Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыӘдістемелік ұсыныстар мен ойын тәсілдер

Әдістемелік ұсыныстар мен ойын тәсілдер

Скачать материал

Түсінік хат


Әрбір мектеп оқушысының және ата-аналардың өзіндік проблемалары мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім.

Адамның жан дүниесімен сырласып, зерттеген соң, психологиялық түзетудің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін түсінесің.

Адамның дамуы үшін психологиялық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін, олардың мінезін және басқа адамға, өмірге деген қарым – қатынасын өзгертуге жағдай жасайтын тәсілдердің бірі – психологиялық тренингтер мен ойындар.

Осы жинақта жинақталған жаттығулар, ойындар, оқушылардың, психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, коммуникативтік қатынастарын жақсартуға, әлеуметтік мінез-құлық дағдылары мен танымдық және эмоционалдық күйінің дамуына бағытталған.




































Баланың өзіне сенімді мінез құлқын арттыруына

бағытталған әдістемелік ұсыныстар мен

ойын тәсілдері.


Мақсаты: оқушылардың өмірге деген құндылығын қалыптастыру және өзіне деген сенімділігін арттыру.

Міндеті:

- Негативті әсерлерге қарсы тұратын тиімді қарым - қатынасқа үйрету.

- Әрбір қатысушының бойында эмпатия сезімін қалыптастыру.


Жұмыс әдістері: ойын терапиясы, денелік бағытталған терапия.


«Менің –көңіл күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады

(көңілді, көңілсіз, қорқынышты, ренжулі) Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды.Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес

болған жайды әңгімелеп береді.


«Сенім шеңбері».

Барлық оқушыларды бөлменің ортасына тығыз шеңберге тұруын сұраңыз (егер де ізде көп ойыншы болатын болса, онда алты адамнан тұратын бірнеше топ құрылсын). Әрбір ойыншы кезекпен көзін жұмып немесе көзіне байлау тағып шеңбердің ортасына шығуы қажет. Кейін ортадағы ойыншы оңға, солға, артқа, алға құлап, қалғандары оны ұстау керек. Әрбір ойыншы мұны келесі бір ойыншы ауыстырғанға дейін бірнеше рет істеуге міндетті. Басында бұл қорқынышты болып көрінеді, бірақ та топ бірге жұмыс істеп оған қауыпсіздік жасау керек. жаттығудың соңында ойыншылардан бұл ойын бізді неге үйрететіндігін сұраңыз.

«Өрмекші тоқу».

hello_html_m23120a07.jpgСізге жаттығуға бір будақ жіп қажет. Барлығын доңгелектеніп отыруға немесе тұруға бұрыңыз. Жіптің шетінен ұстап қарама- қарсы отырғанға немесе тұрғанға будақты беріңіз. Өзіңізге тиесілі жібіңізді мықтап ұстаңыз. Ойыншыны жіпті тартып ұстауына және жағымды түсінікпен беретін адамға беріп жалғастырысын. Барлығы будақты алғаннан кейін ол сізге қайтып келу керек. содан соң әрбір ойыншыны

өрмекші ретінде кіммен байланысып тұрғанын аңғартыңыз. Өрмекші үзілмеу үшін сіздердің барлығыңыз бір – біріңізге тәуелдісіздер. Егер де біреулеріңіз өз бөліктеріңіздегі жіпті қоя берсеңіз, сол жердегі өрмекші бұзылады. Ойыншылардан сұраңыз бұл жаттығу оларды неге үйретті.







«hello_html_1db83ec2.jpgМен және менің денем»

Мақсаты: өзін бірегей адам ретінде сезіну.

Құрал жабдықтар: баяу назды әуеннен тұратын музыкалық шығармалар. Көзді байлайтын орамал.

Біз бүгін өзімізді зерттеуден бастаймыз. Көздеріңді байлап, ақырын музыка үнімен өздеріңді зерттеңдер: өз тыныс алуыңды, өз жағдайыңды. Өзің туралы ойлан, өзіңе қалай қарайсың? Сен кімсің? Өмірде не істегің келеді?

Қатысушыларға көздерін 10 минуттай жауып тұрып, өздерінің

сезінулерін, өз денесін сезіну ұсынылады. Ақырын, баяу музыка

әуенімен қозғалыс негізінде өзіңді маңызды, бірегей адам

ретінде сезіну маңызды болып табылады.


hello_html_3aafa1aa.jpg
«Мен және басқалар».

Мақсаты: өзін басқалармен бірге сезіну. Қатысушыларға нұсқау: баяу музыкамен қозғала отырып, қолдың алақанынының сырт жағымен жолыңызда кездескен қатысушыларды зерттеңіз. Ұзақ уақыт тұрмаңыз,өзіңіздің және басқаның сезімдерін тыңдаңыз. Байланыс бойынша серіктесіңізге не айтқыңыз келеді? Немен бөліскіңіз келеді?


«Тек қана бір қадам».

Мhello_html_m54d4ce2b.jpgақсаты: қатысушыларға өзінің өмірін таңдаулар тізбегі ретінде терең түсінуге көмектесу. Әдетте таңдаудан біз өзіміз бас таратмыз, немесе таңдауды басқаға береміз. Өмір адамның қадамдарымен өлшенеді, ондағы әр бір қадам салдарына болады кейде жақсы, кейде қанағаттандырмайтын. Әрбір қадам сізді қоршаған адамдарға әсерін тигізеді, ал бізге басқа адамдардың істеген қадамы әсер етеді. Біздің күнделікті әрекеттеріміздің белгісі осындай.

Нұсқау: жаттығулар кең бөлмеде орындалады. Қатысушыларды бөлмеге тарауын, өздеріне ыңғайлы жерге тұруын өтінеді. Жүргізуші: «Бұл ойынның белгілі ережелері бар. Мен сіздерден қадам жасауларыңызды өтініп отырамын. Сіздерге кез – келген бағытқа қадам жасауларыңызға болады. Қадамыңыз үлкен немесе кішкентай болуы мүмкін, солға немесе оңға, алдыға немесе артқа, бірақ тек қана бір қадам. Осыдан кейін арттарыңызға қараңыздар, қай жерде тұрғаныңызды, жаңа орында өздеріңізді қалай сезінетіндеріңізді байқаңыздар. Бұл ойында сіздер әлемде ақырын қадам басып келесіздер, әрбір қадам жақыннан сіздің өмір сүруіңізді көруге мүмкіндік береді. Әрбір қадам жасаған сайын, жан жағыңызға қараңыз, басқаларға қатысты қай жерде тұрғаныңызды бақылаңыз. Әрбір қадам жасаған сайын сіз біреуге сүйкенуге немесе оған әрекет етуге мүмкіндігіңіз бар. Барлығы үндемей орындалады».

Бірінші қадам жасаңыз. Оны жасағанда, нені сезіндіңіз? Ол белгісіздікке жасалған қадам. Қараңыз. Сізге кім жақын тұр? Екінші қадам жасаңыз. Әрбір қадам сайын, сіз таңдайсыз және әрбір таңдауыңыздың салдары болады. Үшінші қадам. Әрқайсының өмірде жүруінің өз стилі бар. Өзіңіздің үш қадамыңызға көз салыңыз. Өзіңіз туралы бір нәрсе айта аласыз ба? Басқа жол жоқ – біз нені істегіміз келсе, соны істеуіміз керек. Қайтадан қадам жасаңыз. Сізде бағытты таңдап алу мүмкіндігіңіз бар – алдыға немесе артқа, оңға немесе солға. Тағы бір қадам баспас бұрын, өзіңіздің ішіңізде не болып жатқанына назар аударыңыз. Сіздің еркіңіз қалай жұмыс істеуде? Сіз нені таңдайсыз? Тағы бір қадам. Әрқайсыңыз әртүрлі заттардан қашуға ұмтыласыздар? Кедергілерден қашуға тырысқандарыңызды байқадыңыз ба? Осы туралы ойланыңыз.....Сіз қажетті нәрсені істеп тұрасыз ба? Немесе әдетте жасауға міндетті нәрселерді жасап тұрасыз ба? Тағы бір қадам. Кейбіреулеріңіз бөлменің ортасын қарай жылжып келесіздер, ал кейбіреулері бұрыштарда тұр. Басқа қадам жасаңыздар. Аяғына дейін сіздерде бес қадам қалады. Тек қана бес. Осы бес қадамда не істегілеріңз келеді? Екінші қадам. Үш қана қадам қалды. Ол туралы ойланыңыз. Тағы бір қадам. Тек қана екі қадам қалғанда, бұрынғы қадамдарыңыз жайында ойландыңыз ба? Оларға қуана аласыз ба? Соңғы қадамның алдындағы қадамды жасаңыз. Тек қана біреу қалады. Қандай – да бір қадамыңыз туралы өкінесіз бе? Істелмеген қадамыңыз туралы өкінесіз бе? Тек қана бір қадам қалғанда, өкінетін қадамдарыңыз туралы өзіңізді кешіре аласыз ба? Сонымен, соңғы қадам жасаймыз. Осы кезеңді сезініңіздер. Басқаларға қатысты қай жерде тұрып қалдыңыз? Қалғандары қай жерде? Өзіңіздің бастапқы тілектеріңізге қатысты қай жерде тұрсыз?

Рефлексия: өзіңізді қалай сезініп тұрасыз? Сізбен не жүріп жатты? Жаттығу уақытында жүрген уаққыты және пайда болған сезімдерді талқылау нақты өмірдегі қадамдар мен ондағы таңдаулармен байланыстыруға болады.


«Менің сезімдерімнің кітабы».

Мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын өз сезімдерін түсініп, hello_html_69cd3b7f.jpgөмірде конструктивті түрде пайдалана білуге үйрету.

Сөйлемді жалғастыр:

Мен бақыттымын..........

Мен уайымдаймын........

Мен ашуланамын..........

Мен қорқамын..............

Мен кінәлі болсам........

Мен депрессияда болсам.........

Мен ашуланған кезде........

Мені шеттеткендегі сезінгенде.........

Өзімді сүйікті екенімді сезінгенде........

Мен бақытты болған кезде............

Мені түсінбейтінін сезген кезде.......




«Бет пердесіз»

Мақсаты: өзіне деген сенімділікті дамыту.

Нұсқау: топтың барлық мүшелері кезекпен шеңбердің ортасынан жиылып жатқан карточкалардан алып, бірден жазылған сөйлемдерді оқиды. Онда жазылған тұжырым шынайы ашық болу керек. Топ оның шынайы дәрежесін анықтайды. Егер пікір шынайы деп мойындаса, келесі топ мүшесі өзінің карточкасын алып, дайындықсыз басталған сөйлемді аяқтайды. Егерде топ пікірді қысыңқы болды деп тапса, онда қатысушының тағы бір мәрте тәуекелі болады деп тапса, онда қатысушының тағы бір мәрте тәуекелі болады, бірақ барлығынан кейін. Аяқталмаған сөйлемдердің мысалдары:

  • Мен кейде...... ұялмаймын, ол...........

  • Маған жалғыздықты сезіну таныс, есімде........

  • Маған, әсіресе,......істеген кезде ұнамайды.......

  • Менің.......ұмытқым келеді.........

  • Жақын адамдарды жек көретін кездерім болды, бірақ бірде........

  • Бірде мені ....... қатты шошытты.

  • Бейтаныс қоғамда мен....... сезінемін.

Менің кемшіліктерім аз емес. Мысалы:

Тіпті жақын адамдардың өзі мені түсінбейді. Бірде......

Менің қатты ұятқа батқан жағдайым есімде....

Маған, әсіресе, ..... ұнамайды.


«Маған ұқсайтын зат»

Мақсаты: басқалардан кері байланыс алу арқылы өзі туралы білу.

Құрал – жабдықтар: доп, сіріңке қорабы, тіс қылшасы, қуыршақ және басқа заттар.

Нұсқау: үстелде сіздер әр түрлі заттарды көріп тұрсызда, өзіңізге барынша ұқсасын таңдап, түсіндіріңіз. Топтың қалған мүшелері әрбір қатысушыға кері байланысты беру арқылы өзіңіздің жасған тапсырмаларға әрекет етеді. Кері байланыстың көмегімен өзін таныстыру нақтыланады немесе талқынады.


«Досыңды таны жаттығуы»

Жүргізуші. Орманда адасып қалмау үшін, сендердің бір-біріңе қаншалықты ұқыпты екендеріңді, бір-біріңді суреттегеннен қаншалықты тани алатындарыңды көрейік.

Екі оқушы бір-біріне теріс қарап тұрады, ал психолог олардың әрқайсысына екіншісінің сырт пішініне қатысты сұрақ қояды:

-Ержанның көзі көк пе, әлде қой көзді ме?

  • Алия аяғына етік киген бе, кроссовка ма?

  • Ерланның жейдесі жасыл ма, көк пе?

«Барлаушы мен командир» жаттығуы

Жүргізуші. Жолдап адасып қалмау үшін, алдымен барлаушы жолдан жүріп өтеді (парталардың, орындықтардың арасынан), ал командир болса, жолды есіне сақтап алып, оның бойымен қалған команданы алып өтеді.

Алдымен командирдің рөлін үлкендер ойнайды, сосын барлаушының да, командирдің де рөлін баланың өзі ойнайды. Сонымен, біз орман алаңқайындамыз. Біздің орман жануарлары қарсы алуда.

Психолог балалардың алдына орман жануарлары бейнеленген суреттерді қояды.


БОЙ ЖАЗУ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БІР ШАМА ЖИЫНТЫҒЫ.

«Жасырынбақ» жаттығуы.

Жүргізуші. Жануарлар өте сақ болады, сондықтан адамдарды көріп тығыла бастайды.

Психолог балалардың көзінше «жануарларды» геометриялық фигуралардың артына тығып қояды.

Аю үлкен сары дөңгелектің артына тығылды, кірпі- кішкентай сары дөңгелектің артына тағы сол сияқты.


«Бастапқы қалып»ойыны.

Ал енді достар,сендерді бой жазуға шақырамын!Сіздерге,өздеріңіздің орындықтарынызға барынша ыңғайлы отыруларыңызды сұраймын.Менің «тұрыңыздар!» сөзім бойынша барынша тез тұруға тырысыңдар да,ал, «отырындар»сөзім бойынша тез отырыңдар.Барлықтарың бір мезгілде тұрып содан соң бір мезгілде тез отыруға тырысындар.

«Не ұшады» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады.Жүргізуші балалардан не ұшады,не ұшпайды деп сұрай бастайды.Балаларүзіліссіз бір мезгілдетез жауап беруге тырысулары қажет.Ол былай жүреді:Егер жүргізуші қаңдайда болмасын ұшатын затты айтса балалар «Ұшады»-деп жауап беріп,оның қалай ұшатынын көрсетулері қажет.Егер айтылған зат ұшпайтың болса балалар үндемеулері қажет.


«Би»-ойыны.

«Шеңбер құрып тұруларыңызды сұраймын.Қазір барлығымыз билейміз.Қазір біз,кімде билеу қимыл-қозғалысы жақсы дамыған соны анықтаймыз».Әуен ойнай бастайды.Осы уақытта жүргізуші тез және нақты әртүрлі би қозғалыстарын көрсете бастайды.Ал балалар осы биді тап осылай қайталаулары қажет.Соңында ерекшеленгең ойыңшыңы анықтаймыз.сы

«Жануарлар»ойыны.

Бүл ойында сіздер ым-ишара көмегімен жануарлар әлемінің бір өкілін бейңелеулеріңіз қажет.Бұл ойынды алдын ала балаларды 2топқа бөліп ойнауға болады.Бөлінгеннең кейің әрбір топ өкілдері қарсы топқа бір жануарды жасырады да,ал екіңші топ оны шешуі қажет.

«Затты келесіге бер» ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді де,бір-біріне қарама-қарсы 2 қатарға тұрады. Содаң соң топ ойыңшылары қаңдай да болмасың домалақ затты біріңшісінен екіншісіне берулері қажет.Затты бергең кезде тек иегімен немесе иығымен көмектесуіне болады,қолмен көмектесуге болмайды.Егер затты беріп жатырғанда түсіріп алса онда ойын сол топ үшің қайта басталады.Ойын соіында жеңімпаз топ анықталады (Домалақ зат-доп,алма т.б)

«Сұрақты өлең» ойын.

Балалар2 топқа бөлінеді.Содан соң біріңші топ қандай да болмасың өлең шумағыңдағы сұрағы бар бөлігің ақылдасып тауып,барлығы әндетіп осы өлеңді сұрақ қылып 2-топқа қояды,ал екінші топ 1 минут ойланып осы сұраққа жауап берулері қажет.Содан соң топтар кезектесіп сұрақ қояды.

«Заттың ойналынуы»ойыны.

Жүргізуші қандай да болмасын кішігірім затты таңдап алады.Ол:қалам,шалма т.б Содан соң ол заттардыойыңшыларғабереді.Осы кездеңбастап ол зат кез-келген зат болып есептелінеді,тек өзаты қайта берілмейді.Әрбір ойыншыол затты кез-келген бір зат деп елестетіп,оның әрекетін қысқаша көрсетуі қажет.

Мысалға,сіз қолыңыздыға қаламды қалам емес градусник деп елестетесіз де онымен не істеуге болатынын көрсетесіз.Мысалға:қолтыңызға салып ыстықтығыңызды өлшейсіз бе немесе т.б Ойын соңында жақсы ойыншы(актер) іріктетіліп алынады.

«Бір әріп» ойыны.

Балалар шеңбер құрып отырады.Бөлмеде бар,заттың аты аталынатың қандай да бір әріп таңдап алынады.Әрбір ойыңшы сағат тілімең таңдап алыңғаң әріптен басталатың бөлмедегі өз затың атайды.Соңыңда осындай затты тауып айта алған бала жеңімпаз болып есептелінеді.

«Шапалақ» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады.Жүргізуші таңдап алынады да,ол сағат тілі бойынша ойынды бастауға дайындалып тұрады. Содан соң жүргізуші алақанымен бір шапалақ жасайды, ол оның жанында тұрған ойыншы шапалақты қайталайды. Келесі балаларбарлығы кезекпен осы шапалақты қайталайды. Осыдан кейән жүргізуші шеңбердің кез келген жеріне барып алақанымен шапалақтаған кезде осыжерден бастап сағат тілімен, шеңбер бойынша шапалақты қайталау басталады. Орынды әрқашан жүргізуші таңдайды.


«Ән» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбердің ортасына жүргізуші шығадыда былай дейді: -«Қазір барлығымыз бірге қандай да болмасын бір әнді орындаймыз» (балалар өздеріне таныс өлеңді таңдап алады) өлең екі шумақтан аспауы қажет. Керек болған жағдайда өлеңнін сөздерін еске түсіруімізге болады.

Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. «Менің бірінші шапалағым бойынша өлеңді айта бастайсыңдар да, екінші шапалағым бойынша өлеңді дауыстап емес тек ішімізден айтып жалғастыра береміз, ал үшінші шапалағым бойынша өлеңді қайта дауыстап жалғастырасыңдар».

«Сезімді тап» ойыны.

Ойынның басында балалардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұраймыз (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш) Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұраймыз. Қалған балалар ол қандай сезімді білдіріп тұрғанын табу керек.


«Доп» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді: «допты қолдарыңа алып, шеңбер бойынша бір-бірлеріңнің қолдарыңа беріңдер, әуе арқылы допты беруге болмайды, егерде әуе арқылы берсеңдер не қолдарыңнан түсіріп алсаңдар, ол ойыншы ойыннан шығады».



«Имек» ойыны.

Бірінші ойыншы қағаз бен қалам алады да, оның бетіне үлкен емес имектің суретін салады. Содан соң ол қағазды келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншының мақсаты: имекті жалғастырғанда қандайда бір мәні бар зат не жагуар пайда болуы қажет. Әрі қарай ойыншы келесі ойыншыға жаңа имек салып беріп, оған ұсынады. Ойын соңында жеңімпаз анықталады.


«Соңғы әріп » ойыны.

Соңғы ойыншы бір сөзді айтады (жекше түрдегі зат есімболуы қажет) Келесі ойыншы бірінші ойыншы айтқан сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді есіне түсіріп айтуы қажет.


«Затты қалай қолдануға болады.»

Қандайда бір зат алынады (қалам, шырақ т.б.) Бұл затты шеңбер бойынша әр бала қолдарына ала отырып оны тағы қандай зат ретінде пайдалануға болатындығы жайында айтады.


«Сноскоп»

Балалар көздерін жұмып шеңбер құрып отырады. Жүргізуші қандайда болмасын бір затты қаламмен ұрып көреді. Осы кезде балалар жүргізушінің қандай затты табулары қажет.


«Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады (аудиожазба) Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар, су асты тіршілігі болуы мүмкін.

«Сиқырлы дөңгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығымен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздеоін екі дөңгелек, тұмсығымен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

«Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (толқын, сынық, сызық, ирек) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

«Жіктеулер » жаттығуы.

Жүргізуші. Әртүрлі қасиеттері ұқсас фигураларды бір-бірінің жанына қойып шығыңыз. Бұл жерде үш негізгі түсті үлкен және кішкентай шеңберлер, квадраттар, үшбұрыштар қолданылады.Психолог балаларға осы қасиеттердің қайсысы бойынша фигураларды топтастыру керектігін шешуге көмектеседі: пішіні, түсі, көлемі. Әр мәселені шешуде балаға бағдар береді. Дамыту материалы ретінде А. Иванованың үйрену деңгейін зерттеу әдістемесі қолданылады.

«Кішкентай көңілді адамдар» жаттығуы.

Дене шынықтыру сәті. Балалар карточкада сұлбасы келтірілген қозғалыстарды қайталайды.

Ертегінің үлгісін жасау.

Жүргізуші. Сендер жұмысты жақсы істедіңдер, енді демалып , ертегі тыңдайтын уақыт келді.

Психолог «Қойбүлдірген» ертегісін оқиды.

1.Күн жарқырап тұр. Алаңқайдағы қойбүлдірген жидектері пісті. Оны маса көріп: «Жиджек пісті, қып-қызыл. Хош иісті!»- деп шиқылдайды.

Масаның айтқанын кішкентай құс естіп, алаңқайға ұшып барды. Қойбүлдіргенді жеп қойғысы келеді. Масаның айтқанын тышқан естіп, алаңқайға қарай жүгіреді. Қойбүлдіргенді жеп қойғысы келеді.

Масаның айтқанын бақа естіп, алаңқайға секіріп барады. Қойбүлдіргенді жеп қойғысы келеді. Масаның айтқанын жылан естіп, алаңқайға жэорғалап барады. Қойбүлдіргенді жеп қойғысы келеді.Күнді бұл жауып қояды. Оны маса көріп: «Суық, сулы жаңбыр жауайын деп жатыр»- деп шиқылдайды. Масаның айтқанын кішкентай құс естіп- ағашқа шығып кетеді. Масаның айтқанын тышқан естіп – ініне кіріп кетеді. Масаның айтқанын бақа естіп- жапырақтың астына тығылады. Мсаның айтқанын жылан естіп- тамырдың түбіне тығылады.

Ал қойбүлдірген жаңбырға шомылып, оған ешкім тимегеніне қуанады.

2.Қайталап оқыған кезде балалар ертегі кейіпкерлерін және орын алған оқиғаның ретін білдіретін түрлі- түсті шеңберлерді дәптерге жапсыра отырып ертегінің үлгісін жасайды (күн- сары шеңбер, қойбүлдірген- қызыл, торғай – көк, тышқан – қоңыр және т.с.с.)

3. Балалар үлгіге сүйеніп ертегіні айтып береді.

4. Балалар ертегіні айтып отырып, кейіпкерлердің әрекеттерін көрсетеді, осы әрекеттерді білдіретін етістіктерді атайды: торғай ұшты, жылан жорғалады және т.б.



ҚАРЫМ – ҚАТЫНАСҚА АРНАЛҒАН ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАР.


«Өмірбаян»

Мақсаты: қатысушыларға өмірінің фактілерін интеграциялауға, нағыз проблемаларға назар аударуға көмектесу. Өздерінің өмірлік оқиғаларын айта отырып, қатысушылар бір – бірін тереңірек танып – білуге мүмкіндік алады: ол өзара сенімділікті және топтың ынтымақтығын арттырады.

Нұсқау: қатысушыларды өз өмірін сипаттап беруді өтінеді: балалық шағын, жастығын, топқа келгенге дейінгі кезеңін. Өмірбаянда өмірдегі барынша маңызды оқиғалар, маңызды тұлға аралық қатынастар, өткен күннің бүгінгімен өзара байланысын бөліп қарастыру ұсынылады.


«Маңызды қарым – қатынастар»

Нұсқау: сіздердің қарым – қатынастарыңызды талдауға көмектесетін сұрақтарды жазыңыздар. Сіздің өміріңізге қандай адамдар ықпалын тигізді? Ең жақын адамдар деп кімді санайсыз, неге? Ол қарым қатынастарыңыз жалғасуда ма? Егер жоқ болса, неліктен үзілді? Оның орнын басқан адамдар бар ма? Егер, ол орын бос болса, неліктен бос? Осы орынға лайықты адамды іздеуге тырыстыңыз ба? Сізге қарым – қатынас құруға не кедергі болады? Басқаға қажет болу үшін не істеу керек? Өзіңіз қамқорлықты қалай танытасыз?


«Менің жалғыздығым».

Мақсаты: жалғыздықтың негативті және позитивті жақтарын талдау. Материал: негізгі ұғымдар жазылған карточкалар.

  • Мен жалғыздықты..... қатты сезінемін.

  • Соңғы рет мен өзімнің жалғыз екенімді .... сезіндім.....

  • Жалғыздықты қатты сезіну маған....... айырылысқанда болады.

Нұсқау: «Өзіңізді жалғыз сезінген кездеріңізді, жақын адамдармен айырылсқанымыз, қатты мұңайған кездерді естеріңізге түсіріңіздер. Бастарыңызға келген ойларды аяқтаңыздар.»

Мұндай нәрсе қандай жағдайда болуы мүмкін? Сіздің жалғыздығыңыз өзін кім қылады? Сіздің жалғыздығыңыз сізге нені істеуге мүмкіндік береді? Сіз «Мен жалғызбын» дегенде ойыңызға бірден қандай сөздер келеді? Жалғыз болмасаңыз, нені жоғалтар едіңіз? Сіз жалғыз болмасаңыз сіздің өзіңізге және басқаларға қарым – қатынасыңыз өзгерер ме еді және қалай?



«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі»

Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін айтады. олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасеттер тізімі құрылады. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

«Тыңдаушы жұптар»

Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз. Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек. тыңдаушы ештеңе айтпауы шарт, тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет. Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз. Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді, ірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды. Оған есінеуге, бұрылуға немесе ысқыруға болмайды. Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді. Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз. Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме? Жаттығуды талқылаңыз.


«Мен кетіп бара жатырмын».

Ойыншыларды шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. «Мен кетіп бара жатырмын және құшақтасқым келеді» деген сөздермен бастаңыз. Оң жақтағы ойыншыны құшақтаңыз. Бұл ойыншы да оң жақтағы көршісін құшақтап, иығынан соғып қоштасады. Осы қимылдармен, сөздермен ойын жалғасады және әрбіреуі бір- бір қимылдан қосады. Егер сіздің тобыңыз бір- біріне жанасулары түзу болмаса, онда ойынның сөздері мен қимылдарын өзгертіңіз. Мысалы: «Мен кетіп бара жатырмын және өзіммен бірге апельсинді аламын. Мен кетіп бара жатырмын және өзіммен бірге апельсин мен орындықты аламын. Мен кетіп бара жатырмын және өзіммен бірге апельсинді , орындықты, аудиотаспаны аламын».


Түсінік хат

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше. Бұл ойындар, жаттығулар ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытуға және жетілдіруге арналған әртүрлі ойындар мен жаттығулар жинақталған. Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ұсынылып отырған ойындар ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алады. Бұдан ата-ана қарым-қатынас әрекеттерін біле алады, тәрбие әдістерін игеруге, «ата-ана мен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас әдістерін ата –ана күнделікті өмірде кең түрде қолданып, арттыра алады.

Мақсаты: ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.















Әдістемелік ұсыныстар. Ойын тәсілдері.

Ата аналармен балалардың қарым қатынасын нығайту.


Мақсаты: отбасындағы эмоционалдық байланысты үйлестіру.

Міндеті:

- отбасы мүшелерін эмоционалды жақындастыру үшін жағдай жасау.

- әрбір қатысушының бойында эмпатия сезімін қалыптастыру.

- ата – аналар мен балаларда эмоционалдық қолдауды сезіну дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс әдістері: ойын терапиясы, денелік бағытталған терапия.



«Отбасылық елтаңба мен әнұран» жаттығуы.

Материалдар: қағаз, бояулар, қылқалам, су, фломастерлер, түрлі – түсті қарындаштар, өшіргіш.

Жұптағы «ата – ана, бала» қатысушыларға өз елтаңбасын салу ұсыналады, ол міндетті түрде бір нақты нәрсе болуы шарт емес, ол түстердің жиынтығы, геометриялық фигуралар, түрлі – түсті таңбалар болуы да мүмкін. Одан кейін әрқайсысы өз елтаңбасы туралы, нені білдіретіндігі жайында айтуды сұрайды. Мұнда барлық қатысушылардан өз елтаңбасы жайында әңгімелеген кездегі сезімдері жайында сұрау қажет. Елтаңбаның жанына өздерінің өмірлік

ұранын жазып қою қажет болады. Ұран қысқаша және өмірлік ұстанымдарды, идеялар мен мақсаттарын бейнелеу керек.

Жұмыс аяқталған соң талқылау жүргізіледі.

Сұрақтар:

Топқа қатысушылар өздері туралы және басқалар туралы қандай жаңа нәрселерді білді?

Қандай сезімдерді басыңыздан кешірудесіз?

Бір – біріңізбен не туралы ой бөлісер едіңіз?

Ескерту: сурет бірігіп салыну керек. Елтаңбаның бейнесі мен ұраны өмірде ата – аналар мен балалар бағалайтын ең басты мен ортақ нәрсесіне негізделуі қажет.


«Өз анаңды тап» жаттығуы.

Нұсқау: баланың көзі орамалмен байланады. Қатысушы аналар бір қатарға орындыққа отырады. Бала қатарды біртіндеп жағалай отыра, сипап жүріп анасын табу керек. Барлық қатысушылар ойынға қатысады. Ата –аналарға керісінше ұсынуға болады: жабық көзбен анасы баласын табу керек.







«Соқыр мен жетектеуші» жаттығуы.

«ата -ана мен бала» қатысады. Қатысушының біреуіне тілегі бойынша көзі байланады. Ол «соқыр». Екінші оны жетектеуші болады. Әрбір ойыншы ойынға қатысу керек.

Музыка жүргеннен соң, «жетектеуші» «соқырды» ептеп жетектей бастайды, оған әртүрлі үлекн және кіші, тегіс, тікен, суық заттарды түрткілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «соқырды» иіс шығаратын жерлерге де жетектеуге болады. Бірақ ондайда ештеңе айтпау керек.

Біраз уақыттан соң музыка сөндірілгенде ойыншылар рөлдерін айырбастайды. Шеңберге оралғанда, саяхат кезінде нені басынан кешіргенін әңгімелейді.


«Бір қарындашпен әңгімелесу» жаттығуы.

Материал: А3 форматындағы парақтар, қарындаштар, фломастерлер.

Қатысушылар жұптарға бөлінеді, бұрын болмағандермен болса құба құп болар еді, екеуі бір қарындашты келісе отырып таңдайды, парақ қағазды алып, жеке отырады да, жүргізушінің белгісі бойынша қарындашты оң қолға ұстап, ортақ суретті салады. Одан соң бұл суреттің атын бірге ойластырып, астына жазу керек.


«Күйзелістер жәшігі» жаттығуы.

Жүргізуші: «Мен бүгін кішкентай жәшік әкелдім, оны шеңбер бойы жіберіп, ішіне барлық күйзелістеріміз бен қамымызды салып жіберейік. Сіздер ол туралы сыбырлап айтуыңызға болады, бірақ міндетті түрде осы жәшікке. Одан соң мен оны желімдеп, алып кетемін, ал онымен бірге сіздің қатты күйзелістеріңіз кетсін.»


«Қарым қатынас шеңбері» жаттығуы.

Қатысушылар санамақтармен бөлінеді: «Аналар – балалар» екі шеңберге. Ішкі шеңбер – аналары, сыртқы шеңбері – балалары қарап, көздерін жұмып тұрады. «Балалар» сағат тілімен «аналарының» айналасында жылжып отырады және белгі бойынша тоқтайды. Жаттығу үндемей орындалыды.

Тапсырмалар:

1.Бір біріңізбен қолдарыңыз арқылы араласыңыздар: - амандасыңыздар, билеңіздер, күресіңіздер, татуласыңыздар, қоштасыңыздар.

2. Сіздердің араларыңызда кішкентай, жылап отырған сәби. Оған аяушылық танытыңыз.

3. Сіз көптен көрмеген жақсы досыңызды кездестірдіңіз. Оны көруге қуанышты екеніңізді көрсетіңіз.




«Комилимент»

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін- бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бір- бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

«Қолмен итеру»

Ата- анамен, балалар екі қатарға қарама – қарсы тұруын сұраңыз. Әрбір ойыншы алдында тұрған ойыншыға алақанмен сүйенеді. Бір қатарды «бірнші қатар», ал келесіні «екінші қатар» деп атау беріңіз. Бірінші қатардағы ойншы алақанымен екінші қатардағы ойыншыны алақанымен итеруді сұраңыз. Екінші қатардағы ойыншылар бұған қалай қарсыласса өз еріктері. Екінші қатардағы ойыншылар да қарсылас топты алақанымен итереді, олар да өздерінше шеңбер бойына отыруын қалайсыз. Бұл жаттығуды ойыншыларға ұнағанын біліңіз. Олар итеруге қалай қарады? Бұл жаттығуды шынайы өмірдегі ұрыстарды шешеуге жатқызуға бола ма?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік ұсыныстар мен ойын тәсілдер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 2806
    • DOCX 133.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аубакирова Жанар Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аубакирова Жанар Сериковна
    Аубакирова Жанар Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9865
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Образовательная кинезиология в практике психолого-педагогического сопровождения учащихся в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 504 человека

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс повышения квалификации

Основы гештальт-терапии с практикой применения в образовательном процессе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе