Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Әдістемелік құрал "Бастауыш сыныптарға арналған сергіту сәттерінің жинағы"

Әдістемелік құрал "Бастауыш сыныптарға арналған сергіту сәттерінің жинағы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ








Бастауыш сынып оқушыларын

тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын

сергіту сәттері.



hello_html_m1a61bd41.jpg

















Алғы сөз


Адамның ең маңызды қасиеттеріне рухани байлық, моральдық

тазалық және мықты денсаулықты дұрыс дене бітімін, маңызды қозғалыс машығын меңгеруді жұмыс қаблеттілігін көрсететін

дене жетістіктері жатады.

Балалардың дендерінің саулығы,дене мәдениеті балабақшадағы

барлық оқу-тәрбиелік жұмысының маңзды бөлігі болып табылады

және балаларды өмірге дайындауда, гуманистік тәрбиесін қалыптастыруда манызды орын алады. Сондықтан да балабақшаның мақсаты оларға тиімді санитарлық жағдайлар туғызу, денсаулығын сақтауға ықпал ету, балалардың қозғалыс тиімділігін қамтамасыз ету,

дене және сана сезім мүмкіндіктерін толық дамыту болып табылады. Балабақшадағы балалардың дендерінің саулығын сақтаудың бір түрі, бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткізілетін сергіту сәттері физиолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті мен қабілеттілігі 10-15-20 минут аралығында сақталады. Бұдан әрі балалар шаршап, көңілі басқа жаққа ауа бастайды. Баланың көп уақыт қозғалыссыз отыруы, дененің төменгі жақ бөлігіне, ішкі құрлыс, бел, аяққа зиянын тигізеді. Бұл балалардың есте, сақтау қаблетін нашарлатады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде есту, көру мүшелеріне, дене бұлшық

еттеріне, арқаға қол шыбықтарына көп ауырлық түcеді. Шаршап шалдығудың алдың алу үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәттерін өткізу қажет. Олар дене мүшелеріне және қол шыбықтарына түсетін статистикалық жүктемені азайтып, жақсы көңіл-күй туғызады .Сергіту сәттері жетекшілігімен орындалады және әуенмен жасалса тіпті жақсы.

Сегіту сәттерін өткізу әдістемесі әртүлі. Соңғы уақытта ырғақ гимнастикасы ретінде өткізу кеңінен қолданып жүр. Жаттығуларды орындау 1-2 минут. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілетін сергіту сәттеріде қызықты өтеді. Ойын түрінде балалар сөздің ырғағын, дәлдігін

жақсы меңгереді. Қозғалыстар тақпақтың мазмұнына байланысты жасалады.Тақпақтарды алдын ала жаттатудың қажеті жоқ өйткені

оларды жаттығу барысында тез жаттап алады.







hello_html_c8dad98.jpg









hello_html_m6e6a828.jpg


Біз кішкентай баламыз,

Өсіп өніп толамыз.

Күнге қарап, табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.hello_html_7a686f56.jpg

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.




Ал,балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға бір қарайық,

Солға бір қарайық,

Алақанды соғайық.




Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


hello_html_m492af4b1.png






Жел уледі у, у, у,

Боран соқты зу, зу,

Қатты,қатты жел соқты гу,гу.

Жапырақтар қол соқты ду,ду,ду

Шыдай алмай жапырақтар ах,ах,

Билеп кетті қалтырап пах,пах.




hello_html_m4b5e0016.png


Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды жайайық.

Құс боп қанат қағайық,

Иілейік оңға бір,

Иілейік солға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.




Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Сағатқа қарап ақ,

Жаттығу оңай ақ.




Керегені жазайық,

Шаңырақты құрайық.

Уық болып, иіліп,

Киіз үйдей болайық.




hello_html_3551f03e.jpg

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



hello_html_m66412e8f.png



Тербеледі ағаштар.

Алдымнан жел еседі,

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.



Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бес саусаққа, бес саусақ,

Болады ғой он саусақ.


hello_html_7ff7f11e.png

Кәне қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып- ұшып алайық,

Қайта жерге қонайық.




Қылқаламды алайық,

Сәндеп өрнек салайық

Қолға ұстап қайшыны,

Ою-өрнек қияиық



Бір топта біз нешеуміз?

Кел санайық бәріміз(санау)

Қанша болса ұлдар,

Сонша көтеріледі қолдар,

Қанша болса қыздар,

Сонша еңкейеміз достар!


Сары-ала торпақ

Бүйірі томпақ

Босады байқап

Басын шайқап.



hello_html_m5a4d929a.png



Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

hello_html_m1a61bd41.jpg



Отыр аппақ, ақ қоян,

Неткен сап сақ бұл қоян.

Құлақтары делеңдеп,

Әр дыбысқа елеңдеп.






Қолыңды алға созайық,

Қағаз кеспек болайық

Бір, екі ,үш,төрт,

Енді еркін тыныстап,

Демалайық дұрыстап.

hello_html_6203f5f3.jpg

Құлпыра берші кең дала.

Гүліңді мен терейін,

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін.




Ал, балалар тұрайық

Алақанды соғайық,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.




Бір,екі,үш,

Жадыраймыз жайнап күш,

Бестік баға аламыз.

Қуанып үйге барамыз.





Бір, екі ,үш,

Жинаймыз жадырап күш,

Қазақ тілін үйреніп

Демалып жинаймыз.


10




hello_html_m245883b1.jpg


Жаза-жаза саусағым

Әлсіредім шаршадым

Оңға, солға бұрылып.

Сосын қайта жазамын.





Қалың соқ, қолың соқ

Саған өмір қызық болса.

Жер бетінде бақыт болсын,

Қолың соқ, қолың соқ.




Біздер тату боламыз,

Әсем етіп жазамыз

Жаттығулар жасасақ,

Біздер серігп қаламыз.







hello_html_m2ad4a195.jpg


Қаңқ-қаңқ қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер.

Қолды артқа ұстаңдар,

Қане қазға ұқсаңдар.




Бір,екі, үш,

Жадыраймыз жинап күш,

Бестік баға аламыз

Қуанып үйге барамыз.


hello_html_m6ca032cb.jpg

Екі қанат қазда бар,

Қазды іздесең сазға бар.

Екі қанат құста бар.

Қуып жетте ұстап ал.






hello_html_m178850dc.png

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Сағатқа қарап-ақ

Жаттығу қызық-ақ.




Балдырғандар тұрыңдар,

Беттерінді жуыңдар.

Шаштарыңды тараңдар,

Киімдеріңді киіңдер.

Бақшаға барыңдар,

Орындарыңа отырыңдар

Суретті салыңдар.


hello_html_m2853d579.jpg



Қарлығашқа ұқсайық.

Қанат қағып жазайық.

1,2,3,4-қәне отыр тез.





hello_html_m311ff0e5.jpg

Жаттығу оңай-ақ.

Құс қанатын жаяды.

Үйрек мойнын созады

Жерге аққу қонады.






Оңға- оңға түзу тұр.

Солға-солға түзу тұр.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам,

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


hello_html_m206b5602.png


Күн болып жайнайық,

Су болып ағайық.

Терең-терең дем алып

Жүгіреп-жүгіріп алайық.


Көтереміз қолымызды

Созыламыз жоғары

Бір ,екі, үш

Денеңді оңға бұр

Бір, екі, үш

Денеңді оңға бұр

Қолды созып жан-жаққа

Отырамыз орнымызға.




Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды бұрамыз

Басты төмен бұрамыз

Осылай жаттығу жасап

Үлкен болып шағамыз.





Бойыңа күш тарасын.

Аш аяқтың арасын

Екі қолды белге ұста,

Бостау болсын қыспа

Кең тыныстап, ал демді.

Бір-екі

Бір-екі

Жаттығайық біркелкі.






Біз жүрдік-жүрдік.

Бүлдірген таптық.

Бір бүлдірген, екі, үш....

Ой қандай тәтті







hello_html_49d9a897.jpg






Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ боп шұқыйық.


hello_html_m7b6af215.gif


Сылдырмақты алайық

Қатты-қатты соғайық

Күш түсіре табанда

Би билейсің табанда

Тақ-тақ-тақ.




hello_html_7145c104.png

Терезеден күн қарайды

Бөлмені нұрландырады

Балалар алақан соғады

Күнге өте қуанады.




Сыңғыр-сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Санап көрші қанекей

1,2,3,4,5,,,1,2,3,4,5.


hello_html_180a6625.gif


Қылқаламды алайық

Сәнді өрнек салайық

Қолға ұстап қайшыны

Ою- өрнек қияйық.


Далады жел тұрады

Жел қаттырақ соқты.

Найзағай жарық етті.

Бір кезде жаңбыр жауа бастады,

Жел баяулады, баяулады.

Жаңбыр да ақырындады.

Жел басылды,

Күн ашылды.





hello_html_m749cbb04.jpg




Торғай торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ал

Бөтегесін томпайтып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.




Қоңыр қаздар қалқып жүрді.

Жасыл шөпке келіп қонды.

Біраз жүзіп жүгірген соң,

Қайта олар ұшып кетті.




Қошақандар ұйықтап жатыр

Орындарынан тұрады,

Керіледі, созылды,

Оңға, солға бұрылды.

Сосын іске кірісті.





Топ-топ басайық

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса алтын күн.

Жаса-жаса жарқын күн.




Ал,балалар, тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.





Тап-таза суда.

Балық жүзіп ойнайды

Біресе жиырылады.

Біресе керіледі

Біресе құмға тығылады.




Ұзын мұрты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа.

Допты алдым қолыма.

Допты қойдым орнына,

Оңға қарады, солға қарады.

Үлкен тау деп ойлайды.

hello_html_5544981.jpg

Буратина созылды,

Бір еңкейді,

Үш еңкейді,

Екі жаққа қол созады.

Аяқтарын көтерді.

Жүрді-жүрді жүреді.

Жүгірді-жүгірді жүгірді.




hello_html_m45295b55.gif

Таң атты, күн шықты.

Аспанды бұлт шықты,

Жел тұрды, жауды.

Найзағай сарт- сұрт етті,

Біз бұға қалдық.




hello_html_59b3553e.jpg

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ку-ре-ку,тұр-тұрлап,



hello_html_924756d.jpg






Оятады баланы.

Еркін ұста дененді,

Тарсылдатпай еденді,

Орнымыздан тұрып- ап,

Жүгірейік бір уық.

Бір, екі, үш, бір,екі,үш,

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық,

Бір, екі, үш, бір ,екі, үш,

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі.

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Тоқылған салса себетте.









hello_html_m583e5576.jpg

Қырғауыл боп ұшамыз-ұшамыз.

Түлкі болып қашамыз-қашамыз,

Қырғауылдай тапқыр боп,тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз.


Әже өрнек құрады.

Өрнек оқу құралы.

Бұл құрал мен тамаша,

Тоқылады алаша.



Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,

Бойымызға жинап күш,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,




Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.


hello_html_m4a4bdf95.gif


Қолға қалам алайық,

Дәптерімізді ашайық,

Дәптерімізді ашқан соң,

Әдемі етіп жазайық.



Кел, бала, кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымыздан тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Екпіндей түс.

Аяқты оңға созайық ,

Тік көтеріп қозғайық.

Оңға , солға қарайық,

Орнымызды табайық.




Күн болып ағайық,

Мөлдір су болып ағайық,

Гүл болып жайнайық,

Терең-терең дем алып,

Жүгіріп-жүгіріп алайық.





hello_html_m531df89c.gif


Күн ұйықтайды,

Күн оянды,

Жел соғады

Жел қатты соғады.

Найзағай шатырлайды,

Жаңбыр жауады

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды.



Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт.

Шапалақ соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз.

Тоңды киіп аламыз,

Зу-зу-зу,

Шанамен зулаймыз.




Тымақ киіп басына,

Иыққа шапан жабайық.

Тізілген маржан тасы бар

Қаусырма белдік тағайық.

Етік жеңді жинақтап.

Төрден орын табайық.




Қолымызда тостаған

Қонаққа құр тоспаған

Ішіне ас салайық

Кәне, дәмін қарайық.

Қара-қазан-тайқазан.

Емес сірә жай қазан

Әжем асар қой етін,

Кейде дәмді дәу сазан.




Қос бұрымға тағылған.

Шашбау сылдыр етеді.

Шолпыларың лағылдан.

Бір ырғалып өтеді.

Сырғаларың селт етсе.

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік, жүзігің

Көзді тартып өтеді.



hello_html_7d7aaa03.jpg

Ат ерттеуге жарайық,

Жонына қамшы салайық.

Жорға мініп жарысып,

Көрші ауылға барайық.

Бір, екі, үш санайық.

Кім озады қарайық.

Мәреге жетсе жорғалар

Бір тынығып алайық.



Құстар қанат қағайық!

Екі қолды,

Сәл көтерсек болады.

Енді оны бөгелмей

Түсірейік, қанат қағайық!

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш.



hello_html_39083076.jpg




Шегірткедей ыршиық!

Қане сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік,

Ыршып алға түсейік,

Ыршып артқа түсейік.

Бір, екі, үш

Бір, екі, үш

Шегірткедей ыршиық!

Ыршып-ыршып, тыншыйық!





Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп.

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.




Құс қанатын жайды

Үйрек мойынын созды

Жерге аққу қонды.




Қоюланып тағы бұлт

Жауды жаңбыр себелеп

Жапырақтар жамылып

Бұға қалды көбелек.



hello_html_m19950a19.jpg






Тік ұста бойыңды

Жоғары соз мойыныңды

Соз қолыңды тағыда

Жеткіз жираф мойнына.









Күркіреді күн-күн

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқанды тос-тос

Қүнбағыс тез өс-өс

Екі қанат қазда бар

Қазды іздесең сазға бар

Екі қанат құста бар

Қуып жетте ұстап ал.

Қаңқ -қаңқ қаздарым

Тізені сәл бүгіңдер

Қолды артқа созыңдар

Қане қазға ұқсаңдар.



Биші бұрылып билейді

Күйші домбыра тартады

Спортшы жүгіріп , секірсе

Оқушы сабақ оқиды.





hello_html_c8dad98.jpg






Бақа-бақа балпақ

Басың неге жалпақ

Темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ

Бақа-бақа балпақ

Бұтың неге талтақ

Су бетінде көп жүзіп

Бұтым содан талтақ

Бақа-бақа балпақ

Көзің неге тостақ

Қарауылды көп қарап

Көзім содан тостақ.



Биік болып өсеміз

Егіндей жайқалып

Табиғатты сүйеміз

Шетімізден шеберміз

Денемізді бос ұстап

Билеп -билеп аламыз




Аппақ болып таң атты

Түтін тікке шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.




Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.








hello_html_1ac4ec3.jpg


Аламыз әжемен үйге тауықты,

Аламыз үйге тауықты,

Тауық жем жеп қыт-қыттайды.

Аламыз әжемен үйге үйректі.

Үйрек былай балпаңдайды.

Аламыз әжемен үйге сиырды

Сиыр былай мө-дейді.

Аламыз әжемен үйге мысықты

Мысық былай мяу-дейді.

Аламыз әжемен үйге біз итті.,

Ит былай аф-аф-дейді.

Аламыз әжемен үйге шошқаны

Шошқа былай хрю-хрю дейді.

Аламыз әжемен үйге телевизор,

Телевизор уақыт-уақыт,

Хабаршы ля-ля-ля

Тауық жем жеп қыт-қыттайды






















31




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров308
Номер материала ДВ-402290
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх