, «төрелерге» құлдық ұрып жатыр. Түймеге табынған буын, сайлау, партиясымен миларын шірітіп, ұлт намысын, жұрт жұмысын күндік тамағына айырбастаған буын.

Мәдениеті жоғары ұлттардың жастары ұзақ жылдар от өмірді ғарып қылып, көз жасын, жүрек қанын сел дария қылып, ойлаған мақсатына жетіп отыр. Көз алдымыздағы орыс студенттері алпыс жылдан астам азаттық жолында ескі үкіметпен күресіп келді.

Біздің Алаш жастары 1905 жылдан ғана бастап, әлеумет қозғалысына кірісіп, саяси күреске ат салыса бастап еді. Енді мінеки, аз жылдың ішінде өз міндетін көздеген нысанаға тигізіп отыр. Алаш ұранының үкіметі «Алаш Орда» құрылды.

Аз бейнетпен табылған дәулетті салақсып, ұсақ жұмысқа кірісіп, қолдан шығарып жіберу - кешілмейтін кінә.

Жастар! «Алаш Ордаға» мәдени күш беретін күндерің туды! Жер-су, бірлік-берекеден айырылған кәрі буынның осы уақытқа дейін істеген зор қателері, жетер!

Билік тізгінін қолға алатын күндерің туды.

Ел үшін, жер үшін: «Алаштап!» Ақ ту көтеріп найза салып, садақ тартатын күндерің туды.

Жастар! Жүрек толқытқан шерді, ми толқытқан ойды жарыққа шығарып, майданға салыңдар!

Алда жүрген Алаш жолында аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өнеге алыңдар!

Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар!

Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы - зиян деп жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірмеген елді ойлаңдар!

Түн қараңғы, дауыл қатты. Бірақ, ұлт бақыты жастарға нұрлы сәуле!!!

Жасасын, «Алаш Орда!»

Жасасын, Алаш көшбасшылары!

Жасасын, Алаштың жаужүрек, ұлтшыл жастары!

Баспасөз, жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамда қандай міндет атқаруы керек? Баспасөздің ақпар таратушы, қоғамдық пікір қалыптастырушы, ғылым-білім жетістіктерін насихаттаушы, Қазақстанды мекендейтін түрлі діндегі, әртүрлі тілде сөйлейтін халықтардың басын қосып, ынтымақта өмір сүруге бастаушы т.б. қызметі жөнінде ұстанар бағыт қайсы? Бұл жөнінде тарих тәжірибесі не айтады?

Осынау көп сұрақтардың жауабын іздеп-табу үшін еліміздің тәуелсіздікке дейінгі тарихын тереңірек оқып, зерделеу қажет. Яғни, таптық жіктелу деген желеу-түсініктен арылып, бір ұлттың тұтастығын меншік түрі мен мөлшеріне қарай екіге жарып, бірімен-бірін атыстырып-шабыстырып қойған жағдайды бүгінгі ұрпақ өз бетінше саралап, ақиқат тұрғысында түсінуге талпынғаны жөн. Гуманитарлық ғылымда зерттеу әдістемесіне бірден-бір негіз болған маркстік-лениндік таптық ұстаным  өзінің бүкіл кесір-қырсығын, отарлық бұғаудың қасіретін көп шеккен қазақ халқына тәуелсіздік идеясын ұмыттырып, бірнеше ұрпақтың санасына сіңіріп келгенін мойындаған жөн.

Рас, ХХ ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тарихын қоғам дамуының заңдылықтарына байланыстыра қарап, ақиқатты айтуға талпыныс жасаған Алаш ардагерлері болған.

Баспасөз тарихшылары арасында алдыңғы орын көрнекті қаламгер, ұлт тәуелсіздігі үшін жанын қиған Міржақып Дулатұлынікі. Ол, сонау 1923 жылдың өзінде-ақ бұқаралық баспасөздің ұлттық сана-сезімнің оянуына қалай әсер ететінін ғылыми тұрғыда былай түсіндіреді: «Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі. Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді. Яки, қай жұрт өнерлі болса, оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық. Бұған ешнәрсе білмейтін надандар, соқырлар болмаса, көзі ашық, көңілі тетіктер көптен иман келтірген. Сондықтан, Еуропа жұрты баспасөзге «алтыншы билік» деп ат қойған, деп М. Дулатұлы сол кезде-ақ тұжырымдаған болатын. Автор өз тұсындағы Қазақстан аймағында шығып тұрған мерзімді баспасөз нұсқаларын алғашқысынан бастап, 1923 жылға дейін толық санамалап шыққан. «Қазағы, қырғызы бар Қазақстан, Түркістанды қосқанда, бұл күнге шейін шығып тоқтаған һәм шығып тұрған газет, журналдар мыналар...» деп: 1. «Дала уалаятының газеті», 2. «Серке», 3. «Айқап», 4. «Қазақстан», 5. «Қазақ», 6. «Қазақ газеті», 7. «Сарыарқа», 8. «Алаш»..., 9. «Жас азамат» газетін атайды.

М. Дулатұлы қазақша газеттердің атауларын осылайша тізіп өткенде, қайсының ілгері, қайсының кейінде тұрғанын уақыт ретімен қатаң сақтауды мақсат етпеген. Сондай-ақ, баспасөздің тарихқа мағлұм аттарын ғана атаған, шын мәнінде әуелде басқаша аталып, кейінде аты өзгеріп, дәстүрі жалғасып келе жатқандығына назар аудармаса керек. Сондықтан да: «Бұлардың 32-сі марқұм, 10 шамалысы ғана шығып тұр», деп көрсеткен. М. Дулатұлының мына сөздеріне назар аударсақ, біраз жайға қанығамыз: «Тоқтағандардың ең көп жасағаны «Қазақ» газеті, мұның да өмірі 7 жылға толған жоқ, ең өмірсізі бір күндік».

«Қазақ» газетінің ұлт тағдыры мен тарихы үшін қандай маңызы болғаны туралы ұлы ойшыл Мұхтар Әуезовтің 1923 жылдың өзінде берген бағасы күні бүгінге дейін аса сындарлы және ғибратты. «Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ахаң сөйлегенде, менің есіме «Қазақ» газетінің әндері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «Кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», қалың қазақ жұрты елдігін жоғалтып бара жатқанын тұманды оймен сезуші едік, көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестегендей еді.

Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінде, анда-санда оқып отырған әсерлі, анық сөздер, қауіптің пішінін айқын ғылып көрсетіп беруші еді. Жас буынның жаңа туып келе жатқан әлсіз ойын «жол мұндалап», жетегіне алып бара жатқанда, «Қазақ» газетін көрген жерден қадалып тұрып қалатын»....«Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, елін ұйқысынан оятып, жансыз денеге қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын», -дейді М. Әуезов.

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде Алаш баспасөзінің тарихы жөнінде, қазақ даласында алғашқы газеттер мен журналдардың қалай пайда болғандығы, баспасөз түрлерінің қандай міндет атқарғандығы жайында әңгіме қозғала бастады.

Әрине, алды 140 жылдай, арты 70 жылдай ілгеріде шыққан қазақ тіліндегі баспасөзді талдау, шынайы ғылыми әділдік тұғырнамасын ұстана отырып, солардың әрқайсысын байсалды зерттеу Отан тарихын құрметтеуге бастайды. Әрбір оқиға мен құбылыстың бағасы өз заманының айнасынан ғана айқын көрінеді. Сондықтан, «баспасөз қашан да өз дәуірінің шежіресі»  деген негізгі ұстанымды басшылыққа алып, салыстыру, жарыстыра талдау, баспасөз тарихын әдебиетпен, тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика сияқты ғылымдармен шендестіре зерттеу арқылы ғана ана тіліндегі баспасөздің қадіріне жетуге болады. Тағы бір есте болатын нәрсе, тарихи әдебиет өткен дәуірді қамтиды, сондықтан, кейбір атау-ұғымдар, оқиғалар мен құбылыстар бүгінгі оқушыға түсініксіз болуы мүмкін. Бұл орайда да, сілтемелер мен түсініктерге, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне назар салып, өз бетінше қорытынды жасауға ұмтылған жөн дер едік.

Қазақтың ұлттық баспасөзінің тарихында елеулі орны бар «Жас азамат» газеті ұлт тәуелсіздігін жақтап, отаршылдық езгіге қарсы тұрған қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси газеті. 1918 жылдың сәуір-мамыр айында Омбы қаласында өткен қазақ жастарының тұңғыш құрылтайының шешіміне орай, «Бүкілқазақтық жастар ұйымының тілі» ретінде бұл газеттің алғашқы саны 1918 жылдың 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген.

Газеттің дәл осы кезде Қызылжар қаласында шыға бастауы аймақта Кеңес өкіметінің құлауына байланысты, билікті қолына алған «Алашорда» үкіметінің саяси шешімінің нәтижесі еді. 1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарыпи үлгерген барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды. (Трудовое Знамя, 1918, 7 апреля, 1 и 18 мая; Вестник Семиреченского трудового народа, 1918, 25 октября.) Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақ тіліндегі жария баспасөз органы арқылы Алаш басшылығы II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыру шараларын насихаттау, халықтың саяси сауатын ашып, ұлттық санасын оятуды көздеді. Күн тәртібінде тұрған аса маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселелер: Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін түсіндірумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орната отырып, үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды. «Жас азаматтың» әр санында осы тақырыптар көтерілді. Мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару органы Земство жүйесі оқырманға кең түсіндірілді. Өйткені, соның алдында ғана 1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді». (Трудовое Знамя, 1918, 9 апреля).

Тұңғыш қазақ жастары газетінің қалай шыққандығы туралы С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» мынадай жолдар бар: «Май айында, 1918 жылы, Омбыдағы оқудағы Алашорда жастарының ұйымына айналған «Бірлік ұйымы» «Жалпы жастар съезін» жасады. Съезге әр жердегі жастар ұйымынан екіден өкіл шақырды. Біз «Жас қазақ» ұйымынан Абдолла Асылбекұлын жібердік. Біріне Омбыда оқып жүрген Жанайдар Сәдуақасұлын сайлап, телеграмма бердік... Абдолла майдың аяқ кезінде қайтты. Жастар съезіне Ақмола, Семей, Қостанай губерналарының жастар ұйымдарының өкілдері жиналыпты... Съездің көпшілігінің қаулысы бойынша, енді барлық жастар ұйымдарының бұрынғы аттарын қалдырып, «Жас азамат» деуге қаулы қылған. «Жас азаматтың» басқармасын сайлаған. Басқарма төрағасына Мұрзаұлын, мүшелігіне: Смағұл Сәдуақасұлын, Мұратбек Сейітұлын, Гуля Досымбекованы (Міржақып Дулатовтың балдызы. Авт.), Әбдірахман Байділдәұлын сайлаған. «Жас азамат» ұйымының тілі қылып «Жас азамат» атты газет шығармақ болған. Газеттерін Қызылжарда, жабылып қалған Көлбайдың газеті «Үш жүздің» орнына шығармақ болған. Шығарушылыққа Кемеңгерұлын сайлаған».

Жоғарыда айтылғандай, газеттің редакторы белгілі қайраткер Қошмұхамбет Кемеңгерұлы, басқарма құрамындағылар: Смағұл Садуақасұлы, Мұратбек Сейітұлы, Гүлнәр Досымбекқызы, Әбдірахман Байділдәұлы еді.

Тұңғыш жастар газетінің алғашқы саны «Жас тілек» деген басмақаламен ашылған. Онда дәл сол кезеңде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай сараланған. Тәуелсіздіктің болымсыз ұшқыны алыстан көрінгендей болып, газет ел бостандығы үшін ұйымдасуға шақырады. Мұндай ұлы үміт жолындағы күрестің алдыңғы шебінен тек жастарды көргісі келеді. Газеттің осы бас- мақаласындағы мына сөздердің маңызы әлі де ортайған жоқ, салмағы жеңілдеген жоқ. Өз ұлтының тағдыры үшін шырқыраған көсемсөз шеберлері былай дейді:

«Жастар съезінің тілегі орындалды, өмір тәжірибесінің, білім аздығының кемдігіне қарамай, төрт түлігі сайланбай, «Жас азамат» тәуекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шықты. Келешектің қараңғылығы, саяси һауанының күн сайын құбылуы, қалың өрттей, кеселді дерттей, апаты күшті күндердің тууы, дүниеде болуы-болмауы, әлінің майданға қойылуы, ұлттың өмірлік құқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың үкім сүруі «Жас азаматтың» үстіне ауыр жүк салып отыр. Қоғамдасып, қолтықтасып, күш беріп, ауыр жүкті тиісті орнына жеткізу жастардың бас міндеті, үлкен борышы. «Жас азаматтың» алтын идеалы, әулие мақсұты, негізгі жолы ұлт бостандығы, ұлт теңдігі».

Алғашқы санының өзінде Алашшыл жастар ұйымының алға қойған міндеттерін айқындап, «Жанам деген жүрекке от беремін!» деп ақын айтқандай, қазақ көсемсөзінің озық үлгісі деуге тұрарлық, шын Отаншыл сезіммен суарылған зор қуаттың, бел шешіп күреске түскен саналы күштің екпінін сеземіз. Әрі қарай оқып көрейік: «Бұл тілекке жету үшін «Жас азамат» Алаштың алтын туын жайқалдыра алатын, дүшпанға күйініш, досқа қуаныш салатын, іргелі ер қылатын бірлікті қолданады. Әлсізді күшейтетін, ауырды жеңілдететін табиғаттың қожасы болған шаруа міндетін қолданады. Ар-иманның, таза адамшылықтың түпкі тамыры әділдікті қолданады.

Осы айтылған жолдарда қарсы күш - қалың жау тұрса да, таудан үлкен тұрмыстық кедергілер тұрса да, «Жас азаматтың» бет алған сапарынан қайтпайтынына иманымыз берік.

«Жас азамат» қажыса, талса, қатерден қорықса, от екпінді ұлтшыл жастардың рухының сөнгені, ұлт үшін «ыстық қан, жас жан құрбан!» деген пікірден қайтқандығы жоқ...

Бұл мүмкін емес, өйткені, жүректеріне нық байланып, ыстық қандарына сіңген зат - бір буыннан бір буынға көшіп отыратын қасиетті мұра.

Алты миллион Алаштың, жарық ойлы жастары арасындағы жалғыз «Жас азаматты» алып шығып, асырай алмаса, тұғырға қондырып баули алмаса, пұлға мұқтаж қылса, жас атаулының сүйегіне тарихи үят таңбасы басылады.

Жастар! Келешектегі буындардан алғыс, я қарғыс алатын дәуірге кездестіңдер! Ұлттың гүлденуі көркеюі, «Алаш Орданың» абыройы, айбыны болуы сендерден. Кәрі буыннан қайыр аз. Кәрі буын (біразын шығарғанда) қажыған, қайраты қайтқан буын, ерлігі сөніп, жауынгер бабаларын ұмытқан буын, «төрелерге» құлдық ұрып жатыр. Түймеге табынған буын, сайлау партиясымен миларын шірітіп, ұлт намысын, жұрт жұмысын күндік тамағына айырбастаған буын.

Мәдениеті жоғары ұлттардың жастары ұзақ жылдар от өмірді ғарып қылып, көз жасын, жүрек қанын сел-дария қылып, ойлаған мақсатына жетіп отыр. Көз алдымыздағы орыс студенттері алпыс жылдан астам азаттық жолында ескі үкіметпен күресіп келді!».

Осыдан 95 жыл бұрынғы қазақ жастарының жалпы білім деңгейі қазіргімен салыстыруға келмейтіні түсінікті. Ал, саяси сауаты ше? Әрине, ол да төмен. Бір ғажабы сол кездегі күрескер аталарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу еді. Олар, ешнәрседен тайынбай, «Қазақ халқы тәуелсіздік алуға тиіс және сөзсіз алады!» деп көрегендікпен болжады. Сол бостандыққа жету жолдарын анық таңдады, өз ізбасарлары Алаштың жастарын соған бастады. «Жас азаматтың» басмақаласына жазып сол жолды былай көрсетті: «...Біздің Алаш жастары 1905 жылдан ғана бастап, әлеумет қозғалысына кірісіп, саяси күреске ат салыса бастап еді. Енді мінеки, аз жылдың ішінде өз міндетін көздеген нысанаға тигізіп отыр. Алаш ұранының үкіметі «Алаш Орда» құрылды.

Аз бейнетпен табылған дәулетті салақсып, ұсақ жұмысқа кірісіп, қолдан шығарып жіберу - кешілмейтін кінә.

Жастар! «Алаш Ордаға» мәдени күш беретін күндерің туды! Жер-судан, бірлік-берекеден айырылған кәрі буынның осы уақытқа дейін істеген зор қателері, жетер!

Билік тізгінін қолға алатын күндерің туды.

Ел үшін, жер үшін: «Алаштап!» Ақ ту көтеріп, найза салып, садақ тартатын күндерің туды!»

Атап өтерлік бір жай, «Жас азаматтың» беташарындағы осынау сөздердің сарыны содан 11 жыл бұрынғы «Серкенің» (1907 жылы С-Петербург қаласында бір саны шығып тоқтап қалған «Серке» газеті туралы сөз болып отыр.-Авт.) алғашқы санына Міржақып Дулатов жазған «Біздің мақсатымыз» деген басмақалаға өте ұқсас. Арада он жыл өтсе де, ұлттық екі басылымның, ұмытылмаған, үзілмеген мұндай үндестігі тәуелсіздік жолындағы күрескерлердің ұрпақ жалғастығы, дәстүр сабақтастығы күшті болғанын көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, М. Дулатовтың аталған мақаласына оқырман назарын аударайық. Автор мақаланың айдарына «Қазағым менің, елім менің!» деген сөздерді елжірей жазғанын оқимыз. Басталуы былай:

«Ең алдымен қазақ халқы Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алып...».

Бұл жерде «Жас азамат» шыға бастаған кездегі саяси ахуалды тағы да еске алудың реті келіп тұр.

1918 жылдың басында Қазақстанның қалаларында билікті большевиктер басып алып, қара халықты қанға бөктірген болатын. Ал, 1918 жылы жазға қарай, кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты, өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде Транссібір магистралінің ұзына бойында кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерге серпін берді. 1918 жылы 11 маусымда кеңес өкіметі Семей қаласында  құлатылды. Билікті қолына алған большевиктер үкіметі сөз, қағаз жүзінде езілген ұлттарға теңдік, бостандық жариялағанмен, іс жү¬зін¬де жүзеге асырған жоқ еді. Осы шешімдер арқылы автономия алып кетуден үмітті болған Алаш аза-маттарының осы жолдағы есіл ең¬бегі ақталмады. Ол ту¬ралы «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 наурыздағы 35 санында бы¬лай делінген: совет үкіметі өткен декабрьдің ішінде бүкіл Россия¬дағы жұрттарға «Бас билік тізгінің өзіңде. Мейлің Россия¬мен қанаттас автономия бо¬лып отыр, мейлің Россиядан бөлі¬ніп, өз алдыңа жеке мемлекет бо¬лып отыр, ерік өзде¬ріңде» деп жария қылған еді. Онысы жалған болды».

Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада эсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда соғыс бастаған атаман Дутов кеңестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде азамат соғысы етек жайғанда, «Алашорда» (Алаш автономиясының үкіметі) кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін, Орынборда атаман Дутовпен одақ құруға мәжбүр болды, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу казактарымен ынтымақты нығайта түсті.

Осындай аумалы-төкпелі заманда «Алашорданың» тағдыры қыл үстінде тұрған. Қазақ халқының тәуелсіздікке деген үміті де бұлыңғыр еді. «Жас азамат» газеті: «Келешек қараңғы, жағдай күн сайын құбылған, апатты күндер туды, қазақ халқының дүниеде болу-болмауы тарих безбеніне тартылды, ұлттың өмірлі құқықтары аяққа тапталды, жаңа билік халықтың қанын сорып отыр...» деп,  алапатпен келген апатты, ел басындағы қайғылы халді түсіндіріп, көзге шұқып көрсетіп, қазақты сақтап қалу үшін жастардың «тәуекел кемесіне мініп, тұрмыстың таласатын, күресетін майданына шыққанын» хабарлады, белді буып, етекті жиып, күреске кіргенін паш етті.

Сол кезде де, кейінде де ұлт мүддесін шен мен шекпенге, арзан атақ пен уақытша қызметке айырбастап жіберген кейбір мансапқор аталарымыз өздері де, өзгені де зор қайғыға, қасіретке ұшыратты. «Алашорда» үкіметі ойлаған міндетін орындай алмады, сыртқы дүлей күштің, ішкі алауыздықтың, жаңа отарлау саясатының құрбаны болып, күйіп кетті. Бұл ақиқат қазір ғана, Қазақстанның дербес мемлекет болып тарихи даму дариясына өз ескегімен қайық салған кезде ғана мәлім болып отыр.

Алашордашылардың бұл газетті шығарудағы мақсат-сыры оқырманға жолдаған «Ашық хатында» көрінді. Осы ұйымның кіндік комитеті: «Ел көп топырдың ортасында аяқасты бас қосайық деген пікір туып еді. Бұл пікірді туғызған көкті қаптаған қара бұлт - большевик дауылы еді. Бұл дауылдан қазақ елін шамамыз келгенше аман сақтап қалайық, шамамыз келгенше тарих алдында кінәсіз болармыз, өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде деген мақсұт еді», - деп түсіндірді.

Алғашқы қазақ жастарының газеті, Алашшыл жастардың үні - бұл газеттің шығуына бастаушы 1918 жылғы сәуір-мамырдағы бірінші съезд екенін, ол жөнінде Мұхтар Әуезовтің «Тұңғыш қазақ жастарының съезі», «Қазақ жастарына» деген мақалалары болғаны да мәлім. Газеттің біздің қазіргі журналистік іс-тәжірибе түсінігінен мүлде бөлек, аса қиын жағдайда шыға бастаған еді. Сондықтан, Ресейді іштей бүлдіріп, бір туғанды өзімен-өзін қырқыстырып жатқан саяси күштерден қазақ зиялысы үлгі алмауы керектігін «Жас азамат» ерте-ақ ескерткен.

Газеттің бірінші санында «Бүлінгеннен бүлдіргі алма!» деген саяси шолу басылды. Онда: «Большевиктер орыс зиялылары мен жұмыскер-қарашекпендердің арасына жік түсірді, бұл ауру бізге жұғып жүрмесін», деп ашық айтып, аз қазақты бірлікке шақырды. Мақала авторы, қазақтың көрнекті көсемсөз шебері, Алаш жастарының жетекшісі Қошмұхамбет Кемеңгеров болатын.

Бір кезде С. Сейфуллин көрсеткендей, сол заманда шығып тұрған қазақ тіліндегі баспасөз нұсқаларының басшылыққа алғаны «Қазақ» газеті екендігі анық байқалады. «Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ-күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқау беріп, хат жазып жатты», деген еді «Тар жол, тайғақ кешудің» авторы.

Жас қаламгердің және олардың тілектестерінің бұлайша алаңдауына себеп көп еді. Қазақ жастарының Омбыда өткен бірінші съезінде (С. Сейфуллиннің көрсетуі бойынша) Ақмола уезі жастарынан құрылған «Жас қазақ» ұйымының атынан барған А. Асылбеков сияқтылар нақты жағдайды түсінбей, қазақ тұтастығын бұзып, өздерінше төңкерісшіл, большевикшіл бола қалған еді. Орыс төңкерісшілерінің желбуаз, жалған ұранына сенген қазақ жастарының бұл тобы саяси күрес тәжірибесінен ада, қоғамдық құбылыстарды өз бетінше, саналы бағалай алмайтын. Тіпті, олар саяси күрес, пікірталас дегеннің не екенін білмегендіктен, өздеріне қосылмағандарды балағаттап, жала жабудан тайынбады. Кейінде мұндай алауыздықты отаршыл, шовинистік билік пайдалана білді. Ұлттық мемлекет, тәуелсіздік ұранын көтерген қазақ зиялыларын түгел құртып жіберді.

Алашорданың саяси ұйым ретіндегі қызметіне баға беріліп, Кеңес құрылысына қарсы шыққандығы қылмыс емес, саяси қозғалыс деп танылып, 1919 жылы кешірілсе де, қазақтың кейбір азаматтары коммунистік билікке жағынып, қоламтаны қайта көсегенін тарих біледі. Мұның өзі санасы оянған халықтан қорқып, әділетсіз саяси қуғын-сүргін науқандарын бастаған тоталитарлық жүйенің отына май құйды. Басқалармен бірге, «Жас азаматтың» қаламгер қайраткерлері де жаппай атылды. Кеңес коммунистері өрттей қорқатын «Алашорда» деген сөз қайта-қайта еске салынып, қазақ зиялыларының ел тәуелсіздігі үшін күресі қылмыс ретінде насихатталды.

Мысалы, аталарымыздың бірі: «Жалғыз-ақ, аз болсын, көп болсын қолынан келгенше қайрат (қазірше белсенділік) көрсетіп жатқан Алашорданың жастары екені газеттерінен көрінеді. Алашорданың жастар ұйымы барлық Қазақстанның ұлтшыл жастарына нұсқа беріп, Қызылжарда «Жас азамат» газетін шығарып жатыр» деп жазды. Әрине, автор қазақ жастарының газет шығарған талпынысына қуанып отырған жоқ, жылдар өтіп кеткеннен кейін де, коммунистік идеология тұрғысынан әшкерелеп, кекеткен болып жазғанын түсіну қиын емес. «Жас азаматқа» жаны қас болса да, кеңестік жазушы қазақ жастарының осындай басылымы болғанын, сол газетті шығаруға «қолынан келгенше қайрат, белсенділік көрсетіп жатқан Алашорданың жастары...» туралы тарихи маңызы бар мағлұмат қалдырып отыр. Бұған да шүкір.

«Жас азаматтың» Қызылжарда қалай шығып тұрғанын, қазақ жастарының, жалпы қазақ қауымының тәуелсіздікке деген арман-мұңын айғақтап, қоғамдық сананы оятуға күш салғанын Жүсіпбек Аймауытов көрсеткен. Ол Семейдегі «Сарыарқа» газетінің 1919 жылғы 20-ақпандағы санына «Газет, жорнал оқушыларға» деген мақала бастырып, Семейдің орысша газетінің қазақ баспасөзін ғайбаттап, «оқушылары болмағандықтан қазақтың бір газеті мен жорналы жабылып қалыпты» деген хабарына қарсы сөйлеп, түсінік берген: «Бұл хабар бекер, - депті Ж. Аймауытов, - «Жас азамат» күні бүгінге дейін шығып отыр. Қаржы жағынан кемдік көріп, тоқтай ма, деген кірбің болып еді. Енді тоқталмас дейміз. Өйткені, Омбы жастары әдебиет кешінен мың сом, Семей жастары бес мың сомдай көмек жіберіп отыр. Тағы сондай көтерушілер табылатын көрінеді».

Зерттеуші Д. Қамзабекұлы газеттің 22 санын қарап шығып, « 1 - 11 сандарының редакторы Қошмұхамед Кемеңгерұлы, 12 - 16 сандарына қол қойған Біләл Малдыбайұлы, 17 - 22 сандарында қайтадан Қошмұхамед Кемеңгерұлы болған» деген құнды тұжырым жасайды.

Сол дәуірдегі журналистика дәстүрінде мақалаларды қол қоймай жариялау, немесе бүркеншік аттарды пайдалану жағдайы жиі кездеседі. Сондықтан, газет материалдарының авторларын анықтау қиынға соғады. Мысалы, «Жас азаматтың» бірінші санында басылған «Жас тілек» деген бас мақаласын авторы көрсетілмесе де, оның редакторы Қошмұхамед Кемеңгерұлы жазған деп топшылауға болады. Мақалада жаңа газеттің бағыт-бағдары көрсетіліп, келешектте бет-бейнесі қандай болатыны айтылған, оқырмандарға тілек арналып, газет жұмысына белсене қатысып тұру сұралған. Демек, мұндай мазмұнды сөздер, әдетте, редактордың ғана қаламынан туады.

«Жас азаматтың» осы санында Алаш партиясы атынан «Алаш азаматтарына!» деген тақырыппен ашық хат басылған. Қазақ жастарының тұңғыш және бірден-бір газеті бетінен ұлт саяси ұйымының көсемдері жастарға үндеу тастап, «Алаш Орда тігілді, Ақ ту көтерілді. Енді әркім шамасына қарай, ұлтына қызмет қылуы тиіс» деген тарихи міндетті алға тартады. Одан кейін: «Жастар! Атқа мін! Басқа жұрт көрсін!» деген ұранның құдіретті қуатын дәл қазір көзге елестетіп көрейікші. Қашан да келешек - жастардікі. Мысалы, біздің Отанымыз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының келешегі де жастар. «Жас азаматтың» 95 жыл бұрын жар салып таратқан шақыруын дәл қазір де қайталаудың жөні келіп тұрған жоқ па!

«Жетісіне бір рет шығады» деп хабарланған газеттің алғашқы санын кеңірек сипаттауымыз тегін емес. Жастар баспасөзінің қарлығашына талмас қанат, ұзақ ғұмыр тілеген құттықтауларды дәл қазір де тебіренбей оқу мүмкін емес.

Мысалы, Жүніс деген автордың өлеңі: «...Ұлтына мәңгі бақыт, ерік тілеп, Қол созды «Жас азамат» нұр аспанға!» деп аяқталады. Ақмоладан келген жеделхатта: «Жас азаматтың» нұрлы шырақ жас жалауы болып, бақыты өрлеп, күші молайып, көздеген мақсатына жетуіне тілектеспін» делінсе, Семейдегі «Жанар» атты жастар ұйымы: «Ыстық жүрекпен «Жас азаматты» қарсы аламыз! Тартқан бағытына хайырлы сәт тілеймін», деп құттықтайды. « Әр ұлтты өрге сүйрейтін, өрнек болып тура жолға бастайтын басшы дат - газет болғандықтан, ұлт пайдасын ойлап, адал ниет, ақ жүректен шығатын жасөспірім жаңа талап «Жас Азамат» газетінің бауы берік болуына тілектеспіз!», деп ағынан жарылып қол қойғандар Мұхаметсәлім Кәшімов пен Хасен Темірбеков екен.

Қамтыған тақырыбы жағынан қарағанда, жарияланымдарда саясат мәселесінің басым болуы уақыт талабы екені байқалады. Және қазақ жерін отарлауды тежеу туралы сол кездің өзінде ашық пікір таратқан жастардың ісіне айызың қанады. Айталық, 1918 жылғы 18 тамыздағы 3-санында шыққан «Өлген тірілмекші» деген мақалада Ресей үкіметінің келімсек қарашекпендерді қоныстандыру мекемесі жойылып, Қазақстан жеріне ішкі Ресейден ауып келіп жататын «қоныстанушылар» легі саябырлаған болса, «Қазақ жерінің бір кезде әзәзілі болған переселен мекемесі қайтадан тіріледі деген қауесет бар. Ондағы тірілудің мақсаты: Оралдың ар жағында жерсіз, қара құрттай қайнаған мұжықтарды миллиондап әкеліп, Сібір жеріне орнықтыру. Өткен жылы Уақытша үкіметтің Сібірге переселен жіберілмейді деп бекіткен қаулысын қолданбаймыз деседі. Мұндағы жергілікті жұрттар мен қашақтар сиыса алмай жатқанда, тағы қанша переселендерді төге салу үшін переселен мекемесін тірілту қамына кірісу, саясат жағынан көзқарастың өзгергендігін көрсетеді. Қашан үлкенді-кішілі құрылтайлар құрылғанша, қазақ жерінің үлеске түспесіне іс басындағы Алаш азаматтары қам қылуы керек. Әр жерде жергілікті мұжықтармен қосылып, переселен мекемесін тірілтпеске тырысу керек». Автор Жәдігер-Жаныстың бұл жанайқайы сол дәуірде-ақ келешекті ойлаған әр қазақтың қайғысы десе болғандай.

Халықтың бостандығы үшін күресетін, оның алдағы тағдырының қандай болмағын айқындайтын көзі ашық, жаны таза, саналы жастар екендігін бұл басылым әуелден-ақ жария етті. Мағжан Жұмабаевтың «Жастарға!» деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай.

Газеттің үшінші санына басылған 25 жастағы ақын Мағжанның «Жастарға!» деген өлеңі сол замандағы қазақ жастарының ел-жұрт алдындағы тарихи міндетін көрсетіп берген бағдарлама десе болғандай. Мағжан шумақтарына беташар болған, көсемсөз түріндегі нұсқалы сөз мынау: «Жастар! Жүрек толқытқан шерді, мый толқытқан ойды жарыққа шығарып, майданға салыңдар! Алда жүрген Алаш жолында аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өнеге алыңдар!

Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар! Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы - зиян деп жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға, ер жетіп, есі кірмеген елді ойлаңдар!

Түн қараңғы, дауыл қатты. Бірақ, ұлт бақыты жастарға нұрлы сәуле!!! Жасасын, «Алаш Орда!» Жасасын, Алаш көшбасшылары! Жасасын, Алаштың жаужүрек, ұлтшыл жастары!» Жас ақынның жалындатқан шақыруы тек өзінің ғана емес, алты миллион қазақтың атынан айтылып, қазақ көгіне шалқи көтерілген Ұлт ұраны еді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!..

«Алаш!» - айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды Алаш - елім дер.

Алтын Арқа - жерім дер

Мен жастарға сенемін!..

Мен сенемін жастарға!

Алаш атын аспанға

Шығарар олар, бір таңда!

Мен жастарға сенемін!

Смағұл Садуақасовтың аузынан шыққан: «Мағжан қазақ жастарының ой-санасының әміршісі» деген сөздің түп-тамыры, бәлкім, осы бір отты-жалынды өлең жолдарында жатқан шығар.

Үлкен тебіреніспен, күйзелген жан толқынының қуатынан туған бұл жолдар қазір де, бұдан былай да: «Мен қазақ ұланымын!» деген әрбір жастың жүрегіне жол тауып, буырқанған құлшыныс туғызарына сөз жоқ. Әнұран екпіндес, шақыру, дабыл сипатында қайта-қайта «Мен жастарға сенемін!» деп келіп отыратын толқындар, көкірегінде сәл ғана шоғы бар саналы пендені жалындататын күшті көрік еді. Осы ұлы ұранды туғызған кезде Мағжанның өзі 25 жаста, ал газет редакторы Кемеңгерұлы 24-те, білікті көсемсөз шебері ретінде танылған Смағұл Сәдуақасұлы 20 жаста ғана. Осындай от жүректі, озық ойлы қазақ жастары өздерінің арман-мұратын халқына тарату үшін баспасөздің құдіретті күшін пайдаланған.

Осы бірінші санының беташарына «Омбыдағы Алаш партиясының бас комитетінің» атынан «Алаш азаматтарына!» деген тақырыппен жарияланған әкелер мен ағалар сөзі «Алашорда» үкіметі қанаттанып, ел билігін қолына ала бастаған, сол айлардағы саяси ахуалды түсіндіруге арналған. Қатардағы үгіт пен насихат емес, жастардың өздері шығара бастаған «Жас азамат» газеті үшін арнайы жазылған, салмақты сөз, салиқалы ақыл-кеңес былай басталған:

«180 миллион Россия халқын 300 жылдан астам бір шыбықпен айдаған Роман тұқымының тағы күйреп, іс басынан құлағанда, [одан кейін] жеті айдай зорлықпен, қан ішерлік пен билік жүргізіп дәурен сүрген большевик үкіметі де, Сібір жерінде жығылды.

«Дін үшін, туған жер үшін, патша үшін!» деп Николай үкіметі халықтың қанын қандай сорса, социализм үшін, жұмыскер христиан үшін, Совет үшін!» деп большевик үкіметі де халықтың қанын сондай сорды.

Қолдан мал, бастан ерік кетті. Бостандық, теңдік арманы - арамтамақ, қаны бұзақылардың тепкісіне түсті. Халықты қараңғыдан жарыққа шығару жолында аюдай үкіметпен алысып, абақтыда бит-бүргеге жем болып, қыршын өмірлерін қоршылықта, таршылықта өткізген саяси сабаздар, олардың бейнеті, қаны мен мыйынан табылған олжа да, зорлықшылдардың аяғының астында қалды.

Ел таланды, шабылды, ашықты, ер азамат қанға батты, алыстағы алысқан жау былай қалып, аяқ астынан жауласып, ағайын жұрт бірінің етін бірі жеді.

Қара халықтың өзі сайлап қойған мекемелері тас-талқан болды. Ұры-қары, ит мінезді азғындар халықтың қасиетті тағдырына ие болды. Халық қазынасы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті...»

Жағдай осылай болған соң, не әрекет қылмақ керек? В. Ленин бастаған большевиктер, бірінен кейін бірін жалғастырып, екі декрет шығарғаны мәлім. Оларда барлық ұлттардың өзін-өзі билеу құқын өз қолына бермек болған, тіпті мұсылмандарға жеке үндеу тастап, «өз мемлекеттігіңді өзің құрып ал», деп дәмелендірді. Билік үшін күрестің бастапқы кезінде осылай сайраған коммунистер, жеме-жемге келгенде Ресейдің ғана мүддесін қорғайтынын бі

Заңды билікке ие болған үкіметі жоқ Ресей іштей бүлініп жатқанда, большевиктер де құлап,[барша қазақ] Алаш туы астына жиналып, аз ғана қайраткерлерінен үміт күткен шақ еді ол. Сондықтан күрестің жаңа ұраны мынау болмағын «Жас азамат» былай үндеді:

«Азаматтар! Құдай Алаштың тілегін берді. Дұшпан кеудесі басылды, үні өшті. Қозғалмастай күйге түсті.

Алаш Орда тігілді, Ақ ту көтерілді. Күні ертең тұрмыс тонын пішетін, келешекке үлгі жөн салатын Алаш құрылтайы болмақ. Аяқтан әуіре, қолдан кісен, ауыздан қақпақ кеткен Алаш баласы өз құрылтайыңды көріп өлсең, арманың жоқ!

Өткен өмірдегі ауыр жағдайға қалың қайғы, көз жасы - бәрі де енді ұмыт болды. Қара шаңырақ «Алаш Орданың» тігілгені - бір уақытта қазақты алға шығарды.

Ақсақалдар, ағалар! Ақыл айтып, жол бастаңдар! Баяғы еркін дәуреннен сөз қозғап, жастардың жүректеріне қызулық жалынын салыңдар!

Қазақ-қырғыз бір кезде кемеліне келген, өз алдына хандық құрып, билік жүргізген ел емес пе еді? Топ бастаған көсемі, сөз бастаған шешені, қол бастаған батыры бар емес пе еді?

Дәулетті байлар, мырзалар! Кісілік малда емес, әсте бүгін бар дүние, ертең жоқ. Әркім шамасына қарай ұлтына қызмет қылуы тиіс!»

Міне, ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде, Тәуелсіздіктің 22-ші жылында, біз сол азаттықтың қалай келгенін, қай кезде кімнің қайрат қылғанын түсінгіміз келсе, «Жас азаматтың» беттерін ақтарып, көз салайық, көңіл қояйық, түсініп, түйсініп оқиық. Осы бір асылдың сынығындай, ақ алмастай жарқыраған ұлы мәртебелі Көсемсөздің тамаша үлгісін алдарыңызға жайып отырмыз. Тағы бір-екі лебіз мынадай:

«Жастар! Атқа мін! Басқа жұрттар көрсін! Орал, Алтай, Ертіс, Есіл-Нұра, Еділ-Жайық бойында шарқ ұрған арыстандай ақырған Алаштың рухының сөнбегенін көрсін!

Япырмай! Кеше ғана ел емес пе еді? Алты миллион Алаш баласының басы құралмай, жер-судан айырылып, пендеге пенде болып жүргені, мейірімсіз тасбауырлардан рахым тілеп жүргені.

Міне! «Алаш Ордаға» жәрдем қылмасаңдар, Ұранға қызбасаңдар, сол көңілсіз күндерің алдарыңда даяр.

Ардақты азаматтар! Алаш туы Қағбамыз болсын, бәріміз соған қарайық. Алаш тілегі иманымыз болсын, бәріміз соған ұйыйық. Иншалла Алаш жасайды! Жасасын Алаш Автономиясы!!!» Бұған сөз қосудың өзі артық болар. Күні бүгін Көк туымызға жазып қоятын асыл лұғат осындай-ақ шығар.

Жер-жердегі жастар ұйымдарынан редакцияға келіп жатқан хабарлар да ірі маңызды, әрі қызық. «9 июльде Алаш [Жаңа Семей] қаласында «Жанар» ұйымының жалпы жиылысы бекіткен қаулылары: 1) ұйымның қаражатын күшейту үшін үйін жасау; 2) Семей облысындағы ұйымдардың съезін шақыру; 3) Омбыда болған жалпы Қазақ жастары съезінің қаулыларын мүшелер тегіс қабыл алған. Мұндағы «Жанар» ұйымының атын өзгертіп, «Жас азаматтың» областной бөлімі делінген; 4) «Жас азамат» газетіне екі жүз сом жарна жіберу. Жеделхатқа қол қойған жастар ұйымның секретары Нұралы Асылбаев». Немесе: «Керекуде «Жас азамат» бөлімін аштық. Бар күшімізбен қолтықтаймыз! Әлиманов, Нұрымов».

«Жас азаматтың» 4-саны сол кездегі оқырмандарды селт еткізген оқыс қайғылы хабармен ашылды. Оны «Алаш құрбаны» деген тақырыппен жазған Міржақып Дулатұлы. «Алаштың бағланы Отыншы Әлжанұлы қанішер большевиктің оғына ұшты. Мәлік Аманжолұлы жараланды. Жетісу қазағы қырғынға ұшырап жатыр...» деп бастаған Жақаң, өз кейіпкері Отыншы Әлжанов марқұмның ұлты үшін атқарған ғибратты ісін өзгелерге үлгі ете отырып, талдап, баяндап шыққан.

«...Алаш милициясын құру қамын қылып басшы сайлап, енді Алаш Ордаға жүремін деп тұрғанда, Отыншы төрт ай сарғайып, көрмеген бейнетті көріп, өлімнен қалып, әрең құтылғандығы «Сарыарқада» жазылған. Бұлар абақтыдан шыққанша, большевиктер күшейіп, Лепсідегі қазаққа тиген 500 мың сомды алып қойды, жұртқа ойран сала бастады. Отыншы абақтыдан шыққан соң, жолдастарымен бірігіп, елді қырғыннан қалай алып қалу шарасына кірісті. Ұрыжар, Лепсі жағына келіп, ер азамат жинап, большевикпен соғысуға бел байлады...ұлты үшін өлімнен қорыққан жоқ, оқтан тайынған жоқ. Есіл ер, Алаш жолында ғазез жанын құрбан қылды. Топырағың торқа, жаның жаннатта болсын, аяулы Отыншы! Ұлтың үшін қан жыладың, қамын жедің, қызықты ғұмырың абақтыда, айдауда өтті. Сонда да тауың шағылмады. Қамалға шаптың, қанға боялдың, қаза таптың, бірақ арманда кеттім, Алаш көргенін көре алмадым деме. Сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас! Хош бауырым!»                                                 Осы оқиғаға байланысты газет редакторы Қошмұхаммет Кемеңгерұлы да газеттің екінші бетінде лебіз білдіріп, Отыншы марқұмның қазасына оқырмандар атынан қатты қайғырған. «...Жаңа гүлденіп келе жатқан Алашың көшбасшы азаматтарға өте мұқтаж уақытта қанішер, жендет большевиктердің қолынан мезгілсіз қаза таптың. Ертеден ел қамын ойлап, Алаш тілегін қолыңа шырақ қылып ұстап едің, сол шырақтан өміріңнің ақтық сағатына шейін айырылмадың. Білім дариясынан сусындауыма, саяси көзімнің ашылуына себепкер болып, ұлытшылдықтың өріне сүйреп едің, алыста жатсаң да, ақыл сабағыңды хатпен беріп, асқар болып едің».                                                       Газеттің бесінші саны Алашорда өкіметінің Ресейдің Сібір үкіметімен, мемлекеттік думасымен байланыстары, келіссөздері туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беретін көлемді саяси шолумен ашылған. Мысалы, Челябі қаласында шақырылмақ мәжіліске ерекше назар аударып: «осы совещанияға қатысып, Алаш автономиясы басқа Орал бойы, Орынбор, Башқұрт, Сібір автономияларымен терезесі тең келіссөз жасап, өз сыбағасын алып қалуы» керектігі негізгі мақсат ретінде қойылған.     1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді». (Сары-Арқа. 1918, 8 шілде). Сонымен бірге, Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен Ресейдегі жаңа құрылған түрлі үкіметтерден II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әртүрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да, қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды. Газетте бұл тақырыптар сауатты игерілген.                                     Жастар газеті шын мәнінде қазақ жастарының санасы оянуының, олардың мәдени жағынан гүлденуінің әрбір қадамын көрсетіп отырды. Мысалы, Ахмет Жантәліұлы деген автор газеттің 1918 жылғы 5-санында Қызылжар жастарының «Аш қазақ-қырғызға жәрдем ету» жөніндегі жоспарларын жария етті. Бұдан кейін газетте осы мұқтажға қаржы жинау мақсатында, «15 қарашада Қызылжардағы «Талап» жастар қауымы Қ. Кемеңгерұлының үш бөлімді «Әулие тәуіп» пьесасын қойды» деп хабарлады. Сондай-ақ, қазақ жастары Қ. Кемеңгерұлының «Бостандық жемісі» драмасы мен М. Дулатовтың «Қызыл қашар» деген фельетонын сахнаға шығаратынын газет арқылы жария еткен. Және «Түскен қаржы «Жас азамат» газетасына, аш-жалаңаш, қырғыздарға, тұтқын түріктерге һәм соғыстан жараланған чех солдаттарына берілетінін» жеткізген. Сол жылғы 13 желтоқсада, Алаш автономиясының бір жылдығы Қызылжарда үлкен той болып өткен. Осыған байланысты «Талап» жастары театрда спектакль қойып, одан түскен 4409 сомның 1231 сом 15 тиынын «Жас азамат» пайдасына қосқан. Дәл осындай мәдени шараның 1919 жылғы 3 қаңтарда Омбы қаласында өткені, оны ұйымдастырған қазақ жастарының «Тілек» қауымы екені 22-санында хабарланған. «Бұл ойында көбірек қызмет көрсеткен қарындасымыз Аққағаз бикеш Досжанқызы болды. Аққағаз бір бөлмені қазақ үйіне айналдырды. Ішін жасаумен көркейтіп түрлендірді...», дейді тілші.Мұндай ұйымшылдық пен саналы әрекеттер әркімнің қолынан келе бермейтіні мәлім. Дәл осы аты аталған жастар кемелденіп, содан кейінгі 5-6 жылда-ақ қазақ халқының азаттығын баянды ету күресінің маңдай алдынан көрінді. Ғұмырлары ұзақ болмағанымен, кейінгі ұрпаққа отансүйгіштіктің ғажайып үлгісін көрсетіп кетті.Ерекше атап өтуге тұратын жайт, «Жас азаматтың» 19178 жылғы 16 желтоқсандағы саны редакция атынан «Екінші Жалпы қазақ съезінде алты Алаштың баласы түгел бас қосып, қазақ ұлтының келешектегі елдігіне негіз құрған тарихи 13-інші декабрь күн бүтін Алаш ұранды Қазақ өлкесіне құтты болсын!» деген құттықтаумен ашылып, түгелдей Алаш автономиясының бір жылдығына арналды. Басмақаладағы мына сөздер сол дәуірдегі Тәуелсіздік аңсаған әр қазақтың жігерін жанып, асыл арманға бастаған жалынды ұран еді. Тоқсан бес жыл өтсе де, тебіренбей оқу мүмкін емес: «[1917 жылғы] 13-інші декабрь - Екінші жалпы қазақ съезінің Ақ орда тігіп, Алтын ту көтеріп, автономиялы жұрт боламыз деген күні. «Автономияға мал-жанды құрбан қыламыз!» деп қойған соң, күңіреніп құран оқығанда, ақжүрек адал ниетпен ақсақалдар, жастар тілек қылғанда, қуанғаннан моллалардың көңілі босап, еңіреген күні. Мінеки, сол ұлт қанын тасытқан, үміт құрағына ат шаптыртқан тарихи 13 декабрьге - тап бір жыл.                                            Осы бір жылдың ішінде Алаш тізгінін қолына алған «Алашорданың» басынан кешкен ауырлықтары көп болды. Әлі де тар кешу, тайғақ жолдар болуы мүмкін. Ұлт тілегі бір күнде тездікпен һәм жеңілдікпен орындалмайды, от алып, [қамысқа түсуді] көтермейді. 13 декабрьдің қазіргі алдымызға тартқан жемістері Алаш автономиясына іргетас салды. Бұл - бір. Шашыраған ұлтшылдықты бір ізге салып, бір жерге жинап, ұлт күресіне үлгі берді. Бұл - екі. Жалған ұлтшылдардың өрісін тарылтты. Бұл - үш. Осындай, өлгенді тірілткен, өшкенді жандырған, өткен дәуренді, ұшқан бақты еске түсірген 13 декабрьді өте құрметтеп өткізуге, саясат дүниесі сау қалпында емес. Бірақ қоюланған түн тараңқырап, кейін бұлт ажырап, нұрын төгіп, таң ататын. Ерте ме, кеш пе, 13 декабрь Алаш елінің ардақты күндерінің бірі саналар. Алаш тарихына алтын сиямен жазылар!»

 

2.3 “Қазақстан”  газеті 1911-1913 жылдарында

 Хал жайымыз

Халық, біреу ақшасын айамай, біреу қызметін айамай, Алла деп бұ(л)казитті жаңа шығарып алыб тұрмыз, сондағы мағсұт - сіздерменен бір шаруа сөйлесу еді, келіңіз енді сойлеселік.

   Біз жылдан жылға жарлы болыб барамыз, жылдан жылға надан болыб барамыз. "Не болсақ уа о болайық" деб осылай жүре береміз бе, болмаса бізде бір тірлік етеміз бе?!  Бұрын біз малға бай болып едік. Бай күнде байлықбен һеш нәрсе ойламаған болармыз, қазыр жарлы болдық қой, енді не деб ойламаймыз?! Келіңіз, біз де бір шаруа жөнінен кеңесіб қаралық.

   Пайғамбар алейһи уассалам умбетелеріне айтты: " бадиғу иа мен Аллах тарафынан  ахрет үшін жіберілдім, дүниа ғылымын менен де артық өздерің артық білесіз" деп. Сол себебді бізге дін хақында Құранға тайану керек те, дүниа хақында тауарихты иғтибарға (назарға) алу керек. Тауарих деген - адам баласының кішкентайдан үлкегені секілді,йағни сәбиліктен балиғ болғаны (кәмкелетке олғаны) секілді, халықтың шаруа қуыб мақсұд һаддаріне жеткен жолы. Сол тауаихта айтқан екен: Түрлі - түрлі заман болады. Сол түрлі - түрлі заманда адам баласына түрлі- түрлі кәсіб ету керек болады.  Мұның мағынасы сол, "заман тұра - тұра өзгереді, сол заман өзгергенде адам баласы кәсібін де өзгерту керек, йағни сол заманға лайық кәсіб ету керек" деген екен. Әгәр заман өзгергенде адам баласы заманға қарай кәсібін өзгертпесе, жаңа заман менен уақыты өткен ескі кәсіб екеуі шалыс келіп, шаруаның жөңге бақпайтын мәнісі менен болад деген екен.

     Адам баласы ең әуелі көшіп жүруі мал бақты, берігерек келгенсін ауыл болыб бір жерге жиналыб егін екті, енді одан да берігерек келгенсін қалада тұрып сауда етті, осы кәсібтердің бәрін оларға кім еткізді; заман еткізді: мал бақтырған да - заман, егін ектірген де -заман,  сауда еттірген де - заман.

   Мал бағу үшін байтақ кең жер керек екен, әуелде адамның аз уақытында жер кең болды, кең жерде мал бағу пайдалы болды, соның үшін жұрттың бәрі ең әуелі көшіб жүріп мал бақты, бұл мал бағу заманы аталды (Пастуческій быть). Берігігерік келгенсін адам көбейе бастады, жер тартыла бастады, жер тарыла бастаб еді, халық жарлы бола бастады. Бұ жерде байағы мал бағу заманы өтіб, екінші бір түрлі заман басталды. Керек еді сол сағатында - ақ заманның түріне қарай айланып (айналып) екінші бір кәсіб ете қойуға. Бірақ адам баласы үйренген кәсібін кафелімде қойа алмай, байағы бір мал бағыб бай болғаны есінен кетбей, заманның өзгергеіменен ісі болмай, бұрынғыша малын бағыб отыра берді. Арада көрһп жылдар өтті, шаруа жылдан жылға азаймаса, көбеймеді, ахырында бұлар жүдда жарлы болды. Бұрынғы мал бағудың заманы емес екенін бұлар тек сонда білді.Сол уақытта бұлар өзді өзді сөйлесіб, көшіб жүруді тастаб һәр жерде бір құр босқа жер алыб тұрған шашық қатыстауды бір жерге жинаб салыб еді, жер тағыда кеңейді. Сонсын бұлар жерлерінің бір жағын егіндік етібегін екті, бір жағын пішкендік, бір жағын жайылыс етіб, қызметтің сауындық мал ұстады, сөйтіп енді бұлардың шаруасы тағы түзелді, бұл егіндік заманы деп атанды: ( земелдълческій).

  Тағы бір- екі заман бар, оны екіншеде жазармыз. Хан Бөкей 1801 - нші жыл 10.000 үйменен бері өткен екен, патша ағзам хазыреті  бұны хош алыб, Еділ - Жацық арасынан жеті миллион десятина жер берген екен. Байғұс-  ау, енді бұ қадарлы жерменен ол күнде  біздің тіпті бай болмайтын ретіміз жоқ.

  Енді ашып айтып қаралық, қазыр бізде үй қанша екен, жер қанша екен? Қазыр ішқі ордаылқта жүз мың үй бар екен. Соған қараған файдалы жерден тек қана екі миллион десятина жер бар екен. Жеті миллион десятина жердің үш миллионы қызыл шағыл болыб кетібді. Жартысы қазынаға алынды, жартысы аланған жоқ. Бір миллион Оралға кетібді, енді бір миллион десятинадай жерге Тарғын қисымында орыс қара шекпендері күтір (хутор) салыб отыр. Сөйтіп, бес миллион жер қазақ пайдасынан шығулы.Енді барлық ішкі ордалықтағы  қазақтың файдасына тек екі миллион  десятина жер қалыб тұр. Со екі миллион жерді жүз мың үйге бөлгенде бұрынғы үй басына жеті жүз десятинадан келетін жер қазір үй басына тек жиырма бес десятинадан келеді екен. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмай кім жарлы болсын?!. Әлі біз бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы боламыз. Аның үшін бірден бірге адам көбейді, жер тарылады. Хал жай, халық, солай.

 

  Газет деген не зат

Өзіңіз білесіз, адамға файдалы нәрсе де бар, зарарлы нәрседе бар, бірақ сонысы бар, біз көп оқыб файдамыз не, зарарымыз не, біліб жете алмаймыз. Со себебден көп пайдалы деп қолданыб журген ғалымдарымыздың заралы болып шығуы да бек мүмкін, бұларды айыруға қолда - ғылым -өнер құралы, баста- ақыл мизаны болған бір басшының жәрдемі керек. Және ол басшы күндіз - түн біздің жанымызда бірге жүрсін де, бізді көпті қатерлі нәрселерден сақтсын.

      Енді ойлаб қарайық, біз қазақ халқы алты миллион шамалы бір ел екенбіз. Сол . 6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

        Сонымен,  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қоғамда  болған  әлеуметтік  өзгерістер  мен  саяси  қақтығыстар  қазақ  даласына  да  өз  әсерін  тигізбей  қойған  жоқ. Уақыт  тарих  сахнасына  ұлт  бостандығы  жолындағы  күресте  жаңа  буын  өкілдерін - әр  тектілерден  шыққан  ұлт  зиялыларын  шығарды. Заман талабына  сай, жан-жақты  білім  алған  зиялыларымыздың  бір  тобы  қалыптасқан  тарихи  жағдайда  ұлт  мүддесін  қорғау  үшін  газет  шығарудың  қажеттігін  жақсы  түсінді. Нәтижесінде, 1907  жылдың  наурызынан  бастап  қазан  төңкерісіне  дейін  қазақ  зиялыларының    ұйымдастыруымен  бірнеше  ұлттық-бейресми  басылымдар  дүниеге  келді.                                                                                                            Қазақ  зиялыларының  газет  шығару  ісіндегі  алғашқы  қадамдары  сәтсіз  аяқталғанымен, ұлт  мақтанышына  айналып, атадан  балаға  асыл  мұра  болып  қалатын, ұлт  мүддесі  үшін  күресте  әлі  бірде - бір  қазақ  басылымы  атқарып  көрмеген  істер  атқарған  басылымдар  да  сол  жылдары  пайда  болды. Осылай, әзірге  адамзатқа  белгілі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тұңғышы – мерзімді  басылымдардың , бір-біріне  қарама-қарсы  мақсаттағы  әлеуметтік  топтардың  саналы  іс-әрекеттерінің  нәтижесінде  пайда  болғанымен, бүгінгі  күні  бәрі  де  қазақ  тарихының  құнды  дерек  көзіне  айналып  отыр.                                                                    Сонымен,  егер  алғашқы  қазақ  тіліндегі  ресми  газеттердің  дүниеге  келуінің  басты  себебі, қазақ  жерін  одан  әрі  отарлаудың  күшейтілуі  болса, ұлттық-бейресми  басылымдардың  дүниеге  келуінің  басты  себебі, керісінше, сол  отарлаушылыққа  қарсы  күрестің  нәтижесі  болды. Қазан  төңкерісіне  дейінгі  қазақ  басылымдарының  деректік  ерекшелігі  де  осыдан  туындайды. Қазан  төңкерісіне  дейін  елімізде  оннан  аса  ұлттық-бейресми  басылымдар  жарық  көрді. Олар  негізінен  екі  түрлі  тарихи  жағдайда  шығып  тұрды. Егер, “Қазақ  газеті”, “Серке”, “Қазақстан”, “Қазақ”, “Алаш”  газеттерімен  “Айқап”  журналы  патшалық  самодержавие  тұсында  шықса, “Бірлік  туы”, “Сарыарқа”, “Ұран”  және  “Тіршілік”  газеттері  Уақытша  үкімет  тұсында, демек, біршама  демократиялық  өзгерістер  кезеңінде  дүниеге  келді. Бұл  объективті  жағдай  басылымдар  мазмұнына  ғана  емес,  олардың  тағдырына  да  әсер  етті. Ресми  орындардың  рұқсатымен  шығып  тұрғанымен  ұлттық  басылымдардың  әрбір  саны  қатаң  тексеріліп  отырды. Басылым  тек  бекітілген  бағдарлама  бойынша  ғана  шығуға  тиіс  болды.Ұлттық  басылымдардың  сипатына, бағыт  бағдарына, демек  оларда  салынған  ақпараттардың  мазмұнына  әсер  еткен  факторлардың  бірі – қаражат  көзі. Қазан  төңкерісіне  дейін  шыққан  бейресми  басылымдардың  бәрі  де    жеке  адамның, немесе  бір  әлеуметтік  топтың  қаражатына  емес, нақты  басылымдарды  жаздырып  алушылардың, ауқатты  азаматтардың  берген  көмегінің  және  жарнамалардан  түскен  ақшаның  негізінде  шығып  тұрған . Сондықтан  олар  ұлттық  сипат  алды. “Қазақстан”  журналы  мен  “Айқап”  журналы  сол  қаражаттың  жетіспеуінен  жабылып  қалды. Бұл  факт  ұзақ жылдар  бойы  кеңестік  тарихнамада  жазылып  келген  “Айқап”  пен  “Қазақтың”  айтысына  таптық-антагонистік  сипат  беру  әрекетінің  ойдан  шығарылған  негізсіз  әрекет  екендігін  және  “Айқап”  журналы  “Қазақ”  газетінің  қастандық  әрекетінен  жабылып  қалды  деген  тұжырымның  шындыққа  сай   келмейтіндігін  дәлелдейді.                                                                                             “Қазақ”  газетінің  тарих  дерегі  ретіндегі  тағы  бір  ерекшелігі, одан  алынған  мағлұматтардың  жан-жақтылығы, ел  өмірінің  барлық  салалары  туралы  толық  мәлімет  бере  алуы  және  олардың  шынайылық  дәрежесінің  жоғарылығы. Мысалы, газеттің  әлем  халықтары  тарихында  болып  өткен  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  жылы  дүниеге  келуі, оны  қазақ  халқының  соңғы  бейбіт  жылғы  өмірінің, тұрмыс-тіршілігінің, қоғамдық  қарым-қатынастарының   жазба  дерегіне  айналдырды.

      Ұлттық  басылымдар  тарихының  жаңа  кезеңі  ақпан  революциясымен  тікелей  байланысты  болды. Патша  өкіметінің  құлатылуы  қазақ  тілінде  жаңа  газеттер  шығаруға  мүмкіндік  берді.                                                              Сонымен, ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  тілінде  жарық  көрген  мерзімді  басылымдар, отан  тарихының  аса  бір  күрделі  кезеңін  жазба  дерегін  құрайды. Дегенмен, басқа  деректер  сияқты, олар  да  өздерін  деректанулық  “сыннан”  өткізуді  қажет  етеді. Басылымдардың  өздеріне  ғана  тән  ерекшеліктерін  ескеріп, әр  түрлі  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  жүргізілген  деректанулық  талдау, олардан  шынайылық  дәрежесі  мен  ғылыми  құндылығы  жоғары  мәліметтер  алуға  мүмкіндік  береді.                                                                               Жалпы, қазақ  баспасөзін  тарихи  дерек  көзі  ретінде  әр  түрлі  бағытта  қарастыру  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  халқының  тарихын  жан-жақты  зерттеуге, оның  әлі  де  ғылымға  белгісіз  жақтарын  ашуға  мүмкіндік  береді  деп  ойлаймын. Оған  қажетті  материалдар  ұлттық  басылымдарда  жеткілікті. Мысалы, ғасыр  басындағы  қазақ  өмірінде  көріне  бастаған  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  қатынастардың, қазіргі  тілмен  айтсақ, нарықтық  қатынастардың  ел  арасына  енуі  мен  даму  жолдары  тек  баспасөз  деректерінің  негізінде  ғана  толық  ашылып  көрсетілуі  және  объективті  зерттелуі  мүмкін.                 Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы  бастаған  ондаған  авторлар  өз  ұлтының  тарихы  туралы  жазып, жалпы  тарих  ғылымы  туралы  көзқарастарын  білдірген. Олардың  баспасөз  бетінде  қалдырған  тарихқа  қатысты  мол мұраларына  тарихнамалық  талдау  жасау  тарих  ғылымын  байыта  түсер  еді  деп  ойлаймын. 

 

 

 

 

 

                  Пайдаланылған  деректер  мен  сілтемелер  тізімі

 

«Қазақ» энциклопедиясы. Бас редакциясы. Алматы, 1998ж.

2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, Білік, 1999ж.

3. Оспанұлы Серікбай. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай., 2006ж.

4. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. І-бөлім. Алматы, Білім, 2003ж.

5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., Білік, 1999.

1.     Кенжебаев Б. ХХ ғ басындағы әдебиет. Алматы, Білім 7-ші кітап, 1993.

1.Ключевский В.О.  Сочинения  в  девяти  томах.  Т.VII. М.: Мысль,      1989. С.6.

2.“Қазақ” газеті. Жинақ. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. 1998. 560 б.

3.       Омарбеков Т.  20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы: Санат. 1997. 320 б.

4.       Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі(1870-1918). Алматы: “Қазақ университеті” 2000. 358 б.

5.       Сыздықов С.М.,  Айдаров Ғ.  Орхон жырлары – тарихи дерек.  Алматы: 1991. 78 б.

6.       Ирмуханов Б.Б.  Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы: Өлке, 1998. 370 с.

7.       Атабаев Қ.  Мерзімді  басылым  ХІХ ғасырдың  аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. Алматы: “Қазақ университеті”, 1998. 195 б. (15-21).

8.       Нұрпейісов К.  Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995. . Б.22..

          14.     Сақов Қ.Ө. “Қазақ” газетіндегі ұлттық-саяси мәселелердің жазылуы. Ф.ғ.к.дисс. автореф.  Алматы, 1998. 26 б.

9.       Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296 б. (162-165)

10.     Шонанұлы Т.  Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995. 224-б.

11.     Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. Алматы: Атамұра, 1993. 128-б.

12.     Ахмедов Ғ.  Алаш  “Алаш” болғанда. Алматы:  Жалын, 1996. 224-б.

13.     Құл-Мұхаммед М.  Алаш ардагері.  Алматы:  Жеті жарғы,  1996. 224-б.

14.     Өзбекұлы С.  Арыстары алаштық. Алматы:  Жеті жарғы, 1998, 192-б.

15.     Қалиұлы Ж.  Мамания.  Алматы:  Атамұра,  1999.  272-б.

16.     Субханбердина Ү. Қазақ  баспасөзі  тарихынан  // “Айқап” . Жинақ. – Алматы , 1995. Б.6.

17.     Беннигсен А.,  Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ баспасөзі  // Қазақстан  коммунисі , 1991. 10. 72-77бб.

18.     Бекхожин Х.  Қазақ  баспасөзінің  даму  жолдары . Алматы. 1964.  Б.68.  Первая  казахская  газета  “Дала  уалаяты” (1888-1902). Автореф. канд. дисс. Алма-Ата. 1949. С.13.

19.     Беннигсен А.,  Лемерсье-Келькежей Ш. Қазақ  баспасөзі  // Қазақстан  коммунисі. 1991.  10. 74 б.

20.     Боранғалиұлы Т.  Ел  атауына  ақ  жол  тілеген  // Егемен  Қазақстан, 1997. 19 қараша.

21.     Тайшыбай З.  Қазақтың  қазақтан  басқа  досы  жоқ  // Орталық  Қазақстан. 1992, 9 мамыр.

  22.   Исақанұлы Д. Барлық  мүддеден  жоғары  // Ақиқат, 1999. 2. 37б.

23.     Аллаберген Қ.,  Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф.,  Көрсетілген  еңбек. 32б

24.     “Айқап”. Жинақ. Алматы, 1985. Б.20.

25.     Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.37б

26.       Боранғалиұлы Т  // Егемен  Қазақстан,  1997, 19 қараша

27.       Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы. ҚР, Орталық ғылыми кітапхана, 1999. 834 б. Б.5.

28.       Нығметов Е. “Қазақстан” газеті. //Білім және еңбек. 1964. 5.

29.       Өзбекұлы С. Арыстары алаштың: тарихи очерктер. Алматы: Жеті жарғы. 1998. 192 бет. (52).

30.       Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан. 1998,15 қаңтар.

31.       Не екен ойландырған арыстарды? // Ақиқат, 1998, 4, Б.78.                      

32.       Сақов Қ. “Қазақ” - өзін-өзі қаржыландырған газет //КазМУ хабаршысы.  Журналистика сериясы.  1998.  2.  Б.37.

33.Назарбаев Н.  Тарих толқынында.  Б.163. Алматы: Атамұра, 1999.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Диссертация "19 ғ аяғы 20 басындағы Қазақстандағы баспасөз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 058 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 10287
    • DOCX 146.2 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утепбергенова Динара Махамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46077
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека