Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘдістемелік баяндама "Білім алушылардың ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру"

Әдістемелік баяндама "Білім алушылардың ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру"

Скачать материал

«Білім алушылардың ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру

арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру»

 

Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

 

ШҚО, Семей қаласы, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

«Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы

 

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ізденіс дағдыларын жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

      Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.

Жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Борис Семенович Гершунский қазіргі заманғы білім берудің дағдысының мәнін талдай келе, білім беру саласының тиімді жұмыс істеуі өте жалпы түрде екі біріккен міндетті шешумен байланыстырды. Білім беру саласымен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды педагогикалық білім беру мақсатын қою, мазмұны мен Білім алушыларды оқыту, білім беру, тәрбиелеу және дамыту үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған орта мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту.

Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның  жеке түйінді құзыреттілігіне негізделген студенттің дарындылық, ғылыми ізденіс дағдыларын анықтай отырып, тәрбиелеу айқындалып отыр. Бүгінгі студент-ертеңгі мамаы. Сондықтан студенттің шын мәнісіндегі маман болып қалыптасуы зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай  оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз. Студенттерге тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы, студенттің құштарлығы мен қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық  әдістерді пайдалану арқылы студенттерді өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материялдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастыру барысында студенттің бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек.

 

«Ғылыми-ізденіс» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.

Ғылыми-ізденіс тәртібін ғалым А.И.Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Ғылыми-ізденіс дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың потенциялды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы тауып жұмыс жасап, оның шығармашылық деңгейін бақылау. Ғылыми-ізденіс жұмыспен айналысатын дарынды студентті қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, студенттің ерекше қабілетін ашу, жолдарына бағыт жасау керек.

Міндеттері:
– Студенттің жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;

– Шығармашылық ғылыми ізденіске  өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау;
– Студенттің өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Ғылыми жоба  жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек;

1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау;

2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің  сипаты, қосқан жеке үлесі;

3. Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;

4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

5.Жұмыстың көркем безендірілуі.

Студенттің дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізінде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда студенттер ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диагностикалық  әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми-ізденіс жұмысының екінші, үшінші, кезеңдері осыны міндетті түрде талап  етеді, өйткені, бұл студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты. Ғылыми-ізденіс жұмысымен айналысатын студентті қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастырау болып табылады.

Белгілі психолог Л.С. Выготский: ”Дұрыс  ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады”-дейді. Сондықтан оқыту процесі жаңа инновациялық пайдалануға итермелейді. Ол - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал инновациялық оқыту дегеніміз-жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.

Ғылыми-ізденіс жұмысымен айналысатын дарынды студенттер  жұмыс жүргізу үшін тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беру керек. Сонан соң тақырыппен жұмыс жүргізу жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет журналдар тігінділерімен жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілер жинауды ұғындыру қажет. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Білім таусылмайтын байлық.

Ғылыми-ізденіс жұмыстары студенттің интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесі негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін арттырады. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуге шығармашылық белсенділік көрсетіп ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады.

     Студенттердің тиімді ғылыми-ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні;
А) Ғылыми-ізденіс жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны айтылғандардың беретіні;

Ә) Күнделікті ғылыми-ізденіс жұмысына әсер ететін өзіндік білімін жетілдіреді;

Б) Алған білімнің әртүрлі ғылыми-ізденіс жағдайларына пайдалана білуге  және ұтымды нәтиже алуға бағыт береді.

Жеке тұлғаның  қалыптастырылуын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді  шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болуы керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін жоғарыда айтып кеткендей бүгінгі күн талабы-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында белгіленген.
“Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім”- деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі-білім екендігі анықталады.

Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту  тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп  ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір студенттің бойындағы жалпы азаматтық  құндылықтарды қарым қатнасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру.

Гуманист педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда “Студентті ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді” Шындығында, студенттің білім алу процесіне жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығатын жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, колледж қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Студентке нәтижеге бағытталған білім беруге беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады;

–  Өзінің даралығын сезініп,өзін-өзі дамыта білу;

–  Өзінің қызметін бағалай білу;

–  Түйіткіл мәселе шешуде ең тиімді жолдарын таба білу;

–  Өз алдына мақсат қоя білу;

–  Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу;

–  Өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білу;

–  Түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

Ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыруда:

- Студенттердің ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық айтуға үйрету.

- Студенттерді өзінде  бар түсініктерді қарама-қайшы құбылыстармен ұштастыру.

- Алдын-ала болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге үйрету.

- Студенттерді ғылыми ізденіс жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе, шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру.

- Студенттерге алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік беру.

Жаңа технологияны меңгеру студенттерді интелектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жалпы ғылыми ізденіс жұмыстарға қабілетті, көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалай да болса орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамыған, моральдік қасиеттерге өте бай қиял күші басым студенттермен жұмыс жасаймыз. Студенттердің тәрбиелік және ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқталған жөн.

–  Әрбір студенттің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру;

–  Студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

–  Студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Қабілетті студенттерді ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші студенттерге практикалық көмек көрсету, психо-диагностикасын жүргізу, қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады. Студенттердің дүниетанымын кеңейту, зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, студенттердің қай пәнге деген бейімділігін анықтап, конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.

Студенттердің қабілеттерін арттыруда, логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі-өздігінен тапсырма құрастыру. Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы. Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің  жиынтығынан тұрады.

Студенттермен  ғылыми-ізденіс жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында  кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді.

Жалпы студенттердің ғылыми-ізденіс дағдыларын қалыптастыру үшін:

–  біріншіден, студенттердің үрдісін демократияландыру және ізгілендіру. Бұл студенттің тұлғалық әлеуетін  аша түсуге қажетті жағдай туғызыды;

–   екіншіден, студенттің оқу және тәрбиелік деңгейін  анықтайтын педагогтердің  кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері;

–  үшіншіден, студенттің білімін арттырудағы колледжішілік жүйесінің қажеттілігі. Студенттердің  мүмкіндіктерін айқындап, инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек. Мұндағы зерттеу қызметі шығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау, қәзіргі заманғы әдебиеттерді оқып үйренуге, оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау, студенттердің даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ғылыми-ізденіс жұмыстарына студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс– тәсілдері:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

5. Қиялдау арқылы сурет салу;

6. Өлең шумақтарын құрастыру;

7. Мәтін, әңгімені өз бетінше анықтау;

8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, әсерлерін шығарма етіп жаздыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу студенттерді шығармашылыққа баулуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондықтан студенттерді ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.

Заман талабына сай білім алушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.  Білім беру жүйесінде студенттің бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Студенттің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер етеді.

Педагогика пәндерінде пәнге тән әдіс-тәсілдерді ұғындыру, пәнаралық байланысқа жіті көңіл бөлу, сабақ түрлерінің ерекшеліктері арқылы болашақ мамандықтарына баули отырып, сөйлеу дәстүрін қалыптастыру, сабақ ішіндегі сабаққа назар аудару негізінде сабақтың құрылымын сақтауға, оқу материалын құрылымдауға, бір-біріне пікір айтуға, талдауға жаттықтырады. Әдістемелік басылымдардан ақпарат жинақтатып, жүйелеуге, өңдеуге дағыландыру арқылы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру. Ақпараттық құзыреттілік негізінде өзіне қажетті проблемаларды шешу құзыреттілігін білу, ол үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

Студенттің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер етеді. Білім алушылардың кәсіби құзыреттлігін қалыптастыруға колледжде әрбір байқау тәжірибесі алдындағы оқу практикаларының мәні зор. Жоспар бойынша пән бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнымен танысады. Жаңа материалды меңгертуге оқулықта берілген жаттығу, тапсырмалардың аздығына, білім алушыларды шығармашылық іздендіру мен деңгейлік тапсырмалардың жоқтығына көздерін жеткізіп, қосымша танымдық материалдар жинақтау тапсырылады.

Құзыреттілік мақсат-міндетке негізделген сабақ жоспарларын құрастырады. 2-3 курсттарда әр класс бойынша дидактикалық материалдар жинақталады. Әрбір байқау машығы қорытындыланып, машықкерлердің сәтті шыққан сабақтары көрсетіледі. Бұл да болашақ мамандардың кәсіби жағынан шыңдалуына септігін тигізеді. Сыныптан тыс және тәрбиелік шаралар мамандықтың қыр-сырын меңгеруге, тұлғалық ерекшеліктерін ашуға бағытталады. Әр түрлі қашықтықта ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми–практикалық конференцияларында оқылатын баяндамаларды, әр пән бойынша өтілетін тақырыпты зерттеу обьектісіне айналдыру жоба технологиясы арқылы мүмкін болады. Ол үшін ғылыми жоба жасауға машықтандыру және ғылыми жоба қорғату курстық жұмыстың өз дәрежесінде жазылып қорғалуына негіз болады. 

Колледжішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқау, конференцияларға қатысып, белсенділіктерін танытуда болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дәлелдейтін портфолио әр пән бойынша жинақталып, диплом алды машықта айтылған ұсыныстармен жұмыстарыда ықпал етеді. Машықтың қай түрі болсын студенттерді кәсіби құзыреттілікке бастайтын жол болып табылады. Болашақ маманға жол көрсететін әдіскер-оқытушы өз пәнінің теориясы мен білім беру жүйесі қойып отырған талап-тілектерге сәйкес жұмысын бағыттай білуі өте маңызды.

Сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін білім алушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ. 

Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі білім алушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім алушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны білім алушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр. 

Білім алушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің  абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
2. 12 жылдық оқыту мәселелері. Қ.Р. жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары.- Астана, 2006

3. Аринова Г.К.Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогиалық технологиялардың алатын орны//12 жылдық білім беру, 2009, №4, 76 б.  

4. Көшімбетова С. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.

5. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»  Алматы-2005

6. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» 
(ғылыми-практикалық конференция материалдары)  Алматы-2010

7. Сәлімбаев О.С 12 жылдық мектеп жағдайындағы құзыреттілік білім беруді енгізу мәселелері //«Мектепте құзыреттілік білім беруді енгізу жағдайында педагог кадрларды дайындау» халықаралық ғылыми-практикалық конф. материалдары. -Тараз, 2006

8. Ғаламтор желісі: http://refleader.ru/jgebewqasatyjge.html

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік баяндама "Білім алушылардың ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 908 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.10.2016 4219
    • DOCX 31.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабимолдина Айгуль Кайрбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 155533
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе