Инфоурок Другое ПрезентацииӘдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктер 2016 жыл

Әдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктер 2016 жыл

Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік нұсқау хаттағы ерекшеліктер 2016 жыл"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 18.06.2022

    1 слайд

    18.06.2022

  • 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН...

    2 слайд


    2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
    ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА
    ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
    Әдістемелік нұсқау хат
    Астана
    2016
    18.06.2022

  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсыны...

    3 слайд

    Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 маусымдағы № 5 хаттама).
    2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 257 б.
    Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
    Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.
    18.06.2022

  • Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар...

    4 слайд

    Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры бекітеді.
    Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.
    Бақылау шараларының негізгі түрлері шығарма, ауызша, жазбаша, практикалық формалармен жүзеге асырылады. Бақылау формаларын таңдау оқу пәнінің ерекшеліктері мен мазмұнына, оны оқуға бөлінген сағат санының көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады.
    18.06.2022

  • Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей: 
1) материалды оқулық бойынша...

    5 слайд

    Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:
    1) материалды оқулық бойынша меңгеру;
    2) әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау;
    3) шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;
    4) әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;
    5) биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау, сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

    18.06.2022

  • Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім...

    6 слайд

    Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:
    - оқу жұмысы процесінде жаңа материалды меңгерту кезінде оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт болып табылады;
    - үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей, оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға негізделуі тиіс;
    - үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және пәнді терең меңгеруге талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша тапсырмалар беру;
    - үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну;
    - оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы меңгеруде өзін-өзі бақылауға үйрету.
    Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру кезеңі болады. Ол төмендегі көрсетілген әрекеттерден тұрады:
    1) әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, үй тапсырмасы туралы ақпарат беру;
    2) оқушыларға үй тапсырмасының, жекелеген жұмыстардың мақсатын, мазмұнын және орындалу тәсілдерін түсіндіру (нақты нұсқаулық беру);
    3) берілген тапсырманы орындау мерзімі туралы ақпарат беру.
    18.06.2022

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда...

    7 слайд

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3-сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11-сыныптарда – 3 сағаттан асырмау керек.
    18.06.2022

  • Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант) 
(16-кесте). 
16-кесте. Жазба жұм...

    8 слайд

    Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант)
    (16-кесте).
    16-кесте. Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі Сыныптар Жазба жұмыстар
    түрлері Оқу тоқсандары Барлығы
    І ІІ ІІІ ІҮ
    5 Диктант 3 3 3 3 12
    6 Диктант 3 3 3 3 12
    7 Диктант 3 3 3 3 12
    8 Диктант 3 3 3 3 12
    9 Диктант 1 1 1 1 4
    Барлығы: 13 13

    18.06.2022

  • Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық ө...

    9 слайд

    Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді
    18.06.2022

  • Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексер...

    10 слайд

    Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
    Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық
    18.06.2022

  • «Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер...

    11 слайд

    «Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
    Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады (18-кесте).
    Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
    71
    18-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны
    Пән
    Жұмыс дәптері
    Жазба жұмыс дәптері
    Сөздік дәптер
    Барлығы
    Қазақ тілі
    2
    2
    1
    5
    )
    18.06.2022

  • Дәптер тексеру тәртібі:
1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
2) 6-8...

    12 слайд

    Дәптер тексеру тәртібі:
    1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
    2) 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;
    3) 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;
    4) 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады
    18.06.2022

  • Дәптер тексеру тәртібі:
1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
2) 6-8...

    13 слайд

    Дәптер тексеру тәртібі:
    1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
    2) 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;
    3) 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;
    4) 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).
    «Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:
    - дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
    - дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет:
    «Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады);
    «Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері;
    18.06.2022

  • Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүр...

    14 слайд

    Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
    - ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
    - күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
    - үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
    - жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
    - сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
    - мәтін азат жолдан басталады;
    - сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
    - талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
    - ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
    Баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
    Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
    Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
    Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
    Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет

    18.06.2022

  • Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін...

    15 слайд

    Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының мәселелерін қарау ұсынылады:
    1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тілші-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде дамытушы технологияларды пайдаланудың артықшылықтары;
    2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша факультатив сабақтарын, элективті курстарды ұйымдастырудың ерекшелігі;
    3. Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);
    4. «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»
    5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;
    6. Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары.
    18.06.2022

  • «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдаст...

    16 слайд

    «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
    4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);
    5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937);
    17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922-1993);
    28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл (1932 ж);
    15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007);
    2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889);
    26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958);
    12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 );
    12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор,
    18.06.2022

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
академиясының академигі, Қазақстанның...

    17 слайд

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
    академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006);
    22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985);
    15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007);
    көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802- 1874);
    Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920)
    1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922);
    9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл (1882-1939);

    18.06.2022

  • Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімде...

    18 слайд

    Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
    1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
    2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге .арналған сайт;
    3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
    4. http://abai.kz-ақпараттық-танымдық сайт;
    5. http://u-s.kz- ұстаздар сайты;
    6. http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;
    7. http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;
    8. http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы;
    9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;
    10. http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;
    11. http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;
    12. http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
    13. http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;
    14. http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт;
    15. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;
    16. http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;
    17. http://bilimtime.kz – ұстаздарға арналған сайт.

    18.06.2022

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.08.2016 7974
    • PPTX 91.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолекеш Мирамкуль Жеткербайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42597
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек