Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Әдістемелік нұсқаулық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Әдістемелік нұсқаулық

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинеті



















«Қорқыт баба – мәдени мұра»

(әдістемелік нұсқаулық)
































Орал, 2014ж

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының

мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама

кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №7 06.05.2014 жыл





Құрастырушы:

Э.К.Бекеева – Теректі аудандық №3 балалар саз мектебінің қобыз класс оқытушысы.



Рецензенттер:

Ж.И.Нұрымбетова – Құрманғазы атындағы саз колледжінің жоғары санатты қобыз класс оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

С.К.Сексенбаева – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»-ның тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы.



















Бұл әдістемелік нұсқаулықта қобыз аспабын терең меңгеруде, халықтық музыканы сабақтастырып, сабақ беруде әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.

Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсысы түрік халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізгендігі туралы мәліметтер жазылған.









Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3-5

Қорқыт күйлерінің тарихына шолу................................................................6-15



Қобыз дәстүрі.................................................................................................16-20



Қорқыт Ата туралы аңыз...............................................................................20-21



Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағы.........................................................21-22



Қорқыт Ата күйлері.............................................................................................22



Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................23





































Кіріспе

Қорқыт – оғыз қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан қарағанда Қорқыт оғыз тайпасының  Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайасына белгілі Қарақожа есімді кісі болса керек.

        Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатында дүйім жұрт ден қояды» – дейді В.В.Бартольд.

Бұл тұжырымды Қорқыттан  жетті дейтін нақыл сөздері орнықтыра түсіреді. «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары шапан жапқанмен, бәйбіше болмас, анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім де жетпейді», «Өтірік сөз өрге бачпайды».Қорқыт туралы жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы».

Қорқыт ата оғыз – қыпшақ ортасындағы саяси - әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн – жоралғыны, салт – дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш – қонын, мекен – тұрағын, ен – таңбасын, ұран – ұжымын белгілеп отыратын білгір.

         Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХҮ ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағынығ есінде қалған естелік іспеттес. Бұл орайда Қорқыт туралы аңыз - әңгіме түрінде жеткен  заттық айғақ түріінде (мола) жеткен, күй түрінде жеткен және топоним түрінде жеткен ең мол дерек оғыздардың ата жұртында сақталған. В.В.Бартольд пен В.М.Жирмунский сияқты білікті ғалымдардың «Қорқытты қадірлеудің Сырдария өңірінде мың жылдық өнегесі бар» деуі сондықтан. Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін терең білген Әлішер Науаи (1441 - 1501)әулиелер туралы жинақты («Нафахат ал – унс») аудару барысында Қорқыт туралы арнайы айта келіп, «Себебі, бұл кісі түркі халықтарының арасында тым әйгілі, тәптіштеп сөз қосуды талап етпейді» дейді. Қорқыт туралы әңыз - әңгімелерді жинап, жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізген белгілі фольклоршы Ә.Диваев алғаш рет қорқыт бейітінің фотоға түсуіне ықпал еткен. Сырдария суына шайылып кететін болған соң, орынын ауыстырып жерленген Қорқыт басында ескерткіш белгі бар.

         Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсысы түрік халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізе алған бірден – бір қазақ болып отыр. Қалың қазақ арасында Қорқыт өміріне қатысты аңыз - әңгіменің басым көпшілігі күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып отырады.

3

Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін тартылады. Әлемдік фольклорда құдайға қарсылық сарыны әртүрлі жанрда қолданылған. Бірі мифтік сананың ықпалымен әпсана жанрына негіз болып, оның үлгісі Қорқыт арқылы көрінсе, екінші түрі эпостық шығармаларда батырлар тарапынан байқалған. Үшінші – әлемдегі көп халықтың, атап айтқанда, жапондық «Урасима Таро», грузиндік «Мәңгілік өмір іздеген жігіт», венгерлік «Мәңгілік іздеуші», итальяндық «Жұмақтағы бір күн», орыстардағы «Жұмақ құсы», «Марқұмда қонақта», т.т. ертегілерінде мәңгі өмірге қол жеткізген кейіпкерлер туралы айтылған. Алайда олардың мәңгі өмірге қол жеткізуі шектеулі уақыт аралығында әрі мұнда құдайға қарсылық сарыны ретінде қолданылмай, ертегінің сейілдік функциясына сай жасалған. Бұл халық түсінігінде өзектілігін жойған кезде шыққандықтан осы топтағы шығармалардың қатарында қарастырылмайды. Қазақ және өзге халықтардың шығармаларында орын алған бұлардың әр түрінің стадиялық ерекшелігі кейіпкерлерге жүктелген функция арқылы болатыны сөзсіз. Алдымен мифтік сананың ықпалымен пайда болған әпсана жанрындағы құдайға қарсылық сарыны қарастырылуы қажет.
Шынында, бүгінгі ғылымда Прометей мен Қорқытты типтік образдар ретінде тану қалыптасқан. Дегенмен біздің зерттеудің осы кезге дейін айтылған пікірлерге қосатын өзіндік жаңалықтары бар. Қазақ ғылымында алғашқы болып Қорқыттың ажалға қарсы күресін Прометей ісімен байланыстырған М.Әуезов [1, 56-б.].

Бұл тақырып Ә.Марғұлан [2, 205-б], т.б. тарапынан дамытылған.
Қорқыттың ажалдан қашуына байланысты мәтіндер біршама. Оның бәрінде дерлік Қорқыттың өлгенін баяндайды. Тек бір ғана – Қорқыттың жасаған қырық жасанды бейнесімен қатар отырған шын Қорқытты ажырата алмаған Жаналғыш туралы мәтінде оның өлмей, аман қалғаны туралы баяндау ертегілік сарынның ықпалымен орын алған. «Қорқыт ата» энциклопедиясында бұл образға қатысты мәтіндер жарық көргендіктен, олардың мазмұнымен таныстыруды артық санадық.
Қорқыт пен Прометейге ортақ сарындар – сәуегейлік және трикстерлік. Прометей грек тілінде «сәуегей» деген мағынаны білдіреді. Ол – Зевспен айқасқан алып батыр әрі адамға бақыт әкелуші.

Ежелгі замандағы грек ақыны Эсхилдің «Бұғауланған Прометей» атты трагедиялық шығармасында Прометейдің адамдарға от әкелуі ғана емес, оларға үміт беруші, ауруды дәрімен емдеуді, бал ашуды, жер қойнауындағы байлықты шығаруды, есеп пен әріпті, табиғат маусымдарын ажыратуды үйретуші болғаны кейіпкердің өз сөзімен баяндалған. Тіпті Кронды биліктен тайдырып, өзі үстемдікке жеткен Зевс адам баласын құртқысы келеді. Сонда Прометей адамды өлімнен құтқарушы болып шығады. Антикалық әдебиетті зерттеушілер Прометей образындағы архаикалық негіздерді іздесе де, біздің зерттеу нысанымыздың образдық пайда болуы мен атқарған қызметтерін салыстырғанда стадиялық ерекшеліктердің орын алғаны анықталады.

Екі образдың даму барысында көріпкелдікке байланысты кейіннен қосылған қабат мына бір жағдайда ғана ұқсастық табады. Мәселен, Прометей Зевс Фетидамен некелеспесін, кімде-кім Фетидаға үйленсе, одан туған ұлдың өктемдігі әкесінен артық болады деп Мойралар айтқан дейді.

4

Фетиданы Пелейге берсін, сонда Грекияның ұлы батыры туады деген. Прометей Мойралар айтқан сөзді тура айтқан, яғни Фетида мен Пелейден туған Ахилл ежелгі грек мифологиясындағы ұлы батырлардың бірі болып шыққан.

Бұл қаһармандық мифологияға сай жасалған көріпкелдік. Ал, Қорқыттың көріпкелдігі Осман империясын құраған қайы руының ұрпақтарының ақырзаман болғанша үстем билікте болатынын айтумен байланысты көрінеді, ол В.В.Бартольдтың аудармасында сақталған [3, 358-б.]. Мұндай қосымша кейінгі көшірушінің субъективті әрекеті ретінде бағаланғаны дұрыс. Дрезден нұсқасын түрік тілінен қазақ тіліне тәржімалау барысында бұл жолдар берілмеген. Бірақ «Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой…» [3, 128-б.], – деп берілген. Бұған қарағанда аталмыш жазба ескерткіште Қорқытты бақсы деп атау байқалмайды.
«Қорқыт Ата кітабында» Қорқытты өз ортасының ақылманы ретінде бағалау тұрақты. Оғыздар қауымында қандай іс болса да, оның айтар ақыл-кеңесі сұралады. Бұл оны әулиеге, абызға тән дана ұғымымен қатар қабылдауға жетелейді. Қорқыттың атқаратын функцияларының көнелігіне қараған С.А.Қасқабасов: «Қорқыт өзінің алғашқы түрінде құл иеленуші мемлекетте бас Құдайға қарсы шығатын титандардан көне образ, олардың алдындағы тип. Ол архаикалық мифтерде тұңғыш адамдарды дүниеге келтіретін, алғашқы еңбек құралдарын, музыка аспаптарын жасайтын, адамдарға от жағуды, күн көруді үйрететін ілкі ата-демиургке, жасампаз қаһарманға ұқсайды, соларға сәйкес келеді» [4, 278-б.], – деген. Дегенмен Қорқыт образын кейбір ғалымдар тарапынан оны бақсы, жырау деп қабылдау да белгілі дәрежеде тұрақтап қалды.
Біздің зерттеуіміздің нәтижесі Қорқыттың бастапқы қызметі бақсылық емес, абыз типінде тану қажеттігін көрсетті. Негізі, ғалымдардың көпшілігі – В.В.Бартольд, Е.М.Мелетинский, В.М.Жирмунский, С.А.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, т.т.



Қорқыт күйлерінің тарихына шолу

Қорқыт образының көпқабатты стадиялық сипаттарын саралаған. Ғылымның дамуына сай бұл ғалымдардың еңбектерін зерделей келе Қорқыт образындағы көпқабаттылық сипат бірте-бірте жіктелгенін аңғаруға болады. С.А.Қасқабасов пен Ш.Ыбыраев, мәселен, Қорқыт бейнесінде ислам дініндегі әулиеге тән ештеңе жоқ екенін жазды. Бұл образдың пайда болу кезеңі тым әріде жатқанын айтқан С.А.Қасқабасов мұндағы архаикалық сипаттарды дүниенің төрт бұрышын кезу әлемді көлденеңінен төртбұрышты деп танумен байланысты, дүние жүзінен пана таппай, ақыры, Сырдарияда отыруы − жер ортасына келуі, бұл да жер мифтік түсініктегі жер кіндігі деген ұғыммен сабақтас және «Су аяғы − ер Қорқыт» деген сөздің сақталуын талдаған. Оны: «Қорқыттың Сырдарияда, дәлірек айтқанда − суда өлуі бұрынғы заманда суды, әсіресе, оның астын және төменгі жағын, о дүние − өлілер патшалығы деп түсінген мифологиялық-шамандық санаға меңзейді. Бақсы сарындарында «Су аяғы − ер Қорқыт» деп аталуы осыдан болса керек, – деп, − Қорқыт өлілер әлемінде тұрып жатыр және өзіне сыйынатындарға жәрдем беріп жатыр, әсіресе, бақсыларға, – деп есептелген» [4, 277-б.], – деп түсіндірген.

5

Сондықтан Қорқыт образының көне екендігін анықтаған.
Бақсылардың жын шақырғанда «Қорқыт күйін» тартуы, оны өздеріне пір санауы, Ш.Уәлихановтың Қойлыбай бақсының қобызы туралы жазуы – мұның бәрі Қорқытты бақсы типінде тануға ықпал етті. Әрі соңғы ғасырларда бақсылардың қобызбен көрінуі де бұл аспаптың тек бақсыға ғана қажетті атрибут сияқты қабылданды. Сонда қобыз тек бақсыларға ғана керек пе еді? Бұл сауалды шешу үшін қобыздың атқаратын қызметін анықтау қажет. Сол үшін Қорқытты шартты түрде бақсы деп ойлауға ерік беру керек. Гермес грек мифологиясы бойынша Зевс пен Майиден туса да, Олимптегі құдайлардың қатарына кейіннен қосылған. Оның образдық пайда болуы архаикалық мифтен басталғанын есімінің «тас үйіндісі» деген мағынада қабылданғанынан білуге болады әрі ол тас бағана ретінде фетиштік қызмет атқарған. Герместің шығу тегі Кіші Азиямен байланысты болу керек деген де пікір бар [5, 292-б.], бірақ оның генезисін анықтау өз алдына жеке мәселе. Біз үшін маңыздысы – оның шамандық қызметі – өлгендердің жанын өзге әлемге жеткізумен байланысты және Герместің қолында адамдарды ұйықтатып, оятатын асатаяғы болғаны. Зевстің хабарын жеткізуші әйелдер арасынан Ирида болса, ерлер тарапынан бұл қызметті атқарушы – Гермес, ол, мәселен, Прометейге Зевстің сәлемін жеткізеді. Ал түрік халықтарында Қорқыттың дәл мұндай түрдегі хабаршы қызметі байқалмайды. Қорқыт қобызының функциясын Герместің асатаяғымен байланысты қарастыруға болады. Өйткені, шаманның қобызды пайдалануы (Гермес үшін лира) әлемдік құпияларды білу үшін керектігі Гомердің есіміне телінетін бес гимннің бірі «Гермеске» деп аталған мәтіннен аңғаруға болады. Бұл мәтін бойынша лираны жасаушы – Гермес. Ол оны тасбақаның сауытынан жасаған.

Ал, бұл аспапқа Аполлоннан ұрлап алған (осынысы үшін ол трикстер ретінде де қабылданды) қасиетті сиырларды сойып, соның ішектерін салған. Кейін керемет музыка тапқаны үшін Аполлон сиырларды ұрлағаны үшін кешіріп, оларды өз еркімен бергендей кеңдік танытқан. Сөйтіп, Гермес Аполлон құдайдың сиырын сұрап алған болып шығады. Қасиетті сиырлардың ішегінен жасалған аспаптың кереметтілігі сонда, оның әуені арқылы Герместің анасы ұйықтап кеткен [6, 44-б.]. Шамандардың құралы да мифтік қасиетті, лираны алған Аполлон әрі құдай, әрі жыршы (бог–песнопевец). Яғни Аполлон Гермес жасаған лираны алу арқылы ақындық шабытқа ие болған.

Зерттеушілердің пайымдауынша, бақсылардың сарыны өлеңдетіліп айтылуы осындай оймен сабақтас [7, 69-б.]. Қазақта «таңдайынан бал тамған» деген эпитет бүгінде тек әншілерге қатысты айтылғанымен, бұл түсінік, жалпы, сөз өнері бар адамдарға да ортақ. Себебі, скандинавдықтардың ежелгі мифінде жоғары әлемнің құдайы, бірінші шаман, ол бүкіл астың (бақсының) атасы. Ол – ақындық шабыт пен даналықты беретін қасиетті балды іздеп табушы. Бұл шығармада Один жылан бейнесіне түсіп (құбылып), құзға шығып, қасиетті балды алып келеді. «Құдай аузына сөз салып» деп айтылатын сөздер осындай түсініктен қалған. Ауырып жатқан Кемпірбайдың оның көңілін сұрай келген Әсетке айтқан өлеңіндегі: Ер Дәуіт екі жаста иектеген, Қыдырдың суын іштім құдығынан [8, 133-б.], – деген сөздерден қасиетті нәрсенің дәмін алған деп қабылдауға болады.



6

Ал, ақындардың құлағына «әлдебіреулер сыбырлап», олардың естігендерін жазуында да осындай ерекшелік бар. А.Н.Веселовский мұндай түсінікті алғашқы рулық қауымдағы жаудың қанын ішу арқылы өзіне жаудың күш-қайратын қосып алуға болады деген ежелгі түсінікпен байланыстырған. Рулық кезде қан фетиш болғандықтан, оның бұл пікірінің жаны бар. Ол, сондай-ақ, Дионистің шарабы туралы және Дионис Эсхилдің досы саналғанын айтып, шараптың қуат берушілік маңызы қанның қасиет саналғанының өзгерген түрі деп қараған. Мұны теріске шығару қиын. Өйткені, ежелгі үнділерде абыздардың Құдайға арнаған жалбарынуларының күшті болуы қасиетті сома ішумен байланысты деп қабылданған. Ал грек мифологиясында музалар таңдаулы адамдардың ұртына ғажайып шық салып кетеді, ондай адамнан балдай тәтті сөз шығады деп сенген [9, 339-б.]. Сонымен бұл айтылғандар тек бақсы ғана емес, поэзияға қатысты типтердің айрықша танылуы себебін анықтауға көмектеседі. Шындығында, В.М.Жирмунский мәселені дәл осылай қоймаса да, Орта Азиядағы бақсы сөзінің екі түрлі мағынасы бар екені, қазақтарда – емші, түрікмендерде – халық ақыны, ал өзбектерде әрі емші, әрі ақын ретінде қызмет атқаруына мән беріп және ғұрыптық фольклордың өзі өлеңсіз болмауы оның магиялық қасиетіне деген сенімнің болғанын, манасшылардың емшілікті де қатар алып жүргенін жазған [10, 29-б.]. Бақсының емшілігі мен манасшыларға деген халық сенімінің астарында біртекті қабылдау болмаса керек. Жыршылар, әдетте, жоғары күштерге сенеді, бірақ ол бақсылардың көмекшілері – жын еместігі белгілі. Аруаққа сену тек бақсылардың маңызды арқа сүйер көмекшісі емес, жыршылар Құдайға да, аруаққа да мойынсұнған. Құдайдың таңдаулысы – шаман экстазға түскен кезде әлемдік құпияларды біле алады. Мұндай құпияларды білу үшін шаманның орны әлемдік ортада болуы керек, лира осылайша әлемдік ось қызметін атқарған. Ендеше Қорқыттың Сырдария өзенін жер ортасы деп келуімен бірге оның қобызы да әлемдерді байланыстырушы және әлемдік осы қызметін атқарғанын ескеру керек. Қорқыттың қобызды қалай жасағанын түсіндіретін бірнеше нұсқа белгілі. Оның бірінде ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие қарт аян арқылы мәлім еткен.
–Уа, Қорқыт, тұр! – дейді әулие.

Сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар атанның жілігіндей болсын, шанағы қара бақырдай болсын, көні аруананың бауыр терісінен болсын, тиегі ор текенің мүйізінен болсын, ішегі бесті айғырдың құйрығынан болсын. Аспабыңның аты қобыз болсын. Сол қобыз қиялыңа – қанат, жолыңа – шырақ, жаныңа араша болар!
Қорқыт осындай аян естіп оянғанда, көкірегі күйге толып, көмейінен саз саулағандай халде оянады. Әулиенің айтқан шарттарын түгел орындайды. Аспап дайын болғанда көкірегін кернеген саз қобызына көшіп, оның сарынына ұшқан құс, жүгірген аң, ескен жел – бәрі сүттей ұйып, тыңдайды [11, 256 – 257-б.].

Осы мәтінде аталған малдың бәрі дерлік тотем болған. Түйе Желмая арқылы белгілі болса, саха мифінде жылқы аспан жаратылысы деп қабылданған және «Алып Манаш» арқылы алтайлықтардың түсінігінде ол аспанға көтеріліп, біресе жұлдыз, біресе қылға айналуымен-ақ ерекше жаратылыс деп танылғанын білеміз.



7

Ешкінің халық арасында жеңілтек атануы оның желден пайда болғаны деп айтылғанымен, бұл кейіннен қосылған сарын. Көкпар ойыны сақтар дәуірінде ешкі өнімділік символы болуымен байланысты шыққан [12, 75-б.]. Сондықтан музыкалық аспаптардың пайда болуы Құдай немесе тотемдік нанымдармен сабақтастық негізде жасалған деген танымның болғаны анықталады. Грек мифологиясында сыбызғы жасаушы Пан ешкі сирақты, ешкі мүйізді, ешкі сақалды көрінгенімен, ол құбыжық емес. Ол туралы «Мифы народов мира» энциклопедиясында: «божество стад, лесов и полей» деп, оның Дриопа нимфа мен Герместің (басқа нұсқада Пенелопа мен Гермес) баласы, Олимптегі құдайлардың қатарына кірген деп жазылған. Панның құбыжық еместігін А.Ф.Лосевтің: «Иконографическими рудиментами необходимо считать те, которые относятся к внешнему виду данной мифологической фигуры, змеиный хвост у Кадма, рога и копыта у Пана, совиные газа у Афины и коровьи у Геры, серебряные или чешуйчатые ноги у Фетиды, бычачья голова у Минотавра, лошадиное туловище у кентавров» [13, 21-б.], – деп, бұл белгілердің аталмыш образдардағы архаикалық мифологиядағы сипаты екенін айтқанынан білуге болады. А.Тойшанұлы моңғолдардағы хуур, товшуур, икел аспаптарының жасалуына Құдайдың да, шайтанның да араласуы бар екенін, шайтан исламға дейінгі фольклорда трикстерлік қызмет атқарғанын анықтаған. «Мифы народов мира» атты энциклопедияда Диқан бабаның кетпенін шайтанның тесіп кеткенін жазған мәлімет назардан тыс қалып келген. Сондықтан болу керек, соңғы кезге дейін шайтан (сатана) классикалық діндерде Құдайға антагонист ретінде шыққан деп түсіндірілген. Шайтанның трикстерлік қызметі деп айтпаса да, Е.М.Мелетинскийдің еңбегі оны кеңірек түсінуге көмек береді. Ол меланезия мифтеріндегі егіздердің қызметін талдағанда бірі халыққа қызмет етуші мәдени қаһарман болса, оның жасағанын бүлдіретін трикстер де мәдени қаһарман, тек теріс сипатта деп түсіндірген. Нақтырақ айтқанда: «…полезная и вредная деятельность братьев-близнецов выражает не противопоставление добра и зла, а скорее – ума и глупости, трудового опыта и неумения» [14, 34-б.], – деп жазғаны Қорқыттың қобызды қалай жасағанын түсіндіретін екінші мәтінді талдауға мүмкіндік береді. Қорқыттың қобыз жасауда біраз қиналғанын көрген шайтандардың оны күлкі қылған әңгімесі қарақалпақ фольклорында [10, 553-б.] сақталған, міне, олардың «білгішсініп» тұрғанын естіген Қорқыт ол жерден кетіп қалған сыңай танытып, жасырынып тұрып, қобызды қандай ағаштан, қалай жасау керектігін естіп-біліп алған деп баяндалады.

Сондықтан Е.М.Мелетинскийдің трикстер теріс мәндегі мәдени қаһарман бола тұрып, адам жасай алмай жатқан кезде «білгішсінуі» туралы айтқанын шайтанның қызметін кеңірек түсінуге қолдануға болады. Полинезиялық То Кабинан мен То Карвувудың бірі – шынайы (оң), екіншісін теріс әрекет етуші деп бағалағанның өзінде бұл бейнеде комедиялық бастау бар деп есептеген [14, 34-35-б.]. Осындай дамудан өткеннен кейін ғана классикалық діндегі шайтандардың қызметі антагонистік сипатқа тұрақтаған.

Сатиралық ертегілерде шайтандарды адамның жеңуі стадиялық тұрғыдан кейінгі заманның, дамыған қоғамның жемісі, соның өзінде таптық қоғамда қарапайым адам ақыл оздырады.

8

Осы кезге дейін болжаушылық, жауырынға қарап бал ашу, жалпы, балгерлік – бәрі бақсылардың көпфункциялы қызметі болып, кейін бірте-бірте сала-салаға бөлінген деп тану қалыптасқан. Дегенмен бұл ойлануды қажет етеді.
Е.Д.Тұрсынов абыз типін арнайы қарастырмаған, бірақ шамандар мен көріпкелдердің бөлек дамыған типтер [15, 219-б.] деген пікірі дамытылуы қажет сияқты.

Бақсы сарындарында «Қорқыт ата – пірім» деген сөздердің айтылуы оны бақсы ретінде қабылдауға негіз бермейді. Бұл кейінгі буын бақсылардың халық жадындағы құрметті өкілдердің бірі ретінде кіріктіруі салдарынан болуы мүмкін. Негізі, бақсы дегеннің бәрі емшілікпен айналыспағанын сахалардағы шамандардың ақ және қара деген бөлінісінің өзінен де аңғаруға болады. Ақ шаман емшілікпен айналыспайды, сондықтан жындармен ешқандай байланысы жоқ және сол үшін экстазға түспейді. Яғни, ақ деген сөздің өзі осылайша тазалықты білдіреді және сахалардың Жаңа жылдық Ысыах мерекесінде Құдайға жалбарыну жасайтын, батаны көп білетін ақ шаман таңдалады. Қара шаманның мұндай ғұрыпты өткізуіне жол берілмейді, бұл оның абаасылардың (адамға зиянды күштер) басшысы Ұлы тойонға бағынышты қызмет атқаруымен байланысты. Бұл ойды М.Әуезовтің бақсы мен абыз типтерінің арасы кейінгі заманның түрлі ықпалымен қабаттасып кеткенін білдірген пікірімен дәлелдеуге болады.

Ол: «Мысалы, ескі замандарда «абыз» дегендер болған. Абыз деген сөз арабша «хапыз» деп шығады. Ізгі, әулие деген сөз. Бақсы өзі әулие орнында күтулі болады. Мінеки, бұл ескілік пен жаңаның жасаған бітімі» [16, 19-б.], − деген. Бақсылық туралы жазғанында Е.Тұрсынов осы пікірді дамытқан. Атап айтқанда, ол сахалардың Ысыах мейрамын өткізу бастапқыда арнайы байланысшыларға жүктелгені, кейін бұл қызметті шамандар өз функцияларына қосып алған [15, 36-б.] деген. Жалпы, Құдай мен адамдар қауымының арасындағы ғұрыптарды өткізуде бастапқыда сол ортадағы білім-тәжірибесі көп бір адам өткізген де, кейін байланысшы тип ретінде шыққан. Осыдан соң ол қызметті шаман өзінің қызмет ауқымына алған.

Сондықтан тарих сахнасына шаман типі байланысшыларға қарағанда бұрын шықса да, олардың әрқайсысының өзіне тән қызметі о баста нақтыланған. Е.Д.Тұрсыновтың еңбегінде мұндай байланысшыларды сахалар алшыр деп атағаны жазылған. Ал, Махмұд Қашқаридың «Түрік сөздігінде» Тәңірдің елшісі екі түрдегі атаумен – иалабаш және савшы делінген. Бірақ савшы дегенді «Ұлы Тәңірдің елшісі, пайғамбар» [17, 581; 584-б.], – дегенінен ислам дінінің ықпалы болғаны байқалады. Дегенмен бұларды білу арқылы абыз араб сөзі болғанда, мұның алдындағы кезеңде олардың қалай аталғанын дәл анықтау қиындық туғызса да, шамасын жобалауға мүмкіндік туады.

Алайда Е.Тұрсыновтың аталмыш еңбегінде жазғанына қарағанда алшыр тип ретінде сахаларда орнықпай, бұл қызмет шамандарға тиесілі болып қалған. Бірақ Ысыах туралы жазған Е.Н.Романова [18] дәл бұлайша айтпаған. Ысыахты өткізуші ақ шаман, ал қара шаман мұндай ғұрыпқа жақын келтірілмегенін сенімді түрде атаған. Бірақ біздің тақырып үшін маңыздысы Құдай мен адамдар қауымы арасында байланыс қызметін алдымен бақсылардың өткізбегенін айқындап алу еді. Бұл ойымызға дәлелді түрде қол жеткізілді деп ойлаймыз.

9

Өйткені, Қорқыт шаман типінің өкілі еместігін дәлелдеуге бұл қажет жағдай. Абыздар туралы Ә.Марғұланның «Қазақта «киіз кітап» дейтін ұғым бар, бұл ұғым толығымен абыз аттарымен байланысты жүреді. Халық аңызы бойынша, тас, ағаш, сүйек, теріден басқа бұрынғы заманда жазуды жұқа киіздерге жазып отырған» [2, 214-б.], – деген мәліметінен абыздардың емшілікке қатысы жоқ, олар өз ортасының білімді адамы болғанын анықтаймыз. «Жирен атқа мініп, қобызбен күй тартып, сарын айтып жүретін қарияларды «Жиренше» не «Сары абыз» деп атаған», – деген сөзінен Қорқытқа да қатысты сәуегейлік пен қобыздың маңызды екенін ескертеді. Шындығында, Қорқытты халық арасында тек бақсы емес, әулие деп тану да бар. Бұл ойды дәлелдеуге әзірбайжан мәтінінің де көмегі бар. Қорқытты мың жыл өмір сүрді деп баяндайтын әзірбайжан әпсанасында ол ғажайып туу сарыны бойынша таныстырылған. Мәтін бойынша, топан су басқан кезде Нұқ баласы Түрік жалғыз (Бұл Әбілғазы баһадүр шежіресінде де бар, оны Ш.Құдайбердіұлы да пайдаланған. Сондықтан әзірбайжандық әпсанаға шежіренің ықпалы бар деп айтуға болады) өзі бір қошқар мен бір саулық қой алып, кемеге мінбей, жағада қалады. Малы көбейіп, бүкіл аймаққа жайылады. Уақыт өте бір қасқырдың қойларды жеп жүргенін біледі, бұл оның құрғақ жер тауып шығуына жолбасшы болатын тотемдік қызметімен астарлас ойды да білдіреді. Сөйтіп, осы кезге дейін шағын аралда жүрген Түрік кең далаға шығып, мамыражай күй кешеді. Бірақ жалғыздықтан қиналған ол бұрын қасқырмен кездескен жерге барады. Ол жер бұрынғыша айналасының бәрі су күйінде тұр. Ол жерден тірі пенде кездестіруден үміті қалмаған ол біреудің өзіне жақындап келе жатқанын сезеді. Көз алдына қыздың елесі тұрады, ол келе сала Түрікпен алыса кетеді. Сөйтсе, бұл су перісі болып шығады. Түрік оның сұлулығын көріп, аяушылық тілеп, «Аман ғыз!» деп айтып, бұл сөз кейін ол қыздың есімі сияқты айтылады. Архаикалық шығармаларға тән қыз бен жігіт арасында жекпе-жектің бірнеше рет өтуі мұнда да орын алған. Әуелі қыздың басымдылығы көрінеді, бірақ, ақыры, Түрік жеңеді де, су перісін жағаға алып келеді. Екеуі бірге түнейді. Түрік ұйықтаған кезде Аманғыз қашып кетеді. Қыздың сұлулығына тәнті болған Түрік Аманғызды бір жыл бойы сол жерде күтеді. Бір жерден жылтыраған от көріп, барса, суға батқан Аманғыздың өлі денесі мен қасында жылап жатқан нәрестені көреді. Мұнда, бір жағы, Көрұғлының көрден шыққаны еске түседі. Алайда бұл мәтіннің айтар ойы сәл өзгешелеу болғанымен, түп-тегінде көрден шығу мен өлі денеден шығудың өзінде де кейіпкердің басқа әлеммен байланысын айқындайтын наным болуы керек. Түрік сәбиді қолына алса, оның денесі айналаға жарық сәуле шашып, жап-жарық етеді. Бұл Қорқыт Ата екен [19, 275-б.]. Демек, бұл мәтін Қорқыттың туысын ерекшелеуден туған. Оның шешесі қарапайым адам емес, су стихиясымен байланысты көрсетуде де тылсым күштің араласы болғандығына мән беруден шыққан. Есімі Тәураттан белгілі Моисей Синай тауында Құдаймен сөйлескеннен кейін жүзінен нұр шашып тұрған. Ал А.Н.Афанасьевтің: «Әулие – жарық» [20, 138-б.], – дегені славян фольклорынан да үндестік табуға көмектеседі. Дегенмен Қорқытта ислам әулиесіне тән сипаттар жоқ. Қорқыттың денесінен от шығып, айналасын жарқыратып тұруы классикалық діндердегі әулиелер мен пайғамбарлардың Құдаймен сөйлескеннен кейін жүздерінің нұрлы болуынан бөлек.

10

Ал, періштелердің жүзі нұрлы болуын Рабғузи: «Хақ періштелерді – оттың нұрынан, жын-періні оттың жалынынан жаратты» [21, 5-б.], – деген сөзінің мәнін тереңнен іздесек, ислам діні, әрине, архаикалық мифологиялық түсініктерді өз мақсаттарына жаратқанын ойлап, оттың қасиетті саналғаны арийлік заманнан бастау алатынын, сондықтан Қорқыттың (адамның) жүзінде оттың нұры болуының да, әулие типінің түп-тамырын да осындай ерте заманнан бастауға мүмкіндік береді. Бұған тағы бір дәлел – әулие ағаштар мен әулие көлдердің болуы. Олардың пайда болуында ислам немесе басқа классикалық діндердің ықпалынан бөлек, фетиштік нанымнан тамыр тартқан түсінік бар. Әулие ағаштарға шүберек байлаудың мәні Жер-Ананың образдық бір түрі ағашпен байланысты қабылданғандықтан, оған жалбарынғанда адамдар тілектері қабыл болу үшін оны киіндіріп, көңілін табу ниетінен жасалғаны анықталды.
Гильгамештің өлгеннен кейін жерасты әлемінде төреші болуы, ал Геракл атақты ерліктерін жасағаннан кейін Зевс тарапынан құдай санатына қосылған себепті (кейбір нұсқаларда ол өлген деп те айтылады) «жартылай құдай, жартылай адам» типінде атаған П.А.Гринцер оларға қатысты ұқсас сарындарды айқындаған [22, 32-б.]. Бұл ұқсастықтар белгілі дәрежеде Қорқытқа да қатысты екенін байқауға болады.
1. Екеуі де дүниені шарлап шыққан. Гильгамеш «все видавший до края мира» деп аталған, Геракл он екі ерлік жасау жолында бүкіл әлемді шарлаған. Қорқыт та ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын шарлаған.
2. Гильгамеш те, Геракл де – атлет. Қорқыт өлгенде денесі көрге сыймай жатуы оның дене бітіміндегі осындай ерекшелікті танытады.
3. Гильгамеш те, Геракл де арыстан терісін жамылған. Бұл оларға арыстанның күші дарыған деген поэтикалық тәсілдің астарында тотемдік ой жатуы мүмкін. Бірақ Қорқытқа байланысты бұлай айтылмаса да, Гильгамеш буырқанған арыстанды, ал Гераклдің алғашқы ерлігі Немей арыстанын өлтіргенін Қорқыт атаның Бамсы Бәрікке Бану Шешекті сұрауға келгенде қыздың ағасы Дели Қаршардың ерні көгеріп, көбіктеніп, «Аяқтылардың бұл араға келгені жоқ, ауыздылардың суымнан ішкені жоқ, саған не болды, амалың азды ма, пиғылың бұзылды ма, ажалың келді ме? Бұл арада неғып жүрсің?» – деуі оның типі бөлектігін көрсетсе керек.

Мұны Қорқыт атаның:

- қарсы жатқан қара таудан асуға келдім;

- ағынды қара судан өтуге келдім.

Кең етегіңе, тар қолтығыңа паналауға келдім, – дегенінде таудың да, судың да қара болып аталуы оның өлілер әлемімен байланысын көрсетеді. Яғни Қорқыт ата жай құда болып келген жоқ, ол өлімге басын тігіп келген. Ақыры, келгендегі мақсатын білген соң Дели Қаршар қара атына мініп, Қорқыт атаның соңына түседі. Қылышын қолына алып, ұмтыла бергенінде: «Қылыш сермеген қолың құрысын», – деп, қолын қатырып тастауы, оның талап еткен қысырақ көрмеген мың айғыр, інген көрмеген мың бура, саулық көрмеген мың қошқар, құлақсыз, құйрықсыз мың ит, қараша-қараша мың бүрге талап еткенде хан таба алмаған сиқы бөлек ит пен адамның айдауына жүрмейтін бүргені тауып берген.



11

Тек тауып қана қоймай, бүргеге таланып, Қорқыт атаға жалынышты болған Дели Қаршардан ақылы артықтығын көрсетіп, жәндіктен қалай құтылудың амалын айтқан. Бұл оның түрі бөлек образдарға да ықпалы бар деген нанымды көрсетсе керек. Сондықтан «Қорқыт Ата кітабында» Қорқыт Ата өлмеген образ ретінде сомдалған деген қорытынды жасауға болады.

4. Гильгамеш жырындағы Машу тауы «Күннің шығуы мен батуын аңдып тұрған, Жоғарыдан – аспанға, төменнен жердің түбіне жеткен» [23, 57-б.]. Мұндай әлемдерді байланыстырушылық Гераклдің алтын алма іздеп Гесперид бағына барғанда Атластың аспанды иығымен тіреп тұрған қызметі арқылы көрінеді. Су – әлемдерді байланыстырушы болғандықтан, Қорқыттың дария ортасына келіп отыруы да осындай мәнде.

5. Геракл айдаһарды өлтіріп, сонша қиындықпен келген алтын алманы жоғалтып алса, Гильгамеш теңіз түбінен тапқан мәңгі өмір беретін гүлді жыланның кесірінен жоғалтып алады. Яғни екеуі де мәңгі өмірге жете алмай қалған. Қорқыт та жүз жыл бойы ажалдан қашып, жан сақтап жүргенінде жыланның кесірінен өледі. Шындығында, Қорқыт та Гильгамеш сияқты жеке бастың мүддесін ойлайтын сияқты, бірақ дәл осылай қабылдаудың өзі қате болуы мүмкін. Гильгамеш пен Қорқыт бір типке ұқсағанымен, мақсаттарында бөлектік бар. Гильгамешті әулие деп атаған аккадтық бір мәтінде оның жеке өз басының мүддесін ойлап, есімін мәңгі етуді ойлайтыны айтылған.

Философиялық үлкен толғанысқа кетсе де, өзінің мақсатына жетуде Күннің өзіне дос (одақтас) болуын сұрайды. Мұндай жағдайды білгеннен кейін Қорқытқа қатысты маңызды жағдай ерекшеленіп шығады. Қорқыт есімімен айтылған мәтіндерде Құдай образы жоқ. М.Әуезовтің 1939-1940-жылдары «Литературный критик» журналына жариялаған «Эпос и фольклор казахского народа» атты зерттеу еңбегінде Қорқытқа қатысты шығарманың жанрын әпсана деп танығаны бүгінгі фольклортану ғылымындағы жетістікпен үндесетінін айта отырып, ол келтірген мәтіндегі «мені тапқан ажал сені де табады» деп айтатын тамыры қурап қалған ағаш пен қаусап құлағалы тұрған құз-жартастың қосылуы немесе көр қазушылардың кездесуі маңызды сарын. Яғни Қорқыттың өлетіні туралы хабар Құдайдың хабары ретінде емес, түс көру арқылы белгілі болуы да бұл сюжеттің ежелгі дәуірде жасалғанының дәлелі.

Башқұрт әпсанасында Қорқыт өзін елшімін деп таныстырады. Бұл мәтінде башқұрттарды Алтайдан көшіріп әкеле жатқанында жолда кездескен біреулер: «Алға қарай жүрмеңіз, келген жағыңызға кері қайтыңыз. Әйтпесе, алдыңызда Сізге арналған көр қазылған», – дейді. Бірақ Қорқыт ол сөзге қарамай, көшті кері қарай бұрмай, Ақеділдің бойына жайғастырыпты [19, 105-б.]. Бұл қазылған көрді кездестіріп, одан қашатын кейіпкер енгізген қазақ мәтінінен кейін шыққан. Өйткені, ажалмен айқасу – ежелгі сарын орын алмаған. Гильгамеш есімінің этимологиясын анықтауда айтылған біраз пікірді талдай келе, Е.М.Мелетинский оның «баба», «рубасы» (родоначальник) деген мағынада қабылдау керектігін білдірген [14, 410-б.]. Шығыс мифтерін, соның ішінде шумер, аккадтық Гильгамеш эпостарын зерттеуші И.М.Дьяконов оны Урук қаласының әскерибасшысы және абызы деп есептеген [23, 108-б.].



12

Е.М.Мелетинский Гильгамешті «жартылай құдай» десе де, И.М.Дьяконовтың «абыз» дегендері, бәрібір, бір типті айтқаны. Абыз, әулиелер Құдай деңгейіне жетпеген, бірақ тумысында Құдай араласуы бар тұлғалар. Бұл Қорқытты түсінуге де көмектеседі. Гильгамеш тарихи тұлға екені белгілі болса да, осыншалық мифтік сюжетке кіріккенде Қорқыттың әулие атанғанында ислам дінімен байланыстырмай, отқа табынушылық, Күнге табынушылық кезеңмен сабақтастық болуы. Өйткені, Күнге табыну кезінде де Құдаймен екі ортадағы байланысшы абыздар болғаны үнді мифтерін зерттеушілердің еңбектері арқылы белгілі. Қашқар таудың басында Қошқар ата, өгіз таудың басында Өгіз ата.
Өлі десем, өлі емес, тірі десем, тірі емес. Сол атаның атасы –
Ертеде өткен Қорқыт Ата, – деген мәтіндегі «өлі десем, өлі емес, тірі десем, тірі емес» деген жолдарды айтқан бұл ңұсқада Қорқыттың әлі толық өлмегені, одан кейін оның өлімге берілмей, жүз жыл тайталасып, өмір сүргені баяндалған.

Бұл да алғашқы ңұсқаларда Қорқыттың өлмегенін сездіреді. Өлі мен тірінің арасында жату толық өлді деген ұғым емес деп, Қорқытты мәңгі өлмейтін Қызыр бейнесімен қатар қараған В.В.Бартольд [24, 483–484-б.]. Осылайша бұл типтер ортақтық табады. Қызырдың ислам дінінде пайғамбар деп айтылмауында осындай архаикалық түсініктің ықпалы болған. Оның ислам діні пайда болғанға дейін халық санасында орын алған деген ойға антикалық мифте Тюхе образының болуы мүмкіндік береді. Тюхе де Қызыр сияқты бақыт тілеген адамдардың онымен кездесуді арман етіп жүретін образ болған. Қызыр сияқты ол да жолында кездескен адамды бақытты қылады-мыс, оның да қолы ерекше жұмсақ. Қызыр бейнесі осындай рух-ие немесе пір ретінде пайда болуы мүмкін. Қорқыттың бақсылардың пірі болып аталуы оның алғашқы нұсқаларда пір (жебеуші) өлмейді деген түсінікпен сабақтас. Гильгамеш тағдырмен тайталасқа түсіп, жеңілсе де, жоғары білімге, тылсым күшті, әсіресе, ажалдың құпиясын түсінуге ұмтылады. Көздеген мақсатына жете алмай, өз жеріне қайтып келсе де, ол көпті көрген, даналыққа жеткен жаңа сапада оралған [25, 312-б.] деген П.А.Гринцердің сөзінен Қорқыттың «өлі десем, өлі емес, тірі десем, тірі емес» деген күйге түсіп, өлмеген күйде танылуы осындай жағдаймен орайлас қабылдауға болатынын көрсетеді.
Қазақ бақсыларының арасында Қорқыт туралы аңыз бар. Сол Қорқыт қазақтарды алғаш қобыз тартуға, сарын айтуға үйреткен ең бірінші шаман» [26, 189-б.] , – деп жазғанынан оның Тәңірлік сенімде адам жанына құзырлық етудің әлі жоқтығын түсінгені белгілі болады. Ал шамандардың өзге әлемдерге барып, өлгендердің жанын қайтаруы құдайлық қызмет емес, сондықтан шамандық жеке мамандану үдерісінен өтіп, орныққанша қатардағы адамдардың өзге әлемге барып-келе алады деген ойдың болғаны түсінікті екені айқындалады.

Бұл орайда Е.М.Мелетинскийдің мәдени қаһармандар кейіннен шамандық әпсаналарды тудырғанын, олардың аспанға шығарылуы құдайландыруға жеткізгенін жазған [14, 315-б.] пікірінен өзге әлемдерге бару мүмкіндігі тек шамандарда ғана болған деген оймен шектелмеу керектігі байқалады. Л.Я.Штернберг шаманды Құдайдың таңдаулысы ретінде таныстырса, Е.М.Мелетинский мұндай жағдайда оның тип ретінде қалыптасуы кештеу болған деп есептеу қажеттігіне ой салған.



13

Егер адам жанын алу Тәңірдің құзырында болмаса, адам жаны өлген соң ұшып жүреді деген түсінік қай кезге дейін басым түрде өзекті болған деген сауал тууы керек. Өйткені, албастының әйел өкпесін ұрлау арқылы оны өлімге жеткізу ислам діні орныққанша болғаны түсінікті. Жалмауыз кемпір бейнесін зерттеу барысында албасты о баста адамдардың тууына құзырлық ететін жебеуші рух-ие, ал жалмауыз кемпір оған антагонист бейне – соғыс, сол арқылы өлім мәселесін шешетін рух-ие деген тұжырымдарға қол жеткізілді.

Сондықтан алғашқы қауымдық дәуірде тыйымды бұзған адам өз руластары тарапынан қарғыс естіп қана қоймайды, оған жоғарыдан тылсым күштер арқылы келетін өлім туралы түсініктің алғышарттары болған сияқты. Аид сияқты персондалған бейне анық жіктеліп шыққанға дейін жамандық әкелетін бір рух-ие болған. Кісісі қайтқан үй ажалды адастыру үшін орын ауыстырулар жасаған, қаралы үйге «арты қайыр болсын» деп айту ислам дініне дейін болған. Қорқыттың ажалмен күресуі оның ислам дініне мойынсұнбаған қарсылығы деп қабылдауды жоққа шығармасақ та, ажалдың жылан болып келген ерекшелігін ескеру қажеттігі, яғни архаикалық ұғымдағы адам өліміне байланысты сарындардың болу мүмкіндігін ескеру қажет деп ойлаймыз. Демек, қобыздың мистикалық қызметі оның шаман болуын міндеттемейді.
Қорқыттың дүниеге келуін баяндайтын қазақ мәтіні:

Қорқыт туар кезінде

Қараспанды су алған,

Қара жерді құм алған.

Ол туарда ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған [2, 187-б.], – деп жеткізген. Ана құрсағынан шыға сала Қорқыт сөйлепті. Марғұлан үңгір адамдардың алғашқы мекені болған соң оны кейіннен ұйық жер санаған деген ойды білдірген. Осыны айта отырып, «Қазақтардың Қорқытты көрқаптан туғызуы да осы нанымға тіреледі» [2, 188-б.], – дегенін дұрыс түсіну қажет. Үңгір ежелгі дәуірде космостық модель ретінде қабылданған. Көрден шыққан балалардың ерекше болуы да осындай оймен сабақтастығы бар екені анық. Сондықтан Қорқыттың фольклорлық «өмірбаянын» толықтыратын мұндай сарындар оны абыз типінде сомдауға көмек еткен. Ал бақсылар туралы мұндай сарындар тән емес. Олардың туғанында немесе өлгенінде денесінен нұр шашып тұратыны айтылмайды. Керісінше, бақсы өзі өлсе де, бейітінің өзі белгілі деңгейде халықтың үрейін тудырып, олардың мүрдесін алысқа жерлеу немесе үш қайтара орын ауыстырулар жасалған. Бұл Қорқытқа байланысты ешқандай ұлттық нұсқаларда айтылмаған. Демек, мұнда да оның бастапқы нұсқада бақсы болмағаны деп есептеуге мүмкіндік береді.
Қорқытты әулие типінде Аполлонмен салыстырып көруге болады. Қорқыттың су стихиясымен байланысын анықтаған соң мұндай ерекшелікті Аполлоннан да байқаймыз.
Ол Зевспен Летодан туса да, оны Летоид деп, тек анасы арқылы таниды. Өйткені, Зевс Летоға бөдене күйінде келген. Сондықтан оның туысында анаеркі дәуірінің ықпалы, космостық мән бар. Аполлон дүниеге келе сала: «Людям начну прорицать я решенья неложные Зевса», – деген [13, 354-б.]. Ендеше Қорқыттың туған кезінде дүниені қараңғылықтың басуын да космостық ерекшелік деп қабылдау керек.

14

Бұл ретте антикалық мифте сәуегейлік түнде жасалған, ал түн хаоспен сабақтас.
Дж.Фрэзердің дәруіштерді жартылай құдай қатарына қосуы [71] ескеруді қажет етеді. Е.М.Мелетинский де [14], С.А.Токарев те шамандық наным ретінде ең көне түсінік болып қабылданбайды деп жазған [27, 278-б.]. Соңғы кездегі белгісі бақсы болғандықтан, олардың жауырынға қарап болжау жасағаны оларды байланысшы қызметінде тануға ықпал етті. Бірақ бәрібір, қалай болса да: «Антикалық Грекия мен Римде әлдеқандай маңызды істі, әсіресе әскери жағдайда, құдайдың көмегіне ниет етпейінше бастамайтын» [27, 597-б.], – деген С.А.Токарев пікірін міндетті түрде бақсылықпен байланыстыру қиын. Өйткені, жауырынға түскен белгілерді танып-оқу жындардың көмегін қажетсінетін бақсылардың емес, өз ортасының білгірі саналатын абыздарға тиісті болуы керек еді. Сондықтан жауырыншы, балгер типтері абыздардың сала-салаға бөлінген қызмет түрлері деп қабылдау керек. Ал, абыз М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Нысан абыз сияқты хан, көсемдердің қасында ақылман типінде қалып қойғандықтан, алғашқы қызметі – Құдайдың хабарын ел-жұртқа жеткізуші болғаны, түрлі белгілерді түсіндіру қызметі ұмытылып, ол кейінгі кезде бақсылардың қосымша мүмкіндігінің бірі ретінде танылды. «Көкше бақсыны жұрт «Тәңірі бұты» дейтін. Бұл да бақсылықтың аза бастаған кезіндегі бақсы.
Бұдан бұрынғы заманда бақсы тіпті қадірлі болған. «Көк Тәңірінің» нағыз «бұты» саналатын. «Тәңірі бұты» деген – Тәңірдің суреті деген сөз [8, 167-б.], – деген пікірге зер сала түсіну қажет. Өйткені, С.Сейфуллиннің өзі бұл сөздерді айтқанда «Бұл да бақсылардың аза бастаған кезіндегі бақсы» дегенді айтуында мән бар. Бақсының Тәңір суреті болуының да өзіндік астары бар. Оны Тәңірдің көмекшісі немесе адамдар қауымы мен Құдайдың арасындағы байланысшы типі деп анықтауға мүмкіндік бермейді. Тәуратта Құдай адамды өзінің сипатына келтіріп жасады деп айтылған, бұл Құдайды бәрін естіп, көріп тұратын анимистік наныммен қабылдауымен байланысты шыққан. Әйтпесе Құдайдың бет-бейнесін ешкім көрген жоқ. «Құдаймен сөйлесті» деген пайғамбарлардың бәрі тек дауыс арқылы ғана байланысқа түскен, бірақ бетпе-бет кездесу жоқ. «Көкше бақсы әр түні ақ боз атқа мініп, көкке ұшып, көк Тәңіріден жарлық алып тұрамын дейді екен. Ел ішінде Көкше бақсының қобызы аспаннан түскен екен деген де аңыз бар» [28, 140-б.], – деген пікір де, С.Сейфуллин айтқандай, деградацияға ұшыраған түсінік. Құдаймен сөйлескен бақсылар емес, әулиелер, яғни пайғамбарлар. Ал Тәңірқұт дегеннің жөні басқа, ол тек ғұн патшаларына қатысты, құдай образының дамуы жердегі патшалардың үстемдігіне тікелей тәуелді. Алғашқы патшалар құдайдың таңдаулысы саналғандықтан, құдайға тән атрибуттар патшаға да тән болуы керек, сол үшін патша-құдайлар образы шықты. Тәңір-құт дегенді Тәңір құт берген адам деп түсіну керек шығар. Әйтпесе, бәрібір, архаикалық сана бойынша Құдаймен адамның таласуы мүмкін емес.

Бақсылар жындармен байланысты болған соң оларды меңдеген жындардың бақсы өлгенде де тыныш болмайды деген түсінік болып, мүрделерді алыс жерлерге апарып жерлеу орын алған. Бұл әулиелерге байланысты айтылмайды, керісінше, әулиелердің жатқан жеріне тәу ету қалыптасқан. Сондықтан бұл тұрғыдан алғанда да, Қорқыттың бақсы еместігі белгілі болады.



15

Ал, қазақ бақсылары мен батырларының пірі – Бабай түкті шашты Әзіз де о дүниеге тірідей кеткен [29, 52; 84-б.] деген жолдарға қарап, оны бақсы деп тану қате болып шығатынын көреміз. Бақсы экстаз күйге түскенде ауыздарынан көбік ағып, бүкіл денесін жындар буып, «босатпайды», ал әулиенің жағдайы мүлде бөлек. Ежелгі гректерде де әулиенің денесіне құдай немесе аруақтар кіреді деген сенім болған, мұндай кезде олар тура бақсылардың денесін жын буғандағыдай жағдайға түсетін. Көздері шатынап, бет-әлпеті бұзылып, қалшылдап, аузынан су ағып, жерде домалап жататын. Өзін осындай күйге түсірген құдайдың аузына салған сөзін түсініксіз болса да, айтып жататын сөзін түгел айтып болдым дегенде ғана сабасына түсетін [30, 95-б.]. Бұл Құдайдың таңдаулысы саналатын типтерге ортақ жағдай ретінде қабылдануы керек.

Қорқыттың ажалмен күресуінде патшалардың тақ ауысуы жоқ, яғни тарихи жағдайдың көрінісі әпсанаға қосылмаған. Оған Құдай – Алла тарапынан жасалатын жаза сарыны қолданылмаған, мұны бұл сюжеттің жасалған кезеңінде Құдай үстем билікке жетпеген немесе тіпті жоқ деп есептеуге болады.
Төменгі әлемнің жыландар әлемі болуы Полинезиялық мифтерде де бар [31, 86-б.]. Тек «Ер Төстік» ертегісі ғана емес, Қорқытқа байланысты ажалдың жылан болып келуі туралы айтылған әпсаналар бұл тым көне сарынды ұзақ уақыт бойына санада сақтағанын көрсетеді. Бақсының қолында қобызы (асатаяқ) болса, абыздардың да, пайғамбарлардың да қолында асатаяқ болған. Ежелгі гректегі абыздар лавр жапырағын ұстап отырған. «Ғибадатхананың лаврдан жасалуы абыздар әулиелік кезінде лавр жапырағын шайнаумен байланысты шыққан» [6, 140-б.], − делінеді.

Тарихи Қорқыт жоқ, ол тек жинақты бейне деген В.М.Жирмунский [10, 558-б.] мен Х.Г.Көрұғылы [32, 186-б.] деп бағалағаны осындай ойлармен дәлелденсе керек. Бірақ, қалай болғанда да, Қорқыт есімі халықтың фольклорлық санасына терең енген, оның жұрт санасында қалдырған ықпалы күшті. Л.Я.Штернберг абыздардың есімдерін айтуға тыйым салынғанын, олардың тұтынған заттары сакральді болғандықтан, оларға қол тигізуге болмайды деген түсінік болғанын жазған [33, 187-б.]. Қорқыт есімінің нақты тарихи тұлға ретінде дәлелденбеуіне бұл да бір себеп. Ажалмен күресті шамандық пен ислам дінінің айқасы ретінде ғана бағаламай, төменгі әлем иелері жылан түрінде қабылданған түсінікпен қатар ескеру қажет. Абыздардың жүзі нұрлы болуы оттың нұрымен байланыстырылуы арийлік түсінікпен жасалған. Сахалардың Құдайға жалбарынуды тек ақ шамандарға жасатуында оның тазалығы оттың қатысымен байланысты болған деп ойлаймыз.



Қобыз дәстүрі

Көнеден келе жатқан қобыз дәстүрі қазақтың аспаптық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Қобыздың көнелігі мен жетекші аспап ретінде алдымен ауызға алынатындығы, қасиетін жан-жақты суреттейтін көптеген археологиялық қазба жұмыстары мен жазба мұраларында көрініс тапқан. Мұндай байырғы қыл қобыз сияқты синкреттік аспаптар түркітілдес Орта Азия, Сібір, Кавказ, Орта және Шығыс халықтарында сақталған. Қобыз дәстүрі шаман дінінің және осы дін өкілдері – бақсылардың пайда болу процесімен тығыз байланысты.

16

Жалпы, қобыз өнері бақсы-шамандардың ажырамас аспабына айналған, ал, бақсылық өнер Орта Азиялық көшпенді елдерінің ең байырғы дін түрі (формасы) болғаны хақ. Төлтума қобыз дәстүрі синкреттік түрде бақсылардың ем-дом беруші, жырау, ақын және музыкант сияқты функцияларында қалыптасқан. 
Халқымыз қобыз өнерін Қорқыт есімімен байланыстырады. Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағына сілтеме жасасақ, қобызды аспап ретінде және онда ойнау дәстүрін Қорқыт тудырып, өзі ойнаған деген болжам бар. Қорқыт музыкасын да көшпенді елде ғасырлар бойы сақтап келген бақсы-жыраулар.
Олардың істеген кәсібі, әдеті, дағдысы – музыканы жан күйімен сүюі. Бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыттың қобызына қосып сарын айтатын, қобызбен боздатып күй тартатын [1-99]. Сондықтан, ерте заманда қазақ бақсылары Ә. Марғұланның пайымдауы бойынша өзінің білімінен керемет ой иесі атанған, ол жәй адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар – әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, оның үстіне емші. Елдің көбі ақын бола алмайтын тәрізді қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған [1-100].
Ғалым Ә. Қоңыратбаевтың пікірі бойынша: «Бақсылар сарында магия, шаман, ислам ұғымдары араласып жатады. Соның ішінде, ата-баба, батырлар әруағына сыйыну сарыны күшті. Бақсылар сал, сары ауру кеселдерін емдегенде өздері сары жирен атқа мінген, барлық киелі күштердің тілін білетін адамдар ретінде ұстаған. Бақсылық сарындардың тілі де халық поэзиясына жақын» [1-5].
Ал, ішекті ыспалы аспаптардың отаны Орта Азия және еуропалық скрипка аспабы қобыздан бастау алған деген пікір музыкатанушы А. Мұхамбетованың ғылыми жұмыстарында кездеседі.

Қобызға көшпенді елі киелі аспап ретінде қараған, өйткені, оның емдеу функциясымен қатар аруақтармен, космоспен (ғарышпен) байланыстырып, аспапты босағаға іліп, тіл-көзден, бәле-жаладан сақтайды деген сенім болған. Мұнымен қатар, қобыз өнері эпикалық дәстүрмен де тығыз байланысты. Қобыз аспабының тарихы тек қана бақсылық дәстүрмен шектелмеген. Ол бақсы дәстүрмен қатар жыраулар шығармашылығында да үлкен орын алған. Жыршы-жыраулар өздерінің ауызша ақындық өнерін батырлар шайқасын қобызбен жырлап жеткізген. Мұндай болжамдар көптеген музыка зертеушілердің еңбектерінде: Ә. Марғұлан, А. Сейдімбек, Е. Тұрсынов, А. Мұхамбетова, Г. Омарова, т. б.көрініс тапқан.

Қобыз дәстүрінің тарихы өте күрделі. Тарихқа шолу жасасақ, жыраулар XVІІІ ғасырда бірте-бірте қалып, эпикалық жырларды қобыздың көмегіменен емес, домбырамен айтатын болған. Сондықтан, қобыз дәстүрін сақтап қалған бақсы-балгерлер болды. Өкінішке орай, XІX ғасырда әр салада жүргізілген алуан түрлі жаңа бастамалар өзінің кері әсерін бақсы-шамандардың өнері мен қобызға кері әсерін тигізді. Әртүрлі ауруды емдейтін, қобыз аспабынсыз жүрмейтін бақсылық процес сол кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Соның салдарынан XX ғасырдың басында бақсылық өнер мен қобызда тартылатын сарындар мен күйлер жойылып кете жаздады. Солардың ішінде, Қорқыт пен Ықыластың (1843-1916) санаулы ғана шығармалары біздің дәуірге жеткен. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында академик, музыкатанушы А.Жұбановтың басшылығымен күйшілер мен аспапта орындаушыларды жинауға мүмкіндіктері туды.

17

Осы ұйымдастырған іс-шаралар арқылы елдің түкпір-түкпірінен жиналған музыка шеберлері, аспапшылары өз өнерлерін қалың жұртқа таныстырып, Қорқыт пен Ықылас Дүкенұлының бай қобыз күйлерін біздің дәуірге жеткізді. Осы салада қобыз дәстүрін көзінің қарашығындай сақтап келген санаулы қобызшылар Ж. Қаламбаев (1909-1969) пен Д. Мықтыбаевтың (1905-1976) еңбектері орасан зор. Олар осы уақытқа дейін қыл қобызда ойнаудың әдіс-тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып келді. Қыл қобыз өнері өз жалғасын 60-шы жылдары тапты. Сол жылдары белгілі композитор, халық әртісі Е. Рахмадиевтың басшылығымен Құрманғазы атындағы консерваторияда қыл қобыз класы ашылды. Дәстүрлі аспап қайта жаңғыртылып, даму жолдарына түсті. Нота сауатын білмесе де Ж. Қаламбаев пен Д. Мықтыбаев консерваторияға шақырылып, шәкірттер тәрбиелей бастады. Атап айтсақ олар: Б. Қосбасаров, Ә. Жұмабеков, Ә. Әжімұратов, т. б. Аталмыш 30-шы жылдары қыл қобыздың үлгісімен үш ішекті, кейіннен төрт ішекті сым қобыздар жасала бастады. Музыкатанушылардың пікірінше осы басталған іс-шара қыл қобыздың дамуына кері әсерін тигізді деген пікірлер де болды. Бұл шараның мақсаты көне қыл қобыздың орнын ауыстыру емес, керісінше мәдениетімізде жаңа аспап сым қобыз пайда болуына септігін тигізу еді. Мұны ұлт мәдениетінің үлкен бір тапқырлығы немесе жаңалығы деп қарауымыз керек. Көне қобызды тарту өнерінің тек ұлттық шеңберде қалып қоймай, Еуропалық мәдениеттің жақсы жақтарын бойына сіңіріп, жан-жақты жетілуіне ықпал етіп, дәстүрлі музыка қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына жол ашты.

Музыка қайраткері академик А. Жұбанов халық аспаптардың тынысын кеңейтіп тек қана ауылдағы киіз үйде немесе шағын жұрттың алдына ғана ойнайтын аспап емес, кең зәулім сарайларда, үлкен сахнада ойнайтын аспапқа айналдырып, жаңадан құрылған оркестр ұжымын алыс-жақын шетелдерге таныстыру жолдарын қарастырды. Осы жылдары мәдениетімізде жасалған іс-шараларды екі бағытта көрсетуге болады. Біріншіден, көненің көзі – қыл қобыз ұмытылып қалмай өз жалғасын тапты, екіншіден – қобыздың тағы бір түрі сым қобыз пайда болуы. Одан ұлт мәдениетіміз ұтылмай, керісінше ұтымды болды деуге болады. Сондағы жүргізілген шаралардың мақсаттары – дәстүрлі музыканың үлгілерін белгілеу, аспаптық орындаушылықты жаңа оркестрлік формаға енгізіп, концерттерге қатыстыру арқылы дарынды өнер қайраткерлерін тәрбиелеуге бағытталды. Бұл жағдай дәстүрлі өнердің идеологиялық шырмауға түскенін және оның өз заманына сай жаңа көзқарасқа ие болғанын көрсетті. Сым қобыз оркестрдің сұранысы бойынша құрылып, өзінің сазды дыбысымен оркестрдің бояуын әсерлей түсіп, тыңдаушылардың ойынан шықты.

1952-56-шы жылдары сым қобыз аспабының диапазоны мен әуен аясын одан ары кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсаған республикаға еңбек сіңірген ұстаз, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Д. Тезекбаевтың жасаған еңбегін ерекше айтып кетуге болады. Жаңартылған сым қобыз, альт қобыз, бас, контрабас қобыздар оркестрлердің құрамында негізгі музыкалық аспаптарының қатарынан орын алып, маңызды рөл атқарып келді. Сондықтан халық аспаптар оркестрінде ішекті, яғни қобыз тобы негізгі құрал болып саналып, оркестрдің кең ауқымын қамтыды.

18

Б.Ғизатов «Казахский оркестр им. Курмангазы» атты еңбегінде қобыздың оркестрдегі маңызды рөлі туралы былай жазады: «Прима қобыз ішекті-ыспалы аспаптарының бірі болып табылады. Халық арасындағы дәстүрлі қобыз екі қыл ішегінен тұрады да, құлақ бұрауы квинта және кварта. Оркестрде қолданылғаннан бері бұл аспаптың дыбыс бояуы кеңейтіліп, құрылысы өзгерді. Қобыздың ерекшелігі оның әуенінде. Шебер орындаушының қолында қобыз қоңыр дыбыс іспеттес болып оның тембрі де жұмсарып өзгерді. Оркестрде бұл аспаптың күрделі шығармаларды орындауға мүмкіндіктері туды. Қазақ халық аспаптар оркестрінде басты аспап ретінде қобызға жеке дауыстар берілді» [25, 41б.]. Осылайша – дауысы жоғары, дыбыс бояуы қобызбен скрипканың үн аралығындағы жаңа аспап – сым (прима) қобыз сахналық өмірге келді. Өзгертіліп жетілдірілген қобызда ең бірінші болып, белгілі қыл қобызшы Ж. Қаламбаев ойнады. Ол көптеген дарынды қобызшыларды да дайындады. Олардың ішінде: Г. Баязитова, Ф. Балғаева, А. Жаманшалова, З. Бейсембаева, Д. Тезекбаев, т. б. болды. Алғашқыда оның оқыту әдісі, оқушының есту қабілетіне және ұстаздың нақты қолына қарап, есту арқылы қабылдауына байланысты болды. Оркестр құрамындағы бастаушы орындаушылар сол кезде нота сауатын білмегендіктен, көбісі дирижёрдің қолына қарап үйренген. Қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында, музыка колледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірттерді рухани байлығымыз – қазақтың музыкалық дәстүрін сақтап қалып ары қарай дамытуға үлкен мән бөлуде. Халықтың және кәсіби музыканттардың арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы, бұл аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Еліміз егемендік алғалы халық бұрын-соңды бағдарына байыпты қарай бастады. Ұмыт бола бастаған тарихи мұраларды жаңғыртуға бет бұрды. Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музыка өнері құнды деректермен зерттеліп толықтырылды. Болашақ ұрпаққа атадан қалған мұраны жеткізуге мүмкіндіктер туды.

Қорқыт Ата  ортақ ұлы ойшыл, жырау қобызшы Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария  бойында өмір сүрген  оғыз – қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.  Рашид Әд – дин «Жамиғ – ат - Тауарих» атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны  қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шедіресінде” оның тегі  баят екендігі, оғыздың  елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр  жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның  еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады.

Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар филосов – гуманисть  ретінде көрінеді.

19

Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, олоғыз-қыпшақ  ұлысынан шыққан айтулы бақсы Абыз (адам). Екіншіден –  күйші – қобыз  сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.



Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”).

Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші  ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздерді  келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі.

Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр  өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді.

20

Бірақ, Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезовты ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады.

Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады.

М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грекаңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды.

Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағы

Қорқыт Ата – энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке Қорқыт Ата туралы ел аузында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл материалдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат беріліп, талдау жасалады.

21

Қорқыт Ата кітабының” Дрезден  кітапханасында (Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, орыс  және қазақ  тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңынд Ш.Құдайбергенұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин  бастаған қазақ ақындарының осы тақырыптағы толғау поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген.



Қорқыт Ата күйлері

Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - “Қорқыт”, “Желмая”, “Тарғыл тана”, “Елімай”, “Ұшардың ұлуы”.

«Ұшардың ұлуы» күйі

«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.

«Башпай» күйі

«Башпай» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт Атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.

Қорқыт Ата кітабы

Қорқыт Ата кітабы (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғасырда бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ретіндегі ‘’Қорқыт Ата кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этнографиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде ХамидМардин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады.

22

Пайдаланылған әдебиеттер



1.Әуезов М. Уақыт және әдебиет. − Алматы, 1962.
2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар. /Құраст. Р.Бердібаев. – Алматы: Жазушы, 1985.
3. «Қорқыт Ата» энциклопедиялық жинақ / Бас редактор Ә.Нысанбаев − Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – 1999.
4. Қасқабасов С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер. – Алматы: Жібек жолы, 2008.
5. Мифы народов мира. Энциклопедия. В 2 т. /Под ред. С.А.Токарева. – М.: Большая Российская энциклопедия, 2003. – Т.1: А –К.
6. Грейвс Р. Мифы Древней Греции. – М.: 1998.
7. Фольклор и этнография. Обряд и обрядовый фольклор. – Л.: Наука, 1974.
8. Сейфуллин С. Шығармалар. 6 томдық. VI Т. – Алматы, Жазушы. 1964.
9. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – Л.: Гос. изд-во худ. лит-ра. 1940.
10. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. – Л., Изд-во «Наука», Ленинградское отд., 1974.
11. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. − Астана, 2002.
12. Бессонова С.С. Религиозные представления скифов. – Киев, Наукова Думка, 1983.
13. Лосев А.Ф. Античная литература в историческом развитии. – М.: Наука, 1959.
14. Мелетинский Е.М. Происхождение героического эпоса. (Ранние формы и архаические памятники). – М.: Изд-во восточной лит-ры. 1963.
15. Турсунов Е.Д. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. – Астана: ИКФ Фолиант, 1999.
16. Әуезов М. Әдебиет тарихы: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы, Ана тілі, 1991.
17. Қашқари Махмұт Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ат-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. Т.3. – Алматы, Хант, 1998.
18. Романова Е.Н. Якутский праздник Ысыах: Истоки и представления. – Новосиб.: ВО Наука Сибир. Изд-кая фирма, 1994.
19. Башкирское нар. творчество. Т.ІІ. Предания и легенды. – Уфа, Башкирское книжное изд-во, 1987.
20. Славянская мифология (Гиганты мысли) /Александр Афанасьев. – М.: Эксмо; СПб.: Мидгард, 2008.
21.Рабғұзи. Қисса-сүл-әнбийя-й. Мұхаммад ғалайһи-уәссаламға дейін. Қазақ тіліне ауд. Р.Мұқанова. − Алматы, Санат, 2001.
22. Типология и взаимосвязи литератур древнего мира. – М.: Наука, 1971.
23. Эпос о Гильгамеше. («О все видевшем»). Пер. с аккадского И.М.Дьяконова. – М.-Л., Изд-во АН СССР, 1964.
24. Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. // В.В.Бартольд; Подг. К изд. С.Г.Кляшторный; отв. ред. А.Н.Кононов. – Перепеч. С изд. 1968 г. – М.: Вост. Лит., 2002.


23


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Қорқыт – оғыз қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнгедейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан қарағанда Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайасына белгілі Қарақожа есімді кісі болса керек.

Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатында дүйім жұрт ден қояды» – дейді В.В.Бартольд.

Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін нақыл сөздері орнықтыра түсіреді. «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары шапан жапқанмен, бәйбіше болмас, анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім де жетпейді», «Өтірік сөз өрге бачпайды».Қорқыт туралы жазба дерек болып табылатын «Қорқыт ата кітабы».

Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1700
Номер материала 251845
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх