Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Әдістемелік сабақ. "Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты" (11-сынып)
  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\Куйкен\Desktop\цифровой\2015-02-23-15-16-34-027.jpg

Айгерим Тастемирова

«Күйкен орта мектебі» ММ

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Бейнеу ауданы

Маңғыстау облысы


«Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты»

11-сынып


Сабақ мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру; ұлттық

рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін білдіру;

  • Берілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу;

  • Оқушының ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау.

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат» бөлімі арқылы оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап сабақты бастау.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Қазақтың ырымдарын сұрау.

  • ..................................................................... бас ұстамайды.

  • Нанның қиқымын жесе - .....................................................

  • Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт....................

  • Қазақ «сәтті күн» деп істі.....................................................

  • ...........................................................малдың желіні кетеді.

  • Жұма күні кір жуса,..............................................................

  • Жақын адамға.................................................сыйламайды.

  • Жаңа айды көргенде....................бата жасап, ырымдайды.

  • Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса..................

  1. Жаңа ақпарат

Оқушыларға ұлттық руханият туралы айтылады.

  1. Руханият қайдан көрінеді? Тіл, мәдениет, дін, салт-дәстүр, мәдениеттен танылатыны туралы айту.

  2. Руханият не береді? Ұлттық рухты туғызады. Ұлттық рухсыз ел болудан қалады, тобырға айланады. Күш беретін, біріктіретін ұйытқы – ұлттық рух.

  3. Сан мыңдаған жыл ішінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Оны дамыту – ұрпақ міндеті.

«Қазақ елінің салт-дәстүрлері» бейнежазба көрсетіледі.

  1. Мәтінмен жұмыс

Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» деген мәтінін оқушыларға оқып танысуға беріледі.Мәтінде туған жердің, тілдің, ата дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақжайлылық, қысылған сәтте қайырымдылық, т.б. дәстүр-салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері көрсетілген. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою арқылы пікірін тыңдау.

  • Жоғарыда айтылғандай «ел ағасы» болуға дайынсың ба?

  • Тағы қандай ата салттар мен дәстүрлерін білесің?

«Үлкенді құрметтеу» бейнежазба көрсетіледі.

  1. Әңгімелесу

Оқушылардың әлемдік деңгейде танытқан ұлт өкілдерін ататып, үлгі ету, тіл туралы оқушылардың қоғамдық пікіріне байланысты ой-тұжырымын төмендегі сауалдар арқылы қаншалықты түсінетіндерін анықтау.

  • Ұлттық сана, ұлттық ұғым дегенді қалай түсінесің?

  • Қазақ халқын кімдер, қалай әлемге танытты деп ойлайсың?

  • Қазақтың қандай өнерін өзге елге мақтан етесің?

  • Басқа ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлегеніне қалай қарайсың

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ. «Ұлттық намысы» эссе жазу

2-топ. «Қазақ тілінің қадірі» сахналау

3-топ. «Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты» жоба қорғау

  1. Топпен ән айту.

Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған «Қазақ осы» әнін үнтаспамен бірге орындау.

  1. Үй тапсырмасы

«Ата салтына адалдық» шығарма жазу

  1. Соңғы тыныштық сәті

(Баяу әуен қосылады) оқушылар көздерін жұмып, ыңғайланып отырады.

-Сендердің жүректерің-сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

  1. Кері байланыс (рефлекция)

Аялы алақан ойыны жүргізіледі.

(Оқушыларға көгершін қиындыларын таратып, сол қиындыға оқушылар сабақтан алған әсерлерін, тілек-ұсыныстарын жазып, тақтада ілінген алақан қиындысының үстіне жапсырады. Оқушыларға анамыздың аялы алақанын осы көгершіндей биікке самғай берейік деп тілек айтылады.)









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

«Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты»

11-сынып

Сабақ мақсаты: «Ұлт руханиятының» құндылық ретіндегі мәнін ашып түсіндіру; ұлттық

рухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Ø Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін білдіру;
  • ØБерілген ақпарат негізінде оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық руханиятты сақтауға баулу;
  • ØОқушының ішкі сезім дүниесін дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін жетілдіру.

Сабақ барысы:

  • 1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалау.
  • Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат» бөлімі арқылы оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап сабақты бастау.
  • 2.Үй тапсырмасын тексеру. Қазақтың ырымдарын сұрау.
  • 3.Жаңа ақпарат

Оқушыларға ұлттық руханият туралы айтылады.

  • 1.Руханият қайдан көрінеді? Тіл, мәдениет, дін, салт-дәстүр, мәдениеттен танылатыны туралы айту.
  • 2.Руханият не береді? Ұлттық рухты туғызады. Ұлттық рухсыз ел болудан қалады, тобырға айланады. Күш беретін, біріктіретін ұйытқы – ұлттық рух.
  • 3.Сан мыңдаған жыл ішінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Оны дамыту – ұрпақ міндеті.

«Қазақ елінің салт-дәстүрлері» бейнежазба көрсетіледі.

  • 4.Мәтінмен жұмыс

Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» деген мәтінін оқушыларға оқып танысуға беріледі.Мәтінде туған жердің, тілдің, ата дәстүріміздегі адамдар арасындағы ізеттілік, сыйластық, әйел затын ардақтау, қонақжайлылық, қысылған сәтте қайырымдылық, т.б. дәстүр-салтымыздағы биік рухани-адамгершілік негіздері көрсетілген. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою арқылы пікірін тыңдау.

  • Жоғарыда айтылғандай «ел ағасы» болуға дайынсың ба?
Тағы қандай ата салттар мен дәстүрлерін білесің
Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1909
Номер материала 257794
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх