Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыӘдістемелік құрал "Тәрбие басы-тал бесік"

Әдістемелік құрал "Тәрбие басы-тал бесік"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жексенова А.М.

Амантаева М.А.

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие басы – тал бесік

Сынып жетекшілер мен ата-аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зайсан қаласы

 

 

 

 

Құрастырғандар:

Жексенова А.М,  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Амантаева М.А.,  мектеп психологы

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазғандар:

Рахимова Ш. Аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Дуанканова Г.М., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

        Бұл кітапша ата-аналар мен сынып жетекшілерге әр баланың психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосатын көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Үш бөлімнен тұратын әдістемелік құралда ата-аналарға ақыл-кеңестер, өз мүмкіншіліктерін бағалай алатын сауалнама, тесттер, түрлі қызықты деректер келтірілген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

І бөлім.

Ата-аналар, сіздер үшін .......................................................................5

ІІ бөлім

Ата-аналарға арналған сауалнама, тесттер ......................................47

ІІІ бөлім

Бұл қызық! (қызықты материалдар)..................................................54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

67

 

Қазтамақ (герань) тұрған бөлмеде ұрыс-керіс болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен.

Гүлді өз қолыңыздан егіп,баптап,сәбидей күтсеңіз, сіздің денсаулығыңызға,отбасыңызға оң әсер етеді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріліп,барлық жаман ойдан арыласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

66

 

3

 

Кіріспе

 

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән – мағына жатыр.

         А.С.Макаренко ата-аналарға: «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, баланы өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесе-сіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым–қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет – журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар», - деген болатын.

Бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күнделікті өмірде күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала бермек. Тәрбие ешбір үзіліс, демалысты күтпейтіндіктен, аталған жинақ сынып жетекшілеріне және ата-аналарға бала тәрбиелеуде әдістемелік көмек ретінде жасалынды.

 

 

 

 

4

 

Еңсені езген ойлардан арылғыңыз келсе ...

 

Кейде еңсені басқан ойлардан арылып, көңіл-күйді көтергіміз келетіні бар. Көңіл-күйді көтеріп, ағзаны сергіту үшін өсімдіктердің жұпар иісін иіскеудің өзі жеткілікті екен. Ендеше түрлі өсімдіктер иісінің ағзаңызға қалай әсер ететінін біле жүріңіз.

Апельсин иісі адамның бойында жаңа бір нәрсені табуға деген ынтаны оятады.

Алмұрт иісі зейінді арттырады.

Егер жағымды эмоцияларға зәру болсаңыз, қалампыр иісін иіскегеніңіз дұрыс. Сондай-ақ ол ішкі қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды жеңуге пайдасы көп.

Сарыгүл (ирис) ағзаға жағымды әсер етіп қана қоймай, жігеріңізді оятады. Шаршағанды басып, күйзелісті кетіреді.

Інжугүл (ландыш) иісі шығармашылық белсенділікті қалыпқа келтіріп, өз күшіңізге деген сенімді оятады. Мақсатыңызға жету жолындағы табандылығыңызды күшейтіп, ойыңыздың сергек болуына көмектеседі.

Арша иісі адамның өзіне деген сенімін күшейтіп, дағдарыстан шығуға жәрдемдеседі.

Жұпарағаш (мускат) иісі ағзаны сергітіп, қан қысымын көтереді.

Раушан гүлі шаршағанды, ашуды басады.

Түймедақ иісі айналадағылармен жақсы қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады.

65

Өсімдіктер әлемінде елеусіз болғанымен, аскөк иісінің күйзелістен шығуға, үмітсіздікпен күресуге, тыныштандыруға, асығыс шешім қабылдамауға тигізетін пайдасы көп.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адам-дармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз

 

 

 

 

 

 

5

 

64

 

І бөлім. Ата-ана бұл сіздер үшін...

Бала тәрбиесінде қателесіп жүрмеңіз

         Мектеп - баланы үлкен өмірге даярлайтын, оның қасиеттерін ұштайтын орта. Ал мектептегі басты нәрсенің бірі-баланың жетістіктерге ұмтылуы. Қандай да бір жетістікке деген құштарлығы бар адамдар кез келген мәселені шешуге шығармашылық жолмен қарайды.  Осы қасиет бойында жастайынан қалыптас-қан балалар сабақты жақсы оқиды. Сондықтан да бұл істе мектептің атқаратын қызметі зор. Мына жайлар есіңізде болсын:

ü  Отбасында жақсы тәрбие алған, тиісті қамқорлық, қолдау көрген, қандай да бір істе ата-анасы тарапынан түсіністікке ие болған балалардың сабаққа үлгерімі жақсы, олар алға ұмтыла түседі. Сондықтан олардың бойларына жақсы қасиеттер сіңіру өте маңызды.

ü  Бала «екілік» алып келсе, оған қара аспанды төндіре ренжімеңіз. Қайта баламен ақылдасып, мұның неліктен болғанын анықтап, қалыптасқан жағдайдан қалай шығу керектігін екеулеп кеңесіңіз.

ü  Сабаққа дайындалу барысында баланы басқа нәрсеге алаңдатпаңыз. Оны жастайынан нақты іске кіріскенде өзін соған жұмылдыра білуді үйретіңіз. Оған сабаққа дайындалу, демалу, ойын уақытын нақтылап көрсетіп беріңіз. Бұл оның бәріне де еш қиындықсыз үлгеруіне, жөнсіз шаршамауына көмектеседі. Осыдан кейін барып ол өзіне тиесілі шаруаларға дер кезінде, ешкімнің «шұқылауынсыз» кірісуге дағдыланады.

ü  Баланы өзіне сын көзбен қарауға үйретіңіз. Ол өзін-өзі  «сыртынан» көріп дағдылансын.

ü  Мұғалімге өз отбасыңыздың бірінші одақтасы әрі досы ретінде қараңыз. Онымен кеңесіп отырыңыз.

ü  Ата-аналар жиналысына міндетті түрде қатысып тұрыңыз.

ü  Балаңыздың үлгерімін күнделікті қадағалауды әдетке айналдырыңыз,ол нені үйренді, қандай жаңа нәрселерді игерді,осы жағын да біліп отырыңыз.

ü  Баланың үй жұмысын қалай орындайтынын қадағалаңыз, кейбір жаттығуларда қиналса, көмектесіп жіберіңіз. Бірақ оның жұмысының бәрін мойныңызға артып алмаңыз.

ü  Білім мен өнер үйренуде баланы үздіксіз қолдап отырыңыз,оның қосымша нәрселер үйренуге деген құштарлығын қолдап-қолпаштап отырыңыз.

ü  Сабаққа қатысты және одан тыс іс-шараларға балаңыздың міндетті түрде атсалысуына жағдай жасаңыз.

ü  Бір мезгіл балаңыздың өзі және мектебі,құрбы-достары туралы әңгімелерін тыңдауға уақыт бөліңіз.

ü  Мектепке, ұстаздарға қолдан келген жәрдеміңізді жасап тұруға тырысыңыз.

Ата-ананың өзіне, оқитын мектебіне мен ұстаздары-на деген қамқорлығы және осыдан туындайтын жағымды жайлар баланың тәрбиесіне тікелей әсер етеді,оның жақсы,үлгілі оқушы болып қалыптасуына жол ашады.

 

 

 

 

 

6

 

 

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы.  Өйткені сіз адал адамдарды бағалай-сыз, шындықты сүйесіз

 

 

 

 

63

 

Қай ағашты таңдайсыз?

(психологиялық тест)

Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Описание: http://massaget.kz/userdata/users/user_51386/1357806579.jpg

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзі-өзіңізбен табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

62

 

Ата-ананың басты қызметтері мен міндеттері:

- тәрбиелік;

- сауықтыру;

- рухани-адамгершілік;

- танымдық-білімдік;

- тұрмыстық;

- қорғау;

 

- үйлесімді дамыту;

- денсаулығына қамқорлық жасау;

- оқуына көмек көрсету;

- салауаттылыққа тәрбиелеу;

- мектеппен байланыс орнату;

- бейімділігін, шығарма-шылығын дамыту;

 

Балаңызды қалай тәрбиелеп жүрсіз?

Баласының тәрбиелі болып өскенін қалайтын кез келген ата-ана баланың қателігін көрген кезде ұрсатыны, кейде жазалайтыны да жасырын емес. Ал ол қаншалықты дұрыс?

Ø  Тәрбие берудің негізі мәйегі-мейірім мен сүйіспеншілікте. Әсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны ерекше. Олар тек сүйіспен-шілікпен ғана өсіп-жетіледі десек, артық айтқандық емес. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше, сүйіспеншілік-бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.

7

Ø  Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескерген жөн. Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда оларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы кәдік. Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде.

Ø  Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себептерді іздейміз. Дереу өзіне ұрса жөнелеміз.

Ø  Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Бала болса, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, жазалағанын білмейді. Сөйтіп, ата-анам мені жақсы көрмейді деген ойға қалады.

Ø   Ата-аналардың қателіктерінің бірі-баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа бір дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы істеген қателіктеріне қайта басуы я болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келгенде дереу ыдыстық қолынан жұлып алғаннан гөрі «ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна» деп оған басқа ыдыс беру керек.

 

Бала тәрбиелеудің 10 ережесі.

Ø    Балаңызды сүйіңіз! Яғни оның қасында барына қуанып, ол өзі қандай болса, солай қабылдап, оны қорламай, жәбірлемей, өзіне деген сенімділігінен айырмай, нақақтан жазаламай, өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпей, сізді жақсы көруіне жағдай тудырыңыз.

 

 

8

 

 

II қан тобы – саналы, ұстамды, күшті стресс кезінде де еңбекке қабілеттілігін сақтайды. Адамгершілігі жоғары, тырысуға бейім. Жұмыс бабымен тез көтеріледі. Олардың «иә» жауабы әркез сенімді. Сүйіктілеріне, достарына, туыстарына сенімді, адал, интелегентті. Денсаулығы нашар, «өркениет тауарларына» бейім. Миокард инфаркті, атеросклероз, диабет, ісік, тас қуық ауруларымен ауырады. Ішімдікті нашар көтереді. Шошқа еті жарамайды.

III қан тобы – дарынды, сезімтал адамдар. Бұл сенімді достар және әріптестер. Жұмыста өздеріне және өзгелерге жоғары талаптар қояды. Олардың нәзік. Жараланғыш жолдары сыртқы сабырлы бет- бейнесінен көрінбейді. Махаббатқа келгенде сезімдер сыртқа ұстамсыз, толқымалы шығуы мүмкін. Бұл қан тобындағы әйелдер ер адамдарға қарағанда қызғаншақ және тым тәуелсіз, тұрақсыз, көңіл-күйі бойынша әрекет жасайды. III қан топ адамдары I қан топ адамдарына қарағанда дені сау, мықты, қой еті мен қоян еті жарамды.

IV қан тобы – бұндай адамдарды екі жанды деп айтуға болады. Кейде бұл күмән мен қапаланудың бастауы болуы мүмкін, бұл сезімдер әркез басқалардың көзінен тыс. Махабатта, достықта, жанұяда осы адамдар идеалға жақын. Өз бақытын армандауда олар өз серігін де бақытты қылуға ұмтылады. Асқазан және 12 елі ішек жарасы ауруларына бейім. Физикалық еңбек пайдалы,  алкоголь зиянын тигізбейді. Сиыр мен тауық  етін жеу денсаулығына пайдалы.

 

 

 

61

 

Ер адамдардың күлкісіне қарап мінезін анықтау:

Ø Көзін жұмып, басын шалқайтып күлу. Дос қызды мәселені шешу үшін ғана қажет етеді.

Ø Ұстамды қүлу. Ондай адамды ызаландыру қиын, ғашықтық сезіміне берік, сенімді адам.

Ø Жан-тәнімен ашық күлу. Өмір оларға қанағаттану-шылық әкеледі, демалыста идеалды серіктерге тап болады, дискуссияларды ұнатпайды.

Ø Құпиялы күлу. Мұндай адамдар көзді ашып қойып алдап кетуі мүмкін, сол себептен мұндай адамдардан сақ болыңыз.

Ø Сол жаққа қарап күлу. Шыншыл сенімді адамдар.

Ø Денесі қоса қозғалса, қасындағы адамның иығын немесе ұстап күлу. Комплекстері көп, назарда болмағанына қуанады.

Ø Қиналып күлу. Тұйық, ұялшақ, жанындағы адамынан жалыққанын білдіріп қояды.

 

Қаныңыз нешінші топ?

Кейбір шетел ғалымдарының пайымдауы бойынша адамның темпераменті, мінезі, денсаулығы оның қаны-ның тобына тәуелді.

 

I қан тобыкоммуникативті, қозғалысы жылдам, күш-жігері мықты, қабілеттері жақсы. Басқарушылық оларға тән. Шаруашылық жұмыс істегенде басқаларға қарағанда аз уақыт ішінде үш есе көп жұмыс істейді. Денсаулығы жақсы әрі мықты. Ұзақ өмір сүреді. Басқа қан тобындағы адамдарға қарағанда 75 жасқа жету мүмкіндігі 60 % құрайды. I қан тобы адамдары физиологиялық жағынан мықты, өйткені психологиялық тұрақты деген ой

60

қалыптасқан.

Ø    Балаңызды қорғаңыз! Яғни оның жаны мен тәнін қауіпті нәрселерден сақтаңыз, тіпті егер қажет болса, жеке мүдделеріңізді құрбан етіп, басыңызды қатерге байлай отырып қорғаңыз.

Ø    Балаға жақсы үлгі болыңыз! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарытыңыз, өзіңіз де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүріп, балаға жауапкершілік сезіммен қараңыз. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп жақсы көретін, барлық туған-туысқандарымен және дос-жарандарымен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс.

Ø    Балаңызбен ойнаңыз! Яғни балаңызға қажет уақыт бөліп, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойнаңыз, ойындарына шындап ден қойып, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімделіңіз.

Ø    Балаңызбен бірге еңбектеніңіз! Балаңыз жұмысқа қатысқысы келгенде оны демеп жіберіңіз (үйде, бақта, бақшада). Балаңыз өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйретіңіз. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдас-тырған қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.

9

Ø    Балаңыздың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қойыңыз! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сіздің жеке тәжірибелігіңіз балаңыз үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беріңіз, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істеңіз. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да “қамсыздан-

дырылған” бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.

Ø    Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет! Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез келген адам отбасында, ұжымда және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).

Ø    Баланы тілалғыш етіп үйретіңіз! Ата-анасы баланың мінез-құлығын қадағалап отыруға және оның қылықтарын, оның өзіне де, басқаларға нұқсан келтірмейтіндей етіп, бағыттап отыруға міндетті болатыны белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.

Ø    Баладан пісіп-жетілу қатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күтіңіз! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңыздан келгенше көмектесіңіз және жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап етіңіз.

Ø    Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік беріңіз! Бала да үлкендер сияқты әсерлермен “қоректенеді”, олар балаға басқа адамдардың өмір тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.

 

10

 

Апельсин ұнататындар - жігерлі, іскер болып келеді. Топ ішінде жарқырап көрінгенді ұнатады.

Бананды жақсы көретіндер -  сезімтал, жаны жараланғыш болып келеді. Өзіне сын айтылғанды кешіре алмайды. Өте өкпелегіш. Алайды керек кезінде өзін құрбандыққа шалудан да тайынбайды.

 

Күлу манерасы

Әйел адамдардың күлкісіне қарап мінезін анықтау:

 

Жан – тәнімен күлу.  Мәдениетті, көпшілік адамның назарында болуды ұнатады.

Күлген кезде аузын қолымен жабу. Ұялшақ, өзіне сенімсіз, ашылғысы келмейді, тұйық адам.

Күлген кезде басын шалқайту. Сенгіш, өз сезіміне бағынады, адал, әділ.

Күлгенде басын, бетін ұстау. Арманшыл, фантазияға бейім.

Күлгенде мұрнын тыжырайту. Сезімдері, көзқарастары тез өзгереді, эмоционалды адамдар.

Аузын қатты ашып күлу. Темпераментті, ұстамды, сөйлеуге бейім, адамдарды тыңдай біледі.

Басын еңкейтіп, ақырын күлу. Ұятты,  мейірімді, тез бейімделеді, сезімі мен қылықтарын жасыра алмайды.

Иекті ұстап күлу. Өзін жас сезінетін адам.

        Көзін қысып күлуі. Салмақты, сенімді, тұрақты, жылдам, өзіне сенімді, сабырлы.

Күлудің белгілі бір түрі жоқ. Индивидуалистер, әр уақытта өз ой-пікірлерін басқара алады және өз идеясын дұрыс деп санайды.

 

59

 

М І Н Е З І М І З Д І    Б І Л Е Й І К

Қандай жеміс-жидекті ұнатасыз?

 

Алма ұнататындар - қиялшыл емес, өмірге икемді, сенімді жансыз.

Өрік ұнататындар - Сіз топшыл және қоршаған адамдармен психологиялық сыйымдысыз. Кейде басқалар сізді түсінбейді. Шын айтып тұрғаныңызды немесе қалжыңдап тұрғаныңызды айыру қиын. Интеллект деңгейі өте жоғары.

Бүлдірген ұнататындар – Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табысасыз.  Әдемі киімдерді ұнатасыз және бағалайсыз. Тәуелсіз адамсыз. Қызғаншақсыз.

Шие ұнататындар - Сіз нәзік адамсыз. Өзіңізге «ала көзбен» қарайтын адамдардан алыс жүресіз. Оқитын кітабыңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыздың барлығы талғаммен. Махаббатта тұрақтысыз.

Ананас ұнататындар - сіз эстетик адамсыз. Басқаларды сыйлайсыз. Өзіңізге қауіп төніп тұрғанын сезе тұра, кез келген іс-әрекетке дайынсыз. Өзгеге қуаныш сыйлауға әзірсіз. Махаббатта бала сияқтысыз. Өз-өзіңізге сенімсізсіз.

Жүзім ұнататындар - Өзіңіздің де, өзгенің де құпиясын сақтай аласыз.  Адамдар сізге сенімділікпен  қарайды. Тұйықсыз. Сөзіңізде тұратын адамсыз. Пунктуалдылықты ұнатасыз.

Алмұрт - сиқырлы сөзімен, әдемі қылығымен баурап алады. Түсінісуге ыңғайлы, әрқашан көмек қолын созуға дайын.

 

58

 

Балаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы ма?

Бұл бала тәрбиесіндегі ең маңызды сұрақтардың бірі. Психологтардың сөзіне сенсек, бала ес жиып, есейе келе ата-анасының өмір сүру дағдысы, мінез-құлқы мен түсінігі, адамгершілігі мен әрекеттерін бақылай бастайды екен. Содан өз көзқарасына сай нәтиже шығарады. Осы нәтиже ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әсер ететін көрінеді. Яғни жасөспірім шақта бала ата-анасына жақындай түсуі немесе олардан сыр жасырып, алшақтай бастауы мүмкін. Ендеше балаңызбен арқатынасыңыз алшақта-мау үшін психологтардың мына кеңестерін жадыңызда ұстаңыз:

1.   Балаңыздағы өзіне, өз күшіне деген сенімді әрқашан қолдап отырыңыз. Кемшілігін бетіне баспай, жай ғана ескертіңіз. Кемшілікті көп айтқан сайын оның өзіне деген сенімі азайып, сырласудан қашқақтай береді. Себебі келесі жолы да сын естуден қорқуы мүмкін.

2.   Перзентіңіздің дені сау және мықты болғанын қалайсыз ба? Онда өзіңіз бастамашы болып, баланы өз ағзасы , денсаулықты сақтау және оны күшейту туралы жиірек сөйлесіңіз.

3.   Үлкендердің перзенттерімен кейбір тақырыптарға сөйлескісі келмейтіні баланы осы тақырыптар тыйым салынған деген ойға келтіреді. Жалтармалы немесе бұрмалаған ақпарат балаларда негізсіз алаңдауды туғыздырады. Сондықтан онымен ашық сөйлесуге үйреніңіз.

11

4.   Баламен қарым-қатынаста ең бастысы-өзара түсінушілік. Ол үшін баланы мұқият тыңдау керек, асығыс тыңдау мен салғырт жауаппен баланы алдауға болмайды.

5.   Аптасына 1 рет онымен бірге спортпен шұғылдануға, демалысқа шығуға, серуенге баруға уақыт табыңыз.

6.   Оқудан және сабаққа дайындалудан бос уақытта сіздің балаңыз немен айналысатынын міндетті түрде ойлаңыз.

7.   Отбасылық кейбір мәселелерден баланы шет қалдыр-маңыз. Үлкендердің ауырып қалуы, материалдық қиын-дық немесе психологиялық ахуалда баламен де сырласып, оның да көзқарасы мен пікірін тыңдау дұрыс ойланып, оң шешім қабылдауға көмектеседі.

8.   Әр кезде баланы өте риза ететін және таң қалдыратын нәрсе жасап тұрғаныңыз абзал. Бұл оны шаттыққа бөлейді, үлкенге деген құрметті арттырады.

Қарапайым көрінгенмен бұл жайлар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың нығаюына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан мұндай кеңесті оқып қана қоймай, өмірде нақты іске асыруға үйреніңіз. 

 

Балаңызбен тіл табыса біліңіз....

 

Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде немесе күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.

Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

12

1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып,

тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.

 

Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.

 

АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын десе, ата-аналары ертіп апарады.

 

Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін  өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

 

 

57

 

құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.

 

Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді» деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін дегені.

 

Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе  сәби өмірге келген соң, ол атаанасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.

 

Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала  деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті  бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал  бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.

 

56

Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының

түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз.

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін «2» алсаң, құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз.

5. Есіктен кірмей жатып «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып, балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Баланың  қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз.

8. Мектептен келе сала баланы сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап, тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс.

10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

 

13

 

11. «Егер сен осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңыз-бен емін-еркін, жақын тартып  әңгімелесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманмен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында:

«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,

15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

 

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

 

1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысы-нан қалыс қалмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

14

 

Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа  әсерін мұқият қадағалайды. Сол себепті жапон аналары арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін  қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.

 

Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

 

Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдасты-рылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп біледі.

 

Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін  үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың

55

 

ІІІ-бөлім. Бұл қызық!

Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?

Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен әлем балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.

 

Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.

Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастыру-шылық, ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын  мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

1.     Сынып жетекшісі;

2.     Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

3.     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

4.     Әлеуметтік педагог;

5.     Мектеп басшысы.

 

Ата-аналарға арналған ереже

 

1.  Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.

15

 

54

 

2. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала  өзінің сүйіспенші-лік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.

3. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз.Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез келген талабына сергек қараңыз.

4. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп  санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз.

5. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны  болмаса, онда оның көргені мен естігенін қабылдауын, сезім – түйсігін, қай иісті қалайтын – қаламайтынын, талғам – тұжырымын «жөнге саламын» деп әуреге түспеңіз.

6. Ешқашан балаңыздың пәк тәніне дақ түсіруге, қол жұмсауға оқталмаңыз. Егер ондай әрекетке қаталдықпен байқамай бара қалсаңыз,  дәлірек айтқанда, ұлыңызға немесе қызыңызға қызбалықпен қолыңыз тиіп кетсе, сол сәтте кешірім сұраңыз. Бірақ қателігіңізді  айыпты бір нәрсемен өтеу, уәде беру арқылы жуып-шаюға тырыспаңыз. Әрбір ісіңізге жауаптылықпен қараңыз, өзіңіздің дұрыс емес деп тапқан әрекетіңізді енді қайтып    қайталамаңыз.

7. Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, бас салып жазалаудың қажеті жоқ, оны сіздің  көмегіңізсіз (немесе көмек бергеніңізді елетпей, қалыс қалған болып) өзінің жөндеуіне мұрсат беріңіз.

16

 

53

 

б) Ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін.

в) Біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.

6.   Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: «біздің кезімізде бұлай болмаған»:

а)  1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрібір өзгеретінін мойындаймын.

ә)  Қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ.

б)  Аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын.

в)  Мен бұлай айтқан жоқпын.

 

Тестің қорытындысы:

        4-6 рет «а» жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі  өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

      3 немесе одан аз «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?»

1. Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?

а)  Ол өзі маған бұл туралы айтты.

ә)  Ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады.

б)  Мен ана болғандықтан бұны өзім сездім.

в)  Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым

1.     Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а)  Екінші анасы сияқты сезінеді.

ә) Сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді.

б)  Құрметпен,бірақ салқын қарайды.

в)  Құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.

2.       Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақыра ма?

а)  Кейде

ә)  Жоқ, ешқашан.

б)  Шақырды, бірақ мен келіспедім.

в)  Олардың жиналатын орны маған ұнамайды.

3.       Көптеген ата-аналар балаларды олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады.  Ал Сіздің жағдайыңызда:

а)   Бұлай болмайды, себебі бұл заттар сәннен шығып қалған.

ә)   Бұлай болмайды, себебі оған шақ келмейді.

б)   Мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді

4.   Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылы-ғын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) Оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ.

ә) Балаңыздан «саған бұл хабар ұнай ма?» деп сұрайсыз.

52

 

8. Баланың миын ашытып ананы да, мынаны да тықпалай берудің қажеті жоқ және оны бәсекелікке үйретпеңіз. Ол өзіне қажетін теледидар көру, оқу арқылы өзі-ақ ала алады. Одан да баланы жұртпен қайткенде тіл табысып, қалай сыйласу керектігін өзіңіз үлгі бола отырып үйретіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз. Дені сау бала оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Кішкентай кезінен денесін шынықтыруды дағды етіңіз. Тазалық пен ұқыптылықты үйретіңіз.

10. Баламен сырласыңыз. Балаңызды бауырыңызға тартыңыз. Сырын айтуға, сізбен бөлісуге үйретіңіз. Мұқият тыңдап, кеңес айтып, баланың сеніміне кіріңіз. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдасып,бірлесіп жұмыс істеуіңіз балаңызды жігерлендіреді. 

11. Бала қателік жасаса, ұрсудан гөрі түсіністікпен қарай білуге тырысыңыз. Ондай кезде онсыз да бала қорқып тұрады. Керісінше ақыл айтып, жол көрсеткен пайдалы.

12. Бала өз қатарларымен бірде дос болып, бірде ренжіседі, кейде таяқ та жеуі мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген дұрыс. Балаңызды жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит етсе бәрін жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай бақылау қажет.

13. Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылап отырыңыз. Сол икемділігіне қарай бейімдеу керек.

17

14. Балаға қарым – қатынасыңыз дұрыс болғаны абзал. Үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу  баланың бойын соған әдеттендіріп, үйретеді. Кейін балаға қатты сөйлемесеңіз, сөз ұқпайтын болады.

15. Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз келеді. Кей заттарды міндетті түрде сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш болып келеді. Мұндай балаларға біз үнемі ұрсып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Ал ол бала айтқанға көніп, қалыпқа түсе қоймайды.

16. Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, т.б. болатынын өмір көрсетіп келеді.

 

Баланы мектепке қалай дайындаған дұрыс?

 

         Жаңа оқу жылы, әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін стрессті кезең болып келеді, оған енді жаңа күн тәртібіне, жаңа ортаға үйрену керек. Бұл кезең ата-аналар үшін де жауапты шақ. Баланы мектепке қинамай, тезірек үйрету керек. Ал оның жолдары қандай?

v   Баланы ерте тұруға үйретіңіз. Оны мектепке дайындауға және мектепке дейінгі жолға қанша уақыт кететінін алдын ала есептеп қойыңыз, соған байланысты баланы ұйқыдан белгілі бір уақытта тұрғызып үйретіңіз. Әрине, бұл оңай шаруа емес, бала ұйқысын қимайды. Сондықтан оған ерте тұрудың ағзаға пайдалы,зат алмасуын жақсартатынын, ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратынын оның құлағына құйып отырыңыз.

 

 

 

 

18

 

7.Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

11.Балаға қалаған  ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

 

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың  көмегіне сүйеніңіз.

 

16-30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс.

      Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

 

30-39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз. 

 

 

51

 

бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз.  Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет.

16-30 ұпайға дейін – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда  тым
жұмсақсыз.

30-39 ұпайға дейін – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық, баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

 

Сіз қандай ата-анасыз?

 

   Жауабы: Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл

                    Кейде ғана келісемін – 2 балл

                    Келіспеймін – 1 балл

 

1.     Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

2.     Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3.     Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4.     Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5.     Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6.     Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

50

 

19

 

v  Баланы ұйқыдан оятарда оған аяушылығыңызды сездірмеңіз, өйткені оны сезген бала сабаққа барудың қажетті, пайдалы нәрсе екенін сезінудің орнына оны бір азаптай қабылдауы мүмкін. Сондықтан баланы оятқанда қандай да бір көңілді, жақсы нәрсе айта жүргеніңіз дұрыс.

v  Таңертең ерте тұрумен қатар баланы асты да белгілі бір уақытта ішуге үйретіңіз. Сонда ол сабаққа қарны ашып, әбіржімейтін болады, тамаққа алаңдамай, бар көңілін сабаққа аударады.

v  Мектепке барған соң балада жаңа міндет-үйге берілген тапсырманы орындау міндеті пайда болады. Бала тез үйренуі, оны бір машақат сияқты қабылдамауы үшін оған бұл міндетті орындаудың өзі үлкен іс екенін түсіндіріп отырыңыз, оны ынталандырыңыз.

v  Тағы бір есте ұстар нәрсе - баланың мектепке барғанда жалғызсырамауы. Яғни оның жанында балабақшаға бірге барған немесе күнделікті аулада бірге ойнайтын бала болса, тіптен жақсы, ол мектепке тез үйренеді. Өйткені екеудің өзгелермен танысуы, достасуы, олармен бірге сабақ оқуы оңайға түседі. Жалпы, баланы мектеп алдында көпшілікке, әсіресе өзі қатарлыларға үйреткен жөн, сонда ол өзін жайсыз сезінбейтін болады.

v  Баланы мектепке тез үйретудің тағы бір жолы-оны ерте бастан дайындау. Яғни балаға мектепке қажетті нәрселерді, өзін қалай ұстау керектігін күнделікті үйретіп отыру қажет. Ол санауды, қосу-алуды, әріптерді ерте бастан үйреніп алғаны жақсы. Ойын түсінікті тілде жеткізе алуы үшін оны сөзге жаттықтырған пайдалы.

 

 

v  Баланың мектепке өз бетімен дайындалуын, өзіне қажетті нәрселерді күшімен, ақылымен жасауын қадағалаңыз.

v  Мүмкін болса, балаға мектепті 1-ші қыркүйекке дейін таныстырып, оның қайда, қандай екенін көрсетіп қойыңыз. Сынып бөлмесіне кіргізіп, партада қалай отыру керектігін көрсетіңіз. Оның алдағы уақытта осындай жағдайда білім алатынын ертерек сезініп, көндіккені жақсы.

Қысқасы, баланы мектепке психологиялық жағынан жақсылап дайындап апаруға мән бергеніңіз жөн. Бұл мәселені оқу жылы басталғанда емес,одан көп бұрын жан-жақты ойланып, тиісті шараларды жасаған жақсы.

 

Бала мектепке барғысы келмесе не істеу керек?

 

      Оқушыларға оқу жылының алғашқы айларында мектепке бейімделу қиындау тиетіні рас.  Алғашқы күндері баланың тым жылауық болып кетуі, көңіл-күйінің тез өзгеруі, мектепке барғысы келмеуі немесе ата-анасының айтқандарына қарсы шығуы мүмкін. Баланы мектепке қалай оңай бейімдеуге болады? Бұл кеңестер мектеп табалдырығын енді ғана аттаған балалар мен 12 жасқа дейінгі оқушылардың ата-аналарына өте қажет.

v    Ата-ананың режимді қатаң сақтағаны дұрыс. Баланы кешкі тоғыз жарымнан қалмай ұйқыға жатқызу керек. Ұйқыға жатардан жарты сағат бұрын ертеңгі сабаққа киетін киімдерін дайындап, сөмкесін тексеріп қойғаны жөн. Жатар алдында ертегі оқып немесе күнді қалай өткізгенін сұрауға болады. Алғашқы кездері

20

 

Сұрақтар:

1.Кез келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8. Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12. Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе, немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.

16 ұпайға дейін – Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке, не ойға жиі мән

49

 

арызданса, сіз оны ренжімей тыңдайсыз ба?

Қорытындылау
“иә” деген жауапқа 2 ұпай
“жоқ” деген жауапқа 0 ұпай
“білмеймін” деген жауапқа 1 ұпай

24-30 ұпай
Сіз міндетті түрде жақсы әке н/е шеше бола аласыз. Және де тамаша тәрбиеші боласыз.
18-23 ұпай

Сізге бала тәрбиелеуде біршама қиындықтар болады. Сондықтан сіз жауап берген “жоқ”, “білмеймін” сұрақтар төңірегінде ойланыңыз.
12-17 ұпай
Балаларды тәрбиелеу сіз үшін қиын және жағымсыз іс.
0-11 ұпай
Сізді әке немесе шеше болады деп ойлаудың өзі қиын. Егер сіз мұғалім болсаңыз, балалар үшін бұл үлкен бақытсыздық болар еді.

Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?"

 

Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

Жауаптар:

А) қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.

Ә) қолымнан келеді, алайда әркезде солай істей алмаймын.

Б) қолымнан келмейді.

 

48

 

баланың ұйқысы тыныш болуы үшін оның әңгімесін тыңдауға зерікпеу керек.

v  Режимнен бөлек балаға түсетін салмақты бірқалыпты бөлуге тырысу керек. Мысалы, ойын ойнауға 1 сағат, теледидар көруге 1 сағат, компьютерде ойнауға 1 сағат деген сияқты. Ал үйірмелер мен секцияларға қатыстыру керек болса, онда оны қазан айынан бастаған жөн. Оқу жылының алғашқы айында балаға мейлінше аз салмақ түсуі керек. Демалыс күндері табиғат аясына шығып демалуға болады. Бірақ ұзақ жолға шықпаған дұрыс. Баланың рахаттанып ойнағаны дұрыс.

v  Баланың жүйкесін салмақ түсуден сақтаңыз.

v  Оқу жылы басталысымен баланы «жақсы оқы»-деп мәжбүрлеп, миына көп салмақ түсіруге болмайды. Ең алдымен бала жаңа режимге үйреніп алуы керек. Үздік оқуды содан кейін-ақ қолға ала беруге болады.

 

Балаңыз бастауышта оқи ма?

 

         Олай болса,балаңыздың сабақ үлгерімі жақсы болуы үшін мына жайларды жадыңызда ұстаңыз:

 

ü   Баласы 1-сыныпта оқитын ата-ананың басты міндеті-бірінші күннен бастап мектептегі орын алатын жайларға өзі жауапты екенін түсіндіру.

ü   Ешқашан сабақты баланың орнына «оқуға» болмайды. Мұндай балалардың 64 пайызы мұғалімді тыңдамайтыны анықталған. Өйткені үйде дайын «оқушы» бар, соған арқа сүйеген оқушы сабаққа зейін салмайды.

21

ü  Жаман баға алғаны үшін жиі жазғыру дұрыс емес. «Ал сабағыңды істедің бе? Бүгін қандай баға алдың?» деген сауалдың орнына «Бүгінгі сабақ қиын болған жоқ па?» деп, үй тапсырмасына деген ынтасын көтерген орынды. Ең қолайлысы, ол мектепте не істеді, мүмкін оған мектепте бірнәрсе ұнамай жүр ме деген сұрақтар қойған дұрыс, ал бағалары туралы ол өзі де айтады. Ал сіз балаңыздың мектептегі істері туралы көбірек ақпарат аласыз. Бала сіздің онымен бірге екеніңізді, әрдайым көмектесетініңізді түсінсін.

ü  Сабаққа қолайлы уақытты баламен бірге таңдау керек. Күн тәртібін балаға күштеп бекітпей, онымен ашық ақылдаса отырып, бірге келіскен жөн. «Алдымен сабақ, қалғаны сосын» деген қатаң талап оның сабақты асығыс орындауына себеп болады. Мысалы, жылдың жылы мезгілінде мектептен кейін далада серуендеу пайдалы болады, ал сабақты сосын орындауға болады. Қыста алдымен сабақ қарап, сосын компьютер алдына немесе теледидар қарауға отырғаны дұрыс.

ü  Бала сабақ қарап отырғанда қатал ескертулер жасамауға, ұрыспауға және оның әрекеттерін талқыламауға тырысыңыз, сынға алу оның білімге деген қызығушылығын, өзіне деген сенімін азайтады.

ü  Ұйықтау алдында баланың құлағына: «Менде сендей жақсы, тәртіпті бала болғанына сондай қуаныштымын!» - деп сыбырлау оның ертеңгі тәулік бойғы көңіл-күйін көтеріңкі етеді.

 

 

 

 

22

 

ІІ-бөлім. Ата-аналарға арналған сауалнамалар

Сіздер қандай ата-ана боласыздар?


(Сұрақтарға “иә”, “жоқ” немесе “білмеймін” деп жауап бересіз)

1. Сіз бос уақытыңызды шын көңілмен өз іні-қарындаста-рыңызбен бірге өткізе аласыз ба?
2. Балалар ұжымына  тап келсеңіз, олармен бірге ойын ұйымдастырып
ойнайсыз ба?
3. Сіз өз сыныптастарыңызбен оңай тіл табыса аласыз ба?
4. Егер қажет болса, сіз төменгі сынып мұғалімдерінің орнын ауыстыра аласыз ба?
5. Ауру адамға аяушылық жасайсыз ба?

47

6. Сізді қасыңыздағы адамдар сыпайы және сәлемі түзу (приветливый) деп санай ма?
7. Көңіл- күйіңіздің нашарлығын қоғамдық ортада көрсетпеуге тырысасыз ба?
8.
Сәбиге түсініксіз нәрсені түсіндіре аласыз ба?
9. Өзіңнен кішілерді күтіп, бағу міндетін өз мойныңа ала аласың ба?
10. Сіздің айтқаныңызды кіші достарыңыз қызығып тыңдай ма?
11. Үйдегі балалардың қасында қалу үшін алдын-ала жоспарлаған ісіңізден айни аласыз ба?
12. Өзіңнен кішілерге өз пікіріңіздің дұрыстығын дауыс көтермей ұғындыра аласыз ба?
13. Сіз өзіңізді баланың орнына қойып, оның көзқарасымен қарай аласыз ба?
14. Егер сізден жасы кіші адам сіздің қатеңізді айтып немесе сізге ескерту жасаса, оған ренжімейсіз бе?
15. Егер сізге көңіл-күйінің нашар екендігін айтып

мамандар болады, ғалым, агроном, дәрігер, сәулет өнері мамандықтарына бейім.Техниканы жақсы меңгереді.

         Әйгілі адамдар: ғалым Исаак Ньютон, суретші Поль Сезанн, Марлен Дитрих. Ол ортасының сыйлы, абыройлы адамы болады. Ол өзіне сенімділігін арттырса, жақсы кәсіпкер шығады.

        

         Суқұйғыш (21.01-20.02)

         Олар жазушы, суретші, ғалым, заңгер, бизнес саласының қызметкері жолын таңдаса, үлкен жетістіктерге жетеді. Тумысынан бастамашыл, өнертапқыштар, тың идея тапқыш. Олар өздерін мәжбүрлегенді жақтырмайды. Билікқұмар, сондықтан көбінесе мамандық таңдауда адасады.

         Оларға  ыңғайлы мамандықтар: электроника, химия, фотосурет. Химик Д.Менделеев, Ресей Президенті Б.Н.Ельцин, Жюль Верн, т.б. осы жұлдызда туғаны жоғарыдағы нұсқаған мамандықтарды таңдаса, қателеспейтінін білдіреді.

 

         Балықтар (21.02-20.03)

         Жүрегінің айтқанымен жүретін, достыққа адал Балықтар шығармашылықта дарын-қабілетін жоғары көрсетеді. Сондықтан олар өнерге бет бұрғаны дұрыс. Өз күшімен мақсатына жете алады. Олардан жақсы дәрігерлер, психиатрлар, ғалымдар, талантты актерлар, мұғалімдер, қоғам қайраткерлері шығады. Балаңызды музыкаға, биге, суретшілікке бейімдеңіз.

         Әйгілі адамдар: философ Конфуций, композитор Ф.Шопен, АҚШ Президенті Дж.Вашингтон, Элизабет Тейлор,т.б.

46

 

Кітапқа қызығушылығын қалай арттыруға болады?

 

    Бүгінде балалардың қызығушылығы интернет пен ұялы байланысқа ауып кеткен. Заман талабына сай оқушылардың компьютермен жұмыс істей алғаны жақсы, бірақ кітап оқудың орны бөлек. Баланың сөздік қорын көбейтіп, әдемі сөйлеуге, рухани байытуға кітаптың қосар үлесі көп. Сондықтан ата-аналар баланың кітап оқуға құмарлығын оята білу қажет. Ал ол үшін не істеу керек?

v   Ата-аналар баланың кішкентай кезінен бастап түрлі-түсті суреттері бар кітаптар сатып әперуі қажет. Парақтары қатты, қанық түстермен боялған суреттері көп кітаптарды балаға 1 жастан  асқаннан кейін-ақ әпере беруге болады.

v   Содан кейін оның ішіндегі қызықты ертегілерді суреттерін көрсете отырып, өзіңіз күнделікті  оқып беруді әдетке айналдырыңыз. Есте ұстарлық бір жәйт, кітап оқуға әдеттенген ата-ананың балалары да кітапты көп оқитын болады. Бала ата-анасынан көргенін істейтінін ұмытпаңыз. Баланы кітап оқуға үйретпес бұрын оған деген өзіңіздің қызығушылығыңыз болуы     керек.

v    Бала кітапты өзі оқи  алатын кезде өзі қалаған кітабын оқуына рұқсат беріңіз. Себебі ол  оқыған кітабынан рахат алған кезде ғана оқуға деген қызығушы-лығы артады.

23

v     Егер үйіңізде кітапханаңыз болса, балаңызға өзіңіз оқыған кітаптардағы оқиғаларды қысқаша әңгімелеп,әрі қарай өзі оқып алатындай етіп қызықтырыңыз. Кейде жаңадан шығып жатқан кітаптарды сатып әперіңіз. Көзін тапсаңыз, баланы оқуға қызықтырудың жолы көп.

v    Бірақ оны күштеп оқытуға тырыспаңыз. Содан кейін қолына  бір кітапты ұстатып: «Осының  он бетін оқып әңгімелеп бер, содан кейін ойнайсың»деген сияқты талаптар да қоюға болмайды. Ондайда бала кітап оқу ең қиын жұмыс екен деп ойлап қалуы мүмкін.

v     Балаңыздың неге қызығатынын біліп алыңыз. Егер ол тарихты ұнататын болса, тарихи оқиғаларды әңгімелеп, оның толық нұсқасы жазылған кітапты оқуға кеңес беріңіз.

v    Алғашқыда оңай оқылатын, қысқа мәтіндегі суреттері көп кітаптар әперген маңызды. Тілі ауыр, сөйлемдері ұзақ кітаптардан бала тез жалығатыны есіңізде болсын.

v    Дастархан басында кітаптың пайдасы жайлы көбірек әңгіме айтыңыз. Ұлы адамдардың, ақын-жазушылардың өмірлерінен мысалдар айтыңыз. Олардың жарық жоқ кезде де, оқуға ешбір жағдайы болмаса да қолдарынан кітап тастамағанын баланың санасына сіңіре беріңіз.

Ата-анасынан осындай тәрбие алған бала мектепте сабағын жақсы оқып, ал үйде бос уақытын текке өткізбейтін болады.

 

 

Балаңызды үйірмеге бердіңіз бе?

 

24

Қазіргідей қым-қуыт кезеңде ата-аналардың көбі баланың қандай да бір нәрсеге бейімділігін арттырмақ түгілі, оның күнделікті сабақ үлгеріміне да аса мән бермейтіні белгілі. Бұл, әрине, дұрыс емес. Балаға қамқорлықпен қарап, оның бейімділігін арттырып отыру керек. Осы орайда оны мектептегі бір үйірмеге қатыстырудың мәні зор. Ал үйірме балаға не береді?

әскери, кино, театр саласының актерлері, жазушы, журналист болуына жол сілтейді. Заңгер, спортшы, ұстаз, психолог, дәрігер Сарышаяндардың арасында көп.

         Философ Платон, ғалым М.Ломоносов, адмирал А.Колчак, Достоевский, Пикассо әйгілі Сарышаяндар.

        

  Мерген (23.11-21.12)

         Оптимист жандар. Олар белсенді жандар,іргелі істердің бастамашылы. Тумысынан батыл, тәуекелшіл, сезімтал, арманшыл, білуге құштар, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей, спортқа бейім, әзіл-қалжыңға ұста жандар. Мергендерден жақсы журналист, менеджер, философтар шығады. Қиын тапсырма болса да ақылының арқасында оны орындап шыға алады. Осынысымен ерекшеленеді, өте тапқыр, терең ойлы. Оған шынайы болуды үйретіңіз.

         Бұл жұлдыз көптеген философтар мен ойшылдар-ды, саяхатшылар мен археологтарды, саясатшылар, журналистер, спортсмендерді дүниеге әкелген. Медицина, сауда-саттық, заң, өнер салаларында биіктен көріне алады. Жазушы Н.Карамзин, жорамалшы Нострадамус, Маршал Жуков пен Рокоссовский, Бетховен, Уолт Диснейдің Мерген жұлдызында туғанын есте ұстасаңыз, балаңыздың қай салада өзін жарқырата көрсете алатынын ұғасыз.

 

         Тауешкі (22.12-20.01)

         Тумысынан сабырлы, ақылды, еңбекқор, жетістікке жетудің жолдарын таба білетін ерік-жігері күшті. Оларға тән қасиет: байыптылық, тиянақтылық. Сондықтан олар басшылықтың айтқанын тыңғылықты орындайтын

45

 

айта алады. Оған мақсат қойып, күресуді үйретіңіз. Ол сөздің емес, істің адамы. Жауапкершілікті алдыңғы орынға қояды. Редакторлық, зерттеу жұмысына, елшілікке бейім, дәрігерлік, мұғалімдік қызметтерді жақсы атқарады.

         Бикеш шоқжұлдызында туғандардың қатарында Франция королі Людовик ІҮ, футболист Рональдо, әнші Майкл Джексон бар.

        

          Таразы (24.09-23.10)

         Жаны қайырымды, арманшыл, мінезі жұмсақ, өз ісіне мығым, ұқыпты, өзімшілдігі де басым жандар. Өте сезімтал болғандықтан, өнерге қатысы бар мамандық-тарды таңдағаны дұрыс. Думанды орта, ән тыңдау, кітап оқу, дүкен аралау-ол үшін таптырмас демалыс. Олардан елшілер, ғалым, археолог, театр әртістері, экономист, ұста, адвокаттар көп шығады. Сондықтан да ұл-қызыңызды шығармашылықпен айналысуға, өнерге бағыттағаныңыз дұрыс. Шешім қабылдауда босаңдау, сол үшін кішкентайында өз пікірін айтуға бейімдеп, онымен түрлі тақырыптарды талқылаңыз. Әйгілі Таразылар: Есенин, Ницше, археолог Тур Хейердал, футболшы А.Тихонов.

         

          Сарышаян (24.10-22.11)

44

         Сарышаяндар бір-біріне ұқсай бермейтін мінезге, қабілетке ие. Сондықтан оларға ортақ мінездеме беру де мүмкін емес. Ата-анасы дұрыс бағыт көрсете алса, Сарышаяндардың қолы байлыққа да, билікке де оңай жетеді. Мол күш-жігерге, батылдыққа ие болғандықтан, мамандықтары да үлкен батырлықты, қуатты талап етеді. Табиғат берген қасиеті оларды мемлекеттік қызметкер,

v     Бала өз бойындағы қабілетін сезінеді, оны ұштауға құмартады, ұстаз-тәрбиешілерінен көп нәрсе үйренеді.

v     Көпшілікпен араласып үйренеді, тәжірибе жинақтайды.

v     Бала өз жетістіктері арқылы өседі, қарым-қабілеті неге жететінін ертерек ұғынады.

v     Баланың аты-бала, оның қандай да бір сәтсіздік-терден кейін еңсесі түсіп, беті қайтып қалмауын қадағалау қажет. Оны қолдап отырған жөн.

v     Үйірмеге жаздырарда ұстаздардың біліктілігіне ғана емес, адамгершілік қасиеттеріне де мән  беріңіз. Балаға өз перзентіндей қамқор ұстазға жолықсаңыз, жолым болды дей беріңіз. Ол  баланың өзі таңдаған өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады, өз күшіне сенуіне, жақсы нәтижелерге жетуіне жол ашады. Сондықтан үйірме таңдағанда ұстаз таңдау да есіңізде жүрсін.

v   Баланың физиологиялық ерекшелігін назардан тыс қалдырмаңыз. Ол тым жүйкелемеуі керек, түсетін салмақ тым көп болмауын қадағалаңыз. Баланы аса шаршатпау керек.

v      Баланың мектепте бір мезгіл ыстық тамақ ішуіне жағдай жасаңыз.

v      Баланы өзін данышпан сезінетіндей тым қатты мақтамаңыз. Жетістігіне ризашылығыңызды, қуанғаны-ңызды білдірсеңіз де жетеді. Қиналған кезде қолдау  білдіріп, жанынан табылыңыз.

25

v      Егер үйірме мен сабақ екеуінің біріне үлгермеушілік байқалса, оның себебін баламен бірге   іздеуге тырысыңыз. Онымен үлкен адамша ақылдасыңыз. Мүмкін оған көп ойнау,   компьютер, теледидар кедергі келтіретін шығар. Егер олай болса, балаға соны түсіндіріңіз.

v     Егер үйірмеге қатыстыруға қаржылық кедергі болып жатса, баланы одан шығарып алмас бұрын оның ұстазымен сөйлесіңіз. Оның қандай да бір жәрдемі тиюі мүмкін.

v     Баланың бір мезгіл бала болып ойнауына, тынығып, демалуына жағдай жасаңыз.

 

Оқушыға дұрыс күтім жасаңыз

        Күзгі каникул аяқталып, балалар мектепке оралады. Үйде демалып үйреніп қалған баланың алғашқы кезде сабақ үлгерімі біршама төмендеп қалуы да ғажап емес. Себебі қазіргідей суық әрі қысқа күнде балалар өзіне қажетті жарықты аз мөлшерде қабылдап, таза ауада серуендеуді де сиретеді. Ал бұның өз кезегінде баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Баланың денсаулығын қалыпты жағдайда сақтап, әрі сабақ үлгерімін жақсарту үшін не істеу керек?

*           Ең алдымен күн тәртібін сақтау керек. Егер бала уақытында жатып, дұрыс демалатын болса, сабақ оқудан түсетін салмақ жеңілдей түспек. Бастауыш сынып оқушылары ұйқыға кешкі сағат 9-10-ның арасында, ал жоғарғы сынып оқушылары 11-ден кешікпей жатуы керек.

*           Бала денсаулығына қыс басында көп көңіл бөлген дұрыс. Өйткені бұл уақытта жас организм төменгі температураға үйренісе алмай, тез суықтап ауырып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда учаскелік дәрігермен кеңесе отырып, балаңыздың ағзасына қажетті витамин-дер комплексін алып беріңіз.

26

*           Қарашаның еңсені түсірер бұлтты, тұманды күндері баланың көңіл-күйіне кері әсерін тигізбес үшін оған көңілді әңгімелер айтып, демалыс күндері бірге

Шаян жұлдызында туғандардан әскери, медицина қызметкерлері, жазушы, дизайнер, көріпкелдер, ұстаздар шығады. Оны ешқашан өзі сүймеген іспен айналысуға мәжбүрлемеңіз. Бастысы, оны ата-анасына арқа сүйемейтін, өзіне сенімді етіп өсіріңіз. 2 жасында-ақ өз киімін өзі киюге дағдыландырып үйретіңіз. Жиі-жиі мақтаңыз.

 

Арыстан (24.07-23.08)

         Билік сезімі сіздің сәбиіңізбен бірге туылған. Ол белсенділігі мен күшпен астасып жатқан ақылдылығы-ның арқасында қай ортада да сыйлы. Өз ортасында патшаның рөлін атқарады. Дегенмен, мұнысын асқан ақылдылықпен пайдаланбаса, қазымырлығы көп жерде опа шектіруі мүмкін. Кішкентайында оны өркөкіректік-тен, тәкаппарлықтан арылту үшін әдепсіздігі кезінде ұялту, қатесін мойындатып қызарту әдістерін қолдана біліңіз.

Қандай жұмыс болмасын өз қабілеттерін жарқырата көрсете алады. Олардан мықты хирург, мүсінші, кәсіпорын бастығы, аудармашы, дизайнер, менеджерлер шығады. Бұл белгіде әйгілі адамдар: Бернард Шоу, Моцарт, Мопассан,т.б.

 

         Бикеш (24.08-23.09)

43

         Қиындықтан жол таба білетін тапқыр, денсаулығы-на, өмірінің, тіпті барлық нәрсесінің сәнділігіне үлкен мән береді. Олар тың идеяларға бай жандар. Еліктеуге, ұқсауға құмар. Олар әрдайым өзін де, өзгені де сынап-мінеуге, мәселені жан-жақты  талқылауға құмарлығымен ерекшеленеді. Сондықтан да кішкентайында-ақ үлкендерше пайымдап, салмақты ой

қолдау көрсетіңіз, ол жаны қалаған кез келген салада биіктерге тез жете алады.

 

Егіздер (22.05-21.06)

         Бұл сәби тыным тауып бір жерде отыра алмайды. Өскенде де жылдам қимылдайды. Басқа балалармен салыстырғанда Егіздерде қуат екі есе көп. Яғни ол кішкентайында қалай бірнеше үйірмеге қатар қатысып, барлығын бірдей алып жүре алса, өскенде де 2-3 қызметті қатар атқара алады. Әйткенмен оған басты мақсатына көңіл бөлуге, сол мақсатты нысанаға алуды үйрету керек. Сонда ол Егіздер белгісінде туған Петр І немесе  АҚШ Президенті Джон Кеннедидің қарьерасын қайталай алады.

         Егіздерде тілді үйренуге, меңгеруге қабілет жақсы дамыған. Әдебиетке, шығармашылық жұмыстарына бейім. Нені үйретсеңіз де, ол тез қағып алады, зерек. Ақылды, сондықтан рухани байлығын арттыруға ат салысыңыз. Өйткені, А.С.Пушкин, ақын Генрих Гейне, жазушы Марк Твен секілді шығармашыл адамдары осы белгіде дүниеге келген. Сонымен қатар Егіздер ғарыш, авиация, туристік салаларда, зергерлік пен тігіншілікте де керемет маман бола алады.

 

         Шаян (22.06-23.07)

         Шаян сезімталдығымен ерекшеленеді. Онда әртістік қабілет басым. Шаян бүлдіршіндерді ұқыпты-лыққа үйрету, әдеп-тәртібін түзулеу ата-анаға еш қиын-дық туғызбайды. Өйткені ол жаңа әдетке тез қалыптасады. Бұл шоқ белгісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Наполеон Бонопарт туылған.

42

 

қыдырыңыздар. Мүмкіндігінше тосын сыйлар әзірлеп отырыңыз. Бұл баланы күйзеліске түсуден сақтайды.

*           Оқушылар бір тәуліктің жартысын дерлік қозғалмастан мектепте өткізеді. Соның салдарынан қан нашар айналып, миға оттегі аз барып, бала тез шаршайды. Сондықтан ми мен денеге түсетін салмақты алмастырып отыру қажет. Яғни баланы спорттың өзі қалаған секцияларына жаздырып қойыңыз.

*      Оқушы өзіне түсетін салмақты дұрыс көтере білуі үшін дұрыс тамақтану керек. Тамақ құрамында түрлі витаминдер мен микроэлементтердің болуын қадағалаңыз. Мидың жұмысын жақсарту үшін баланың ет, балық, жұмыртка, сүзбе, айран, банан және теңіз өнімдерін жегені дұрыс. Тәттіні көп жемеуін қадағалаңыз.

*      Теледидар мен компьютер алдында көп отырғызба-ңыз. Себебі олар баланың көзін шаршатып, сымбатын бұзады. Әсіресе 1-сынып оқушылары теледидар мен компьютер алдында 1 сағаттан артық отыруына болмайды. Ал жоғарғы сынып оқушыларына мұндай талап қоя алмайсыз. Себебі оларға реферат жасап, бақылау жұмыстарын жазу үшін компьютердің көмегі керек. Алайда оларға ара-тұра үзіліс жасап тұруға кеңес беруге болады.

*      Кейде балалар бір күнде өте көп ақпарат алатындықтан, түнде көз іле алмай қалады. Ондайда дәрігермен кеңесіп, тыныштандыратын емдік шөптерден әзірленген шайлар беруге болады.

 

 

 

27

 

Егер балаңыз ұрлық жасаса....

 

Өмірінде өзгенің қандай да бір затын ұрлап иемденбеген адам кемде-кем. Әсіресе бұл кішкентай балалар арасында жиі кездеседі. 4 жасқа дейінгі балалар мұны білмегендіктен істесе, 6 жасқа дейінгілер қызығушылықтан, өзін ұстай алмаудан жасайды. Ал одан үлкен жастағылар бұған жаман әдет екенін біле тұра, саналы түрде барады. Қысқасы, сұғанақтық деген жаман әдет бастауын бала кезден алады. Сондықтан оны баланың бойынан ерте бастан аластау қажет. Осы орайда ата-аналарға мынадай кеңестер ұсынылады:

·                   Егер балаңыз ұрлық жасаса, оны қорқытып мойындатуға тырыспаңыз. Дұрысы, одан өзгенің затын алған-алмағанын тікелей, бірден сұраңыз. Дауыс көтеріп, ұрыспаңыз. Оны ұры деп атамаңыз.  Мұндай әдеті үшін түптің түбінде түрмеге түсуі мүмкін екенін айтып, сәуегейлік жасамаңыз.

·                   Бала өзін аса қолайсыз сезініп, басылып қалмас үшін оны өзгелермен салыстырып, оған өзгелерді үлгі ете сөйлеуден абайлаңыз. Әрбір оқиға үшін баланы ұрсып-сөгіп қинамаңыз,  әйтпесе ол не істегенін сізден үнемі жасырумен болады.

·                   Ұрлығы үшін баланы бірде кінәлап, енді бірде ол ісіне көз жұма қараған да дұрыс емес. Әрбір оқиға нақты шешім табуы тиіс. Жаман әдетін талқылаған кезде ата-ананың біреуі «ештеңе етпейді» деген сияқты сөздермен араға түспегені жөн.

·                   Балаға екіжүзділік көрсетпеу керек,оған ұрлықтың жаман нәрсе екенін айта отырып, ата-ана өздері ұрлық жасамағандары дұрыс.

28

 

саясаткер, актер, дәрігер, журналист, механик, косметолог, шаштараз және әлемге әйгілі спортшылар шығады. Бұл белгіде суретші Рафаэль, ұлы көсем В.И.Ленин, Джеки Чан туған.

         Тоқтылар достыққа адал, тік мінезді, қайсар. Сонымен бірге кейде қыңыр-қырсықтығы бар асау атқа да ұқсайды. Әрі арманшыл, аңғал, аңқаулығы да бар екенін ұмытпаңыз. Сондықтан әке-шешесі тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуі ләзім. Бірақ та қаталдық, қаттылық таныту тек қарама-қарсы әрекет тудырады. Осының нәтижесінде арада келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктер көп орын алады. Ата-ана тәрбиеде ақылдылық пен мейірімді теңдей қолдана білсе, ол өзінің мықты сенімінің арқасында өмірде көптеген жетістікке қол жеткізеді.

         Торпақ (21.04-21.05)

         Ойлау қабілеті өте жақсы дамыған, денсаулығы табиғатынан мықты, байсалды әрі сергек. Оны ешқашан алдауға болмайды. Әке-шешесі өтірік сөйлейтін болса, Торпақ бүлдіршін тек айналасындағыларға ғана емес, өзіне де сенімсіз болып өседі. Ал негізі сөзіне тұрақты, сабырлы, достыққа адал.

         Торпақ қандай сұрақ қойса да ұғынықты етіп түсіндірген жөн. Ол не істесе де өзгелердікінен ерекше болғанын қалайды. Бұлардың арасында мақсатшыл және мақсатына жетпей қоймайтындары көп.

      Торпақ белгісіндегі У.Шекспир, Оноре де Бальзак, Чайковский туған. Олардан жақсы инженер, техник, қаржы мамандары шығады. Табиғатты сүйгендіктен ауыл шаруашылығына байланысты мамандықтарды таңдайтындары да көп. Қай мамандықты таңдаса да тек

41

 

*Оны әр нәрседен қорғаштаудан,

* Үстіне түсіп әрдайым өбектеуден,

* Әр қадамын аңдудан,

* Берген сөздеріңізді ұмытудан,

*Жалпы өміріңізге, өзіңізге, отбасыңызға салғырттықтан үзілді-кесілді бас тартуға тура келеді!

 

Ой толғаныс ...

- Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды.

- Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі.

- Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады.

- Балаға сенім артса, ол батыл болады.
- Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі.
- Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды.

- Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі.
- Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі.
- Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйренеді.

 

Балаңыз қай шоқ жұлдызында туылған?

Ол қандай мамандыққа бейім?

 

         Тоқты (21.03-20.04)

40

         Өмір есігін айқайлап ашатын Тоқты белгісіндегі сәбиге ата-анасы дұрыс бағыт-бағдар берсе, оның бағындырар биігі де «айқайлап» тұра алады. Қарбалас кезеңде өздерін жақсы көрсетіп, ізденісте даяр тұрады. Олардан талантты басшылар, ұйымдастырушылар, математиктер, физиктер,кино актерлері, әскери және заң қызметкерлері, қолы алтын хирургтер, оқытушы,

·          Баланы аса еркелетіп,оның жаман әдеттеріне көз жұма қарауға болмайды. Мұндай балалар әрқашан өзімдікі дұрыс деп түсінеді, өзгелердің пікіріне құлақ аспайды, ұрлық жасаса да сондай болуы тиіс секілді сезінеді.

·          Ұрлықтың не нәрсе екенін балаға нақты түсіндіру керек. Бала өзгенің затын рұқсатсыз ұстауға да болмайтынын, ұрлықтың кесірінен достарын, өзіне деген сенімді жоғалтатынын ұғынып өскені жөн.

·          Бала ұрлық жасаған жағдайда өз ата-анасының бұған аса ренішпен қарап, тиісті шара қолданатынын білген жөн. Бала сіздің өзін жақсы көретініңізді, бірақ лайықсыз ісіне қатты қынжылып тұрғаныңызды, ренішіңізді орынды екенін сезінгені дұрыс.

 

Балаңызды аңғарымпаздыққа баулыңыз

 

              Қай ата-ана болмасын баласының белсенді, пысық, сабаққа үлгерімі жақсы, өнерлі болып өскенін қалайды. Өйткені мұндай балалар өсе келе өмірде жолы болғыш, іскер азаматтарға айналатыны анық. Мысалы, психологтар зерттеу нәтижелерінде өз кәсібі бойынша өмірде көп нәрсеге қол жеткізген, жақсы отбасын құрған, сенімді достары көп адамдардың осындай балалардан шығатынын анықтап отыр. Осындай болып өсуі үшін балаға қандай тәрбие берген дұрыс?

§     Өзін ортада қалай ұстау керектігін, жақсы әдеп-әдеттерді баланың құлағына жастайынан құйып отырыңыз.

29

§         Оны жинақылыққа, ұқыптылыққа баулыңыз. (мысалы, әрдайым қолын жуып, таза жүрсін, ойыншықтарын шашпай, жинауды әдет етсін)

§         Баланың сезімі мен қалауына мұқият болу керек. Оның ұмтылыстарына жөнді-жөнсіз тыйым сала бермеңіз. Оған қоршаған ортаны еркін сезініп, түйсінуге мүмкіндік беру керек. Мысалы, бала музыкалық аспапты немесе теледидарды басқару нүктесін шұқылап көргісі келсе, басқаны жиып қойып, баланың оны зерттеп, түсініп алуына көмектесіңіз. Баланың техникаға деген қызығушылығы осындай нәрселерді дер кезінен ұғынып алуынан басталады.

§         Ал тыйым салынуы тиіс нәрселерге дер кезінде тыйым салыңыз. Бірақ оны ақырын, жұмсақ түрде жасау керек. Тыйымның себебін әрқашан да түсіндіріп отырыңыз. (Мысалы, үстел үстіндегі дастарханды тартпау керек, әйтпесе оның үстіндегі ыдыстар құлайды деген сияқты)

§        Баланың ойлау қабілетін арттырыңыз. Ол әрбір іс-әрекет пен оның нәтижесінің қалай болатынын біліп өсуі керек. (Мысалы, мультфильм көріп отырғанда ондағы іс-әрекеттердің себебі мен нәтижесін түсіндіріп отырған артық етпейді) Осының арқасында бала әрбір құбылысты өзінше дұрыс бағалауға машықтанады. Ал мұндай қасиеттің оған өмір бойы көмегі тиері анық.

§       Баланың жан-жақты жетілуіне күш салыңыз. Ол үшін балаға мұқият қараңыз, оны үйірмелерге қатыстырыңыз. Үйірме таңдауда баланың қызығушылығына мән беріңіз. Дегенмен баланың әр нәрсеге аңсары ауа беретінін де ұмытпаңыз. Сондықтан оның көп нәрседен біреуін өз бетімен таңдауына мүмкіндік беріңіз. Ол өз бетімен таңдауға үйренуі керек.

§        Балаға қамқор болыңыз, оның өз сезімдерін тұмшаламай, анық білдіруіне жағдай жасаңыз. Баланың

30

 

*     Баланы ағартушылықтың  көптеген  түрлеріне қатыстыру, бірақ жағдайды үнемі  бақылауды ұмытпау.

*     Әңгімелесу, түсіндіру.Бірақ  бірден  үлгілі  мінез - құлықты талап етпеу.

*     Өзгерістерді  бала өміріне  кешенді  түрде  енгізу.

*     Мінезіндегі кішкене  болса  да  өзгерістерді  бақылау.

*  Жетістікке  өзі  жету арқылы бақыт  пен қуанышты сезіну.

*  Баламен  әдепті сөйлесу.

*  Балаға  сену  керек.

 

Балаңыздың келешегі үшін:

*     Түсіністік танытыңыз.

*     Дос бола біліңіз.

*     Қолдау көрсетіңіз.

*     Көбірек көңіл бөліңіз.

*     Сенетіндігіңізді білдіріңіз.

*     Мән беріп тыңдаңыз.

 

Сізден қорықпасын десеңіз -

*     Оның қателерін кешіруге,

*     Жазаламауға,

*     Айтқандарына мән беруге,

*     Ол үшін барлық нәрсеге дайын екендігіңізді көрсетуге,

*     Досы секілді жақындауға,

*     Мейіріміңізді аямауға,

*     Сүйіспеншілігіңізді көрсетуге тырысыңыз.

Сізден  жалықпасын десеңіз-

* Сан рет қайталаудан,

39

 

- Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.

- Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).

- Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

 

Ата-анаға ұсыныс:

- Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

- Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

- Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

- Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

- Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар)

 

Ата-аналар есіне!

*     Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.

*     Балаға жекелей ықпал жасау керектігін  ұмытпау.

*     Танымдық  қызығушылығын  арттыру.

 

38

 

31

 

кейбір жайсыз сәттерде өзін-өзі ұстай білуге де үйретіңіз. Оның қалауына түсіністікпен қараңыз, оған көп нәрсе үйретуге тырысыңыз. Онымен сырлас болыңыз.

 

Емтиханды табысты тапсырсын десеңіз...

Ø  Оқушының емтиханды дұрыс тапсыруы көбіне ата-аналарға байланысты болады. Алдын-ала баланың көзінше емтиханда алатын  балл саны туралы айтып мазасызданбаңыз. Балаңызды жинаған балл саны оның мүмкіндіктерінің нағыз өлшемі болып табылмайтынына сендіріңіз.

Ø  Емтихан алдындағы күні баланың алаңдауын көтермеңіз-бұл тестілеудің нәтижесіне кері әсерін тигізеді.

Ø  Бала өзінің жастық ерешеліктеріне қарай өзінің сезімдерін ұстай алмай, ызалануы мүмкін. Ондайда сабырға шақырыңыз, көңілін көтеретін әңгімелер айтыңыз. Үйде оқуға арналған ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз, отбасының басқа мүшелері оған кедергі жасамауын қадағалаңыз.

Ø  Балаға дайындалу тақырыптарын күндер бойынша бөлуге көмектесіңіз. Баланы емтиханға дайындалу  әдістемесімен таныстырыңыз. Пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын дайындаңыз және баланы жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу қалыпты жазбаша және ауызша емтихандардан өзгешерек болады. Тест тапсырмалары бойынша жаттығу кезінде баланы уақыт туралы ұмытпауға және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз. Егер бала сағат тағып жүрмесе, емтиханға кірер алдында оған міндетті түрде сағат беріңіз.

 

 

Ø   Баланың өзіне деген сенімділігін көтеріп, қолдау көрсетіңіз. Баланың емтиханға дайындалу тәртібін бақылаңыз, шамадан артық кетпесін.

Ø  Сондай-ақ баланың тамақтануына назар аударыңыз. Балық, сүзбе, жаңғақ, өрік ми жұмысын жақсартады.

Ø  Емтихан күні алдында балаға тиісінше демалыс беріңіз, ол демалып, жақсы ұйықтап келу керек. Егер емтихан нәтижесі ойыңыздан шықпаса, оған баланы кінәлап ұрыспаңыз. Бұдан кейін де сабағын жақсы оқып, келер жолы  бағын сынап көретінін айтып жігерлендіріп қойыңыз.

 

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

v Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

v Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

v Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

 

 

Күн тәртібі:

v Күнді үш бөлікке бөлу;

v Тестке күніне 8 сағат дайындалу;

v Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8 сағат;

v 8 сағаттан кем ұйықтамау;

v 2 сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене

32

 

«дөрекілік сабағы» болып табылады. Ол да шамасы жететіндерге әкесі анасына қыр көрсеткеніндей қоқан-лоқы көрсетеді.

v  Баланың әрбір қателігіне қолды ала жүгіріп, ұрып-соғатын ата-ананың баласына дөрекіліктен басқа ештене айтып үйретпеген деп айтуымыз артық  айтқандық болмаса керек.

v  Баланың дөрекіліктің жолын үйрететін кітаптар оқып, бейнефильмдер көруі оны қате еске баулитын негіздердің басында тұрады. Балиғат жасқа келгенше баланы осы сияқты нәрселерден қорғау ата-ананың алғашқы міндеттері.

v  Егер ата-аналар баланың психологиялық қажеттілік-терін қанағаттандыра алмай, баланың ашу-ызасын арттыратын болса, бала сол арқылы дөрекілікке бой алдырады.

v  Балалар іштегі күш сезімін шығаруға мүмкіндік таппағаннан кейін дөрекілікке бой алдырады. Мұндай жағдайда олардың өзгелерге кесірін тигізбей осы сезімдерін шығаруға мүмкіндік беру керек.

v  Баланың дөрекілігі мен күш көрсетуі өзгелерге зиянын тигізген жағдайда міндетті түрде тосқауыл болудың ыңғайлы жолын табу керек. Мұндай кезде оны қолдап- қолпаштау – балаға біле тұра жамандық жасау болып табылады.

 

Ата-анаға берілетін кеңес:

-       Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.

-  Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.

-  Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.

37

 

деген сөздер оны психологиялық тығырыққа тірейді. Бала дербес шешім қабылдауда қорқатын болады. «Осыдан уақытында келмесең...» деген сөз оны уақыт шеңберіне тіреп, үлгере алмай қалған жағдайда асығыстықпен қырсыққа тап болуы да мүмкін. Тағы бір мәселе: қорқыту мен ескерту тым көп болса, баланың оған бойы үйреніп кетеді де, құлаққа ілмейтін болады. Ескертудің де шегі болатынын біле жүріңіз.

o        «Бұны қалай түсінуге болады?», «Тағы да дұрыс істемедің!», «Мен сен үшін шаршап жүрсем...» деген сөздерді қайталай бергеннен ештеңе өзгермейді. Олар балаларға тойтарыс жасауды, ызалана жауап беруді үйретеді немесе мұңаю, жабырқаңқылық сезімін тудырады. Оның түк те тәрбиелік мәні жоқ. Қайта одан бала сыртқы беделдің қысымын, кейде кінәні, кейде зерігуді сезінеді. Бала өзін төмен бағалайтын болады. Есіңізде болсын, адамгершілік қағидалары балаларға сөзбен емес, ата-ананың мінез-құлқымен беріледі. Олай болса, балаға жекуден гөрі жақын тартып, сырласа сөйлегеніңіз дұрыс демекпіз.

 

Бала дөрекілікті жанұясынан үйренеді.

 

Түрік халқының белгілі ислам ғалымы Мұстафа Исламұлының балалар тәрбиесі туралы мына кеңестерінің керек жері көп деген ойдамыз. Оқыңыз, ой түйіңіз.

v  Дөрекілік – туа пайда болатын сезім емес, кейіннен қалыптасады. Баланың қаталдығы мен дөрекілігіне ең алдымен ата-анасы мен ортасы жауапты.

36

v  Бала дөрекілікті жанұясынан үйренеді. Әкесінің анасына көрсеткен дөрекілігі бала үшін естен кетпес

еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                  

                                                                   Банан

 

v Сәбіз – мидағы  зат алмасуды реттейді, ақпаратты жаттауға көмектеседі.

v Ананас – театр және өнер жұлдыздарының сүйікті көкөнісі. Ақпаратты ұзақ еске сақтауға көмектеседі.

v Сарымсақ – психикалық шаршауды жеңілдетеді.

v Жаңғақ – ақыл-ой марафонына жақсы әсер береді. Баяндама, конспект жазғанда, ұзақ жолда рульде отыруда  адамға сергектік береді.

v Капуста – жүйкені тыныштандырады.

v Лимон – С дәрумені көп. Ақпаратты жылдам қабылдауға септігін тигізеді.

33

 

v Жемістер – сергектік береді, жұмысқа қабілетті арттырады.

 

Тестке 1 күн қалғанда:

1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.

2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.

3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

5. Таза ауада достарымен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

7. Балаңыздың ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні:

1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтанбауға да болмайды.

2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

34

3. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

Жеткіншекке бұл сөздерді айтуға болмайды

 

               Ашу қысып тұрғанда ата-ананың балаға жекіп, кейде ұрсып сөйлейтіні жасырын емес. «Енесі тепкен құлынның еті ауырмас» десек те, балада да көңіл, намыс, сезім бар. Ата-ананың кейбір сөздері оған ауыр тиеді. Тіпті үлкендердің үйреншікті саналатын кейбір сөздері оның көңілін мәңгіге жаралауы мүмкін. Бала оны сездірмегенмен, көңілде ширығу пайда болады, сөйтіп бұл сөздерді естіген сайын қырсық мінез таныта береді. Ал ата-ана оның түпкі төркінін түсінбей, баланы жазалауы ықтимал. Бір сөзбен айтқанда, баланы қырсықтығы үшін жазаламас бұрын оның себебіне үңілген дұрыс. Бәлкім, кінәнің ұшы өзіңізде жатқан болар? Есіңізге түсіріңізші, мына сөздерді балаға  көп айтасыз ба?

o        «Жап аузыңды! Мұндай қылығыңды қайта көрмейтін болайын!», «Тез барлығын жина!» деген сөздер бала көңіліне өте ауыр тиетінін психологтар әлдеқашан анықтаған. Мұндай сөзді жиі естіген бала өзін жақындарына керексіз сезінеді. Сырласқысы, көрген-білгенін бөліскісі кеп тұрса да үнсіздік сақтап, қырсыға түседі. Өйткені ата-анасы өзінің проблемасын ғана ойлап, мұны тыңдағысы келмейді деп түсінеді. Өсе келе мұндай бала қыңыр болады немесе жылуды сырттан іздейді. Ал сырттан балаға дұрыс тәрбие келмейтіні түсінікті. Олай болса, балаға жекімей, оған сенетініңізді, ұятқа қалдырмайтынын білетініңізді жеткізгеніңіз орынды. Сөйтіп жылы сөзбен-ақ ойыншықтарын жинау керектігін ұғындырған жөн.

35

o         «Енді қайталасаң аямаймын!», «Осы айтқанды орындамасаң өзіңнен көр, менің ашуымды білесің!»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік құрал "Тәрбие басы-тал бесік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл кітапша ата-аналар мен сынып жетекшілерге әр баланың психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосатын көмекші әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Үш бөлімнен тұратын әдістемелік құралда ата-аналарға ақыл-кеңестер, өз мүмкіншіліктерін бағалай алатын сауалнама, тесттер, түрлі қызықты деректер келтірілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 912 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2018 1849
    • DOCX 1.9 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жексенова Асем Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жексенова Асем Маратовна
    Жексенова Асем Маратовна
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61609
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек