Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Әдістемелік құрал "Сабақтарға қатысу дискрипторлары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Әдістемелік құрал "Сабақтарға қатысу дискрипторлары"

библиотека
материалов

Мектеп атауы _____________________ Бақылау күні ______________ Бақылау уақыты: ______ ден ______ дейін

Мұғалімнің аты-жөні ___________________________________ Сыныбы _______________ Пәні _

(санаты, өтілі, курстан өтуі)_____________________


Ұпай

1/2/3/4

Өлшемдік баға

Баға

Бақылаушының анықтаған дәлелдемесі және түсініктемесі.

1. Пәнді нақты және терең білуі.

Үлгілі: Жүргізілетін пәні бойынша терең, ғылыми, энциклопедиялық білімі бар. Бұл салада жаңалықтарға, оқиғаларға, деректерге сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыруда өз білімін қолданады. Тақырып бойынша кез келген сұраққа толық жауап бере алады. Пікірталасты ұйымдастырып, жалғастырып дамыта да алады. Сөз мәдениеті жоғары.

4

1,5



Жақсы: Оқу бағдарламасының көлемі бойынша білімі де, қосымша білімі де бар. Бұл салада деректерге, оқиғаға, жаңалықтарға сүйенеді. Тақырып бойынша жауап бере алады. Пікірталасты ұйымдастыра алады. Сөйлеу мәдениеті сауатты.

3

1,5



Жақсарту талап етіледі: Оқулық бағдарламасының көлеміндегі танымға ие. Негізгі ақпарат көздері - оқулық. Кей кезде тақырып бойынша қосымша материал қолданылады. Материалды баяндауда сөйлеу қиындығын сезінеді.

2

1,5



Төмен: Сабақ тақырыбының көлемі бойынша ғана білімі бар. Негізгі ақпарат көзі - оқулық . Нақты білуге тиісті материал бойынша қате жібереді, терминдер мен ұғымдарды анықтауда дәлсіздіктер бар. Материалды баяндауда сөйлеу қиындығын сезінеді.


1

1,5



2. Оқыту әдістемесін игеруі

Үлгілі: Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы жоғары дәрежеде. Сабақ кезеңдерінің логикалық аяқталуы мен реттілігі бар. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіретін технологияны меңгерген. Сабақта импровизациялайды. Сабақтың жоғары қарқында өтуін қамтамасыз етеді. Ынтымақтастық ахуал туғызады. Оқу үрдісінде әр оқушының жеке ерекшеліктерін біледі де ескереді. Оқушылардың ойлау әрекетін дамытатын сұрақтар қояды. Кері байланысты жүйелі ұйымдастырады. Объективті бағалау және тұрақты мониторинг жүргізеді.

4

1,5



Жақсы: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Сабақ кезеңдерінің логикалық аяқталуы және реттілігі бар. Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдерді меңгерген. Сабақтың бірқалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Оқыту үдерісінде оқушының жеке ерекшеліктерін ескереді. Жағдайларға байланысты сабақ жоспарына түзетулер енгізе алады. Стандартты да, ойлау қабілеттерін дамытатын да сұрақтар қоя алады. Кері байланысты ұйымдастыра алады. Объективті бағалау және тұрақты мониторинг жүргізеді.

3

1,5



Жақсарту талап етіледі: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Сабақ кезеңдерінің логикалық аяқталуы мен реттілігі жоқ. Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдерді нашар меңгерген. Сабақтың төмен қарқында өтуін қамтамасыз етеді. Оқыту үдерісінде оқушының жеке ерекшеліктері ескерілмейді. Сабақ жоспары бойынша өтеді. Стандартты сұрақтар қояды. Кері байланыс әлсіз көрінеді. Оқушылардың білімдерін объективті бағалайды. Мониторинг ұйымдастыруда қиындықты сезінеді.

2

1,5



Төмен: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиындықты сезінеді. Сабақ кезеңдерінің логикалық аяқталуы мен реттілігі жоқ. Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдерді нашар меңгерген. Сабақ қарқыны төмен. Оқыту үдерісінде оқушының жеке ерекшеліктері ескерілмейді. Сабақ тек жоспар бойынша өтеді. Стандартты сұрақтар қояды. Кері байланыс әлсіз. Оқушылардың білімдерін бағалау және мониторинг ұйымдастыруда қиындықты сезінеді.


1

1,5



3. Оқушыларды қызықтыра және қарата білу.

Үлгілі: Мұғалім сынып мүмкіндіктерін және оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін біледі және ескереді. Оқушылардың іс-әрекет белсенділігін жоғары деңгейде ұйымдастырады. Қызықтыру мен ынталандырудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады, соның ішінде жеке дара. Сабақтың өң бойында танымдық қызығушылықтарын қолдайды. Вербальды және вербальды емес коммуникативтік тәсілдерді белсенді қолданады. Балаларды жетістіктерге бағыттайды. Бәсекелестік рух қалыптастырады.

4

1



Жақсы: Мұғалім сынып мүмкіндіктерін және оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін біледі және ескереді. Оқушылар іс-әрекет белсенділігін жоғары деңгейде ұйымдастырады. Қызықтыру мен ынталандырудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Сабақтың өң бойында танымдық қызығушылықтарын қолдайды. Вербальды және вербальды емес коммуникативтік тәсілдерді қолданады. Балаларды жетістіктерге бағыттайды. Бәсекелестік рух қалыптастырады.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Мұғалім сынып мүмкіндігін және оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін толық білмейді де, ескермейді де. Оқушылардың іс-әрекет белсенділігін төмен дәрежеде ұйымдастырады. Қызықтыру мен ынталандырудың түрлі әдістерін қолданады. Сабақ барысында танымдық қызығушылықты қолдайды. Вербальды және вербальды емес коммуникативтік тәсілдерді қолданады. Оқушыларды жетістікке нашар бағыттайды.

2

1



Төмен: Мұғалім жеке оқушылардың ерекшеліктерін де, сыныптың мүмкіндігін де ескермейді. Белсенді іс-әрекетке ниеттендіру төмен дәрежеде. Қызықтыру мен ынталандыру әдіс-тәсілдерін меңгермеген. Сабақ барысында танымдық қызығушылықты қолдайды. Оқушыларды жетістікке ынталандырмайды.


1

1



4. Сабақтағы жайлы психологиялық ахуал.

Үлгілі: Мұғалім жайдары, өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін шығармашылық орта құрылған, ешкімді субъективті бөлмейді. Оқушылардың бір-біріне деген жақсы қарым - қатынасы және бәсекелестік рухы байқалады. Сабақ үдерісіне оқушылар белсене қатысады.

4

1



Жаксы: Мұғалім жайдары, өз ойларын емін-еркін жеткізу үшін жағдай жасалған, оқушылардың бір-біріне деген қарым - қатынасы жақсы. Мұғалім оқушыға психологиялық қысым көрсетпейді. Оқу үдерісіне оқушылардың барлығы қатысады.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Мұғалім жайдары болуға тырысады. Оқушылар сенімсіз, қысылып жауап береді. Бәсекелестік рух Байқалмайды. Оқу үдерісіне оқушылардың барлығы қатыспайды.

2

1



Төмен: Оқушылар қысылып, жауап беруге қорқады, әр қайсысы өз бетімен, мұғалімнің жақсы көретін оқушылары бар. Оқу үдерісіне оқушылардың барлығы қатыспайды.


1

1



5. Сабақты жоспарлау сапасы.

Үлгілі: Сабақ жоспары сауатты құрастырылған. Оқытудың түрлі әдістері ұтымды қолданылады. Оқушылардың өздік жұмыстары сауатты ұйымдастырылған. Жағдайға байланысты сабақ барысында жеңіл-желпі айтарлықтай түзетулер енгізілген.

4

1



Жақсы: Сабақ жоспары сауатты құрастырылған. Мазмұнында оқушылардың ерекшеліктері ескерілген. Жағдайларға байланысты уақытында түзетулер енгізілген.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Сабақтың мазмұнын жоспарлауда қателер бар. Сабақтың мазмұнында барлық оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмеген. Оқушылардың өздік жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Сабақ барысында жағдайларға байланысты түзетулер еңгізілмейді.

2

1



Төмен: Сабақ жоспары тиімсіз құрастырылған. Сабақ мазмұнында оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмеген. Оқушылардың өздік жұмыстары сауатсыз ұйымдастырылған. Сабақ барысында жағдайларға байланысты түзетулер еңгізілмейді.


1

1



6. Кері байланысты ұйымдастыру біліктілігі.

Үлгілі: Мұғалім оқушыларды дұрыс бағыттай алады. Оқушылар мұғалімнің не талап етіп тұрғанын жақсы түсінеді, тапсырманы уақытында және дұрыс орындайды, дәлелді жауап бере алады. Оқушылардың жауаптарына негізделе отырып түзету жұмыстары жүргізіледі және білімді тереңдету бойынша ұсыныстар, бағдарлар беріледі. Оқушылар бір-бірін дұрыс бағалайды және өздеріне үй тапсырмасын анықтайды.

4

1



Жақсы: Мұғалім оқушыларды дұрыс бағыттай алады. Оқушылар жауапты дәлелдеу барысында қиналады немесе дәлелдемейді. Бір-бірін әрдайым дұрыс бағалай алмайды. Оқушылардың жауаптары негізінде түзету жұмыстары жүргізіледі және жауапты жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі. Үй тапсырмасы оқушылардың түсіну деңгейі бойынша беріледі.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Мұғалім мақсатты үстіртін қояды, оқушылар мұғалім өздерінен не күтіп тұрғанын кейде түсінбейді. Тапсырманы барлығы орындамайды. Өз жауаптарын оқушылардың барлығы түсіндірмейді.

2

1



Төмен: Мұғалім сабақтың мақсатын дұрыс қоя алмайды. Оқушылар өздерінен не талап етіп тұрғанын түсінбейді. Тапсырмалар қате немесе уақытында орындалмайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарына байланысты өз жұмысына түзетулер еңгізбейді. Үй тапсырмасы оқушының түсіну деңгейіне байланысты ескерілмей беріледі.


1

1



7. Оқу үдерісін басқару.

Үлгілі: Ұйымдастыру сәті тиімді ұйымдастырылған. Оқушыларды білім алуға бағыттай алады. Оқу үдерісі әдістемелік сауатты жүргізіледі. Сабақ кезеңдерінің логикалық жүйелілігі бар. Уақытты тиімді қолданады. Оқушыларды бағалау және өзін-өзі бағалау әдістерін қолданады.

4

1,5



Жақсы: Ұйымдастыру сәті тиімді ұйымдастырылған. Оқушыларды білім алуға бағыттай алады. Оқу үдерісі әдістемелік сауатты жүргізіледі. Сабақ кезеңдерінің логикалық жүйелілігі бар. Сабақ кезеңдерінің уақытын бөлуде қиындық бар. Оқушыларды бағалау және өзін-өзі бағалау әдістерін жақсы қолданады.

3

1,5



Жақсарту талап етіледі: Ұйымдастыру сәті қалыпты ұйымдастырылған. Сабақтың мақсатын қоюда қиындық бар. Оқу үдерісі әдістемелік сауатты жүргізіледі. Сабақ кезеңдерінің логикалық жүйелілігі сақталмайды. Уақыт тиімсіз қолданылады. Сабақта қолданылған оқушыларды бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қойылған мақсатқа жетуге ықпал етеді.

2

1,5



Төмен: Сабақ әдістемелік сауатсыз құрастырылған. Материалдың меңгерілуіқадағаланбайды. Оқушылардың оқу үдерісі еркіне жіберілген. Оқушының әрекетін бағалау әдісін игермеген.


1

1,5



8. Анық және әділ бағалау қабілеті

Үлгілі: Оқушылардың жетістіктерін бағалау өлшемдерін нақты біледі. Оқушылардың жетістіктерін бағалау сабақтың бүкіл барысында тіркеледі. Оқушылардың үлгеріміне талдау жасалады және мониторинг жүргізіледі. Материалды меңгертуде ақпараттық жиынның әр түрін қолданады.

4

1,5



Жақсы: Оқушылардың жетістіктерін бағалау өлшемдерін нақты біледі. Оқушылардың жетістіктерін бағалау сабақтың бүкіл барысында тіркеледі. Оқушылардың үлгеріміне талдау жасалады және мониторинг жүргізіледі. Материалды меңгертуде ақпараттық жиынның әр түрін қолданады.

3

1,5



Жақсарту талап етіледі: Оқушылардың жетістіктерін бағалау өлшемдерін білмейді. Оқушылардың жетістіктерін бағалау сабақтың соңында ғана тіркеледі. Үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізілмейді. Бір тапсырманы орындаумен ғана бағалайды.

2

1,5



Төмен: Оқушылардың жетістіктерін бағалау өлшемдерін білмейді. Оқушылардың жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. Үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізілмейді. Үстртін, өз бетінше ғана бағалайды.


1

1,5



9. Сұрақ қою біліктілігі.

Үлгілі: Сұрақтар нақты құрастырылған. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты сұрақтың әр түрлерін қоя алады (ашық, жабық). Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты сараланған сұрақтар қоя алады.

4

1



Жақсы: Сұрақтар нақты құрастырылған. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты сұрақтың әр түрлерін қоя алады. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты сараланған сұрақтар қоя алады.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Сұрақтар анық құрастырылмаған. Оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмеген. Біртүрлі сұрақтар ғана қояды. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне байланысты әр түрлі сұрақтар қоя алмайды.

2

1



Төмен: Сұрақтар құрастырылмаған. Оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмеген.



1

1



10. Оқушылар-дың жетістіктерінің болжамы және талап деңгейі

Үлгілі: Материалды меңгеру барысында мұғалім оқушыларға жоғары талап қояды. Жекеленген тапсырмалар дайындайды. Оқушының жетістіктерінің өсуін қадағалайды.

4

1



Жақсы: Материалды меңгеру барысында мұғалім оқушыларға жоғары талап қояды. Жекеленген тапсырмалар дайындайды. Қосымша материалдарды пайдалануын қолдайды. Оқушының жетістіктерінің өсуін қадағалайды.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Материалды меңгеру барысында мұғалім оқушыларға жоғары талап қоймайды. Жекеленген тапсырмаларды тексеріс кезінде ғана өткізеді. Қосымша материалды пайдалануын қолдайды. Оқушылардың жетістіктерінің өсуін қадағаламайды.

2

1



Төмен: Материалды меңгеру бойынша мұғалім оқушыларға жоғары талап қоймайды. Тапсырма орындау оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді. Тапсырма даярлауда тек оқулық қана қолданылады. Оқушылардың жетістіктерінің өсуін қадағаламайды.


1

1



11. Оқыту ресурстарының сауатты қолданылуы

Үлгілі: Оқу ресурстарын қолдануы оқушыларда мазмұнды, іс-әрекеттік және қызығушылық әрекет компоненттерін қалыптастырады, бұл оқушының әр кезеңде оқу материалын меңгергенін тиімді бақылауға, түзетуге, сол сияқты бағалауға жағдай жасайды.

4

1



Жақсы: Оқу ресурстарын қолдануы оқушыларда мазмұнды, іс-әрекеттік және қызығушылық әрекет компоненттерін қалыптастырады, бұл оқушының әр кезеңде оқу материалын меңгергенін тиімді бақылауға, түзетуге, сол сияқты бағалауға жағдай жасайды.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Оқу ресурстарын қолдануы оқушыларда мазмұнды, оперативті, қызығушылық әрекет компоненттерін қалыптастырмайды, бұл оқушы әр кезеңде оқу материалын меңгергенін тиімді бақылауға, түзетуге, сол сияқты бағалауға жағдай жасамайды.

2

1



Төмен: Оқу ресурстарын қолдануы оқушыларда мазмұнды, жылдам, қызығушылық әрекет компоненттерін қалыптастырмайды, бұл оқушы әр кезеңде оқу материалын меңгергенін тиімді бақылауға, түзетуге, сол сияқты бағалауға жағдай жасамайды.


1

1



12. Уақыттың тиімді қолданылуы

Үлгілі: Сабақтың әр кезеңінің уақыты тиімді қолданылған. Орындайтын тапсырманың көлемін уақытпен өлшей білуі. Мұғалім жоспарлаған уақытын сақтайды. Мұғалім керекті жағдайда сабақты өткізудегі белгіленген уақытты өзгерте біледі. Уақытты тиімді қолдану үшін оқыту әдістемесі дұрыс таңдалған.

4

1



Жақсы: Сабақтың әр кезеңінің уақыты тиімді қолданылған. Орындайтын тапсырманың көлемін уақытпен өлшей білуге қиналады. Мұғалім жоспарлаған уақытын сақтайды. Мұғалім керекті жағдайда сабақты өткізудегі белгіленген уақытты өзгерте біледі. Уақытты тиімді қолдану үшін оқыту әдістемесі дұрыс таңдалған.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Сабақтың әр кезеңінің уақыты тиімді қолданылмаған. Орындайтын тапсырманың көлемін уақытпен өлшей білуге қиналады. Мұғалім жоспарлаған уақытын сақтай алмайды. Сабақты өткізудегі белгіленген уақытты өзгерте алмайды. Уақытты тиімді қолдану үшін оқыту әдістемесі дұрыс таңдалған.

2

1



Төмен: Сабақтың әр кезеңінің уақыты тиімді қолданылмаған. Берілген тапсырманың көлемі мен уақыты сараланбаған. Мұғалім жоспарлаған уақытын сақтай алмады. Сабақты өткізудегі белгіленген уақытты өзгерте алмайды.



1

1



13. Вербальді және вербальді емес қарым-қатынас дағдысы

Үлгілі: Сөз мәдениеті жоғары, дикциясы айқын, сөйлеу қарқыны оңтайлы, екпіні баяу, эмоционалды сөйлейді. Мимика ым-ишаратты қолданыла алады. Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере алады. Киімі іскерлік стильде.

4

0,5



Жақсы: Сөйлеу қарқыны оңтайлы, дикциясы айқын, екпіні баяу, эмоционалды сөйлейді. Мимика ым-ишаратты қолданыла алады. Оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере алады. Киімі іскерлік стильде.

3

0,5



Жақсарту талап етіледі: Сөйлеу дикциясы айқын емес, екпіні баяу, қарқыны оңтайлы, эмоционалды емес. Мимика ым-ишаратты қолдана алмайды. Мұғалімнің өзінің сыртқы келбетіне жеткілікті түрде мән бермейді.

2

0,5



Төмен: Сөйлеу мәдениеті төмен, дикциясы нақты емес, қарқыны жоғары (не төмен), екпіні жоғары (не төмен), сөздері бірқалыпты. Мимика ым-ишаратты қолданыла алмайды. Мұғалім өзінің сыртқы келбетіне мүлдем мән бермейді.

1

0,5



14. Үй тапсырмасы.

Үлгілі: Мұғалім: нұсқаулық жүргізеді; үй тапсырмасының орындалу алгоритмін береді; қалай тексеретінін айтады; көлемі мен уақытын ескереді. Тапсырмалар: әр оқушыға түсінікті; алған білімі және біліктіліктерін өздігінен қолданылуға бағытталған; аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған; жеке шығармашылық қабілетке ие.


4

1



Жақсы: Мұғалім: нұсқаулық жүргізеді; үй тапсырмасының орындалу алгоритмін береді; қалай тексеретінін айтады; көлемі мен уақытын ескереді. Тапсырмалар: әр оқушыға түсінікті; алған білімі және біліктіліктерін өздігінен қолданылуға бағытталған; аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталмаған.

3

1



Жақсарту талап етіледі: Мұғалім: нұсқаулық жүргізеді; үй тапсырмасының орындалу алгоритмін бермейді; қалай тексеретінін айтпайды; көлемі мен уақытын ескерілмейді. Тапсырмалар: әр оқушыға түсінікті; алған білімі және біліктіліктерін өздігінен қолданылуға бағытталмаған; аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталмаған, репродуктивті қабілетке ие.

2

1



Төмен: Мұғалім: нұсқаулықты өз деңгейінде жүргізбейді; үй тапсырмасының орындалу алгоритмін бермейді; қалай тексеретінін айтпайды; көлемі мен уақытын ескерілмейді. Тапсырмалар: әр оқушыға түсініксіз; алған білімі және біліктіліктерін өздігінен қолданылуға бағытталмаған; аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталмаған, репродуктивті қабілетке ие.

1

1








Жалпы ұпайы (жоғары 62, егерде барлық критерийлер бойынша ұпай қойылса):



Мұғалімге ұсыныс (оқыту сапасын көтеру үшін үш өлшемге дейін көрсету):


1.



2.



3.

Қойылған ұпайға сәйкес, критерийлердің жоғары бағасы:



Баға пайызбен (нақты бағасы, әрбір критерийлердегі бағалар қосындысынан құралады оны жоғары критериялық бағаға бөлу және 100% көбейту, : Х/34*100)


Сабақтың жалпы ұпайы:


4 ұпай (үлгілі) 87-100%;

3 ұпай (жақсы) 62-86%;

2 ұпай (жақсартуды талап етеді) 37-61%;

1 ұпай (төмен) 0-36%



Директордың оқу жөніндегі орынбасары:

Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров119
Номер материала ДБ-035187
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх